Киберқылмыс



КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ..3

1 ҒАЛАМТОР АРҚЫЛЫ ЖАСАЛАТЫН ЗАҢ БҰЗУШЫЛЫҚТАР МӘСЕЛЕСІН ЗЕРТТЕУДІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ ... ...4
1.1 Киберқылмыс ұғымының теориялық сипаттамасы ... ... ..4
1.2 Ғаламтор арқылы жасалатын заң бұзушылықтардың түрлері ... ... ... ... ..6

2 ҒАЛАМТОРДАҒЫ ЗАҢ БҰЗУШЫЛЫҚТАРДЫҢ ПАЙДА БОЛУЫНЫҢ ФАКТОРЛАРЫ МЕН САЛДАРЛАРЫ ... ... ..7
2.1 Ғаламтор арқылы заң бұзушылыққа бару жолдарының себептері және олардың статистикалық көрсеткіштері ... ... ... ... 7
2.2 Киберқылмыстың шығу себептерімен күресу жолдары ... ...11
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...12

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТ ТІЗІМІ ... ... ... ... 13
XXI ғасыр «Компьютер мен техника заманы» атанып, өмірімізге көптеген өзгерістер алып келді. Бүгінгі таңда ғаламтор желілерінің, компьютермен басқарылатын құрылғылардың қарқынды дамуы, компьютерлік технологияларды өміріміздің ажырамас бөлігіне айналдырды. Соңғы онжылдықта Қазақстан тұрғындарының 70%-ы ғаламтор желілерімен қолдану үстінде. Компьютер заманы өмірімізді жеңілдетіп, ғаламтор арқылы сатып алу, сату, тіпті үйден шықпай тамаққа тапсырыс беру процесстерін ұйымдастырғаны анық, бірақ ғаламтордың теріс жақтары да бар екендігі белгілі. Ғаламтор желілерінде алаяқтарының қолына түсіп, қаржыларынан айырылғандар, өзге адамның атын пайдаланып, қарапайым халықты алдау көріністері, әрі адамның жеке басының деректерін жинаумен айналысатын алаяқтардың саны жылдан жылға артып бара жатыр. Бұл тақырып аясының ауқымды екені сөзсіз, осыған байланысты жүргізілген саралау нәтижесінде адамдарды ғаламтордағы құқық бұзушылыққа не итермелейді деген сұрақ туындап тұр. Сондықтан да зерттеу тақырыбының әрбір адамға қатыстылығы мәселені тек өзекті етіп қоймай, оның ауқымды қаралуына себепкер.
Жаһандану заманындағы киберқылмыскерлердің заңға қайшы әрекеттерін алдын ала білу жылдан жылға ауырлап бара жатыр. Бұл саладағы жұмыстардың нәтижиелі жүргізілуіне мемлекет тарапынан көптеген қаржы құйылуы керектігі анық.
Қылмыскерлерді заң бұзушылыққа, қоғамға қарсы әрекет жасауларына не итермелейтіндігін анықтау ғылыми жобаның мақсаты болып табылады. Осы мақсатқа орaй төмендегідей міндеттерді шешу көзделді:
- ғаламтор арқылы жасалатын заң бұзушылық түрлерін қарастыру;
- ғаламтордағы заң бұзушылықтарының пайда болуының факторларын зерттеу;
- ғаламтор желілердегі алаяқтардың құқық бұзушылыққа бару себептерін анықтау.
1 Сүйінбай Ж. Киберқылмыс және киберпол, 2014.
( http://egemen.kz/2014/?p=30919)
2 Қазақстан Республикасының қылмыстық кодекс , 2014.
3 Европейская Конвенция по киберпреступлениям
(преступлениям в киберпространстве), 23 ноября 2001 года.
(http://mvd.gov.by/main.aspx?guid=4603 )
4 Номоконов В. А., Тропина Т. Л., Криминология: вчера, сегодня, завтра. Киберпреступность как новая криминальная угроза, 2012.-24с. (http://cyberleninka.ru/article/n/kiberprestupnost-kak-novaya-kriminalnaya-ugroza)
5 Димов И. Фишинговые методы: сходства, различия и тенденции. Часть первая: массовый фишинг, 2013
(http://www.securitylab.ru/analytics/440661.php )
6 Рахымжанов А.Қ., Компьютерлік технологиялар саласындағы қылмыспен күресудің өзекті мәселелері.
(http://repository.enu.kz/bitstream/handle/123456789/3889/kompiuterlik_texnolog.pdf )
7 Уголовное право. Особенная часть: Учебник для вузов / Под ред. Н.И.Ветрова, Ю.И.Ляпунова. – М.: Новый юрист, 1998.–768с.
8 Форпост журналы.-2002 .- 4 июня,- №19(70).
9 Kabay M.E. The Information Security Year in Review. - National Computer Security Association (NCSA) News, 1997.
10 Крылов В.В. Информация как элемент криминальной деятельности // Вестник Моск. ун-та. Сер. 11. Право. - М., 1998.-№4.
11 Журнал ARES.-Ученые из Университета Техаса в Сан-Антонио выяснили, что заставляет кибертеррористов совершать преступления, 2015.
(http://www.gazeta.ru/science/news/2015/12/17/n_802453..)

Пән: Құқық, Криминалистика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 14 бет
Таңдаулыға:   
МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3

1 ҒАЛАМТОР АРҚЫЛЫ ЖАСАЛАТЫН ЗАҢ БҰЗУШЫЛЫҚТАР МӘСЕЛЕСІН ЗЕРТТЕУДІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ ... ... ... ... ... ...4
1.1 Киберқылмыс ұғымының теориялық сипаттамасы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..4
1.2 Ғаламтор арқылы жасалатын заң бұзушылықтардың түрлері ... ... ... ... ..6

2 ҒАЛАМТОРДАҒЫ ЗАҢ БҰЗУШЫЛЫҚТАРДЫҢ ПАЙДА БОЛУЫНЫҢ ФАКТОРЛАРЫ МЕН САЛДАРЛАРЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...7
2.1 Ғаламтор арқылы заң бұзушылыққа бару жолдарының себептері және олардың статистикалық көрсеткіштері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ...7
2.2 Киберқылмыстың шығу себептерімен күресу жолдары ... ... ... ... ... ... ... ..11
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 12

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТ ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..13

КІРІСПЕ

Тақырыптың өзектілігі. XXI ғасыр Компьютер мен техника заманы атанып, өмірімізге көптеген өзгерістер алып келді. Бүгінгі таңда ғаламтор желілерінің, компьютермен басқарылатын құрылғылардың қарқынды дамуы, компьютерлік технологияларды өміріміздің ажырамас бөлігіне айналдырды. Соңғы онжылдықта Қазақстан тұрғындарының 70%-ы ғаламтор желілерімен қолдану үстінде. Компьютер заманы өмірімізді жеңілдетіп, ғаламтор арқылы сатып алу, сату, тіпті үйден шықпай тамаққа тапсырыс беру процесстерін ұйымдастырғаны анық, бірақ ғаламтордың теріс жақтары да бар екендігі белгілі. Ғаламтор желілерінде алаяқтарының қолына түсіп, қаржыларынан айырылғандар, өзге адамның атын пайдаланып, қарапайым халықты алдау көріністері, әрі адамның жеке басының деректерін жинаумен айналысатын алаяқтардың саны жылдан жылға артып бара жатыр. Бұл тақырып аясының ауқымды екені сөзсіз, осыған байланысты жүргізілген саралау нәтижесінде адамдарды ғаламтордағы құқық бұзушылыққа не итермелейді деген сұрақ туындап тұр. Сондықтан да зерттеу тақырыбының әрбір адамға қатыстылығы мәселені тек өзекті етіп қоймай, оның ауқымды қаралуына себепкер.
Жаһандану заманындағы киберқылмыскерлердің заңға қайшы әрекеттерін алдын ала білу жылдан жылға ауырлап бара жатыр. Бұл саладағы жұмыстардың нәтижиелі жүргізілуіне мемлекет тарапынан көптеген қаржы құйылуы керектігі анық.
Қылмыскерлерді заң бұзушылыққа, қоғамға қарсы әрекет жасауларына не итермелейтіндігін анықтау ғылыми жобаның мақсаты болып табылады. Осы мақсатқа орaй төмендегідей міндеттерді шешу көзделді:
ғаламтор арқылы жасалатын заң бұзушылық түрлерін қарастыру;
ғаламтордағы заң бұзушылықтарының пайда болуының факторларын зерттеу;
ғаламтор желілердегі алаяқтардың құқық бұзушылыққа бару себептерін анықтау.
Зерттеу жұмысының нысаны - ғаламтор
Зерттеу жұмысының пәні - ғаламтордағы заң бұзушылық
Зерттеу әдістері: сипаттау, салыстыру, жіктеу, статистика, сауалнама.
Ғылыми жобаның құрылымы: Ғылыми жоба кіріспеден, екі бөлімнен, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиет тізімінен және қосымшадан тұрады.

1 ҒАЛАМТОР АРҚЫЛЫ ЖАСАЛАТЫН ЗАҢ БҰЗУШЫЛЫҚТАР МӘСЕЛЕСІН ЗЕРТТЕУДІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ

2.1 Киберқылмыс ұғымының теориялық сипаттамасы
Қазіргі таңда біздің өміріміз ақпаратты - қ-компьютерлік технологиялармен және интернетпен тығыз байланысты. Адамдар компьютерлерді әртүрлі мақсаттарда - жүйелік және қолданбалы программалық жасақтамалармен жұмыс істеу, электронды поштамен хат алысу және интернеттен әр-түрлі ақпараттарды алумен қатар, банк істерін жүргізу, инвестицияларды басқару, өнімдер сатып алуға дейін қолданады. Бірақ та ақпараттық технологиялардың қазіргі заманғы өркениетті қоғамды қалыптасыруға септігін тигізіп қана қоймай, өкінішке орай жаңа қауіп-қатерлердің тууына қолайлы жағдай жасайтыны құпия емес.
Киберқылмыс мәселесі қазіргі уақытта ерекше маңызды болып отыр. Басқа, ең алдымен жоғары дамыған елдердегі әлеуметтік сұраулар халық арасында үрей туғызатын киберқылмыс мәселесі маңыздылардың бірі болып табылатынын көрсетеді. Осыған орай, мамандардың міні бойынша бұл құбылыс қылмыскерлердің қазіргі заманғы жаңа ақпараттық технологияларды қолдануына байланысты, сонымен қатар қазіргі индустриалды қоғамның өсуші осалдығы арқылы, 5 жыл бұрынмен салыстырғанда аса маңызды қауіпті құрайды. Киберқылмыскерлермен күресуге мемлекеттердің күш-жігеріне қарамастан, әлемде олардың саны азаймай қайта тым көбеюде. Киберқылмыс - әлемдік ғаламтор арқылы жасалатын қылмыстың мутантталған жаңа түрлері. Киберқылмыс туралы ұғым ең алғаш өткен ғасырдың 60-шы жылдары алдымен америкалық, одан соң өзге де әлемдік басылымдарда пайда болды. 1983 жылы Париж қаласында Халықаралық экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымдарының сарапшылары бас қосып, киберқылмысқа криминологиялық айқындама берген [1]. Бұл - электронды жүйеде немесе ғаламтор арқылы жасалатын қылмыс. Киберқылмыскердің негізгі мақсаты әртүрлі процесстерді басқаратын компьютерлік жүйе және онда таралатын ақпарат болып табылады. Шын өмірдегі қарапайым қылмыскерге қарағанда киберқылмыскер дәстүрлі - пышақ және пистолет секілді қаруды қолданбайды. Ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз етуді бұзу және модификациялау, ақпаратты рұқсатсыз алу және компьютерлік жүйенің жұмысын уақытша тоқтатуға қолданылатын барлық құралдар. Киберқылмыскердің қаруына келесілерді кіргізуге болады: компьютерлік вирустар, бағдарламалық белгілер, компьютерлік жүйелерге рұқсатсыз кіруге мүмкіндік туғызатын шабуылдың әр түрі. Қазіргі заманғы компьютерлік қылмыскерлерде тек дәстүрлі құралдар ғана емес, сонымен қатар қазіргі ақпараттық қарулар және құралдар бар; бұл мәселе баяғыдан бері мемлекеттің шекарасынан өтіп халықаралық мәнге ие болды. Ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін, әрбір мемлекет бұл жүйені қылмыстық кодекспен реттейді. Бұл жүйе Қазақстан Республикасының қылмыстық кодексіндегі 7-1, яғни Ақпараттық технологиялардың қауіпсіздігіне қарсы қылмыстар тарауында қарастырылады [2].

2.2 Ғаламтор арқылы жасалатын заң бұзушылықтардың түрлері
Киберқылмысты оның объектісіне қарай, шабуыл нысанына қарай және орындалу құралына қарай бірнеше түрлерге бөледі. Шабуыл нысанына қарай киберқылмыс келесі топтарға бөлінген: экономикалық компютерлік қылмыс, жеке құқыққа және жеке саладағы мызғымастыққа қарсы компьютерлік қылмыс, қоғамдық және мемлекеттік мүдделерге қарсы компьютерлік қылмыстар болып бөлінеді.
Еуропа кеңісінің конвенциясы киберқылмысты 5 топқа бөлген [3].
Бірінші топтағы қылмысты компьютерлік мәліметтер мен жүйелердің құпиялығы, тұтастығы мен қолжетімділігіне қарсы қылмыстар атап, өзінің ішінен бірнеше түрге бөлген. Олар: заңсыз қолсұғушылық (компьютерлік жүйеге немесе оның бөлігіне құқықсыз әдейі қолсұғушылық), заңсыз алып қою (әлеуметтік желіге арналмаған комьютерлік мәліметтерді компьютер жүйесіне немесе компьютер жүйесінен заңсыз тарату), деректерге араласу (компьютерлік деректерді құқықсыз бұзу, жою, ауытқулар туғызу, өзгерістер жасау), жүйеге араласу (компьютерлік деректерді жұмыс істеуіне қарсылық тудыратын құқықсыз іс-әрекеттер).
Екінші топтағы киберқылмысқа компьютерлік құралдар арқылы жасалатын қылмыстар жатқызылған. Осындай компьютерлік технологиялық әдістерді қолдану арқылы Конвенция компьютерлік деректерді өшіру, бұғаттау, өзгерту негізінде болашақта деректердің шынайылығын бұзып, оларды заң саласында аутенттік ретінде қарастыру негізгі мақсат болып табылады. Конвенция киберкеңістікте жасалатын алаяқтыққа мынадай анықтама берген: Ғаламтордағы алаяқтық - бұл негізінде алдау көзделетін, арам ниетпен әділетсіз экономикалық табыс табу үшін, компьютерлік құрылғылармен жасалатын кез келген енгізулер, тузетулер, өшірулер, деректерді бұғаттау немесе кез келген компьютердің қызметіне зиянын тигізетін әрекеттер арқылы, басқа тұлғаны жеке меншігінен айыру.
Үшінші топтағы киберқылмыс түріне ақпараттық мазмұнмен байланысты қылмыстар жатады. Сөз балалар порнографиясына байланысты айтылғандықтан, Конвенция балалар порнографиясының қандай түрлерін тарату заңмен қуғындалатындығын жеткіліті түсіндіреді.
Төртінші топтағы киберқылмысқа авторлық құқық пен көрші құқықты бұзу қылмыстарына байланысты айтылады.
Бесінші топ - қоғамдық қауіпсіздікке қолсұғушылықпен байланысты қылмыстар. Бұл топтағы қылмысқа кибертерроизм және киберкеңістікті террорлық әрекеттер жасау үшін қолдануды жатқызады (мысалы, террорлық әрекеттерге тарту немесе осы террорлық әрекеттердыің орындалуына сыбайластық жасауға тарту) [4].
Киберкеңістікте қазіргі таңда өте өзекті болып отырған киберқылмыстың түрі - ғаламтордағы алаяқтық. Ғаламтор арқылы жасалатын алаяқтыққа кез келген адам, тіпті өзінің қауіпсіздігіне ең сақ қарайтын адам түсе алатындығы құпия емес. Ал егер де сіз пластикалық катрочканың иесі бола отырып және онымен ғаламтор арқылы жасалатын түрлі әрекеттер үшін қолдансаңыз, алаяқтардың қармағына түсу қауіпінің артуына бірден бір себеп. Бұрын адамдар қаржылық пирамидаға түсуге, тауар алысуда алданып қалудан қауіптенсе, қазіргі кезде желелілік технологиялардың дамуымен қатар алаяқтықтың фишинг, спуфинг, төлем жүйесінде жүргізілетін алаяқтық, вишинг, варминг, сайттарды бұзу, DdoS шабуылдар, кликфорд, скимминг түрлерінен қауіптенетін болды. Негізінде әр түрлі технологиялық ашылулар мен бірге алаяқтықтың да түрлері көбейе беретіндігі анық, сондықтан бұл мәселенің шешімін табу ауқымды қаралуы қажет.
Ғаламтордағы алаяқтықтың ең танымал формасы - бұл фишинг. Ағылшын тілінен аударғанда балық аулау деген сөзге ұқсастығы кездейсоқтық емес. Фишинг барысында қармаққа еш нәрсеге күдікті емес құрбан түсіп, зиянкестерге өзінің дербес ақпаратын, PIN-кодтарын өз еркімен береді. Фишингпен айналысу оңайға соқпайтын жұмыс, ол психологиялық саладағы білімділікті, өмірлік тәжірибені және де адамның сенімене кіру үшін қолданылатын дайын схемаларды қажет етеді. Көбінесе фишинг атақты брендтердің немесе банктердің атынан жаппай электронды хат тарату арқылы жүзеге асады. Бұндай хаттар сайттың түпнұсқасынан жай көзбен айыра алмайтындай жалған сайттарға апаратын сілтемелермен қамтылған. Сілтемеден адам банктің жалған парақшасына өтеді. Әр түрлі психологиялық әдістердің қолданылуымен алаяқтар адамды өзінің логины мен паролін ғаламтор-банкке кіру үшін енгізуге мәжбүрлейді. Осындай жолмен алаяқтар адамдардың есептік жазбалары мен банктік шоттарына қол сұғушылық әрекеттерін жасайды.
Фишингті бірнеше түрлерге бөледі. Ең алдымен, бұл пошталық, онлайндық, аралас фишинг болып есептелінеді [5].
Пошталық фишинг - бұл құрттары, трояндық бағдарламаларды және басқа да вирустарды таратуға негізделген. Бұл фишинг түрінің қауіптілігі зиянкестердің компьютердегі орнатылған спам-сүзгілерді айналып кету мүмкіндігіне иелігімен ерекшеленеді. Сонымен қатар фишингтік хаттар түпнегіз сайттың түрін қабылдап, адамды жыңылыстырады.
Онлайн фишинг негізінде адамдар қолданатын онлайн-банкингтің жалған сайтын құрастырып, адамдарды қармаққа ілу. Бұндай жалған сайттарды түпнегізгі сайттардан ажырату өте қиын, сондықтан адам еш күмәнсіз өзінің логинын және құпия сөзін тереді. Ал алаяқтар енгізілген мәлеметтерді тез арада ұстап алып, ақшаны өз шоттарына аудара бастайды.
Аралас фишинг негізінде жоғарыда айтылған жалған сайттар арқылы құрбандарымен хат алысып, оларға банктің жаңа өнімдері туралы айтып, кейбір операцияларды өзіне орындауды ұсынады. Мысалға, өзіңіздің шотыңыздан сізге арнап ашылған депозитқа ақша аудару секілді іс-әрекеттер. Нәтижесінде алаяқ құрбанның банктік деректеріне иемденіп, аталған жағдайлардағыдай алданған адамның шотынан өзінің шотына ақша аудара бастайды.
Фишингтің тағы да аса танымал емес түрлері де кездеседі. Олар: вишинг, смишинг, варминг.

1 ҒАЛАМТОРДАҒЫ ЗАҢ БҰЗУШЫЛЫҚТАРДЫҢ ПАЙДА БОЛУЫНЫҢ ФАКТОРЛАРЫ МЕН САЛДАРЛАРЫ

2.3 Ғаламтор арқылы заң бұзушылыққа бару жолдарының себептері және олардың статистикалық көрсеткіштері
Компьютерлік-ақпараттық технологиялар ұзақ уақыт аралығында қолданылып келеді және олардың дамуы өте қарқынды алға жылжу үстінде. Компьютерлік техниканы қолдану арқылы жасалатын қылмыстар - бұл ақпаратық саладағы қылмыстардың мамандандырылған бөлігі [6]. Бұл қылмыстардың категориясына құқықсыз заңмен қорғалатын компьютерлік ақпаратқа қолсұғушылықты да жатқызуға болады. Қылмыстың осындай түрлерінен кез келген мемлекеттің шегетін зардаптары өте үлкен болып келеді.
Мамандардың берген бағалары бойынша компьютерлік техниканы қолдану арқылы жасалған бір ғана қылмыстан орташа зардап соммасы АҚШ-та 450 мың долларды құраған. Ал, жылдық есептеулер бойынша АҚШ жылына 100 млрд. доллар соммасында зардап шексе, Ұлыбритания - 4,4 млрд. доллар ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
КИБЕРҚЫЛМЫС ЖӘНЕ ИНТЕРНЕТТЕГІ ЗАҢСЫЗ ӘРЕКЕТТЕРГЕ ҚАРСЫ КҮРЕС
Киберқылмыс - Ақпараттық технологиялар саласында жасалатын қылмыстар
Әлемде және Ресейде киберқылмыстың даму мәселелерін зерттеу
ЗАМАНАУИ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАТЫНАСТАДАҒЫ АҚПАРАТТЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАР
Кибербуллинг дегеніміз не, оның түрлері, құралдары
ЕО-НЫҢ АНТИТЕРРОРИСТІК САЯСАТЫ ЖӘНЕ ҰЙЫМДАСҚАН ҚЫЛМЫСПЕН КҮРЕСУ
Сауалнаманың нәтижесі
Ақпараттық технологиялардың қауіпсіздігі және аса маңызды объектілерді қорғау
Ақпараттық дәуірдегі – ақпараттық қауіпсіздік
Ақпараттық саясат
Пәндер