Темперамент туралы дәрістер


Пән: Психология
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 11 бет
Таңдаулыға:   

Тақырып 11. Темперамент

Жоспар:

1. Темперамент туралы түсінік

2. Темперамент типтері

3. Темперамент типтерінің өзгеруі және адамның жеке басының мінез-құлқындағы көрінісі.

1. Темперамент туралы жалпы түсінік .

Темперамент - нерв жүйесінің тума қасиеттерінен туындайтын адамның жеке өзгешеліктерінің бірі. Ол адамдардың эмоциялық қозғыштығынан, қимыл-қозғалысынан, жалпы белсенділігінен жақсы байқалады. Темперамент - организмнің физиологиялық өзгешеліктерімен, әсіресе жоғары нерв қызметінің тума қасиеттерімен шарттас психикалық кұбылыс. Темперамент адамның жалпы қозғалысынан да (мәселен, біреулер шапшаң қозғалады, тез қимылдайды, енді біреулер жай қимылдап, асықпай істейді), психиканың күші мен тереңдігінен де (мәселен, біреу өжет, алғыр болса, екінші біреу керісінше, сылбыр, жігерсіз болады), адамның көңіл-күйінің ерекшеліктерінен де (салмақты, тұрақты, жеңіл, тұрақсыз т. б. ) эмоция сезімдерінен де (біреу сабырлы, екінші біреу күйгелек т. б. ) жақсы байқалып отырады.

Темперамент туралы алғашқы ой-пікірлер ғылымда өте ерте кездің өзінде-ақ айтыла бастады. Ежелгі Грецияның белгілі ғалымы, дәрігер Гиппократтың (б. э. д. 460-356) еңбектерінде бұл жөнінде біраз пікірлер айтылған. Гиппократтың ойынша, әр түрлі темпераменттер адамдар мен жануарлардың денесінде төрт түрлі сұйык заттарға байланысты болмақ. Олар: денені жылытып тұратын - қан, салқындататын - шырын (слизь), құрғататын - бауырдағы сары өт және оған дымқылдық беретін қара өт (талақ) . Осы төрт түрлі сұйыктың араласуының пропорциясын грекше «красис» деп атаған. Ал латын тілінде кейін бұл терминді темпераментум деп атап кеткен.

Сөйтіп, Гиппократ және оның шәкірттері адамдағы темпераменттердің әр түрлілігі организмдегі осы төрт түрлі сұйык, заттың бір-бірінен аз-көптігіне байланысты деп түсінген. Мәселен, организмде канның пропорциясы артық болса, ол сангвиникалық (латынша «сангиус» - қан), ал шырын басым болса (грекше «флегма» - шырьш), флегматик темперамент деп; ал организмде қара өт басым болса меланхолик (грекше «мелай-нехоле» - кара өт), организмде сары өт басым болса, холерик (грекше холе - өт) темпераменті деп аталған.

Гиппократ организмдегі сұйықтардың бірінен екіншісінің басым болуы кейбір аурулардың шығу тарихын түсіндіруге де жарайды деді, ол мидың рөлін түсіне білді, оны бездердің бірі деп санады. Бұл - адамның жеке ерекшеліктерін жаратылыстық ғылыми зерттеудің алғашкы қадамы еді.

Рим дәрігері Гален (129-199) темпераменттің санын он үшке жеткізді. Гален организмде жылылык неғұрлым басым болса, адамның темпераменті күшті болатынын, денесі салқын болса, темпераменті баяулайтынын айтты. Бұл секілді түсініктердің прогрссивтік маңыз зор. Өйткені адамның тәнін зерттеу, тәжірибеге көңіл аудара бастау - сол кезде кең жайылган, жан тәнге байланыссыз нәрсе дейтін теріс пікірге берілген үлкен соққы еді.

Орта ғасырдағы ғалымдар темпераментті организмдегі хнмиялық заттардың құрамына байланысты түсіндіруге тырысты. Кейіннен темперамент организмнің түрліше физиологиялық өзгешеліктеріне, атап айтканда, қан жолы жүйесінің құрылысына, зат алмасуға, ішкі секреция бездеріне т. б. байланысты деген пікірлер де тарады. Неміс философы И. Кант (1724-1804) өзінің «Антропология» деген еңбегінде темпераменттің төрт түрі туралы толық психологиялық сипаттама берді. Бірақ ол темперамент пен мінез ұғымдарын бір-біріне балама ретінде (бұлай деп ұғыну қате) қарастырды.

Темперамент туралы теориялар XIX ғасырдың аяқ кезінде де кең өріс алады. Мәселен, неміс анатомы Гейне темпераменттердің түрліше болуы нерв жүйесінің тонусына байланысты десе, орыс антропологы Зеланд Н. Л. (1833-1902) 1 ми қабықшасындағы молекулярлық қозғалыстың жылдамдығы мен біркелкілігіне байланысты деді. Көрнекті орыс педагогы П. Ф. Лесгафт (1837- 1909) темпераменттерді қан сауыттарының жуандығы мен кеңдігіне байланысты деп тұжырымдады.

Темпераменттердің физиологиялық негіздерін ғылыми тұрғыдан дәйекті етіп түсіндірген академик И. П. Павловтың ілімі темперамент туралы түсінікті ғылыми сара жолға түсірді.

Нерв жүйесінің типтері ми қабығындағы қозу, тежелу процестерінің үш негізгі белгісінің (күші, тепе-теңдігі, қозғалғыштығы) жиынтығынан құрастырылады.

Нерв процестерінің күшіне - ми қабығының жұмыс істеу кабілеттілігі, яғни сыртқы ортаның түрлі тітіркендіргіштеріне мидын төзімділігі жатады. Нерв процестерінің тепе-теңдігі деп қозу мен тежелудің бір-біріне тең келуін айтады. Нерв процестерінің қозгалғыштығы деп олардың бірінің екіншісіне алмаса алу қабілеттілігін айтады.

Сөйтіп И. П. Павлов ілімінін айтуынша, нерв жүйесінің әрбір типінің үш белгісі болады. Мәселен, күшті типтердің бірі - ұстамсыз тип. Ұстамсыз тип - жүмыс істеу қабілеті күшті, қозу, тежелу процестері бір-бірімен сәйкес келмейтін (қозуы ылғи да басым келіп отыратын) ерекше қозгалыстағы тип. Күшті типтердің екіншісі - ширақ типтер деп аталынады. Мұнда қозу мен тежелу процестері бір-біріне тең келіп, тез алмасып отырады. Күшті типтің үшіншісі - қозу мен тежелу бір-біріне, тең, бірақ алмасуы сараң, баяу қозғалатын тип. Әлсіз типте козу мен тежелу процестері баяу көрініп отырады.

Күшті тітіркендіргіштердің әсерінен туатын шектен тыс тежелулер де әлсіз типте жиі болып отырады. Мұндайда кейде күшті типтер сыртқы дүниеден келетін түрлі әсерлерге төзімді келсе, әлсіз тип морт сынып кететін болады. Павлов ашқан нерв жүйесінін негізгі типтері темпераменттердін физиологиялык негіздерін жаксы түсіндіреді. Павлов сангвиниктерді - ширақ. нерв жүйесі күшті, қозуы мен тежелуі тең, қозғалғыш адам; холериктерді - ұстамсыз, нерв жүйесі күшті, қозуы тежелуінен басым; флегматиктерді нерв жүйесі күшті, қозуы мен тежелуі бір-біріне тең болғанмен, қозғалысы баяу адамдар десе; меланхоликтерді - нерв жүйесі әлсіз типті адамдар деп сипаттады.

И. П. Павлов осы айтылған негізгі типтерден басқа да аралас, көшпелі типтердің кездесетіндігін айтты. Мәселен, ұстамсыз типтің өзінен қозуы ерекше күшті, тежелуі әлсіз және қозуы мен тежелуі бірдей күшті (бірақ аз да болса қозуы басымдау тұратын), сонымен қатар қозу мен тежелудің күші тепе-тең келетін варианттары байқалған. И. П. Павлов жануарлардың нерв жүйесінің типін айыру үшін жасаған тәжірибесінің кей бір қорытындылары адам темпераменттерінің физиологиялық негіздерін тусінуге толық жарайтындығын көрсете келіп, темпераментке мынадай анықтама береді: «Темперамент жануарлар мен жеке адамның жалпы сипаттамасы, әрбір индивидиумның барлық әрекетіне белгілі кейіп беретін нерв жүйесінің жалпы сипаттамасы”2.

Соңғы жылдары көрнекті орыс психологы Б. М. Тепловтың (1896-1965) лабораториясында нерв жүйесінің типтері одан ары зерттеле түсті. Егер И. П. Павлов өзінің тәжірибесін жануарларға жасаған болса, Б. М. Теплов пен оның шәкірттері осындай тәжірибені адамдарға жасады. Бұл зерттеулерде И. П. Павловтың нерв жүйесінің төрт түрлі типі туралы ілімі адамдардың жеке өзгешеліктерін, әсіресе, оның темпераменттерін анықтауда ерекше маңыз алатын бірден-бір ғылыми теория екені тағы да дәлелдене түсті. Б. М. Тепловтың шәкірттерінің бірі В. Д. Небылицин (1930-1972) осындай зерттеулердің бірінде нерв жуйесінің әлсіз типінің өзі бірнеше варианттарға бөлінетінін анықтап берді. Бұрын өмір сүруге икемсіздеу деп саналатын осы әлсіз типтің өзі енді қозғалғыш, баяу, қозу мен тежелуі теңгерілмеген типтер деп бөлінетін болды. Әлсіз типтің де сезімталдығы күшті екендігі, осыған орай оның сыртқы ортаға бейімделе алу кабілеті мол екендігі зерттелді.

Темперамент адамның психологиялық әрекетінің нақты динамикасын айқындайтын психологиялық дара қасиеттердің жиынтығы

Сонымен, темперамент - адамның психикалык, әрекетінің нақты динамикасын айқындайтын психиканың дара қасиеттерінің жиынтығы. Бұл психикалық ерекшеліктер адамның барша іс-әрекетінде оның мазмұны, мақсаты және сеп-түрткілеріне тәуслсіз бірқалыпты көрінеді, есейген шақта да өзгеріске түспей, өзара байланыста темперамент кейпін өрнектейді.

Темперамент түрлерінің жақсы не жаманы болмайды. Олардың әрқайсысы өзінің ұнамды тараптарына ие, сондықтан басты назар темпераментті реттеп, түзстуге қаратылмай, нақты іс-әрекетте оның тиімді жақтарын сапалы әрі өз орнымен пайдаланудың жолдарын табуға бағытталғаны жөн. Адам ежелден-ақ әрқилы тұлғалардың психикалық бітістерін айыра танумен, олардың барлығын жалпыланған аз санды саналық бейнелер тобына біріктіруге тырысқан. Мұндай жалпыланған бейнелер бірігімін психология тарихында алғашқыдан темперамент типтері деп атаған. Темпераментердің бұл бірігімдік (типологиялық) жүйесі өмірлік іс-әрекет тұрғысынан өте тиімді, себебі оны пайдалана отырып, нақты тұрмыстық жағдайларда белгілі темперамент типіне жататын адамның болашақ әрекет-қылығын күні ілгері пайымдауға әбден болады.

Темперамент туралы ілім ерте замандарда пайда болған. Алғашқы негіз қалаған Гиппократ (б. э. дейінгі 5 -ғ. ), кейін Гален сияқты дәрігерлер адамдардың мінез-құлықтарының дара көріністерін түсіндіруді ойластырды.

Темперамент индивидтің барлық психикалық көріністеріне реңк беріп отырады, ол эмоция мен ойлауға, еріктік қимыл- қозғалысқа, сөздің сарыны мен ырғағына әсер етеді. Бірақ темпераментке жеке адамның моральдық тәрбиесін, әлеуметтік бағдарын естен шығармау керек.

2. Темперамент типтері : Темперамент - бұл адамның психикалық әрекетінің динамикасын айқындайтын дара қасиеттерінің жиынтығы. Ал қасиеттер іс-әрекетінің барша түрінде мазмұн, мақсат, сеп-түрткілерге тәуелсіз, бірдей сипатта көрініс береді, ересек шақта да өзгеріссіз тұрақталады. Психикалық касиеттер өзара байланысқа келумен белгілі темперамент типіне негіз болады. Темперамент типінің нақты көрінісі сан алуан. Олар тек сырттай әрекет-қылықта ғана емес, сонымен бірге барлық психикалық құбылыстар да: сезімде, ниет пен әрекетте, ақыл-ой жұмысында, тілдесу ерекшеліктерінде т. б. байқалады.

Қазіргі кезеңде психология ғылымы белгілі жүйеде темперамент типтерінің, бәріне толық психологиялық сипаттама беругі негіз боларлықтай деректер топтаған. Алайда, дәстүрлі қабылданған темпераменттің төрт (сангвиник, холерик. флегматик, меланхолик) түрінің психологиялық сипатын түзу үшін көбіне төмендегі аталған негізгі темперамент қасиеттері колдануда:

Сезімталдық - адамның қандай да психикалық жауап әрекетінің пайда болуына себепші сыртқы әсер күшінің ең төменгі деңгейі мен сол жауап-әрекеттің туындау шапшандығы.

Жауап-әрекетке келу - бірдей ықпалды сыртқы не ішкі әсерлерге болған ырықсыз жауап-әрекет дәрежесі.

Белсенділік - мақсатқа жетуде адамның қоршаған дүниеге ықпал жасау және кедергілерді жеңу үшін жұмсалған әрекет-қылығының қарқындылығы (табандылық, зейін қою, бағдар таңдау т. б. ) .

Жауап-әрекетке келу мен белсенділік қатынасы - адам іс-әрекетінің өзін пайда еткен себепке қаншалықты тәуелді екенін білдіруі: кездейсоқ сыртқы немесе ішкі жағдайлар (көңіл-күйден, кездейсоқ оқиғалардан), болмаса ниет, мақсат, тағам т. б.

Икемділік - адамның сыртқы әсерлер мен өзгерген жағдайларға қаншалықты жеңіл әрі жылдам үйренісе алуы немесе жаңа жағдайға салғырт, тіпті жат қылық көрсетуі.

Жауап-әрекет қарқыны - әрқилы психикалық әрекеттер мен процестер, сөйлеу, ым-ишара қозғалыстары мен ой білдіру шапшаңдығы.

Экстраверсия, интраверсия - адамның жауап әрекеті мен-іс қимылына себепші жағдайлар - нақты мезеттегі сыртқы сезімдер немесе өткен мен болашаққа байланысты санадағы бейне, елес пен ойлар.

Сезімдік кызбалық - эмоционалдық жауап болуы үшін қажет ең төменгі әсердің шамасы мен оның туыңдау жылдамдығы.

Аталған қасиеттерді ескерумен қазіргі заман психологиясында темпераменттің барша ғылыми қауым қабылдаған төрт типінің сипаттамасы төмендегіше:

1) Сангвиник - жоғары дәрежелі әрекетшең адам, дегенмен, бұл әрекетшеңдік оның белсенділік қасиетіне сай, қозу мен тежелуі тепе-тең. Назарын тартқанның бәріне араласа кетеді, ым-ишарасы мен қозғалыс қимылдары мәнерлі, шапшаң. Сәл нәрседен қарқылдап күледі, болмашы себептен көңілі қалып, мүңаяды. Бет-жүзінен көңіл-күйі, заттар мен адамдарға болған қатынасы білініп тұрады. Сезіміталдығы өте жоғары, сондықтан ол оншама әсері болмаған дыбыстар мен жарыққа елеңдей бермейді. Мұндай адам көтеріңкі белселділікке ие, жұмыс қабілеті мен қуатының жоғары болуынан жаңа іске қаймықпай кіріседі, ұзак, уақыт талып-шаршамастан қызметін жалғастыра алады. Зейінін таңдаған объектіне тез шоғырландырады, тәртіпті, қажет болса, өзінің ырықсыз әрекеттері мен сезімдеріне тоқтау, тиым бере алады. Әрекеті жедел, ақылы-ойы икемді, тапқыр, сөйлеу қарқыны шапшаң. Сезімдері, көңіл-күйі, қызығулары мен ниеттері өзгерген жағдайға байланысты жеңіл ауысьш отырады. Сангвиник төңірегіндегілермен тіл табысқыш, жаңа талаптар мен жағдайларға икемшіл. Қиналмастан бір істен екіншісіне ауыса алады, қажет болса, қайта үйреніп, жаңа дағдыларды қабылдауға шебер. Әдетте, бұл типті адам өткені мен болашағын болжастыруда өзінің субъектив пайымдауларының жетегінде қалып қоймай, көбірек сыртқы әсерлерді объектив бағамдауға бейім, экстраверт.

2) Холерик. Сангвиник сияқты жай әсерлерге берілмейді, әрекетшең және белсенді. Бірақ холериктің әрекетшендігі белсенділктен басымдау, сондықтан ол ұстамсыз, шыдамсыз, қызба. Сангвиникке қарағанда салғырттау, икемі кемірек. Осыдан - ниеттері мен қызығулары тұрақтылау, табанды, зейінін ауыстыруы қиындау, сезімі көбіне сырттай көрінеді, сондықтан - толық экстраверт.

3) Флегматик - әрекеті енжар, сезімталдығы мен көңіл шарпулары кем көріністі. Оны күлдіру де, мұңайту да оңай емес, төңіректің бәрі күлкіден жығылып жатқанда, ол мізбақпас. Қай жағдайда да сабырлылығы мен байсалдылығын жоймайды. Ым-ишара жоқ, сөзі сылбыр, әрекеті жай. Жаңарған жағдайға икемделуі қиын, дағдылары мен әрекеттерін өзгертуі ауыр. Солай да болса, флегмтик өте қуатты, жұмыстан шаршамайды. Шыдамды, ұстамды, сезімге берілмейді. Әдетте, жаңа адамдармен араласып кете бермейді, сырттай әсерге төзімді. Бар білгені ішінде - интраверт.

4) Меланхолик. Өте сезімтал, бірақ әрекетшеңдігі кем адам. Болмашы нәрседен көзіне жас үйіріліп, өкпелегіш, сырттай әсерді күйзеліспен қабылдайды. Ым-ишарасы жоқтың қасында, дауысы мен қозғалысы өте сылбыр. Әдетте, өзіне сенімсіз, үркек, болмашы қиындықтан шегінеді. Меланхоликтің жігері кем, тез шаршайды, қызметі болымсыз. Зейіні тұрақсыз, оның барша психикалық процестері әлсіз. Көпшілік меланхоликтердің өздерінің тұйыктығы мен адамдардан оқшаулануынан ішіне түйгені көп - толық интраверт.

Әр адамның темперамент типі тума екендігі қалтқысыз дәлелденген, ал қасиеттер түріне байланысты белгілі типтің ұйымдасу проблемасы - әлі ғылыми шешімін таппаған.

Сонымен, Холерик -грекше- холе. Бұл типке жататын адамдар қарым-қатынаста күйгелек, бір беткей шабуылға жаны құмар, іс-әрекетке пысық келеді. Олар тез қозғыштығымен, соған орай мінез құлқының ұшқалақтығымен көзге түседі. Сезімтал, тынымсыз, агрессивті, шамданғыш, өзгергіш және т. т.

Сангвиник- латынша - сангуис. Қызу қанды, іскер . бірақ ол қызықты іспен айналысқанда ғана осындай күйде болады. Егерде істің қызығы болмаса, ол жабыраңқы, сылбыр болады. Қимыл қозғалысты белсенділік, өмір дағдайының өзгеруіне жеңіл бейімделушілік тән. Көпшіл, ашық, сөзшен, қайырымды, өмір сүргіш, уайымсыз, беймаза емес. Басшылықа әуес, ойға жүйрік және т. т.

Флегматик - грекше - флегма . барылқ уақытта да байсалды, ұтамды, бір қалыпты, табанды, төзімді, еңбекқор адам. Сақ, енжар, байыпты, өзгеге жақсылық тілегіш, өз ісін ойлап істейтін, сенімді және т. т.

Меланхолик -грекше - мелайнехоле. Аса сезімтал, соның салдарынан жаны тез жаралаңғыш келеді. Олар тұйық, қиын жағдайлардан жол тауып, шығуға олақ, адамдардан оқшау жүргенді ұнатады. Ол қауіпті жағдайлардан қорқады. Беймаза, ренжігіш, пессимист, ұйамшыл, жігерсіз, көп сөзі жоқ, керітартпа және т. т.

Темпераменттер мен жүйке жүйесі типтерінің өзара қатынсатары және темпераменттердің ұнамды, ұнамсыз жағы.

Темпераменттүрлері (Гипократ терминологиясы бойынша):

Темперамент

түрлері (Гипократ терминологиясы бойынша)

Жүйке жүйесінің типтері (И. П. Павлов терминологиясы бойынша): Жүйке жүйесінің типтері (И. П. Павлов терминологиясы бойынша)
Жүйке процестерінің қозу, тежелу қасиеті: Жүйке процестерінің қозу, тежелу қасиеті
Ұнамды жақтары: Ұнамды жақтары
Ұнамсыз жақтары: Ұнамсыз жақтары
Темпераменттүрлері (Гипократ терминологиясы бойынша): Күшті
Жүйке жүйесінің типтері (И. П. Павлов терминологиясы бойынша): Тепе теңдігі
Жүйке процестерінің қозу, тежелу қасиеті: Қозғалғыштығы
Темпераменттүрлері (Гипократ терминологиясы бойынша): Холерик
Жүйке жүйесінің типтері (И. П. Павлов терминологиясы бойынша): Ұстамыз тип
Жүйке процестерінің қозу, тежелу қасиеті: Күшті
Ұнамды жақтары: Тең емес, қозу тежелуіне басым
Ұнамсыз жақтары:

Шапшан,

Белсенді,

Оптимист

Сезімтал

Төзімді

Ұстамсыз,

Тұрақысыз,

Сенгіш

Ашушан

Темпераменттүрлері (Гипократ терминологиясы бойынша): Сангвиник
Жүйке жүйесінің типтері (И. П. Павлов терминологиясы бойынша): Ширақ тип
Жүйке процестерінің қозу, тежелу қасиеті: Күшті
Ұнамды жақтары: Тепе тең
Ұнамсыз жақтары: Қозғалғыш

Пысық,

Оңтайлы,

Бейім,

Ашық,

Беймаза емес

Тұрақсыз
Темпераменттүрлері (Гипократ терминологиясы бойынша): Флегматик
Жүйке жүйесінің типтері (И. П. Павлов терминологиясы бойынша): Баяу тип
Жүйке процестерінің қозу, тежелу қасиеті: Күшті
Ұнамды жақтары:
Ұнамсыз жақтары: Баяу қозғалады

Ұстамды,

Сабырлы,

Сенімді,

Тұрақты

Баяу,

Сылбыр,

Икемсіз,

Енжар

Темпераменттүрлері (Гипократ терминологиясы бойынша): Меланхолик
Жүйке жүйесінің типтері (И. П. Павлов терминологиясы бойынша): Әлсіз тип
Жүйке процестерінің қозу, тежелу қасиеті: Әлсіз
Ұнамды жақтары:
Ұнамсыз жақтары:

Тұрақты,

Табанды.

Сезімтал

Тұйый,

Беймаза,

Ренжігіш, Пессимист

Қыңыр

Темпераменттің типтерінің психологиялық сипаттамасы:

И. П. Павловтың нерв жүйесінің типтері туралы ілімі бойынша әр түрлі темперамент өкілдері былайша сипатталады. Мәселен, нерв процестері күшті, бірі екіншісіне тең келмейтін адамдар көбінесе ұйытқымалы, қимыл-қозғалысқа шапшаң келеді. Олар - ұстамсыз, күйіп-пісуге ылғи да дайын тұратын күйгелек адамдар. Істі бұркыратып істегенмен, олардың кейде қолын бір сілтеп сылқ түсетін кездері де болады. Бұлар - холерик темпераментінің өкілдері. Павлов холериктерді жылдам, тез әсерленгіш, жалындап атып тұратын жауынгер тип деп атады.

Сангвиник темпераментінің өкілі, Павловтың айтуынша, қуатты, тұрлаулы, ширақ тип, ойнақы, еті тірі, бірақ кез-келген істі бастап тастап жүре береді. Ол жұмысқа қабілетті, беріліп істейді, басқа адамдармен тез тіл таба біледі, ұжым арасында өзін көнілді ұстайды, былайша айтқанда, ақкөңіл, қызу істің адамы. Оның осал жері - іс жоқ кезде сылбыр күйге түсіп кетеді, енді бірде жеңіл мінезділікке салынады. Бұл оның эмоияларының тұрақсыздығынан және жалпы козғалғыштығынан туатын жайттар.

Флегматик темпераментіндегі адам көбінесе салмақты, сабырлы келеді. Олар кез келген нәрсеге сезім білдіре бермейді, асықпай, баппен жүріп-тұрады, сезімдері сырқа шықпайды десе де болады. Осы темпераменттің бір осал жері - қимыл-қозғалыстың баяулығы, өмірде больш жатқан жағдайларға селсоқ қарайтындығы, оңтайлылықтың жоқтығы. Бірақ мұның ұстамдылығы, салқын қандылығы, адамның мінез бітістері үшін таптырмайтын қасиет болып табылады.

Меланхолик темпераментіндегі адамға әсер етпейтін нәрсе жоқ, бірақ әсер еткен нәрсесінің бәріне өз сезімін білдіре бермейді не де болса ішінде жүреді. Мұндай темпераменттегі адам өзге адамдармен онша көп жұғыспайды, бірақ тиісті жерінде айтайын дегенін айта алады. Тұйықтық, өз ойына шомуға бейім тұрушылык, орынсыз ибалылық - осы темпераменттің ен бір нашар жағы. Орыстың классик жазушылары өз шығармаларында түрлі темпераменттің өкілдерін тамаша керсеткен. Мәселен, Л. Толстойдың «Соғыс және бейбітшілік» романындағы қарт князь Волконский холерик темпераментінің, «Анна Каренинадағы» Степан Облонский сангвиник темпераментінің, Н. В. Гогольдін «Өлі жандардағы» Собакеевич - флегматик темпераментінің, мұндағы Тентетников - меланхолик темперамептінің нағыз айкын өкілдері болып табылады.

Орыстың ұлы қолбасшысы А. Суворов та холерик темпераментінің өкілі. Ол туралы бір естеліктс былай делінген: «Оның қөзқарасы, сөзі, қимылдары өзгеше қунақылықпен көрініп тұратын. Ол тыныш отыру дегенді білмейтін, жүз жұмысты бірден істеп тастауды аңсап тұратын адам еді. Қартайған кезінде де ол жай жүруді білмеген, жүгіріп жүрген, атқа мінгенде шауып жүретін, жолында орындық тұрса, айналып өтудің орнына, оның үстінен қарғып кететін болған».

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Тұлға және даралық
Дифференциалды психология бойынша оқу-әдістемелік материалдар
В. Вундттың психологияда сіңірген еңбегі
Ғылыми-педагогикалық зерттеу
Студенттердің танымдық ізденімпаздылық компоненттері
Ғылыми-педагогикалық зерттеу әдісі
Ж.Аймауытовтың психологиялық еңбектерінің мәні
Бастауыш сынып оқушыларының мінез-құлқын қалыптастыру
Аурудың клиникалық белгілерін талдау
Педагогика пәні, оның негізгі ұғымдары.
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz