Әдеби мәтінде кездесетін мысқыл сөздердің қазақ, орыс тілдерінен ағылшын тіліне аударылуы



Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 4
1. Әдеби мәтінде кездесетін мысқыл сөздердің қазақ, орыс тілдерінен ағылшын тіліне аударылуы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 6
1.1 Мысқыл ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 6
1.2 Ирония ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..7
1.3 Сатира ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...8
1.4 Сарказм ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .9
1.5 Юмор ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 12
2. Әдеби мәтінде кездесетін мысқыл сөздердің қазақ, орыс, ағылшын тілдеріне аударылуын талдап, зерттеу ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .14
2.1 Мысқыл мақыл.мәтелдердің қазақ, орыс, ағылшын тілдеріне аудару ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..21
Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...29
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...30
Аударма ұғымы - кең ұғым. Тіл ғалымдарының деректерін негізге ала отырып, қазіргі таңда дүниеде 2796 тіл бар екенін ескерсек, аударма қызметінің қаншалықты маңызды екенін білеміз. Аударма әрқашанда адамдар, қауымдар, халықтар арасындағы тәжірибе алмасудың дәнекері. Аударма сөз, әдебиет, публицистика ғылымдарының ажырамас бір бөлігі. Әрі халықты рухани жағынан дамытудың күшті құралы. Аударма халықтың мәдени өмірінің бір саласы, халықтар арсындағы үзілмейтін үрдістің бірі. Адамзат аударма арқылы араласып құралады.
Көркем аударма – әдеби шығарманың бір тілден екінші тілге аударылған нұсқасы, көркем әдеби шығармашылықтың бір саласы. Орта ғасырлардан бастап қазақ әдебиетінде де шығыста бұрыннан белгілі сюжетті арқау ете отырып шығарма жазу дәстүрі болған.
Курстық жұмыстың өзектілігі. Аударма - бір тілде бейнеленген мазмұнды екінші бір тілге әрі дәл әрі толық қайталай бейнелейтін тілдік қимыл және әдебиеттің кең арналы, мол саласының бірі. Аударма арқылы бір халықтың таңдаулы әдеби шығармаларынан басқа халықтың өкілдері сусындай алады. Әдеби мәтіндегі мысқыл сөздердің қазақ, орыс, ағылшын тілдеріне аударуда шығарманы аудармашының оқырманға тұтастай жеткізуі мен автор мен аудармашының арасында тіл үндестігі мен рухани үндестігінің сәйкес келді. Аударма барысында ең маңыздысы сапасы мен мағынасын өзгертілмеді. Мысқылға анықтама берілді. Курстық тақырыпты мысалдар мен ақын, жазушылардың туындыларындағы мысқыл сөздердің аударылуын талдап, зерттеу.
Курстық жұмыстың мақсаты. Әдеби мәтінде кездесетін мысқыл сөздердің қазақ, орыс тілінен ағылшын тіліне аударылуын талдап, зерттеу.
Курстық жұмыстың міндеттері:
- мысқылға анықтама беріп, мысқыл сөздерді аудару барысында мағынасын жазу;
- мысқыл сөздердің қазақ, орыс, ағылшын тілдеріне аударылуын талдау;
- ақындардың туындаларынан мысқыл сөздерді үш тілге аудару;
- мысқыл сөздердің қазақ, орыс тілінен ағылшын тіліне аударылуын зерттеп, қорытындау.
1. Кеңес Юсуп. Көркем аударма: тәжірибе мен тағылым. Екінші кітап. Жақындау мен жарасудың жолы. Астана қ. «Фолиант» баспаханасы. 2001ж. 237 б.
2. Сауытбек Абдрахманов. Төлтума мен Телтума. Өлең аудармашысының теориясы мен поэтикасын зерттеу. Астана қ. «Елорда» баспасы. 2007ж. 255б.
3. Абдрахмн Асылбек. И.А.Крылов. Мысалдар(қазақ тілінде). «Алматы» баспасы. 2010ж. 196 б.
4. Андрей Таловиков.Абай Құнанбаев.Жетінші сөз.Алматы қ. «Мектеп» баспасы. 2007ж. 415 б.
5. Акшолаков Тулеубай.Қазақ әдебиеті. 9-сынып. «Мектеп»баспасы.2003ж. 396 б.
6. Аймауытов Ж. Романдар, повесть, әңгімелер, пьесалар // Шығармалар. - Алматы: Жазушы, 1989.
7. Акматалиев А. Избранное. Собр.соч. в 2т. - Бишкек, 1998
8. Аманжолов А.С. Көне түркі жазу ескерткіштері тіліндегі етістіктің меңгеруі.Алматы. « Ғылым»баспасы. 1969ж. 473 б.
9. Асаналиев К. Движение во времени. - Фрунзе , 1978.
10. Бабаев С.Б. Бабаева К.С. «Педагогика: жалпы негіздері және тәрбие
теориясы» - А. 2008. Стр.456
11. Бабаев С.Б. Педагогика – А, 2003.стр.255
12. Бектұров Ш., Серғалиев М. Қазақ тілі: жоғары оқу орындарына түсушілерге арналған оқулық.Алматы. «Білім» баспасы.1994ж.412 б.
13. Белая Г. Художественный мир современной прозы. -М., 1983.стр.320
14. Қазақтың тәлімдік ой-пікір антологиясы 1 том. Алматы. Рауан. 1999.
15. Гальскова Н.Д. «Современная методика обучения иностранным. языкам». Москва, «Академия» 2000, стр. 369
16. Комиссаров В.Н. Слово о перевода: проблемы превдоведения в освещении зарубежных ученых. М.,1990, стр 295
17. Дуанина Б.И. «Аударма мәселесінің қазіргі технологиялық жақтары». Москва, «Высшая школа»1979,446 стр
18. Джин Л.К. «Характеристика словаря-миниммума банковской терминологии». Вестник, 2001, №3, стр. 214
19. Жданова И.Ф., Вартумян Э.А. «Англо-руский экономический словарь». Москва, «Руский язык» 2001. стр 257
20. Воспроизводится по изданию: И.А. Крылов. Полное собрание сочинений в 3 т. М.: ГИХЛ, 1946. Т. 3. стр. 315
21. Көркем аударма. Алматы қ. «Дәуір» баспасы. 2010ж. 345 б.

Пән: Тілтану, Филология
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 30 бет
Таңдаулыға:   
МАЗМҰНЫ

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..4
1. Әдеби мәтінде кездесетін мысқыл сөздердің қазақ, орыс тілдерінен ағылшын тіліне аударылуы ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...6
1.1 Мысқыл ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .6
1.2 Ирония ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...7
1.3 Сатира ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 8
1.4 Сарказм ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...9
1.5 Юмор ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...12
2. Әдеби мәтінде кездесетін мысқыл сөздердің қазақ, орыс, ағылшын тілдеріне аударылуын талдап, зерттеу ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .14
2.1 Мысқыл мақыл-мәтелдердің қазақ, орыс, ағылшын тілдеріне аудару ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...21
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...29
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...30

Кіріспе
Аударма ұғымы - кең ұғым. Тіл ғалымдарының деректерін негізге ала отырып, қазіргі таңда дүниеде 2796 тіл бар екенін ескерсек, аударма қызметінің қаншалықты маңызды екенін білеміз. Аударма әрқашанда адамдар, қауымдар, халықтар арасындағы тәжірибе алмасудың дәнекері. Аударма сөз, әдебиет, публицистика ғылымдарының ажырамас бір бөлігі. Әрі халықты рухани жағынан дамытудың күшті құралы. Аударма халықтың мәдени өмірінің бір саласы, халықтар арсындағы үзілмейтін үрдістің бірі. Адамзат аударма арқылы араласып құралады.
Көркем аударма - әдеби шығарманың бір тілден екінші тілге аударылған нұсқасы, көркем әдеби шығармашылықтың бір саласы. Орта ғасырлардан бастап қазақ әдебиетінде де шығыста бұрыннан белгілі сюжетті арқау ете отырып шығарма жазу дәстүрі болған.
Курстық жұмыстың өзектілігі. Аударма - бір тілде бейнеленген мазмұнды екінші бір тілге әрі дәл әрі толық қайталай бейнелейтін тілдік қимыл және әдебиеттің кең арналы, мол саласының бірі. Аударма арқылы бір халықтың таңдаулы әдеби шығармаларынан басқа халықтың өкілдері сусындай алады. Әдеби мәтіндегі мысқыл сөздердің қазақ, орыс, ағылшын тілдеріне аударуда шығарманы аудармашының оқырманға тұтастай жеткізуі мен автор мен аудармашының арасында тіл үндестігі мен рухани үндестігінің сәйкес келді. Аударма барысында ең маңыздысы сапасы мен мағынасын өзгертілмеді. Мысқылға анықтама берілді. Курстық тақырыпты мысалдар мен ақын, жазушылардың туындыларындағы мысқыл сөздердің аударылуын талдап, зерттеу.
Курстық жұмыстың мақсаты. Әдеби мәтінде кездесетін мысқыл сөздердің қазақ, орыс тілінен ағылшын тіліне аударылуын талдап, зерттеу.
Курстық жұмыстың міндеттері:
oo мысқылға анықтама беріп, мысқыл сөздерді аудару барысында мағынасын жазу;
oo мысқыл сөздердің қазақ, орыс, ағылшын тілдеріне аударылуын талдау;
oo ақындардың туындаларынан мысқыл сөздерді үш тілге аудару;
oo мысқыл сөздердің қазақ, орыс тілінен ағылшын тіліне аударылуын зерттеп, қорытындау.
Курстық жұмыстың теориялық маңыздылығы. Зерттеудің нәтижелері, теориялық тұжырымдары мен ғылыми ұстанымдар әдеби мәтінде кездесетін мысқыл сөздердің қазақ, орыс тілдерінен ағылшын тіліне аударылуы туралы маңызды қорытындылар жасауға мүмкіндік береді.
Курстық жұмыстың практикалық мәнділігі. Курстық жұмыста ұсынылған көзқарастар мен пікірлер аударматану пәнін оқытуда, жоғарғы оқу орындарына арналған оқулықтар мен әдістемелік құралдар дайындауда, арнайы курстар мен семинарлардың жаңа бағдарламаларын жасап жинақтау барысында, сонымен қатар әдеби мәтінде мысқыл сөздерді аударудың тарихы мен аударма мәтінінің стилистикалық, лексикалық сараптамасын меңгеруіне жан-жақтан қарастыру үшін пайдалануға болады.
Курстық жұмыстың әдістері мен тәсілдері. Зерттеу барысында жинақтау, сипаттау, талдау, қорытындылау әдіс-тәсілдері кеңінен қолданыс тапты.
Курстық жұмыстың құрылымы. Курсттық жұмыс кіріспеден, екі бөлімнен, қорытындыдан және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

1.Әдеби мәтінде кездесетін мысқыл сөздердің қазақ орыс тілінен ағылшын тіліне аударылуы.
1.1 Мысқыл
Әдеби мәтінде кездесетін мысқыл сөздердің қазақ орыс тілінен ағылшын тіліне аударылуы. Зерттеуімнің басында мысқыл аңықтама беріп кетейік. Мысқыл - жанр емес, болмыс, құбылысты бағалаудың, оған деген эстетикалық қатысты білдірудің әдісі, тілдік, стильдік құрал. Нысананы іш тарта, жеңіл әзіл-оспақ пен сынау, мінеу жеткіліксіз болғанда мысқылға көзек тиеді. Сықақшыл Абай өз шығармаларыңа бұл әдісті жиі пайдаланған. Мысалы, Абыралының намаз білмейтінін, басын сәждеге дұрыс қойып, дұрыс тұра алмайтынын Намазшамның артынан құржаң-құржаңетеді. Жерұшық берген кісідей тоң қаңдайма, не етеді деп мысқылдаған. Екінші бір өлеңінде ақын кейбір сидаң жігіттерді Мүшесінен буынып, басады алшақ, Ақтымақтың құлағы салтақ-салтақ, Керегеге сабауды шаншып қойып, Беркін іліп қарайды жалтақ-жалтақ, Бет аузын сөз сөйлерде жүз құбылтып, қаскермек, мойын бұрмақ, қоразданбақ деп мінездейді. Бұл да әлгі парықсыз жігіттердің мінез-психологиясын мысқылдап бағалау. Абайдың Күлембай сияқты болыстар жөніндегі үйіңде мықтымсып отырасың, ояз үшкіріп жіберсе, орныңнан ұшып кетесің, үстіңнен арыз кебейсе, бексең шемейеді. Елдің аузын алуға әрлі-берлі далпыдап шабасың, ат көтіне етегің жайылып жалпылдап кетеді деген пікірлеріңде де мысқыл жатыр. [1]Мақсаты - сұхбаттасқан адамның әңгімесін жоққа шығару, теріс айналдыру. Мұндай жағдайда әңгіме мен оның астары сәйкес келмейді. Мысқыл сөйлемнің логикалық мағынасын өзгертеді және тілден тыс тірлікке де берекесіздік әкеледі, сондықтан ежелден бері мысқыл өмір сүрудің амалы ретінде пайымдалады. Аристотель "Үлкен этика" деген еңбегінде жорта сөйлеуші өзіндегі барды азғып көрсетіп, білген нәрсесін айтпайды дейді. Кекесін, мысқыл - сөзді тура мағынасында айтылғандай қолдана отырып, оған қарама-қайшы мағына беру, сөйтіп, ойды жеңіл әзіл-қалжыңмен, зілсіз кекесінмен керісінше айту тәсілі. Қай сөздердің осылай астарлы мағынада, керісінше қолданылып отырғаны олардың айтылу қалпынан, ой желісінен, сөйлеу интонациясынан ап-айқын сезіліп отырады. Кекесін тәсілін қолданудың әсерлілігі жағымды, жылы сөздермен айта отырып жағымсыз мінез, іс-әрекеттерді көрсететін тапқырлық пен қарама-қайшы жайларды тартыстыру арқылы ойды жасырын түрде жеткізе білетін көркемдік шеберлікте. Мысалы:
"Қайтсін, қолы тимепті,
Өлеңші, әнші, есіл ер!
Ала жаздай ән салсаң,
Селкілде де, билей бер".
Абайдың И.А.Крыловтан аударған "Шегіртке мен құмырсқа" атты мысал өлеңіндегі осы бір шумақтағы "қайтсін, қолы тимепті" дегені алғашқы бір сәтте жаны ашып аяғандай көрінсе де, одан әрі бұл сөздері де, "өлеңші, әнші, есіл ер" деп мадақтауы да кекесін екені бірден аңғарылады да, "селкілде де, билей бер" деген тұста кекесіннің аяғы мінеу, шенеуге айналады. Мысқылға сарказм, сатира, келеке келемеж жатады.
1.2 Ирония
Ирония (гр. еіrоnеіа - келемеж,кекесін) - адамзат пен құбылысқа сырттай жақсы баға берсе де, ішкі мағынасы қарсы келіп, келекеге айналдыратын құбылту (троп) құралы, болмысты жоққа шығарудың бір түрі. Иронияға астарлы сықақ, іштей мазақ жатады (мысалы, қара кісіні "аппағым", пұшық адамды "қоңқағым" деу). Ирония XVIII ғасырдың аяғында барынша дамыды. Еуропада - Вольтер, Г.Гейне, Ф.Франс, Б.Шоу, Ресейде Н.В. Гоголь, М.Е. Салтыков-Щедрин, В.В. Маяковский, А.Т. Твардовский, т.б. шығармаларында кеңінен қолданылды. Ирония қазақ әдебиетінде де көп кездеседі. Мысалы, "Айман-Шолпан" жырында Айманның Әлібекті, "Біржан - Сара" айтысында Сараның Жиенқұлды "Мақтауы". Абай иронияны әлеуметтік өмірдегі кемшіліктерді мінеп, шенеуге арнады ("Болыс болдым мінеки", "Қайтсе жеңіл болады жұрт билемек", т.б.). С.Дөнентаев, С.Торайғыров, А.Тоқмағамбетов, О.Әубәкіров, Ш.Смаханұлы, Ғ.Қабышев, С.Адамбеков, т.б. Иронияға толы көптеген шығармалар жазды. М.Әуезовтің, Ғ.Мүсіреповтің, Ғ.Мұстафиннің прозалық туындыларында ирония молынан кездеседі.[3] Жорта сөйлеушінің үлгісі ретінде Сократты атауға болады. Ол өзін жорта төмендетіп, жұрттың басын айналдыратын еді, сөйтсе де, оның әңгімелерінде өз-өзін төмендеткен ұсқынсыздықпен қатар Құдайға тән мазмұн болатын. Кьеркегордың айтуынша, Сократтық ирония дегеніміз - дағдылы өмір тәртібін жоққа шығару, себебі ол өзінің идеясына сәйкес емес.
Бернс Роберт (25.01.1759, Шотландия, Эр қаласы Аллоуэй қыстағы -- 21.07.1796, Дамфрис) -- шотланд ақыны. Шаруа отбасында туған. XVIII ғасырдың аяғындағы француз революциясына үн қосып, "Бостандық ағашы" өлеңдер циклін жазады. Адам құқығы мәселелерімен айналысқаны үшін қуғынға ұшырайды. Бернс поэзиясына ирония, сарказм, лиризм, юмор тән. Оның өлеңдерін Қ. Шаңғытбаев, Ө. Нұрғалиев қазақ тіліне аударған.
1.3 Сарказм
Сарказм (грек. sarkasmos -- ащы мысқыл, жанға батыру) -- күлкі етудің бір түрі, зілді кекесінмен әжуалау. Құрылымы жағынан мысқылдың ұлғайған түрі. Мысқыл зілсіз, көбіне іштарта әжуалау басым болса, сарказмда ол шарықтау шегіне жетіп, батыл, ашық әшкерелеуге көшеді. Сарказм көне грек әдебиетінен бүгінге дейінгі сатиралық шығармалардың көпшілігінде кездеседі, әсіресе ауыз әдебиетінде молынан ұшырасады. Қожанасыр туралы әңгімелер мысқылға негізделсе, Алдар Көсе жайындағы әңгімелер ащы мысқылға, уытты кекесінге құрылған. Ақындар айтыста қарсыласын ащы мысқылмен кекетіп, келемеждеу, жігерін жасыту мақсатында сарказмды қолданған. Махамбеттің, Шернияздың өлеңдеріндегі өткір де уытты кекесіннен, ашықтан-ашық шенеп-мінеуден сарказм айқын көрінеді. Абай өлеңдерінде мысқылдан гөрі сарказм басым көрінеді. ерінде мысқылдан гөрі сарказм басым көрінеді. Келеке, сарказм-белгілі бір құбылысты, істі бағалау,суреттеп сынау тәсілі. Ол нысанаға алған құбылысты мысқыл етіп қана қоймайды, ызалы үнге, еттен өтіп, сүйекке жететін зілді сынмен әшкерелейді. Демек, келеке - келемеж етудің, күлкіге жығудың, мазақ қылудың жоғарғы түрі. Л. И. Тимофеевтің айтуынша, келеке - юмордан сатираға өтудегі мысқылдан кейінгі аралық құрал. Яғни нысананы әшкерелеу қажет болғанда, кектен, ызадан, тепсінуден туатын ащы келекеге ауысады. Абайдың Шәріпті көрінген ит тұра қалып бұтын көтеріп, бір-бір сарып кететін жол бойындағы бір түп шиге теңеуі - ащы келеке. Әсетке арнауындағы Ит көрген ешкі көзденіп, Өлерме жынды сөзденіп, Жасынан үлгісіз шіркін, Кісімсіп белгілі білгіш, Өзімшіл оңбаған шерміш деген бағалаулар мен мінездеулер де кекесінмен, келекемен берілген. Ақын Заман ақыр жастарын да сиырша тойса мас болып, өреге келіп сүйкенер, Күлмеңдеп келер көздері, Шошқа туар сөздері деген сияқты келекелік үн-әуезбен жазған. Шенеу сарказм - ащы мысқыл, кекесі, сықақ, келеке. Ол бейнелеу, сөз қолдану тәсілі жағынан алғанда мысқылға (кекесінге) жақын, соның бір түрі деуге де болады. Мұнда да бүкпелеп, тұспалдап айту, сөзді кері мағынада қолдану кездеседі. Алайда кекесіні мейлінше өткір, ызалы, сықаққа толы болады. Шенеу әдісін қоғамдық өмірдегі қайшылықтарды, кемістіктерді сынауда өте шебер қолданған қаламгерлерден орыс әдебиетінде Салтыков-Щедринді айрықша айтуға болады. Қазақтың халық өлең-жырларынан әңHYPERLINK "https:kk.wikipedia.orgwiki%D3% 98%D2%A3%D0%B3%D1%96%D0%BC%D0%B5"гі ме, аңыздарынан, ақын-жазушылардың шығармаларынан шенеудің талай келісті үлгілерін кездестіруге болады.
1.4 Сатира
Сатира (лат. Satira) - өзі суреттеп отырған оқиғаны, құбылысты немесе кейіпкерді өткір сынға алып, әжуаға айналдыратын көркемдік бейнелеу тәсілі.Сатираның мысал, анекдот сияқты жанрлары бар. Драматургияда сатиракомедия жанрынан көрінсе, көркем прозада сатиралық әңгіме, повесть, романдар жазылады. Сатиралық шығармаларда әсірелеу (гротеск), тұспалдау (аллегория), юмор (достық рәуіштегі күлкі), мысқыл (жеңіл әжуа), сарказм (ащы мысқыл, кекесін), т.б. бейнелеу тәсілдері кеңінен колданылады. Петронийдің "Сатирикон", Апулейдің "Алтын баспақ" романдары осы тұста дүниеге келеді. Орыс әдебиетінде алғашқы сатиралық шығармалар XVII ғасырда дүниеге келді. Қазақ сатирасы халық ауыз әдебиетінен бастау алады. Алдар Көсе туралы аңыз әңгімелерде ащы мысқыл, улы кекесін, сынап-мінеу сарыны басым болса, Қожанасыр туралы күлдіргі әңгімелер юмор, достық рәуіштегі сын, астарлы әзілге құрылады. Тазша бала туралы немесе өтірік өлеңдерде әсірелеу, гротеск тәсілі мол кездеседі. Қазақ фольклорында ұлттық ауыз әдебиетінде ғана кездесетін Шық бермес Шығайбай, Қарабай сияқты сараң байлардың типтік бейнелері жасалған. Жыраулық поэзия (Шалкиіз Тіленшіұлы, Тәтіқара, Бұқар жырау, Шал ақын, т.б.) өлеңдерінде кездесетін үстем топ өкілдерін сынау, шенеу сарыны Махамбеттің өлең-жырларында өзінің шырқау шыңына жетіп, батыл айыптауға ұласады.
Абай шығармашылығы қазақ сатирасын сапалық жаңа биікке көтерген. Ұлы ақын шығармашылығында эпиграммалар "Абралыға", "Көкбайға", "Күлембайға", "Дүтбайға", т.б арналған өлеңдерінде жиі кездеседі. Көкбайға арналған эпиграммаларда юморлық сарын басым болса, Көкбай мен Күлембайға арналған эпиграммаларда айыптау, мысқылдау жағы үстем түсіп отырады. Абай шығармаларында пародияның элементтері де бар. ("Өлең сөздің патшасы, сөз capасы", "Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін"), Абай сатирасында мысал жанры ерекше орын алады. Мысал жанры XX ғасырдың басындағы көрнекі қазақ ақындары А.Байтұрсынұлы, М.Сұлтанқожаұлы, Т.Ізтілеуов шығармаларында жиі кездеседі. Сатиралық өлеңдер С.Торайғыров шығармашылығынан берік орын алды (мысалы, "Мағынасыз мешіт", "Сымбатты сұлуға", т.б.) Ол "Ауырмай есімнен жаңылғаным" атты сатиралық әңгіме де жазды. Сәбит Дөнентаев қазақ сатирасын сюжетті сықақ өлеңдермен байытты. С.Сейфуллин "Күзетші иттер", "Ұлтшылдың сандырағы", "Отарба мен ақ төбет", "Қара aрбада", т.б. сатиралық өлеңдер жазды. Бейімбет Майлин шығармаларын, сатираға мол орын берілді. Ол проза мен поэзиялық жанрларда шығармаларды өндірте жазды. Оның 1928 жылы "Сойқанды содырлар", ал 1920 жылы "Кесінділер" атты шығармашылық жинақтары басылды. Бейімбет, әсіресе, комедия, сықақ әңгіме жанрын дамытуға үлкен үлес қосты. Сатира - І.Жансүгіров шығармашылығының жемісті саласының бірі. Сатира "Тілші" (1923 - 25), "Еңбекші қазақ" (1928-31) газеттерінде жұмыс істеген жылдары фельетонист ретінде танылып, 1929 жылы "Сықақ" атты жинақ шығарды. Жансүгіровтің сықақ әңгімелері мен фельетондар 1935 жылы "Құқ"деген атпен жеке кітап түрінде жарық көрді. 20-жылдардағы сатираға Алдоңғаров пен А.Сегізбаев т.б өздерінің уытты фельетондарыме үн қосты. 30-жылдары қазақ сатирасы өркендетуге белсене ат салысқан қаламгерлер қатарында 1936 жылы "Түйреуіш" атты жинақ шығарған Қ.Қуанышбаев, "Тоқсан" атты кітабы шыққан Ж.Сәрсеков, "Күлмескене" жинағы басылған Қ.Тайшықов пен "Шаншу" атты кітаптың авторы Е.Дүйсенбековтерді айтуға болады. II дүниежүзілік соғысы жылдарында сатираны дамытуға Асқар Тоқмағамбетов, ал соғыстан кейінгі кезеңде сатираға Төлешов үлкен үлес қосты. 1956 жылы сатиралық "Ара" журналының шыға бастауына орай қазақ сатирасынын дамуы жүйелі сипат алды. 60-жылдары сатириктер легіне Б.Қыдырбекұлы, М.Рашевтер келіп қосылды. Кейін С.Адамбеков қазақ тілінде жазылған тұңғыш сатиралық роман "Атылған қыз туралы анызды" жазды. Сатиралык әңгімелер жанрын дамытуға "Талпақ танау". "Этнографиялык әңгіме". "Тарғыл қауын", "Сілекеевтердің кенжесі" атты шығармалары арқылы Ғ.Мүсірепов те өз үлесін қосты. 70-жылдары О.Әубәкіров, О.Иманәлиев,Ғ.Қабышев, С.Әлжіков, Ү.Уайдин, Е. Домбаев қазақ сатирасын дамытуға өз үлестерін қосса, 80-жылдары олардың қатарына қосылды. Қазақ сатирасы жөнінде Т.Қожакеевтің монографиялары бар. Сұлтанмахмұт Торайғыровтың Қамар Сұлу романында Қамарға жорға Нұрым деген бір шал көз салып, оны:
Ататай, болдым ғашық мұрыныңа,
Көк бурыл иектегі құрымыңа.
Кірпідей аяқ-қолы жиырылған,
Қосылар күн болар ма тұлығыма?
Қамар сарказммен осылай суреттейді. Бұны сатиралық түрдегі мысқыл да бар. Тілімізде қолданыста болмаса да орыстар черный юмор атап кеткен осынау терминді қанша жерден қазақыландыруға тырысқанымызбен дәл сол орыстардың қабылдағанындай жанымызға жақын қабылдай алмайтынымыз анық. Неге десеңіз, біріншіден, тілдік қорымызда мұндай тіркес атымен ұшыраспайды. Екіншіден, қазақыландыруға келмейді. Әжуа деп атауға келгенімен бәрібір түпнұсқасындай құлаққа етене естілмейтіні белгілі. Шығу тегі француздардың сөздік қорынан (фр. humour noir) бастау алатын аталмыш терминнің қандай мағына беретінін айта кетейік: қара юмор - ащы мысқылға толы, яғни, сатиралық элементтер молынан кездесетін әзіл түрі. Нақтырақ айтқанда, қайғылы жағдайларды, соның ішінде, бірінші кезекте өлімді, адамның тән кемістігін, зорлық-зомбылықты, т.б. осындай адам санасына ауыр соғатын, жанын жаралайтын жағдаяттарды күлкі обьектісіне айналдырады. Қара юмордың түп тегі ең алдымен орта ғасырлық еуропалықтардың салт-дәстүрінде жатыр. Мәселен, оба індеті тараған кезде халық арасында өлім биі деген атпен танымал бұқаралық көңіл көтеру шарасын айтуға болады. Кейін француздардың әдебиетінде көрініс тапты. Содан кейін орыстарға келіп жетті. Әлем әдебиетінің алыптары Ф.Достоевскидің, М.Булгаковтың шығармаларында мейлінше кеңінен қолданылды. Әсіресе, бір адым алға басып, екі адым артқа шегініп, шахмат стилімен жазған М.Булгаковтың Майталман мен Маргарита романы бастан-аяқ қара юморға тұнып тұр.
1.5 Юмор
Юмор (ағыл. numeur-мінез, көңіл-күйі) - өмірдегі күлкілі болмыс, оқиғаларды зілсіз қалжыңмен әжуалайтын комедиялық жанрдың бір түрі. Ол, негізінен, өмірдегі жағымды нәрселер мен құбылыстардың жекелеген мінін жеңіл күлкі, әзіл-оспақпен іш тарта мысқылдайды. Қазақ фольклорында жеңіл юморға құрылған шығармалар жиі ұшырасады (Мысалы, Қожанасыр әңгімелері). Қазақ әдебиетінде Б.Майлин, Ғ.Мүсірепов
шығармаларында юморға құрылған оқиғалар өте көп. М.Әуезовтің "Абай жолы",С.Сейфуллиннің "Tap жол тайғақ кешу", I.Жансүгіровтің "Жол-дастар",С.Мұқановтың "Өмір мектебі" сияқты шығармаларында юморлық элементтер жиі кездеседі. Бүгінгі әдебиет өкілдері ішінде Ж.Алтайбаев, С.Адамбеков, О.Әубәкіров, М.Рәшев, Ш.Смаханұлы, Ғ.Қабышев, Ү.Уайдин, т.б. сатирик-жазушылар шығармаларында юморға мол орын берілген.

2. Әдеби мәтінде кездесетін мысқыл сөздердің қазақ, орыс, ағылшын тілдеріне аударылуы.
Әдеби мәтіндегі мысқыл сөздердің қазақ, орыс тілдернен ағылшын тіліне аударылған балламалары аз. Қазақтың ұлы ақыны Абай Құнанбаевтің Қалың елім, қазағым, қайран жұртым деген өлеңінде мысқыл сөздердер кездеседі.
Қалың елім, қазағым, қайран жұртым,
Ұстарасыз аузыңа түсті мұртың.
Жақсы менен жаманды айырмадың,
Бірі қан, бірі май боп енді екі ұртың.
Бет бергенде шырайың сондай жақсы,
Қайдан ғана бұзылды сартша сыртың?
Ұқпайсың өз сөзіңнен басқа сөзді,
Аузымен орақ орған өңкей қыртың.
Өзімдікі дей алмай өз малыңды,
Күндіз күлкің бұзылды, түнде ұйқың.
Көрсе қызар келеді байлауы жоқ,
Бір күн тыртың етеді, бір күн -- жыртың.
Бас-басына би болған өңкей қиқым,
Мінеки, бұзған жоқ па елдің сиқын?
Өздеріңді түзелер дей алмаймын,
Өз қолыңнан кетпесе, енді өз ырқың.
Қалың елім, қазағым, қайран жұртым, х
Ұстарасыз аузыңа түсті мұртың.
Жақсы менен жаманды айырмадың,
Бірі қан, бірі май боп енді екі ұртың.
Бет бергенде шырайың сондай жақсы,
Қайдан ғана бұзылды сартша сыртың?
Ұқпайсың өз сөзіңнен басқа сөзді,
Аузымен орақ орған өңкей қыртың.
Өзімдікі ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Интернационалды сөздерді аудару тәсілдері
Публицистикалық мәтіндегі жалқы есімдердің аудару мәселелері
Термин ұғымы
Қазақ, орыс, ағылшын әдеби шығармаларындағы реалийлердің аударылу жолдары
Абайдың жетінші, отыз алтыншы, отыз жетінші, отыз сегізінші қарасөздерінің ағылшын тілі аудармасындағы тілдік ерекшеліктері, аударма мәтініне салыстырмалы талдау жасау, лексикалық, грамматикалық, стилистикалық ерекшеліктері
Техникалық мәтіндерге сипаттама және техникалық мәтіндердің функционалды стилдік ерекшеліктері
Аударма теориясы - сұрақ-жауап түрінде
Ресми және жай сөздерді орыс тілінен қазақ тіліне аударма және қазақ тілінен орыс тіліне аударуда кездесетін стильдер
Көркем аударма.
Медициналық тақырыбында қолданатын терминдерді аудару
Пәндер