Қой эмериозы және ірі қараның фасциолезы



I.Кіріспе
II.Негізгі бөлім
2.1.Қой эймериозы
2.2.Фасциолез
III.Пайдаланылған әдебиеттер
Гельминтология (грек. helmіnts – құрт және logos – ілім) – паразит құрттар және олар тудыратын адам, жануар, өсімдік аурулары туралы ғылым; паразитология саласы. Гельминтология XVIII ғ-дың 2-жартысында қалыптаса бастады. Оның негізін салушы неміс ғалымы К.А.Рудольфи болды. Гельминттер фаунасы, жүйеленуі, даму сатылары туралы алғашқы деректер Дания зоологі И.Стенструп, неміс ғалымдары Р.Лейкарт, Г.Кюхенмейстер, француз А.Райе, т.б. еңбектерінде (XIX–XX ғ-лар) баяндалған. Қазақстанда Гельминтологияны дамыту ісіне К.И.Скрябин (КСРО-дағы Гельминтология негізін салушы), Е.Н.Павловский, В.А.Догель, Б.Е.Быховский, Р.С.Шульц үлкен үлес қосты. Республикада Гельминтология саласындағы жүйелі зерттеулер Қазақ өлкелік малдәрігерлік-бактериология институтында, П.Г.Панова мен Н.В.Баданиннің ғылыми жұмыстарынан басталады. Зоология институтында, Тараз қаласындағы К.И.Скрябин атындағы Гельминтология лабораториясында жүргізіледі. Мал гельминттерінің фаунасы зерттеліп, мал гельминтоздарының эпизоотологиясы, патогенезі, диагностикасы және олардың емдеу жолдары анықталды (С.Н.Боев, Шульц, Г.И.Диков, Н.Т.Қадыров, В.Т.Рамазанов, т.б.). Зоология институтында гельминттердің жүйеленуі, тіршілігі, таралуы, экологиясы зерттеліп, гельминтоз ауруларының табиғи ошақтары анықталып, күрес шаралары белгіленді (Боев, Е.В.Гвоздев, В.И.Бондарева, В.Я.Панин, Э.И.Прядко, Х.Егізбаева, Ж.Жатқанбаева, Б.Шайкенов, т.б.). Сондай-ақ Гельминтологиялық зерттеулер адамның, жануарлар мен өсімдіктердің паразит құрттармен зақымдануы, олардың патологиялық әсері, олардан емделу және қорғану тәсілдерін жасау бағытында жүргізілуде. Қазақстанда жиі кездесетін гельминтоз ауруларына қарсы ұсынылған препараттардың көпшілігі паразит құрттар мен организм арасындағы биохим. өзгерістерді анықтау негізінде жасалған.
1. М.С.Сабаншиев паразитология және жануарлардың инвазиялық аурулары. Алматы. «Дәуір»,2011 жыл.
2. О.Д.Дайырбеков, Б.Е.Алтынбеков, Б.К.Торғауытов, У.И.Кенесариев, Т.С.Хайдарова Аурудың алдын алу және сақтандыру бойынша орысша-қазақша терминологиялық сөздік. Шымкент. “Ғасыр-Ш”, 2005 жыл.
3. Х.С.Жұмабеков, К.Ю.Дербышев Жануарлардың патологиялық анатомиясы. Алматы: ЖШС РПБК «Дәуір»,2011 жыл.
4. «Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы,

Пән: Ветеринария
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 8 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі
Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті

СӨЖ
Тақырыбы: Қой эмериозы және ірі қараның фасциолезы

Семей 2016
Жоспар
I.Кіріспе
II.Негізгі бөлім
2.1.Қой эймериозы
2.2.Фасциолез
III.Пайдаланылған әдебиеттер

Кіріспе
Гельминтология (грек. helmіnts - құрт және logos - ілім) - паразит құрттар және олар тудыратын адам, жануар, өсімдік аурулары туралы ғылым; паразитология саласы. Гельминтология XVIII ғ-дың 2-жартысында қалыптаса бастады. Оның негізін салушы неміс ғалымы К.А.Рудольфи болды. Гельминттер фаунасы, жүйеленуі, даму сатылары туралы алғашқы деректер Дания зоологі И.Стенструп, неміс ғалымдары Р.Лейкарт, Г.Кюхенмейстер, француз А.Райе, т.б. еңбектерінде (XIX - XX ғ-лар) баяндалған. Қазақстанда Гельминтологияны дамыту ісіне К.И.Скрябин (КСРО-дағы Гельминтология негізін салушы), Е.Н.Павловский, В.А.Догель, Б.Е.Быховский, Р.С.Шульц үлкен үлес қосты. Республикада Гельминтология саласындағы жүйелі зерттеулер Қазақ өлкелік малдәрігерлік-бактериология институтында, П.Г.Панова мен Н.В.Баданиннің ғылыми жұмыстарынан басталады. Зоология институтында, Тараз қаласындағы К.И.Скрябин атындағы Гельминтология лабораториясында жүргізіледі. Мал гельминттерінің фаунасы зерттеліп, мал гельминтоздарының эпизоотологиясы, патогенезі, диагностикасы және олардың емдеу жолдары анықталды (С.Н.Боев, Шульц, Г.И.Диков, Н.Т.Қадыров, В.Т.Рамазанов, т.б.). Зоология институтында гельминттердің жүйеленуі, тіршілігі, таралуы, экологиясы зерттеліп, гельминтоз ауруларының табиғи ошақтары анықталып, күрес шаралары белгіленді (Боев, Е.В.Гвоздев, В.И.Бондарева, В.Я.Панин, Э.И.Прядко, Х.Егізбаева, Ж.Жатқанбаева, Б.Шайкенов, т.б.). Сондай-ақ Гельминтологиялық зерттеулер адамның, жануарлар мен өсімдіктердің паразит құрттармен зақымдануы, олардың патологиялық әсері, олардан емделу және қорғану тәсілдерін жасау бағытында жүргізілуде. Қазақстанда жиі кездесетін гельминтоз ауруларына қарсы ұсынылған препараттардың көпшілігі паразит құрттар мен организм арасындағы биохим. өзгерістерді анықтау негізінде жасалған.

Негізгі бөлім
Қой эймериозы - жіті, жітілеу және созылмалы түрде өтетін жас қозылардың, сирек жағдайда ересек малдың ішекті зақымдайтын протозойлық ауру. Оны спора құрайтын класқа жататын бір торшалы қарапайым жәндіктер тудырады. Бұл ауруды тұңғыш рет бұзау ішегінен тапқан Цюрн еді. Қой эймериозын және ауру берлігілерін тұңғыш рет сипаттап жазған Мусю мен Маротель. Ауырған мал жалпы күйсізденеді, дене қызбасы40 - 41 С көтеріледі, кілегей қабықтары бозарып, әлсіздік байқалады, іші өтеді, нәжісі сұйылып, оған шырыш және қан араласады. Паразит ащы ішектің эпителий торшаларын мекендеп, оны талқандайды.
Қоздырғыштары. Қойдан эймериялардың сегіз түрі табылған. Оларды ішінде кеңінен тарағандары:
Eimeria arloigi - Ооцистасы сопақнемесе азырақ созыңқы. Микропилесі және оның қақпақшасы бар. Тұрқы 28,8 х 20,5 мкм. Ооцистаның қабығы түссіз не қоңыр, спороцисталары сопақ, ішінде қалдықша денелері бар. Полярлық түйірі бар. Споруляция мерзімі 2 - 3 күн.
E. intricata - Ооцистасы ірі - 39,5 х 27 - 34 мкм, пішіні эллипс тәрізді, микропилесі және қақпақшасы бар. Ооциста қабығы тегіс емес, көлденең жолақтары бар. Спороцисталары сопақ, қалдық денелері бар. Споруляция мерзімі 3 - 4 күн.
E. faurei - Ооцистасы жұмыртқа тәрізді немесе сопақ, микропилесі бар. Тұрқы 29,9 - 36,3 х 16,5 - 27,5 мкм. Ооциста қабығы түссіз не сарғыштау. Спороцисталарында қалдық денесі бар. Споруляция мерзімі 4 күн.
E. ninaekohljakimovi - Ооцисталары сопақ, не эллипс тәрізді, микропилесі және қақпақшасы жоқ. Тұрқы 16,5 - 27,5 х 14,3 - 23,1 мкм.Ооцисталары сопақ, қалдық денелері бар. Споруляция мерзімі 1 - 2 күн.
Эпизоотологиялық деректер. Ауру, қой шаруашылығының бәрінде кездесуі мүмкін. Ол әсіресе ойпатты, ылғалды жайылымдарда жиі кездеседі, ал құрғақ жайылымдарда сирек. Осыған орай, онымен қойдың зақымдалу дәрежесі
15 - тен 90% - ке дейін. Зақымдалу проценті төлде көбірек. Жауынды жылдары да ауру саны көбірек болады. Кейде эймериоз ауруы қойды ылғалды, қараңғы және лас қораларда ұстап, жерден азықтандырғанда, шалшық сулармен суарғанда да шығуы мүмкін.
Иммунитет. Эймериозға қойдың барлық тұқымдары бейім. Ауырып сауыққан мал ұзақ уақыт инвазия тасымалдаушы болып, аурудың қайталап жүғуына бейімсіз келеді де стерильсіз иммунитет түзеді.
Ауру белгілері. Эймериоздың жасырын кезеңі 11 - 20 күн. Жіті түрінде ауру қой қатты күйзеледі, қызбасы 40 - 41[0] С. Малдың тәбеті қашады, жиі - жиі су ішеді. Түгі реңсіз, кілегей қабықтары бозарыңқы. Жиі - жиі іші өтіп, нәжісіне кейде қан араласады, қой әлсіреп жатып алады, 2 - 3 күннен соң өліп қалады.
Инвазияның жітілеу түрінде де дене қызбасы 40 - 41 [0]С көтеріледі. Бірақ аурудың дамуы, жіті түріндегідей шапшаң емес. Ауру мал арып, кілегей қабықтары бозарады, кейде коньюнктивит және ринит қосылады.нәжісі сұйық шырыш және қан аралас. Кейбір ауру қойлардың іші кебеді. 8 - 10 күннен соң, көз маңы мен құлақ терілерінде үлкендігі бұршақтай сұр түсті түйіндер пайда болады. Бара - бара қой қаттыарып, шығынға ұшырайды.
Аурудың созылмалы түрі тоқтылар мен ересек қойда байқалады. Мұндайда қызба алғашқы күндерде ғана болып, кейін қалпына түседі. Тәбеті төмендейді. Жиі - жиі іштің бұзылуы салдарынан, мал бірте - бірте әлсерейді. Қандағы эритроцит және гемоглобин саны шұғыл азаяды.
Өлекседегі өзгерістер. Эймериоздан өлген қойдың өлексесі арық болады. Артқы аяқтары мен құйрығы нәжіспен ластанған. Кілегей қабықтары бозарыңқы. Он екі елі ішек пен ащы ішектің бас жағы қалыңдап ісінген, нүкте тәрізденіп және сызықшаланып қанталаған, әр жерінде үлкендігі тары тәніндей ашыл - сұр түйіндер болады. Сол түйіндерден жасалған микропрепараттар ішінде эймериялар дамуының әртүрлі сатысын табуға олады. Ауру ұзаққа созылған жағдайда шажырқай сөл бездері ұлғаяды.
Диагнозы. Эймериозды анықтағанда эпизоотологиялық деректерді, клиникалық белгілерді және өлекседегі өзгерістерді ескере отырып, ішек кілегей қабығының ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жануарларды фасциолезден сақтандыру шаралары
Құсты сою мен өндеудің заманауи технологиялық жүйелері
Жануарлардың инвазиялық аурулары
Ірі қараның сырт пішіні және малдың жеке мүшелеріне жалпы сипаттама беру және асылдандыру жұмыстарын ұйымдастыру
Зертханалық жануарлардың инфекциялық аурулары
Қалдықтарды қайта өңдеу. Жүн мен қылшықты өңдеу. Стандартты емес шикізатты және спилокты өңдеу
Тұқым құрылымы және оның зоотехникалық тәжірибеде қолданылуы
Түйе мен шошқа
Қой диктиокаулезіне қарсы ветеринариялық-санитариялық іс-шаралар
Сойыс жануарларының басын, ішкі мүшелерін, ұшасын ветеринариялық санитариялық сараптау әдістері
Пәндер