Аударма түрлеріне жалпы түсінік және қалыптасу кезеңдері


Пән: Тілтану, Филология
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 31 бет
Таңдаулыға:   
Кіріспе . . .
4
Кіріспе . . .: 1.
4: Аударма түрлері . . .
6
Кіріспе . . .: 1. 1
4: Аударма түрлеріне жалпы түсінік және қалыптасу кезеңдері . . .
6
Кіріспе . . .: 1. 2
4: Аударманың қалыптасу тарихы . . .
10
Кіріспе . . .: 2.
4: Әдеби мәтінді аударуда қолданылатын транслитерация әдістемесі
13
Кіріспе . . .: 2. 1
4: Аударма - технологиялық әрекет . . .
13
Кіріспе . . .: 2. 2
4: Әдеби мәтінді аударуда транслитерациялық үдерістер . . .
18
Кіріспе . . .: Қорытынды . . .
4: 35
Кіріспе . . .: Пайдаланылған әдебиеттер тізімі . . .
4: 36

МАЗМҰНЫ

Кіріспе

Аударма-комплексті үдеріс. Түпнұсқаны дұрыс, әрі нақты жеткізу үшін, аударма тілінде тек қажет сөздерді тауып қана қоймай, оларды сәйкес грамматикалық үлгіде жеткізе білу қажет. Оған қоса көп жағдайда еш есептен шығаруға болмайтын стилистикалық факторлар да араласады. Аудару- басқа тілде айтылған нәрсені, екінші бір тілде толық, әрі дұрыс білдіру. [1]

Қазіргі таңда қазақ тіл білімі ғылымында арнайы зерттеуді талап ететін салалардың бірі - аударманың теориясы. Бұл сала - қазақ тілтанымы үшін әлі жетілмеген, тиісті деңгейдегі ғылыми сипатын ала қоймаған тіл білімі салаларының бірі. Қазіргі қазақ тіл білімінде аударма мәселесімен түбегейлі айналысып жүрген ғалым А. М. Алдашева докторлық диссертациясында «…қазірге дейін аударма теориясының басты дәйектемелері, шешуші негіздері, аударматану ғылымының басты обьектісі мен ұстанымдары, әдіс-тәсілдері мен бірлік тұлғалары, аударманың нормасы, тәржіма ісіне қойылатын талаптар сияқты маңызды жағдаяттардың анық-қанығы ғылыми тұрғыдан анықталған емес», - деп атап өткен. Қазақ тіл білімінде аударматану мәселесі - ХХ ғасырдың соңғы жылдары ғана қолға алынған жаңа салалардың бірі. Сондықтан қазақ тіл біліміндегі аударма теориясы да, аударма практикасы да, аударма іс-тәжірибесінің теориялық тұғыры да енді қалыптасып келе жатыр. [2]

Зерттеудің өзектілігі әдеби мәтіндерді аудару әдістерінің аз зерттелуімен, оларды аударуда туындайтын қиындықтармен тығыз байланысты. Атап айтқанда әдеби мәтінді аударуда жүйелі түрдегі зерттеу жұмысын жүргізу қажеттілігі қазіргі таңдағы аударма ғылымының жаңа бағыттарымен байланысты.

Курстық жұмыстың мақсаты аударманы теориялық тұрғыдан зерттеп, қазіргі ағылшын тілінде жаңа өзгерістер мен адам баласының жетістіктеріне байланысты жаңадан пайда болған транслитерация әдістерін ұсыну. Осы мақсатқа жету үшін келесі міндеттер қаралды:

  • аударма түрлеріне жалпы түсінік және қалыптасу кезеңдері
  • аударманың қалыптасу тарихы
  • аударма-технологиялық әрекет.
  • әдеби мәтінді аударуда транслитерациялық үдерістер

Зерттеу әдістері: Аударма туралы жалпы түсінік оның қалыптасу кезеңдері туралы және технологиялық әрекет жолдарын зерттеу барысында көптеген ғалымдардың еңбектеріндегі теориялық тұжырымдарға сүйендік. Зерттеу барысында сипаттамалы, салыстырмалы, теориялық әдістер, сондай-ақ тілдік деректерді түрлі компонеттік, концептуалдық талдау және интерпретациялау, жаппай сұрыптау, салыстыру, талдау, синтездеу тәсілдері қолданылды. [4]

Курстық жұмыстың теориялық негіздемесі болып қазақ тілінде осы кезге дейін аударма теориясы мәселелері бойынша қорғалған зерттеу жұмыстары, әдеби мәнінді ағылшынша - қазақша сөздігі, отандық ғалымдардың және шетел ғалымдарының еңбектері қарастырылды.

Практикалық маңыздылығы: қарастырылып отырған тақырып аудармашы үшін өте маңызды. Себебі, жұмыс барысында, әсіресе, әдеби, ғылыми және т. б. мәтіндерді аудару кезіңде транслитерация әдістемесі(методикасы) қолданылады.

Қурстық жұмыс құрылымы бойынша кіріспеден, үш бөлімнен, қорытындыдан пайдаланылған әдебиеттерден тұрады. Кріспеде курстық жұмыстың мақсаты, өзектілігі, міндеттер қарастырылған. Бірінші бөлімде аударма түрлері жалпы сипаттама негіздері қарастырылған, Екінші бөлімде Аударма-технологиялық әрекет, әдеби мәтінді аударуда транслитерациялық үдерістер туралы мағлұмат берілген. Қорытындыда жалпы курстық жұмысты талдау бойынша қысқаша түйіндер жасалған. Пайдаланылған әдебиетте қолданылған кітаптар пен олардың авторлары жазылған.

  1. Аударма түрлеріАударма түрлеріне жалпы түсінік және қалыптасу кезеңдері

Аударма-күрделі көп қырлы құбылыс. Оның жекелеген аспектілері түрлі ғылыми зерттеулерге арқау болар еді. Бұл-адамзат қызметінің ежелгі түрі. Басынан бастап маңызды әлеуметтік функцияны атқарып, тіл аралық қатынасты мүмкін етті. Қазіргі кезде сот отырысы, нотариустың қатысуымен құжаттарға қол қою сияқты маңызды іс-шараларға ауызша аудармашының қатысуы іскерлік өмірімізде ажырамас бөлікке айналды.

Аударма-халықтың рухани қызметінің, мәдени өмірінің бір саласы, халықтардың арасында үзілмейтін үрдістердің бірі. Оның тұтастай алғанда әлем әдебиетіндегі, жекелеген халықтардың мәдениетіндегі рөлі айрықша маңызды. Осы ғасырда өркениетті елдердің барлығында да аударма жұмысымен шұғылдану өте-мөте белсенділік танытып отыр, Еуропа зиялы қауымның бүгінгі дәуірді “аударма ғасыры” деп аталуында мән бар, себебі нақ сол ой-санасы жоғары қауым бұл арнаны жер бетіндегі күллі ұлттармен ұлыстардың келісім-татулығын, бейбіт қарым-қатынастарын қалыптастыруға сүйеу бола алатын басты тіректердің бірі деп таниды.

Әлемдік әдебиетпен әлемдік өркениеттегі таңдаулы мәдениет қазыналардың бірін-бірі байыту мүддесіндегі аударма ісінің маңыздылығы соншалықты, 1948 жылдан бері қарай ЮНЕСКО-да дүниежүзі тілдеріндегі аударма әдебиетінің жылма-жылғы тізімі жасалып, ресімделіп отырады. Демек аударма ісі-қоғамдық құрылымдағы қайшылықтарға, саяси ағымның екпініне тәуелсіз[8] . Сөз жоқ, бір тілден екінші тілге аудару ісіне жүктелген міндет әр заманның талап-мақсаттарына сай әр қилы болды. Қазіргі заман деңгейіне қарағанда, арғы-бергі тарихта, бастапқыда ауызша, кейіннен біріңғай жазбаша қалып алған тәржіма саласынан қазақ халқы үшін мәдени-танымдық, қоғамдық-әлеуметтік сан түрлі қызметінің екі арнаға қарай тоғысатынын көруге болады: оның бірі-білім-ғылымды, оқу-оқыту ісін дамытуға қосқан үлесі; яғни ағартушылық қызметі; екіншісі-қаза әдеби тілінің қалыптасуына, тілдің сөздік қорының, ғылыми аталымдар жүйесінің қосқан үлесі; жазба әдебиет нұсқасы ретінде тілді байыту қызмет.

Ұлттық мәдениетті өркендетудің, әлемдік әдебиет нұсқаларымен, көршілес, туыстас халықтар әдебиетін оқып-үйренудің, жалпы алғанда, әлемдік өркениетке жақындаудың негізгі ұтымды көзінің бірі ретінде танылған аударма жұмысының дұрыс жолға қойылу қоғам мүшелерінің энтилектісін көтеру мен қатар, халықтар арасындағы экономикалық, саяси, мәдени байланыстарды нығайтуға жол ашатындығын ұғынған зиялы қауым өкілдері осы процеске белсене араласты[9] .

“Аударма” - көпмағыналы сөз. Ол, біріншіден, бір тілді екінші бір тілде сөйлету үрдісін білдірсе, екіншіден, осы тілде айтылғанның/жазылғанның келесі тілге қалай жеткенін, яғни іс-әрекеттің нәтижесін, өнімін білдіреді. [2]

Аударма мынадай тұстарда қолданылады.

1. диалектіден оның әдеби тіліне;

2. әдеби тілден оның диалектісіне (негізінен, жазбаша түрде емес, ауызша түрде болатын үдеріс) ;

3. бір диалектіден екінші бір әдеби тілге (керісінше болуы мүмкін емес, яғни бір әдеби тілден екінші бір тілдің диалектісіне аудару қажетті жұмыс емес) ;

4. бір тілден екінші бір тілге;

5. туыстас тілдер арасында;

6. тегі бөлек тілдердің арасында;

7. көне дәуір тілінен жаңа дәуір тіліне аударудың адамзат мәдениеті, қоғам дамуы үшін маңызы зор (осы тұста көне түркі жазба жәдігерлерін, аударып жүрген ғылымдардың ұлтымыздың тарихы үшін сіңірген еңбектерінің айрықша екенін атап кету артық емес) .

Аудармада да, тіл сияқты, “адамдар қарым-қатынастың аса маңызды құралы”. Осы маңыздылығына байланысты түпнұсқадағы ойды басқа тілде толыққанды, айқын жеткізу қажеттігі туады, аударма тілдің түпнұсқа тілінің қалыптарына сәйкестенуі, ыңғайлануы келіп шығады. Бұл - аударманың түсінікті болуының негізгі шарты[3] .

Аударманың ең жиі талап етілетін түрлерінің бірі-ауызша аударма.

Ауызша аударма-түпнұсқа мен оның аудармасы тіркелмеген нысанда аудару процесінде туындайтын түрі.

Аудармашыны түпнұсқаны акустикалық нысанда (есту арқылы) қабылдап, оны ауызша нысанда өз аудармасы арқылы айтылатын аударма ауызша аударманың классикалық үлгісі болып табылады. Ауызша аударманың шағын екі түрі бар: ілеспе аударма және кезекті аударма.

Кезекті аударма- бұл ауызша дәйекті аудару тәсілі. Аудармашы шешеннің барлық сөзді немесе жартысын аяқтап, сөйлеуді доғаруынан кейін аудара бастайды. Ауызша кезекті аудару кезінде аудармашының іс-әрекеті шешеннің сөйлеу қарқынындағы уақытпен қатаң шектеледі. Мұндай кезекті аударма аудармашыға шешеннің айтқандарын талдауға және керекті сөздерді таңдауға аз уақыт береді. Түпнұсқа үзінділерінен қабылдаудың біржақтылығы оны орындағаннан кейін аударманы кейіннен салыстыруға немесе түзетуге, анықтамалық әдебиеттерді қарауға мүмкіндік бермейді.

Аудармашы үшін аса күрделі тұстарды, сондай-ақ цифрларды, күндерді, есімдер мен атауларды аңғарып, жазбаша тез жазып ала білуі өте маңызды. Әдетте аудармашылар кезекті аударуды хаттамалық іс-шараларға қатысу кезінде, делегацияларға ілесіп жүргенде, іскерлік келіссөздерге қызмет көрсеткенде қолданады[4] .

Ауызша аударма-аудару үшін аудармашыға қажетті сөйлеушінің сөздерін үзіліспен аудару. Бұл үзілістер көп емес. Аудармашы сөз сөйлеген уақытқа аударманы құрастырып, үзіліс уақытында оны орындайды. Ауызша кезекті аударма кезінде аудармашының аудару дайындығы өте жоғары болуы тиіс және арнайы дайындықты талап етеді. Бірақ ілеспе аудармаға қарағанда сонша ұзақ емес. Ауызша аудармашылар тақырыптық салаларға мамандалады. Аударманың осы түрі қозғалыс кезінде, аралау барысында (құрылыс обьектілеріне жұмыс істеуде, экскурсия жасауда) шағын келіссөздерде өте тиімді.

Кезекті аударма-оны тыңдағаннан кейін мәтінді ауызша аудару. Кезекті аударманы жазумен, абзацты-фразаны аударумен, біржақты, екіжақты аударумен ажыратады.

Ілеспе аударма-ауызша аударманың ерекше түрі. Бұл ретте аудармашы сөйлеушінің сөзімен бір мезгілде аударманы, яғни негізгі мәтінді есту арқылы жүзеге асырады. Ілеспе аударма парақтан аударуды да білдіреді (жазбаша мәтінді оны қабылдау процесінде және алдын ала оқымастан ауызша аудару) .

Ілеспе аударма-аударманың барлық түрлерінің ең күрделісі және қиыны да, жауапты екендігі күмәнсіз. Осыған қарағанда аударманың әр-түрі түрлі қабілеттер мен мінезді талап етеді. Ауызша аудармашы жинақтала білуге тиіс: оның міндеті ақпаратты осы жерде және қазір барынша толық жеткізу. Оның сөздіктерді ақтаруға, мамандармен кеңесуге мүмкіндігі жоқ. Ол жоқтан бар жасауы тиіс. Ауызша аудармашыға қандай қасиеттер қажет: тапқырлық, дұрыс ақыл-ой және жалпы эрудиция көмегімен өз біліміндегі олқылдықтарды еңсере білу. Барлық ақпаратты тыңдаушыларға қиналмай жеткізу үшін артистизм де, баяндамашыға айнала білу де қажет.

Аударманың қоғамдығы қызмет аясын кеңейту мақсатында, коммуникативтік ықпалын күшейту мақсатында қазір филология ғылымында “языковое посредничество” деген ұғым пайдаланылып жүр. Біз оны қазақша “тілдік дәнекерлік” деп алдық[9] .

Тілдік дәнекерлік дегеніміз-әр тілді коммуниканттардың екі тілді білетін тілдік дәнекердің көмегімен қарым-қатынас жасауы. Бұл лингвоэтникалық кедергі жағдайында қарым-қатынас жасауға неғұрлым кең мүмкіндік туғызады. Белгілі бір жағдайларда өзінің тиімділігі жағынан тілдік дәнекер арқылы қарым-қатынас жасау іс жүзінде әдепкі бір тілді қарым-қатынаспен теңесе де алуы мүмкін.

Тілдік дәнекерлік қай-қайсысы болсын өзіне тән ерекше қоғамдық қажеттілікті қанағаттандырады. Дегенмен басты міндетіміз - аударма қанағаттандыратын қоғамдық мұқтаждық, қажеттілікті көрсетіп беруге тырысу.

Аударманы тілдік дәнекерліктің басқа түрлерімен салыстыра отырып, іс жүзінде аудармаға қойылатын талаптарды қорыта келсе, аударманың даму қарқынын еске ала отырып аударма өзінің қоғамдық тиімділігі, табиғилығы, толыққандылығы жағынан қарым-қатынасты әдепкі бір тілдік қарым-қатынасқа мүмкін болғанынша барынша жақындатуға арналған тілдік дәнекердің жоғары дәрежедегі, дамыған түрі деп тұжырымдауға болады. Аударма әдебиеті осылайша зиялы қауымның назарынан түспей, әдебиеттің өзекті мәселесінің біріне айналды. Бұлай болуының түп-арқауы, біріншіден, аударманың, төл әдебиеттен өзгеше, қоғамдық-саяси тапсырысты орындағанға байланысты болса, екіншіден, аударма қоғамның әр бір жеке адамның зердесін, интелктісін байытатын, тұтастай алғанда, ұлт мәдениетіне қосылатын рухани қазына, көркемөнердің бір түрі деп бағаланды[18] .

  1. Аударманың қалыптасу тарихы

Аударма саласында мүлдем жүйе болған жоқ. Әлемдік классика үзіліп-жұлынып қанат аударылған. Әйтеуір орыстың ғана классикалық әдебиеті біршама қамтылыпты. Қалған аударманың баршасы кеңес әдебиетінің туындылары болды. Осыны ескеріп, әлемдік көркем әдебиеттің ең үздік үлгілерін жүйелі түрде ана тілімізге аудару қажеттігі туды. Оған қоса, әлемдік ғылыми ой-сананың мемелекеттік тілдегі толыққанды қорын жасау керек болды. Осының бәрі мемлекет, ұлт болып қалыптасуымыз үшін қажет жағдай.

Әлемдік білім мен мәдениеттің озық жетістіктерін бойымызға сіңіре отырып, қазақстандықтардың өркениет көшінен кейін қалмауын қамдау - ең негізгі мақсат болды бағдарлама қабылдар кезде, - деп еске алды Елбасы. Болашақта мектеп бағдарламаларындағы, жоғары оқу орындарындағы оқулықтарды да осы «Мәдени мұра» бағдарламасы негізінде қайта қарап, толықтыру мәселесі де күн тәртібіне шығарылып отыр. Ел Президенті айтқан кешегі күнгі жағдайды еске алсақ, «Мәдени мұраның» мемлекетіміздің рухани және ағартушылық қызмет саласында, еліміздің ұлттық мәдени мұраларын сақтау мен тиімді пайдалануды қамтамасыз етудегі пайдасы - ұшан-теңіз болғандай. Алайда, Президент айтпақшы, «Жасалып жатқан істің бәрі тамаша деп өзімізді мақтай беру міндет емес». Тілге тиек болған проблемалар да бар. Осы орайда Елбасы жаңғырту-жөндеу жұмыстарының сапасына мұқият болған жөн екенін қадай айтты. «Қыруар қаржы жұмсағанда, жылға жетпей сылағы түсіп, кірпіші құлап, жәдігер мұраларымыз қотыр тайға ұқсап қалып жүрмесін[21] .

«Осы жағына абай болыңдар», - деген алаңдаушылығын білдірді Нұрсұлтан Әбішұлы. Ол: - Құлан жортпас құла дүздегі сол ескерткіштерімізді қалай пайдаланбақ ойдасыздар? Кімге көрсетпексіздер? Бұл да мықтап ойланатын мәселе, - дей келе, оларды шетелдік туристерге көрсету жағын көбірек ойластыруға, мәдени ескерткіштерді туризмді дамыту ісінде кеңінен пайдаланудың маңыздылығына назар аударды.

Яғни жәдігер ескерткіштерді жөндеумен қатар, қазірден бастап оларды ел игілігіне айналдыру жағын - туристік инфрақұрылым жасауды қолға алу қажеттігін ескертті.

Қазақ әдебиеті туралы алғашқы пікірлер XІX ғасырда жоғарыда еске алған ғалымдардан басталады. Негізінен алғанда, қазақ классиктерінің бірталай шығармалары мажар тіліне аударылды. Алайда тоқмейілситіндей шамада емес. Қазақ ақын-жазушыларының шығармалары, өкінішке қарай, орыс тілі арқылы аударылып келді. [12] Мәселен, Махамбеттің „Ереуіл атқа ер салмай” толғауының орысшадан Дьёрдь Радо аударған нұсқасы мен қазақшадан Лайош Көрмөнди аударған нұсқасы бар. Соңғысы Махамбет толғауының ырғақ-өлшемін, ұйқасын, бәрінен бұрын, қайсар рухын сақтай отырып аударылған. Көрмөнди біраз жыл бұрын ғана марқұм боп кетті. Махамбет, Абайдан бастап Жарасқанға дейінгі қазақ ақындарын аударды. Ондай аудармашылар саусақпен санарлық. Буда Ференц - қазақтың мақал-мәтелдерін, ертегілерін қазақшалаған ақын. Ал мажар ақындары қазақ тіліне, өкінішке қарай, тек орыс тілі арқылы аударылып келді. Үшінші тіл арқылы келген аударманың сапасы көбінесе сәтті бола бермейді. Қазір де әдеби байланыстар бәсең де болса, бар. Мажар ақын-жазушылары өздерін кезінде Қазақстан Жазушылар одағын басқарып тұрған Олжас Сүлейменовтің Будапешттен Қазақстанға арнайы ұшақпен алдырғанын әлі күнге дейін аңыз қылып айтып отырады.

Мен жоғарыда Еуропада бізге мажарлардан жақын халық жоқ деп айтып өттім. Олардың мәдениетінде ғұн, авар, қыпшақ мәдениетінің іздері сайрап жатыр. Тілінде 500-ден астам түркі түбірі бар болса, оның ішінде қазаққа түсінікті қыпшақ сөздері де жетерлік. Тегі қыпшақ Мандоки Қоныр Иштван сол сөздерді тауып, қыпшақшаға реконструкциялады. Мәселен, алма, балта, сақал, арпа, арқан, боза, сүттіген, ұнтақ, ағыс, ұршық, қобыз, құман, тезек, қақпан, іркіт, ірімшік, таңба, тұтқа, қанжыға, шолақ, шанақ, соқа, кебенек, өзен, кіндік, нөкер және. т. б. Ал жер атаулары қаншама Сатмаз, Тазлар, Өттөмөш, Торта, Баяндүр, Қатынша, Қосер, Қарсақ, Шеңгеле. Мақал-мәтелдері қазақтікінен аумайды : “Қызыма айтамын, келінім, сен ұқ!”, “Аттың төрт аяғы бар, сонда да сүрінеді”, “Болатты июден сындыру қиын”, “Аузы күйген ұйыған сүтті де үрлеп ішер”. “Сақал сыйлау” тіркесі қазақ тілінде үлкенді сыйлауды білдірсе, мажар xалқында да “ақ сақалын сыйла” деген тіркес бар. Жалпы, мажарлар Еуропада оқымысты халық саналады. Ұлты мажар 13 Нобель сыйлығының иегері бар. Олар жеріміздің астында алтынымыз, мұнайымыз, қазба байлығымыз жоқ, бірақ біздің ең үлкен қазынамыз ақыл-ойымыз, тіліміз, тарихымыз, рухани байлығымыз дегенді жиі айтады. Оған негіз де бар. Мажар топырағына келген соң, олардың тілін, әдебиетін, мәдениетін үйренуге ден қойдым. Мажарлар „Қанша тіл білсең, сонша адамсың”, - дейді. Қазақтың „Жеті түрлі ілім іл, жеті жұрттың тілін біл” дегені сияқты.

  1. Әдеби мәтінді аударуда қолданылатын транслитерация әдістемесіАударма-технологиялық әрекет.

Ауызша ілеспе аудару. Ілеспе аударуда аудармашы оратордың сөйлемді аяқтағаннан кейін аударатын тілдің сөздерінің көмегімен әңгіме жағдайын туындаттырады. Сонда аудармашы “ екіжақты аударуды”, яғни бір немесе басқа тілден аударуы ісін іске асырады. Бірақ бұл жағдайда әр аудару актісі бір бағытқа(ақпарат алу көзінен рецепторға дейін) арналған, бастапқы тіл әрқашанда олармен тез арада бір тілден екінші тілге аудару кезінде қатынасушылар ауысып тұрады.

Теориялық жақтан көңіл бөлсек, аударма тілінің даралануы аударманың арнайы(әр түрдің немесе түр тармағының өзгешелігін ашуда) теорияларының өңдеуімен тығыз байланысты. Практикалық жақтан көз жіберсек, түрлердің классификациясы аударма ісінің арнайы кезеңдерінде аудармашылардың мамандандыруларына негіз болады. Аударманың түрлері олардың арнайы шекараларына байланысты теориялық қорытындыларды талап етеді [12] .

Қазіргі уақытқа дейін аударманың арнайы теориялары толығыменен зерттелмеген. Арнайы теориялардың ішінде, әсіресе, аударманың жанр-стилистикалық классификасымен байланыстырылған.

Ауызша синхронды аудару. Аударманың арнайы теориясын өңдеуде түрлер психолингвистикалық классификасының негізінде болып, оның ауызша аспектісі, әсіресе, синхрон аудармасы оқып білінеді. Синхрондық аударма теориясы аудармашы мамандарын дайындау бағдарламасында кездеседі. Бағдарламаларға арнайы әдебиеттер мен оқулықтар басылған. Сондықтан, аудару теориясының жалпы бағытында біз ауызша аударманың жазба теориясына сүйенеміз.

Ауызша аударманың өзгешілігін зерттеу барысы 3 бағытта жүзеге асады. Зерттеудің 1-інші аспектісі факторлармен айналысады, түпнұсқаның мазмұнына сай аудармашының ақпаратты шығаруымен байланысты. Ауызша аударма- бұл ауызша сөз сөйлеуді шет тіліне аудару. Ауызша аударманың қабылдау қасиеті уақыт аздығымен, бірмүйізділігімен, беделін түсірумен байланысты. Түсінушіліктің толықтығы ырғаққа, аз кідіріске, шапшаңдыққа тәуелді, ал қабылдау бастапқы мазмұндық бағыттарды қабылдау кезінде пайда болады. Аудармашы қабылданған «шаршы» ақпаратты мәтіннің мазмұнына қарай болжайды, әрі қарай қабылдау үрдісінде ақпараттың есіндегі жинағы пен кемуін болжауда ұйғарып, анықтайды. Ауызша аударманың теориясы аудармадағы психолингвистикалық өзгешелікті, лингвистикалық алғы шарттарының болжамына мүмкіндік туғызады және оның әр тілдегі мағыналық, дербестік, минималдық сөздің кесіндісінен болатын тәуелділігін суреттейді. Сонымен қоса, сөздің кесіндісі құлаққа қабылдау ақпаратынан айрылу мінезіне дейін көрінеді. Тағы да айрылудың орнына қайтару факторлары болады: пәннің білімі мен сөздің орны, олар босатулардың, дауыс ырғағығының, сөздің эмоционалдық бояу мазмұннын аңғартады және т. б.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Оқытудың дәстүрлі технологиялары
Аударманың түрлері. Аударма мәдениетаралық қарым-қатынас құралы
Аударма сапасының бағалау мәселелері
Әдеби мәтінді талдаудың бағыттары
Аударма
Лингвистикалық аударма теориясы
Арабша - қазақша құқық терминдері
Ұлттық әдебиеті кезеңіндегі түрік ақындар шығармашылығы
Аудармашынің сенімділігі
Ежелгі түркі тілді ру-ұлыстарымен бірге жасаған көркем сөз өнерін түсіндіру
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz