Эпизоотияның даму тарихы. Індет ошағы


Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі
Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті
СӨЖ
Тақырыбы: Эпизоотияның даму тарихы.
Індет ошағы. Індет ошағының түрлері.
Жұқпалы арулардың табиғи ошақтылығы
Семей 2017
Жоспар
I. Кіріспе
II. Негізгі бөлім
- Індет ошағының түрлері
- Аурулардың табиғи ошақтылығы
III. Қорытынды
IV. Қолданылған әдебиет
Кіріспе
Індет ошағы деп індет процесі өтетін, оның негізгі үш қозғаушы күштері: инфекция қоздырушысының бастауы, берілу тетігі және бейім жануарлардын өзара бір-біріне әсер ететін кеңістігі аталады. Екінші сөзбен айтқанда індет ошағы ауру қоздырушысы орын тепкен және нақтылы қалыптасқан жағдайда ауру қоздырушысының сау жануарларға берілу қаупі сақталған аймақ. Ошақ - казақ тіліндегі байырғы сөз, оның мағынасы от жағатын орын. Бұл ұғым халықтың індетті тілсіз жау - отпен (өртпен) салыстыруынан туған. Орыс тілінде індет ошағы "эпизоотический очаг" деп аталады. Ошақ сөзінің іс жүзінде ешбір өзгеріссіз орыс тіліне ауысуы Алтын Орда дәуірінде болса керек. Індет ошағы ретінде ауру не микроб алып жүруші жануар тұрған қора есептелінеді. Егер ол жануар қорада ғана қамалмай, бос жіберілетін аулаға шығатын болса, қорамен бірге сол аула да іңдет ошағы болып табылады. Ал енді ол жануар аулаға шыққанымен шектелмей, жайылымда жайылатын болса, ол жайылым да індет ошағының құрама бөлшегі болып табылады. Инфекция қоздырушысының бастауы болған жануар аталған жағдайлармен шектелмей алыс кашықтыққа, мысалы, алыстағы жайлауға айдалынатын болса, індет ошағы одан арман кеңіп, оған сол жануар жүріп өткен ластанған аймақтың барлығы қосылады.
Басқа бір мысал келтірейік. Айталық, делбемен ауырған жылқы қорада қамауда ұсталады делік. Егер қан сорғыш жәндіктердің (маса, сона, т. б. ) кораға кіру мүмкіндіктері болса, онда індет ошағы қорадан тыс қансорғыш жәндіктердің ұшып жете алатын аумағы көлеміне ұлғая түседі. Сондықтан індет ошағына инфекция қоздырушысының бастауы орналасқан және осы бастаудан қоздырушыны тарататын берілу механизмі қамти алатын аймақты жатқызады. Аэрогендік жолмен ғана тарайтын аурулар кезіне індет ошағы ауру мал тұрған қорамен шектеледі. Ал трансмиссивтік инфекциялар кезінде оған қоздырушыны тасымалдаушылар белсенді әрекет ете алатын аймақ жатады. Малды қолда ұстағанда аурудың таралуы шектеледі де, жайылымда жайған кезде аурудың кең таралуына мүмкіндік жасалады.
Аурудың індет ошағынан тысқары таралуы жаңа індет ошақтарының пайда болуына әкеліп соғады. Бұған байланысты бастапқы және туынды індет ошағы деген ұғымдар қалыптасқан.
"Індет ошағы" ұғымын инфекция ошағымен шатастырмау керек. Індет ошағы кеңістікке тән ұғым болса, инфекция ошағы организмде болады. Инфекция ошағы деп зардапты ауру қоздырушы микроб жайлаған, дертке шалдыққан дене мүшесі немесе ұлпаны атайды.
Індет ошағының әрекетті және әрекетсіз түрлері болуы мүмкін. Әрекетті індет ошағында аурудың одан ары таралу қаупі сақталады деп ссептелінеді. Іс жүзінде кез келген індет ошағын әрекетті деп санаған жөн.
Індет ошағын жою - жұқпалы аурулармен күресудің басты мақсаты және негізгі жолы. Індет ошағын жоюдың міндетті шарттары: инфекция қоздырушысының бастауын құрту және сыртқы орта объектілерін түбегейлі зарарсыздандыру. Бірақ, кей жағдайда зардапты микроб қалай да болмасын сыртқы ортада сақталып қалады. Мысалы, топалаңның қоздырушысы топырақта, әсіресе оның терең қабаттарында ұзақ уақыт тіршілігін жоймауы мүмкін. Мұндай кезде ерекше бір жағдай болғанға дейін, айталық жер қазу жұмыстары жүргізілгенше, микробтың ауруға бейім жануарларға жұғу мүмкіндігі болмайды да, індет ошағы белгілі бір уақытқа дейін әрекетсіз болып табылады.
Індет ошағының түрлері
Індет ошақтары жаңа, өше бастаған, тұрақты және табиғи болып бөлінеді.
Індет ошағы жуықта пайда болып, ауруға шалдыққан жануарлардың саны әлі де болса өсіп келе жатса, ол жаңа болып есептеледі. Мұндай ошақтан аурудың одан әрі тарап кету қаупі жоғары болады.
Өше бастаған ошақта жүргізілген іңдетке қарсы шаралардың нәтижесінде немесе ауру әбден жұғып болып, ауырған малдардың сауығуына байланысты індеттену бәсендей береді. Қоздырушының белсенді бастауларының азаюына байланысты аурудың одан әрі таралу қаупі де төмендейді.
Тұрақты деп аурудың тұтануы оқтын-оқтын белгілі уакыт аралығынан соң үнемі байқалып тұратын ошақты атайды. Нақтылы бір себептердің салдарынан мұндай ошақта аурудың біліну мүмкіндігі сақталады. Індет ошағының тұрақтануына жануарлардың арасында жасырын микроб алып жүрушілердің болуы, әр түрлі микроб тасымалдаушы кемірушілер және зардапты микробтың сыртқы ортада ұзақ уақыт сақталуы себеп болады. Листериоздың індет ошағының тұрақтануы оның қоздырушысының сүрлемеде (силоста), кемірушілердің арасында сақталуынан болса, топалаңның індет ошағының ұзақ мерзімділігі қоздырушысының топырақта жылдар бойы өлмеуінің салдары. Егер ауру қоздырушысының бастауы болмай, қоздырушы микроб сыртқы ортада ұзақ сақталған жағдайда, оңдай жерді індет ошағы дегеннен гөрі зарарланған аймақ деп атаған жөн. Топалаңның қоздырушысы сақталған топырақ қоздырушының бастауына емес таратушы факторына жатады.
Табиғи індет ошағы деп белгілі бір жұқпалы ауруды қоздырушысының жабайы жануарлардың арасында айналымда болатын аймақты атайды. Құтырық, туляремия, листериоз, лептоспироз және т. б. аурулардың табиғи ошақтары болады.
Індет ошағынан баска аурудан сау емес пункт деген ұғым қалыптасқан. Аурудан сау емес пункт болып індет ошағы бар елді мекен, шаруашылық немесе әкімшілік аймақ есептеледі. Аурудан сау емес пункт деген ұғымның мағынасы онша нақтылы емес. Бұл негізінен әкімшілік аймаққа сәйкес ұғым және әрбір ауру кезінде оған деген көзқарас та әр түрлі. Мысалы бір үлкен шаруашылықтың 3 мал фермасы болып, онын біреуінде аусыл шыға калса, шаруашылық түгелдей аурудан сау емес деп есептелінеді. Ал топалаң байқала калған жағдайда, ауру шыққан ферма ғана сау емес деп саналады. Ең дұрысы аурудан сау емес пунктті есепке алғаннан гөрі індет ошағы бойынша есеп жүргізген дұрыс. Әсіресе, Қазақстан сияқты кең байтақ өлкеде бір әкімшілік террторияда індет ошағының бірнешеуі болуы жиі кездесетін жағдай.
Бір елді мекенде көптеген ұсақ шаруашылықтар немесе әрбір отбасында үй жанурлары болуы әдеттегі жағдай. Жұкпалы ауру шыға қалғанда елді мекен тұтасымен аурудан сау емес пункт, ал нақты ауру мал тұрған қора жайлар індет ошағы болып саналады. Елді мекеннің індет ошағынан тыс территориясы қатер төнген аймақ болып есептеледі. Себебі, ол жерде ауру шығу қаупі өте жоғары және ондағы жануарлардың аурудан сау екендігі дүдәмәл. Сонымен жұқпалы ауру байқалған елді мекен немесе әкімшілік территория аурудан сау емес пунктке жатқызылады да, онвң құрамында бір немесе бірнеше індет ошағы және оған қосымша қатер төнген аймақ болады. Жұғымталдығы жоғары инфекциялар кезінде ауру шыққан елді мекен тұтастай індет ошағы, ал онымен шекаралас елді мекендер қатер төнген аймақ бодып есептеледі.
Аурулардың табиғи ошақтылығы
Жұқпалы аурулардың белгілі бір географиялық ландшафта табиғи ошақ тудыру қасиетін табиғи ошақтылық деп атайды. Трансмассивтік инфекциялар мен паразиттік аурулардың ошақтылығы туралы ілімнің негізін академик Е. Н. Павловский (1884-1965) қалады. Адам мен үй жануарлары ауруларының қоздырушыларын алып жүрудегі жабайы жануарлардың маңызын анықтай келе, ол ауру қоздырушысын жануардан жануарға немесе жануардан адамға қан сорғыш буынаяқты жәндіктердің тасымалдайтыны жөнінде ғылыми тұжырым жасады. Иесі мен паразиттің арасындағы қатынас паразиттің тоғышарлық тіршілігімен шектелмей, олардың арасында ауру қоздырушы микробтың табиғаттағы айналымын да қамтамасыз етеді. Бұл құбылыс трансмассивтік аурулардың табиғи ошақтылығы деген атқа ие болды. Қазақстандық ғалымдар И. Г. Гапузо мен П. А. Петришева бұл ілімді ары қарай дамыта отырып, трансмассивтік емес аурулардың да табиғи ошақтары болатынын дәлелдеді. Табиғи ошақта трансмассивтік емес аурулардың қоздырушылары жабайы жануарлардан тікелей жанасу арқылы немесе сыртқы орта объектілері арқылы беріледі. Мысалы, құтырықтың вирусы құтырған жануар тістеген кезде жұқса, лептоспироз бен листериоздың қоздырушылары сыртқы ортадағы ауру таратушы жануарлар ластаған заттардан жұғады.
Жұқпалы аурулардың табиғи ошақтары адам баспаған немесе игерілмеген алыс түкпірлерде ғана емес, адам қоныстанып, шаруашылықта игерілген жерлерде де кездеседі. Адамның шаруашылық тіршілігі ондай ошақтарды кей жағдайда әлсіретсе, екінші бір жағдайларда керісінше өршіте түседі. Шаруашылық әрекетіне байланысты тіпті жаңа табиғи ауру ошақтары пайда болуы да мүмкін. Қазіргі уақытта кейбір деректерге қарағанда 550-ден артық омыртқалы жануарлар, олардың ішінде сүтқоректілердің 200 түрі, құстың 250-дей түрі табиғи ошақты аурулардың қоздырушыларын сақтап, тасымалдауға қатысады. Бұның сыртында қан сорғыш буынаяқты- лардың жүздеген түрлері бар.
Аурудың табиғи ошағының құрылымы. Табиғи ауру ошағының шекарасын мейлінше дәлірек анықтау қажет. Табиғи ошақ ретінде сол аурудың қоздырушысы айналымда болатын ең шағын аймақты қабыддайды. Бұл аймақта ауру қоздырушысы басқа жақтан әкелінбей-ақ мейлінше ұзақ уақыт өсіп-өніп, өзінің тіршілігін сактай алады.
Табиғи ошақтың құрамына кіретін аймақ үш түрлі алқапқа бөлінеді. Бірінішісі, тұрақты түрде аурудан сау емес алқап, онда ауру қоздырушысының сақталып, өсіп- өнуіне жағдай мейлінше қолайлы болады. Бұл алқапта қоздырушы микроб өзінін өсіп-өнуіне қажетті жануарларға беріліп, табиғи айналымда болып, індет процесінің үздіксіз өрістеуіне қатыса алады. Екіншісі, ауру қоздырушысының оқтын-оқтын
уакытша ғана тарауына мүмкіндігі бар алқап. Үшінші алқап, әр уакытта аурудан таза боллатын. қоздырушының иесі мен тасымалдаушысының тіршілігі үшін қолайлы жағдай жоқ аймақ.
Бірінші тұрақты түрде аурудан таза емес алқапты ауру ошагының ядросы деп атайды. Аурудың өршіген сәттерінде қоздырушы микроб ошақ ядросынан оны коршаған екінші алқапқа берілуі мүмкін. Осының нәтижесінде табиғи ошақтың шекарасы да өзгеріп тұрады. Ошақтың ядросын мөлтек ошақ (микроошақ) немесе қарапайым (элементарлық) ошақ деп те атайды.
Практикада ауру ошағының ядросын анықтау маңызды рөл аткарады. Мысалы, кең даладағы кеміруші жануарлар арқылы қалыптасқан табиғи ошақтардың адросы негізінен сол далада кезігетін көлшік немесе басқа да су көзі болып табылады. Аурудың тасымалдаушылары негізінен сол көлшіктің маңына шоғырланады. Осы мөлтек ошактың шекарасын дәл анықгап, ауру таратушы зиянкестермен күресті нақтылы сол алқапта жүргізсе, аз шығынмен үлкен нәтижеге жетуге болады.
Табиғи ошақтардың негізгі түрлері. ¥зақ эволюциялық дамудың нәтижесінде калыптасып, адамның әрекетінен тәуелсіз сақталып түрған ауру ошақгарын ау тохтонды деп атайды. Аутохтонды ошақта індет процесін тек қана жабайы жануарлар сақтап тұрады. Жедел қарқынмен адамның табиғи ортаны шаруашылық айналымына тартуына байланысты ондай табиғи ошақгар бара-бара азайып келеді. Қазіргі уақытта ондай аймақтардан антропургиялық ошақтар басым. Бұл ауру ошақтарында бұрынғыдан қалыптасқан індет процесіне үй жануарлары да қатыса бастады. Ауру қоздырушы паразит өзінің тогышарлық ауқымын кеңітіп, үй жануарларын да игеріп алады. Үй жануарлары ауру қоздырушысының уақытша иесі болып қана қоймай, кей жагдайда инфекция қоздырушысының бастауына айналып, енді жабайы жануарлардын өзіне ауру жұқтыра бастайды. Ет қоректілердің обасы осылайша үй жануарлары ит пен қолда өсірілетін терісі бағалы аңдардан жабайы түлкі, қарсақ сиякты андарга жұғады. Ауыл шаруашылық малдарынан аусылды жұқтырған жабайы жұптұяқты жануарлар (киік, елік) уақытша аусыл вирусының қорламасына (резервуарына) айналады.
Көптеген сүтқоректі жануарлар, құстар және буын аяқтылар адам мекенінде немесе адамға жуық ортада тіршілік етуге бейімделген. Бұндай тіршілік иелерін синантроптар деп атайды. Ал осындай синантроптар елді мекендер төңірегінде ауру ошағын тудырады. Ондай ошақгы синантроптық деп атайды.
Кей жерде бір алқаптың өзінде бір уақытта бірнеше аурудың ошағы катарынан кездеседі. Мұндай табиғи ошақтарды қабаттасқан деп атайды. Тышқан тектес кемірушілердің бір ортаға шоғырлануынан туляремия, лептоспироз және Қу-кызбасының қабаттасқан ошақтары кездеседі.
Егер ауру қоздырушы микроб жануарлардың бірнеше түрлерінің арасында тараған болса, сондай неше алуан жануарлар қалыптастыратын табиғи ошақты шашыранды деп атайды. Мысалы, тышқан, егеуқұйрық, ондатра, қоян, т. б. аңдар табиғатта листериоздың шашыранды ошағын қалыптастырады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz