Мемлекеттік қаржы, оның мәні және қызметтері



Кіріспе
1. Мемлекеттік қаржы, оның мәні және қызметтері ... ... ... ..4
1.1 Мемлекеттік қаржы түсінігі және мәні ... ... ... ... ... ... .4
1.2Мемлекеттің қаржылық қызметі түсінігі ... ... ... ... ... ..7
1.3 Мемлекеттік қаржының ерекшелік белгілері ... ... ... ... ..8
1.4 Мемлекеттің қаржылық қызметін атқару әдістері ... ... ... 9
2. Мемлекеттік бюджет ... ... ... ... ... ... .11
2.1 Мемлекеттік бюджет және оның қызметтері ... ... ..11
2.2. Мемлекеттік бюджет: мәні және міндеті ... ... 12
2.3 Жергілікті қаржы мәні ... ... ... ... ... ..14
2.4 Бюджетаралық қатынастар, оларды жетілдірудің бағыттары.15
Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..17
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... .18
Соңғы кездері Қазақстан Республикасында мемлекеттің қаржы жүйесінжетілдіруге, қоғам дамуының қаржылық стратегиясына жаңа көзқарас құруғааса көңіл бөлініп отыр. Қазақстандағы қазіргі жағдай экономиканың қаржысекторын реттеуде мемлекеттің рөлін күшейту керек екендігін сипаттайды.
Мемлекеттік және жергілікті қаржы саласындағы басты мәселелерге келесілержатады:
- барлық деңгей бюджеттерінің және бюджеттен тыс мемлекеттік
қорлардың балансталғандығы;
- салық жүйесін жетілдіру;
- мемлекеттік және жеке меншікті қолданудың тиімділігін жоғарылату;
- бюджеттік жоспарлау және болжауды жетілдіру;
- ақша-несиелік және қаржы саясатының бірлігін қамтамасыз ету;
- мемлекеттік қаржыны қолданудың тиімділігі;
- мемлекеттік бақылауды күшейту және т.б.
Мемлекеттік қаржы ғылымының мақсаты – нарық жағдайындамамандарды жұмысқа дайындау. Шетелдік және отандық тәжірибенің теориялық заңдылықтарын, және қолданыстағы заңнамалық және нормативтік базаны білу, әртүрлі билік және басқару сатысындағы мемлекеттік қызметкерлерге, қаржыгерлерге, бюджеттік сала жұмыскерлеріне артылатын қызметтік міндеттерін тиімді орындауға негіз бола алады.
Мемлекеттік қаржы тұрақтылық және экономикалық өсім талаптарын құрады, бюджеттік ағындарды басқаруға мүмкіндік береді, қаржы саясатының орындалуына жол ашады.
Ұлттық байлық құрушы және интеллектуалды потенциалға ие, қалың халықтың мүддесіне бағытталған, келісілген қаржылық, ақша-несиелік, салықтық, бюджеттік және әлеуметтік-экономикалық саясаттарды жүргізу өте маңызды орын алады. Қаржылық дағдарысты жеңу, салықтық базаның кеңеюіне, мемлекеттік құрылымның негіздерін нығайтуға алып келетін, нақты экономикалық сектордың дамуы, жандануы негізіндегі макроэкономикалық тұрақтылық тұрғысында орын алады
1 «Конституция Республики Казахстан от 30.08.1995г. с изменениями и дополнениями от 7.10.1998г.
2 Гражданский кодекс Республики Казахстан (общая и особенная части). – Алматы: Юрист, 2002. – 329с.
3 Стратегия развития Казахстана до 2050 года
4 Основные направления внутренней и внешней политики (на соответствующий год). Ежегодные Послания Президента Н.Назарбаева РК народу Казахстана
5 Стратегия индустриально-инновационного развития Республики Казахстан до 2030г.
6 Об утверждении Концепции индустриально-инновационного развития Республики Казахстан на 2015-2019 годы. - Постановление Правительства РК от 31.12.2013г. - № 1497
7 Дорожная карта развития Казахстана до 2020г.
8 О Концепции по внедрению системы государственного планирования, ориентированного на результаты.
9 Постановление Правительства РК от 16.07.2007г. №599 «О методике расчетов трансфертов общего характера».
10 Постановление Правительства РК от 29.08.2007г. №754 «О Среднесрочной фискальной политике Правительства РК на 2008-2010 годы» (с изменениями и дополнениями по состоянию на 16.05.2008г.)
11 Закон РК от 03.12.2013г. №149-V ЗРК «Об объемах трансфертов общего характера между республиканским и областными бюджетами, бюджетами города республиканского значения, столицы на 2014-2016 годы»
12 Закон РК от 29.11.2013г. №147-V ЗРК «О гарантированном трансферте из Национального фонда Республики Казахстан на 2014-2016 годы»
13 Закон РК от 30.11.2010г. №359-IV ЗРК «Об объемах трансфертов общего характера между республиканским и областными бюджетами, бюджетами города республиканского значения, столицы на 2011-2013 годы»
14 Отчет Счетного комитета об исполнении республиканского бюджета (заключение к отчету Правительства).
15 Концепция развития финансового сектора Республики Казахстан до 2030 года, утверждена постановлением Правительства РК от 29.08.2014г. №954
16 Постановление Правительства РК от 5.12.2008г. №1164 Об утверждении Меморандума об основных принципах деятельности АО «Фонд национального благосостояния «Самрук-Казына»

Пән: Қаржы
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 17 бет
Таңдаулыға:   
Жоспары:

Кіріспе
1. Мемлекеттік қаржы, оның мәні және қызметтері ... ... ... ... ... ... . ... ... ... 4
1.1 Мемлекеттік қаржы түсінігі және мәні ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .4 1.2Мемлекеттің қаржылық қызметі түсінігі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .7
1.3 Мемлекеттік қаржының ерекшелік белгілері ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... 8
1.4 Мемлекеттің қаржылық қызметін атқару әдістері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..9
2. Мемлекеттік бюджет ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..11
2.1 Мемлекеттік бюджет және оның қызметтері ... ... ... ... ... ... . ... ... ..11
2.2. Мемлекеттік бюджет: мәні және міндеті ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 12
2.3 Жергілікті қаржы мәні ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 14
2.4 Бюджетаралық қатынастар, оларды жетілдірудің бағыттары ... ... ... ... ...15
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .17
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...18

2
Кіріспе
Мемлекеттік қаржы - бұл
қаражатты, жоғалып кеткенше,
қолдан-қолға беру өнері
Роберт Сарнофф

Соңғы кездері Қазақстан Республикасында мемлекеттің қаржы жүйесін жетілдіруге, қоғам дамуының қаржылық стратегиясына жаңа көзқарас құруға аса көңіл бөлініп отыр. Қазақстандағы қазіргі жағдай экономиканың қаржы секторын реттеуде мемлекеттің рөлін күшейту керек екендігін сипаттайды.
Мемлекеттік және жергілікті қаржы саласындағы басты мәселелерге келесілер жатады:
- барлық деңгей бюджеттерінің және бюджеттен тыс мемлекеттік
қорлардың балансталғандығы;
- салық жүйесін жетілдіру;
- мемлекеттік және жеке меншікті қолданудың тиімділігін жоғарылату;
- бюджеттік жоспарлау және болжауды жетілдіру;
- ақша-несиелік және қаржы саясатының бірлігін қамтамасыз ету;
- мемлекеттік қаржыны қолданудың тиімділігі;
- мемлекеттік бақылауды күшейту және т.б.
Мемлекеттік қаржы ғылымының мақсаты - нарық жағдайында мамандарды жұмысқа дайындау. Шетелдік және отандық тәжірибенің теориялық заңдылықтарын, және қолданыстағы заңнамалық және нормативтік базаны білу, әртүрлі билік және басқару сатысындағы мемлекеттік қызметкерлерге, қаржыгерлерге, бюджеттік сала жұмыскерлеріне артылатын қызметтік міндеттерін тиімді орындауға негіз бола алады.
Мемлекеттік қаржы тұрақтылық және экономикалық өсім талаптарын құрады, бюджеттік ағындарды басқаруға мүмкіндік береді, қаржы саясатының орындалуына жол ашады.
Ұлттық байлық құрушы және интеллектуалды потенциалға ие, қалың халықтың мүддесіне бағытталған, келісілген қаржылық, ақша-несиелік, салықтық, бюджеттік және әлеуметтік-экономикалық саясаттарды жүргізу өте маңызды орын алады. Қаржылық дағдарысты жеңу, салықтық базаның кеңеюіне, мемлекеттік құрылымның негіздерін нығайтуға алып келетін, нақты экономикалық сектордың дамуы, жандануы негізіндегі макроэкономикалық тұрақтылық тұрғысында орын алады

3
1. Мемлекеттік қаржы, оның мәні және қызметтері
Қазына - бұл мемлекеттің жүрегі
П.Буаст
1.1 Мемлекеттік қаржы түсінігі және мәні
Қаржы термині латынның fіnіs - істің соңы, бір нәрсенің өтеу мерзімі, таластың аяғы деген мағына беретін сөзінен шыққан. Бұл сөзге латынның finіге - аяқтау, тартысты шешу (әдетте қаржылай) мағынасын білдіретін етістігі қосылады. Ортағасырлық латын тілінде finansіо және finanсіа сөздері пайда болды, олар қолма-қол ақша, кіріс, міндетті ақшалай төлем деген мағынаны білдіретін.
Германияда finans сөзі XVI және XVII ғасырларда жағымсыз сипатқа ие болды және парақорлық, айлақорлық, алдау, зұлымдық дегенді білтіретін. XVIII ғасырда Француздың finansе сөзі мемлекеттік мүліктің жиынтығы, мемлекеттік шаруашылық, мемлекеттің ірістері мен шығыстары дегенді білдіретін болды.
XIX ғасырдың аяғында қаржы терминімен тек ақшалай қаражаттар ғана емес, сонымен қоса қазына түсінігіне ие мемлекетке тиесілі материалдық құндылықтар да аталатын болды, бірақ уақыт өте келе қаржы тек ақшалай категория ретінде қарастырыла бастады.
Қаржы категориясын материалдық мағынасында және ақша түсінігімен байланысы тұрғысында қарастырғанда бұл категорияның үш мағынасын бөліп қарастыруға болады.
1. Кең мағынада қаржы түсінігі ақша түсінігіне синоним ретінде қолданылады. Дағдылы сөйлесу кезінде де біз осылай қабылдаймыз: қаржы деп айтамыз - ақша деп түсінеміз. Мысалы, бір адам оның қаржылық жағдайы қиын деп айтса, онда оның ақшалай қиындықтары бар екенін түсінеміз. Кейбір экономисттер осындай түсініктерді қолданады. Сондықтан қаржы түсінігін азаматтардың қаржысы, заңды тұлғалар қаржысы, мемлекеттік аумақтық құрылымдардың қаржылары және жалпы мемлекет қаржысы, яғни мемлекеттегі айналыстағы барлық ақша массасы деп бөлуге болады.
Көптеген экономисттер көзқарасы тұрғысынан қарағанда қайта өндіріс процесінің төрт кезеңінің ішінде (өндіріс, тарату, айырбас және тұтыну) қаржылық қатынастар тек бөліп тарату сатысында ғана орын алады.
Осылайша, барлық ақшалай қатынастар қаржылық болып табылмайды (тіпті жеке қаржы сияқты қаржының бар екендігін мойындағанның өзінде). Оларға қоғамдық қайта өндірістің айырбас және тұтыну саласында орын алатын қатынастары жатпайды. Олардың қатарына кәсіпорындар мен ұйымдар арасында орын алатын, меншік формасына қарамастан А-Т және Т-А, яғни сауда-саттық қатынастарын қалыптастыратын байланыстар жатады.
2. Осыған орай қаржы түсінігінің мемлекеттің және заңды тұлғалардың ақша қаражаттары қамтылатын мәні бар. Бұл жағдайда ақша қатынастарын қаржы қатынастары дәрежесіне жатқызу келесідей екі критерийді қолданумен негізделген:
- ақша операцияларының субъектілері - мемлекет және заңды тұлғалар;
- көріну саласы - бөлу сатысы.
3. Арнайы мағынасында (материалдық тұрғыда) қаржы түсінігімен, жалпы қоғамдық өнімді ақша қаражаттары қорларында бөлу процесінде жинақталған,
4
мемлекеттік қаржы ғана түсіндіріледі.
Мемлекеттік қаржы - қатысушысы белгілі-бір тұрғыдан алып қарағанда мемлекет болып табылатын, ақша қатынастарының нысаны.
Мемлекеттік қаржы - экономикалық қарым-қатынастар жиынтығы, мемлекеттік органдарды қамтамасыз етуге және мемлекетке тән қызметтерді атқаруға қажетті ақша қорларының құрылу және қайта бөліну жүйесі.
Мемлекеттік қаржы орталықтандырылған (жалпы) қаржы бөлігіне жататын қаржы жүйесінің бір бөлімін құрайды.
Мемлекеттік қаржының негізгі мақсаты - мемлекеттің функцияларын орындауға қажетті қаржы ресурстарының құрылу көздерін және қолданылуын қамтамасыз ету.
ҚР мемлекеттік қаржысына келесідей функциялар тән:
1. Бөліп таратушылық, яғни ақша қаражаттарының мемлекет қолында жинақталуы және ары қарай жалпы мемлекеттік қажеттіліктерді қанағаттандыру мақсатында олардың қолданылуы жүргізіледі. Қайта бөлу функциясы орталықтандырылған қорлар жүйесі арқылы іске асырылады және оның нәтижесі болып келесілер болып табылады:
- қайтарымдылығы жоғары салалар табыстарының қайтарымдылығы төмен салаларға бөлінуі (мысалы, өнеркәсіптен ауыл шаруашылығына);
- өндірістік емес сала ұйымдарын бюджет есебінен қамтамасыз ету;
- тұрғылықты халық арасындағы әртүрлі әлеуметтік топтар арасында табыстарды қайта бөлу;
- әртүрлі аймақтық туындамалар арасында табыстарды қайта бөлу.
2. Реттеу функциясы бюджеттік қордың құрылуы және қолданылуымен байланысты. Бюджеттік қор салықтар, қарыздар, мемлекеттік меншіктен түсетін кіріс есебінен құрылады. Салық арқылы мемлекет экономикалық белсенділікті тежей немесе керісінше қосымша серпін бере алады.
Бюджеттік қорды қолдану мақсатты шығыстар арқылы жүзеге асырылады. Мемлекет, жалпы шаруашылыққа ие субъект ретінде, өндірістік процестің барлық қатысушыларының экономикалық мүдделерін ескере отырып бюджеттік қаражаттарды мемлекеттің әртүрлі қызмет салалары және қоғамдық шаруашылық салалары бойынша бөледі. Осылайша, мемлекеттің көзқарасы бойынша ең қажетті деген шаруашылық қызметі арналарына қаржылық құралдардың шоғырлануы жүзеге асырылады.
Бюджеттік шығындарды жүзеге асыра отырып мемлекет қоғамдық шаруашылықтың құрылымын өзгертуге, шаруашылық нәтижелеріне ықпал етуге, әлеуметтік түрлендірулер жүргізуге мүмкіндік алады. Бюджеттік қорды ҒТП жылдамдату үшін қолдана отырып, дәл осы бюджеттік қор ел экономикасына жағымды ықпал ете алады. Ғылымды бюджеттік қаржыландырудың жаңа механизмін құру, кадрларды дайындау және қайта дайындаудың мемлекеттік жүйесін жетілдіру, жаңа өнім түрлеріне табыс салығын салу жүйесінде жеңілдетілген салық режимін қолдану және тағы да басқа осындай бюджеттік іс-шаралар ғылыми жаңалықтарды, инновациялық технологияларды, жаңа техникалық жетістіктерді, оларды өндірістке енгізу мерзімдерін қысқартуды
5
ынталандыруға жетелейді, ал бұл өз кезегінде ғылыми-техникалық прогресті жылдамдатудың негізі болады.
3. Мемлекеттік қаржының бақылау функциясы қаржылық ресурстердың қаншалықты уақытылы және толық мемлекет және жергілікті билік органдарының қарамағына түсетінідігін, бюджеттік қаражаттарды бөлудегі үйлесімділіктің нақты мәнін, олардың қолданылу тиімділігін білуге болады. 11 Мемлекеттік қаржының бақылау функциясын кең мағынада және де тар мағынада қарастырған жөн.
Тар мағынада бақылау функциясы келесі бағыттар бойынша іске асырылады:
-орталықтандырылған қорларға қаражаттарды аудару уақыттылығы және дұрыстығын бақылау;
- өндірістік және әлеуметтік даму қажеттіліктерін есепке ала отырып ақша қаражаттарының орталықтандырылған қорларға берілген параметрлердің сақталуын бақылау;
- қаржы ресурстарының мақсатты және тиімді қолданылуын бақылау.
Мемлекеттік қаржының бақылау функциясы негізінде мемлекеттің ақша қаражаты қорын құру және қолдану арқылы экономиканың құрылымдық буындарында өтетін экономикалық процестердің айқындалуы жүзеге асырылатыны жатыр. Соның арқасында бюджет мемлекет қарамағына әртүрлі шаруашлық субъектілерінен ресурстардың қалай түсетіні туралы, мемлекеттің орталықтандырылған ресурстары оның қажеттіліктер көлеміне сәйкестігі туралы белгі бере алады.
Кең мағынада бақылау функциясы мемлекеттің қаржы саясаты нәтижелерін қойылған мақсаттар мен орнатылған критерийлермен салыстыруды білдіреді. Осылайша, бұл жағдайда қаржы саласындағы өзгерістерді айқындау және соған сәйкес өзгертулер енгізуді негізге алатын ұзақ мерзімді қаржылық саясаттың іске асырылуы туралы айтуға болады.
Қаржыны кең және тар мағынасында қарастырғанда олардың жеке және мемлекеттік болып бөлінуінде, аталған қорытынды толықтай негізделген деп айтуға болады.
Материалдық тұрғыда мемлекеттік қаржы мемлекет иелігіндегі ақша қаражатының жиынтығы болып табылады. Сонымен қоса айтатын болсақ ақша және де қаржы нақты ақша (қолма-қол ақша) және қолма-қолсыз формада бола алады. Бірінші жағдайда олар құндық белгілері көрсетілген белгілі-бір қағаз ақша немесе монеталық түрде болса, екінші жағдайда олар белгілі-бір шоттардағы жазбалар түрінде көрсетіледі.
Мемлекеттік және жеке қаржы арасындағы айырмашылық келесіде:
- мемлекет салық салу жүйесі арқылы өз табысын міндетті түрде түсіре алады (сонымен қоса мемлекеттің өзіне деген мәжбүрлік сипат жоқ, жеке тұлғаларға келетін болсақ, бұл жерде жағдай мүлдем басқа: олар өз табыстарын мәжбүрлі түрде қамтамасыз ете алмайды, сондықтан өз міндеттемелерін орындай алмауы әбден мүмкін);
- мемлекеттік қаржы қаржы жүйесімен байланысты, ал ол өз кезегінде мемлекетпен басқарылады, ал өз қаражаттарын басқаратын жеке меншік иелері
6
ақша жүйесіне ықпал ете алмайды; - жеке қаржы табыс табуға мақсатталған, ал мемлекеттік қаржы, керісінше - бұл барлық қоғамның қызығушылығын іске асыруға арналған қаражаттар;
- жеке тұлғалар басқаратын жеке қаржыларға қарағанда, мемлекеттік қаржының көлемі үлкен болып табылады.
Экономикалық категория ретінде мемлекеттік қаржыны ақша қорларын құру, бөлу және қолдану бойынша қаржы қатынастарының жиынтығы ретінде таниды. Бюджеттік қорды қолдану мақсатты шығыстар арқылы жүзеге асырылады. Мемлекет, жалпы шаруашылыққа ие субъект ретінде, өндірістік процестің барлық қатысушыларының экономикалық мүдделерін ескере отырып бюджеттік қаражаттарды мемлекеттің әртүрлі қызмет салалары және қоғамдық шаруашылық салалары бойынша бөледі. Осылайша, мемлекеттің көзқарасы бойынша ең қажетті деген шаруашылық қызметі арналарына қаржылық құралдардың шоғырлануы жүзеге асырылады.

1.2 Мемлекеттің қаржылық қызметі түсінігі

Мемлекеттің қаржылық қызметі - жалпы мемлекеттің немесе дәл осы салаға уәкілетті органдардың елдің қаржылық инфраструктурасын құру және оның тиісті қызмет атқаруын қамтамасыз ету, сонымен қоса, мемлекеттік ақша қорларын құру, бөлу және қолдануды ұйымдастыру қызметі болып табылады. Мемлекет қаржылық қызметін ақша қаражатының иесі ретінде жүзеге асырады.
Мемлекеттің қаржылық қызметі объектілері әртүрлі меншік түрлері қаражаттары, және ол осындай қызметін атқара отырып тек меншік иесі ретінде ғана емес, жалпы билікке ие болғандықтан басқа меншік иесіне де билік жүргізуші түрінде қызмет атқарады.
Мемлекеттің қаржылық қызметі кәсіпкерлік қызметтің бір түрі ретінде болмауы тиіс. Әр елдің қаржылық қызметінің көлемі әртүрлі және ол сол елдің экономикалық доктринасы мен идеологиясына, сонымен қоса аталған елдегі экономика мінездемесіне байланысты.
Мемлекет экономикалық өмірге бірнеше факторларға байланысты қатысады, таңдалған қоғамның даму моделі, саяси құрылымы, сақталып келе жатқан салт-дәстүрлер, сыртқы факторлар.
Мемлекеттің экономиканы тұрақтандыру қызметіне экономикалық конъюнктура тербелістерінен туындайтын жұмыспен қамтылу және инфляцияны бақылау кіреді.
ҚР-да мемлекеттің экономикалық қызметі келесі функцияларда көрінеді:
- елдің экономикалық дамуына септігін тигізетін, құқықтық базаны анықтау;
- монополистік қызметті шектеу және бәсекелестікті қолдау;
- қоғамның барлық байлығын және кірісін қайта бөлу;
- жаһандану жағдайында экономиканы тұрақтандыру;
- ел экономикасында орын алып жатқан өзгерістерге сәйкес ресурстарды қайта бөлуді жүзеге асыру.
7
Аталған функциялардың әсері тікелей немесе жанама түрде қаржы категориясын қолданумен байланысты, бұл байланыс әсіресе мемлекеттің үшінші, төртінші және бесінші функцияларында көрінеді.
Кірістер мен шығыстарды бөлуде нарықтық жүйеде теңсіздіктер туындайды, сондықтан мемлекет оларды өзі бөледі. Сонымен қоса, мемлекет азаматтардың (үй шаруашылығының) табыстарын теңдестіріп отыру үшін салық салу, трансферттер, жалақыны, бағаларды реттеу жүйелерін қолданады.
Экономикалық ресурстардың қайта бөлінуі екі жағдайда нарықтық жүйенің жетілмеуімен шығарылады:
- кейбір тауарлардың тепе-теңдік өндіріс көлемінің, оның тиімді көлемінен ауытқуы жағдайында;
- нарықтың қоғамдық тауарлар, игіліктер және қызмет көрсетулер өндіруге ресурстар бөлуден бас тартуы немесе жеткіліксіз дәрежеде беруі жағдайында.
1.3 Мемлекеттік қаржының ерекшелік белгілері

Мемлекеттік қаржының құрамы және құрылымы мемлекеттік құрылым жүйесіне байланысты болады. Қазақстанда Конституцияға және Азаматтық Кодекске сәйкес екі деңгейлі қаржы жүйесі қалыптасқан. Мемлекеттік қаржы категориясына келесідей түсініктерді жатқызуға болады:
- мемлекеттік несие;
- мемлекеттік бюджетке және мемлекеттік бюджеттік емес қорларға түсетін түсімнің негізгі бөлігін құратын салық жүйесі;
- бюджетке және бюджеттік емес қорларға түсетін салықтық емес түсімдер;
- бюджеттік жүйе;
- мемлекет және оның органдары басқаратын ақша қаражаты қорларын құруға және қолдануға қажетті басқа да қаржы түсінігі.
Мемлекеттік қаржыны басқаруды мемлекеттік билік органдары жүзеге асырады, біріншіден, ел Президенті, заңнамалық және атқарушы органдар (Үкімет, Мәжіліс, Ұлттық банк, Қаржы министрлігі, аймақтық органдар, Маслихат және т.б.).
Мемлекеттік қаржы - мемлекеттің дамуымен және оның қаржы ресурстарына деген қажеттіліктерінің өсуімен байланысты тұрақты тауарлық- ақшалай айырбас жағдайында туындайтын ақша қаражаты қорларын құру және пайдалану процесіндегі экономикалық қатынастарды айқындайтын экономикалық категория. Қаржы мемлекеттің экономикалық құрылуымен өзара байланыста көрінетіні тарихи дәлелденген болып отыр. Мемлекет қаржы жүйесі арқылы өз қолында, қоғамның қажеттіліктерімен ақталған көлемді ақша қаражаттарын жинақтайды.
Мемлекеттік қаржы - бұл жалпы ішкі өнімді (ЖІӨ) және ұлттық табысты (ҰТ) бөлу және қайта бөлудің экономикалық құралы, ақша қаражаты қорларының құрылуы және қолданылуын бақылау құралы.
Мемлекеттік қаржының негізгі мақсаты - мемлекет және кәсіпорындардың ақша қаражатына деген қажеттілігін қанағаттандыру үшін ақша кірістерін және
8
қорларын құру, сонымен қоса жұмсалымдарды бақылау, қаржылық ресурстардың мақсатты және тиімді қолданылуы.
Қаржылық қатынастарға төмендегі қатысушылардың өндіріс процесінде туындайтын ақшалай қатынастар жатады:
- мемлекет және кәсіпорындар (ұйымдар) салықтар және бюджетке төленетін басқа да төлемдер бойынша, сонымен қоса кәсіпорындардың кейбір шығындарын, дамудың республикалық және аймақтық бағдарламаларына сәйкес бюджет есебінен қаржыландыру;
- бюджетке және бюджеттік емес қорларға міндетті және еркіті төлемдерді төлеген кезде мемлекет және азаматтар арасында;
- орталықтандырылған қорлар құру кезінде мемлекеттік кәсіпорындар және жоғарғы билік ұйымдары арасында;
- бюджеттен тыс қорларға сақтандыру, зейнетақы жарналары беру кезінде кәсіпорындар және осы қорлар арасында;
- шот ашу кезінде, несие алғанда, несие бойынша пайыз төленген уақытта, банктердегі шоттарда ақша қаражаттарын сақтау кезінде кәсіпорындар мен коммерциялық банктер арасында;
- сақтандыру жарналарын төлеу уақытында және сақтандыру жағдайы орын алған уақытта сақтандыру қорынан шығынды өтеу кезінде кәсіпорындар мен сақтандыру органдары арасында;
- еңбекті өтеу қорынан еңбекақыны төлеу кезінде кәсіпорындар мен жұмысшылар арасында;
- сатып алынған тауарлы-материалдық құндылықтар, дайын өнімді өткізу және қызмет көрсету бойынша есеп айырысу кезіндегі өндірістік және коммерциялық қызмет процесінде кәсіпорындар мен ұйымдар арасында.
Мемлекет, кәсіпорындар, салалар, аймақтар және жеке азаматтар арасындағы ақша қаражаттарының қозғалысымен байланысты экономикалық қатынастардық жиынтығы қаржы қатынастарын тудырады. Осылайша, мемлекеттік қаржы - бұл ұлттық табысты бөлу және қайта бөлу негізіндегі ақша қаражаттары қорларын қолдану және құрумен байланысты экономикалық қатынастар жүйесі.
Қаржының пайда болу себебі - мемлекеттің және басқа да субъектілердің олардың қызметін қамтамасыз ететін ресурстармен қамсыздандыру. Осылайша, мемлекеттік қаржы маңызды экономикалық, әлеуметтік және саяси сипатқа ие. Мемлекеттің қаржылық қызметін атқару.

2.4 Мемлекеттің қаржылық қызметін атқару әдістері

Өзінің материалдық мазмұны бойынша мемлекеттің қаржылық қызметі ақшаның шоғырлануы және олардың орынды (мақсаттыұқыпты) бөлінуі арқылы жұмсау процестерін қамтиды. Бұл қызмет белгілі-бір ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Шаруашылық қызметінің аудиті
Қазақстан Республикасының қаржы жүйесіне талдау
Экономикалық дамудағы қаржы
Мемлмкеттік бюджеттің экономикалық мазмұны
Қаржының бақылау функциясы және қаржылық бақылау
Экономикалық ұғымдар
Қор биржасы: мәні, міндеттері және операциялары
Қазақстан Республикасының қаржы жүйесі туралы ақпарат
Коммерциялық банктер қызметінің жіктелуі
Қаржы жүйесі жайында
Пәндер