Қаржының мәні мен қызметі. Қаржылық жүйе
Мазмұны
1 Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3
І Қаржының мәні мен қызметі
1.1 Қаржы ұғымы, оның мәні мен қажеттігі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .5
1.2 Қаржы қатынастарының обьектісі ретінде қаржы ресурстары мен қорлары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...10
ІІ Қаржы жүйесі және қаржы саясаты
2.1 Қаржы жүйесінің қағидалары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..15
2.2 Қаржы жүйесіндегі мемлекеттік бюджеттің алатын орны ... ... ... ... ... 19
ІІІ Қазақстан Республикасындағы қаржы жүйесі
3.1 Қазақстан Республикасының қаржы жүйесінің ерекшеліктері ... ... ... ... 24
3.2 Қазақстан Республикасындағы мемлекеттің қаржы саясаты ... ... ... .29
Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..32
Қолданылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...33

1 Кіріспе
Нарықтық қатынастардың құрылымында да, мемлекет тарапынан оларды реттеу механизмінде де қаржы зор рөл атқарады. Қаржы – нарықтық қатынастардың құрамды бөлігі және мемлекеттік саясатты жүзеге асырудың құралы. Бұл орайда қаржының әлеуметтік-экономикалық мәнін түсіне білудің, оның іс-әрекет етуінің ерекшеліктерін терең ұғынудың, Қазақстан экономикасын ойдағыдай дамыту мақсатымен қаржы ресурстарын неғұрлым толық және ұтымды пайдаланудың әдістері мен амалдарын көре білудің маңызы зор.
Қаржы туралы ғылым оқу курсы ретіндегі «Қаржының» теориялық базасы болып табылатын экономикалық теорияның (саяси экономияның) негіздеріне сүйенеді. Ол тауар-ақша қатынастары, қаржы ресурстарының басты көзі болып табылатын ұлттық табыс туралы және мемлекеттің табиғаты мен функциялары туралы ілімге негізделеді.
Қоғамдық өнімді бөлумен және осының негізінде ақшалай қорланымдарды, табыстарды және қорларды жасаумен, оларды ұлғаймалы ұдайы өндірістің мақсаттарына және қоғамдық дамудың қажеттіліктерін қанағаттандыруға пайдаланумен байланысты болатын экономикалық қатынастар қаржы туралы ғылымның мән-мағынасы (предметі) болып табылады. Қаржы ресурстары мен мақсатты ақша қорлары, олардың қалыптасуы, қозғалысы және пайдаланылуы қаржының объектісі, ал қоғамдық өмірдің ұйымдастырушысы ретіндегі мемлекетті қоса алғанда қызметтің өндірістік және өндірістік емес сфераларының сан алуан шаруашылық, қоғамдық және басқа ұйымдары оның субъектілері болып табылады.
Қаржы нарығындағы болып жатқан өзгерістер валюта нарығына тікелей әсер етуде. Ең алдымен қаржы және валюта нарығының мәнің мен мазмұнынң түсініп, валюта нарығын қаржы нарығының құрама бөлігі ретінде қарастыруға болады.
Жалпы, валюта нарығы дегеніміз шетелдік валютаны және шетелдік валютадағы төлем құжаттарын сату-сатып алу жөніндегі әлеуметтік-экономикалық және ұйымдық қатынастар жүйесі.
Ал, қаржы нарығы – құнды қағаздар айналысына байланысты экономикалық қатынастар және мемлекеттің бүкіл акша қорының жиынтығы. Ол нарық қатынастарының құрамда бөлігі болып табылады және тауар, ақша, несие, валюта, сақтық және т.б. капитал, жұмыс күші, тұрғын үй, алтын нарықтарымен байланысты болады. Қазіргі кезде дүние жүзінде АҚШ, Еуропа бірлестігі мен Жапония қаржы нарығының ең үлкен қорларын иемденуде. Ал Қазақстанның нарықтық экономикаға өтпелі кезеңінде оның қаржы нарығының қоры мол, өзінің өркендеуіне жетеді деуге әзірше ерте. Қаржы нарығы біріне-бірі байланысты және бірін-бірі толықтырып тұратын, бірақ әрқайсысы өз алдына қызмет жасайтын үш нарықтан тұрады: қолма-қол ақша нарығы, несие капиталының нарығы, бағалы қағаздар нарығы.
Қаржы рыногі – бұл ең алдымен дербес экономикалық категория ретінде бағалы қағаздарды сату мен қайт сату жөніндегі операцияларды жүзеге асыру жолымен кәсіпорындардың , фирмалардың , банктердің, жинақтаушы зейнетақы қорларының, сақтық инсттуттарының, мемлекттің және халықтың уақытша бос ақшасын жұмылдыруды, бөлуді және қайта бөлуді қамтамсыз ететіннарықтық қатынастардың жиынтығы.
Кез келген экономикалық игілікке тек нарықтық экономика арқылы жетуге болатындығын дүниежүзілік тәжірибе көрсетіп отыр.
ҚР экономикасының шаруашылық жүргізудің нарықтық қатынастарына көшуі сатып алу-сатудың нақты объектісі-ақшаның рөлін арттыруды шұғыл қажет етеді.

Қолданылған әдебиеттер тізімі
1. ҚР Президентінің 31.08.1998ж. «ҚР банктер және банк қызметі туралы» Жарлығы, 71, 72, 73, 74 және т.б. баптары.
2. ОҚО Ұлттық банк филиалының дайындаған статистикалық мәліметтері, 2005ж.
3. «Қазақстан қаржыгерлерінің IV конгресі». Алматы, 2004.
4. Банковская система Казахстана. 2006. /Финансы и кредиты. 2006 №2, 12с.
5. К.Маркс, Ф.Энгельс. Таң. Шығ. 23т. 188б.
6. Маркова О.М. Коммерческие банки и их операции. –М., Банки и биржи: ЮНИТИ, 1998.
7. Льюис К.Ф. Методы прогнозирования экономических показателей. –М., Финансы и статистика, 1993.
8. Лаврушин О.И. Банковские операции. –М., Инфро, 1998.
9. Баян Көшенова. Ақша, несие, банктер. Валюта қатынастары: Алматы, «Экономика». 2000ж.
10. Мақыш Серік Биханұлы. Ақша айналысы және несие: Алматы, 2004ж.
11. Қазақстан ұлттық банкі. 2000ж.
12. Қазақстан және оның өңірлері. №1. 2006. Алматы, 2006.
13. Статистикалық баспасөз – бюллетень №2. Алматы, 2005.
14. Қазақстан – цифрларда. 2005 жыл. Статистикалық жинақ. Алматы, 2005ж.
15. Сейтқасымов Ғ.С. Ақша, несие, банктер: Оқулық. –Алматы, «Экономика», 2005. -4/6 бет.
16. Мамыров Н.Қ., Тілеужанова М.Ә. Микроэкономика: Оқулық. –Алматы: Экономика, 2003. -432 бет.

АННОТАЦИЯ
Менің курстық жұмысымның тақырыбы Қаржының мәні мен қызметі. Қаржылық
жүйе.
Бұл жұмысты мен негізгІ үш тарауға бөліп қарастырдым. Алдымен Қаржының
мәні мен кызметі. Қаржылық жүйе қалыптасу себептеріне қысқа тоқталдым,
содан барып негізгі мәселелерге тоқталдым. Сонымен қатар оның негізгі
элементтерімен ішкі себептеріне тоқталуды жөн көрдім және қызметі, маңызын
көрсеттім.
Екінші бөлімінде Қаржы жүйесі және қарсы саясатын көрсетуді жөн
көрдім.
Үшінші бөлімінде Қазақстан Республикасының қаржы жүйесін
карастырдым.
Курстық жұмыс компьютерлік тексте берілген. Жұмыс көлемі 36 бет, оның
ішінде 6-сызба, 1-кесте, 2 диаграмма, әдебиет тізімі көрсетілген.
Мазмұны
1
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3
І Қаржының мәні мен қызметі
1.1 Қаржы ұғымы, оның мәні мен
қажеттігі ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ...5
1.2 Қаржы қатынастарының обьектісі ретінде қаржы ресурстары мен
қорлары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...10
ІІ Қаржы жүйесі және қаржы саясаты
2.1 Қаржы жүйесінің
қағидалары ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... 15
2.2 Қаржы жүйесіндегі мемлекеттік бюджеттің алатын
орны ... ... ... ... ... 19
ІІІ Қазақстан Республикасындағы қаржы жүйесі
3.1 Қазақстан Республикасының қаржы жүйесінің
ерекшеліктері ... ... ... ... 24
3.2 Қазақстан Республикасындағы мемлекеттің қаржы
саясаты ... ... ... .29
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 32
Қолданылған әдебиеттер
тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
.33
1 Кіріспе
Нарықтық қатынастардың құрылымында да, мемлекет тарапынан оларды реттеу
механизмінде де қаржы зор рөл атқарады. Қаржы – нарықтық қатынастардың
құрамды бөлігі және мемлекеттік саясатты жүзеге асырудың құралы. Бұл орайда
қаржының әлеуметтік-экономикалық мәнін түсіне білудің, оның іс-әрекет
етуінің ерекшеліктерін терең ұғынудың, Қазақстан экономикасын ойдағыдай
дамыту мақсатымен қаржы ресурстарын неғұрлым толық және ұтымды пайдаланудың
әдістері мен амалдарын көре білудің маңызы зор.
Қаржы туралы ғылым оқу курсы ретіндегі Қаржының теориялық базасы болып
табылатын экономикалық теорияның (саяси экономияның) негіздеріне сүйенеді.
Ол тауар-ақша қатынастары, қаржы ресурстарының басты көзі болып табылатын
ұлттық табыс туралы және мемлекеттің табиғаты мен функциялары туралы ілімге
негізделеді.
Қоғамдық өнімді бөлумен және осының негізінде ақшалай қорланымдарды,
табыстарды және қорларды жасаумен, оларды ұлғаймалы ұдайы өндірістің
мақсаттарына және қоғамдық дамудың қажеттіліктерін қанағаттандыруға
пайдаланумен байланысты болатын экономикалық қатынастар қаржы туралы
ғылымның мән-мағынасы (предметі) болып табылады. Қаржы ресурстары мен
мақсатты ақша қорлары, олардың қалыптасуы, қозғалысы және пайдаланылуы
қаржының объектісі, ал қоғамдық өмірдің ұйымдастырушысы ретіндегі
мемлекетті қоса алғанда қызметтің өндірістік және өндірістік емес
сфераларының сан алуан шаруашылық, қоғамдық және басқа ұйымдары оның
субъектілері болып табылады.
Қаржы нарығындағы болып жатқан өзгерістер валюта нарығына тікелей әсер
етуде. Ең алдымен қаржы және валюта нарығының мәнің мен мазмұнынң түсініп,
валюта нарығын қаржы нарығының құрама бөлігі ретінде қарастыруға болады.
Жалпы, валюта нарығы дегеніміз шетелдік валютаны және шетелдік
валютадағы төлем құжаттарын сату-сатып алу жөніндегі әлеуметтік-
экономикалық және ұйымдық қатынастар жүйесі.
Ал, қаржы нарығы – құнды қағаздар айналысына байланысты экономикалық
қатынастар және мемлекеттің бүкіл акша қорының жиынтығы. Ол нарық
қатынастарының құрамда бөлігі болып табылады және тауар, ақша, несие,
валюта, сақтық және т.б. капитал, жұмыс күші, тұрғын үй, алтын нарықтарымен
байланысты болады. Қазіргі кезде дүние жүзінде АҚШ, Еуропа бірлестігі мен
Жапония қаржы нарығының ең үлкен қорларын иемденуде. Ал Қазақстанның
нарықтық экономикаға өтпелі кезеңінде оның қаржы нарығының қоры мол, өзінің
өркендеуіне жетеді деуге әзірше ерте. Қаржы нарығы біріне-бірі байланысты
және бірін-бірі толықтырып тұратын, бірақ әрқайсысы өз алдына қызмет
жасайтын үш нарықтан тұрады: қолма-қол ақша нарығы, несие капиталының
нарығы, бағалы қағаздар нарығы.
Қаржы рыногі – бұл ең алдымен дербес экономикалық категория ретінде
бағалы қағаздарды сату мен қайт сату жөніндегі операцияларды жүзеге асыру
жолымен кәсіпорындардың , фирмалардың , банктердің, жинақтаушы зейнетақы
қорларының, сақтық инсттуттарының, мемлекттің және халықтың уақытша бос
ақшасын жұмылдыруды, бөлуді және қайта бөлуді қамтамсыз ететіннарықтық
қатынастардың жиынтығы.
Кез келген экономикалық игілікке тек нарықтық экономика арқылы жетуге
болатындығын дүниежүзілік тәжірибе көрсетіп отыр.
ҚР экономикасының шаруашылық жүргізудің нарықтық қатынастарына көшуі
сатып алу-сатудың нақты объектісі-ақшаның рөлін арттыруды шұғыл қажет
етеді.
І Қаржының мәні мен қызметі
1.1 Қаржы ұғымы, оның мәні мен қажеттігі
Қаржы (қолма-қол ақша, табыс ұғымын білдіретін орта ғасырдағы латын
тілінің financia сөзінен пайда болған француздың finance сөзінен шыққан)
қоғамда нақты өмір сүретін, объективті сипаты мен айрықша қоғамдық арналымы
бар өндірістік қатынастарды білдіретін ақшалай қаржы ресурстары мен
қорларды жасау және пайдалану процесіндегі экономикалық қатынастарды қамтып
көрсететін тарихи қалыптасқан аса маңызды экономикалық категориялардың бірі
болып табылады. Ол натуралдық шаруашылықтан жүйелі тауар-ақша айырбасына
көшу жағдайында пайда болып, дамыды және мемлекеттің және оның ресурстарға
қажеттіліктерінің дамуымен тығыз байланысты болды.
Бүгінде қаржы терминін күнделікті қолданысқа енгізген авторды атау қиын.
Бұл терминнің авторлығын 1577 жылы Республика туралы алты кітап деген
жұмысын бастырып шығарған француз ғалымы Ж. Боденге қалдыруға болады.
Қаржы туралы жұмыстың (Афин республикасының кірістері туралы) алғашқы
авторы Ксенофонт (б.э.д. 430-365 ж.ж.) болды.
Аристотельдің (б.э.д. 384-322 жж.) қаржы саласындағы көзқарасы оның
Афиннің мемлекеттік құрылысы атты жұмысында баяндалған.
Қаржының мәні, оның даму заңдылықтары, тауар-ақша қатынастарын қамту
сферасы мен қоғамдық ұдайы өндіріс процесіңдегі рөлі қоғамның экономикалық
құрылысымен, мемлекеттің табиғатымен және функцияларымен айқындалады.
Түрлі қоғамдық-экономикалық формациялар қаржысының айырмашылығы
негізінен мына себептерге байланысты:
- әр түрлі қоғамдық формацияға қоғамның өзіне меншікті таптық құрылымы
сай келеді. Сонымен бірге қаржы ұлттық табысты мемлекеттің пайдасына қайта
бөлуді ұйымдастыра отырып, оны бөлудің қатынастарын есепке алады;
- кез келген қоғамдық-экономикалық формацияларда қаржы билеуші таптың
мүдделерін қорғайтын мекшекеттің мақсаттары мен міндеттеріне бағынады;
- өндірістің жаңа әдісі шаруашылық қатынастардың жаңа жүйесін тудырады.
Мәселен, құл иеленуші және феодалдық формацияларға натуралдық қатынастар
сәйкес келсе, мемлекет табысының қалыптасуы да көбінесе натуралдық сипатта
болды. Капиталистік шаруашылық тауар-ақша шаруашылығы болып табылады.
Тиісінше мемлекеттің табысы да ақша нысанында қалыптасады;
- егер мемлекет басқару органы ретінде қалыптасқан өндірістік
қатынастардың ұдайы өндірісі мен таптық құрылыстың міндеттеріне қызмет
ететін болса, онда бұл міндеттерге қаржы да қызмет етеді.
Құн категорияларының жүйесінде қаржы белгілі орын алады және өзінің ішкі
ерекшеліктерімен, сонымен бірге ұдайы өндірістегі өзгешілік рөлімен
айшықталады. Қаржының құндық бөлу стадиясында жұмыс істейтін басқа
экономикалық категориялардан – кредиттен, жалақыдан және бағадан
айтарлықтай айырмашылығы бар.
Қаржының пайда болуының бастапқы шарты ақша қатынастарымен
ортақтастырылған тауар өндірісі болып есептеледі.
Тауар өндірісінің негізі тауар өндірушілердің экономикалық
оқшауланушылығын шарттастыратын қоғамдық еңбек бөлінісі болып табылады.
Олардың әрқайсысы өндірістің материалдық-заттай факторларының айырмашылығы,
олардың әр түрлі деңгейі жағдайында өнім жасайды, ал сол себепті тіпті
ұқсас тауарлар нақтылы және затталынған еңбектің әр түрлі шығындарымен
өндіріледі. Бұл теңсіздіктің салдарынан шығындар мен еңбек нәтижелерін
өлшеудің қажырлы еңбектің және жұмсалынған күш-жігерге баламалы тұтынудың
өлшемін ескере алатын айрықша механизмнің объективті қажеттігі туады.
Қаржының ақшадан мазмұны жағынан да, функциялары жағынан да айырмашылығы
бар. Ақша – бұл ең алдымен ассоциацияландырылған өндірушілердің еңбек
шығындары өлшенетін жалпыға ортақ балама, ал қаржы - жалпы ішкі өнім мен
ұлттық табысты бөлудің және қайта бөлудің экономикалық тетігі, ақша
қорларын жасау мен пайдалануға бақылау жасаудың құралы. Ол өндіруге, бөлуге
және тұтынуға ықпал жасайды және объективті сипатта болады.
Қаржының нақтылы жұмсауға арналған түрлі мақсатты ақша қорларының
қозғалысында көрінуі оның маңызды ерекше белгісі болып табылады. Ақша
қорлары, істің шын мәнінде, қаржы қатынастарының объектілері болып
табылады.
Ақша-қаржы қорлары қоғамдық өндіріс қатысушыларының барлығында,
өндірістік емес сферада қаржылық әдістердің көмегімен жасалады. Әдістер,
қаржы қатынастарындағы іс-қимылдың амалдары ретінде директивалық, яғни
қажетті, сөзсіз болатын, міндетті сипатты игеріп алады, мұның өзі
экономиканы реттеудің қажеттігімен және қоғамдық дамудың мақсаттарына ақша
ресурстарының көлемі мен оның бағыттарын алдын ала қарастыру қажеттігімен
байланысты болады.
Ақша экономикалық өмірде, әдеттегідей, баламалы, яғни тауар және ақша
нысандарындағы құнның тең (бірдей) қозғалысы негізінде пайдаланылады.
Баламалылық белгісі басқа экономикалық категориялардың - бағаның,
еңбекақының, кредиттің іс-әрекетіне тән. Ақша қорларының бүкіл ақша
қаражаттарынан бөлініп тұратын ерекшелігі сол, олар экономиканы басқарудың
барлық деңгейлерінде ақша нысанындағы құнның бір жақты қозғалысының
негізінде жасалады. Кез келген қаржы операциясы осындай ерекшелікпен
(салықтар, табыстан (пайдадан) аударылатын аударымдар, шығыстарды
қаржыландыру, субвенцияларжәне т.б.), яғни баламасыздықпен сипатталады.
Салалық қаржыларда қорлардағы ақшаның ішкі шаруашылықтық мақсатты
оқшаулануының ұқсас қағидаты қолданылады.
Қаржының мәні ақша нысанындағы құн қозғалысынан туындайды. Мұндай
қозғалыстың шарты тауар-ақша қатынастарының болуы және экономикалық
заңдардың іс-әрекеті болып табылады.
Қаржының қажеттігі объективті мән-жайдан - тауар-ақша қатынастарының
болуынан және қоғамдық дамудың қажеттіліктерінен туындайды. Мемлекет қаржы
ресурстарының объективті қажеттігін ескере отырып, оларды пайдаланудың әр
түрлі нысандарын жасай алады: төлемдердің әр түрлі түрлерін енгізеді немесе
күшін жояды, қаржы ресурстарының нысандарын өзгертеді және т.б. Шаруашылық
жүргізу сферасыңда үнемі өзгеріп отыратын ұдайы өндірістік қажетіліктерді
қамтамасыз ете отырып, қаржы өндіріс үйлесімдерін тұтынудың қажеттілігіне
бейімдеуге мүмкіндік беруі үшін қажет. Бұл мақсатты арналымның ақша
қорларын қалыптастыру арқылы болады. Қаржының басты арналымы - табыстар мен
ақшалай қорларды жасау арқылы мемлекет пен шаруашылық жүргізуші
субъектілердің қаржы ресурстарына деген қажеттіліктерін қанағаттандырып
отыру және бұл ресурстардың жұмсалуына бақылау жасау. Қоғамдық
қажеттіліктердің дамуы шаруашылық жүргізуші субъектілердің қарамағында
жасалатын ақша (қаржы) ресурстарының құрамы мен құрылымының өзгеруіне
жеткізеді.
Қаржы ресурстары болмаса, қаржы механизмі арқылы барлық жағдайға ықпал
етудің кең мүмкіндіктерін пайдалана алмаса, мемлекет өзінің ішкі және
сыртқы саясатын жүзеге асыра алмайды, өзінің әлеуметтік-экономикалық
бағдарламаларын, қорғаныс және елдің қауіпсіздік функцияларын қамтамасыз
ете алмайды.
Мемлекет, дәстүрлі функциялардан басқа, шаруашылық процестерді реттеу
жөнінде едәуір экономикалық функцияларды орындайды, сондықтан мемлекеттің
қарамағына қаражаттарды орталықтандырудың дәрежесі айтарлықтай жоғары –
мемлекеттік бюджет арқылы қазір жалпы ішкі өнімнің 20 пайыздан астамы және
жиынтық қоғамдық өнімнің 10 пайыздайы (Қазақстан бойынша) бөлінеді.
Мемлекет қаржысының көмегімен салалық және аумақтық аспектілерде қоғамдық
өндірістің ауқымы реттелінеді, басқа қоғамдық қажеттіліктер
қанағаттандырылады.
Қаржы қажеттігінің факторлары
Қаржының қажеттігі
Ө Қоғамдық дамудың қажеттіліктері Р
Н Е
Д Т
І Т
Р Е
І У
С
Әлеуметтік-экономикалық қажеттіліктер
1 сызба

қорлары
Қаржы ғылымы қаржыны тек экономикалық категория, яғни айрықшалықты
өндірістік қатынастардың жиынтығы ретінде ғана қарастырып қоймайды, сонымен
бірге мақсатты ақша қорлары түріндегі олардың материалдық іске асуын баса
көрсетеді Бұл қорлар қаржы қатынастарының түрақты иесі болып каледі.
Олардың қалыптасу көздері және қорлардың өздері (бұл көздерді біріктіруші)
ұлттық шаруашылықтың тиісті буындарының қаржы ресурстары болып табылады.
Демек, қаржы ресурстары — бұл жаапы ішкі өнім құнының бір бөлігін, атап
айтқанда, ақша нысанындағы таза табысты бөлу және қайта бөлу процесінде
жасалынатын мемлекеттің, шаруашылық жургізуші субъектілердің және халықтың
қарамағындагы ақша қаражаттары,. олар ұлғаймалы ұдайы өндіріс пен
жалпымемлекеттік қажеттіліктерді қамтамасыз етуге арналган. Қоғамдық, жалпы
өнім мен ұлттық табысты арттыру қаржы ресурстары өсуінің басты шарты болып
табылады.
Қаржы ресурстарында негізгі орынды таза табыс (пайда қосылған құнға
салынатын салық, ақідиздер, кеден төлемдері, қоғамдық. мүдделерге төленетін
жарналар нысаныңдағы) және амортизациялық аударымдар алады.
Қаржы ресурстарының қаржғл қорларынан айырмашылығы бар. Қаржы-қорлары
(қорланым, босалқы қор) — қаржылық әдіспен қалыптастырылған, белгілі бір
қажеттіліктерді қанағаттандыруға пайдаланылатын мақсатты ақша қаражаттары.
Біріншіден, қаржы ресурстары деп ақша қаражаттарының көздерін, шаруашылық
органының немесе шаруашылық жүргізуші субъектінің мұндай қаражаттарды жасау
мүмкіңдіктерін түсінеді. Екіншіден, қаржы ресурстары — бұл қорлардағы, яғни
ақша қаражаттарының мақсатгы босалқы қорларындағы "байланылған" қаражатгар,
сондай-ақ әлі мақсатты белгілі бір бағыттылығы жоқ қорлар бойынша
қалыптаспаған ақша қаражаттары. Мысалы, ақша қаражаттарының бір бөлігінің
алғашқыда қор сипаты болмайды — бұлар шаруашылық органдардың олардың
шаруашылық әріптестері тарапынан келісімшарттарды, өзара шарттарды және
шаруашынық жүргізудің басқа шартгарын бұзғаны үшін алатын айыппұлдары,
өсімдері, тұрақсыздық төлемдері. Мұндай қаражаттардың түсуін күні бұрын
есепке алу мүмкін емес. Қаржы ресурстары ұғымындағы оның екі жағын ажырата
білген жөн.
1. Шаруашылық жүргізу практикасында "қаржы ресурстарының" ұғымы деп
мемлекеттің, кәсіпорындардың қарамағындағы белгілі бір кезеңцегі барлық
ақша қаражаттарының кірістері мен қорланымдарының жиынтығын, яғни ақша
қорларын, кредит ресурстарын, ақша қаражаттарының резервтерін айтады. Бұл
шаруашылық жүргізудің шаруашылық есеп практикасы тұрғысынан туындаған
практикалық тәсілдеме. Расында, кәсіпорынның банктегі оның шотыңдағы
белгілі бір күндегі ақша қаражаттары, олар кәсіпорынның меншікті немесе
қарыз қаражаттары болын келетіндігіне қарамастан оның барлық нақтылы қаржы
ресурстарын құрайды. Сол секілді мемлекеттік бюджетте шоғырланған кірістер,
қорланымдар олар жасалынған құнды алғашқы немесе кейінгі бөлудің нәтижесі
болып табылатындығына қарамастан мемлекеттің әрбір нақты күндегі қаржы
ресурстары болып саналады.
2. Егер жиынтық өнімнің (с+v+m) материалдық-заттық және құндық
құрылымына, оның бөлінісіне және бұл процестегі орнына сүйенсек, онда қаржы
ресурстарының ұғымы басқаша көрінеді. Егер қайталама есептің элементін
шығарып тастасақ, онда "қаржы ресурсының" ұғымы тікелей мемлекет пен
кәсіпорындарда оларға жүктелінген функцияларды орындау үшін шоғырланатын
құндық (ақша) нысанындағы жалпы қоғамдық өнім мен ұлттық табыстың бір
бөлігін білдіреді.
Қаржы ресурстарын пайдалану (оларды пайдаланудың қор емес нысанының да
мүмкін болғанымен) негізінен арнайы мақсаттағы арналымның ақша қорлары
арқылы жүзеге асырылады. Қаржы қорлары ұлттық шаруашылықта іс-әрекет ететін
ақша қорларының бүкіл жүйесінің құрамды бөлігі. Қаржы ресурстарын
пайдаланудың қор нысаны ұлғаймалы үдайы өндірістің қажеттері негізіңде
объективті түрде алдын ала анықталады және қор емес нысанымен салыстырғанда
оның бірқатар артықшылықтары бар.
Қаржы мен қаржы ресурстары — бара-бар ұғымдар емес. Қаржы ресурстары
өзіише қаржының мәнін анықтамайды, оның ішкі мазмұны мен қоғамдық арналымын
ашпайды. Қаржы ғылымы тап мұндай ресурстарды жасау, бөлу және пайдалану
негізінде туындайтын қоғамдық қатынастарды зерделейді; ол қаржы қатынастары
дамуының заңдылықтарын зерттейді,
Қаржы ресурстары жалпы қоғамдық өнімнің 50% құрай отырып, мемлекетгің
қаржылық қуатының көрсеткіші болып табылады. Қоғамдық өнім мен ұлттық
табысты өндіру, бөлу және қайта бөлу процесінде қалыптаса отырып, олар
түпкілікті пайдалануға, яғни негізгі құрал-жабдықтарды толтыруға, үлғаймалы
ұдайы өндірісті қамтамасыз етуге және жалпымемлекетгік қажетгерді
қанағаттандыруға қоғам жұмсайтын материалдық ресурстардың бір бөлігінің
ақша керінісі болып табылады, Қоғамдық өндіріс процесіңде қаржы ресурстары
неғұрлым көп жасалса, соғұрлым ол тиімдірек болады. Сонымен бірге бүкіл
ұдайы өндірістің тиімділігін арттыру проблемасын шешу және экономикалық
өсудің қарқы-нын тездету ұлтгық шаруашылықта қаржы ресурстарын тиімді пай-
далануға байланысты.
Қаржы ресурстарының қозғалысы жиынтық қаржы балансында (қаржы
ресурстары мен мемлекеттің шығыстары балансында) қамтып көрсетіледі. Алайда
баланста кредит ресурстарының бір бөлді де қамтып көрсетіледі.
Қаржы ресурстарының құрамында олардың аса маңызды екі бөліпн бөліп
көрсетуге болады:
1) мемлекеттің кірістері. Олар республикалық және жергілікті
бюджеттерде шоғырланады. Мемлекетгің кірістері заңнамалық тәртіппен
бекітіледі және мемлекеттің функцияларына сәйкес жұмсалынады. Мемлекеттің
кірістерін жүмылдырудың негізгі әдістері салықтар, қарыздар мен лотереялар,
мемлекеттік меншіктен түсетін түсімдер, сыртқы көздерден түсетін түсімдер;
2) бюджеттен тыс қаражаттар. Олар шаруашылық жүргізуші субъектілердің
қарамағында болады. Олардың пайда болуы мемлекетгің мақсатты шығыстарымен
байланысты. Бюджеттен тыс ресурстар автономды арнаулы қорлар, арнаулы қаржы
сметалары, қазынашылық шоттар түрінде болып келеді. Бұл қорлардың
қаражаттары экономиканы мемлекеттік реттеудің мүмкіндіктерін кеңейтеді.
Бюджеттен тыс қаражаттардың оғаштығы мемлекетке қаржы ресурстарының жалпы
сомасын жасыруға, қаржылық бақылауды әлсіретуге, нағыз қаржылық жағдайды
бұрмалауға мүмкіндік жасайды. Бюджеттен тыс қаражаттардың жалпы сомасын
анықтау қиын, өйткені ол көптеген қорлар мен сметалар арасында шашырап
кеткен.
Қаржы ресурстарының көзі жиынтық қоғамдық өнімнің барлық үш элементі:
"с", "V", "т", болып табылады. Мысалы "С элементінен амортизациялық
аударымдар, табиғи орта мен минералдық-шикізат базасын ұдайы өндірудің
аударымдары, кәсіпорындар өнімнің өзіндік қүнындағы материалдық шығындардың
құрамына кіретін төлемдер және басқалары құрылады. "V" элементі халықтан
алынатын мемлекеттік салық-тар, әлеуметтік қажеттіліктердің аударымдары,
заемдар мен лотереялар бойынша түсімдер сияқты қаржы ресурстарының көзі бо-
лып табылады. "М"элементі пайданы (табысты), жанама салық-тарды, сыртқы
экономикалық қызметтен түсетін табыстар мен төлемдерді (кеден баждарын,
кеден рәсімі үшін төленетін төлемді) қамтиды.
1-кесте
Қаржы ресурстарының бір бөлігі кешенді түрде қоғамдың өнімнің бірнеше
элементтерінің құрамында қалыптасады. Мәселен, шаруашылық органдар
деңгейінде өнім (жүмыс, қызметтер) өндіруге және өткізуге жүмсалынғаң
щығывдарға сай келетін "с" және "V" элементтерінен салықтар, алымдар және
арнаулы қорларға төленетін аударымдар, жер қойнауын пайдаланушылардың
төлемдері — роялти, бонустар, көлік құраддарына салынатын салық,
мемлекеттік баж, ластаушы заттардың тасталындылары мен қалдықтарды
орналастырғаны үшін төлемдер және басқалары түріндегі ресурстар
қалыптасады. Ал жекешелендіруден түсетін түсімдер сияқты түрінің көзі
ұлттық байлық, яғни жинақталған (қорланған) ұлттық табыс (v+m) болып
есептеледі.
ІІ Қаржы жүйесі және қаржы саясаты
2.1 Қаржы жүйесінің қағидалары
Қаржы жүйесі интеграциялық тұрпатты жүйе болып табылады, оған кіретін
элементтердің (қосалқы жүйелердің) тығыз байланысымен және оның қосалқы
жүйелерінің бірде-бірі өзінше өмір сүре алмайтындығымен сипатгалады: қаржы,
бір жағынан, өңщрісгік қатынастардың бір бөлігін білдіреді және осы
қатынастар өсінің элементі болып келеді, екінші жағынан, өзінің
функционалдық өзіндік ерекшелігі бар өзара байланысты элементтерден тұратын
жүйе болып табылады. Қаржыларда функционалдық қосалқы жүйелер ретінде
мыналарды атауға болады: салық, бюджет, сыртқы экономикалық, қаржы
жоспарларының (болжамдарының), қаржылық бақылаудың жаннамалық қамтамасыз
етілуінің және басқа қосалқы жүйелері
2-кесте
Қаржы жүйесін сыныптаудың функционалдық критерийінен басқа қаржы
субъектілерінің (қаржы қатынастарындағы қатысушылардың) белгісі бойынша
сыныптау қолданылады, бұл қаржы жүйесін сфералар мен буыңдар бойынша
шекхеуге мүмкіндік береді.
Буындардың сыныптамасының матасылған қатары ретінде жоғары разрядты
элементтері болады: қаржы қатынастары, қаржы қорлары, басқарушы аппарат.
Жүйелеудің мұндай қасиеті қаржы жүйесіне интеграциялық сипат береді.
Қаржы жүйесін құрайтын жеке элементтердің орны мен рөлі бірдей емес.
Бастапқы (басты) элемент жүйенің басқа элементгерінің арасында алдыңғы
орынды алады, өйткені жүйе элементтері мен буындардың өзара байланысындағы
оның рөлі айқындаушы болып табылады. Қаржы жүйесінде мұндай элемент (сфера)
болып бірінші кезекте мемлекеттік бюджетпен көрінетін мемлекеттің қаржысы
болып саналады.
Материалдық өндіріс сферасының шаруашылық жүргізуші субьектілерінің
қаржысы қаржылардың негізін қалайды, материалдық өндірісте нақтылы өнім —
қоғамның қаржы ресурстарының негізгі көзі жасалынатындықтан ол қаржы
жүйесінің бастапқы сферасы болып табылады.
Халықтың (үй шаруашылыгының) қаржысы қаржы жүйесінің ерекше бөлігі
болып табылады. Халық (азаматтар) өзінің ақша қаражаттарымен
жалпымемлекеттік қаржы жүйесімен және меншіктің барлық нысавдарының
шаруашылық жүргізуші субъектілерінің өндірістік және өндірістік емес
сфераларымен қарым-қатынас жасайды. Бұл сан алуан қатынастар халыққа
еңбекке ақы төлеумен, жинақтаушы зейнетақы жүйесінен ақша қаражаттарын
төлеумен, материалдық және материаддық емес игіліктерді алумен байланысты;
басқа жағынан, халық өзінің ақшалай табысынан салық төлейді, өндірістік
және өндірістік емес сфералардың мемлекеттік және басқа мекемелер мен
ұйымдардың қызметін төлейді. Мүндай қатынастар айырбасқа жататын сауда
органдарында, рыноктерде, халыққа қызмет көрсететін кәсіпорындар мен
ұйымдарда (көлік, байланыс, түрмыстық сектор және т.т.) тұтыну тауарлары
мен қызметтерді сатып алуға байланысты болатын ақша қатынастарын
қоспағанда, қаржы қатынастары болып табылады.
Қаржы қатынастарының буындарына тән болып келетін тиісті
орталықтандырылған және орталықтандырылмаған ақша қорларының жиынтығы қаржы
жүйесінің екінші бөлігін құрайды.
Қаржының материалдық мазмұны өзінің көрінісін қаржы ре-сурстарын
қалыптастырып, пайдалануда табады, бұл ресурстар бюджет, мемлекеттік және
мемлекеттік емес әлеуметтік сақтандыру және қамсыздандыру, амортизация,
айналым қаражаттары, тұтыну, резерв және басқа көптеген ақша қорларын
қамтиды. Бір қорлар едәуір дәрежеде, біреулері аз дережеде
орталықтандырылған, бір қорлар үнемі жұмсалынады (тұтыну қоры), басқалары
уақытша сақталынады (резервтік капитал), үшіншісі қорланады (амортизациялық
аударымдар).
3-кесте
Қаржы қатынастарының нысандары мен ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz