Көркем шығармаларды қазақ тілінен ағылшын тіліне аударудағы ерекшеліктер



Кіріспе
1. Көркем шығармаларды қазақ тілінен ағылшын тіліне аударудағы ерекшеліктер.
1.1 Көркем шығармалар мәтінінің ерекшеліктері.
1.2 Көркем шығармаларды аудару мәселелері
2. Қазақ және ағылшынсөз тіркестері .
2.1 Көркем шығарманы аударудың стилистикалық сипаты.
2.2 Ағылшын тіліндегі сөз тіркестерін қазақ тіліне аудару мәселесі.
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
Жұмыстың жалпы сипаттамасы. Адамзат аударма арқылы араласып -құраласады. Біз өмір сүріп жатқан әлемнің іштей белгілі бір жүйеге құрылғандығы, адам тіршілігінің кез келген қимыл-әректі өзінше шағын жүйе екендігі, онсыз әлемнің тұтас жүйесі жасалмайтындығы белгілі. Әлем халықтары тілдерінің арасында да қарым-қатынастың өз жүйесі, яғни трансляторы болуы керек. Тілдер арасындағы осындай байланыстырушы жүйенің ең қарапайым шешімі – аударма. Бұл тұрғыдан қарағанда аударма адамзатты біріктіріп тұрған факторлардың бірі деуге де болады.
Көркем аударма – аударматанудағы ең бір күрделі де күрмеулі сала. Көптеген зерттеушілердің аударма теориясы тұрғысынан көркем аударманы “Жалпы аударма” курсының дербес пәні ретінде қарастыруды ұсынатыны тегін емес.
Олай дейтініміз – көркем аудармада шығармашылық белгі-сипаттарының лингвистикалық және мәдениеттанушылық қырлары аударманың өзге түрлеріне қарағанда айрықша көбіне әсірелей ерекше әрмен бедерленіп көрінеді. Ал көркем шығармаларды аударуда ерекше жауапкершілік жүктелетіндіктен, аудармашыдан лингвистика мен аударма теориясысаласында жеткілікті дайындықпен қатар, әдебиетшілік, мәдениеттанушы¬лық,стилистік дарын да талап етіледі.
Курстық жұмыстың өзектілігі. Ағылшын тілінде жазылған көркем шығармаларды қазақ тіліне аударуда шығарманы аудармашының оқырманға тұтастай жеткізуі мен автор мен аудармашының арасында тіл үндестігі мен рухани үндестігінің сәйкес болуы.
Зерттеу нысаны. Тіл табиғатын, сөз мағынасы мен қызметін анықтауға бағытталған аударма зерттеушілерінің танымдық тұжырымдары негізінде зерделенген көркем шығарманы аудару теориясының басты қағидалары мен ұстанымдары.
Курстық жұмыстың мақсаты: көркем шығарманы аудару теориясының концептуалдық жүйесі мен когнитивтік парадигмасын тіл білімінің аудармалық сипатын танытар әрі әлемдік қордың маңызды ғылыми арнасын құрар қағидалар тізбегі ретінде анықтап-талдау. Ол үшін төмендегідей міндеттерді шешу көзделді:
1. «Тілдерді қолдану мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы». ҚР президентінің Жарлығы 5 қазан, 1998 жыл. №4106.
2. «Мемлекеттік ұйымдарда мемлекеттік тілдің қолдану аясын кеңейту туралы». ҚР Үкіметінің Қаулысы 14 тамыз, 1998 жыл №769
3. «Азаматтардың өтініштерін қарау тәртібі туралы». ҚР президентінің Жарлығы 19 маусым, 1995 жыл.
4. В.Салагаев, Б.Шалабай: «Іс қағаздарын жүргізу туралы» Алматы «Раритет», 2000.
5. І.Жақып. «Іс жүргізу» Алматы «Раритет», 2000
6. «Қазақстан Республкасында іс қағаздарын жүргізу» (мемлекеттік және ресми тілдерде іс қағаздарын жүргізудің үлгілері) А,2001
7. Л.Дүйсенбаева «Іс қағаздарын қазақша жүргізу» Алматы «Ана тілі» 2001.
8. «Сөздік анықтамалық: екі тілде іс жүргізу» Алматы, «Атамұра», 1994.
9. Дүйсенбекова Л. «Іс-қағаздарын жүргізу». Алматы, 2001ж.
10. Ақанова Д.Х. және т.б. «Ресми-іскери қазақ тілі». Алматы, 2006ж.
11. Зейнулина А. Ф., Балпанов Н.М.. Іскери- кәсіби қазақ тілі. - Павлодар, 2007 ж.
12. Сөз сарасы. Қазақ тілінің ресми-іскери стилі бойын. әдістем. құрал. Астана, 2009ж.
13. Зейнуллина А.Ф., Жұмабаева З.Е., Шаһарман А.П., Пазыл Ә.Қ. Іскери- кәсіби қазақ тілі: практикалық сабақтарға арналған әдістемелік нұсқау. Павлодар, 2009 ж.
14. Мұхамадиева Н.Қ. «Іскерлік қазақ тілі». Астана, 2007 ж.
15. Кеңесбаев I. Казақ тілінің фразеологиялық сөздігі. –Алматы: Ғылым, 1977. – 632 б.
16. Смағұлова Г. Фразеологизмдердің варианттылығы. –Алматы: Санат, 1996. – 420 б.
17. Болғанбайұлы Ә., Қалиұлы Г. Қазіргі қазақ тілінің лексикалогиясы мен фразеологиясы. –Алматы: Санат, 1997. –187 б.
18. Шанский Н.М. Фразеология современного русского языка. 3-е изд. –Москва: Высшая школа, 1985. –462 б.
19. Кеңесбаев I. Казақ тіліндегі тұрақты сөз тіркестері. –Алматы, 1954. –706 б.
20. Аханов Қ. Тіл біліміне кіріспе. –Алматы: Мектеп, 1969. –416 б.

Пән: Тілтану, Филология
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 75 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұн

Кіріспе
1. Көркем шығармаларды қазақ тілінен ағылшын тіліне аударудағы ерекшеліктер.
1.1 Көркем шығармалар мәтінінің ерекшеліктері.
1.2 Көркем шығармаларды аудару мәселелері
2. Қазақ және ағылшынсөз тіркестері .
2.1 Көркем шығарманы аударудың стилистикалық сипаты.
2.2 Ағылшын тіліндегі сөз тіркестерін қазақ тіліне аудару мәселесі.
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

Кіріспе
Жұмыстың жалпы сипаттамасы. Адамзат аударма арқылы араласып -құраласады. Біз өмір сүріп жатқан әлемнің іштей белгілі бір жүйеге құрылғандығы, адам тіршілігінің кез келген қимыл-әректі өзінше шағын жүйе екендігі, онсыз әлемнің тұтас жүйесі жасалмайтындығы белгілі. Әлем халықтары тілдерінің арасында да қарым-қатынастың өз жүйесі, яғни трансляторы болуы керек. Тілдер арасындағы осындай байланыстырушы жүйенің ең қарапайым шешімі - аударма. Бұл тұрғыдан қарағанда аударма адамзатты біріктіріп тұрған факторлардың бірі деуге де болады.
Көркем аударма - аударматанудағы ең бір күрделі де күрмеулі сала. Көптеген зерттеушілердің аударма теориясы тұрғысынан көркем аударманы "Жалпы аударма" курсының дербес пәні ретінде қарастыруды ұсынатыны тегін емес.
Олай дейтініміз - көркем аудармада шығармашылық белгі-сипаттарының лингвистикалық және мәдениеттанушылық қырлары аударманың өзге түрлеріне қарағанда айрықша көбіне әсірелей ерекше әрмен бедерленіп көрінеді. Ал көркем шығармаларды аударуда ерекше жауапкершілік жүктелетіндіктен, аудармашыдан лингвистика мен аударма теориясысаласында жеткілікті дайындықпен қатар, әдебиетшілік, мәдениеттанушы - лық,стилистік дарын да талап етіледі.
Курстық жұмыстың өзектілігі. Ағылшын тілінде жазылған көркем шығармаларды қазақ тіліне аударуда шығарманы аудармашының оқырманға тұтастай жеткізуі мен автор мен аудармашының арасында тіл үндестігі мен рухани үндестігінің сәйкес болуы.
Зерттеу нысаны. Тіл табиғатын, сөз мағынасы мен қызметін анықтауға бағытталған аударма зерттеушілерінің танымдық тұжырымдары негізінде зерделенген көркем шығарманы аудару теориясының басты қағидалары мен ұстанымдары.
Курстық жұмыстың мақсаты: көркем шығарманы аудару теориясының концептуалдық жүйесі мен когнитивтік парадигмасын тіл білімінің аудармалық сипатын танытар әрі әлемдік қордың маңызды ғылыми арнасын құрар қағидалар тізбегі ретінде анықтап-талдау. Ол үшін төмендегідей міндеттерді шешу көзделді:
-ағылшын тіл біліміндегі аударматану теориясының даму ерекшелігін зерттеу, оның негізгі кезеңдері мен бағыттарына сипаттама беру;
-шетел ғалымдарының тілдік тұлғасын ағылшын тілі мен мәдениетінің, әлемдік құндылықтарының негізгі бірліктерін жан-жақты меңгерген зерттеушілер ретінде бағалау;
-ағылшын тілінен көркем шығарманы аударудың концептуалды және когнитивтік тұжырымдамалық қорын дәстүрлі және тың бағытта негіздеп талдау;
-аударматану теориясының танымдық негізде қалыптасып даму бағытын уәждейтін ұғымдық бірліктерді жүйелеу, олардың халықтық дүниетаныммен сабақтастығын, идеялық және мағыналық болмысын түсіндіру;
-көркем шығарманы аударудың әдіснамалық негізі мен когнитивтік парадигмасын анықтау, сол арқылы тіл білімінің аудармалық сипатын таныту;
Курстық жұмыстың жаңалығы мен нәтижелері: Ағылшын тілінің рухани қоры мен мұрагерлік қазынасынан бастау ала отырып, бүгінгі танымдық ұстанымдарға үйлесе жалғасқан көркем шығарманы аудару теориясының ғылыми негіздерін анықтап талдау арқылы өзекті мәселелерді шешу, көркем шығарманы аудару теориясының өзіндік даму бағыты қазақ ұлтының заңды динамикалық өсуінің, өркениетті өрлеуінің жемісі, қоршаған дүниені тануға талпынған болмысының тілдегі көрінісі ретінде танылды және көркем шығарманы аударуды жан-жақты меңгеруге ықпал ететін терминдер бір жүйеге келтіріліп, оларға ғылыми негізде түсініктеме берілуі.
Жұмыстың дереккөздері: Ағылшын тілінен көркем шығарманы аудару теориясының даму сипатын айқындау, оның когнитивтік лингвистика ұстанымдарымен сабақтасар тұстарын зерделеу үшін ХХ ғасырдың 20-жылдарынан бастап аударма саласында дүниеге келген зерттеу жұмыстары, арнайы когнитология саласында жазылған ізденістер мен лексикографиялық еңбектер негізге алынды. Сонымен қатар осы тақырыпты зерттеу кезінде В.Н.Комиссаровтың ,І.Кенесбаевтың, Ж.А. Жақыповтың,Г .Жұмайқызының,А.Семеновтың, А.В.Федоровтың, Н.К.Гарбовскийдің, Т.А Казакованың еңбектеріне сүйендік.
Курстық жұмыстың теориялық маңыздылығы. Көркем шығарманы аудару теориясының ғылыми негізін анықтау арқылы, оның универсалды ұстанымдары мен ұғымдарын талдап көрсету негізінде жалпы лингвистика салаларының даму сипатын жүйелеу мүмкіндігі пайда болады. Зерттеудің нәтижелері, теориялық тұжырымдары мен ғылыми ұстанымдары көркем шығарманы аудару теориясы туралы маңызды қорытындылар жасауға мүмкіндік береді.
Курстық жұмыстың практикалық мәнділігі. Курстық жұмыста ұсынылған көзқарастар мен пікірлер аударматану пәнін оқытуда, жоғарғы оқу орындарына арналған оқулықтар мен әдістемелік құралдар дайындауда, арнайы курстар мен семинарлардың жаңа бағдарламаларын жасап жинақтау барысында, сонымен қатар көркем шығарманы аударудың тарихы мен аударма мәтінінің стилистикалық, лексикалық сараптамасын меңгеруіне жан-жақты қарастыру үшін пайдалануға болады.
Курстық жұмыстың әдістері мен тәсілдері. Зерттеу барысында жинақтау, сипаттау, жүйелеу, салыстыру, дедуктивті-индуктивті тұрғыдан жіктеу, талдау, қорытындылау әдіс-тәсілдері кеңінен қолданыс тапты.
Қорғауға ұсынылатын тұжырымдар. Көркем шығарманы аударудың даму тарихы ХХ ғасырдың І жартысынан басталған, ғылыми негізі айқындалған, өзіндік ұстанымдары мен ұғымдық
бірліктері бір жүйеге түскен ілімдер қатарына жатады; аударматану ұғымының даму сипатына орай, ағылшын тілінде
танымдық бағыттың өзектелуі объективті және субъективті алғышарттарды қамтиды;
Курстық жұмыстың құрылымы. Курстық зерттеу кіріспеден, әрқайсысы бірнеше бөлімдер мен тармақшалардан топталған үш тараудан, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

1. Көркем шығармаларды аударудағы қазақ тілінен ағылшын тіліне аударудағы ерекшелкетері
Көркем шығарма аудармасын көркем аударма деп атаймыз. Көркем шығарманың басты мақсаты белгілі бір эстетикалық әсерге жету және әдеби бейне жасау. Көркем аударманың бірнеше түрі бар. Олар поэзия аудармасы, пьеса аудармасы, сатира аудармасы, көркем проза аудармасы және ән мәтіндерінің аудармасы болып ажыратылады. Көркем аударма нысаны болып көркем шығарма саналады. Көркем шығарманы немесе әдебиетті аудару кезінде аудармашы бірқатар қиыншылықтарға тап болады. Көркем шығарма мәтіні экспрессивті немесе эмоциональді, эстетикалық ақпарат беретін құрал болғандықтан, оның оқырманға немесе тыңдарманға образды-эмоциональді әсер ететін ерекшелігі бар. Сол себепті, аударманың бұл түріне және көркем аударма жасаушыға қойылатын талаптар өте ауыр. Әдеби шығарманы аударғанда, әсіресе өлең жолдарын аударуда, оның ырғағы мен мағынасын бере отырып аудару керек. Сонымен бірге, аудармашы эпитет, метафора сияқты тәсілдерді пайдалана білуі керек. Аударма мәдениетінің бүкіл даму жолы, әдеби тіліміздің өсіп-өркендеуі, бүгінгі өміріміздің нақтылы талаптары бізді қазіргі уақытта реалистік дәл аудармаға қарай бет бұрғызды. Біз көркем аудармада негізінен осы әдісті қолдаймыз.Реалистік немесе шынайылық тұрғысынан дәл аударма дегеніміздің мәнісі неде? Бұның жауабын, ең алдымен, жалпы көркем шығармаға қойылатын талаптарға байланысты іздеуіміз керек.
Әрбір көркем шығармадан өмірді реалистік тұрғыдан ұғынып, шынайы түрде дәл бейнелеу талап етіледі. Шын мәнісіндегі көркем шығарма дегеніміз, өмір шындығының образды түрде бейнеленген нақты көрінісі. Көркем аударманы біз, ең алдымен, көркем шығарма деп білеміз. Олай болса, көркем аударма туындысы да сол шығармада суреттелген нақты өмір көріністерін түпнұсқаның тілі арқылы реалистік тұрғыдан терең ұғып, өткір сезіне отырып, екінші тілдің образдық жүйесімен бейнелеп берген нұсқасы. Демек, көркем аударманың да алдына қойылатын ең басты талап- өмір шындығынан дәл шығып отыру.
Аудармашы өмір шындығын көргенде оған түпнұсқа арқылы қарайды және автордың көзімен қарайды. Аудармашының алдына қойылатын үш түрлі талап бар. Біріншіден, ол шығармада бейнеленіп отырған өмір шындығын дәл беруі керек. Екіншіден, түпнұсқаның өзін айнытпай жеткізуі тиіс. Үшіншіден, ана тілінің заңды жүйесіне ешқандай нұқсан келтірмеуі тиіс.
Көркем аударма жасау үшін аудармашы әдетте эпитет (әсірелеп суреттеу), метафора (ауыспалы мағына) және сөйлемнің ритмика семантикалық ерекшеліктерін, синтаксистік құрылымын қамтитын түрлі тілдік тәсілдердің орасан зор мөлшерін пайдалана алады.
Көркем аударманы қабылдаушыға жоғары деңгейде жеткізу мақсатында қолданылатын әдіс-тәсілдер:
1. Эпитеттер. Олардың құрылымдық және семантикалық ерекшеліктерін, тұлғалану деңгейлерін есепке ала отырып аудару.
2. Теңеулер. Құрылымдық ерекшеліктерін оған қатысты сөздердің стилистикалық бояуын есепке ала отырып аудару кезінде қолданылады.
3. Метафора. Құрылымдық сипаттаманы образды дүние мен заттық дүние арасындағы мағыналық қатынасты есепке ала отырып аудару.
4. Авторлық неологизмдер. Стилистикалық бояу мен сөздердің компоненттерінің семантикасын сақтай отырып, автор қолданған аударма тіліндегі сөз жасаушы үлгіге сәйкес келетін қоолданыстар.
5. Диалектизмдер. Әдетте жай лексикамен аударылады. Жаргонизмдер, аргонизмдер, тағы басқаларын аударуда түпнұсқадағы стилистикалық аударылу түрін сақтайды.
1.1 Көркем шығармалар мәтінінің ерекшеліктері
Көркем мәтін - белгілі бір уақытта дүниеге келген, өмір сүрген және өзін тудырған дәуірдің белгілі бір құндылықтарын бойына сіңірген шығармашылық. Ол индивидтің (оны дүниеге келтіруші, яғни жеке автор) қолтаңбасы бар дүние болғандықтан, аудармашыға негізгі үш проблемамен бетпе-бет келуіне тура келеді.
1.Мәтіннің мезгілдік ара-қатынастарын, ерекшеліктерін беру.
2.Автордың жеке стилін жеткізу.
3.Әдеби бағыттың негізгі ерекшеліктерін ашып көрсету.
Бұрынғы кезде Мәтіннің архаикалық ерекшеліктері аудармада сол күйінде берілуі керек пе, әлде ол модернизациялануы керек пе? деген сұрақ үнемі талас тудыратын. Аударманың қазіргі заманғы техникасы модернизациялануды мойындамайды және бұл пікір әсер ету теңдігі логикасына негізделген. Яғни, шығарманың түпнұсқасын осы заманғы оқырман оқыған кезде алған әсері мен аударма вариантын оқыған кездегі осы заманғы оқырманның алған әсерлері бір-біріне тең болуы керек. Қазіргі заманғы аударма оқырманға мәтіннің өткен ғасырда жазылғаны туралы ақпарат береді және түрлі көркемдік әдіс-тәсілдердің көмегімен оқиға мәтінінің қаншалықты ескі екенін көрсетуге тырысады. Мезгілдік колоритті беру процесіне шығармалардың формасы, мазмұны қатысады. Аудармашы мазмұн құрылымына тиіспейді, ал оны рәсімдеу формасы түгелімен аудармашының еркінде болады. Синтаксистік құрылымның ерекшеліктері белгілі бір дәуірдің негізгі белгілері, жаңалықтары жайлы хабар беру кезінде байқалады. Аталмыш ерекшеліктер уақытты толығымен сипаттаушы әдіс-тәсілдер болып табылмайды, олар ең алдымен әдеби ағыммен байланысты болады.
Дәуір тікелей алғанда, мәтіннің тілдік тарихи ерекшеліктерімен сипатталады. Уақыттық қашықтықты жасау үшін қажетті негізгі шарттардың бірі аударма лексикасында модернизмдердің қолданылмауы, яғни, аударма мәтінінде түпнұсқа жасалған дәуірде қолданылмаған сөздерден аулақ болу қажет. Өйткені, өткен дәуірлер әдебиеті автордың нақты бір әдеби ағымға жататындығымен ерекшеленеді. Мысалы: сентиментализм, романтизм, реннесанс, натурализм, реализм, эмпрессионализм, экспрессионизм және т.б. әдеби ағымның идеологиясына, әдебиеттердің дамуының белгілі бір кезеңдеріне байланысты болатын көркем шығарманы қабылдау ерекшеліктерімен тығыз қарым-қатынаста болу жатады. Мәселен, романтизм дәуіріне персонификациялаушы метафоралардың, түр-түс символикасының, проза ритмдерінің прозадағы еліктеуіне одағайлардың жиі қолданылуы, лексиканың тұрақты қоры болып саналатын романтикалық сөздіктердің болуы мысал бола алады. Аталмыш ерекшеліктерді тауып, жақсы аударма жасау үшін, аудармашыға ең алдымен түпнұсқа жазылған дәуір әдебиетінің ерекшеліктері жайлы ғылыми зерттеулермен танысып, сол дәуірде жазылған басқа авторлардың еңбектеріне шолу жасауы қажет.
1.2 Көркем шығармаларды аудару мәселелері
Көркем аударма кезінде ең қиындық тудыратын нәрсе - автордың жеке стилін беру. Олар аудармашыға стилистикалық тәсілдерге талдау жасау нәтижесінде белгілі болатын, автор стилінің ерекшеліктерін анықтайтын гармониялық синтездің үлгісін бере алады. Әдетте, аналогтың жақындық белгілі бір дәуірге жататын авторлар шығармаларының арасындағы ұқсастық пен белгілі бір әдеби ағымның өкілдері болмауымен сипатталады.
Жоғарыда атап өткендей, көркем мәтін өзі дүниеге келген дәуірдің құндылығы болып табылады. Әр кезеңдерде және әр түрлі мәдениетте аударма туралы әр түрлі түсініктер орын алады.
Сондықтан да барлық заманға сай аударма да өте аз. Сирек жағдайға, Н.И.Гнедичтің Иллиада аудармасы жатады. Бұл шығармадан басқа да түрлі аудармалардан біз, әдетте, аударманың қаншалықты алуан түрлі болатынын көре аламыз. Кейбіреулер кез-келген аударманы, сонымен бірге, көркем аударманы да бір тілде берілген шығарманы басқа бір тілмен жеткізу құралы деп санайды. Дегенмен, көркем аударма тек қана лексикалық және синтаксистік сәйкестікпен ғана емес, тілге қатысты көркемдік байланыстар арқылы аударылуы керек. Осыған байланысты көркем аудармада екі қағида арасында серпіліс пайда болды.
1.Сөзбе-сөз, нақты. Бірақ, көркемдік жағынан толық емес аударма.
2.Көркемдік жағынан толық, бірақ түпнұсқадан мағынасы алшақ, еркін аударма. Бұл екі принцип негізгі екі көзқараста орын тапқан: аударманы лингвистикалық жағынан анықтау және әдебиеттану жағынан анықтау.
Лингвистикалық аударма принципі алдымен түпнұсқа құрылысын қайта құруға мән береді. Сөзбе-сөз аудару барысында аударма тілінде синтаксистік ауытқулар болады. Осы кезде мәтін мағынасы мен құрамы өзгеріске ұшырайды: автордың ойы түсінікті, бірақ оны жеткізу формасы тілге бөтен болады. Сөзбе-сөз нақты аударма түпнұсқаның эмоциональді әсерін әрдайым бере алмайды. Сол себепті, сөзбе- сөз дәлдік пен көркемдік бір-бірімен қарама-қайшылықта болады. Осыған орай, аудару барысында тілдік қор мен тіл материалдарына сүйенеміз.
Американ филологы Т.Сэвори Аударма өнері атты кітабында төмендегідей қарама-қайшы талаптарды қозғаған.
А.Аударма түпнұсқа сөздерін беруі керек.
В.Аударма түпнұсқа ойын беруі керек.
А.Аударма- аударма болып оқылуы керек.
В.Аударма түпнұсқа сияқты оқылуы керек.
(оқырман оның аударма екенін білмеу керек)
А.Аударма түпнұсқа стилін көрсету керек.
В.Аударма аудармашы стилін көрсетуі керек.
А.Өлеңді проза түрінде аудару керек.
В.Өлеңді өлең түрінде аудару керек.
А.Аудармашы аудару барысында түпнұсқа мәтініне өз еркімен бір нәрсе қосып немесе алып тастауға құқығы жоқ.
В.Аудармашы түпнұсқа мәтініне өз еркімен бір нәрсе қосып немесе алып тастауға құқылы.
Қарап отырсаңыз, В тезисінің талаптарының орындалуы еркін аудармаға, А тезисінің талаптарының орындалуы сөзбе-сөз, нақты аудармаға әкеліп соғады. Жалпы аударма процесі де тілдің тілдік заңдылықтарына, олардың бір-бірімен байланысына сүйенуі керек. Тіл заңдылықтарына сүйену аудармаға қажет. Бірақ, көркем аударма тек тілдік қатынастардың нәтижесі емес. Зерттеушілер тілді көркем әдебиет материалы деп біледі, көркем аударма да түпнұсқа сияқты оның заңдылықтарына зор мән береді. Кей ғалымдар көркем аударманы лингвистикалық емес, әдебиеттану көзқарасы бойынша сөз өнерінің бір түрі деп біледі және қарастырады. Осы теорияға сүйеніп, аудармашы түпнұсқа идеясын негізге алады.
Сосын тілдің көмекші тәсілдері арқылы ойын пайымдап жеткізеді. Көркем аудармада маңызды, мағыналы элементтер мен ерекшеліктер нақты жеткізілуі мүмкін емес. Кез келген аудармада міндетті түрде мына жағдайлар орын алады:
1.Материалдың белгілі бір бөлігі қалыпқа келмей, алынып тасталынады.
2.Материалдың белгілі бір бөлігі дәл сол күйінде емес, басқаша етіп, эквиваленттер арқылы ауыстырылады.
3.Түпнұсқада жоқ материал енгізіледі.
Сондықтан да, көптеген атақты зерттеушілердің ойынша, ең жақсы аударма болып, аударманың түпнұсқамен салыстырғанда өзгеріске ұшырайтын ерекшеліктері бар аударма саналады. Осыған орай адекватты аударма мақсаты, түпнұсқаның нақты мағыналарын тіл құралдары арқылы жеткізу. Осыдан біз түпнұсқаның ойын жеткізу үшін сөзбе- сөз аударудан бас тарту керек екенін түсінеміз. Түпнұсқаның адекватты аудармасы деп, автор ойын толық етіп, қалпы және стилистикалық сәйкестігі берілген аударманы айтамыз. Адекватты аудармаға қойылатын негізгі талаптар:
1. Нақтылық. Аудармашы оқырманға автордың ойын толық жеткізуі тиіс.
2. Қысқалық. Аудармашыға көп сөздің қажеті жоқ. Берілген ой нақты және қысқаша, мазмұнды жеткізілуі тиіс.
3. Анықтық. Аударма тілі ерекшеліктері ойды жеткізу мен оның түсінілуіне кедергі болмауы тиіс. Ой мен берілген мәтін қарапайым және анық берілуі керек.
4. Әдебилік немесе көркемдік. Аударма міндетті түрде әдеби аударма тілінің нормасын қанағаттандыруы тиіс. Әрбір фраза шынайы, табиғи және нық айтылуы тиіс.
Көркем аударманың ерекше түрі поэзияны аудару, яғни өлең жолдарын аудару болып табылады. С.Я.Маршак: Өлең аудару- өте биік, әрі қиын өнер. Осыған байланысты мен екі парадоксальді, бірақ дұрыс жағдайларды атап өткім келеді: біріншісі- өлеңді аудару мүмкін емес, екіншісі-оған әрдайым мүмкіндік бар-деген. Ал, И.А.Бунин болса: Сөзді емес, күш пен рухты аудару керек-деген. М.Лозинскийдің Өлең аударудың негізгі екі түрі бар деген анықтамасына сүйенсек:
1.Қайта қалыптастырушы (формасы мен мазмұнына байланысты).
2.Жаңадан құрушы. Толыққандылық және нақтылықпен құрылған аударманы мүмкіндігінше көрсету. Осы екінші түрі жалғыз мүмкін түрі болып есептеледі.
Поэзияны аудару- көркем аударма ішіндегі ең қиыны және үлкен жауапкершілікті қажет ететін аударма түрі. Поэзияны аудару кезінде аудармашы аударған өлең жолдарын бірнеше қайта жөндейді және аудармашыға дұрыс аударма беруде көп уақыт қажет болады. Өлшем, ырғақ, ұйқас, шумақ, қайырма және тағы да басқалар өлеңнің архитектуралық қаңқасын құрайды. Поэзияны аудару үшін аудармашыға түпнұсқа мәтініндегі төмендегі ерекшеліктерді сақтау қажет:
1.Өлеңнің өлшемін, яғни шумақ жолдарының санын сақтау.
2.Ұйқастықтың алмасу тәртібін сақтау. Егер түпнұсқада аралас ұйқас болатын болса, ұйқас араластығын сақтау, ал егер, қиылыс ұйқас болатын болса, ұйқас қиылысын сақтау. әдетте, аралас ұйқас халық әндерінің сөздерінде немесе жалпы әнге жазылған өлеңдерде кездеседі. Ал, қиылыс ұйқас белгілі бір оқиға желісін баяндауға арналған өлеңдерде кездеседі.
3.Дыбыс үндестігін сақтау. Аудармаларда фонемалардың қайталануын сақтау керек.
4.Лексикалық және синтаксистік қайталаулардың саны мен орнын сақтау. Қолданылатын лексиканың стилистикалық бояуы, яғни, поэтизмдердің, историзмдердің, экспрессивті бояудың, ауызекі тілдің қолданылуы аударма кезінде өте үлкен қызмет атқарады.
Өлеңнің құрылысы ырғақ құру үшін негіз болады. Ал, өлеңнің ырғағы өлең қатарларының кезектесуі, буындардың екпінді және екпінсіз болып келуіне негізделген. Өлең қатарының бір екпінді және екі екпінсіз буыннан тұратын бөлігі шумақ деп аталады. Өлең ырғағының құрылуында пауза сияқты өлең қатарлары жатыр, олардың арасындағы буындардың бөлінуіне үлкен рөль атқарады. Өлең ырғағы шығарма мағынасына сәйкес құрылуы керек.

2. Қазақ және ағылшын сөз тірекестері
Поэзиялық шығармаларда өлең жолдары, яғни шумақ, шығарманың мазмұны мен берілуін байланыстыратын басты фактор ретінде болады. Көптеген ғалым-зерттеушілерге және ақындарға шумақтың толықтығын мәнді құрылым ретінде мойындауға тура келеді. Шумақ, автордың ойын толықтырып, аяқтап тұрған, күрделі синтаксистік бірлік ретінде қарастырылады. Шумақ, өлең жолдары өлеңнің құрылымы және олардың түпнұсқадағы ретін сақтамау, шығарманың жалпы стилін бұзуы мүмкін. Сондықтан, аудармада өлең жолдарын және ырғақты сақтау керек. Дегенмен, аудармада өлең жолдары, ырғақ сақталынса да, аударма тіліндегі сөздердің ұзақтығы немесе қысқалығы да үлкен рөль атқарады. Көркем шығарма аудармасын көркем аударма деп атаймыз. Көркем шығарманың басты мақсаты белгілі бір эстетикалық әсерге жету және әдеби бейне жасау. Көркем аударманың бірнеше түрі бар. Олар поэзия аудармасы, пьеса аудармасы, сатира аудармасы, көркем проза аудармасы және ән мәтіндерінің аудармасы болып ажыратылады.
Көркем аударма нысаны болып көркем шығарма саналады. Көркем шығарманы немесе әдебиетті аудару кезінде аудармашы бірқатар қиыншылықтарға тап болады. Көркем шығарма мәтіні экспрессивті немесе эмоциональді, эстетикалық ақпарат беретін құрал болғандықтан, оның оқырманға немесе тыңдарманға образды-эмоциональді әсер ететін ерекшелігі бар. Сол себепті, аударманың бұл түріне және көркем аударма жасаушыға қойылатын талаптар өте ауыр. Әдеби шығарманы аударғанда, әсіресе өлең жолдарын аударуда, оның ырғағы мен мағынасын бере отырып аудару керек. Сонымен бірге, аудармашы эпитет, метафора сияқты тәсілдерді пайдалана білуі керек.
Аударма мәдениетінің бүкіл даму жолы, әдеби тіліміздің өсіп-өркендеуі, бүгінгі өміріміздің нақтылы талаптары бізді қазіргі уақытта
реалистік дәл аудармаға қарай бет бұрғызды. Біз көркем аудармада негізінен осы әдісті қолдаймыз.Реалистік немесе шынайылық тұрғысынан дәл аударма дегеніміздің мәнісі неде? Бұның жауабын, ең алдымен, жалпы көркем шығармаға қойылатын талаптарға байланысты іздеуіміз керек. Әрбір көркем шығармадан өмірді реалистік тұрғыдан ұғынып, шынайы түрде дәл бейнелеу талап етіледі. Шын мәнісіндегі көркем шығарма дегеніміз, өмір шындығының образды түрде бейнеленген нақты көрінісі. Көркем аударманы біз, ең алдымен, көркем шығарма деп білеміз. Олай болса, көркем аударма туындысы да сол шығармада суреттелген нақты өмір көріністерін түпнұсқаның тілі арқылы реалистік тұрғыдан терең ұғып, өткір сезіне отырып, екінші тілдің образдық жүйесімен бейнелеп берген нұсқасы. Демек, көркем аударманың да алдына қойылатын ең басты талап- өмір шындығынан дәл шығып отыру.
Аудармашы өмір шындығын көргенде оған түпнұсқа арқылы қарайды және автордың көзімен қарайды. Аудармашының алдына қойылатын үш түрлі талап бар. Біріншіден, ол шығармада бейнеленіп отырған өмір шындығын дәл беруі керек. Екіншіден, түпнұсқаның өзін айнытпай жеткізуі тиіс. Үшіншіден, ана тілінің заңды жүйесіне ешқандай нұқсан келтірмеуі тиіс.
Көркем аударма жасау үшін аудармашы әдетте эпитет (әсірелеп суреттеу), метафора (ауыспалы мағына) және сөйлемнің ритмика семантикалық ерекшеліктерін, синтаксистік құрылымын қамтитын түрлі тілдік тәсілдердің орасан зор мөлшерін пайдалана алады. Көркем аударманы қабылдаушыға жоғары деңгейде жеткізу мақсатында қолданылатын әдіс-тәсілдер:
Эпитеттер - олардың құрылымдық және семантикалық ерекшеліктерін, тұлғалану деңгейлерін есепке ала отырып аудару.
Теңеулер-құрылымдық ерекшеліктерін оған қатысты сөздердің стилистикалық бояуын есепке ала отырып аудару кезінде қолданылады.
Метафора-құрылымдық сипаттаманы образды дүние мен заттық дүние арасындағы мағыналық қатынасты есепке ала отырып аудару.
Авторлық неологизмдер-стилистикалық бояу мен сөздердің компоненттерінің семантикасын сақтай отырып, автор қолданған аударма тіліндегі сөз жасаушы үлгіге сәйкес келетін қоолданыстар.
Диалектизмдер-әдетте жай лексикамен аударылады. Жаргонизмдер, аргонизмдер, тағы басқаларын аударуда түпнұсқадағы стилистикалық аударылу түрін сақтайды.
Көркем мәтін- белгілі бір уақытта дүниеге келген, өмір сүрген және өзін тудырған дәуірдің белгілі бір құндылықтарын бойына сіңірген шығармашылық.
Ол индивидтің (оны дүниеге келтіруші, яғни жеке автор) қолтаңбасы бар дүние болғандықтан, аудармашыға негізгі үш проблемамен бетпе-бет келуіне тура келеді.
1.Мәтіннің мезгілдік ара-қатынастарын, ерекшеліктерін беру.
2.Автордың жеке стилін жеткізу.
3.Әдеби бағыттың негізгі ерекшеліктерін ашып көрсету.
Бұрынғы кезде Мәтіннің архаикалық ерекшеліктері аудармада сол күйінде берілуі керек пе, әлде ол модернизациялануы керек пе? деген сұрақ үнемі талас тудыратын. Аударманың қазіргі заманғы техникасы модернизациялануды мойындамайды және бұл пікір әсер ету теңдігі логикасына негізделген. Яғни, шығарманың түпнұсқасын осы заманғы оқырман оқыған кезде алған әсері мен аударма вариантын оқыған кездегі осы заманғы оқырманның алған әсерлері бір-біріне тең болуы керек. Қазіргі заманғы аударма оқырманға мәтіннің өткен ғасырда жазылғаны туралы ақпарат береді және түрлі көркемдік әдіс-тәсілдердің көмегімен оқиға мәтінінің қаншалықты ескі екенін көрсетуге тырысады. Мезгілдік колоритті беру процесіне шығармалардың формасы, мазмұны қатысады. Аудармашы мазмұн құрылымына тиіспейді, ал оны рәсімдеу формасы түгелімен аудармашының еркінде болады. Синтаксистік құрылымның ерекшеліктері белгілі бір дәуірдің негізгі белгілері, жаңалықтары жайлы хабар беру кезінде байқалады. Аталмыш ерекшеліктер уақытты толығымен сипаттаушы әдіс-тәсілдер болып табылмайды, олар ең алдымен әдеби ағыммен байланысты болады.
Дәуір тікелей алғанда, мәтіннің тілдік тарихи ерекшеліктерімен сипатталады. Уақыттық қашықтықты жасау үшін қажетті негізгі шарттардың бірі аударма лексикасында модернизмдердің қолданылмауы, яғни, аударма мәтінінде түпнұсқа жасалған дәуірде қолданылмаған сөздерден аулақ болу қажет. Өйткені, өткен дәуірлер әдебиеті автордың нақты бір әдеби ағымға жататындығымен ерекшеленеді. Мысалы: сентиментализм, романтизм, реннесанс, натурализм, реализм, эмпрессионализм, экспрессионизм және т.б. әдеби ағымның идеологиясына, әдебиеттердің дамуының белгілі бір кезеңдеріне байланысты болатын көркем шығарманы қабылдау ерекшеліктерімен тығыз қарым-қатынаста болу жатады. Мәселен, романтизм дәуіріне персонификациялаушы метафоралардың, түр-түс символикасының, проза ритмдерінің прозадағы еліктеуіне одағайлардың жиі қолданылуы, лексиканың тұрақты қоры болып саналатын романтикалық сөздіктердің болуы мысал бола алады. Аталмыш ерекшеліктерді тауып, жақсы аударма жасау үшін, аудармашыға ең алдымен түпнұсқа жазылған дәуір әдебиетінің ерекшеліктері жайлы ғылыми зерттеулермен танысып, сол дәуірде жазылған басқа авторлардың еңбектеріне шолу жасауы қажет. Көркем аударма кезінде ең қиындық тудыратын нәрсе - автордың жеке стилін беру. Олар аудармашыға стилистикалық тәсілдерге талдау жасау нәтижесінде белгілі болатын, автор стилінің ерекшеліктерін анықтайтын гармониялық синтездің үлгісін бере алады. Әдетте, аналогтың жақындық белгілі бір дәуірге жататын авторлар шығармаларының арасындағы ұқсастық пен белгілі бір әдеби ағымның өкілдері болмауымен сипатталады.
Жоғарыда атап өткендей, көркем мәтін өзі дүниеге келген дәуірдің құндылығы болып табылады. Әр кезеңдерде және әр түрлі мәдениетте аударма туралы әр түрлі түсініктер орын алады. Сондықтан да барлық заманға сай аударма да өте аз. Сирек жағдайға, Н.И.Гнедичтің Иллиада аудармасы жатады. Бұл шығармадан басқа да түрлі аудармалардан біз, әдетте, аударманың қаншалықты алуан түрлі болатынын көре аламыз. Кейбіреулер кез-келген аударманы, сонымен бірге, көркем аударманы да бір тілде берілген шығарманы басқа бір тілмен жеткізу құралы деп санайды. Дегенмен, көркем аударма тек қана лексикалық және синтаксистік сәйкестікпен ғана емес, тілге қатысты көркемдік байланыстар арқылы аударылуы керек. Осыған байланысты көркем аудармада екі қағида арасында серпіліс пайда болды.
1.Сөзбе-сөз, нақты. Бірақ, көркемдік жағынан толық емес аударма.
2.Көркемдік жағынан толық, бірақ түпнұсқадан мағынасы алшақ, еркін аударма. Бұл екі принцип негізгі екі көзқараста орын тапқан: аударманы лингвистикалық жағынан анықтау және әдебиеттану жағынан анықтау.

2.1. Көркем шығарманы аударудың стилистикалық сипаты
Лингвистикалық аударма принципі алдымен түпнұсқа құрылысын қайта құруға мән береді. Сөзбе-сөз аудару барысында аударма тілінде синтаксистік ауытқулар болады. Осы кезде мәтін мағынасы мен құрамы өзгеріске ұшырайды: автордың ойы түсінікті, бірақ оны жеткізу формасы тілге бөтен болады. Сөзбе-сөз нақты аударма түпнұсқаның эмоциональді әсерін әрдайым бере алмайды. Сол себепті, сөзбе- сөз дәлдік пен көркемдік бір-бірімен қарама-қайшылықта болады. Осыған орай, аудару барысында тілдік қор мен тіл материалдарына сүйенеміз.
Американ филологы Т.Сэвори Аударма өнері атты кітабында төмендегідей қарама-қайшы талаптарды қозғаған.
А.Аударма түпнұсқа сөздерін беруі керек.
В.Аударма түпнұсқа ойын беруі керек.
А.Аударма- аударма болып оқылуы керек.
В.Аударма түпнұсқа сияқты оқылуы керек.
(оқырман оның аударма екенін білмеу керек)
А.Аударма түпнұсқа стилін көрсету керек.
В.Аударма аудармашы стилін көрсетуі керек.
А.Өлеңді проза түрінде аудару керек.
В.Өлеңді өлең түрінде аудару керек.
А.Аудармашы аудару барысында түпнұсқа мәтініне өз еркімен бір нәрсе қосып немесе алып тастауға құқығы жоқ.
В.Аудармашы түпнұсқа мәтініне өз еркімен бір нәрсе қосып немесе алып тастауға құқылы.
Қарап отырсаңыз, В тезисінің талаптарының орындалуы еркін аудармаға, А тезисінің талаптарының орындалуы сөзбе- сөз, нақты аудармаға әкеліп соғады.
Жалпы аударма процесі де тілдің тілдік заңдылықтарына, олардың бір-бірімен байланысына сүйенуі керек. Тіл заңдылықтарына сүйену аудармаға қажет. Бірақ, көркем аударма тек тілдік қатынастардың нәтижесі емес. Зерттеушілер тілді көркем әдебиет материалы деп біледі, көркем аударма да түпнұсқа сияқты оның заңдылықтарына зор мән береді. Кей ғалымдар көркем аударманы лингвистикалық емес, әдебиеттану көзқарасы бойынша сөз өнерінің бір түрі деп біледі және қарастырады. Осы теорияға сүйеніп, аудармашы түпнұсқа идеясын негізге алады. Сосын тілдің көмекші тәсілдері арқылы ойын пайымдап жеткізеді.
Көркем аудармада маңызды, мағыналы элементтер мен ерекшеліктер нақты жеткізілуі мүмкін емес. Кез келген аудармада міндетті түрде мына жағдайлар орын алады:
Материалдың белгілі бір бөлігі қалыпқа келмей, алынып тасталынады. Материалдың белгілі бір бөлігі дәл сол күйінде емес, басқаша етіп, эквиваленттер арқылы ауыстырылады.
Түпнұсқада жоқ материал енгізіледі. Сондықтан да, көптеген атақты зерттеушілердің ойынша, ең жақсы аударма болып, аударманың түпнұсқамен салыстырғанда өзгеріске ұшырайтын ерекшеліктері бар аударма саналады. Осыған орай адекватты аударма мақсаты, түпнұсқаның нақты мағыналарын тіл құралдары арқылы жеткізу. Осыдан біз түпнұсқаның ойын жеткізу үшін сөзбе- сөз аударудан бас тарту керек екенін түсінеміз. Түпнұсқаның адекватты аудармасы деп, автор ойын толық етіп, қалпы және стилистикалық сәйкестігі берілген аударманы айтамыз. Адекватты аудармаға қойылатын негізгі талаптар:
Нақтылық- Аудармашы оқырманға автордың ойын толық жеткізуі тиіс.
Қысқалық- Аудармашыға көп сөздің қажеті жоқ. Берілген ой нақты және қысқаша, мазмұнды жеткізілуі тиіс.
Анықтық- Аударма тілі ерекшеліктері ойды жеткізу мен оның түсінілуіне кедергі болмауы тиіс. Ой мен берілген мәтін қарапайым және анық берілуі керек.
Әдебилік немесе көркемдік. Аударма міндетті түрде әдеби аударма тілінің нормасын қанағаттандыруы тиіс. Әрбір фраза шынайы, табиғи және нық айтылуы тиіс.
Көркем аударманың ерекше түрі поэзияны аудару, яғни өлең жолдарын аудару болып табылады.
С.Я.Маршак: Өлең аудару- өте биік, әрі қиын өнер. Осыған байланысты мен екі парадоксальді, бірақ дұрыс жағдайларды атап өткім келеді: біріншісі- өлеңді аудару мүмкін емес, екіншісі-оған әрдайым мүмкіндік бар-деген. Ал, И.А.Бунин болса: Сөзді емес, күш пен рухты аудару керек-деген. М.Лозинскийдің Өлең аударудың негізгі екі түрі бар деген анықтамасына сүйенсек:
1.Қайта қалыптастырушы (формасы мен мазмұнына байланысты).
2.Жаңадан құрушы. Толыққандылық және нақтылықпен құрылған аударманы мүмкіндігінше көрсету. Осы екінші түрі жалғыз мүмкін түрі болып есептеледі.
Поэзияны аудару- көркем аударма ішіндегі ең қиыны және үлкен жауапкершілікті қажет ететін аударма түрі. Поэзияны аудару кезінде аудармашы аударған өлең жолдарын бірнеше қайта жөндейді және аудармашыға дұрыс аударма беруде көп уақыт қажет болады. Өлшем, ырғақ, ұйқас, шумақ, қайырма және тағы да басқалар өлеңнің архитектуралық қаңқасын құрайды. Поэзияны аудару үшін аудармашыға түпнұсқа мәтініндегі төмендегі ерекшеліктерді сақтау қажет:
1.Өлеңнің өлшемін, яғни шумақ жолдарының санын сақтау.
2.Ұйқастықтың алмасу тәртібін сақтау. Егер түпнұсқада аралас ұйқас болатын болса, ұйқас араластығын сақтау, ал егер, қиылыс ұйқас болатын болса, ұйқас қиылысын сақтау. әдетте, аралас ұйқас халық әндерінің сөздерінде немесе жалпы әнге жазылған өлеңдерде кездеседі. Ал, қиылыс ұйқас белгілі бір оқиға желісін баяндауға арналған өлеңдерде кездеседі.
3.Дыбыс үндестігін сақтау. Аудармаларда фонемалардың қайталануын сақтау керек.
4.Лексикалық және синтаксистік қайталаулардың саны мен орнын сақтау. Қолданылатын лексиканың стилистикалық бояуы, яғни, поэтизмдердің, историзмдердің, экспрессивті бояудың, ауызекі тілдің қолданылуы аударма кезінде өте үлкен қызмет атқарады.
Өлеңнің құрылысы ырғақ құру үшін негіз болады. Ал, өлеңнің ырғағы өлең қатарларының кезектесуі, буындардың екпінді және екпінсіз болып келуіне негізделген.
Өлең қатарының бір екпінді және екі екпінсіз буыннан тұратын бөлігі шумақ деп аталады.
Өлең ырғағының құрылуында пауза сияқты өлең қатарлары жатыр, олардың арасындағы буындардың бөлінуіне үлкен рөль атқарады. Өлең ырғағы шығарма мағынасына сәйкес құрылуы керек.
Поэзиялық шығармаларда өлең жолдары, яғни шумақ, шығарманың мазмұны мен берілуін байланыстыратын басты фактор ретінде болады.
Көптеген ғалым-зерттеушілерге және ақындарға шумақтың толықтығын мәнді құрылым ретінде мойындауға тура келеді. Шумақ, автордың ойын толықтырып, аяқтап тұрған, күрделі синтаксистік бірлік ретінде қарастырылады.
Шумақ, өлең жолдары өлеңнің құрылымы және олардың түпнұсқадағы ретін сақтамау, шығарманың жалпы стилін бұзуы мүмкін.
Сондықтан, аудармада өлең жолдарын және ырғақты сақтау керек. Дегенмен, аудармада өлең жолдары, ырғақ сақталынса да, аударма тіліндегі сөздердің ұзақтығы немесе қысқалығы да үлкен рөль атқарады.
Сонымен, поэзиялық аударманың басты ерекшелігі болып, оның шарты- екпінді болып келуі. Бұл қаншалықты поэзия аудармасының шартына қарама-қайшы болса да, прозалық аудармада тіл өзгешелігі, ерекшелігіне байланысты өзгерістер енгізуге болатын болса, онда да, өлеңнің қалпы талап ететін өлең аудармасында да өзгертулер енгізуге болады. Сондықтан, аудармашы алдымен ырғақ пен ұйқастықтың көлемін емес, оның қарым-қатынасын жеткізе білу керек. Кейбір жағдайларда түпнұсқа өлшемі және аударма элементтері бірдей, эстетикалық жағынан белгілі бір деңгейде болады. Бірақ, тәжірибе көрсеткендей, осы элементтердің барлығының да сақталуы аударманы адекватты етпейді.
Абай Құнанбаевтың Желсіз түнде жарық ай өлеңін ағылшын тіліне аударғанда:
In the silent luminous night,
On the water the moon beams quiver
On the gully beyond the aul,
Tumultious roars the river
Желсіз түнде жарық ай,
Сәулесі суда дірілдеп
Ауылдың маңы-терең сай,
Тасыған өзен гүрілдеп
Бұл жерде өлең қатарларымен ырғағы сай келеді және ұйқасының 1,3 қатарлардағы қазақ тіліндегі варианты сай болғанымен, ағылшын тіліндегі вариантында сай келмейді. Ағылшын тіліндегі артикльдермен демеуліктердің көп қолданылуы өлең ырғағына әсер етеді.
Прозалық болсын, мейлі поэзиялық болсын, көркем аударма - ұлы өнер. Ал, өнер - шығармашылықтың нәтижесі. Ал шығармашылық болса, буквализмге негізделмейді және бағынбайды.

2.2 Ағылышн тілінен сөз тіркестерді аудару мәселесі
Тілдік құбылыстардың сандық сипаттамаларын зерттеу тіл білімінде тосын жаңалық емес, өйткені ол өткен ғасырдың 60-70 жылдарына дейін айқындалмаған пішінде қолданылып келеді. Өзге қоғамдық және жаратылыстану ғылымдары сияқты тіл білімінде де сандық бағалаулардың қажеттілігі теориялық лингвистиканың алдына жаңа мақсаттар қойды. Бұл зерттеу жұмысында 1998-2004 жылдары жарық көрген Анатілі оқулығы мен хрестоматиясы бойынша қазақ бастауыш сынып оқулықтары мәтіндерінің сөздік қорын зерттеуде статистикалық әдістерді қолдану мүмкіндіктері қарастырылған.
Сөздікқор - күрделі обьект, көптеген теориялық және қолданбалы есептерді шешуде оның кейбір қасиеттері, дербес жағдайда, негізгі сандық сипаттамалары негізге алынады. Көлемі алдын - ала белгілі мәтінмен оның сөздігі арасындағы ықтималды сандық қатынасты анықтау, мәтін бойынша сөздердің үлестірілу түрін болжау, мәтін көлемінің өзгеруіне қарай сипаттамаларының өзгерісін білу қажеттілігі туындайды.
Сандық бағалауларды қолданып, қарапайым тәсілдер арқылы дәлелді тұжырымдар алуға мүмкіндік беретін зерттеудің обьективті әдістемесін кұруға болады.
Мәтінді былайша зерттеу ана тілі мен шет тілін оқытудың тиімді әдістерін анықтауға, байланыс желілері арқылы жіберілетін хабарламаларды лексикалық тұрғыдан кодтау әдістерін кұруға, сондай- ақ ғылыми ақпараттарды автоматты түрде өңдеуге, сақтауға және тұтынушыларға тасымалдауға қатысты мәселелерді шешуге игі ықпал етеді.
Мәтіннің статистикалық құрылымын жекелеген сөздер түрғысынан зерттеу тіл білімінде күрделі мәселелердің біріне жатады.
Алғашқы кездері белгілі бір ұзындықты мәтін бойынша құрастырылған және әр бір сөздің не сөздер тобының тұсына жиіліктері көрсетілген сөздердің тізімі жиілік сөздік (ЖС) ретінде қарастырылған.
Тілдің сөздік қорын зерттеуде статистикалық әдістерді қолдану ЖС-терді құрастыруымен тығыз байланысты. Ең алғашқы жиілік сөздікке 1898 жылғы 11 млн сөз қолданысты қамтитын.Кедингтің неміс тілі сөздігі жатады. Жиілік сөздіктер келесі мәселелерді шешу мақсатында дайындалады:
1. Ана тілін, шет тілін оқытуды жетілдіру.
2. Сөйлеу тілі немесе жазба тіл негізі болатын түрлі кодтау жүйелерін жетілдіру.
3. Сөз тұлғаларының, сөздердің, сөз тіркестерінің қолдану жиілігі бойынша жекелеген әдеби мұраларды, авторлардың шығармаларын зерттеу.
Алғашқы ЖС-тердің көпшілігі бірінші мәселені шешуге бағытталды.
Себебі, өзге тілді оқып-үйренуге барлық сөздерді есте сақтау қиын болғандықтан, тіл үйренушілер үшін анағұрлым жиі қолданылатын сөздерді іріктеп алудың зор мәні бар болды. XX ғасырдың алғашқы жартысында тіл үйренушілер санының айтуына қарай ағылшын, неміс және француз тілдерін үйрету мақсатында түрлі ЖС-тер жарық көрді.
Жиілік сөздіктердің алуан түрлілігіне байланысты оларды дайындаудың әдістемелері де түрлішеболады. Енді түрк ітілдерін зерттеу статистикалық әдістерді қолдану тарихына тоқталайық. Соңғы жылдары әлемдік тіл білімінде математикалық әдістер кеңколданыс табуда. Тіл білімінде ғана(емес, сондай - ақ ,психология, әлеуметтану, археология және басқа да гуманитарлық ғылымдарда математикалық әдістердің қолданылуы салалары дамуының жаңа кезеңін сипаттайды. Түрлі математикалық әдістердің ішінде лингвистикада ықтималдық статистикалық әдіс жиі қолданылатындығымен ерекшеленеді. Бұл әдіс тілдің сантүрлі үрдістеріне негізделген заңдылықтарынан ықтауғамүмкіндікбереді. Ыктималдык-статистикалық әдіс, қазақ, өзбек әзірбайжан, татар, қырғыз, қарақалпақ тілі сияқтыт үркі тілдерін зерттеуде нәтижелі қолданылуда.
Қ.Б.Бектаев - бүкіл түркі тілдеріне алғаш рет лингвистикалык статистика әдісін қолданудың ғылыми негізін қалаған ғалым. Оның еңбектері инженерлік лингистика ғылымы бағытының пайда болуымен дамуына үлкен үлес қосты [ 1 Орыс -қазақша математикалық сөздік (1986), Ықтималдықтар теориясы және математикалық статистика (1990), Қысқаша қазақша-орысша сөздік (1989-1991), Үлкен қазакша-орысша, орысша- қазақша сөздігі (1999) еңбектері қазақ тілі білімінің лингвстатистикалық әдістер мен зерттеуге негізделген жаңа саласын дамытуға қосқан ерен үлесін көрсетеді.
М.Балақаев әдеби тіл нормасын сақтау мақсатында баспасөз мәтіндері бойынша қазақ тіліне орыс тіліне енген термин сөздерді санау барысында олардың саны барғансайын көбейіп келе жатқандығы жайлы тұжырым жасаған [ 2].
А.Қ.Жұбанов өз диссертациялық жұмысында мәтіндері ЭЕМ-ге енгізу жолдарын қарастырып, сын есімдердің және олардың шырайларының сандық сипаттамаларын анықтаған[ 3]. А.Қ.Жұбанов - түркі тілдерін зерттеуде ЭЕМ-ді қолдануға алғаш бет бұрыс жасаған қазақ ғалымдарының бірі. Ол Қ.Б.Бектаевпен бірге түркі тілдерін ЭЕМ-ге енгізу және автоматты түрде өңдеу барысында мәтінді индекстеу мен кодтаудың жалпы принциптерін негізделген.
Д.А.Байтанаева қазақ тіліндегі фонемаларға статистикалық- ақпараттық талдау жүргізген. Зерттеу барысында тілдің түрлі жанрлары үшін талдау нәтижесінің де түрліше болатындығын анықтаған[ 4].
Х.Арғынов Қалың мал, Ботагөз романдары мен ЕрТарғын жырындағы сөйлемдерді санау арқылы қазақ тіліндегі сөйлем түрлерінің қолданылу жиілігін анықтай отырып, қазақ тілінің синтаксис сапасын жазған [5]. Мәтіндерге тыңғылықты статистикалық талдау жүргізудің нәтижесінде автор толып жатқан тың тұжырымдармен құнды ұсыныстар жасаған. Еңбекте статистика жайлы сөз жоқ. СондадаХ.Арғыновтың қазақ тілінің синтаксисіне статистикалық әдістері алғаш қолданушылардың бірі деуге болады.
А.Хасенова қазақ тіліндегі етістіктердің лексикалық - семантикалық сипатын [6]. С.Мырзабеков етістіктің жасалу жолдарын статистикалық әдістермен зерттеген [7]. С.Мырзабеков өзінің диссертациясында XX ғасырдың орта тұсындағы қазақ тілін зерттеу сипатына 1935 жылдан 1965 жылға дейінгі аралықта қазақ тілін зерттеушілер нақты сандық деректерге онша бой ұра бермейді, көбіне аз, көп, сирек, жиі, жуық, шамалас, үнемі, үнемсіз тәрізді сөздерді қолдануға бейім, санды қолданса, оның өзі бір цифрдан аспайды деп баға берген .
А.Б.Белботаев жиілік сөздіктер негізінде қазақ тіліндегі жалғаулардың құрылымдық түрлерін . М.Әуезов шығармаларындағы орыс тілі арқылы енген бөгде тілдердің лексикасын, лингвистикалық терминдер мәселесін зерттеген .[8]
А.Р. Зекенова қазақ драматургтерімен М.Әуезов пьесалары тілдерін жиілік сөздіктері арқылы зерттеп, қазақ тілінің стильдік ерекшеліктерін анықтаға.[9]. М.Малбақов қазақ лексикографиясының тарихын зерттеу барысында ХҮІІІ ғасырдың II жартысынан 1917 жылға дейінгі кезеңде жарық көрген сөздіктердің фонетикалық, грамматикалық сипаттамаларына талдау жасаған,[10] сөздіктердің құрылымдық- типологиялық ерекшеліктерін анықтап, зерттеу жұмыстарын жүргізген.
С.А. Ризаев өзбек әдеби тіліндегі қос фонемалы тіркестердің жиілігі мәселесін зерттеген [ 11]. Өзбек тіліндегі публицистикалық ,ғылыми және көркем әдебиет мәтіндері мен қазақ тіліндегі ертегі және ғылыми мәтіндердегі фонемалар жиілігін салыстырған. Жүргізген статистикалық талдаулары жанр ерекшеліктерін сипаттайтын фонемалар тобын құруға мүмкіндік берген.
Т.И.Курбанов өзбек әдеби тіл публицистикалық стилінің лексикалық, фразеологиялық, грамматикалық және функциональдіқ ерекшеліктерін зерттеуде сипаттау, салыстыру және лингвостатистикалық әдістерді қолданған. [ 12]. Ол Публицистический стиль современного узбекского литературного языка атты диссертациялық жұмысында статистикалық талдау нәтижесі бойынша өзбек тілінің функционалдық стильдерінде сөздердің қолдану жиілігін аныктаған. ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Көркем шығармаларды орыс тілінен ағылшын тіліне аударудағы ерекшеліктер
КӨРКЕМ ШЫҒАРМАЛАРДЫ АУДАРУ
ЖАЗБАША АУДАРМАНЫҢ АЛГОРИТМІ
Көркем шығармаларды ағылшын тілінен қазақ тіліне аударылу ерекшеліктері
Метафора түсінігі және ағылшын тіліндегі метафоралар
Көркем фильмдердің ағылшын тілінен қазақ тіліне аударылу ерекшеліктері
Аударма
О. Жанайдаровтың поэтикалық аудармалары
Фразеологизмдерді аудару тәсілдері
Аударма негіздері (әдістемелік көмекші құралы)
Пәндер