Ғимараттар және оларға қойылатын талаптар


Осы тақырыпты іздедім таппадым соңында өзім жасадым құрастырып. Салсаңыздар Рахмет
ЖОСПАРЫ
КІРІСПЕ3
1. ҒИМАРАТТАР ЖӘНЕ ОЛАРҒА ҚОЙЫЛАТЫН ТАЛАПТАР5
1. 1. Ғимараттардың көтеруші негізі және конструкциялық жүйелері. 9
1. 2. Ғимараттың негізгі конструкциялық элементтері. 11
1. 3. Төбе жабындылары19
2. ШАТЫР23
2. 1. Металл шатырды шатырлаушы23
2. 2. Шатыр жабындарын бөлшектеу тәртібі24
ҚОРЫТЫНДЫ27
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ29
КІРІСПЕ
Шатыр деп ғимараттың жоғарғы жағын жауын-шашын, күннің ыстық көздерінен қорғайтын бөлігін атайды. Шатыр, соңымен қатар ғимараттың салынып біткендігін білдіреді. Шатыр қоршау және көтергіш бөліктерден тұрады. Қоршау бөлігі жабылмадан және білеуше мен тақтайдан жасалған торкөздерден, ал темірбетонды тақталардың үстіне орналасқан цементті-құм ерітіндісі немесе асфальттан жасалған тегістегіш қабаттардан тұрады. Көтергіш бөлігі ағаш немесе темірбетонды итарқадан, итарқалық фермалардан немесе темірбетонды панельдерден тұрады.
Ғимарат төбесінен қар, жаңбыр суларын ағызып жіберу үшін шатырды еңкісті етіп жасайды. Шатыр еңкісі жабылма материалына, сонымен қатар салынатын климотологиялық ауданына байланысты болады.
Азаматтық ғимараттардың негізгі конструкциялық элементтері төменде көрсетілген
Іргетас - жоғарыда жатқан конструкциялардан күштерді қабылдайтын және оларды топыраққа беретін ғимараттың жерасты бөлігі.
Қабырғалар - қоршаған орта әсерлерінен бөлмелерді қорғайтын және бір бөлмені екіншісінен бөлетін вертикальды қоршаулар.
Бөлек тіректер - жоғарыда орналасқан элементтерден іргетасқа күштерді беретін көтеруші вертикальды элементтер (ұстындар, кірпіштік бағаналар) .
Аражабындар - ғимаратты қабаттарға бөлетін және қабырғалар мен бөлек тіректерге күштерді беретін горизонтальды көтеруші конструкциялар.
Ригельдер - аражабыннан күштерді қабылдайтын және оларды ұстынға беретін горизонтальды конструкциялық элементтер.
Аралық қабырғалар - қатарлас бөлмелерді бөлетін, ішкі көтеруші емес қабырғалар.
Сатылар - қабаттар арасын қосуға, сонымен қатар ғимараттан адамдарды шығаруға арналған конструкциялар.
Терезелер - бөлмелерді жарықтандыруға және желдетуге арналған жарық өткізгіш қоршаулар.
Есіктер - бөлмелер арасын қосу үшін жылжымалы қоршаулар.
Шатырлар - сыртқы ортаның әсерінен ғимараттың бөлмелері мен конструкцияларын қорғайтын ғимараттың ақырғы бөлігі.
Шатырдың көтеруші элементтері, күштік әсерлердің әртүрлерін қабылдағанда, пайдаланудың барлық мерзімі бойы оның жұмысының сенімділігін қамтамасыз етуі қажет. Күштік әсерлердің ішіндегі маңыздылары: өз салмағы мен төбе жабындысының салмағынан тұрақты күштер; шатырды пайдаланғанда пайда болатын қардан, желден уақытша күштер.
Атмосфералық шөгулерден ғимаратты қорғайтын төбе жабындысы су өткізбейтін, агрессиялық химиялық заттардың әсеріне тұрақты, қырылуға, тесілуге, еруге ұшырамайтын; аязға тұрақты, ұзақ мерзімді, экономикалық үнемді, индустриялды болуы тиіс.
Шатырлы еңісті төбелерді қолдану ауданы негізінен аз және орташа қабатты азаматтық ғимараттармен шектеледі. Бес қабаттан жоғары ғимараттарда мұндай шатырларды қолдану рұқсат етілмейді. Бұл қарды тазалаудың қиындықтарымен, ішкі су құйғыш арқылы суды алып кету қажеттіліктеріне байланысты.
Шатырлардың жіктелуі:
1. Құрылымы бойынша:
а) төбе асты кеңістігі бар;
б) төбе асты кеңістіксіз.
2. Құламаларының санына байланысты:
а) бір құламалы;
б) екі құламалы;
в) үш құламалы;
г) төрт құламалы;
д) көп құламалы.
3. Пайдалану жағдайына байланысты:
а) пайдаланылатын;
б) пайдаланылмайтын.
4. Еңкісі бойынша:
а) құламалы;
б) аз еңкісті;
в) жазық.
1. ҒИМАРАТТАР ЖӘНЕ ОЛАРҒА ҚОЙЫЛАТЫН ТАЛАПТАР
Ғимарат - әртүрлі адам қызметі үшін қалыптасқан және арналған, ішкі кеңістігі бар жерүсті құрылымы (мысалы, тұрғын үйлер, зауыттық корпустар, мектептер) .
Барлық басқа жерүсті, сондай-ақ жерасты және суасты құрылымдары инженерлік, яғни арнайы техникалық мақсаттарды орындауға арналған құрылымдарға (көпір, теледидарлық мачта, туннель, метро, резервуар, жолдар) жатады.
Ғимараттың ішкі кеңістігі бөлек бөлмелерге бөлінеді.
Бөлме - бөлімшесі жоқ, ғимарат ішіндегі барлық жағынан қоршалған кеңістік (тұрғындық бөлме, аудитория, коридор, цех) .
Бір деңгейде орналасқан бөлмелер қабатты құрайды. Қабаттар аралық жабындармен бөлінеді.
Барлық ғимараттар келесі үш үлкен топты құрайтын, бөлек бір-бірімен өзара байланысқан бөліктер мен элементтерден тұрады:
- көлемдік-жоспарлық элементтер, яғни ғимараттың барлық көлемін бөлетін ірі бөліктер (қабат, бөлек бөлмелер, оны бөлшектейтін негізгі қабырғалар арасындағы ғимарат бөлігі) ;
- конструкциялық элементтер - ғимараттың құрылымын анықтайды (іргетас, қабырғалар, аралық жабындар, шатыр) ;
- құрылыс бұйымдары - конструкциялық элементтер құрылатын салыстырмалы ұсақ бөлшектер (әрлеу тастары, панельдер, плиталар, баспалдақтар) .
Ғимараттар тағайындалуына байланысты келесі түрлерге бөлінеді:
- азаматтық - адамның тұрмыстық және қоғамдық қажеттіліктерін қамтамассыз етуге арналған тұрғындық және қоғамдық ғимараттар;
- өндірістік - қорытындысында өндірістік өнім пайда болатын, құрал-жабдықтарды орналастыруға және еңбек процестерін орындауға арналған ғимараттар.
Ғимараттың кез-келген түрі функционалды, техникалық, суреттік және экономикалық талаптарды қанағаттандыруы қажет.
Функционалды (технологиялық) мақсаттылық талабы ғимараттың өзіне арналған процесіне сәйкес болуын талап етеді (тұрғындыққа, демалуға, еңбекке ыңғайлылығы) .
Ғимараттың техникалық мақсаттылық талабы толық ғимаратпен және оның бөлек элементерімен қабылданатын барлық сыртқы әсерлерді ескеруі қажет, оның конструкцияларының шешімімен анықталады.
Ғимаратқа үздіксіз әсер ететін күштер тұрақты жүктемелер, ал уақыттың бөлек аралығында (бөлігінде) әсер ететін күштер уақытша жүктемелер деп аталады. Тұрақты жүктемелерге ғимараттың көтеруші негізін құрайтын, конструкциялық элементтердің салмағынан тұратын ғимараттың өз салмағы жатады. Өз салмағы уақыт бойынша тұрақты және жоғарыдан төменгі бағытта әсер етеді. Ғимараттың төменгі бөлігіндегі көтеруші конструкциялар материалындағы кернеулер жоғарғы бөлігіндегілерге қарағанда үлкен болады. Өз самағының барлық әсерлері іргетасқа, ал ол арқылы негіздің топырағына беріледі.
Уақытша жүктемелерге желдік күштер жатады. Жел бағытын өзгертісімен, солай жылдамдығын өзгертеді. Желдің күшті екпіні конструкция жұмысын қиындатып, ғимаратқа соққылық, динамикалық әсер етеді. Қардан берілетін күштер де уақытша жүктемелерге жатады. Желдің әсерінен қар жамылғысы, конструкцияларда қосымша кернеулерді тұдыратын ассиметриялық күштерді тудыртып, төбе жабындыларында біркелкі емес таралады.
Уақытша жүктемелерге пайдалы күштерде (адамдардан, технологиялық жабдықтардан, қоймада жиналатын материалдардан) жатады.
Күштік емес жүктемелер болып табылады:
-температуралық әсерлер (конструкциялардың сызықтық өлшемдерінің өзгеруіне келтіреді) ;
- атмосфералық және топырақтық ылғалдың әсері (конструкциялар материалдары қасиеттерінің өзгеруіне ұшыратады) ;
- ауа қозғалысы (бөлмедегі микроклиматқа әсер етеді) ;
- күн энергиясының әсері (конструкциялар материалдарының физика-техникалық қасиеттерінің өзгеруіне ұшыратады) ;
- бөлменің қалыпты акустикалық режимін бұзатын шу әсері.
Тұрақты және үақытша күштерден басқа, ғимараттарға ерекше әсерлер де әсер етеді. Оларға жер сілкінуден сейсмикалық күштер, жарылыс әсерлері, шөгетін топырақтардың сулануындағы негіздердің біркелкі емес деформацияларынан әсерлер және т. б. жатады.
Күштің түсу орны бойынша жүктемелер бір нүктелі (құрал-жабдықтар салмағы), және біркелкі жайылған (таралған) (өз салмағы, қар) болып бөлінеді.
Әсер ету сипаты бойынша жүктемелер статикалық, яғни уақыт аралығында шамасы бойынша тұрақты күштер, мысалы конструкцияның өз салмағы және динамикалық (соққылық күштері), мысалы, жел әсері болуы мүмкін.
Сәулеттік-суреттік мәнерлілігінің талаптары ғимараттардың өзінің сыртқы (экстерьері) және ішкі (интерьері) түрлерінің жағымды болуымен, адамдардың психологиялық жағдайы мен санасына жақсы әсер етуімен негізделеді.
Экономикалық мақсаттылық ғимараттың берілген түрі үшін оны тұрғызуға тиімді еңбек, жабдықтар, уақыт шығындарын қарастырады. Үнемділіктің негізгі критериялары бір уақыттық капиталды салымдар (ғимаратты тұрғызудағы үнемділік), пайдалану шығындары (пайдалану үрдісіндегі үнемділік), ғимараттың кажулық және қайта калпына келтіру құндары болып табылады.
Құрылыстық жылу техникасының негіздері. Бөлмелердің температуралы-ылғалдық режимінің, дыбыс изоляциясының және жарықтандырудың сұрақтарымен құрылыстық физика айналысады.
Оның құрамына кіреді:
- құрылыстық жылу техникасы;
- құрылыстық акустикасы;
- құрылыстық жарық техникасы
Қоршау конструкциялары келесі жылу техникалық талаптарға жауап беруі қажет:
- жылу қорғау қасиеттерінің болуы;
-ішкі беттегі температураның бөлмедегі ішкі ауаның температурасынан айтарлықтай айырмашылығы болмауы керек (қоршау жанында суықтың сезілмеуі, ал бетте конденсаттың пайда болмауы) ;
- сыртқы температураның өзгерістері бөлме ішіндегі температураға мүмкідігінше әсер етпеуі үшін қажетті жылулық инерциясының (жылуға тұрақтылық) болуы;
- ылғалдануға тұрақты болуы және қалыпты ылғалдылықты сақтауы, яғни ылғалдылықтың шамадан тыс болуы конструкцияның жылу қорғау қасиеттерін нашарлатады және ұзақ мерзімділігін төмендетеді.
Құрылыс акустикасы бөлмелердің дыбыс изоляциясының сұрақтарын зерттейді, яғни бөлмелерді сыртқы шулардан қорғау және шу көзі бар бөлмелерден шуды азайту сұрақтармен айналысады.
Бөлменің дыбыс изоляциясы үшін аралық қабырғалардың қабырғаға және жабындарға түйіскен жерлеріндегі, құрама элементтер арасындағы түйісулердегі, есік және терезе ойықтарындағы барлық саңылауларды серпімді төсеніштерді, әуелік қабатшаларды, кеуекті материалдарды қолдану арқылы жабу қажет.
Құрылыстық жарық техникасының мақсаты бөлмелердегі тиімді жарықтық режимді құруды анықтайтын жағдайларды зерттеу болып табылады. Беттің Е жарықтандыруы дегеніміз құлама жарықтың ағынның жарықтанатын беттің ауданына қатынасы. Жарықтандырудың өлшем бірлігі - люкс (лк) .
Табиғи жарық (күндізгі) - күннің және аспанның сәуле түсуінен құрылатын жарық. Жарық ойықтарының орналасуына байланысты бөлмелердің бүйірлік, жоғарғы және аралас жарықтануы болып бөлінеді.
Құрылыстағы өлшемдердің модульдік координациясы. Құрылыстың дамуының негізгі бағыты құрылыс өндірісінің толық дайын ірі өлшемді конструкциялардан ғимараттарды, олардың элементтері мен блоктарын жинау және монтаждаудың механизацияланған ағынды процесіне айналуын білдіретін, оның индустриализациясы болып табылады. Мұндай элементтерді (конструкцияларды) құрама деп атайды.
Типизация дегеніміз жаппай құрылыста бірнеше рет қолдануға арналған бөлек конструкциялардың және толық ғимараттардың шешімдерінің техникалық және экономикалық жағынан жақсыларын сұрыптап алу.
Ғимараттар үшін құрама бөлшектер мен конструкциялардың түрлері мен өлшемдерінің мөлшері шектелген болуы керек. Сондықтан типизация типтік бөлшектердің көп түрлерінің пішіні мен өлшемдері бойынша бірдей анықталған түрлерінің шектелген мөлшеріне келтіруді жорамалдайтын унификациясымен (ықшамдауымен) жалғасады. Бөлшектердің унификациясы өзара ауысымдылықты және әмбебаптылықты қамтамасыз етуі қажет.
Өзара ауысымдылық - ғимарат өлшемдерін өзгертпей берілген бұйымды басқасымен ауыстыру мүмкіндігі (мысалы, ені 3000 мм жабу плитасын ені 1500мм екі плитамен ауыстыруға болады) .
Әмбебаптылық - ғимараттардың әр түрлері үшін бөлшектердің бір типтік өлшемдерін колдануға мүмкіндік береді.
Өте жетілдірілген типтік бөлшектер мен конструкциялар стандарт, яғни жобалауда да, сондай-ақ зауыттық дайындауда да міндетті пішіндері, өлшемдері және сапалары нақты белгіленген үлгілер түрінде бектіледі. Стандарттар туралы барлық мәліметтерді қамтитын кұжаттар МЕМСТ деп аталады.
Құрылыс конструкциялары мен бөлшектерінің негізгі өлшемдері ғимараттардың көлемдік - жоспарлық шешімдерімен анықталатындықтан, олардың унификациясы, қадам, аралық, қабат биіктігі болып табылатын, ғимараттардың көлемдік - жоспарлық өлшемдерінің унификациясына негізделеді.
Қадам - көлденең қабырғалардың немесе ұстындардың көлденең қатарларының координациялық осьтерінің арасындағы арақашықтық.
Аралық дегеніміз бойлық қабырғалардың немесе ұстындардың бойлық қатарларының координациялық осьтерінің арасындағы арақашықтық.
Қабат биіктігі деп вертикаль бойынша төменде орналасқан қабаттың еден деңгейінен жоғарыда жатқан қабат еденінің деңгейіне дейінгі, ал жоғарғы қабаттар мен бірқабатты ғимараттарда - шатырлы жабын белгісінің жоғарғы бетіне дейінгі арақашықтық.
Ғимараттардың көлемдік - жоспарлық параметрлерінің және конструкциялар мен құрылыс бұйымдарының өлшемдерінің унификациясы құрылыстағы өлшемдердің модульдік координациясы негізінде жүзеге асырылады (ҚӨМК) .
ҚӨМК - модуль негізінде ғимараттар мен құрылымдардың көлемдік - жоспарлық және конструкциялық элементтерінің, құрылыс бұйымдары мен құрал - жабдықтарының өлшемдері координацияларының ережелерінің жиынтығы. Модуль - өлшемдер координациясы үшін негізгі өлшем бірлігі. Модуль (М) негізінде 100 мм өлшем қабылданған. Туынды (іріленген немесе бөлшектенген) модуль дегеніміз негізгіге қысқаратын немесе оның құрама бөлігі болып табылатын модуль.
Қала территориясы өзінің функционалды тағайындалуы бойынша келесі аймақтарға бөлінеді: селитебті (тұрғындық) ; өндірістік; ландшафты-рекреациялық (қалалық ормандар, орманды қорғау аймақтары) .
Қалаларды жобалауда, өндірістік және селитебті аймақтардың өзара орналасуын анықтағанда маңызды, басыңқы желдердің бағытын ескеру қажет. Ол үшін «желдер бағытын» тұрғызады.
Селитебті аймақ қалалық орталыққа, тұрғындық аудандарға, тұрғындық аудандардың құрамына кіретін, ықшам аудандарға бөлінеді.
ҚР ҚНжЕ 3. 01-01-2002* «Қала құрылысы. Қалалық және ауылдық қоныстарды жоспарлау және тұрғызу» сәйкес санитарлық және өртке қарсы нормалармен анықталатын, үзінді деп аталатын ғимараттар арасында арақашықтық сақталуы тиіс; мысалы, 2-3 қабатты биіктікті тұрғындық ғимараттардың ұзын жақтарының арасындағы арақашықтық (тұрмыстық үзінділер) 15 м кем емес, ал 4 қабатты биіктікте -20 м кем емес, тұрғындық бөлмелерден терезелері шығатын ғимараттардың ұзын жақтары мен бүйірлері арасындағы -10 м кем емес етіп қабылдануы тиіс. Көрсетілген арақашықтықтарды, егер терезеден терезеге тұрғындық бөлмелердің (бөлмелердің және ас бөлмелердің) көрінбеуі қамтамасыз етілсе, инсоляция мен жарықтандыру нормалары сақталғанда қысқартуға болды.
1. 1. Ғимараттардың көтеруші негізі және конструкциялық жүйелері.
Ғимараттар құрылысы типтік, жеке және тәжірибелік жобалар бойынша жүзеге асырылады.
Жоба дегеніміз тұрғызылатын ғимаратты, құрылымды немесе кешенді сипаттайтын техникалық құжаттар жиыны.
Жобалау екі немесе бір кезеңді жүзеге асырылуы мүмкін.
Екі кезеңдік жобалау типтік жобаларды және жеке күрделі ғимараттар мен құрылымдарды құрастыру үшін орындалады.
Біркезеңдік жобалауды күрделі емес техникалық шешімді ғимараттар үшін және құрылыс орнының жағдайында типтік жобаларды байлағанда жүзеге асыралады.
Тұрғындық ғимараттарға пәтерлік үйлер (ұзақ тұру үшін), жатақханалар (уақытша тұру үшін), қонақ үйлер (қысқа мерзімде тұру үшін) жатады.
Көп пәтерлі секциялы тұрғындық үйлер - қалалар мен ірі ауылдар құрылысындағы ғимараттардың негізгі түрі. Бір сатылы тормен біріктірілген пәтерлер тобын тұрғындық секция деп атайды. Тұрғындық үйлер құрылысы бір немесе бірнеше тұрғындық секциялардан тұратын дербестік типтік блоктар - секциялар негізінде жүргізіледі. Ғимаратта орналасу орны бойынша блоктар - секциялар қатарлы, бүйірлік, бұрыштық, бұрылмалы және т. б. болып аталады; мұндай секциялардан әр түрлі ұзындықты және пішінді үйлер құрастырылады.
Көпқабатты үйлер жоспарлану шешімдері бойынша келесі түрлерге бөлінеді:
- көп секциялы: мұндай үйлерде әр қабатта сатылы тордың айналасында, қабат сайын қайталанып, секцияларды құрайтын, 2-8 пәтерлер орналасқан;
- дәлізді - сатылы торға алып келетін, пәтерден жалпы коридорға шығуымен ерекшеленеді;
- галереялы - пәтерден ашық немесе әйнектелген галереяларға шығуымен жобаланады. Қабаттар арасындағы байланыс ғимараттардың бүйірлеріндегі немесе ортасындағы сатылы торлар арқылы жүзеге асырылады.
Жатақханалар дегеніміз қосымша аудандары бар бөлмелерімен және мәдени-тұрмыстық пен медициналық қызмет көрсетуге арналған бөлмелерімен тұрғындық ғимараттар.
Тұрғындарға әулеметтік қызмет көрсетуге және әкімшілік мекемелерін орналастыруға арналған ғимараттар қоғамдық деп аталады.
Оларды тағайындалуы бойынша келесі топтарға бөледі: оқу орындары (бала бақша, мектеп және т. б. ) ; емдік-сақтандыру (емханалар, ауруханалар, емдеу-сауықтыру орны) ; мәдени-ағарту (клубтар, театрлар, музейлер) ; сауда-коммуналдық (дүкендер, асханалар, кір жуатын орындар ) ; көлік және байланыс (вокзалдар, байланыстар түйіндері, теледидар орталықтары) ; мемлекеттік және қоғамдық ұйымдарды орналастыру үшін әкімшілік ғимараттар.
Қоғамдық ғимараттарды жоспарлаудың келесі сұлбалары болады:
анфиладты - музейлерде, галереяларда, әмбебап дүкендерінде қабылданатын бөлмелердің кезекті орналасуы;
дәлізді - дәліздің бір немесе екі жағы бойынша бөлмелердің орналасуы; мұндай жоспарлау әкімшілік, оқу орындары, емдік-сақтандыру және басқа ғимараттарда тиімді;
залды (шоғырлас) - айналасына қосымша бөлмелер орналасқан залы бар ғимараттар үшін сипатты; мұндай шешімді кинотеатрлар, цирктер және басқа ұқсас ғимараттарда қолданады;
- аралас - жоғарыда қарастырылған жоспарлау сұлбаларының үйлесуі болып табылады (мысалы, клубтың жоспарлануы - залдың айналасына орналасқан бөлмелердің орналасуы - шоғырлас, фойе, залдың орналасуы - анфиладты, үйірме жұмыстары бөлмелерінің орналасуы - дәлізді) .
Қоғамдық ғимараттардың жобаларының негізгі көрсеткіштері:
жұмыс ауданы - бар бөлмелердің барлық аудандарының қосындысы;
жалпы аудан - жұмыстық бөлмелердің аудандарының және дәліздердің, тамбурлардың, өтулердің, техникалық мақсатты бөлмелердің аудандарының қосындысы;
құрылыс ауданы - жергілікті жерде ғимарат алып жатқан аудан;
жерүсті бөлігінің құрылыстық көлемі - құрылыс ауданының таза еден деңгейінен шатырлы жабынның жоғары бетіне дейінгі биіктікке көбейтіндісі.
Тұрғылықты жерлерді жоспарлау негіздері. Қала территориясы өзінің функционалды тағайындалуы бойынша келесі аймақтарға бөлінеді: селитебті (тұрғындық) ; өндірістік; ландшафты-рекреациялық (қалалық ормандар, орманды қорғау аймақтары) .
Қалаларды жобалауда, өндірістік және селитебті аймақтардың өзара орналасуын анықтағанда маңызды, басыңқы желдердің бағытын ескеру қажет. Ол үшін «желдер бағытын» тұрғызады.
Селитебті аймақ қалалық орталыққа, тұрғындық аудандарға, тұрғындық аудандардың құрамына кіретін, ықшам аудандарға бөлінеді.
ҚР ҚНжЕ 3. 01-01-2002* «Қала құрылысы. Қалалық және ауылдық қоныстарды жоспарлау және тұрғызу» сәйкес санитарлық және өртке қарсы нормалармен анықталатын, үзінді деп аталатын ғимараттар арасында арақашықтық сақталуы тиіс; мысалы, 2-3 қабатты биіктікті тұрғындық ғимараттардың ұзын жақтарының арасындағы арақашықтық (тұрмыстық үзінділер) 15 м кем емес, ал 4 қабатты биіктікте -20 м кем емес, тұрғындық бөлмелерден терезелері шығатын ғимараттардың ұзын жақтары мен бүйірлері арасындағы -10 м кем емес етіп қабылдануы тиіс. Көрсетілген арақашықтықтарды, егер терезеден терезеге тұрғындық бөлмелердің (бөлмелердің және ас бөлмелердің) көрінбеуі қамтамасыз етілсе, инсоляция мен жарықтандыру нормалары сақталғанда қысқартуға болды.
1. 2. Ғимараттың негізгі конструкциялық элементтері.
Ғимараттың негізгі конструкциялық элементтері. Ғимараттың барлық конструкциялық элементтері көтеруші және қоршаушы болып бөлінеді. Мұндай бөліну, құрылыс кезінде және пайдалану үрдісінде пайда болатын күштер мен әсерлерді қабылдағанда, ғимарат құрылымындағы бұл элементтердің тағайындалуына, олардың жұмыс жағдайларына байланысты.
Ғимараттың көтеруші конструкцияларының тағайындалуы - ғимаратта пайда болатын күштік сипатты күштер мен әсерлердің барлық түрлерін қабылдау және іргетастар арқылы топыраққа беру. Мұндай конструкцияларға, мысалы, іргетастар, қабырғалар жатады.
Ғимараттың қоршаушы конструкцияларының тағайындалуы - ғимарат кеңістігін сыртқы ортадан оқшаулау, кеңістікті бөлек бөлмелерге бөлу және күштік емес сипатты әсерлердің барлық түрлерінен оларды қорғау. Мұндай конструкциялардың мысалы ретінде аралық қабырғалар, төбе жабындысы, терезелер болып табылады.
Кейбір конструкциялық элементтер біруақытта көтеруші және қоршаушы функцияларын атқарады, мысалы сыртқы және ішкі көтеруші қабырғалар біруақытта аражабын плиталары үшін вертикальды тіректер және қоршаушы конструкциялар болып табылады.
Ғимараттың конструкциялық элементтеріне кейбір қосымша: эркерлер, лоджиялар, балкондар, верандалар, приямкалар және т. б. конструкциялар жатады.
Қажетті пайдалану және санитарлы -гигиеналық шарттарды қамтамасыз ету үшін азаматтық ғимараттар санитарлы-техникалық және инженерлік қондырғылармен жабдықталады. Оларға жылу, сумен жабдықтау, суды алып кету, желдеткіш, қоқыс өткізгіш, газификация, телефонизация және т. б. жатады.
Ғимараттардың негізгі конструкциялық элементтері - горизонтальды (аражабындар, жабулар), вертикальды (қабырғалар, ұстындар) конструкциялар және іргетастар, бірігіп біріккен кеңістік жүйені - ғимараттың көтеруші негізін құрайды.
Көтеруші негіздің - ғимараттың конструкциялық негізінің тағайындалуы - ғимаратқа әсер ететін күштерді қабылдаудан, қызметінің барлық мерзімі бойы қажетті пайдалану сапаларымен конструкцияларды қамтамасыз етумен, осы жүктемелерден күштерге жұмысынан тұрады.
Конструкциялық жүйе ғимараттардың, бірігіп беріктігін, қатаңдығын және орнықтылығын қамтамасыз ететін, вертикальды және горизонтальды көтеруші конструкцияларының өзара байланысқан жиыны болып табылады. Ғимараттардың үш негізгі конструкциялық жүйелері болады: қаңқасыз, қаңқалы және аралас (толық емес қаңқалы) (3-сурет) .
Ғимараттардың орнықтылығын және кеңістік қатаңдығын қамтамасыз ету. Орнықтылық - статикалық немесе динамикалық тепе-теңдігінің бастапқы жағдайынан шығаруға ұмтылатын күштерге қарсыласатын ғимараттар қабілеті.
Кеңістік қатаңдық - пішінінің геометриялық өзгермеуін сақтап, түсірілген күштердің әсерінен деформацияланбайтын бөлек элементтердің немесе барлық ғимараттардың қабілеті.
Топырақ - уақыт бойынша өзгеретін және ғимараттар мен құрылымдарды тұрғызуға негіз, орта немесе материал ретінде қолданылатын көпкомпонентті жүйе болып табылатын тау жынысы.
Ғимаратқа әсер ететін барлық күштер, оның ішінде ғимараттың өз салмағы, іргетас арқылы топыраққа беріледі. Бұл күштерді қабылдайтын топырақ негіз деп аталады. Негіздің сенімділігі және беріктігі ғимаратты қалыпты пайдалану үшін маңызды болып табылады.
Өзінің табиғи жағдайында тұрғызылған ғимараттан түсетін күштерді қабылдауға қабілетті топырақ табиғи негіз деп аталады.
Жасанды негіз - табиғи жағдайында жеткілікті іскерлік қабілеті жоқ жасанды тығыздалған немесе беріктендірілген топырақ.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz