Оқыту теориясы және түрлері
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3.4
І. Оқыту теориясы және түрлері
1.1 Оқыту туралы түсінік ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 5
1.2 Оқытуды ұйымдастыру формалары туралы түсінік ... ... ... ... ... ... ..6.9
ІІ. Қазақстандағы білім беру саласы
2.1 Қазақстандағы білім беру жүйесіндегі оқытудың түрлері ... ... ... ... 10.12
2.2 Оқытудың түрлері және оларға сипаттама ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..13.17
2.3 Дистанциялық оқыту технологиясы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 18
2.4 Проблемалық оқытудың теориялық негізі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..19.21
2.5 Проблемалық оқытудың тиімді жақтары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...22.25
Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 26.27
Пайдаланған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 28.29
Қосымшалар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...30.31

ХХІ ғасырдағы оқытудың ең өзекті мәні, ерекше мақсаты бүгінгі тәрбиеленіп отырған жастың «Өз елінің ұйтқысы, ел тағдырын шешуші ұлтының өкілі»екендігін жүрегімен сезіне білуге тәрбиелеу. Қазақстан егемендігін алып елеулі жаңа кезеңге иек артып отыр. Ел дербестігіне ие болған бүгінгі жағдайда кеше өз тағдыры басқанын қолында болған қазақ ұлты енді басқаның тағдыр тауқыметін мойнына алды. Олай болса Қазақстан Республикасының бет бейнесі, жеткен жері ең әуелі қазақ ұлтының жетістігімен өлшенеді.
Бүгінгі таңда мектептегі оқыту білім беруді жалпы модернизациялау және оның орталық буыны ретіндегі оқушылар білімдерін жаңалауды табысты жүргізу оқушыларды Қазақстан азаматы ретінде тәрбиелеу және оқыту, яғни біздің қоғамның сатылып дамуымен тығыз байланысты. Ұлт болашағы бүгінгі жастарымыздың білімі мен біліктілігіне, санасы мен тәрбиелілігіне байланысты. Кемеңгер халқымыз "сана берсін!"деген тілекті текке айтпаса керек.[1.3] Ұлы ағартушы Ы. Алтынсаринның "Егер балалар бірдеңені түсінбейтін онда оқытушы оларды кінәлауға тиісті емес, оларға түсіндіре отырған өзін кінәлауға тиіс" деген қанатты сөзі еріксіз ойға оралады. .[2.15] Ғүлама ғалым Әл-Фараби "Тәрбиесіз берілген білім - адамзаттың жауы, ол келешекте оның өміріне апат әкеледі" деп, ең алдымен, адамға тәрбие берілуі керектігін алға тартады. .[3.23]
Зерттеудің өзектілігі: Даму бағдарламасын жасаған елдер биікке қарыштап, алға қадамдаса, нақты жоспары жоқтар көп нәрседен кешеуілдеп қалатыны мәлім. Осыған орай қазіргі кезде еліміз бен мемлекетіміз Қазақстан - 2030" мақсаттарын жүзеге асыру бағытында батыл іс-қимылдар жасап жатқаны баршаға аян.
Сонымен бірге қолданатын оқытудың түрлері, оқушылардың өзіндік жұмысы, дамыта оқыту технологиясын, ғылыми жаңалықтар мен озық алдыңғы қатарлы тәжірибені жетік меңгеру - ұстаздың тынымсыз еңбегінің айғағы. Жоспар құрар алдында әрбір мұғалім сабақ тақырыбына орай мақсатын қоя білуі керек. "Бүгінгі сабақта не үйретемін?, Қалай үйретемін?" деген сұрақ жоспардың маңызды бөліміне айналуы керек. Жаңа тақырыпты балаға жеткізе білу, оны ұқтыру тәжірибелі мұғалім мен әлсіз мұғалімді айыратын түс. Ескере кететін бір нәрсе, оқыту-үйрету техникасын теория жүзінде білу бір бөлек, ал оны тәжірибелік түрде жүзеге асыру үлкен мәселе.
Бұдан шығатын қорытынды: теория мен тәжірибе арасында сабақтастық болып, екеуі ұштасқанда ғана нәтижелі болмақ. Сонымен бірге мұғалім өзі беретін пәнді жетік меңгеріп қана қоймай, әрбір тақырыпты қарапайым тілмен, өмірмен байланыстыра отырып ғылыми тұрғыдан беруі қажет.
Оқу үрдісі білімді беру, тексеру, бағалау деп аталатын жүйелердің өзара бірлігінен тұрады. Оқу үрдісінде білімді беруде оқушылардың пәнге қызығуларын арттырудың бір жолы - жаңа білімді меңгертуге олардың өздерін белсенді қатыстыру. Білімді меңгеру үшін ережелерді, заңдылықтарды, теоремаларды есте сақтау жеткіліксіз. Оқушы; тараптарынан қисынды талдау жасай отырып, оны орынды пайдалан білулері қажет.

1. Қазақстан Республикасының «Білім туралы заңы» // Егемен Қазақстан,2007,15 тамыз
2. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты. Астана. ҚР БҒМ,2,06.106.02
3. Назарбаев Н.Ә. «Қазақстан -2030 бағдарламасы». Алматы, 2005
4. 2006-2007 оқу жылында Қазақстан Республикасының жалпы білім беру ұйымдарында ғылым негіздерін оқыту ерекшеліктері туралы әдістемелік нұсқау хат.-Алматы,2006
5. Гуманитарлық білім беру тұжырымдамасы.- Алматы: Қазақстан,1994.-40 бет
6. Государственный общеобязательный стандартобразования Республики Казахстан.«Образование высшее профессиональное».Основные положение ГОСО РК 3.001-2004
7. Государственный общеобязательный стандарт общего образования. Основные положения.Алматы,2002
8. Модернизациялық жетілдіру: дүниежүзілік тәжірибе және қазіргі Қазақстан // Республикалық ғылыми-практикалық конференция: баяндамалар және баяндамалардың тезистері-Алматы: Тәуелсіз Тұран Университеті,1995.-171 бет
9. Көмекова С.О. Қазіргі кездің білім беру мазмұнын құрастыру мәселелері // Білім-Образование, 2006,№6,36-38 бет
10. Әбенбаев С.Ш. Педагогика .-Астана; Фолиант, 2003.-352 бет
11. Бабаев С.Б. Жалпы педагогика .Оқулық Алматы, 2005
12. БеспалькоВ.П. Слагаемые педагогической технологий. М., Педагогика, 1989,192 бет
13. Досанова Қ. Модульдік оқытуды қолданудың мүмкіндіктері// Қазақстан жоғары мектебі, №4,2004, 169-171 бет
14. Жадрина М.Ж. Қазақстан Республикасындағы жалпы орта білім беруді дамытудың тенденциялары мен мәселелері.Алматы, 2002,
387 бет
15. Жанпейісова М.М. Модульдік оқыту технологиясы оқушыны дамыту құралы ретінде. Алматы, 2002
16. Қажығалиева А. Модулмен оқытуды ұйымдастыру // Қазақстан мектебі №2,2006 28-29 бет
17. Көнеева Қ. Оқыту үрдісінде педагогикалық технологияларды ұтымды пайдалану// Білім.№3, 2006 , 22-26 бет
18. Қоянбаев Ж.Б., Қоянбаев Р.М. Педагогика. Алматы, 2000.
19. Қыдыгелдина Н. Жаңа ақпараттық технологияларды пайдалану // Тәрбие құралы, №2,2006
20. Мажимова Б. Оқытудың жаңа технологиясы // Қазақ тілі мен әдебиет орыс мектептер № 2002, №1
21. Мұхамбетова С.Қ. Педагогика. Ақтөбе, 2000.
22. Нұрғалиева Т. Салыстырмалы педагогика, Рауан, 1999-176
23. Сағындықұлы Е. Педагогика (дәрістер курсы).Алматы, 1999
24. Шаймерденова С. Модулдік оқыту// Қазақстан мектебі,№3, 2004 35-37 бет
25. С.К.Мұхамбетова «Педагогика», Ақтөбе 2002ж
26. Н. Берікұлы «Педагогика», Ақтөбе 2004ж
27. Қашықтықтан оқытудың педагогикалық психологиялық мәселелері //«Педагогикалық білім- Қазақстанның интелектуалдық және инновациялық ресурсы» халық. ғыл.-практ. конф. матер.– Семей, 2009, Б. 374-375.

Жоспар:
Кіріспе
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ...3-4
І. Оқыту теориясы және түрлері
1.1 Оқыту туралы
түсінік ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ...5
1.2 Оқытуды ұйымдастыру формалары туралы түсінік ... ... ... ... ... ... ..6-
9
ІІ. Қазақстандағы білім беру саласы
2.1 Қазақстандағы білім беру жүйесіндегі оқытудың
түрлері ... ... ... ... 10-12
2.2 Оқытудың түрлері және оларға
сипаттама ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... 13-17
2.3 Дистанциялық оқыту
технологиясы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .18
2.4 Проблемалық оқытудың теориялық негізі
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...19-21
2.5 Проблемалық оқытудың тиімді
жақтары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...22-25
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... ... ... ..26-27
Пайдаланған әдебиеттер
тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ...28-2 9
Қосымшалар ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... .30-31
Кіріспе
ХХІ ғасырдағы оқытудың ең өзекті мәні, ерекше мақсаты бүгінгі
тәрбиеленіп отырған жастың Өз елінің ұйтқысы, ел тағдырын шешуші ұлтының
өкіліекендігін жүрегімен сезіне білуге тәрбиелеу. Қазақстан егемендігін
алып елеулі жаңа кезеңге иек артып отыр. Ел дербестігіне ие болған бүгінгі
жағдайда кеше өз тағдыры басқанын қолында болған қазақ ұлты енді басқаның
тағдыр тауқыметін мойнына алды. Олай болса Қазақстан Республикасының бет
бейнесі, жеткен жері ең әуелі қазақ ұлтының жетістігімен өлшенеді.
Бүгінгі таңда мектептегі оқыту білім беруді жалпы модернизациялау
және оның орталық буыны ретіндегі оқушылар білімдерін жаңалауды
табысты жүргізу оқушыларды Қазақстан азаматы ретінде тәрбиелеу және
оқыту, яғни біздің қоғамның сатылып дамуымен тығыз байланысты. Ұлт
болашағы бүгінгі жастарымыздың білімі мен біліктілігіне, санасы мен
тәрбиелілігіне байланысты. Кемеңгер халқымыз "сана берсін!"деген тілекті
текке айтпаса керек.[1.3] Ұлы ағартушы Ы. Алтынсаринның "Егер балалар
бірдеңені түсінбейтін онда оқытушы оларды кінәлауға тиісті емес, оларға
түсіндіре отырған өзін кінәлауға тиіс" деген қанатты сөзі еріксіз ойға
оралады. .[2.15] Ғүлама ғалым Әл-Фараби "Тәрбиесіз берілген білім -
адамзаттың жауы, ол келешекте оның өміріне апат әкеледі" деп, ең алдымен,
адамға тәрбие берілуі керектігін алға тартады. .[3.23]
Зерттеудің өзектілігі: Даму бағдарламасын жасаған елдер биікке
қарыштап, алға қадамдаса, нақты жоспары жоқтар көп нәрседен кешеуілдеп
қалатыны мәлім. Осыған орай қазіргі кезде еліміз бен мемлекетіміз Қазақстан
- 2030" мақсаттарын жүзеге асыру бағытында батыл іс-қимылдар жасап
жатқаны баршаға аян.
Сонымен бірге қолданатын оқытудың түрлері, оқушылардың өзіндік жұмысы,
дамыта оқыту технологиясын, ғылыми жаңалықтар мен озық алдыңғы қатарлы
тәжірибені жетік меңгеру - ұстаздың тынымсыз еңбегінің айғағы. Жоспар құрар
алдында әрбір мұғалім сабақ тақырыбына орай мақсатын қоя білуі керек.
"Бүгінгі сабақта не үйретемін?, Қалай үйретемін?" деген сұрақ жоспардың
маңызды бөліміне айналуы керек. Жаңа тақырыпты балаға жеткізе білу, оны
ұқтыру тәжірибелі мұғалім мен әлсіз мұғалімді айыратын түс. Ескере кететін
бір нәрсе, оқыту-үйрету техникасын теория жүзінде білу бір бөлек, ал оны
тәжірибелік түрде жүзеге асыру үлкен мәселе.
Бұдан шығатын қорытынды: теория мен тәжірибе арасында сабақтастық болып,
екеуі ұштасқанда ғана нәтижелі болмақ. Сонымен бірге мұғалім өзі беретін
пәнді жетік меңгеріп қана қоймай, әрбір тақырыпты қарапайым тілмен, өмірмен
байланыстыра отырып ғылыми тұрғыдан беруі қажет.
Оқу үрдісі білімді беру, тексеру, бағалау деп аталатын жүйелердің өзара
бірлігінен тұрады. Оқу үрдісінде білімді беруде оқушылардың пәнге
қызығуларын арттырудың бір жолы - жаңа білімді меңгертуге олардың өздерін
белсенді қатыстыру. Білімді меңгеру үшін ережелерді, заңдылықтарды,
теоремаларды есте сақтау жеткіліксіз. Оқушы; тараптарынан қисынды талдау
жасай отырып, оны орынды пайдалан білулері қажет.
Зерттеу мақсаты: Оқытудың түрлері және оларды қолдана отырып заман
талабына сай оқыту
Зерттеу объектісі: Оқу-тәрбие процесі.
Зерттеу пәні: Педагогика
Зерттеу болжамы: Мұғалімдер сабақты жүргізгенде сабақ беруде оқытуды
ұйымдастырудың формаларын теориялық және әдістемелік қағидаларын орынды
оқыту үрдісінде пайдалан білсе оқушы сабақ арқылы өзінің алған білімін
қортындылауға жетелейді.
Зерттеудің міндеттері: Мектеп мұғалімдерінің сабақ жүргізудегі оқытуды
ұйымдастыру формаларын қолданылуының аясын кеңейту.
Зерттеу әдістері: Оқушыларымен мен мұғалімдер арасында сауалнама жүргізу,
педагогикалық тұрғыда бақылау, озық педагогикалық тәжірибелерді талдау.
Жұмыстың құрылымы: Курстық жұмыс кіріспеден, 2 бөлімнен, пайдаланған
әдебиеттер тізімі және қосымшадан тұрады.
1.1.Оқыту туралы түсінік
Оқыту- ғылыми білімдерді, біліктерді және дағдыларды игеру бойынша
шығармашылылық қабілеттерін, дүниетанымдықты, өнегелі әдепті көзқарастарны
дамыту бойынша оқушылардың белсенді танымдық қызметін ұйымдастыру мен
ынталандырудың педагогикалық үрдісі. Қазіргі заман түсінігі бойынша оқыту
үрдісінің келесі белгілері бар:
1. Екі жақты сипаты;
2. Оқытушы мен оқушының бірлескен әректі;
3. Оқыту жағынан басқаруы
4. Арнайы жоспарланған ұйымдастыру мен басқару;
5. Бүтіндік пен бірлік
6. Оқушылардың жас дамуының жас ерекшеліктігіне сәйкестігі
Оқытуды жүзеге асыруда білім мен оқытуды ұйымдастыруда оны модернизациялау
көзделеді. Түрлері деген ұғым латын тілінен аударғанда fоrmа сырқы
көрініс дегенді білдіреді, сыртқы сызық-белгілі орныққан тәртіп. Философия
пәнінде түрлері ішкі мазмұнды ұйымдастыру деген ұғыммен анықталады.
Яғни түрлері ішкі байланысты білдіреді және ұйымдастыру тәсілдері, өзара
құбылыс, сыртқы жағдайлармен де сабақтастықта. Былайша айтқанда, оқытудың
түрі-оқу материалын меңгерудегі оқушылардың өзара әрекеті. Оқыту түрі:
әдіспен, амалдарға, құралдарга оқушылардың іс-әрекетіне тәуелді болады.
Педагогтік іс-әрекет бір-бірімен, өзара байланысты ықпалдастық, әсер
етушілік, белгілі бір тапсырманы орындау кезіндегі оқушылармен мұғалімнің
қарым-қатынасыі (Чередов И.М.). Оқытудың түрі оқыту үрдісінің құрылымы-
мұғалім қызметі: белгілі бір оқу материалын игеру барысындағы оқушының оқу
іс-эрекетін басқару жэне оқу тәсілдерін меңгерумен сабақтас. Сабақтың
сыртқы көрінісі оку материалының ішкі бөліктерінің басын біріктіріп және
дидактикалық категория ретінде оқу үрдісін ұйымдастырудын сыртқы пішінін
белгілейді, мұның өзі оқушылардың білім сапасының көрсеткіші мен өтетін
уақыты және орны, оның жүзеге асырылу тәртібі секілді жағдайлармен
байланысты.
1.2.Оқытуды ұйымдастыру формалары туралы түсінік
Оқытуды ұйымдастыру формалары - оқыту процесінің міндеттерін іске
асырудағы мұғалім мен оқушылардың іс-әрекеттерінің сыртқы көрінісі.
Ұйымдастыру формасында оқытудың мақсаты, мазмұны мен әдістері бір-ыңғай
жүзеге асады.
Педагогика тарихында ұлы педагогтардың тұжырымдары және оқуды
ұйымдастырудың әртүрлі тәсілдері белгілі. Оның дамып, жетілуі қоғамның
қажеттілігі мен сұранысының талап-мүддесіне қатысты. Оқытуды ұйымдастырудың
түрлері негізінен былай жіктеледі. Оқушының саны мен құрамы,жұмыс орны, оқу
жұмысының ұзақтығы. Осыған қарап оқытудың түрі былайша бөлінеді:
• жеке ( бір ғана оқушымен жұмыс істейді);
• жеке-жұптық ( оқушы – оқушы, мұғалімнің оқушымен қарым- катынасы, қазіргі
жағдайда оқушымен қарым-қатынасы жеке оқушының әзірлік үрдісіндегі қызметі
мен айқындалады);
• жеке-топтық топ мектепте жұмыс істейді, бірақ бір мектепте оқытылатын
оқушылардың жасы әр шаманы құрайтын топ болады (оқытудың бұл түрі орта
ғасыр мектептерінде қолданылған).
• Өзара бірлесіп оқыту, (аталған оқыту жүйесі Англияда пайда болған, атауы-
беланкастер жүйесі);
• Саралап оқыту, оқытудың бұл түрі оқушылардың қабілетіне карай өтіледі
(Мангейм жүйесі);
• Бригадалық оқыту,тапсырманы бригада алады: бір сыныпта 5-6 оқушы
ұйымдасады, есеп беруші-бригадир оқытудың бұл түрі XX ғасырдың 20-жылдарына
тән);
• Американдык Винетка-жоспар, Трампа-жоспар және т.б.
• Оқытудың микротоптық жүйесі (фронтальді, ұжымдық жұмыс
және т.б.).
Оқыту түрлерінің сыныптық-сабақ жүйесі ХҮІІ ғасырда туысқан тәуелсіз
мемлекеттердің Богемия, Украина, Белоруссия елдерінің мектептерінде
ең көп тараған жэне үш жүзжылдық уақыт бойы әлі дамып келе жатыр. Сынып
дегеніміз-жас ерекшелігіне қарай тұрақты, бірге оқитын оқушылардың құрамы,
бұл жүйеде оқушылар мұғалімінің тапсырмасын сабақ барысында жэне үйге
берілген тапсырманы орындайды. Оқытудың бұл жүйесінің теориялық тағылымын
ХҮІІ ғасырда – атақты чех педагогы Ян Амос Коменский жасаған. Басқа
оқытудың түрлерімен
салыстырғанда, сыныпты-сабақ жүйесінің көптеген ұтымды тұстарын атап өтуге
болады; сабақ құрылымын тиімді етіп құру, барлық оқу тәрбие үрдісін
тәртіптеуді қамтамасыз ету, оны қарапайым дәрежеде басқару, оқу мәселесін
талқылағанда, оқушылардың бір-бірімен қарым-қатынасқа түсу мүмкіндігін
пайдалану, белгілі міндеттерді шешу барысында ұжымдық ізденіс жасау, уақыт
үнемдеу, сабақ үстінде әр оқушының рухани санасын арттыруға құлшынысының
бәсекеге түсуі, жүйелілікті және кезеңдік реттілікті жүзеге асырып, оның
одан әрі дамуына, білімсіздіктен білімділікке жетіліп отыруына ұмтылу. Бұл
оқытудың түрінде де кемшіліктер кездеседі: сыныптық-сабақ жүйесі үлгерімі
орташа деңгейдегі оқушыға бағытталған, сөйтіп, бір жағынан үлгерімі нашар
деңгейдегі оқушының қабілеті жетпейтін күрделі тапсырмалар келсе, екінші
жағынан өте талапты оқушылар үшін ыңғайланған оқу объектісі болмайды, әр
оқушының жеке қабілеті ескерілмейді, нәтижесінде, мұғалім осы үш түрлі
деңгейге жекелеген жұмысты ұйымдастыру амалын қарастыруы көзделеді және
оқытудың әдістері мен қарқын мөлшерін дәл межелей алу шеберлігі болуы талап
етіледі.
Бәрін есептей келгенде, әрине сыныптық- сабақ жүйесі тұрақталып, жаппай
озық іс-тәжірибелер жинақталады деуге дәлеліміз бар. Жастары бір шамадағы
сынып оқушыларын бірге оқуының тағы бір жағымды тұсы- ол оқушылардың
ұйымдасқан анықтықты және үзіліссіз оқу жұмысын, сонымен қатар міндетті оқу
мен сабақтан тыс жұмысты қамтамасыз етеді.
Сыныптық – сабақ жүйесі өзіне көптеген оқу үрдісін ұйымдастырудың бірқатар
кешендерін қосып алады. Оған жататындар: экскурсия, оқу шеберханасындағы
сабақтар, тәжірибелер, еңбек жіне өндіріс түрлері, сыныптан тыс жұмыстардың
түрлері (пән үйірмелері, студия, ғылыми қоғамы, олимпиада, байқаулар,
конференциялар).
Оқытудың осы түрі ауқымында жұмыстың ұжымдық, топтық, жеке даралап және
саралап оқыту немесе қарапайым мазмұндағы түрлері ұйымдастырылады.
Сыныптағы барлық оқушыларға бір тектес тапсырмалар берілгенде (жазбаша,
зертханалық және тәжірибешілік немесе практикалық сабақтар), онда саралап
оқыту жұмысы жүргізілмейді, ал сыныпта топтар эртүрлі тапсырмалар орындаса,
бір мәселені шешсе, бірге отырып барлығы тақырыпты меңгереді, міне сол
арқылы жұмысты әрі ұжымдық фронтальды, топтық түрлері іске асады.
Жоғарыда жіктелген оқытуды ұйымдастырудың түрлеріне жататын ерекшеліктің
бірі – кез келген оқушының оқу еңбегіне үйретеді: тыңдауға, ұжымдық іс-
әрекетте берілген сұрақты талқылауға, өзінің жұмысын ұйымдастыруға, өзінің
пікірін айтуға, басқаны тыңдауға, олардың жасаған ой тұжырымы мен
дәлелдемелерімен келісетінін, немесе оған өздерінің дәйектемелерін дәлелдеп
қарсы тұжырым құруға, басқаның ой түйінін толықтыруға, конспект жазуға,
баяндама мәтіндерін жинақтауға, библиография құрастыруға, білім көздерімен
жұмыс істеуге, өзінің оқу іс-әрекетін ұйымдастыруға, берілген уақытта
жұмысын аяқтай білуге және т.б. топтық жұмыста оқушылар қош басылық
қызметкерлік, бағынбаушылық іс-әрекетті ұйымдастыру элементтерін меңгереді,
үлкендер ортасымен, жалпы өзін қоршаған ортамен қарым-қатынас тәжірибесін
қалыптастырады-табиғи іскерлікке, өндірістік және әлеуметтік қарым-
қатынасқа, өмірге бейімделеді. Оқытуды ұйымдастырудың түрінде оқушылардың
тәрбиесі үлкен рөл атқарады, мұндай іс-әрекетте тұлғаның өзін-өзі басқару
жағы басымдылыққа ие болады.
Сыныптық -сабақ жүйесін оқытуды ұйымдастырудың ең қайнар көзі болып
табылады. Оқытудың бұл түрі жас мөлшері біркелкі топтан құрылған және
оқытудың бірдей бағдарламасы құрылған және тұрақты құрамы бар, сабақ үнемі
оқу кестесімен өтілетін және оқытудың бірдей бағдарламасы құрылған жағдайда
іс-тәжірибеде қолданылады. Сондықтан ол оқу-тәрбие үрдісінің барлық
компоненттерін қамтиды: мақсат, мазмұн құрал, әдістер, ұйымдастыру мен
басқару қызметі, оның дидактикалық элементтері. Сабақтың маңызы мен берілу
мәні сабақ үрдісінде біртұтастық динамикалық жүйеге саяды, сөйтіп,
ұжымдықтан-жеке, яғни мұғалімнің оқушыға, нәтижесінде, оқушының білім
меңгеруі оның икемі мен қабілетіне сәйкестеніп, өзіндік іс-әрекетінде
тәжірибеде сұрыпталып, бір жағынан қарым-қатынас мәдениеті дамыса; екінші
жағынан, оқушылардың қабілеттілігі шыңдалады. Нәтижесінде, сабақ түрлері
сапасында оқыту үрдісін алға жылжытады, ал екінші жағынан оқытуды
ұйымдастыру түрі ретінде рол атқарады, мұғалімнің сабақты ұйымдастырудың
негізгі талаптарын айқындайды, мұның бәрі дерлік оқытудың заңдары мен
прицинциптерін тұйындайды. Сабақ – педагогтік шығармашылықта құрылады және
сондықтан да ол біртұтастық жүйемен оқшаулануға тиіс. Кіші бөліктердің
өзара іштей байланысы бірігіп, оқушылар мен мұғалімнің іс-әрекеті дамуының
бір тектес логикаға бейімделуіне бағыт жасайды.
Сабақтың талабын орындау мен оны түсінуге байланысты, мұның өзі әлеуметтік
сұранымға қатысты анықталып, оқушылардың жеке басының қажетсінуіне орай
құрылады, оқыту мақсаты, міндеттері, заңдары мен принциптері басшылыққа
алынып, жоғарыдағы іс-әрекеттің мазмұнын айқындайды. Жалпы талаптардың
ішінде, бүгінгі сабаққа сәйкес келетін, болып қарауға олатын жіктеме
төмендегідей: (И.П.Подласый)
- ғылым жетістіктерінің жаңа түрін озық іс тәжірибені, оқу-тәрбие үрдісінің
негізгі заңдарына құрылған сабақты;
- сабақты өту үрдісінде, барлық дидактикалық принциптер мен ережелер;
- оқушылардың санасын қалыптастыруға әсер етерлік, пәнаралық байланысты;
- бұрынғы білімнің байланыстыруға, оны меңгеруде икем-қабілетін және
оқушылардың білім сапасын арттыру барысындағы тіректік құғымдарға сілтеме
жасау;
- тұлғаны жан-жақты дамытудың белсенді және түрінің қажеттілігі;
- педагог оқу-құралдарын ұтымды қолдануы;
- алған білімнің, өндірістік қызметпен, оқушының жеке іс-тәжірибесімен
байланысты жүзеге асыруы;
- білімнің, икемнің, қабілетін тәжірибеде қалыптастыру, оны ойлау – амалы
мен іс-әрекетке тиімді қолдануы;
- сабақты диагностикалау, жоспарлау, жобалау және болжау алуы.
Әрбір сабақ тұтас педагогтың процестің функциясын жүзеге асыруға
бағытталған: оқыту, дамыту, тәрбиелеу. Соның нәтижесінде сабақ көпжоспарлы,
құрылымы әр түрлі болып келуі мүмкін. Сабақ құрылымының ерекше көп тараған
түрі болып келуі мүмкін. Сабақ құрылымының ерекше көп тараған түрі барлық
дидактикалық міндеттерді шешуге: білімді
енгізу, жаңа материалды зерделеу, өткен материалды бекіту, бақылау,
оқушылардың білімін бағалау, үйге тапсырма берумен байланысты.
Көріп отырғанымыздай, сабақтың құрылымы кездейсоқ болмайды, ол оқыту
үрдісінің заңдылықтарын жүзеге асырады, жаңа сабақты меңгерту логикасын
ішкі психологиялық құбылыс ретінде, оқушының өзіндік ойлау іс-әрекетінің
заңын, жеке таным қабілеті сапасында алып, мұғалім қызметінің түрін және
оқушыны педагогтік үрдістің субъектісі ретінде алады. Сабақ элементтері,
ішінара бөліктердің өзара біртұтастығында аталған заңдар жүзеге асады,
өзектілігі анықталып, оқушылардың жаңа ұғымдық түсініктер қалыптасады,
сөйтіп, іс-әрекет тәсілдерін меңгеріп оны тәжірибеде қолдануға төселеді.
Педагогикалық жүйеде бұлар оқытудың кезеңдері сияқты, негізгісі, өзгертуге
болмайтын, әр сабақта дидактикалық бірліктегі міндеттерді жинақтап,
сабақтың дидактикалық құрылымының компоненті сапасында келеді. Міне, осы
компоненттер сабаққа қажетті шарттар мен бағдарламалық материалдарды
меңгеруге жеткілікті біліктілік пен икем, қабілеттерді және оқушылардың
ойлау әрекетінің белсенділігін өздігінен қалыптастыру, олардың өмірге
бейімделуге және интеллектуалдық қабілетін дамыту – оқушыларды өмірге
бейімделуге және еңбек етуге жаттықтыруға тиісті қадам.
2.1. Қазақстандағы білім беру жүйесіндегі оқытуды ұйымдастырудың
формаларына сипаттама
Қазақстан Республикасынның білім беру саласы өз жастығына қарамастан,
тереңге тартылған тамыры бар. Оқыту, тәрбиелеу және білім беру жүйесін
ежелгі энциклопедист-философтар негізін салып, ұзақ уақыт бойы ұлы ойшылдар
оны өз еңбектерінде дамытып, сол арқылы қазіргі кездегі Қазақстанның білім
беру саласы құралып, ары қарай даму сатысында тұр [8,1].
1990 жылдарынан бастап Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне, ұлттық
идеяға бағытталған бағдарламалар дүниеге келуде.
1992 және 1999 жылдары қабылданған Білім туралы заңға байланысты
Республикада білім беру саласын демократияландыру гуманитарландыру, ұлттық
және жалпы адамзаттық құндылықтарды меңгеруге сай тың мәселелер
қаралуда[9,6].
Президентіміз Н.Назарбаевтың Қазақстан-2030 бағдарламасына сәйкес
Мемлекеттік білім беруді 2010 жылға дейін дамыту бағдарламасы бекітілді,
оның негізінде Қазақстан Республикасы Үкіметі мақұлдаған Қазақстан
Республикасының білім беру саласын дамытудың 2015 жылға дейінгі
концепциясы жасалды. Ауыл жылы жариялануына байланысты Ауыл мектебі
мемлекеттік бағдарламасы бекітілді.
Білім беру жүйесін жетілдіруде ең басты қадам мемлекет бойынша Бірыңғай
ұлттық тест БҰТ және оқытушылардың аралық аттестациясы енгізілген.
Мемлекетте жоғарғы кәсіби білімді 50 мемлекеттік ЖОО-дары қамтамасыз
етуде. Ондағы профессорлік-оқытушылық құрам 38 мың адамға сәйкес, оның
ішінде 14 мыңы докторлар мен кандидаттар.
Әлемдік ЖОО-ның жетекші жүйесінің үлгісіне жақындастыру мақсатында
Қазақстанда 3 сатылы мамандарды даярлау жүйесі енгізілуде: бакалавриат-
магистратура-доктарантура PhD.
Білім беру жүйесіндегі реформаны қалыпты шешу және перспективті дамыту
мақсатында Қазақстанның білім беру жүйелерінде Республика бойынша оқу-
әдістемелік кеңестері құрылуда, ал ЖОО-дар ішіндегі жетекшілері бойынша 30
астамы оқу-әдістемелік орталықтары қалған барлық негізгі мамандық бойынша
жұмыс істейді.
Ғылым және білімді дамытуға жағдай жасау мақсатында атаулы сыйлықтар
және Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сыйлықтары беріледі, соның
ішінде педагогика саласында ең үздік саналатын ғылыми зерттеу жұмысына
берілетін Ы.Алтынсарин атындағы сыйлық және мемлекеттік стипендиялар бар.
Білім беру саласында Қазақстанда Халықаралық байланыстар кеңейтілуде.
Жыл сайын мыңнан астам қазақстандықтар шетелдің ЖОО-рында оқуда және ғылыми
кәсіпорындарынан тәжірибе алмасуда, соның ішінде Президенттік халықаралық
Болашақ стипедиясы бойынша.
Білім беру саласында қайта құрудың ең басты кезеңі жалпы орта білім
жүйесін ақпараттандыру. Мектепке-интернет ведомость аралық бағдарламасы
бойынша 1,5 мың мектеп пен 70 колледжі Интернет жүйесіне қосылған және бұл
жұмыс әлі белсенді түрде жүргізілуде. Қазақстанның ауылдық мектептеріне
арналған қашықтық оқыту және Қашықтан оқытудың спутниктік каналы атты
ұшақтық жобалар жұмыс істеуде, ол әртүрлі аймақтағы мұғалімдер мен
оқушыларды өзара жұмыс істеуін қамтамасыз етуге арналған. Электрондық
оқулықтармен мультимедиялық оқу бағдарламалары жалпы білім беру саласындағы
жиырмадан асық пәндер бойынша жасалған. Электрондық оқу залдары мен
кітапханалар жасалуда 1.
Қазақстан Республикасының Евразиялық аймаққа кіруі, XXI ғасырға аяқ
басуы ел Президентінің Қазақстан -2030 атты стратегиялық бағдарламасына
сәйкес жаңа техника мен технология үрдістерінің дамуы келешекте білім беру
қандай бағытта өрбуі керек деген өзекті мәселе туғызды 5.
Тек білім беру арқылы ғана біз өткенімізді тануға, қазіргі уақытымызда
еркін бағытталуымызға және келешегімізді болжап, қалыптастырумызға
мүмкіндік аламыз. Тарихымызға көз салсақ Қазақстанның тәуелсіздік алғанына
аз ғана уақыт өтіп, енді ғана аяғына нық тұрып жатқанын байқаймыз.
Ғылым мен техниканың дамуына қарай педагогиканың да мүмкіншіліктері
артты, жаңа технологиялар пайда болды, мысалы, оқулық ресурстары жоғары,
өзіне тән әдістемесіне бірге электрондық, ақпараттық мультемедиялық
технологиялар. Қазіргі кезде оқу ақпараттыныңең ауқымды кең тараған
формасының бірі технология деп те айтамыз-Интернет жүйесі арқылы оқу
процесін ұйымдастыру [8,65].
Бүгінде оқыту жұмысын осылай ұйымдастыру мен әдісінің жаңалығы басқа
да мұғалімдердің жаңа жағдайға байланысты оқу-трбие процесін
шығармашылықпен пайымдалудың негізгі өлшеміне айналуда.
Технология деген сөз-грек тілінен алғанда техне-өнер, кәсіп, ғылым,
+ логос ұғым, оқу деген түсінікті білдіреді. Яғни, өндірістік процестерді
жүргізудің тәсілдер мен мен құралдары жайындағы білімдердің жиынтығы. Олай
болса, оқу-тәрбие процесін жүргізудің тәсілдері мен құралдары жайындағы
білімдердің жиынтығын оқыту процесінің технологиясы деп атауға болады.
Оқыту технологиясы-жүйелі категория. Оның құрлымы төмендегідей болып
келеді:
- оқытудың мақсаты,
- білім беруің мазмұны,
- педагогикалық өзара әрекеттестіктің құралы оқыту және мотивация,
оқыту процесін ұйымдастыру,
- оқушы,оқытушы,
- әрекетің нәтижесі сонымен бірге кәсіптік дайындықтың деңгейі
Оқыту технологиясы-оқыту процесін ұйымдастыру, басқару және бақылау
деп түсіну керек.
Бүгінде білім беруде нәтижелі жетілдірудің құралы ретінде практикада
жаңа оқыту технологиясын кіргізуге батыл шаралар қолдану. Сондықтан
Қазақстан Республикасында гуманитарлық білім беру тұжырымдамасы ойлай
білетін және шығармашылықпен жұмыс істейтін қабілеті бар тұлғаны
қалыптастыруға бағытталған. Сол себептен де бүгінгі еліміздегі білім беру
жүйесі оқушылардың таным белсенділігін дамытатын оқытудың дәстүрлі емес
белсенді формалары мен әдістерін көптен енгізуді қажет етуде [9,6].
2.2. Оқытудың түрлері және оларға сипаттама
Оқу мекемелері тəжірибесінде бірқатар белгілерімен дербестенген оқу
түрлері қолданылуда. Оқу түрі – бұл оқыту жəне оқып-үйрену қызметтерінің
ерекшелігіне орайластырылған жалпылама сипаттағы білім игеру жүйесі, яғни
оқу процесіндегі мұғалім мен оқушы арасындағы қарым-қатынас, қолданымдағы
оқу құрал-жабдықтары, əдістері жəне формаларының атқаратын міндеттері.
Оқу түрі өз негізіне алынған педагогикалық технология (кейінгі
дəрісбаяндарда қарастырылады) сипатымен анықталады. Оқу түрлері келесідей
ажыралады: түсіндірме-көрнекілік, жалаң-жаттанды (догматикалық), тұлғалық
бағдарлы, компьютерлі, модульді, қашықтан оқу (дистанционды), пəнаралық,
т.б.
Түсіндірме-көрнекілі: (дəстүрлі, ақпарат жеткізу) оқу түрі. Мұндай
оқуда мұғалім ауызекі сөзбен көрнекі құралдарды қолдана отырып, оқушыларға
дайын материалды ұсынады, шəкірттер ақпаратты сол күйінде қабылдайды,
қайталап айтып береді.
Жалаң - жаттанды (догматикалық) –оқуда тыңдаушы ұсынылған ақпараттың
мəн-мағынасына еніп жатпастан, түсінбей-ақ қабылдайды.
Дамытушы оқу түрі оқушылардың білім, ептілік жəне дағдыларының күннен
күнге арта түсуіне қажет ішкі психологиялық жағдаяттардың (зейін, түйсік,
қабылдау, ес, ойлау, сөйлеу жəне т.б.) жетіліп баруын қамтамасыз етеді. Оқу
жедел қарқынмен жоғары деңгейде жүреді, білім игеру процесі саналы,
мақсатты жəне жүйелі құрылып, негізінен, теориялық ақпарат, мəліметтерді
меңгеруге бағытталады.
Шығармашыл (эвристикалық) – оқу проблемді жəне шығармашыл оқудың басты
принциптеріне негізделеді. Бұл оқуда оқушының білімдік табыстары
белгіленген ғылыми білімдер кеңістігіндегі оның тұлғалық шығармашыл
қабілеттерінің өзінше іске қосылуымен тікелей байланысты. Осыдан, мұғалім
міндеті – баланың барша ұнамды адами қасиеттерінің (нышан, талант, дарын,
т.с.с.) оянуына ат салысып, оларды білім игеру процесіне қоса білу.
Тұлғалық бағдарлы оқу мəні – білімдену бағдарламалары мен оқу процесі
əр оқушының жеке өзіне тəн танымдық ерекшеліктерін ескерумен түзіледі əрі
іске қосылады.
Компьютерлі оқу жəне оқыту қызметтері электронды есептеу машиналарының
кері байланысты оқыту – бақылау бағдарламаларына негізделеді. ЭЕМ оқу
процесіндегі білім мазмұнының игеріліп жатқандығы жөнінде кері ақпараттың
дəл əрі молдығынан даралықты оқуды күшейтеді.
Модульді оқуда – білімдік ақпараттың шағын дидактикалық бөлшегінің –
модульдің көп тарапты қызметтер атқаруынан білім мазмұнының тұтастай
игерілуін қамтамасыз етуге болады.
Қашықтықтан оқыту түрі қазіргі заман телебайланыс жүйесін пайдаланумен
көзделген мақсаттарға қол жеткізуге мүмкіндік береді.
Пəнаралық оқу – сыбайлас білім салаларындағы пəнаралық жəне пəнішілік
байланыстарды іске асыруға бағытталып, біріктірілген оқу пəндерін меңгеруді
көздейді
Міндетті оқыту - ағартушы саясаттын ұстанымы, осыған сәйкес заңнама
тәртібінде белгілі бір жастың балалары белгіленген мөлшерде білім алуы
тиіс. Барлығына жалпы және ақысыз білім - бірнеше жүзжылдықтар бойындағы
халық массасы негізгі демократиялық міндеттерінің бірі.
Ашық оқыту - бірқатар шетелдердегі мектептерде оқу жұмысын ұйымдастыру
тәсілі. Ашық оқытуға сынып-сабақтық жүйеден және берілген мөлшерлер
негізінде үлгерімді бағалаудан бас тарту, оқу кеңістігінің ашық, икемді
ұйымдастырылуы, оқу топтарының жылжымалы құрамы, сонымен бірге оқу
жұмысының түрлері мен тәсілдерін баланың еркін таңдауы тән.
Оқыту тәжірибесі
Оқыту тәжірибесі - табиғи тәжірибенің әр түрлілігі, ол психикалық
құбыластардың (зерттеу мәнін құрайтын) шақырылумен қатар, оның тәжірибе
жағдайларында қалыптасқанымен ерекшелінеді. Оқыту тәжірибесі психологияда
тек зерттеу үшін ғана емес, сонымен қатар ақыл-ой дамуының, яғни тұлғаның
үйренушілік деген қасиетінің диагностикасын жасауында қолданылады.
Енгізілген оқыту
Енгізілген оқыту - тәжірибелі нәтижеге жетуге бағытталған, арнайы
ұйымдастырылатын және жоспарланатын оқу әрекеті, ал бұл үшін қажетті
білімдер жолшыбай игеріледі.
Дистанциялық оқыту
Дистанциялық оқыту - бұл кез келген жерде тұратын әр адамның кез келген
колледж немесе университеттің бағдарламасын оқуға мүмкіндік беретін білім
технологиясы. Бұл мақсатты іске асыруы қазіргі заман ақпаратты
технологиялардың бай жиынтығымен қамтамасы етіледі: оқулықтар және тағы
басқа басылымдар, оқытылатын материалдарды компьютер телекоммуникациялар
арқылы жіберу, видеосуреттер, компьютер телекоммуникациялар арқылы
өткізілетін пікірталастар мен семинарлар, оқу бағдарламаларының ұлттық және
аймақтық теледидардан және радиодан жүргізуі, кабельді теледидар және дауыс
поштасы, екі жақты видеоконференциялары, және т.б. дистанциялық оқыту
оқушыларға оқытудың орны мен уақытын, негізгі қызметін үзбей, оның ішінде
алыс аудандарда тұратын адамдарға оқыту мүмкіндігін, пәндерді таңдау
еркіндігін, ғылымның, білім мен мәдениеттің көрнекті өкілдерімен танысу
мүмкіндігін қамтамасыз етеді.
Интеграциялық оқыту
Интеграциялық оқыту - мүгедек пен дамуында сәл бұзушылығы мен
ауытқулары бар балалардың дені сау балалармен бірге олардың әлеуметтендіру
және интеграция процестерін жеңілдету мақсатындағы бірлескен оқыту.
Интеграциялық оқыту біріктірілген (оқушы дені сау балалар сыныбындатобында
оқиды және дефектолог-мұғалімнің жүйелі көмегін алады), жартылай (жеке
балалар күннің бір бөлігін арнайы топтарда, ал екінші қарапайым топтарда
өткізеді), уақытша (арнайы топтардағы балалар және қарапайым топтардың
оқушылары бірлескен серуендерді, мерекелерді, сайыстарды, жеке істерді
өткізу үшін біріктіріледі), толық (дамуда ауытқулары бар 1-2 бала бала
бақшаның, сыныптың, мектептің қарапайым топтарына енгізіледі, мамандардың
бақылауы бойынша түзету көмегін ата-аналар көрсетеді) болады. Интеграциялық
оқытуды жүзеге асыру, оның ғылыми деңгейін арттыру, тұтастай алғанда
оқушылардың танымдық әрекетіне тән дағдыларды қалыптастыру, тіл мәдениетін
дамыту міндеті күн тәртібіне қойылған ділгір мәселелердің бірі екендігіне
дау жоқ. Осыған орай интеграция, интеграциялық оқыту мәселесі сан қырынан
зерттелуде. Оқыту мен тәрбиелеудегі пәнаралық байланыс мәселесін және білім
берудегі интеграцияны әр түрлі негізде жасауға Н.В.Малахов, И.А.Лошкарёва,
В.Н.Максимова, Н.Я.Виленкин тағы басқалар зор үлес қосты. Казақстандық
педагогика да жалпы білім беретін мектептегі оқу-тәрбие үрдісіндегі
интеграция мәселесінің педагогикалық негізін Б.Т.Набиева, А.Ерімбетова,
А.А.Әбдиева тағы басқалар сипаттады.
Интеграциялау – бөліктерді бүтін шығатындай біріктіру, оларды бір тұтас
болатындай етіп қосу. Осы тұрғыдан қарастырғанда, кейбір пәндерге қатысы
бар материалдарды белгілі бір пән ауқымында жеке өткеннен гөрі, оның
мазмұны кең қамтылатындай етіп, интеграцияланып оқытылғаны тиімді.
Интеграциялау – материалды жан-жақты игерту, оқушылардың сабақта алған
білімдерін өмірлік практикада қолдануда тиімді әдіс. Сонымен бірге оқушының
саналық, адамгершілік, эстетикалық көзқарастарын ұштауда, оқу мерзімін
тиімді пайдалануда, оқу-тәрбие процесін басқаруда пайдасы зор
Контекстік оқыту
Контекстік оқыту - болашақ кәсіби еңбектің пәндік және әлеуметтік мазмұны
байланысқан және бұл арқылы студенттің оқу қызметін маманның кәсіби
қызметіне аударудың шарттары қамтамасыз етілетін оқыту. Контекстік оқыту
кәсіби оқытудың негізгі қарама-қайшылығын, яғни маман қызметі сапа жағынан
өзге оқу қызметінің құралдарымен қамтамасыз етілу қажеттілігін, өтеуге
мүмкіндік жасайды. Бұл қарама-қайшылық контекстік оқыту студенттер қызметі
қозғалысының динамикалық моделін іске асыру арқылы өтіледі: өзіндік оқу
қызметінен (мысалы лекция формасында) квази кәсіби (ойын формалары) және
оқу-кәсіби (студенттердің ғылыми-зерттеу жұмысы, өндіріси к тәжірибе және
т.б.) арқылы өзіндік кәсіби қызметке. А.А. Вербицкиймен жасалынады.
Политехникалық оқыту
Политехникалық оқыту - оқушылардың қазіргі заман өндірісінің жалпы ғылыми
ұстанымдарын игеруге, өндірістің техникалық құралдарымен жұмыс істеудің
тәжірибелік әдістері мен дағдыларын үйренуге және дамуына қарай қазіргі
заман техникасы мен технологиясын білу қабілеттілігін қалыптасуына
бағытталған оқыту. Қазіргі уақытта политехникалық оқыту техникалық
кәсіптердің мамандарын дайындайтын арнайы оқу орындарында қамтамасыз
етіледі.
Проблемдік оқыту
Проблемдік оқыту - оқытылушылардың іздену қызметіне, олардың шынайы өмірлік
және оқу қарама-қайшылықтарды айқындау мен шешуге негізделген белсенді
дамыта оқыту. Проблемдік оқыту іргетасы мәселені (теориялық және
тәжірибелік мүддедегі күрделі танымдық мақсатты) қозғау мен негіздеу болып
табылады. Егер мәселе оқытушыларды қызықтырса, сонда проблемдік жағдай
туындайды. Оқу үрдісінде мәселеліктің үш деңгейі болуы мүмкін: проблемалық
мазмұндау, жартылай-іздену және зерттеу деңгейлері.
Бағдарламалы оқыту
Бағдарламалы оқыту - алдын ала кұрастырған оқыту бағдарламасы бойынша
қамтамасыз етілетін оқытудың бір түрі, ол әдетте бағдарламалы оқулықтар мен
оқыту машиналары арқылы іске асырылады. Бағдарламалы оқыту барысында
оқытылатын адамның материалы мен қызметі өлшемдерге(дозаларға) және
қадамдарға (оқыту кезеңдері) мүшеленеді; әр қадамды орындауы бақыланады,
материалдың келесі өлшемін меңгеруге ауысуы өткенді игеру сапасына
байланысты болады. Бағдарламалы оқыту Б.Ф. Скиннер, Н. Краудер, атамекен
психологтары мен педагогтары - А.И. Берг, В.П. Беспалько, А.Н. Леонтьев,
П.Я. Гальперин ЮА. Самарин, Т.А. Ильина құрастырған.
Дамыта оқыту
Дамыта оқыту - оқу үрдісінің адамның мүмкіндіктері мен оларды іске асыруына
беттеу. Дамыта оқыту тұжырымдамасында бала мұғалімдегі оқыту әсерлерінің
объектісі ретінде емес, ал оқытудың өздігінен өзгеретін субъектсі ретінде
қарастырылады.
Модулдік оқытудың басты мақсаты-оқытудың ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz