Халықаралық қатынастар теориялары – реализм және либерализм



1. «Қырғи қабақ соғысы»
2. Вена конгресі(1814.1815)
3. II Дүниежүзілік соғыс (қыркүйектің 1, 1939 — қыркүйектің 2, 1945)
4. Бірінші дүние жүзілік соғыс(1914.1918).
5. XX ғғ. АҚШ және КСРО бақталастығы.
6. АҚШ және әлемдік саясат.
7. Әлемдік саясат және жаһандану.
8. Әлемдік саясат және Қазақстан.
9. Әлемдік саясат және отаршылдық.
10. БҰҰ және әлемдік саясат
Қырғи Қабақ Соғыс— 1945 — 1991 ж. аралығында әлемдегі екі саяси жүйедегі аса ірі мемлекеттер КСРО мен АҚШ арасындағы бақталастық саясат. 2-дүниежүзілік соғыс аяқталғаннан кейін Гитлерге қарсы одақ ыдырап, КСРО мен АҚШ басшылары дүние жүзін қайта саяси бөліске салды. КСРО Шығыс және Орталық Еуропа елдеріне социолистік жүйені енгізді. Ал АҚШ бастаған Батыс Еуропа елдері “коммунистік ағымды” әлемге таратпауға, бұрынғы жүйені сақтап қалуға тырысты. АҚШ пен Батыс Еуропа елдері КСРО мен социолистік жүйеге қарсы тұру үшін НАТО соғыс блогіне бірікті. Ал КСРО бастаған социолистік елдер Варшава шартын құрды. Екі жақ та жанталаса қаруланып, ядролық, химиялық, биологиялық қарулар жасауға кірісті. Екі жүйенің бақталас-тығы қоғамның барлық салаларында (ғылымда, өндірісте, баспасөзде, өнерде, т.б.) жалғасып жатты. ғылым мен техниканың соңғы жаңалықтары соғыс мақсатына бағытталды. Идеологиялық мақсатта әр түрлі радиостанциялар ашылды (“Америка дауысы”, “Азаттық”, т.б.). Екі саяси жүйе арасындағы текетірес нәтижесінде Кореяда, Вьетнамда, Ауғанстанда, Таяу Шығыс, Латын Америкасы және Африка елдерінде әскери қақтығыстар жиі болып тұрды. Нәтижесінде социолистік жүйе дағдарысқа ұшырап, 1985 ж. Кеңес Одағында басталған қайта құру саясатынан кейін социолистік елдер нарықтық қатынастарға көше бастады. 1991 ж. КСРО-ның тарауымен Қырғи Қабақ Соғыс аяқталды.
Тарих және саясаттануда қолданатын ұғым, Екінші дүниежүзілік соғысынан кейін бастап Кеңес Одағының ыдырауына дейін созылған АҚШ басқарған "батыс мемлекеттерінің" және КСРО басқарған социалистік лагерінің идеологиялық қақтығысы (яғни либерал және коммунистік екі идеологиясының қақтығысы) және сол себептен жүргізілген АҚШ пен КСРО арасында қаруландыру бәсекесі.

Пән: Халықаралық қатынастар
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 26 бет
Таңдаулыға:   
1. Қырғи қабақ соғысы немесе Қырғи Қабақ Соғыс -- 1945 -- 1991 ж. аралығында әлемдегі екі саяси жүйедегі аса ірі мемлекеттер КСРО мен АҚШ арасындағы бақталастық саясат. 2-дүниежүзілік соғыс аяқталғаннан кейін Гитлерге қарсы одақ ыдырап, КСРО мен АҚШ басшылары дүние жүзін қайта саяси бөліске салды. КСРО Шығыс және Орталық Еуропа елдеріне социолистік жүйені енгізді. Ал АҚШ бастаған Батыс Еуропа елдері "коммунистік ағымды" әлемге таратпауға, бұрынғы жүйені сақтап қалуға тырысты. АҚШ пен Батыс Еуропа елдері КСРО мен социолистік жүйеге қарсы тұру үшін НАТО соғыс блогіне бірікті. Ал КСРО бастаған социолистік елдер Варшава шартын құрды. Екі жақ та жанталаса қаруланып, ядролық, химиялық, биологиялық қарулар жасауға кірісті. Екі жүйенің бақталас-тығы қоғамның барлық салаларында (ғылымда, өндірісте, баспасөзде, өнерде, т.б.) жалғасып жатты. ғылым мен техниканың соңғы жаңалықтары соғыс мақсатына бағытталды. Идеологиялық мақсатта әр түрлі радиостанциялар ашылды ("Америка дауысы", "Азаттық", т.б.). Екі саяси жүйе арасындағы текетірес нәтижесінде Кореяда, Вьетнамда, Ауғанстанда, Таяу Шығыс, Латын Америкасы және Африка елдерінде әскери қақтығыстар жиі болып тұрды. Нәтижесінде социолистік жүйе дағдарысқа ұшырап, 1985 ж. Кеңес Одағында басталған қайта құру саясатынан кейін социолистік елдер нарықтық қатынастарға көше бастады. 1991 ж. КСРО-ның тарауымен Қырғи Қабақ Соғыс аяқталды.
Тарих және саясаттануда қолданатын ұғым, Екінші дүниежүзілік соғысынан кейін бастап Кеңес Одағының ыдырауына дейін созылған АҚШ басқарған "батыс мемлекеттерінің" және КСРО басқарған социалистік лагерінің идеологиялық қақтығысы (яғни либерал және коммунистік екі идеологиясының қақтығысы) және сол себептен жүргізілген АҚШ пен КСРО арасында қаруландыру бәсекесі.
2. Вена конгресі(1814-1815) бұл - Еуропада француз революциялары мен Напалеонның соғыстарынан монархияны қалпына келтіру келісімдеріне қол қойып,мемлекеттердің жаңа шекаралары бөлінген болатын.Еуропанын барлық мемлекеттері қатысты,Осман империясы ғана қатыспады.Осы конгресстен кейін Вена жүйесі(1815-1918) пайда болды.
Ерекшеліктері:
* Тура мағынадағы дипломатия пайда болды(яғни жанжалдарды мәдениетті түрде шешуге тырысты).
* Әскери-саяси одақтар қүрыла бастады
* Мемлекеттер әскери-саяси блоктарға бірігіп,агрессиялық саясат жолына түскен мемлекеттер пайда болды(Үштік Одақ,Антанта Одағы,т.б.).
* Осы келісімдер жүйесі - барлық Еуропаның мемлекеттерін қамтыған.
* Вена жүйесі Еуропаның жаңа географиялық картасын құрастырды.
* Саяси күштердің тепе теңдігі.
* Европалық концерт.
* Басқа жүйелерден айырмашылығы мемлекеттер ғана емес,мемлекет коалициясы да қатысқан
3. II Дүниежүзілік соғыс (қыркүйектің 1, 1939 -- қыркүйектің 2, 1945) -- дүние жүзіне үстемдік жасау үшін Германия, Италия, Жапония тарапынан басталған соғыс. 1933 ж. фашистік диктатура орнағаннан кейін Германия дүние жүзіне үстемдік жүргізу жоспарын жүзеге асыруға кірісті. Оны Италия және Жапония үкіметтері қолдады.
4. Бірінші дүние жүзілік соғыс(1914-1918).
Бірінші дүниежүзілік соғыс 1914 жылғы 19 шілдеде (1 тамызда) басталды.Оған 38 мемлекет тартылды. Соғысқа қатысушы басты елдер (одақтар):
* Үштік одақ (Германия, Австрия-Венгрия, Италия).
* Антанта (Англия, Франция, Россия).
Соғыстың сипаты -басқыншылық, агрессиялық, империалистік соғыс болды.
Соғыстың себептері:
* Империализмнің барлық қайшылықтарының күрт шиеленісуі.
* Капиталистік өндіріс тәсілінің әркелкі және секірмелі болуы.
* Империалистік державалардың бөлініп қойған дүние жүзінің шекараларын қайтадан бөлуге тырысуы.

5. XX ғғ. АҚШ және КСРО бақталастығы.
II дүниежүзілік соғыс аяқталғаннан кейін Гитлерге қарсы одақ ыдырап, КСРО мен АҚШ басшылары дүние жүзін қайта саяси бөліске салды. КСРО Шығыс және Орталық Еуропа елдеріне социолистік жүйені енгізді. Ал АҚШ бастаған Батыс Еуропа елдері "коммунистік ағымды" әлемге таратпауға, бұрынғы жүйені сақтап қалуға тырысты. АҚШ пен Батыс Еуропа елдері КСРО мен социолистік жүйеге қарсы тұру үшін НАТО соғыс блогіне бірікті. Ал КСРО бастаған социолистік елдер Варшава шартын құрды. Екі жақ та жанталаса қаруланып, ядролық, химиялық, биологиялық қарулар жасауға кірісті. Екі жүйенің бақталастығы қоғамның барлық салаларында (ғылымда, өндірісте, баспасөзде, өнерде, т.б.) жалғасып жатты. Ғылым мен техниканың соңғы жаңалықтары соғыс мақсатына бағытталды. Идеологиялық мақсатта әр түрлі радиостанциялар ашылды ("Америка дауысы", "Азаттық", т.б.). Екі саяси жүйе арасындағы текетірес нәтижесінде Кореяда, Вьетнамда, Ауғанстанда, Таяу Шығыс, Латын Америкасы және Африка елдерінде әскери қақтығыстар жиі болып тұрды. Нәтижесінде социолистік жүйе дағдарысқа ұшырап, 1985 ж. Кеңес Одағында басталған қайта құру саясатынан кейін социолистік елдер нарықтық қатынастарға көше бастады. Тарих және саясаттануда қолданатын ұғым, Екінші дүниежүзілік соғысынан кейін бастап Кеңес Одағының ыдырауына дейін созылған АҚШ басқарған "батыс мемлекеттерінің" және КСРО басқарған социалистік лагерінің идеологиялық қақтығысы (яғни либерал және коммунистік екі идеологиясының қақтығысы) және сол себептен жүргізілген АҚШ пен КСРО арасында қаруландыру бәсекесі.

6. АҚШ және әлемдік саясат.
Қазіргі таңда жаңа әлемдік тәртіпті орнатуда және құрастыруда өзіндік жолы бар. АҚШ -- халықаралық қатынастардың ең маңызды қатысушыларының бірі болып табылады. АҚШ өзінің жаһандық көшбасшылығын сақтауға ұмтылуда.
АҚШ-тың жалпы әлемдік процестерге ықпалы сөзсіз. Бұл орасан зор әскери-саяси ресурстарға және экономикалық қуатқа иелік ететін көбінесе ғаламдық процестердің дамуына шешуші ықпал ететін, әлемде стратегиялық тұрақтылықтың жай-күйін көбінесе анықтап беретін мемлекет. АҚШ дербес күш ретінде, сондай-ақ халықаралық ұйымдар туы астында әрекет ете отырып, іс жүзінде планетаның көптеген аймақтарында жанжалдарды реттеуге белсене қатысады. Американың осы заманғы әлемдік экономикаға ықпалы оның ұлтттық экономикасының мөлшері және күш-қуатымен ғана емес, Халықаралық Валюта Қоры, Халықаралық қайта құру және даму банкі сияқты халықаралық институттар, басқа да ұжымдық қаржы және сауда-экономикалық ұйымдар американ қағидаттары мен құндылықтарына сәйкес жұмыс істеуімен де айқындалады. Американың ішкі рыногы осы заманғы елдердің көпшілігінің экспорты бағдарланған экономикалық дамуының маңызды шарты болып табылады. Аса ірі транс ұлттық корпорациялардың 40 пайызының АҚШ-та штаб-пәтері бар .
Қазіргі әлемнің аса ірі державасы Америка Құрама Штаттарымен жан-жақты қатынастарды дамыту сыртқы саясатта басым орыналады. Біздің мемлекетіміз үшін Америкамен ынтымақтастық әлемдік қоғамдастықта халықаралық орынды нығайту және ұлттық мүдделерді ілгерілетумен тікелей байланысты.
7. Әлемдік саясат және жаһандану.
Әлемдік саясат-халықаралық қатынастар субъектілерінің, саяси акторлардың әлемдік мәселелерді, қауіптерді және қайшылықтарды бірлесіп шешуін ұйымдастырудың жолдары, бағыттары және әдістері болып табылады.
Жаһандану ұғымы, жалпы алғанда, әлемдік өркениеттің аса маңызды өлшемдерінің жалпыадамзаттық өлшемге ие болуы деп түсіндіріледі. Қоршаған орта, түпкі ресурстар (энергия, су, азық-түлік), демография, көші-қон толқындары, есірткі тасымалы, халықаралық терроршылдық проблемалары жекелеген елдер күшімен шешілуі мүмкін емес.

8. Әлемдік саясат және Қазақстан.
Әлемдік саясат-халықаралық қатынастар субъектілерінің, саяси акторлардың әлемдік мәселелерді, қауіптерді және қайшылықтарды бірлесіп шешуін ұйымдастырудың жолдары, бағыттары және әдістері болып табылады.
Республиканың сыртқы саясатына экономикалық байланыстарды нығайтып, дамытуда кіреді. Бүгінде республикамызда бірнеше шетел фирмаларының , банкілерінің , өзге ұйымдардың өкілдері бар. Қазақстан қазіргі әлемнің 80 - нен астам елдеріне өнімдер шығарады.
Қазақстанның қазіргі сыртқы саясатының негізгі мақсаттары мен принуциптері:
* мемлекеттік мүддені қорғау;
* елімізде экономикалық реформаларды жалғастыру; демократиялық институттарды күшейту үшін сыртқы жағдайды барынша қамтамасыз ету;
* әлемдегі барлық елдермен тең құқықты және серіктестік қатынастарды дамыту;
* ғаламдық және аймақтық интеграциялық процестерге белсене қатысу ;
* халықаралық ұйымдармен ынтымақтастықты тереңдету;
Қазақстан егеменді және тәуелсіз мемлекет ретінде қалыптасты және әлемдік қоғамдастықтың толық құқылы мүшесі, оның ажырағысыз бөлігі болып еніп отыр. Ол өзінің сыртқы саясатында барлық ұлттармен, көршілермен тең дәрежелі достық қатынас орнатпақ. Сонымен қатар республикамыздың халықаралық деңгейде мүдделі болып отырған көкейтесті мәселелері - қарусыздану және халықаралық қауіпсіздікті нығайту, аймақтық жанжалдарды реттеу және бейбітшілікті қолдау жөніндегі операциялардың тиімділігін арттыру, адам құқықтары, айналадағы ортаны қорғау.
9. Әлемдік саясат және отаршылдық.
Отаршылдық - өз елінің шет жағында бос жатқан жерлерді қоныстану және шаруашылық үшін игеру (ішкі отаршылдық), сондай-ақ басқа елдерде қоныстар салу (сыртқы отаршылдық). Отаршылдық іс көбіне жергілікті тұрғындарды күшпен бағындыру және ығыстыру саясатымен (кейде қырып-жоюмен) ұштасады және басқа аумақтарды тартып алу үшін қолданылады. Отаршылдық ежелгі заманнан белгілі. Ежелгі Финикия, грек мемлекеттері, Рим отар елдер арқасында үстемдік орнату, өздеріне қажетті азық-түлік және тауарлар алу, басқа аймақтармен сауда қатынастарын орнатуды көздеді. Отаршылдық арқасында гректер Қара және Азов теңізі жағалауларын, Аппенин түбегін, Сицилия, Сардиния, т.б. аралдарды игерсе, финикиялықтар Солтүстік Африкада атақты Карфаген қаласының негізін қалады. Ежелгі қытайлар, түркілер, корейлер Жапон аралдарына қоныс теуіп, Тынық мұхиттағы Оңтүстік аралдардан келгендермен және жергілікті тұрғындармен араласып жапон халқының қалыптасуына қатысты. 11- 13 ғасырларда Таяу Шығысқа жасалған крест жорықтары да белгілі дәрежеде әскери отаршылдық сипатта болды. Ішкі отаршылдық 12-13 ғасырларда феодалдық қоғамның өндіргіш күштерін алға бастырып, Батыс Еуропа елдерінде елеулі табыстарға жетті. 15 ғасырдағы географиялық ұлы жаңалықтар кезінен еуропалықтар жер жүзінің басқа құрлықтарын отарлауды бастады. Әскери-сауда орталықтарын салу, жаңадан ашылған құрлықтарды игеру, бұрынғы дамыған елдермен сауда жүргізу қыза түсті. Испандықтар, португалдар, голландтықтар, ағылшындар, француздар, т.б. отаршылдық саясатын күшпен жүргізді. Олардың қоныстары мен бекіністері Оңтүстік және Солтүстік Америкада, Австралияда, Африкада, Азияның шығысында, кейін Үндістанда, Индонезияда, Араб елдерінің шығысында пайда болды. Көптеген байырғы халықтарды қырып-жою, қалғандарын құлға айналдыру, резервацияларда ұстау, кемсіту кеңінен орын алды. Отаршылдық саясатын қолданған елдер жергілікті халықтарды тонау, қанау арқасында қатты байып, отарларды шикізат көздеріне, өздері шығарған тауарларды үйлестіру базаларына айналдырды. Отарланған елдердің ең құнарлы жерлерін келімсектер иемденіп, Америка, Африка, Азияның байырғы халықтарын, шөл, шөлейт далалар мен тауларға ығыстырды. Ресей патшалығы да бір орталыққа бағынған мемлекет болуды аяқтағаннан кейін 16-17 ғасырларда Еділ бойы, Орал, Қиыр Солтүстік, Сібір, Қиыр Шығыс халықтарын отарлай бастады. 18-19 ғасырларда отаршылдық саясатын әрі қарай жалғастырып, Кавказ, Қазақстан мен Орталық Азия халықтары да басып алынды (қ. Қазақстанды Ресейдің отарлауы). Ресейдің отаршылдық саясатын ұсақ халықтарды жаппай орыстандыру, шоқындыру, бас көтергендерін қатал жазалау және ішкі аймақтардағы орыс, украин, белорус, т.б. халықтардан шыққан шаруаларды күшпен қоныстандыру арқылы жүзеге асты. 20 ғасырда болған аса ipi 2 соғыс: 1 және 2-дүниежүзілік соғыс отар елдерді қайта бөлісу салдарынан туындады. 2-дүниежүзілік соғыстан кейін отарлық жүйе дағдарысқа ұшырап, ұлт- азаттық котерілістер күрт күшейді. Нәтижесінде Азия, Латын Америкасы, Африка құрлықтарындағы отар елдер тәуелсіздік алды. 1991 жылы КСРО-ның тарауымен бұрынғы Ресей отарлары да егемендікке қол жеткізді.

10. БҰҰ және әлемдік саясат

Біріккен Ұлттар Ұйымы - Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін КСРО, АҚШ, Қытай және Ұлыбритания мемлекет­тері­нің белсенділік таны­туымен құрылған халықаралық ұйым. 1945 жылы Сан-Францискодағы конференцияда антигитлерлік коалицияға мүше мемлекеттердің ұсынысымен күштерін біріктіру мақсатында кұрылған егеменді мемлекеттердің халықаралық ұйымы.
Әлемдік тәртіптер мен мемлекетаралық қатынастардың өзара тәуелділік пен ортақтасу принципіне бейімделе түскендігі нақты байқалады. Әлем халықтары мен мемлекеттері жаһандық қауіптер мен мәселелерді бірлескен күшпен өзара келісім саясатымен ғана шешуге болатындығын ұғнып отыр. Әлем мемлекеттерінің жаһандық мәселелерді шешуге қатынасуы жолдары БҰҰ, ЕЫҚҰ, ШЫҰ, БСҰ сияқты халықаралық ұйымдар арқылы жүргізіледі
11. Вудро Вильсонның 14 бап бағдарламасы.
АҚШ Президенті Вудро Вильсонның 1918ж. 8 қаңтардағы Конгресске жолдауынан Он төрт пункті (үзінді)
Біздің бағдарламамыз жалпыға ортақ бейбітшілік бағдарламасы болып табылады. Осы бағдарлама жалғыз мүмкін болған бағдарлама келесідей:
1) Ашық бейбіт келісімдер, ашық талқылау одан кейін ешқандай халықаралық құпия келісімдер болмайды, ал дипломатия әрқашан оларға ашық түрде қызмет етеді.
3) Барлық экономикалық кедергілердің мүмкін болғанша шектеу және барлық ұлттардың сауда қатынасының теңдігін қамтамасыз ету, бейбітшілік негіздерін ұстап тұру.
4) Ұлттық қорғаныс мүмкін болған шеткі деңгейге дейін қысқарады дегенге кепілдік беру, ол мемлекеттік қауіпсіздікпен сәйкес келеді.
5) Барлық отарлық таластардың еркін, ашық және абсолютті араласпау түрінде шешілуі, ол прнциптің қатал түрдегі бақылауына негізделген, осы мәселелерді шешуде, суверинитетке қатысты болса, халықтың мүддесі сол үкіметтің әділетті міндеттеріне сәйкес анықталауы қажет.
14) Жалпы ұлттардың бірігуі ерекше мәртебенің негізінде болуы қажет және саяси тәуелсіздік пен территориалдық тұтастықтың үлкен және кіші мемлекеттердің кепілдігі негізінде орындалуы қажет.
12. Дипломатия дегеніміз не?
Дипломатия - (лат. duplicata- билеуші шығарған үкімнің түпнұсқасы мұрағатта сақталған көшірмесі немесе дубликаты) - үкімет органдары, оның шетелдердегі өкілдері мен сенімді тұлғалары жүзеге асыратын мемлекеттің сыртқы саяси міндеттерін іске асыру әрекеттері.
Дипломатия - халықаралық қатынастарды келіссөздер көмегі арқылы жүргізу; ол халықаралық қатынастарды елшілер мен өкілдер арқылы жүргізіп, реттеу әдісі немесе әртүрлі қайшылықты мүдделерді ыңғайлау тәсілі. Бұл тұрғыда дипломатия келісімнің көмегімен әрекет етеді. Жалпы қалыптасқан жағдай бойынша "дипломатия" ұғымын үш мағынада қолдану орын алған:
* Өз мемлекетінің атынан саясат және келіссөздер жүргізу ғылымы әрі өнері;
* Қандай да бір мемлекеттің өкілдігін, соның ішінде сыртқы істер мекемесін, әлде барлық сыртқы саяси агенттерін қамтитын күрделі ұғым;
* "Құпия дипломатия" "қасқырдың аузы жесе де қан, жемесе де қанға" айналған дүниежүзілік соғыс дипломатының қызметі немесе кәсібі.
13. Халықаралық қатынастар дегеніміз не?

Халықаралық қатынастар деп халықтар, мемлекеттер,мемлекеттік жүйелер арасындағы дүниежүзілік деңгейде жүргізілген саяси, экономикалық, құқықгық, дипломатиялық, әскери, мәдени байланыстар және оларды іске асырушы әлеуметтікметтік, экономикалық, саяси күштер мен ұйыдардың өзара қатынастарының жиьштығын айтады

14. Дипломатия және әлемдік саясат.

15. Еуроодақ және әлемдік саясат
Еуропа одағы (Еуроодақ, ЕО) -- Еуропаның Еуропалық Одақ туралы келiсiм шартына қол қойған 27 мемлекеттің экономикалық және саяси бірлестігі.
Федералдандыру Еуропалық қауымдастықтың және Одақтың дамуының бүгінгі күнге дейінгі дамуының басты үрдісі болып отыр:
* ЕО-ың ішкі бірыңғай нарығы қалыптасқан жалпы нарықты құру, яғни, "осы Келісім ережелеріне сәйкес тауар, қызмет және капитал айналымы еркін жүргізілетін ішкі шекарасыз кеңістік" орнату (Еуропалық Қауымдастық құру жөніндегі Келісімнің 4-бабы);
* Экономикалық және валюталық одақ орнату. Оның негізі ЕО бірыңғай ақша бірлігінің - еуроның (бұл процеске әзірше өз үлттық валюталарын айналымда қолданатын Yenлыбритания, Дания және Швеция, сондай-ақ ЕО-ның 10 жаңа мүше-мемлекеті қосылған жоқ) енгізілуі;
* Шенген кеңістігін құру және осы Шенген келісімінің негізінде шетелдіктерге бірыңғай визаны енгізу;
* Еуропалық Одақ институттарының әртүрлі салаларда ортақ саясат жүргізуі: ЕО-ның ортақ аграрлық сая-сатын, бәсекелестік саясатын, көші-қон, көлік, экологиялық және т.б. саясаттарын жүргізу;
* Еуропа одағы қүқын - мүше- мемлекеттердің, заңды түлғалардың және қарапайым азаматтардың қатысуымен қоғамдық қатынастардың маңызды салаларын реттейтін өзіндік қүқық жүйесін қалыптастыру;
* Tұрақты, құқықтық байланысы ретінде Одақтың азаматтық институтын құру;
* Одақ азаматтарының негізгі қүқықтық ережелері бекітілген жаңа кешенді дерек көзі - 2000 жылы қабылданған Еуропалық Одақтың негізгі қүқықтар жөніндегі Хартиясы.

16. Еуропа концерті(Вена жүйесі 1815-1918)
Еуропа концерті(Вена жүйесі) Напалеон соғыстарынан кейін пайда болған халықаралық жүйе.
Еуропа концерті дегеніміз - Еуропадағы мемлекеттердің саяси күштерінің-тепе теңдігі. Еуропа концерті үлкен мемлекеттердің жалпы келісімі негізінде құрылды:Ресей,Австрия,Пруссия,Франц ия,Ұлыбритания.
18;94 Жаңа замандағы ХҚ
:: Отарларды бөлу;
:: 18-19 ғ. Еуропадағы соғыстар;
:: Еуропада империалистік жүйенің орнауы;
:: ҰГА бұрын соңды болмаған сауданың кеңеюіне алып келді: алыс құрлықтар арасында байланыс орнады, сауда жолдары Жерорта теңізінен мұхиттарға ығысты;
:: 18 ғ. Француз революциясы Еуропадағы 30 жылдық соғыстан кейінгі саяси балансты бұзды. Францияда Наполеон Бонапарттың билікке келуімен байланысты Еуропны әскери жолмен біріктіру тенденциясы анық байқалды;
:: Еуропа балансы 19 ғасырдың екінші жартысына дейін сақталады. Ресейдің өз әскери күшіне сеніп Шығыс мәселесін шешу әрекеттері Қырым соғысына алып келеді. Ресей жеңіледі.
:: 19 ғ. Соңы мен 20 ғ. Басында бір-біріне қарама-қарсы екі әскери-саяси блок құрылады: Үштік Одақ (Германия, Австро-Венгрия, Италия) жіне Антанта одағы (Франция, Ресей, Англия)
:: 19 ғ соңғы ширегінде әлемдік отарлау белең алады. Англия әлемнің түкпір-түкпірінен жерлерді жаулап алып, өз иеліктерін үздіксіз кеңейте береді. 70- жылдары Британ империясы түсінігі қолдана бастайды. 1880-90 жылдары француз отарлары белсенді қалыптаса бастады. Германиямен мүдделер қақтығысы Францияның Ресеймен жақындасуына, кейін Англиямен экономикалық жән саяси бірігуіне алып келді.
19;95 Қазақстан және АҚШ арасындағы қарым қатынастар
25.12.91 АҚШ ҚР-ның тәуелсіздігін таныды
26.12.91 АҚШ пен ҚР дипломатиялық келісімге отырды
* *ҚР және АҚШ басшылары жаһандық және аумақтық қауіпсіздікті, ядролық қаруды таратпаушылық, экономика мен сауда, инвестиция тарту, энергетика және т.б. мәселелерді ынтымақтастық бағыттары деп таныған
* 2012 ж.бері сыртқы саяси мекемелердің басшылығымен Стратегиялық комиссия әрекет етеді. Бұл комиссияның негізгі мақсаты АҚШ пен ҚР арасындағы саяси, экономикалық, ынтымақтастық, қауіпсіздік мәселелерін реттеу.
* Жоғары байланыстар жүзеге асуда.
* Әскери ынтымақтастық саласында Бесжылдық ынтымақтастық жоспарының жүзеге асырылуы жүріп жатыр.
* Екі ел терроризм және экстремизмен күрес саласында да ынтымақтастықта отыр.
* АҚШ ҚР-да МАГАТЭ банкін құруға жәрдемдесті
* ҚР аумағында америкалық капиталдың қатысуымен жұмыс істейтін 425-ке жуық компания бар
* 2010 жылы Назарбаев АҚШ-қа сапар шегіп, білім беру, денсаулық сақтау, биотехнологиялық, ақпараттық технология және т.б салалар туралы келісімге қол қойды.
* АҚШ Болашақ бағдарламасының степендиаттарының саны бойынша екінші мемлекет
* Қазақстан туризмді дамытуда америкалық азаматтар үшін 15 күнге дейін визасыз режим енгізді

21;97 Қазақстан және БҰҰ
oo *Қазақстан БҰҰ ұйымына 1992 жылы 2 наурызда кірді.
oo *1992 ж. бері Қазақстан тек х. қауымдастық мүшесі ретінде қабылданып ғана қоймай, өз орнын таба білді
oo *ҚР БҰҰ жүйесі жұмысына қатысуы еліміздің көпжақты дипломатиясының басты бағыттарының бірі, ол елдің егемендігін нығайтуға, саяси, экономикалық және қоғамның т.б. салаларында қолайлы халықаралық жағдайларды туғызады
oo *Қазақстан БҰҰ-ның бітімгершілік қызметіне қолдау көрсетіп отыр.
oo *Қазақстан БҰҰ-ның және оның мамандандырылған мекемелерінің мүмкіндіктерін Арал теңізінің тартылуы, Семей сынақ алаңының радиоактивті ластануы, ауыз-су көздерінің ластануы секілді проблемалар салдарларын азайтуға мақсатты түрде пайдалануды көздейді
oo *1992 ж. бері Қазақстанда БҰҰ-ның мамандандырылған мекемелерінің, қорларының және бағдарлааларының өкілдктері жұмыс істейді
oo *БҰҰ-ның ҚР-да 15 ұйымы жұмыс істейді: Әйелдер қоры, ЮНИСЕФ, ЮНЕСКО, Дүниежүзілік Банк, Дүние жүзілік денсаулық сақтау қоры, т.б.

22.98 Қазақстан және Еуроодақ
:: Қазақстан тәуелсіздік алғалы бері Еуроодақпен серіктес болып келе жатыр.
:: Жаңа тәуелсіз мемлекеттерге, оның ішінде Қазақстанға Еуропа одағы ТАСИС бағдарламасы шеңберінде үлкен көмек көрсетіп отыр. Бұл бағдарлама 1991 жылдан бастап орындалуда.
:: Қазақстан және Еуроодақ 1995 жылы Серіктестік және ынтымақтастық келісімне қол қойды
:: Қазақстанның орналасқан жері жаңа одақ, яғни Еуроодақ пен Орта Азия елдері арасындағы одақтастыққа тиімді орналасқан. Себебі, Еуроодақ әлемдегі ең ірі сауда қауымдастығы болып табылады.
23. Қытай мен Қазақстанның байланысы
Қазақстан мен ҚХР арасындағы дипломатиялық қарым-қатынас - 1992 жылы 3 қаңтардан бастап орнады. 1992 жылы ақпанда Алматыда Қытай елшілігі, Пекинде Қазақстан елшілігі ашылды. Екі ел арасында сауда-экономикалық мәдени, әскери байланыстар дами бастады. 1994 жылы 26 сәуірде екі ел үкіметі шекара мәселесін түпкілікті шешу жөнінде келісімге келіп, шекара анықталды. 1996 жылы 26 сәуірде Шанхайда ҚХР, Ресей, Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан басшылары шекара мәселелері бойынша Шанхай келісіміне қол қойды. Сауда байланыстары тез өсіп келеді. Соңғы жылдары Қытайдан Қазақстан арқылы Еуропаға шығу (яғни Ұлы Жібек жолын қайта дамыту) перспективалары қаралуда. 2015 ж. ішінде Елшіліктің қолдауымен Бейжің, Шанхай және Далянь қалаларында Қазақстан орталықтары ашылды.
24. Қазақстан және Орталық Азия елдері арасындағы қатынастар
1991 жылғы 21 желтоқсанда Қазақстан Президентінің бастамашылығымен жиналған бұрынғы 11 одақтас республика басшылары жаңа бірлестік -- Тәуелсіз Мемлекетгер Достастығының негізін қалаушы құжат болган Алматы декларациясына қол қойды.
Еуразия одағын кұру, Азиядағы өзара ықпалдастық пен сенім шаралары жөніндегі кеңес (АӨЫСШК) шақыру сияқты Қазақстанның бірқатар игі бастамалары әлемдік қоғамдастык, тарапынан кеңінен қолдау; тапты.
Қазіргі күрделі жағдайда Қазақстан мен Орталық Ази елдері ТМД-ның оңтүстік шекараларын қорғау, діни экстремизмге, халықаралық терроризмге, ұйымдасқан қылмыск есірткі заттарының заңсыз айналымына, қару-жараконтрабандасына қарсы күрес сияқты маңызды салаларда тығыз өзара іс-қимыл жүргізуге тиіс
Қазіргі кезде Қазақстанның көп ғасырлар бойы туысқандық, мәдени, саяси және экономикалық, қарым-қатынаста болып келген көршілес Орталық Азия мемлекеттерімен ынтымақтастығы ерекше cepпін алып отыр. Аймақтың ең ipi мемлекеті ретінде ғана емес, экономикасы едәуір алға басқан Қазақстан аймақ бойынша көршілес елдермен тығыз қарым-қатынас орнатуға қызығушылық білдіруде. Біздің мемлекетіміздің ендігі жердегі қарқынды дамуы аталмыш республикалармен қалыптасатын қарым-қатынаспен де тығыз байланысты. Сол себепті Қазақстан Орта Азиялық Одақ құру идеясын алға тартып отыр. Бұл бірлестікке Қазақстаннан басқа аймақтың Өзбекстан, Қырғызстан, Тәжікстан және Түрікменстан сияқты мемлекеттері де кipyi мүмкін.
25. Қазақстан және Ресей арасындағы қатынастар
Қазақстанның сыртқы саясатының басты бағыттарының бipi Ресеймен қарым-қатынас болып табылады. Бұл мемлекетпен біздің ел көп жылдар бойы тығыз қарым-қатынаста болып келеді. Өзара бөлісіп жатқан мемлекеттік шекараның ұзындығының өзі 7591 шақырымға созылып жатыр. Мемлекетаралық достастық екі бipдeй президенттің және екі ел халқының өзара тығыз байланысы арқасында дамып отыр. Қазақстан мен Ресей арасында отын-энергетикалық кешен, көлік және коммуникация, әскери-техникалық және қорғаныс өнеркәсібі caлалары бойынша байланыс орныққан. Қазақстан-Ресей қарым-қатынасының біртұтас спектрі көптеген екі жақты құжаттар және келісімдермен реттелуде. Екі жақты қарым-қатынаспен қоса екі бipдeй мемлекет аймақтағы әскери-саяси және экономикалық сипаттағы көптеген аймақтық ұйымдар шеңберінде өзара белсенді әрекеттесуде. 1998 жылы 21 ғасырда мәңгі Ынтымақтастық және достастық туралы шартқа қол қойылды.
26.Қазақстан және Тәуелсіздік
1991 жылғы 16 -- желтоқсанда Қазақстан Республикасының Мемлекеттік тәуелсіздігі туралы Конституциялық заңы қабылданды
Тәуелсіздік -- біздің ең басты игілігіміз, баға жетпес құндылығымыз. Жас мемлекет тарихындағы жаңа дәуір дәл осы тәуелсіздіктен бастау алады
Қазақстанның Тәуелсіздігін ресми түрде ең алғаш болып Америка Құрама Штаттары мойындады, екінші болып Қытай, сонан соң Ұлыбритания мойындады. Оның артынан Моңғолия, Франция, Жапония, Оңтүстік Корея және Иран Ислам мемлекеті мойындады. Иран -- Қазақстанның тәуелсіздігін мойындаған алғашқы мұсылман мемлекеті. Ал Тәуелсіздігімізді ең алғаш болып бауырлас Түркия мемлекеті мойындады деген сөздің ақиқат еместігін білгеніміз жөн. Түркия алғаш болып Қазақстанда өз елшілін ашты, бірақ тәуелсіздігімізді мойындауда он жетінші болды.
Қазақстан тәуелсіздік алғаннан кейін дербес мемлекет ретінде халықаралық аренаға шықты. 1992 жылы 2 наурызда БҰҰ -- на кірді. Сонымен қоса Халықаралық валюта қорына, Халықаралық реконструкция және даму банкісіне, Дүниежүзілік банктің, Халықаралық даму ассоциациясының, Инвестицияға кепілдік беретін көп -- жақты агенттіктің, Инвестициялық таластарды шешу жөніндегі халықаралық орталықтың, дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мүшесі болды.
Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев еліміздің Қарулы Күштерін құрды. БҰҰ -- ның шешімімен тарихқа Бейбітшілік миссиясы ретінде енген, Семей ядролық полигонын жабу секілді ғаламдық маңызға ие шараларға қол жеткізді.
Табысты жүргізілген сыртқы саясаттағы жетістіктердің арқасында Қазақстан Республикасы БҰҰ, ЮНЕСКО, ЕҚЫҰ, ИКҰ секілді беделді халықаралық ұйымдардың салмақты мүшесіне айналып қана қоймай, мемлекетаралық қарым -- қатынастарда да еліміздің мәртебесін көтеретін саяси оқиғаларға, тарихи кезеңдерге де бастамашы болды. 2010 жылдың 1 - 2 желтоқсанында Қазақстан Республикасының төрағалығымен ЕҚЫҰ -- ның 56 мемлекетінің басшылары елордамызда бас қосып, Астана
27. Қазақстан Республикасының дипломатиясы
Қазақстанның дипломатиясы бүкіл әлем мемлекеттерімен берік қарым-қатынас жүйесін құрды, қазіргі дүниеқұрылымдағы аймақтық және глобальды мәселелерді шешуде өзінің құрылымдық үлесін қосуда. Астананың бүгінгі күнгі сыртқы саяси қызметі халық мүддесінің барлық салаларын және көбінесе халықаралық өзекті мәселелерді қамтиды.
Сыртқы істер министрлігі Қазақстан Республикасының Президентінің белгілеген стратегиялық сыртқа саяси мақсаттарды және барлық облыстардағы басымдықты дәйекті іске асыруын жалғастырады. Осылайша, тек өткен жылы шамамен 170 халықаралық іс-шаралар, сонымен қатар Қазақстанда және шет елдерде біздің мемлекетіміздің басшысының қатысуымен кездесулер өтті.
Біздің жақын көршілесіміз - Қырғызстан, Түркменстан және Өзбекстанмен жоғары деңгейде пайдалы келіссөздер өткізілді.
Көпжақты дипломатия мен БҰҰ (Біріккен Ұлттар Ұйымы), ЕҚЫҰ (Еуропадағы Қауіпсіздік және Ынтымақтастық Ұйымы), ИЫҰ (Ислам Ынтымақтастық Ұйымы), АӨСШК(АзиядағыӨзараЫқпалдастық жәнеСенімШараларыжөніндегіКеңес), ШЫҰ (Шаңхай Ынтымақтастық Ұйымы), ҰҚШҰ (Ұжымдық Қауіпсіздік туралы Шарт Ұйымы) және басқа халықаралық құрыымдармен өзара іс-қимылдарға үлкен көңіл бөлінген. Біздің жақтан, 2014-2016 жылдар кезеңінде төрағалығы Турциядан ҚХР-на көшетін, Азиядағы Өзара Ықпалдастық және Сенім Шаралар жөніндегі Кеңесті толық халықаралық ұйымға түрлендірудегі серіктестермен алдағы жұмысқа маңызды мән беріледі.
Сыртқы істер министрлігі құрылғаннан бері ең алдымен мемлекет пен қоғамның дамуындағы міндеттерді шешудегі қажетті көмекті негізге алды. Атап айтқанда, Қазақстан дипломатиялық әдістермен ел ішінде ауқымды саяси, экономикалық және қоғамдық түрлендірулерге қолайлы сыртқы жағдайды қамтамасыз етті.
28. Қазақстан Республикасының сыртқы саясаты
Қазақстан Республикасының сыртқы саясатының басымдық берілетін бағыттары бірінші кезекте біздің еліміздің географиялық орналасуы және оның ұлттық мүдделері сияқты мерзімді сипаты бар фактролардың ықпалымен қалыптасты, жаңа технологиялардың және ғаламдану процесінің дамуына, планеталық сипаттағы қауіп-қатердің пайда болуына, жаңа экономикалық құрылымның қалыптасуына, аймақтық деңгейдегі халықаралық ынтымақтастықтың тереңдеуі мен сан алуандығына байланысты әлемде болып жатқан өзгерістер - мұның бәрі мемлекетіміздің сыртқы саясатының бағытына түзетулер енгізуге мәжбүр етеді, көкейкесті халықаралық проблемаларды шешуге жедел әрі икемді үн қатуға, осы мәселелерде жаңа көзқарастарды әзірлеуді және іске асыруды талап етеді.
Азия мен Еуропаның қиылысындағы геосаяси орналасуы, экономикалық және әскери-саяси мүдделері, сондай-ақ қазіргі бар экономикалық әлеуеті Қазақстанды ірі аймақтық мемлекет ретінде қалыптастырудың алғышарттары болды. Қазақстан өзара қауіпсіздік, егемендікті құрмет тұту, аумақтық тұтастық принциптерімен өзінің төңірегінде тұрақтылық пен ізгі көршілік аймағын қалыптастыруға мүдделі.
Қазақстан ішкі саяси тұрақтылығы барлық негізгі бағыттардағы сыртқы саясаттың ұғынықтылығына, ашықтығына және болжап білуге болатындығына байланысты, мұндай сыртқы саясат мемлекет ретінде оның әлемдік қоғамдастығындағы позициясын нығайтады. Әлемдік қоғамдастықта айырықша мәртебе алу үшін ядролық кеудемсоқтықтан, осы өлім себетін қаруды иемденуден бас тарту сыртқы саясаттағы басымдық берілетін бағыт екенін бүкіл әлемге таныту маңызды қадам болды. Оның орнына Қазақстан жетекші ядролық мемлекеттер тарапынан өзінің қауіпсіз өмір сүруіне сенеді, кепілдіктер алады. Қазақстанның қауіпсіздігінің кепілдері ретінде біздің еліміздің екі ұлы көршісінің - Ресей мен Қытайдың міндеттеме алуы - осы акцияның маңыздылығын арттыра түседі.
Қазақстанның сыртқы саяси қызметінің стратегиялық бағыттарының бірі Ресей Федерациясымен жан-жақты ынтымақтастықты дамыту болып табылады. Ресеймен бірлесе отырып, Қазақстан экономикалық мәселелердің кең ауқымын, ең алдымен, көліктік және энергетикалық проблемаларды шешуі тиіс, сондай-ақ біздің аумағымыздағы Байқоңыр ғарыш аймағының және басқа да бірқатар стратегиялық маңызды объектілердің базасында өнеркәсіптік әрі ғылыми-техникалық әлеуетті пайдалануда тізе қосып қимылдауы шарт.
Қытай Халық Республикасына қатысты саясат төтенше маңызды болып табылады. Стратегиялық тұрғыда бұл бағыт Қытай достық және тату көршілік дәстүрлерді нығайтуды және дамытуды көздейді. Қазақстанның Қытайға тартылатын газ және мұнай құбырларын салуға екі жақты мүдделілік бар.
Орталық Азия аймағында қауіпсіздікті нығайту, экономикалық даму үрдістердін жақындастыру, сондай-ақ халықтардың тарихи бірлігі Орталық Азиядағы Қазақстан саясатының стратегиялық маңызын айқындайды. Президент Н.Назарбаевтың бастамасы бойынша Орталық Азия экономикалық Қоғамдастығы құрылды.
Ресей, Қытай және Орталық Азия бағыттарындағы Қазақстан дипломатиясы күш-жігерінің түпкі мақсаты - Қазақстанның бүкіл шекарасы бойынша қауіпсіздік белдеуін қамтамасыз ету, елдің егемендігін нығайту және экономикалық қайта құрулар жүргізу үшін қажетті сыртқы жағдайларды құру болып табылады.
Қазақстанның сыртқы саясатының басымдық берілетін негізгі бағыттарының бірі АҚШ-пен "демократиялық әріптестік" қарым-қатынастарын дамыту және нығайту. Бұл біздің еліміздің әлемдік қоғамдастыққа, халықаралық саяси, қаржы-экономикалық және қорғаныс институттарына тиімді түрде қатысуының, сондай-ақ озық технологиялар мен инвестицияларға қол жеткізудің маңызды шарттарының бірі.
29. Қазақстан Республикасының сыртқы экономикалық байланыстары
Экономикалық дипломатияның дамуы Қазақстанның сыртқы саясатындағы маңызды бағыттардың бірі болып табылады. Сыртқы істер министрлігінің жұмысы халықаралық экономикалық ынтымақтастықтың бағдарларына, қазақстандық сыртқы экономикалық бастамалардың жүзеге асуына жәрдемдесуге, экспортты көтермелеуге және шетелдік инвестиция тартуға бағытталады.
Министрліктің күнделікті жұмысының маңызды бағыты Мемлекет басшысы және Үкімет басшылығының Бес реформа және Жүз нақты қадам бойынша тапсырмаларын орындау болып табылады. Министрліктің ерекше жігері Нұрлы Жол жаңа экономикалық саясатының іске асуына қолайлы сыртқы шарттар жасауында жатыр.
Қазақстан Республикасына инвестиция тарту бойынша кешенді тапсырмаларды жүзеге асыру шеңберінде және қазақстандық экспортты көтермелеу үшін, Министрліктің шетелдік мекемелері басшылығы бірінші байланыстық тұлға және шетелдік кәсіпкерлік-қоғамдастық арасындағы байланыстырушы буын рөлін ойнайды. ҚР шетелдік мекемелері өткізіп жатқан іс-шаралар аясында Қазақстан жайлы ақпараттық-танымдық материалдарды тарату қамтамасыз етіледі. Трансұлттық компанияларды экономиканың басымды салаларына тартуға аса зор назар аударылады, сонымен қатар кіші және орташа кәсіпорындардың әлеуетті инвесторлармен байланысын дамыту қарастырылады. Бұл жұмыс онымен қоса, Мемлекеттік үдемелі индустриалды инновациялық даму бағдарламасы және оның екінші бесжылдығы, Қазақстан Республикасына инвестициялар тарту, арнайы экономикалық аймақтарды дамыту және экспортты ынталандыру жөніндегі бағдарлама, Тікелей инвестициялар тарту жөніндегі кешенді жоспар бойынша жүргізіледі.
Көпжақты серіктестік экономикалық дипломатияның маңызды құраушысы болып табылады. Бұл дегеніміз халықаралық ұйымдармен, яғни Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы, Дүниежүзілік сауда ұйымы, Дүниежүзілік банк, Халықаралық валюта қоры, Европалық қайта құру және даму банкі, Азиялық даму банкі, Азиялық инфрақұрылымдық инвестициялық банк және энергетикалық әрі транспорттық (Энергетикалық Хартия, Халықаралық энергетикалық агенттік, ОПЕК, ТРАСЕКА және тағы басқа) ұйымдармен жұмысты қарастырады.
АҚШ-пен өзара қарым-қатынастарда экономикалық ынтымақтастыққа үлкен назар аударылады. Бұл ретте американдық жекеменшік инвестицияларды тарту; қорғаныс өнеркәсібін конференциялау саласындағы ынтымақтастық; Арал өңірі мен Семей ядролық сынақ полигонындағы денсаулық сақтау мен экологияның өткір проблемаларын шешудегі өзара іс-қимыл; гуманитарлық сала сияқты байланыстарды дамыту мақсатында АҚШ әкімшілігімен өзара ықпалдастық аспектілеріне маңызды орын беріледі.

31. Қазіргі заманғы дипломатия
Дипломатиялық қызмет қазіргі таңда дәстүрлі емес саналатын салаларға да қанатын жайған: жұртшылықпен байланыс жасау, зерттеушілермен, журналистермен, отставкадағы дипломат саясаткерлермен тізе қоса отырып, жанжалдарды шешу жөніндегі жұмыстарды үйлестіру және басқалар. Дипломатиялық қызметтің түрлері де сан-алуан әрі елшіліктердің қызметінен тыс салаларды да қамтиды. Біздің ойымызша, дипломатиялық қызмет түрі халықаралық қатынастардың шиеленіскен сайын күрделенетін сияқты. Мұндай жағдайда дипломатия жаңаша дамудың алдында тұр деп батыл айта аламыз.
Осылайша ХХІ ғасырдағы дипломатия айтарлықтай ішкі құрылымдық және қызметтік өзгерістерге ұшырауда. Мысалы, бұрын сыртқы саяси ведомстволардың басымдыққа ие болған қызметтерін елшіліктер атқарған болса, бүгін олар мемлекеттік және үкіметтік емес ұйымдардың түрлі арналары арқылы жүзеге асырылуда. Соған сәйкес, қазіргі дипломатия түрлі құрылымдар мен ұйымдардың жұмыстарын үйлестіру қызметін атқару қажеттігі күн тәртібіне қойылып отыр. Нәтижесінде дипломаттар кәніг басқарушылардың қызметін атқаруына тура келетін түрі бар - өз елі мен келіссөз жүргізетін елдің сан-алуан ведомстволарымен жұмыстар жасап, келісу мен үйлестіруді жүзеге асыра білуі тиіс.
32. Қазіргі замандағы әлемдік экологиялық проблемалар
Ғаламдық экологиялық проблемалар - ғаламдық, аймақтық және ұлттық деңгейлерде айқындалған экологиялық проблемалар кешені. Зор геосаяси проблеманың экологиялық қауіптілігінің мынадай көріністері бар: табиғи экожүйенің бүлінуі, озон қабатының жұқаруы, атмосфераның, Әлемдік мұхиттың ластануы, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Халықаралық қатынастарды сараптаудың теориялық негіздері
Батыс Европа және АҚШ - тағы саяси - құқықтық iлiмдер
Саясаттану ғылым және оқу пәні ретінде
Халықаралық қатынастар теориясы
Саяси философия
XIX ғасырдың бірінші жартысыңдағы Батыс Европадағы саяси және құқықтық ілімдер
Стратегиялық әріптестік шеңберіндегі Қазақстан мен Ресей экономикалық ынтымақтастығының қалыптасуы мен дамуы
Саясаттану ғылым және пән ретінде
ЖАПОНИЯ ЖӘНЕ АҚШ
Франциядағы саяси ілімдер
Пәндер