Инвазиялық аурулардың зияны



I. Кіріспе
II.Негізгі бөлім
2.1.Инвазиялық аурулардың зияны
2.2.Инвазиялық ауралардан сақтандыру негіздері
III.Қорытынды
IV.Пайдаланылған әдебиеттер
Жануарлар ағзасында гельминт (құрт), кене, жәндік және қарапайымдардың ықпалынан туындаған дерттерді инвазиялық немесе паразитарлық аурулар деп атайды. Паразит (тоғыштар) деген сөздің түпкілікті мағынасы – бір ағзаның екінші ағза есесінен күнелтуі.Жер бетіндегі 1,5 млн. жануар түрінің 60-65 мыңға жуығы паразиттер болып табылады. Қазіргі уақыттағы тоғышарлардың көпшілігі ертеде еркін өмір сүрген ағзалардан өздерінің эволюциялық даму сатысында қажетсіз дене мүшелерінен (аяқ, ас қорыту жүйесі, т.б.) айырылып (регресс), керісінше, керекті мүшелерді (бекіну, сору, жыныс жүйесінің шектен тыс көп тұқым шашуы, т.б.) иеленген.

1.Инвазиялық аурулар үй хайуанаттары мен аңдардың барлық түрлерінде кездесетіндіктен, олар халық шаруашылығына қыруар зиян келтіреді. Көптеген инвазиялық аурулар, әсіресе протозойдтық және ішқұрт аурулары жануарларды жаппай өлім-жітіміге ұшыратады. Ірі қара малдың тейлериоз бен бабезидоздардан әжептеуір шығынға ұшырайтыны барша жұртқа мәлім, сондай-ақ тауық балапандары және үй қояндары эймериоздан және көптеген ішқұрт ауруларынан, қой мен бұзаулардың диктиокаулез бен мониезиоздан, қой мен ірі қара малдың фасциолездан, қойдың ценурозбен мониезиоздан көп шығынға ұшырайтыны белгілі.
Бірқатар инвазиялық ауруларда тікелей өлім-жітім болмағанымен жануралардың өнімі төмендейді, сондай-ақ олардың қалыптағы физиологиялық өсіп-жетілуі тежеледі. Мысалы, астыртын өтетін ірі қара малдың фасциолез ауруында сүт өнімі 20-50% дейін, ал кейде одан да көп төмендейді. Фасциолезбен ауырған қойдан, сау малмен салыстырғанда, 10-30 % жүн кем қырқылады.
1. “Паразитология және жануарлардың инвазиялық аурулары”: Оқулық. Алматы: ЖШС РПБК “Дәуір”, 2011.
2. Интернет желісі:http://ikaz.info/zhanuarlardy-invaziyaly-aurulary/

Пән: Ветеринария
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 7 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министірлігі
Семей қаласы Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті

СӨЖ
Тақырыбы: Инвазиялық аурулардың зияны

Семей 2017

Жоспар:
I. Кіріспе
II.Негізгі бөлім
2.1.Инвазиялық аурулардың зияны
2.2. Инвазиялық ауралардан сақтандыру негіздері
III.Қорытынды
IV.Пайдаланылған әдебиеттер

Кіріспе
Жануарлар ағзасында гельминт (құрт), кене, жәндік және қарапайымдардың ықпалынан туындаған дерттерді инвазиялық немесе паразитарлық аурулар деп атайды. Паразит (тоғыштар) деген сөздің түпкілікті мағынасы - бір ағзаның екінші ағза есесінен күнелтуі. Жер бетіндегі 1,5 млн. жануар түрінің 60-65 мыңға жуығы паразиттер болып табылады. Қазіргі уақыттағы тоғышарлардың көпшілігі ертеде еркін өмір сүрген ағзалардан өздерінің эволюциялық даму сатысында қажетсіз дене мүшелерінен (аяқ, ас қорыту жүйесі, т.б.) айырылып (регресс), керісінше, керекті мүшелерді (бекіну, сору, жыныс жүйесінің шектен тыс көп тұқым шашуы, т.б.) иеленген.

1.Инвазиялық аурулар үй хайуанаттары мен аңдардың барлық түрлерінде кездесетіндіктен, олар халық шаруашылығына қыруар зиян келтіреді. Көптеген инвазиялық аурулар, әсіресе протозойдтық және ішқұрт аурулары жануарларды жаппай өлім-жітіміге ұшыратады. Ірі қара малдың тейлериоз бен бабезидоздардан әжептеуір шығынға ұшырайтыны барша жұртқа мәлім, сондай-ақ тауық балапандары және үй қояндары эймериоздан және көптеген ішқұрт ауруларынан, қой мен бұзаулардың диктиокаулез бен мониезиоздан, қой мен ірі қара малдың фасциолездан, қойдың ценурозбен мониезиоздан көп шығынға ұшырайтыны белгілі.
Бірқатар инвазиялық ауруларда тікелей өлім-жітім болмағанымен жануралардың өнімі төмендейді, сондай-ақ олардың қалыптағы физиологиялық өсіп-жетілуі тежеледі. Мысалы, астыртын өтетін ірі қара малдың фасциолез ауруында сүт өнімі 20-50% дейін, ал кейде одан да көп төмендейді. Фасциолезбен ауырған қойдан, сау малмен салыстырғанда, 10-30 % жүн кем қырқылады.
П.П.Вибенің деректерінше, эхинококкозбен ауыр зақымданған қойдың орташа салмағы сау жануарлармен салыстырғанда 8 кила аз. Эхинококкозбен орта дәрежеде зақымданған әр қой: 1 кг ет, 140 грамм тоң май және 105 грамм жүнді кем береді.
Ал аскаридозбен ауырған торайлар 3 ай бордақылағанда жоспарлы салмағының үштен бірін жоғалтады.
Аскаридоз және гетеракидозбен зақымдалған тауықтардың жұмыртқа өнімі 15-20% дейін төмендесе, ал простогонимоз ауруында тауықтың жұмыртқа салуы мүлдем тыйылады.
Ішқұрт ауруларына шалдыққан мал өнімінің сапасы да төмендейді. Мысалы, фасциолез ауруларында витаминдердің деңгейі әжептеуір төмендейді, жануарлар денесінде микроэлементтердің мөлшері өзгереді, ал белок мөлшері азайғандықтан және гидремия (қанның сұйылуы) салдарынан ет сапасы мен қоректік қасиеті де күрт төмендейді. Мысалы: эхинококкозбен ауырған шошқаның, сау малмен салыстырғанда етінің ылғалдылығы 4,48 % артық, ал майы 1,11 % және протеині 3,36 % кем болады. Сондай-ақ, ауру шошқаның 1 кг етінің жылу беру қабілеті 194,2 калория кем.
Ірі қараның трихомонозында, жылқының киеңкі ауруында мал іш тастайды, қысыр қалады және бедеулікке шалдығады. Оқыра ауруының мал шаруашылығына келтіретін зияны көпшілікке мәлім. Терісінің сапасы күрт төмендеуімен қатар, гиподерматозға шалдыққан әрбір сиыр жылына 50-80 л сүтті кем береді.
Көптеген қансорғыш өрмекші тәрізділер адам мен малдың бірқатар инвазиялық және инфекциялық ауруларын тасымалдайды. Сондай-ақ, бірқатар инвазиялық аурулар, әсіресе ішқұрт аурулары малдан адамға жұғады. Сонымен инвазиялық ауралардың халық шаруашылығына көптеген зиян тигізуімен қатар, олардың әлеуметтік маңызы да зор.
Осы ауруларға қарсы емдік-дауа шараларын ұйымдастыруға жыл сайын қыруар қаржы жұмсалады.

2.Инвазиялық ауралардан сақтандыру негіздері
Инвазиялық ауруларда жүргізілетін сақтандыру шаралары, індетке қарсы шаралардан ерекшеліктері бар. Індеттен жануарлар- ды сақтандыру үшін вакцина егу кеңінен қолданылады. Сондай- ақ, ауырып сауыққан малдың қан сарысуымен емдеу, зарарсыздандыру және карантин шаралары да қолданылады.
Инвазиялық ауруларда вакцина егу және қан сарысумен емдеу сияқты шаралар әлі кеңінен қолданыс тапқан жоқ, ал дезинва- зиялық шаралар барлық ауруларда қолданыла бермейді. ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Инвазиялық аурулар
Жылқы стронгилезін анықтау
Тениуколды цистицеркоз кезіндегі сойыс өнімдерін ВСС және санитарлық бағалау
Санитарлық паразитология - ПӘННІҢ ОҚУ ӘДІСТЕМЕЛІК МАТЕРИАЛДАРЫ
Шошқа трихоцефалезін анықтау және емдеу
Диктиокаулез туралы
Ас тұзының қаныққан ерітіндісін қолдана флотациялау әдісі
Мүйізді ірі қара мал мен шошқа ұшаларын тексеру
Қой гемонхозын балау
Күйіс қайыратын жануарлардың хабертиозының балау
Пәндер