Отбасы және некелік қатынастар


Мазмұны.
Кіріспе . . . 3
І. Тарау. Отбасы және некелік қатынастар
1. 1. Отбасы түрлері және, отбасылық қарым-қатынастар . . . 6
1. 2. Некелесу түрлері, әдет-ғұрыптар . . . 21
ІІ. Тарау. Дәстүрлі отбасының негізгі қағидалары
2. 1. Ұлттық құндылықтар - тәрбие негізі . . . 41
2. 2. Отбасындағы әйелдердің ролі мен оларға қатысты
кемсітушілік мәселелері . . . 45
Қорытынды . . . 59
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі . . . 64
Кіріспе
Халықаралық саясатта жаңалықтарды жасайтын, жалпы тарихты жетектеп жүргізіп келе жатқан барлық мемлекеттер күмәніміз болмасын халқы көп, көп болған соң да айбарлы, аруақты мемлекеттер. Біз осы тарихтың тұтқасын қалай ұстау керек, сөйтіп халықаралық саясаттағы жаңалықтарды қалай тудыру керек, яғни қалай көп болу керек соны айтамыз. Әлбетте, бәрімізге белгілі, көбею үшін жастар тез үйлену керек, төрт баладан кем болмау керек. Бұлай деу бірінші тым қарапайым, қарабайыр естіледі, екіншіден, жастар мұны өздері де біледі. Біз үйленіп, бала сүю үшін алдымен жастардың қандай құндылықтар мен қасиеттерді жүрекке жинау керектігін ғана айтамыз. Қысқасы жүрек оянбай отбасы институтының құндылығын білу, сезіну мүмкін емес. Өйткені, отбасы құру үшін үлкен, жылы жүрек, өзінің басын күйттеуден гөрі біреудің, яғни әйелінің, баласының жағдайын көп ойлайтын жан жомарттығы керек.
90-шы жылмен салыстырғанда Қазақстанда үйлену мен бала туу үш есеге азайыпты. Осылайша өзі де азайған жас жұбайлардың міндетті түрде жартысы ажырасады. Қазір жалпы халыққа шаққанда үйленгендер саны 50 пайыздай. Бірақ, бұл көрсеткіш те жылдан жылға кеміп барады. Оның үстіне азаматтық неке деген шыққан. Бұл заңды, салауатты отбасын құратын болашақ отбасылардың анасын, немесе күйеуін алдын-ала былғап, құртып, балалы ғып кететін ең қорқынышты дерт. Ең көп ажырасатындар осы ешкімге айтпай бірге тұрып алатындар екен. Махаббат деген мифпен мас боп жүріп, ақыры бірге тұрып алады. Психологтардың айтуынша ғашықтықтың табиғаты - эгоизм. Яғни, ғашықтықтың қызығына батқысы келгендер іздеген адамының идеалды бейнесін біреудің бойынан “тауып алады”, бұл жалған көрініс, ғашықтардың “Мен сенің бойыңнан ешкім көрмегенді, ешкім байқамағанды көрдім”, - дейтіндері осыдан. Кезіккен адамының бейнесін өзінің арманына ыңғайлап жасап алған соң, сол бейнеден өзі ғана ләззәт алып жүре береді. Әдетте, мұндай ғашықтық бір жылдан арыға созылмайды. Және ғашықтық атаулының бәрі осындай. Құдай махаббатты адамдар бір-біріне қосылып, отбасын құрып кету үшін дәнекер қылып жаратқан шығар. Осы бір жыл ішінде олар үй болып, бала күтіп үлгермесе бұлар міндетті түрде бір-біріне суыйды. Өйткені, таңдау көп. Және бұрынғы адал, аңғал көңіл қайда қазір. Бүгінгі жастың рухани өзегі, ұлттық санасы төменгі дәрежеде, түске дейін биенің құйрығы, түстен кейін түйенің құйрығы, жанына көрек болар құндылық іздеп мың құбылады. Және, бұрынғы бабалар салып кеткен өсиет, тыйымдардан құр алақан ұрпақ нені құрметтеп, нені қадірлеуді де білмейді. Бұлар қазір мүлде құнсыз дүниеге қуанады, болымсызға қайғырады. Қазір, балаларды бір-біріне атастырып қоспайтындықтан жас көңілдің өмірде жоқ идеалын жөңкілген өңкей жастың арасынан жанталасып іздеу, жастық шақта махаббатты ұлы мұрат деп түсіну, оның үстіне қазіргі жастардың ұлттық әдебиетті оқымауы, ата-әженің қазақы тәрбиесін көрмеуі әрине осы азаматтық некеге ұрындырады. Бұрынғыда дейтін әжелер адамдар таза еді, аңғал, адал еді. Атастырған адамнан өзгеге шығам деген күдік те жоқ, ол заманның қыздары атастырған адамына әуелден ғашық бола қалатын. Және менің заманымда дейтін әжем қыздар Абайдың өсиетінен аттамаушы еді. Іштегі кірді қашырса, Хақтықтың түсер сәулесі, жүректің көзі ашылса, адамның хикмет кеудесі. Бүгінідей кәсіби заман емес. Жігіттің басы қадірлі. Рухани мәдениеті мол болса, ниеті түзу болса, хикмет даналық өзі қонады деп отыратын. Қазір, осындай зинақорлық жолмен туған балалар, заңды некемен туылатын балалардың қарқынына жетіп қалған көрінеді. Азаматтық некеден от басқандар тіркелмейді, олар тіпті көп. Сонда, қазір бізде ұлттың жойылуы жүріп жатыр. Келін түсіргендерден сұрасаңыз айтады - қазір барлық түскен келіндер кәрі қыз. Қазақстанда қыздардың тұрмысқа шығатын жасы 24 екен, медицина бойынша да, қазақы салт бойынша да бұл кәрі қыздың жасы. Күйеу балалар да кәрі. Үйленетін ердің жасы қазір 25-27. Демографияның теориясы бойынша бұл жойылуға бет бұрған ұлтта болатын құбылыс. Қазір, 25-тен асып кеткен, некеге тұрмаған жастар саны 2 жарым миллион. Бұл 14 миллион халыққа демография ғылымы бойынша шамадан тыс көп. Қазақстанда бала туыты осының кесірінен қауіпті шкаладан асып кеткен.
Мұның бәрі адамдардың жүрегінің отбасы құндылықтарын сезінбейтін, селт етпейтін бір кесек етке айналғынан шығып жатыр. Философия ғылымдарының докторы Рүстем Қадыржанов кез-келген ұлттың басты мақсаты - өзін-өзі өндіру, сақтау, өмірді жалғау дейді. Кез-келген ұлттың сәби кезінде, есейген, индустриалды дәуірге кірмей тұрған дәстүрлі қоғамындағы әдет-ғұрпы, яғни өмір сүру процесі осы ұлттың өзін-өзі сақтау инститктінен, яғни отбасын құру мен бала дүниеге келгенде жасалатын рәсім-ритуалдар жиынтығынан тұрады екен. Қазақтың салты, төсек тойынан, бесік тойына дейін, қыз ұзату, құдаласуына дейін бүкіл салт-дәстүрі тек осы отбасын құру мен бала тапқан қуанышқа ғана құрылған. Сонда ұлттың ең үлкен мұраты ұрпақты аяқтандыру екен. Ұлт ұрпақ арқылы жаңарып, өмірін жалғаса, ұрпақ тек салауатты отбасы арқылы аяқтанып, ұлтты иығына арқалап ары асырады. Сонда, үйлену мұқым адамзаттың өзін-өзі сақтау инстинкті, саналы һәм бейсана салты. Бұл салттарды мысалы үшін киіз үйдің ішінде отырған қазақ ұл-қызына дәріс оқып, стратегиялық маңыздылығын түсіндірмеген. Бұлар күнделікті өмір салты еді. Сондықтан, интеллектуалды-техникалық дәуірге дейінгі халық салты адамзаттың, жалпы адамшылықтың таза, тұнық қалпын көрсетеді. Еуропадан түңілгенде қазіргінің бір ғалымы “Идея человечества покинула Европу” деген екен. Ол мұны ең алдымен Батыстағы отбасы институты әлсіреп, бойдақтар заманы туғанда, қызтекенің бір-біріне үйленгенін адам құқы деп Еуропаның заңдастырған кезінде ашынып айтыпты. Біз де бүгін “Қазақ идеясы, жалпы адам идеясы қазақ даласын тастап, үркіп ұшты” деуімізге әбден болады. Өйткені, қазақтың қазіргі адамның жүрегі селт етпейтін, сондықтан ұстанбайтын бұрынғы бейсана ғұрыптары табиғи таза, адами инстинктері ұмытылған сайын отбасын құру ұмытылып, жеке бастың жауапсыздығы жеңіп барады. Жағдайым нашар, отбасымды баға алмаймын деген қазір жауап болудан қалды. Тұрмыс түзелді. Еті тірі жігітке бес бала мен бір қатынды асырайтын жағдай жасалған. Кілтипан жүректе, оны басқа, болмайтын арзан мақсаттар жаулап алған. Бұл біріншіден адам баласының индустриалды қоғам үшін жаралмағанын дәлелдейді. Ғылым қанша дамығанмен адам идеясы, оның өзі сақтау инстинкті индустриалды елдерді тастап шықты. Бұдан адамның алғашқы, шынайы мекені - аңыз, жаны жай табатын, адамшылықты сақтайтын тұрағы - ертегі екенін көреміз. Адамның жер бетін бүлдіріп, тамақ асырауын ақтап алар жалғыз жұбанышы - ұрпақ үшін тамақ табу, сол үшін тірі жүру. Жоқ адамға жан сыйлау. Дүние есігін ашатын жаңа өмірге жылы ұя құрып қойып, күтіп алу. Қазақта біреуге жапқан шапаның жаныңды, балаға жайған жаялық, жүрегіңді жылытады деген сөз бар. Жүрегі жылы адамды қазақ бір ауыз сөзбен жақсы адам дейді. Ал, жаңағы айтқан ертегідегі сол ханның қосылып мұратына жетіпті дегендегі мұрат жақсы адам болып өтті дегені. Жаялық жайып жүрегі жылыған адам жақсы адам - ұлы мұрат осы. Ұлттың таза кезінде шыққан ертегіден халықтың өзін-өзі сақтау пиғылын анық көреміз. Және жеті атадан бері қосылмай жеті тауды асып өтіп, жеті суды кешіп өтіп жар таңдайтын қазақ үшін, құдасына құрығанда сүр еттен сыбаға сақтайтын қазақ үшін ұлдың үйленуі, қыздың ұзатылуы ұлттың салт-сана тұтастығын сақтайтын жалғыз жалғау. Өзбек әкәміз алыстан қыз алмай, қыз алмаған соң араласпай қазір бір ауданның өзбегі бір ауданға ұқсамайды, Ферғананың өзбегі Самарқанның өзбегінен биі де, сөзі де бөлек. Сондықтан, кейде өзбекті ғалымдар ұлт деп санамайды. Территориялық, саяси бірлік деп те анықтайды. Ал, біздің қазақ алыстағы құдасына жиеніне серкеш айдатып, нағашыға тай мінгізіп әуре. Сондықтан, ұлттың тұтастығын, өсуін, өнуін, мысы басып, өзге жұрттан көптігімен мерейі асып тұрғанын, яғни үйленуді ойламайтын жігіт, бойдақ қазақ ұлт жайлы, мемлекет жайлы, үкіметтің жұмысы жайлы әңгіме айтып, өтірік ұлтшылдық көрсетіп, көлгірсімесін. Әуелі әскерге аламан қос, бес баланы оқытып үкіметке дайын маман сыйла. Үйленбеген жігіттің ұлтшыл болуға, жақсы атануға қақы жоқ.
Сондықтан, ұлтыңа еңбек сіңіргің келсе, саяси карьераңды өз арыңның, ұлтыңның алдында адал атқарғың келсе, уай қазақтың баласы, ертерек үйлен. Еркек елдің иесі, әйел үйдің киесі. Үйіңе кие кірмей, береке қонып, табысың құралмайды. Бұл сөз логикаға сыймағанмен, өмір сырын бабаңнан артық білмейсің. Олар логикаға емес, Қыдырға сенетін.
І. Тарау. Отбасы және некелік қатынастар
- Отбасы түрлері және отбасылық қарым-қатынастар.
Дүние жүзі халықтары тәрізді, қазақтың да өзіне тән отбасы тарихы бар. Адам баласы басынан өткізген сан алуан қоғамдық-экономикалық формациялардың қай-қайсысы болмасын, әр қилы отбасы түрлерімен тығыз байланысты болған. Оны Жер планетасын мекендеген барлық халықтар өз басынан өткізген.
Америка этнографы Л. Морганның отбасы тарихы туралы жазған «Көне қоғам» атты аса құнды ғылыми еңбегі XIX ғ. екінші жартысында алғашқы қауымдық құрылыстағы отбасы түрлерінің даму жолын түсіндіреді.
Алғашқы қауымдық құрылыстағы ең көне отбасы түрі топты некеге негізделген. Ондағы некелер тобы рулар ішіндегі бірімен-бірі тұстас ұрпақтар жігімен бөлінетін. Айталық, бабалар мен әжелер, әкелер мен шешелер, балалар тобында - ағалы-інілер, апалы-сіңлілер, немере мен шөбере туыстар біріне-бірі ерлі-зайыпты, яғни әр ұрпақ бір-біріне аға-қарындас бола тұра некелес болатын.
Отбасы тарихының бұдан кейінгі даму сатысы топты некенің ішінде жұп отбасының қалыптаса бастауымен, яғни қандас туыстар арасындағы некелесу ғұрпына тыйым салуына байланысты болған. Осының нәтижесінде алғашқы қауым ішінде бірімен бірі некелеспейтін «ағалы-інілілер», «апалы-сіңлілер» топтары қалыптаса бастады да, тағылық дәуірдегі топты неке біртіндеп ығысып, оның орнына жұп отбасы дүниеге келді. Жұп отбасы тағылық дәуірдің соңында қалыптасып, варварлық дәуірде әбден кемеліне келіп, қоғамдағы басты отбасы формасына айналады. Бірақ мұндағы неке беріктігі онша мығым болмағандықтан, отбасының ыдырап, ажырасуы тым оңай болған.
Алғашқы қауымдық қоғамда өндіруші күштердің дамып, еңбек бөлінісінің шығуына байланысты, қауымдық ортақ меншік орнына жеке меншіктің пайда болуы - моногамиялық отбасының, таптың және мемлекеттің шығуына әкеліп соқты. Моногамиялық отбасы варварлық дәуірдің соңғы кезеңінде басталды да, оның жұпты некенің түпкілікті жеңуі цивилизация дәуірінің басында еркектер үстемдігінің орнауымен байланысты болды. Сондықтан моногамиялық отбасы түгелдей еркектер үстемдігінің негізінде қалыптасып, жетіле түсті. Отбасы тарихының бұл кезеңінде некелесу не ажырасу тек қана еркектер үлесіне тиді де, моногамиялық отбасындағы өзара байланысты жұпты некеге қарағанда әлде қайда нығая, беки түсті.
Бұл жағдайда ескере кететін жағдайдың бірі, жоғарыда келтірілген отбасы формаларынан бұрын қалыптасқан алғашқы ру - пуналуал қандас туыс отбасынан, ал соңғы формасы ретсіз жыныстық қатынаста (промискуитет) өмір кешкен топтардан шыққандығы туралы кезінде түгелдей болмаса да, Л. Морганның пікірі тарихи шындыққа жатпайтындығын белгілі ғалым Ю. И. Семенов дәлелдеген-ді. «Қандас туыс отбасы мен пуналуал отбасына алғашқы рудың шығуынан бұрынғы кезеңдер деп қарау этнография ғылымының даму барысында толық сырылып тасталды. Отбасы және неке қатынастарының пайда болу қарсаңындағы бірден - бір кезең ретінде күшінде қалып, түбегейлі дәлелденген жай - промискуитет туралы айтылған пікір. Қазіргі кезде кеңес ғалымдарының дені рудың тікілей ретсіз жыныстық қатынаста болған адамдар ұжымының шыққандығын қолдап отыр.
Сөйтіп, топты неке - жабайылық дәуірге тән болса, жұпты отбасы - варварлық, ал моногамиялық отбасы цивилизация дәуірлеріне тән болған.
Отбасы тарихындағы мұндай неке формаларын қазақ халқының арғы тектері де басынан өткізді. Бұған дәлел ретінде сол көне отбасы түрлерінің кейбір қалдықтары қазіргі жаңа заманда да кездесіп тұратындығын айтсақ жеткілікті сияқты.
Төңкеріске дейінгі қазақ халқына тән отбасы түрі негізінен әке-шеше және үйленбеген балалардан тұратын дара, яғни шағын отбасы болатын.
XIX ғ. мен XX ғ. басында қазақ арасында негізінен дара (шағын) отбасы үстем болған. Сол дара отбасында үлкен патриархал отбасы қауымының көптеген сипаттары сақталып келген.
Үлкен патриархал отбасының Орта Азия және Қазақстан жерінде мекендейтін жергілікті халықтар арасында қашан пайда болып, қашан жойылғаны туралы белгілі ғалымдардың зерттеулерінен біраз деректер табамыз. Мәселен, С. П. Толстов көне Хорезімдегі отырықшы елдер арасында біздің заманымыздың басында үлкен патриархал отбасының қалыптаса бастап, біздің заманымыздың алғашқы мыңжылдығының ортасында оның әбден нығайып жеңгендігін дәлелдейді. Бұл пікірді А. Ю. Якубовский мен А. Н. Бернштам да қолдайбы. Ал Н. А. Кисляков патриархалды үлкен отбасының қалыптаса бастауы біздің заманымыздан әрірек пе деген болжау жасайды. Үлкен патриархал отбасының ыдырау кезеңі Орта Азияның әр өңірінде оның экономикалық даму дәрежесіне байланысты әр кезде басталып, сан ғасырларға созылды. Экономикалық даму артта қалған шеткері аудандарда үлкен патриархал отбасының сілемі XX ғ. басына дейін созылғандығын, көптеген авторлардың зерттеулеріне сүйене отытып, Н. А. Кисляков кейінгі еңбегінде дәлелдей түскен.
Үлкен патриархалды отбасының кейінге дейін сақталуына Орта Азия табиғи жағдайы да әсерін тигізді. Мәселен, сыртпен байланысы шамалы болған биік таулар алқабы мен құлазыған шөлді даланы мекендеген топтарда XX ғ. басына дейін үлкен патриархалды отбасы басым болған.
Деректкерге қарағанда, Орта Азияның егіншілікпен айналысқан отырықшы тәжік және өзбек халықтарында Қазан төңкерісіне дейін үлкен патриархал отбасының сақталып келгендігі даусыз.
Орта Азия мен Қазақстан жерінде ежелден бері көшпелі мал шаруашылығымен айналысқан халықтар арасындағы үлкен патриархалды отбасының тағдыры отырықшы өзбектер мен тәжіктерге қарағанда ерекше. Бұл мәселе туралы белгілі этнограф С. М. Абрамзон арнайы еңбек жазып, оны негізінен дұрыс шешті. С. М. Абрамзон еңбегінде кеңес археологтарының зерттеулеріне сүйене отырып, Орта Азия және Қазақстан көшпенділерінен Жетісу, Тянь-Шань және Алтай-Саян өңіріне үлкен патриархалды отбасының қалыптасып, үстемдік етуі біздің заманымыздан бұрынғы VII-VIII ғасырларда басталып, біздің заманымыздың алғашқы мыңжылдығының ортасына дейін келгендігін, ал оның ыдырауы сол кезде басталып, X-XI ғасырларда аяқталғанын, яғни шағын отбасының қалыптасқандығын көрсеткен.
Отбасы тарихындағы мұндай келелі өзгеріс, ең алдымен қоғамда болған әлеуметтік - экономикалық дамудың нәтижесінде мүмкін болды, яғни жеке меншіктің маңызы біртіндеп арта түсіп, экономикалық жіктелудің айқындалуына байланысты үлкен патриархалды отбасының сыр - сипатына өзгерістер еніп, орнына дара, шағын отбасы келіп шықты. Бірақ бұдан үлкен патриархалды отбасы сол кезден бастап мүлдем жойылып кетті денген ұғым тумауы керек. Оның қалдығы XIX ғасырдың соңы мен XX ғасырдың басына дейін жетті. Мұндай нақтылы деректерді көптеген этнографтар еңбектерінен кездестіруге болады. Мәселен, қырғыз халқына көптеген бөлінбеген патриархалды отбасыларының кездесіп, олардың құрамы бірнеше ұрпақтан және әр отбасы 15, 30, 40 адамнан тұратындығын С. М. Абрамзон мен А. Жұмағұлов баяндайды. Ал Кеңес өкіметінің алғашқы жылдарында Қырғызстанда болған П. И. Кушнер сол уақыттың өзінде қырғыздар арасында, әсіресе кедейлер тобында үлкен отбасыларының жиі кездесетіндігін айтқан.
XIX ғасырдың соңы мен XX ғасырдың басында түркімен халқында да патриархалды үлкен отбасының болғандығын Г. П. Васильева мен С. Н. Иомудский өз еңбектерінде баяндайды. Түркіменнің негізінен көшіп жүріп мал бағумен айналысқан, нохурли және иомуд тайпаларында кездесетін үлкен отбасылар Орта Азия көшпелілерінің арасында сақталған үлкен патриархал отбасының нағыз үлгісі тәрізді. Г. П. Васильеваның айтуынша бұндай отбасылар отбасының классикалық сипаттарымен толық үйлеседі. Олар бірнеше үйленген ұрпақтардан құралып бір жерде тұрып, бірігіп еңбек етеді, ішім - жемі де ортақ. С. Н. Иомудскийдің айтуынша, XXғасырдың басында иомудтар арасынан кездесетін бір үлкен отбасында 125 адам болған.
Үлкен патриархал отбасының бұрынғы кезде алтайлықтар мен қарақалпақтар арасында да болғандығын Л. П. Потапов пен Т. А. Жданконың еңбектерінен көреміз. Ал XIX ғасыр мен XX ғасырдың басында қарақалпақта үлкен патриархалды отбасының қалдығының айқын сақталғанын тағы да Т. А. Жданконың зерттеулерінен табамыз. Жоғарыда көрсеткендей, өзбек пен тәжіктерде сақталған бөлінбеген патриархалды отбасы тәрізді жағдай қарақалпақ байларының ішінде некен саяқ кездессе, көпшілік бұқара арасында дара, шағын отбасы үстемдік еткен. Ал мұндағы үлкен патриархалды отбасының қалдығы ретінде бірнеше шағын отбасының туыстық жақындығына қарай топталып, «көше» деп аталатын бірлік болғанын атап көрсеткен.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz