XV- XXI ғғ. Қазақ (Қазақстандық) қоғамының әлеуметтік-құқықтық жағдайы



Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ...1
Негізгі бөлім
1.Қазақ жеріндегі құқықтық өзгерістер ... ... ... ... ... 3
2.Қазақ хандығы мен Тәуелсіз Қазақстан Республикасы.
2.1 Қазақ хандығы ... ... ... . 6
2.2 Тәуелсіз Қазақстан ... ... ... ... ... 8
3. Қазақ хандығы мен Тәуелсіз Қазақстанның әлеуметтік жағдайы ... ... ... ... ... ... . 9
Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 10
Пайдалынған әдебиеттер тізімі мен сілтемелер ... ... ... ..11
Евразия көшпелілерінің нақ ортасында, Алаш туының астына Керей мен Жәнібек бастаған қазақ рулары мен тайпалары ел ретінде бірігіп, ХV ғасырдың ортасында өз мемлекетін құрды. Әлемдегі кез-келген мемлекетті алып қарайтын болсақ, ішкі және сыртқы саяси жүйені реттеп отыратын заңдық жүйесі болды. Мысалы, тарихқа көз жүгіртсек, ежелгі Вавилондағы “Хаммурапи заңы”, ежелгі Римдегі “ХІІ таблицалар заңы”, Осман империясындағы “Кануннаме” заңдары, орта ғасырлардағы Европалық феодалдық мемлекеттерге тән “Сали шындығы”, т.б. заңдарының болғаны белгілі. Қазақтардың құқықтық жүйесінің құнды дерегі - әдет-ғұрып нормалары, шариғат нормалары, жеке билеушілердің құқықтық заң ережелері, билер институты. Керей мен Жәнібек хандардың кезінде мемлекеттік идеяның өміршеңдігі үшін күрес - одан кейінгі қазақ хандары кезінде де өз жалғасын тапты. Яғни, мемлекетті нығайту, заң ережелерін бір қалыпқа немесе бір негізге келтіру, ішкі және сыртқы саяси аһуалға заңдарды ыңғайлау мәселелерін қазақ хандары дамытқан болатын. “Қасым ханның қасқа жолы”, “Есім ханның ескі жолы”, “Тәуке ханның Жеті жарғысы” атты заңдар жинағы бұл дамытулардын қорытындысы. ХVІІІ ғасырдан бастап Қазақстан жері Ресей отарына айналғалы отарлаушы елдің заң ережелері енгізіле басталды. 1867-1868 жылдардағы реформаның негізгі мақсаты «Ресейдің кол астындағы халықтардың бір басқарманың астына біріктіру, жергілікті ақсүйектерді биліктен шеттету, рулық бастамаларды әлсірету» болды.Реформаның негізінде Қазақстан аумағы үш генерал-губернаторлыққа: Түркістан, Орынбор және Батыс Сібір, әрбір генерал-губернаторлық облысқа бөлінді. Сұлтандардың барлық әлеуметтік-саяси мұрагерлік құқықтары жойылды, ел билігі орыс шенеуніктері қолына шоғырланды. Осының бәрі қазақ қоғамындағы билік жүйесінің дәстүрлі базасы мен салт-дәстүрге негізделген ережелерге әсер етті. 1886 жылғы Түркістан өлкесін басқару туралы Ереженің негізгі өзегі бүкіл жер қорын мемлекеттің меншігіне беру болса, 1891 жылғы 25 наурызындағы Далалық облыстарды басқару туралы ереже бойынша сот жүйесіне елеулі толықтырулар мен нақтылаулар жасалды. Ол өз кезегінде бұрынғы сот жүйесінің өзгеруіне себеп болды және ислам шариғатын уағыздаушы билер мен дәстүрлі құқықтық жүйені ығыстырып шығарды.
1. Қазақтың Ата Заңдары. 2-том. 2014 ж. Алматы. 439-бет
2. Қазақтың Ата Заңдары. 2-том. Алматы. 2014 ж.
3. Қазақтың Ата Заңдары. 2-том. Алматы. 2003 ж.
4. Қазақстан тарихы. 2-том. Алматы. 1998 ж. 325-бет.
5. Қазақстан және оның аймақтары. № 5. Алматы.2000 ж.
6. Қазақ қайтсе көбейеді?Алматы.2006 ж.
7. Заң. № 1.2003ж. Алматы. 62-бет

Сілтемелер:
1. К.Маркс: «Дала заңдары біршама өзгеріске ұшырағанына қарамастан өзіне тән болмысын сақтап қалды» [http://www.google.kz/Karl.marks.citationaboutsocilogy/aqs=chrome..69i57.5430j0j7&sourceid=chrome&es_sm=93&ie=UTF-8]
2. Қазақстан демографиясы бойынша статистика/ Уикипедия [https://kk.wikipedia.org/wiki/Қазақс%D/Қазақстандемографиясы/]

Пән: Социология, Демография
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 11 бет
Таңдаулыға:   
XV- XXI ғғ. Қазақ (Қазақстандық) қоғамының әлеуметтік-құқықтық жағдайы.
Жоспар:
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..1
Негізгі бөлім
1.Қазақ жеріндегі құқықтық өзгерістер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... 3
2.Қазақ хандығы мен Тәуелсіз Қазақстан Республикасы.
2.1 Қазақ хандығы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 6
2.2 Тәуелсіз Қазақстан ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 8
3. Қазақ хандығы мен Тәуелсіз Қазақстанның әлеуметтік жағдайы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 9
Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 10
Пайдалынған әдебиеттер тізімі мен сілтемелер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ...11

Кіріспе
Ғылыми жұмыстың өзектілгі: Қазақ қоғамын саяси басқару мен сот жүйесін модернизациялаудың жемісті болуы - саяси реформалардың бұрынғы қалыптасқан саяси дәстүрлермен, қоғамдық құндылықтармен сабақтасуы тығыз байланысты. Оны заң ғылымы тұрғысынан танып, қазақ сотының айнымас бөлігі ретінде зерттеу қоғамымыздағы өзекті мәселе болып табылады.
Ғылыми жұмыстың мақсаты: Ендігі мақсат, қазақ қоғамында дәстүрлі әдет-ғұрып нормалары арқылы белгілі бір жазалау орындарысыз, яғни түрмелерсіз қоғам тыныштығын қамтамасыз етуінің мәнін ашу. Бұл мәселені жан-жақты зерттеп, қазіргі таңда орын алып отырған қылмыстық істерге қарсы күресу арқылы қоғамымызлың әлеуметтік-құқықтық жағдайын жақсартып, дамыған 30 ел қатарынан көріну.
Ғылыми жұмыстың құрылымы: Жоба кіріспеден, негізгі бөлімнен және қорытындыдан тұрады.
Ғылыми жұмыстың міндеті: Алдыңғы қойылған мақсат бойынша, авторлар келесі міндеттерді қалыптастырды: XV ғасырдан бастап, тәуелсіз Қазақстанға дейінгі тарихи кезеңдерін зерттеу; осы кезеңдердің алеуметтік жағдайын және құқықтық мәртебелерін талқыға салу; XV ғасырдан бастап Тәуелсіз Қазақстанға дейінгі құқықтық, әлеуметтік өзгерістерінің ерекшеліктерін сипаттау; Қазақ хандығының және Тәуелсіз Қазақстанның құқықтық және әлеуметтік жағдайын салыстыру.
Зерттеу жұмысының дерек көздері. Модульдік жұмыста негізгі деректер мен құжаттардан, мерзімді баспасөз мәліметтерінен, жарияланған құжаттар мен материалдар жинақтарынан, естеліктерден және ғылыми зерттеулерде берілген ақпараттардан алынды.

1. Қазақ жеріндегі құқықтық өзгерістер.
Евразия көшпелілерінің нақ ортасында, Алаш туының астына Керей мен Жәнібек бастаған қазақ рулары мен тайпалары ел ретінде бірігіп, ХV ғасырдың ортасында өз мемлекетін құрды. Әлемдегі кез-келген мемлекетті алып қарайтын болсақ, ішкі және сыртқы саяси жүйені реттеп отыратын заңдық жүйесі болды. Мысалы, тарихқа көз жүгіртсек, ежелгі Вавилондағы "Хаммурапи заңы", ежелгі Римдегі "ХІІ таблицалар заңы", Осман империясындағы "Кануннаме" заңдары, орта ғасырлардағы Европалық феодалдық мемлекеттерге тән "Сали шындығы", т.б. заңдарының болғаны белгілі. Қазақтардың құқықтық жүйесінің құнды дерегі - әдет-ғұрып нормалары, шариғат нормалары, жеке билеушілердің құқықтық заң ережелері, билер институты. Керей мен Жәнібек хандардың кезінде мемлекеттік идеяның өміршеңдігі үшін күрес - одан кейінгі қазақ хандары кезінде де өз жалғасын тапты. Яғни, мемлекетті нығайту, заң ережелерін бір қалыпқа немесе бір негізге келтіру, ішкі және сыртқы саяси аһуалға заңдарды ыңғайлау мәселелерін қазақ хандары дамытқан болатын. "Қасым ханның қасқа жолы", "Есім ханның ескі жолы", "Тәуке ханның Жеті жарғысы" атты заңдар жинағы бұл дамытулардын қорытындысы. ХVІІІ ғасырдан бастап Қазақстан жері Ресей отарына айналғалы отарлаушы елдің заң ережелері енгізіле басталды. 1867-1868 жылдардағы реформаның негізгі мақсаты Ресейдің кол астындағы халықтардың бір басқарманың астына біріктіру, жергілікті ақсүйектерді биліктен шеттету, рулық бастамаларды әлсірету болды.Реформаның негізінде Қазақстан аумағы үш генерал-губернаторлыққа: Түркістан, Орынбор және Батыс Сібір, әрбір генерал-губернаторлық облысқа бөлінді. Сұлтандардың барлық әлеуметтік-саяси мұрагерлік құқықтары жойылды, ел билігі орыс шенеуніктері қолына шоғырланды. Осының бәрі қазақ қоғамындағы билік жүйесінің дәстүрлі базасы мен салт-дәстүрге негізделген ережелерге әсер етті. 1886 жылғы Түркістан өлкесін басқару туралы Ереженің негізгі өзегі бүкіл жер қорын мемлекеттің меншігіне беру болса, 1891 жылғы 25 наурызындағы Далалық облыстарды басқару туралы ереже бойынша сот жүйесіне елеулі толықтырулар мен нақтылаулар жасалды. Ол өз кезегінде бұрынғы сот жүйесінің өзгеруіне себеп болды және ислам шариғатын уағыздаушы билер мен дәстүрлі құқықтық жүйені ығыстырып шығарды. КСРО құрылғаннан кейін алғашқы Қазақстан Конституциясы 1926 жылы 18 ақпанда,Қазақстан Кеңестерінің төтенше Х съезінде Қазақ КСР Конституциясы 1937 жылғы 26 наурызда, КСРО құрамындағы Қазақстан үшін келесі Конституция 1978 жылы 20 сәуірде Жоғарғы Кеңестің кезектен тыс 7-ші сессиясының қарауынан кейін қабылданды. Ал Тәуелсіз Қазақстанның алғашқы Конституциясы 1993жылы 28 қаңтардағы Қазақстанның Жоғарғы Кеңесінің ІХ сессиясында қабылданды. Қазақстан Республикасының қолданыстағы Конституциясы 1995 жылы 30 тамызда республикалық референдумда қабылданды. К.Маркс: Дала заңдары біршама өзгеріске ұшырағанына қарамастан өзіне тән болмысын сақтап қалды деген болатын. Осы Конституцияны қабылдар алдында біз, ортақ тарихи тағдыр біріктірген Қазақстан халқы, байырғы қазақ жерінде мемлекеттілік құра отырып, өзімізді еркіндік, теңдік және татулық мұраттарына берілген бейбітшіл азаматтық қоғам деп ұғына отырп, дүниежүзілік қоғамдастықта лайықты орын алуды тілей отырып қазіргі және болашақ ұрпақтар алдындағы жоғары жауапкершілігімізді сезіне отырып, өзіміздің егемендік құқығымызды негізге ала отырып, осы Конституцияны қабылдадық. Ғасырлар тоғысында әлемдік өркениеттің шыңына ұмтылған Қазақстан халқы тарихы да тағдырлы шешім қабылдап, жасампаз жаңа дәуірге қадам басты. Қазақстан Республикасы өзiн демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтiк мемлекет ретiнде орнықтырды. Ал, оның ең қымбат қазынасы -- адам және адамның өмiрi, құқықтары мен бостандықтары деп айқындалды. Мемлекеттiк билiктiң бiрден-бiр бастауы - халық.Сондай-ақ, халық билiктi тiкелей республикалық референдум және еркiн сайлау арқылы жүзеге асырып, өз билiгiн жүзеге асыруды мемлекеттiк органдарға бередi. Конституцияда Республика қызметiнiң түбегейлi принциптерi ретінде қоғамдық татулық пен саяси тұрақтылық, бүкiл халықтың игiлiгiн көздейтiн экономикалық даму, қазақстандық патриотизм, мемлекет өмiрiнiң аса маңызды мәселелерiн демократиялық әдiстермен, оның iшiнде республикалық референдумда немесе Парламентте дауыс беру арқылы шешу белгіленді. Тәуелсіздігіміздің тірегіне айналған Ата заң -- мемлекет пен қоғамда орын алып отырған барлық саяси-экономикалық, әлеуметтік реформалардың ілгері басуына, дамудың қайнар бастауына айналды. Ата Заң біздің бүкіл жарқын істерміздің қайнар бастауына айналды. Конституция мызғымас мемлекетіміздің алтын қазығы, бірлігі мен ынтымағы жарасқан елдігіміздің бұлжымас бағдары, кемел келешегіміздің кепілі. Біз аз уақытта айбары асқан қуатты ұлтқа, дәулеті тасқан әлеуметті елге айналдық. Ортақ шаңырағымыздың шекарасын шегелеп, іргемізді мызғымастай етіп бекіттік. Тағдыр тоғыстырған, тарих табыстырған түрлі ұлт өкілдері Конституция қағидаттары төңірегіне топтасты. Еуразияның жүрегіне орналасқан Елордамыз әлемге руханияттың ірі орталығы, саясаттың іргелі ордасы ретінде танылды. Әрбір азаматы өзін тең сезінетін, татулығы жарасқан Қазақ елінің, Қазақстан халқының қарымды істері бүгінде әлем жұртшылығы үшін үлгі-өнегеге айналды. Мұның өзі біздің Ата Заңымызда бүкіл адамзаттық құндылықтар мен өркениеттік игіліктердің барлығы қамтылғанын айғақтайды. Өркендеп дамуымыздың басты құжатына айналған, бүкіл халық болып қабылдаған Ата Заңды құрметтеу біздің міндетіміз әрі парызымыз. Қазақстанның әрбір азаматы еліміздің негізгі заңының асқақ рухы мен маңызын, Конституцияны қалыптастыру тарихын жақсы білуі керек. Конституцияны құрметтеу және сақтау арқылы және оның тарихы мен маңызын білуімізбен ғана біз өз елімізді, Отанымызды, тарихымызды, құндылықтарымызды құрметтейміз және еліміздің дамуына, қоғамдық келісімге, бейбітшілік пен тыныштыққа қол жеткізе аламыз. Өйткені, біздің Ата Заңымыз - Қазақстан халқының саналы таңдауы, өркенді дамуымыздың кепілі.
2. Қазақ хандығы және Тәуелсіз Қазақстан.
2.1Қазақ хандығы. Бабаларымыз Ошақтың бұты - үшеу, жағар оты - біреу деген тәмсілді бекер айтпаған. Осы ұлағатты ұғым бізді береке-бірлікке үндеп, ұрпақтар сабақтастығының тұтастығына шақырды. Сонымен қазақ хандығының құрылуына ұйтқы болған себептер -- саяси және этникалық процестер болды. Оның басты этапы -- Керей мен Жәнібектің қол астындағылармен бірге көшпелі өзбектердің басшысы Әбілхайырдан кетіп, Моғолстанның батысына қоныс аударуы. Мұндағы маңызды оқиға -- Керей мен Жәнібекті жақтаушылардың өзбек-қазақтар, кейін тек қазақтар деп аталуы. Әбілхайырдың өлімінен кейін Керей мен Жәнібектің Өзбек ұлысына келіп, үкімет билігін басып алды. Қазақ хандығының дәуірі - қазақтың ұлттық егемендігі мен тәуелсіздігінің шарықтаған шыңы. Қасым ханның қасқа жолы, Есім ханның ескі жолы, Тәуке ханның Жеті Жарғысы - тайға таңба басқандай қазақ мемлекеттігінің нышандары, қазақ тәуелсіздігінің айқын айғағы. Жәнібек пен Керей, Қасым мен Хақназар, Тәуекел мен Есім хандардың жетекшілігімен халқымыз 300 жылдық тәуелсіз хандық дәуірінде өмір сүрді. Осы дәуірді халқымыз қой үстінде бозторғай жұмыртқалаған бейбітшілік пен азаттық дәуірі деп еске түсіреді. Алайда, халқымыздың бейбіт өмірі тәуелсіздік үшін күреске түскен сындармен қатар жүрді. Тәуелсіздік жолында қазақ халқы қайталанбас ерліктің үлгілерін көрсетті. ХVIII-ші ғасырдағы қазақ тарихы ел тағдыры үшін шешуші сәттерге толы, қайғылы да қасіретті кезең. Бұл қазақтың өз мемлекеттігі мен тәуелсіздігі үшін күресте жанталасқа түсіп, найзаның ұшына, білектің күшіне жүгінген қиын-қыстаулы тарих беттері. Тәуке ханның өлімінен соң басталған ішкі саяси бытыраңқылық қазақ халқының басына төнген сыртқы қауіппен қосталды. Жан-жақтан: солтүстік пен батыстан - Ресей мемлекетінің, оның қол астындағы башқұрт, қалмақтардың, шығыстан - жоңғарлардың, оңтүстіктен - Орта Азия хандықтарының саяси қысым жасады. Қалыптасқан саяси жағдай мен ішкі алауыздық қазақ халқының тарихында өшпестей із қалдырған - Ақтабан-шұбырынды қасіретіне әкелді. Дәл осы тарихи кезеңде қазақ халқына құрып кету қаупі төнді. Ел басына ауыр күн туды. Сол кездің өзінде халқының болашағы үшін бүкіл күш-жігерін салатын суырыла сөйлейтін шешендер, топты бастар көсемдер, ту ұстайтын батырлар, елді ерлікке шақыратын жыршылардың бастауымен тәуелсіздікті сақтап қалдық. Халқымыз тәуелсіздігі мен болашағы үшін Бұланты мен Аңырақай шайқастарында ұлы жеңістерге қол жеткізіп, құрып кетуден аман қалды. Сан қатпарлы тарихымыздың түптамырын толғаған Еуразия кеңістігіндегі мемлекеттік дәстүрдің үзілмей жалғасып келгендігі, ғұндардан бастау алған осы үдерістің көк түріктер, Алтын орда арқылы сабақтасып, Қазақ хандығына жеткендігін, одан әрмен Тәуелсіз Қазақстан мемлекеткетіне айналғандығы ұрпақтар сабақтастығының терең мәні жатыр.

Қазақ хандығы ХV-ХVІІІ ғғ.
Тәуелсіз Қазақстан ХІХ-ХХІ ғғ.

Хан сайлануда төре тұқымынан, яғни Шыңғысхан әулетінен болу ең басты шарт болатын. Қарапайым халықта хан болып сайлану құқығы болмады. Хан сайлауда үлкен рөлді - сұлтандар, батырлар мен билер атқарды.

Республика Президентi болып тумасынан республика азаматы болып табылатын 40 жасқа толған, мемлекеттiк тiлдi еркiн меңгерген әрі Қазақстанда кемiнде 15 жыл бойы тұратын Республика азаматы бүкіл халықтық сайлау арқылы сайланады.

Би - рубасының, жергілікті жердегі әкімшілік билік өкілінің, төрешінің міндетін атқарады.Би - дала демократиясының көрінісі. Билер жоғарыдан тағайындалмайтын. Би деген атақты білімділігіне, әділдігіне қарай халық тек өзі танып мойындаған жандарға берілетін. Сондықтан билер хан мен карапайым халық арасындағы тепе-теңдікті сақтап, реттеп отыратын. Алайда дәстүрлі қазақ қоғамындағы хандық биліктің әлсіз тұсы билермен немесе билер кеңесімен байланысты. Бұл жөнінде академик С. Зиманов: Традиционная слабость ханской власти отчасти связана со значительным влиянием... Совет ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақ хандығының құрылу қарсаңындағы әлеуметтік-саяси қатынастарды, этникалық алғышарттарды зерттеу
Қалмақ хандығының мемлекеттік құрылысы және құқықтық жүйесі (1664-1771 ж.ж.)
Қазақстанда тарихи білімнің қалыптасуы мен дамуы: тарихи-теориялық зерттеу (1920-2001 жж.)
Қазақстанның экономикалық тарихы пәнінен дәрістер
Тарихи сабақтастық және эволюция тарихы
Экономикалық дамудың қазақстандық үлгісі
Қазақтардың тұрағы
Саяси білімді меңгеру Қазақстан жастарын саяси әлеуметтендіру факторы ретінде
Түркістан қаласының әлеуметтік-демографиялық жағдайы (1867-2009 жж.)
Қазақ өлкесі бірінші дүниежүзілік соғыс жылдарында
Пәндер