Ауру қоздырушыларын таратушы және тасымалдаушы жәндіктер
1 Кенелерді жинау және зерттеуге жөнелту тәртібі.
2 Иксодид кенелерімен күрес шаралары
3 Саркоптоидоздарды қышыма
4 Малды қотыр туыдырған кенелерден арылту
5 Ірі қараның гиподерматозы(сәйгел,оқыра)
6 Ауру қоздырушыларын таратушы және тасымалдаушы жәндіктер

Кенелердің негізінен екі тобының ветеринарлық маңызы бар. Бірінші топқа жайылым кенелері немесе иксодид кенелер, ал екінші топқа қотыр тудыратын кенелер немесе паразитиформды кенелердің түрлері жатады. Алғашқы топтағы (иксодид) кенелер ауру қоздырушыларын қан сорғанда таратып, пироплазмидоздарды (қанның паразиттік аурулары) тудырады. Кене денесі (бас,көкірек,құрсақ) тұтасып бітіседі. Кененің дернәсілі –алты аяқты , ересек кенелер –сегіз (төрт жұп) аяқты. Кененің түсі қорегіне қарай (қан лимфа) қоңыр немесе ақшыл қоңыр, сары немесе сұр. Тұмсығы ауыз мүшесі мен бекіну рөлін атқарады.
Аналық кене денесінің артқы бөлігі жұмсақ қатпармен (хитин) жамылып, қан сорғанда дененің бірнеше есе ұлғаюына мүмкіндік береді. Кенелер шала түрленіп дамитын бунақденелілер класына жатады. Кене жұмыртқасы күңгірт сары түсті, сопақшалау.
Әдетте кенелерді жайылымнан және жануар денесінен жинап алады. Осы деректерге сүйене отыып, кенелер фаунасын нақтылы жереде анықтауға болады. Жайылым жағдайында айыына 2-3 рет ауылшаруашылық жануарларын, шопаниттерінен жиналған кенелер арахнофауна деректерін толықтыруға мүмкіндік береді.
Жануарлардың құлақ, бас, мойын, төс, қолтық, арты, желін, шап, құйрық асты түбі тұстарын мұқият тексері, байқалған ересек кенелерді екі саусақ (бас және сұқ саусаққа резеңке қолғап киіп) көмегімен жинаған дұрыс. Кене денесін бірден тартып алмай, ерсілі-қарсылы қимылдатып тартқан жөн. Кене туыстығын анықтау үшін тұмсығын денесімен міндетті түрде бірге алу қажет, егер тұмсығы теріде қалып қойған жағдайда оны қабындырады. Ал дернәсілдерін (личинка мен нимфа) пинцет көмегімен жинайды.
Табылған кенелер алдын ала 70 %-дық спирт немесе БАрбагалло (3%-дық формалин) ерітінділері құйылған шыны түтікке немесе аузы кең шыны сауытта, ал кейбір жағдайда ылғалданған сорғыш қағаз, ағаш ұнтағы түбіне салынған ыдыстарда жиналып, зертханаға жөнелтіледі. Тек әрбір сынамадағы ыдыс сыртындағы қағазда (этикетка) қай мал түлігінен, қай уақытта, қай елді-мекенде жиналғаны көрсетіледі.

Кенелердің негізінен екі тобының ветеринарлық маңызы бар. Бірінші топқа жайылым кенелері немесе иксодид кенелер, ал екінші топқа қотыр тудыратын кенелер немесе паразитиформды кенелердің түрлері жатады. Алғашқы топтағы (иксодид) кенелер ауру қоздырушыларын қан сорғанда таратып, пироплазмидоздарды (қанның паразиттік аурулары) тудырады. Кене денесі (бас,көкірек,құрсақ) тұтасып бітіседі. Кененің дернәсілі - алты аяқты , ересек кенелер - сегіз (төрт жұп) аяқты. Кененің түсі қорегіне қарай (қан лимфа) қоңыр немесе ақшыл қоңыр, сары немесе сұр. Тұмсығы ауыз мүшесі мен бекіну рөлін атқарады.
Аналық кене денесінің артқы бөлігі жұмсақ қатпармен (хитин) жамылып, қан сорғанда дененің бірнеше есе ұлғаюына мүмкіндік береді. Кенелер шала түрленіп дамитын бунақденелілер класына жатады. Кене жұмыртқасы күңгірт сары түсті, сопақшалау.
Кенелерді жинау және зерттеуге жөнелту тәртібі.
Әдетте кенелерді жайылымнан және жануар денесінен жинап алады. Осы деректерге сүйене отыып, кенелер фаунасын нақтылы жереде анықтауға болады. Жайылым жағдайында айыына 2-3 рет ауылшаруашылық жануарларын, шопаниттерінен жиналған кенелер арахнофауна деректерін толықтыруға мүмкіндік береді.
Жануарлардың құлақ, бас, мойын, төс, қолтық, арты, желін, шап, құйрық асты түбі тұстарын мұқият тексері, байқалған ересек кенелерді екі саусақ (бас және сұқ саусаққа резеңке қолғап киіп) көмегімен жинаған дұрыс. Кене денесін бірден тартып алмай, ерсілі-қарсылы қимылдатып тартқан жөн. Кене туыстығын анықтау үшін тұмсығын денесімен міндетті түрде бірге алу қажет, егер тұмсығы теріде қалып қойған жағдайда оны қабындырады. Ал дернәсілдерін (личинка мен нимфа) пинцет көмегімен жинайды.
Табылған кенелер алдын ала 70 %-дық спирт немесе БАрбагалло (3%-дық формалин) ерітінділері құйылған шыны түтікке немесе аузы кең шыны сауытта, ал кейбір жағдайда ылғалданған сорғыш қағаз, ағаш ұнтағы түбіне салынған ыдыстарда жиналып, зертханаға жөнелтіледі. Тек әрбір сынамадағы ыдыс сыртындағы қағазда (этикетка) қай мал түлігінен, қай уақытта, қай елді-мекенде жиналғаны көрсетіледі.
Иксодид кенелерімен күрес шаралары. Иксодид кенелерін сыртқы ортада жою шараларын жүргізгенде экологиялық тұрғыдан қауіпсіз тәсілдер мен жабдықтарды қолдану шарт. Бұл орайда ең тиімді тәсілдердің бірі - табиғи биотоптарда кенелердің өсіп-дамуына қолайсыз жағдайлар туғызу. Ғылымға белгілі иксодид кенелерінің жұмыртқа салуы, дернәсілдің одан шығуы және түлеу процесінің жер қыртысында өтуіне сәйкес жайылымдарды жырту мен көпжылдық екпе шөп егудің тиімділігі, бір жағынан кенені жоюға бағытталса, екіншіден жайылымның сапасын арттыруға қол жеткізеді. Таулы аймақтарда жануарларды кенелерден қорғау мақсатында олардың жайылымда көктем мен күздегі суықта (кенелер енжар болғанда) көтеріліп түсуін қадағалаған жөн. Мұндай мүмкіншілік болмаса, таулы жайылымға айдалатын малда акарицидтік препараттардың бірін бүркеді. Биотоптардағы кенелерді бүркіп жоюға ұшақтарды қолдануға болмайтын себептің бірі - бұл улы заттардың жануар ағзасына өсімдіктер арқылы еніп ұзақ уақыт оны улауында.
Сонымен қатар, кенелерді жоюдағы тиімді шаралардың құрамында мал қораларында уақтылы дезакаризациялау, кеміргіш індерін бітеу, қора маңайын қоқыс пен өсімдіктерден тазалау және т.б. жатады. Қораға мал енгізер алдында есік, терезелерін ашып, 5-6 сағат желдеткен соң, науа, астауларын ыстық сумен жуу қажет. Мал қораларда декаризацияны көктем мен күзде өткізген абзал.
Жануарлар денесіндегі кенелерді жою. Акарицидтік препараттармен жануарларды кенелер жабысқанға дейін жүргізу шарт. Бұл орайда бүріккеннен соң кененің барлық сатысына әсер ететін және ұзақ уақыт денеде иісі қалатын акарицидтер тиімді. Сондықтан, жануар денесіндегі кенелермен күресті көктем-жаз және қыс-күз мезгілдерінде жүргізеді. Қыс уақытында жануар денесін мезгіл-мезгіл қарау керек. Кене табылған жағдайда барлық малды акарицидті препараттардың бірімен өңдейді. Жануар денесіне акарицидтерді бүріккен кезде төмендегі шарттарды ескерген жөн:
* Денеге жылдам сіңіп, токсикоз тудырмас үшін жас және арық малды ыстық ерітінділермен бүрікпеу;
* Буаз аналықтарды төлдеуге бір ай қалғанда, жатырдағы төлді уландырмас ұшін өңдемеу;
* Сауын сиырлардың тері жамылғысын аса улы фосфорорганикалық заттармен (сүт өнімі арқылы адамға әсер ету мүмкіндігі болатындықтан) бүрікпеу;
* Қолданылатын химиялық заттардың арнайы қоймаларда сақталатындығын, әр заттың партиясына куәлігінің болуын, оның концентрациясын (белсенді зат әсері - Б32) 0ада5алау:
* Мал денесіне акарицидті бүріккенде жеке бастың гигиенасына көңіл бөлу (арнайы киім, аяқ киім, көзге көзілдірік кию).
Жануар денесіндегі кенелерді жайылымда жою үшін акарицидті ерітінділерді бүрку, я болмаса арнайы ванналарда малды тоғыту жүргізіледі. Тоғыту ванналары әдетте қабырғалары кірпіш, тас немесе темір бетоннан қаланған ор жобасында жасалынады. Сыртқы ортаны ластамау мақсатында қолданылып жарамсыз болған акарицид ерітінділері құбырмен арнайы құдыққа ағады. Тоғыту ванналары елді-мекеннен және ашық су көздерінен (көл, өзен, тоған) қашық жерде, алайда фермаға жақын жерде орналасады.
Акарицидтер мен жануардың тері жамылғысын бүрку үшін арнайы механикаландырылған тұрақты немесе тіркемелі қондырғылар (УМДАУ, ОСА-2, ЛСД-2, ВМОК; ШГРУ, ДУК, ВДМ, гидропульт, автомакс, т.б.) қолданылады. Қысқы уақытта малды кенеден арылтуға акарицидтердің (севин, инсорбцид) құрғақ ұнтағы ірі малға 300-400 г, ұсақ малға 100-150 г мөлшерінде себіліп, кейіннен теріге ысқыланып жағылады. Өңделетінмалды қыста далаға шығарады.
Саркоптоидоздарды қышыма-қотыр кенелері(мөлтек 0,2-0,8мм,денесі домалақ немесе ұзындау-сопақша),көздері мен тыныс мүшелері жоқ.Тыныс алуды бүкіл дене беті атқарады.
Даму сатылары; жұмыртқа,дернәсіл,протонимфа,телеон имфа және имаго.Бұл кене тұқымы үй жануарларының эктопаразиттер тобына жатады.
Малдан малға ауру қоздырушысының тікелей немесе жанамалай берілетіні,жас малда аурудың зілді өтуі,саркоптоидоз дар маусымдылығы бойынша қыс,ерте көктемде суық немесе ылғалдың көп болуынан тері жамылғысының ұзарып,ұйысу нәтижесінде байқалатыны алынады.Керісінше, жылы уақытта малдың түлеуі әдетте кененің күрт азаюына әкеліп соғады да,ауру өшкін түріне көшеді.Тек,отодектоз(құлақ қышымасы)ғана жылдың барлық мезгілдерінде кездесе береді.
Әдетте ауру малдың малдәрігерлік көмегінсіз өздігінен сауығуы байқалмайды,өйткені біріншіден,кененің үздіксіз көбейіп,өсіп,сау теріні қабындыруынан туындаса,екіншіден,сыртқы ортаға шашылған ересек кененің 4-7 апта сақталып,ауру ошағында қайта жұғуын қамтамасыз етеді.
Сыртқы белгілерісаркоптид кене түрлерінің тудырған ауруларына сәйкес алуан.Саркоптоза инкубациялық кезеңі 2-3аптаға созылып,дене қызуы көтеріледі,терісінде пайда болған ұсақ түйіндер мен көпіршіктер жарылып,бір-бірімен ұласып(қасығанда),ішіндегі сұйығы тері бетінде қатып,кебеді.Малдың қатты заттарға қасынуы тері қабатындағы тері және жүн,қылшық қаптарының қабынуына әкеліп соғады,жүні түсіп,терісі жарылады.Мал азып,өнімі күрт төмендейді.
Аурудың алғашқы кезінде кене малдың бас,мойнының үстінде,құлақ қалқанының ішкі беті,құйрық түбі,аяқ терілерінде басталады.Бұл аурудың бір ерекшелігі-терінің қалыңдап,оның қыртыстануы.
Жануарлар псороптозында алғашқы сыртқы белгілері денесінің жүн жамылғысы тығыз және ұзын,салалы жерлерінде болуы,соңғыларының орны жалаңаштанып тақырлануы,алайда тері қыртыстануы әлсіз немесе мүлдем болмауымен сипатталады.Ауру мал суыққа тиіп тыныс алу жүйесі аурулары жиілейді.
Псороптозға биязы жүнді(меринос)қойлар және ірі қараның баспақтары өтебейім.Қабынған тері ошақтары құйымшақ,арқа,мойын,мүйіз тұсында-ірі қара малда,жылқыда-шоқтық,мойын,арқа,жау ырын маңынан басталады.Қоян мен ешкілерде құлақ қалқаны,есіту жолдары қабынып ауру құлақтың ішкі бөліктерін қамти,жануар басын қисайтып ұстауына мәжбүр етеді.
Хориоптозжануар денесінде ошақты қабыну түрінде өтеді де,соңғыларының беті эпидермис қабыршақтары және кепкен лимфамен жабылып,астында кенелер мекендеген қотырға айналады.Жылқының терісі алғашқыда-тұсау буында(аяқ қышымасы),ірі қарада-құйрық,аяқ,жиі тұсау және шап арасында,ал ұсақ күйіс малының бас,мойын,ұма тұстары қабынумен байқалады.
Малды қотыр туыдырған кенелерден арылту.Саркоптоид кенелер тудырған аурулардан малды арылту шаралары кешенді түрде(ауру малды емдеу,шартты сау және аурудан күдікті малда аурудың алдын алу,қора жайды дезинвазиялау,сырттан әкелінетін малды сақтық карантинде ұстау және дұрыс азықтандыру) жүргізілуі шарт.Псороптозбен бір ғана қой ауырған отар толығымен індет ошағы ретінде саналады.Осыған сәйкес ауру ағымына,жыл мезгіліне және малдың жалпы жағдайына қарай оны емдеудің тәсілі мен жабдықтары айқындалады.Ауру малды емдеудің құрғақ(тері жамылғысына себу) және ылғалды(ерітіндіде тотығу) түрлеі бар.Ылғалды түрі әрі тиімді,әрі жеңіл.
Арнайы ванналарда тотығу кезінде қолданылып отырған акарицидтік препараттың белсенді әсер етуші затын қадағалау қажет.Өйткені препараттың белсенді заты тері жамылғысымен,нәжіспен азайып,эмульсияның концентрациясы төмендейді.Сондықтан,қырқылған қойды тоғытқанда әр 200-300 бас өткен сайын негізгі ерітінндіге акарицидтік препараттың тиісті мөлшерін нұсқауға сәйкес үстемелеп құйып отырады.
Соңғы жылдары саркоптоздарды емдеу мақсатында шетелдік препараттардың авермектин тобына қарасты түрлері(ивомек,баймек,ивертин,сайде ктин,аверсект,т.б.)кеңінен қолданыс табуда.Аталған дәрілердің қолайлылығы-кез келген уақытта( жыл мезгілімен санаспай)тері астына егу арқылы нәтиже көрсетуі.Мысалы,ірі және ұасқ қараға бұл преператтар әр 50кг тірі салмаққа 1мл дозада,доңызға-әр 33кг-ға 1мл мөлшерде қолданылады.Жылқыға авермектиннің арнайы түрі Еквалан (МСД АГ-вет фирмасы)паста ретінде беріледі.
Акариформдық кенелердің мал қорасында,құрал-жабдықтарда ұзақ сақталуын ескеріп,дезакаризацияны әдетте ыстық ерітінділермен жүргізеді.Қысқы уақытта құрғақ тәсілдің көмегімен арнайы құралдарды(РВ-1,ОЗУ-5)қолданылып атқарады.
Акарицидтік препараттар құрғақтай қолданылғанда олардың концентрациясы:дикрезидің,хлорофост ың 7%-ы,карбофостың4%-ы,фиталофостың 2%-ы,феналвераттың 05-1%-ы,коллоидты күкірттің 3%-ы мөлшерінде алынады.
Концентрациясы дұрыс есептелініп емделген малда нәтижесі 10-14күннен соң ауру малдың оңалып,тері жамылғысындағы қотыр қатпары түсіп,оның орнына біртіндеп жүні(қылшығы,түгі)шығады.
Тақтұяқтылар гастрофилезі-бөгелек дернәсілдерінің ас қорыту жүйесі бөліктерінде (жұтқыншақ,қарын,тік ішек)тоғыршарлық етуінен туындаған ауру.Аурудың төл атауы:қарын құрт,көтен құрт немесе көмей құрт.
Инвазия көзі-ауру жылқы жайылымды ластайды.Жылқылардың гастрофилезге жасынан қарамастан,көп шалдығуы жаңбыры аз,құрғақ жаздарда 100%-ға дейін жетеді.Тоғышар бөгелек дернәсілдерінің саны жылқының ас қорыту жүйесінде 2500-ге дейін кездеседі (құйрық-жалдың қысқа болуы,малдың өзін қорғай алмауы,т.б.).
Аурудың сыртқы белгілері негізінен инвазия интенсивтілігіне,дернәсілдердің тоғышарлық орнына және малдың қоңына қарай байқалады.Гастрофил дернәсілдері 10-11ай ағзада болғанда ас қорыту жүйесінің кілегей қабығы бозаруы,малдың азықтан қалуы,іш өтуі,түйәлу,тісін қайрау, симптомдарымен өтеді.Көмей тұсында дернәсілдер көп болғанда,жылқының ішкен суы мұрнынан кері ағады немесе ауырсынып жұтынады.Басқа түрі тік ішекті жайлап,мал қи тастағанда көтені айналып кетеді. Кей жағдайда дернәсілдің көптігінен азық қорытылуы және басқа бөлімдеріне жылжуы нашарлап,я болмаса мүлдем тоқтайды.Осы жағдайда астыңғы жақтың дірілі немесе іш түйілуі,тершеңдік,тез болдыру белгілері байқалады.Кіші және қара мұртты бөгелектердің әсері терінің қабыршақтануына әкеліп соғады(дерматит).
Ауруды нақтылы жағдайда этиологиялық жолмен.яғни тері жамылғысын бөгелек жұмыртқаларына,ал ауыз қуысын( тілдің түбін,жұтқыншақ тұсын)езуліепен ашып,рефлектордың көмегімен жарық беріп бірінші кезеңдегі дернәсілдердің болуымен растайды.
Емі.Гастрофилезді жылқы арасында алдын алу немесе жою жұмыстары екі мезетте атқарылуы шарт.Дауалау жұмыстары үнемі жүргізілуі үшін мынадай шарттарды орындаған дұрыс.Біріншәден,көктем-жаз айларында,3-сатыдағы дернәсілдердің сыртқы ортаға қуыршақтануға түсу кезеңінде,оның имаго сатысына дейін жұмсалатын мерзімін ескеріп,жайылым алмастырып отыру,яғни 6-8бөліктен тұратын жайылымның әрқайсысына жылқыны 15-17күн бағып,келесіге көшу.Екіншіден,жылқыны таңертең,ыстық көтерілмей тұрғанда (5-10сағат аралығында),түс ауа (18-19сағаттан соң),я болмаса түнгі мезгілде бағу.
Ауру ошағында химиялық терапияны ересек бөгелектің ұшу мерзімі аяқталысымен күзде жүргізу.Аталған шараны жүргізу үшін мынадай заттардың:хлорофостың,карбофостың 5%-дық,амидостың 5-7%-дық,троленнің 4,5%-дық ерітінділерін күзде-азыққа (шөп,жемге) қыста-қарға бүркіп береді.Бұл ем шараларын өткізер алдында жылқыны 1рыптәулік ашықты(жем,су бермей)жүргізеді.
Соңғы жылдары ауру жылқыларды емдеу үшін ең тиімді преператтардың бірі-Эквалан-пастасы(құрамында 1,87%ивермектин)кеңінен қолданыс табуда(препарат көпшілік паразиттерді жояды).
Ірі қараның гиподерматозы(сәйгел,оқыра)-үлкен тері асты,я болмаса жұлын бөгелегі және кіші тері асты немесе өңештің бөгелегі түрлерінің тері асты шелінде тоғышарлығынан туындаған ауру.
Гиподерматоз-Қазақстанның ірі қара малында,әсіресе орталық,солтүстік және батыс өңірлерінде кеңінен таралған аурулардың бірі.Кейде гиподарма бөгелектері қой,ешкі,жылқы,сиректеу жағдайда адамда табылғаны ғылымға мәлім.Табиғи жағдайда жайылымда болған малдың 3жасқа дейінгілерінің барлығында ауруға шалдығу деңгейі өте жоғары.Күзден қысқа дейін туған бұзауларда гиподерматоз байқалмайды.Аурудың таралуына әдетте шеттен ветеринарлық маманның қадағалауынсыз әкелінген және жергілікті жердегі ауру мал себеп болады.
Ересек бөгелектің жаппай ұшуы желсіз,тынық жылы жәнеашық күндері мазалауымен байқалады.Бұл кезде мал қатты тынышсызданып,құйрықтарын көтере бас сауғалап көлеңкелі ағаш немесе суға (көл,өзен)тығылады.Үлкен тері асты бөгелегі әр қылшыққа біреуден,ал кіші түрі екеу-үшеуден жұмыртқа салады.Жылына бір генерация (ұрпақ)береді.Жазы ыстық,құрғақшылық жылдары инвазия жиілігі артады(температура неғұрлым жоғары болса,дернәсілдер соғұрлым қысқа мерзімде дамиды).
Сыртқы белгілеріне қарай екі кезеңге бөлуге болады.Алғашқыда бірінші сатыдағы дернәсілдер жұмыртқадан дамып,теріні де,ағзада миграция жасайды.Бұл кезең әдетте жасырын түрде білінбеі өтеді.Кейде жіті бақылап малдың тынышсызданғанын,қышыну,тері астының домбығуын,я болмаса кілегейлі жалқаятың пайда болғанын,азықты жұтқанда ауырсынуымен сілекейінің мөлшерден тыс көп бөлінуінің,жүру қабілетінің және орнынан күштеп тұруын аңғаруға болады.Екінші кезеңде жон арқасын саусақпен сипағанда солтүстікте-ақпан мен наурыз,ал оңтүстікте-желтоқсан мен қаңтар айларынан бастап алғашқы төмпешіктерді сезуге болады.Кейіннен соңғылардың ұлғайып,тесіліп,жарылуына әкеліп соғады.Бұл уақытта 3-сатыдағы дернәсіл тесілген өзектен жара тартылмас үшін антеннасын (сезгіш мұртын)шығарып тыныстайды.Жараның маңайы сарғылт-жасыл іріңмен желімденеді.Мал үнемі оларды басы жеткен жерлерін тілімен жалайды,азыққа тәбеті төмендейді.Өзек ауқымы үлкейген жағдайда саусақпен басып,ішіндегі 3-сатыдағы дернәсілді іріңмен қоса қысып шығаруға болады.Кей жылдары ауру малдың жон арқасының тері астында 200-ге тарта дернәсіл мекендейді.Ауру малдың терісі қатайып,сауын сиырдың сүті қашады,жас малдың салмақ қосуы төмендейді.
Гиподерматоздың емі және даулау.Гиподерматозбен күрес шараларын жүргізу ерекшеліктері Қазақстанның әр регионында бөгелектің сыртқы ортада даму,ұшу және доғарылу мерзімін ескере орындалады.Сондықтан,гиподерматозбе н күрес шаралары негізінен екі жолмен жүргізіледі.1-сатыдағы дернәсіл ағзада мирациялау кезінде-алғашқы химиотерапия,ал күзде бөгелектің ұшу мерзімі аяқталысымен арасына 30күн салып екі рет жон арқасынан сегізкөзге дейін гиподерминхлорофос,дикафос,сульфидо с,азунтол,тегувон- 2 ,тегувон-20,имадофос,фентион немесе рицифон ерітінділері омыртқа жотасының екі жағында дозатордың көмегімен құяды.Малдың салмағына қарай гиподермин-хлорофос 16-24мл,диоксафос12-16мл,рицифон 6-15мл,сульфифодос- 20 5-12мл дозада қолданылады.
Соңғы жылдары ивомек, баймекғ асертин, аверсект (фармазин) дәрілерінің мойынның тері астна бір рет, әр 50 кг салмаққа 1 мл доза енгізіп қолданылуы жақсы нәтиже беруде.
Көктемде барлық ірі қараны клиникалық тексеруден өткізіп, ауру деп табылған малды жоғарыда көрсетілген жүйелі әсерін білдіретін инсектицидтермен өңдеу қайталанады. Жаз айларында бөгелек ұша бастағанда малдың тері жамылғысын инсектицидтердің бірімен ай сайын бүрку арқылы инвазия интенсивтілігін азайту келесі жылғы жайылымда гиподерматоздың таралу деңгейін төмендетуге мүмкіндік береді.
Қой эстрозы (пысқырма, пысқырық) - танау, кеңсірік және маңдай құрт дернәсілінің тоғышарлығынан туындаған ауру.
Аталған ауру Қазақстанның, Орта Азия және Кавказ мемлекеттерінің барлық өлкелерінде кездеседі. Бұл ауруға сонымен қатар, ешку де бейім. Қазақстанның оңтүстік облыстарында - екі генерация, солтүстігінде - бір рет тұқым береді.
Мал арасындағы шығын әдетте жылдың екінші жартысында туған марқа қозыларда жиі байқалады. Инвазия интенсивтілігі қой басының шоғырланған санына қатысты. Қой неғұрлым көп болса тоғышардың саны да 30-40 данаға жетеді. Қойдың кеңсірік бөлегінің ересегі күннің ыстық мезгілдерінде (9-10 мен 17-18 сағат аралықтарында) жаппай ұшып, қойды мазалайды.
Сыртқы белгілері танаудағы құрт балаңқұртының санына, қой ағзасының тұрақтылығы мен аурудың кезеңіне қатысты. Мондвқтан ауру ағымына қарай үш кезеңге бөледі. Алғашқы кезеңде бөгелек аналығының танау қуысына тірідей бүркеді. 1-сатыдағы дернәсіл танау қуысының кілегейінде тоғышарлық етуіне сәйкес ауру қой тынышсызданып, пысқырады, басын шайқап, тұмсығын жерге немесе қатты заттарға үйкейді. Кейіннен танау тесігінен кілегейлі сұйықтық не қан араласа ағады да, танау маңайында қатып қабыршақтанады. Танау қуысының кілегейі қызарып қабынады. Тыныс алуы жиілеп қиындайды. Ересек имагоның ұшу мерзімі аяқталысымен, қой арасында ауру ьелгісі бәсеңдеп, ағымы бойынша жасырын түріне көшеді. Соңғы кезеңде 2 және - сатыдағы дернәсілдер кеңсірік пен маңдай қуысына қарай ығысуына байланысты маңқасы кілегейлі-іріңді болады. Ауру қой отардан қалып, арықтап азады, жүріс-тұрысы қиындап, бағдарынан жаңылады. Ауру зілді түрде байқалғанда орталық жүйке жүйесі қызметі нашарлап, ауру қойда жалған айналманың белгілері байқалады. Үшінші кезеңдегі дернәсілдердің жерге қуыршақтануға түсуіне сәйкес ауру малдың жағдайы жақсарады. Жоғарыда көрсетілген белгілер солтүстікте - наурыз-мамырда, ал оңтүстікте екі рет: наурыз-мамыр және шілде-қыркүйек аралықтарында байқалады.
Түйе цефалопинозы - дернәсілдердің танау қуысы, танау кеңсірік кеңістігінде, торша сүйектің қуыстарында тоғышарлығынан туындаған ауру. Қазақша төл атаулары: тұмыр, көмейқұрт, түйеқұрт, мұрын ауруы.
Цефалопиноз негізінен түйе шаруашылықтары дамыған: Орталық, Оңтүстік, Батыс Қазақстан облыстарында кеңінен кездеседі. Инвазия экстенсивтілігі (ЭИ) кейбір жылдары 70%-дан 100 %-ға, ал инвазия интенсивтілігі (ИИ) 25-170 дернәсілге дейін жетеді. Қос немесе дара өркешті түйелер арасында ауруға шалдығу деңгейінің айырмашылығы жоқ. Жер ерекшелігі ескерілсе, шөлді аймақтарға қарағанда шөлейт және далалы жерлерде ауру басымырақ (бөгелектің ыстыққа шыдамсыздығынан) кездеседі. Жайылым алмастырылатын аудандарда (көшпелі құмдар) цефалопиноз кең ауқымда байқалмайды, ал үнемі бір жайылымды қолданатын шаруашылықтарда таралу деңгейі өте жоғары.
Сыртқы белгілері. Цефалопиноздың таралу ауқымдылығына, маусымдылық ерекшеліктерге, ағзаның резистенттілігі мен қоздырушының даму сатысына қарай өрбиді. Алғашқы сатыдағы дернәсілдер танау қуысын жайлаған кезде басын шұлғу, танауын жерге, қора қабырғасына, ағаш, бағаналарға үйкеу, пысқыру, мойнын созу белгілері байқалады. Біртіндеп танаудан кілегейлі, кейіннен іріңді сорасы ағып, мал жүдейді. Күзге қарай сыртқы белгілері бөгелектің ұшуы тоқталуына сәйкес өшкін түрде ауысып, қыс айларында 2, 3- сатыдағы дернәсілдердің кеңсірік, көмейге қарай ығысуы көзге көрінетін кілегейдің қызару, қанталау, домбығу (цитоскоп көмегімен), ысқырып дем алу, адған азықты шайнамай аузын ашып дем алу, күйісінен жаңылу, көмей тұсының басқанда ауырсынуы, т.б. әкеліп соғады. Дернәсілдер көп болғанда кейде танаудан қан ағып, жағымсыз иіс шығады. Уақтылы малдәрігерлік көмек болмағанда ауру түйе тұншіғіп өліп кетеді. Сонымен қатар, бұрынғы Шымкент облысында цефалопинозға трипанозомоз қосарлағанда (парозитоценоз түрінде) түйе жағдайы күр төмендеп, өлімге көп бас ұшырағаны мәлім.
Қой экстрозы мен түйе цефалопинозын дауалау және емдеу. Індет ошағында қой экстрозы мен түйе цефалопинозы байқалғанда алдын ала қымталып жабылған қораға ауру малды енгізіп, аэрозольді генераторлардың (АУ-1) көмегімен ДДВФ-тің 60 мг, немесе 10-24%-дық хлрофос ерітіндісінің 4 г, 10 %-дық сульфидофостың 2 г, 1%-дық неоцидолдың 120 мг, 5%-дық колорцидтің 100 мг, 16,7 %-дық циодриннің 3 г әр 1 м3-ге тозаңдату арқылы бүркіп емдейді. Экспозициясы - 1 сағат. Қораның ішіндегі температура 16-250 С шамасында болуы керек. Бұл аталған емдеу жұмыстары бөгелектің ұшу мерзімі аяқталған соң солтүстікте қыркүйек-қараша, оңтүстікте екі мәрте: маусым-шілде және қараша-қазанда жүргізіледі. Сонымен қатар, бөгелектің екі генерациялы үлгіде дамитын региондарында химиотерапияны ивомекті (1мл50 кг салмаққа), фасковеримді (0,5сл25 кг) тері астына жіберу арқылы өткізеді.
Түйе цефалопинозында аэрозольді генератор болмағанда диоксафос немесе сульфидофос-20 препарттарының бірімен әр 1 кг салмаққа 20 мг дозада желкеден өркешіне дейін ерітінді түрінде құюға болады.
Жекеменшіктегі түйелер аз болса, бөгелек ұші кезінде 3-5 күнде бір реттанау қуысының кіре берісін 2 %-дық ДДВФ араластырылған вазелин майын жақса жеткілікті.
Жылқы ринэстрозын үш түрлі танау (бас, бөгелек, қортық және аз тікенді) бөгелектері тудырады.
Сонымен қатар, ринэстроз климаты жылы және құрғақ Украина, Башқұртстан, Орта Азия және Ресейдің Сібір аймағында кездеседі. Жазы ыстық болған жылдары ринэструс биологиясына жақсы жағдай туып, ринэстроз жылқы арасында энзоотия түрінде байқалады. Бір жазда оңтүстікте 2, солтүстікте 1 генерация береді. Ұшу уақыты эструстердегідей. Солтүстікте ұшу мерзімі - маусымнан қыркүйектің ортасына дейін, ал оңтүстікте бірінші рет мамыр-маусым, екінші рет тамыздың екінші жартысынан қарашаның екінші жартысына дейінгі аралықта. Ересек бөгелектер 440-тан 1074-ке дейін дернәсіл шашады (9.13-сурет).
Сыртқы белгілеріаурудың созылмалы түрде өтуіне сәйкес дернәсілдердің 3-сатысына жетуіне байланысты көктемде асқынады. Ересек бөгелектер ұшқан кезде жылқы тынышсызданып, аз оттап, бастарын шұлғиды. Танау қуысына енген балаңқұрттар кілегей қабықты қабындырып, ауырсындырады. Бұл кезеңде мал азықтан қалады, құлын, жабағы, тайлар арықтап, салмақ қосуы төмендейді. Кілегейдің қабынуынан танау қуысында, жұтқыншақ тұсында домбығу мен қанталау болады. Осыған байланысты ринит пен ларинготрахеит байқалады. Жақ асты мен құлақ тұсы бездері қабынып, жылқының жұтынуы қиындайды. Ауру жылқы су ішкенде ішкен суы танауынан кері қарай ағады. Көктемге қарай жылқа қатты пысқырғандакейде 3-сатыдағы дернәсілдер танаудан түседі. Сыртқа түскен 3-сатыдағы дернәсілдің қуыршақтану мерзімі температураға байланысты 15-5 тәулікке созылады.
Аурудың емі және дауалау. Күзгі уақытта ринэструс дернәсілінің 1-сатысынан ауру жылқыларды арылту мақсатында солтүстікте қыркүйек-қазан, ал оңтүстікте екі мәрте: шілдеде және қазан-қараша айларында инсектицид препараттарды қолдана аэрозольді тәсілмен емдейді. Аталған тәсілдің тиімділігі 96-100 % құрайды. Немесе гастрофилез бен ринэстрозға қарсы емді бір мезгілде жүргізу үшін 12-14 сағат ашықтырылған жылқыларға хлорофостың 5% -дық судағы ертітіндісін әр килограмм салмаққа 40 мг дозада уақталған жемге араластырып беру арқылы емдейді. Мұндай емдеуге буаздығының соңғы айларында биелер, арық және ауру жылқылар жіберілмейді. Сонымен қатар, эквалан пастасын ауыздан берген жағдайда емдеу тиімділігі 100% -ға жетеді.
Ауру қоздырушыларын таратушы және тасымалдаушы жәндіктер
Жайылымдағы жануарларды жылы мезгілде: сона, маса, шыбын, құмыты және шіркейдің түрлері қатты мазалайды. Сонымен қатар, мал қорада тұрғанда басқа эктопаразиттердің: жүнжегіш, мамыққыуырсын жегіштер, бит, бүрге, қандала, т.б түрлері жыл бойы денесінде тіршілік етеді.
Соналар - қосқанатты қансорғыштардың ішіндегі ең ірілері. Қазақстан аумағында 80-ге жуық түрлері мекендейді. Соналар негізінен жағалауларында қоға-қамыс өскен өзен-көл маңайында, таулы аймақтарда кеңінен кездеседі. Ересек соналардың ірілері - 15-30 мм, орташа ауқымдылардың ұзындығы - 7-12 мм, ал кішілерінікі - 6-10 мм-дей. Дене бөліктері жақсы жіктелген және бас, кеуде, құрсақтан құралған. Басы үлкен, кеудесінен әдетте жалпақ, көздері күрделі және басының екі жағын алып жатады. Үш буынды мұрттары бастың ортасында орналасады. Бастың төменгі жағында теріні шаншып тесуге немесе өсімдік сөлін жалауға бейімделген ауыз жабдықтары орналасқан. Аталық сонаның тек өсімдік нәрімен қоректенуіне байланысты тесіп-кесетін жабдығы жоқ, тек жалауға бейімделген. Үш бөліктен құралаған кеуденің ортасына ірі қос қанаты бекінген. Қанаттары ірі, көптеген белдеушелері бар және олар қанаттың шетіне дейін жетеді. Оның артында екі кішігірім, ақ немесе сарғылт қоңыр зырылдауықтары орналасады. Аяқтары мығым, қысқа және түк жамылған. Құрсағы жалпақ, жеті сегменттен құралған.
Сона түріне қарай түстері ақ, қызғылт, қызғылт қоңыр болып келеді. Сона аналықтары кез келген жануарлардың бас, кеуде, ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz