Биологиялық мембрананың құрылымы. Коллоидтық жүйелердің электрлі-кинетикалық қасиеттері


Пән: Биология
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:   

Ф КГМУ 4/3-04/02

ИП №6 УМС при КазГМА

от 14 июня 2007 г.

Қарағанды мемлекеттік медицина университеті

Химия курсымен фармацевтикалық пәндер кафедрасы

ДӘРІС

Тақырыбы: «Жанды ағзада орын алатын беткейлік құбылыстар. Адсорбция. Биологиялық мембрананың құрылымы. Коллоидты-дисперстік жүйе - жанды ағзалардың жүйесі. Коллоидтық жүйелердің электрлі-кинетикалық қасиеттері. Жоғары молекулалық қосылыстар. ».

Пән: Химия

Мамандық: 5В130200 Стоматология

Курс: 1

Уақыт (ұзақтығы) : 50 минут

Қарағанды 2011

Кафедра мәжілісінде талқыланып және бекітілген

29. 08. 2011ж № 1 Хаттама

Курсқа жауапты х. ғ. к. Власова Л. М

Тақырыбы: Жанды ағзада орын алатын беткейлік құбылыстар. Адсорбция. Биологиялық мембрананың құрылымы. Коллоидты-дисперстік жүйе - жанды ағзалардың жүйесі. Коллоидтық жүйелердің электрлі-кинетикалық қасиеттері. Жоғары молекулалық қосылыстар.

Мақсаты: жанды ағзаларда адсорбцияның ролін сипаттау және беткейлік құбылыстар туралы ұғымды қалыптастыру. Коллоидтті жүйенің электоркинетикалық қасиеттерімен таныстыру. ЖМҚ туралы түсінік беру.

Дәріс жоспары:

  1. Адам ағзасында орын алатын, беткейлік құбылыстар. Адсорбция. Биологиялық мембрананың құрылысы.
  2. Коллоидті- дисперстік жүйе тірі ағзаның жүйесі. Коллоидті жүйенің электрлікинетикалық қасиеттері.
  3. Жоғарымолекулалық қосылыстар.

Дәріс тезисі .

Беткейлiк құбылыстар. Беткейлiк керiлу. Беткейдiң еркiн энергиясы.

Беткейлiк құбылыстар екi фазаның бөлiну шекарасында жүретiн процестер. Бөлiну шекарасы ғозғалмалы және қозғалмайтын болып екiге бәлiнедi. Қозғалмалы бөлiну шекарасына газ-сұйық (г-с) және сұйық-сұйық (с-с) бөлiну шекаралары жатады. Газ-қатты (г-қ), сұйық-қатты (с-қ) және қатты-қатты (қ-қ) қозғалмайтын бөлiну шекарасы болып есептеледi.

Адам организмiндегi г-с (ауа-қан ағымы), г-қ (ауа-өкпенiң беткейi) с-қ (қан ағымы-тамырлар) және с-с (барлық клеткалардың мембраналары) бөлiну шекаралары кездеседi.

Белгiлi бiр беткейлiк құбылыс iске асу үшiн беткейлiк еркiн энергия жұмсалады. Беткейлiк еркiн энергияның пайда болуын г-с (ауа-сұйық) бөлiну шекарасын мысалға ала отырып, қарастыруға болады.

Молекулы, находящиеся в глубине фазы (молекулы типа А), взаимодействуют с окружающими молекулами; в результате

Сұйығтың iшiнде және екi фазаның бөлiну шекарасында орналасқан бөлшектердiң физикалы-химиялық қасиеттерi әр түрлi болып келедi. Сұйықтың iшiнде орналасқан әрбiр молекула оны қоршаған басқа молекулаларға бiрдей тартылады. Барлық тартылу күштерiнiң тең әсерi нольге тең (± = 0) болады. Беткейде орналасқан молекулалар сұйық фазада орналасқан молекулаларға ғана тартылады да, ауа жағынан әсер өте аз болады, сондықтан ол есепке алынбайды. Сол себептi молекулалық күштердiң тең әсерi нольге тең болмайды ( ± = 0 ) және төменге, яғни сұйықтың iшiне қарай бағытталады. Осы күшке қарсы жұмыс жасау арқылы молекулалар сұйықтың тереңiнен беткейiне шығарылады. Жасалған жұмыстың әсерiнен беткейдiң ауданы үлкеедi және беткейдiң еркiн энергиясы жоғарылайды. Сұйығтың iшiнен беткейiне ауысқан молекулалардың потенциалдық энергиясының салыстырмалы артық мөлшерi беткейдiң еркiн энергиясы болып есептеледi.

W = A = б S

W - потенциалдық энергия.

A - жұмыс, эрг.

S - беткейдiң ауданы, см 2 .

б - беткейлiк керiлу, эрг/см 2 .

Беткейдiң ауданын 1см 2 -ға өзгерту үшiн жасалатын жұмыс беткейлiк керiлу деп аталады.

б = A / S ; эрг/см 2

Термодинамиканы” 2-заңы бойынша кез келген еркiн энергия төменгi мәнге ұмтылады. Бөлiну шекарасының беткейi тұрақты болған жағдайда беткейлiк керiлудi төмендету арқылы беткейлiк еркiн энергияны азайтуға мүмкiндiк бар:

W min, егер б min .

Беткейлiк керiлуге әсер ететiн факторлар. Беткейлiк активтi және активтi емес заттар .

1. Беткейлiк керiлу сұйықтың табиғатына тәуелдi болады. Молекулааралық байланыстары күштiрек полюстi молекулалардың беткейлiк керiлуi жоғары, ал полюссiз молекулалардың беткейлiк керiлуi төмен болады. Мысалы:

б эфир = 17эрг/см 2 . б Н2О = 73эрг/см 2 .

  1. Температура жоғарылаған сайын беткейлiк керiлу төмендейдi, себебi молекулааралық тартылыс күштерi әлсiрейдi.
  1. Сұйықтардың беткейлiк керiлуiн төмендететiн заттар беткейлiк активтi заттар ( БАЗ ) деп аталады, оларға органикалық қышқылдар, спирттер, аминдер, т. б. жатады. Осындай БАЗ-дың концентрациясы жоғарылаған сайын беткелiк керiлуi төмендейдi.

Сұйықтардың беткейлiк керiлуiн жоғарлататын заттар беткейлiк активтi емес заттар ( БАЕЗ ) деп аталады. Оларға қышқылдар, сiлтiлер, бейорганикалық тұздар жатады. Олардың концентрациясы жоғарылаған сайын беткейлiк керiлуi де артады. Беткейлiк керiлудiң концентрацияға тәуелдiлiк графигi беткелiк керiлудiң изотермасы деп аталады.

σ .

БАЕЗ

σ Н2О

c

Беткейлiк активтiлiк. Траубе-дюкло ережесi.

б/ С қатынасы беткейлiк активтiлiк деп аталады. БАЗ үшiн б/ С нольден кiшi болады, яғни БАЗ концентрациясы жоғарылаған сайын беткейлiк керiлуi төмендеп, беткейлiк активтiлiк артады. Органикалық қышғылдардың беткейлiк керiлуiн зерттегенде, көмiрсутек тiзбегi бiр СН 2 - тобына ұзарған сайын беткейлiк активтiлiк 3, 2 есе артатындығы анықталды. Бұл заңдылық Траубе-Дюкло ережесi деп аталады. Трубе-Дюкло ережесiн бөлме температурасында сұйытылған ертiндiлер үшiн қолдануға болады.

БАЕЗ ңшiн б/ С нольден үлкен, яғни олардың беткейлiк керiлуi жоғары да, беткейлiк активтiлiгi төмен болады.

Беткейлiк қабаттағы молекулалардыі бағыты және биологиялық мембрананың құрылысы.

БАЗ-дың молекулалары дифильдi болып келедi, яғни олар екi бөлiктен: полюстi гидрофильдiк және полюссiз гидрофобтық топтардан тұрады. Мұндай молекулалардың құрылысын шартты түрде былай көрсетуге болады:

гидрофильдiк бөлiк (СООН, ОН, Н )

гидрофобтық бөлiк (радикалдар)

Мысалы : С 2 Н 5 - ОН

гидрофобты гидрофильдi

СН 3 - СООН

гидрофобты гидрофильдi

Фазалардың бөлiну шекарасындағы БАЗ-дың орналасу бағыты олардың дифильдiлiгiмен тңсiндiрiледi. Бұл ереже, яғни Ребиндердiң бағытталу ережесi былай оқылады: фазалардың бәлiну шекарасында БАЗ-дың молекулалары өздерiнiң полюстi бөлiгiмен полюстi фазаға қарай, ал полюссiз бөлiгiмен полюссiз фазаға ғарай бағытталады.

су О О О О бензол ауа ауа

О О О О О О О О О О

Көмір силикагель су бензол

БАЗ бөлiну шекарасында бiрдей қатпарланады. Олар концентрация жоғарылаған сайын көбiрек шоғырланады, яғни бұл кезде беткейлiк қабат қалыңдап, Ленгмюр жиiлiгi деп аталатын қатпар түзедi.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Газдардың сұйықтықтардағы ерітінділері
Коллоидтық химиядан дәрістер
ФИЗИКАЛЫҚ ЖӘНЕ КОЛЛОИДТЫ ХИМИЯ
Биофизика пәнінен дәрістер
Дисперстік жүйелер. Заттардың коллоидтық күйі
Коллоидты химия пәні
Коллоидты ерітінділерді тазарту әдістері
Дисперістік жүйелердің электрокинетикалық қасиеті
Коллоидты дисперсті жүйелерді алу
Химияның маңызы және міндеті
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz