«Әлемдік әлеуметтану»



КІРІСПЕ
І. Әлемдік әлеуметтанудың қалыптасуы мен даму тарихы.
1. 1 Антикалық және Ортағасыр дәуіріндегі әлеуметтік ойлар.
1. 2 Жаңа заман мен Ағартушылар дәуіріндегі әлеуметтік тұжырымдамалар.
ІІ. Әлеуметтану ғылымының классикалық кезеңі
2. 1 Әлеуметтану ғылымының классикалық кезеңі
ҚОРЫТЫНДЫ
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
«Социология» деген сөз латын-грек сөздерінен құралған. «Societas» - латын тілінде қоғам, «logos» - грекше ілім, ғылым деген сөз. Сонда әлеуметтану – қоғам жөніндегі ғылым деген сөз. Оны өз алдына ғылым етіп негізін қалаған француз ғалымы Огюст Конт (1798-1857). Бірақ қоғам тек әлеуметтану ғылымының ғана емес басқа да ғылымдардың зерттеу объектісі болып табылады.
Сондықтан әлеуметтану – қоғам туралы ғылым деумен шектелсек, бұл әлеуметтану ғылымының өзіне тән объектісі мен пәнін ашып бере алмайды.«Әлеуметтану» термині көп жағдайда шегіне жеткен кең мағынада, барлық қоғамдық ғылымдарды қамтитын мағынада қолданылады. Әлеуметтану қоғам ӛмірінің барлық жақтарын қарастырады, оның ішінде мемлекет, саясат, құқық, экономика, мораль, өнер, дін және қоғамдық дамудың басқа да жақтарына қатысты проблемаларды шешумен де айналысады. Сөйтіп кейінннен олардың өздерін жекелеген ғылым салаларына, зерттеу пәніне айналдырады.Әлеуметтану әмбебап философия жүйесінен бөлініп жеке ғылым болып дамыса да, әлі күнге дейін өзінің философиялық мазмұнын жоғалтпаған ғылым. Ол философиялық мәндегі қоғам дамуына талдау жасау және барынша терең зерттеу жүргізуде жалпы әлеуметтануды кеңейтуге мүмкіндік береді.Сонымен әлеуметтануды - әлеуметтік жүйенің өмір сүруі мен дамуының заңдары жөніндегі, сол заңдар субъектілердің, яғни, әлеуметтік үлкен-кіші топтардың, адамдар қауымдастықтарының, сонымен бірге жекелеген тұлғалардың қызметінен көрініс табатын ғылым ретінде сипаттауға болады.Түптеп келгенде , қазіргі әлеуметтану – тұтас әлеуметтік жүйе күйіндегі, қоғам жөніндегі, оның жүйешелері (подсистема) мен жекелеген элементтері туралы өз алдына дербес ғылым.
Әлеуметтану – қоғамдық құбылыстардың беймәлім жақтарын зерделеп, социумда қалыптасқан әлеуметтік қатынастарды адам факторымен ұштастырып қарастыратын ғылым.Атап айтқанда, әлеуметтану адамдардың айтарлықтай кең қауымдастықтары арасындағы (таптар, халықтар, әлеуметтік топтар, ұлттар, ұйымдар) және осы қауымдастықтардың өкілі ретінде көзге түсетін жеке адамдар арасындағы әлеуметтік қатынастарды қарастырады.Әлеуметтанудың зерттеу объектісі – социум деп аталатын әлеуметтік шындық (социальная реальность). Әлеуметтік шындық ұғымы әлеуметтануда екі түрлі мағынада қолданылады. Кең мағынада алғандағы әлеуметтік шындық - қоғамның өзі немесе қоғамдық өмір. «Әлеуметтік», «қоғамдық», Ф КазНПУ 0703-12-09 Білім алушыларға арналған пәннің оқу-әдістемелік кешені 13 бет Барлығы 164
1. Социология : Лекциялар курсы / Жалпы редакциясын басқарған -Ә.Х. Тұрғынбаев . - Алматы : Білім , 2001. - 160 бет. 2. Социология : оқулық / Философия және саясаттану институты ; [жауапты ред. Ә. Нысанбаев]. - Алматы, 2002. - 222 б. 3. А.И. Икенов, А.Д.Жүсіпова. Әлеуметтану негіздері: Оқу құралы.-Алматы:Экономика, 2004. -208 бет. 4. Әбсаттаров Р. Әлеуметтану : оқу құралы / Р. Әбсаттаров, М. Дәкенов. - толықт., жаңарт., 2-ші бас. . - Алматы : Қарасай, 2007. - 384 б. 5. Ш.Қ. Қарабаев. Әлеуметтану негіздері: Оқу құралы.- Алматы: Экономика, 2007. – 528 бет. 6. Алтынсарин Ыбырай. Таңдамалы шығармалары.-Алматы, 1994. 7. Дербісалин Әнуар. Ыбырай Алтынсарин. Өмірі мен қызметі туралы. – Алматы: Қазақстан. 1965. – 226 бет.

Пән: Социология, Демография
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 18 бет
Таңдаулыға:   
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
АҚ ҚАРЖЫ АКАДЕМИЯСЫ

РЕФЕРАТ
Тақырыбы: Әлемдік әлеуметтану

Орындаған : Қабыкен А.Ж.
Группа: ФСЗ - 11
Тексерген: Камалджанова Т.А

Астана қ.
2015жыл
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ
3
І. Әлемдік әлеуметтанудың қалыптасуы мен даму тарихы.
4
1. 1 Антикалық және Ортағасыр дәуіріндегі әлеуметтік ойлар.
4
1. 2 Жаңа заман мен Ағартушылар дәуіріндегі әлеуметтік тұжырымдамалар.
7
ІІ. Әлеуметтану ғылымының классикалық кезеңі
9
2. 1 Әлеуметтану ғылымының классикалық кезеңі
9
ҚОРЫТЫНДЫ
17
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
18

Кіріспе
Социология деген сөз латын-грек сөздерінен құралған. Societas - латын тілінде қоғам, logos - грекше ілім, ғылым деген сөз. Сонда әлеуметтану - қоғам жөніндегі ғылым деген сөз. Оны өз алдына ғылым етіп негізін қалаған француз ғалымы Огюст Конт (1798-1857). Бірақ қоғам тек әлеуметтану ғылымының ғана емес басқа да ғылымдардың зерттеу объектісі болып табылады.
Сондықтан әлеуметтану - қоғам туралы ғылым деумен шектелсек, бұл әлеуметтану ғылымының өзіне тән объектісі мен пәнін ашып бере алмайды.Әлеуметтану термині көп жағдайда шегіне жеткен кең мағынада, барлық қоғамдық ғылымдарды қамтитын мағынада қолданылады. Әлеуметтану қоғам ӛмірінің барлық жақтарын қарастырады, оның ішінде мемлекет, саясат, құқық, экономика, мораль, өнер, дін және қоғамдық дамудың басқа да жақтарына қатысты проблемаларды шешумен де айналысады. Сөйтіп кейінннен олардың өздерін жекелеген ғылым салаларына, зерттеу пәніне айналдырады.Әлеуметтану әмбебап философия жүйесінен бөлініп жеке ғылым болып дамыса да, әлі күнге дейін өзінің философиялық мазмұнын жоғалтпаған ғылым. Ол философиялық мәндегі қоғам дамуына талдау жасау және барынша терең зерттеу жүргізуде жалпы әлеуметтануды кеңейтуге мүмкіндік береді.Сонымен әлеуметтануды - әлеуметтік жүйенің өмір сүруі мен дамуының заңдары жөніндегі, сол заңдар субъектілердің, яғни, әлеуметтік үлкен-кіші топтардың, адамдар қауымдастықтарының, сонымен бірге жекелеген тұлғалардың қызметінен көрініс табатын ғылым ретінде сипаттауға болады.Түптеп келгенде , қазіргі әлеуметтану - тұтас әлеуметтік жүйе күйіндегі, қоғам жөніндегі, оның жүйешелері (подсистема) мен жекелеген элементтері туралы өз алдына дербес ғылым.
Әлеуметтану - қоғамдық құбылыстардың беймәлім жақтарын зерделеп, социумда қалыптасқан әлеуметтік қатынастарды адам факторымен ұштастырып қарастыратын ғылым.Атап айтқанда, әлеуметтану адамдардың айтарлықтай кең қауымдастықтары арасындағы (таптар, халықтар, әлеуметтік топтар, ұлттар, ұйымдар) және осы қауымдастықтардың өкілі ретінде көзге түсетін жеке адамдар арасындағы әлеуметтік қатынастарды қарастырады.Әлеуметтанудың зерттеу объектісі - социум деп аталатын әлеуметтік шындық (социальная реальность). Әлеуметтік шындық ұғымы әлеуметтануда екі түрлі мағынада қолданылады. Кең мағынада алғандағы әлеуметтік шындық - қоғамның өзі немесе қоғамдық өмір. Әлеуметтік, қоғамдық, Ф КазНПУ 0703-12-09 Білім алушыларға арналған пәннің оқу-әдістемелік кешені 13 бет Барлығы 164
І. Әлемдік әлеуметтанудың қалыптасуы мен даму тарихы.
1.1 Антикалық және Ортағасыр дәуіріндегі әлеуметтік ойлар.
Қандай ғылым болса да қоғамдық қажеттіліктен туатыны белгілі. Әлеуметтанудың да пайда болуының, дамуының, қалыптасуының өзіндік тарихи кезеңдері, әлеуметтік-экономикалық, ғылыми алғышарттары болды. Осыларды ескере отырып, қазіргі күні әлеуметтану ғылымының тарихын негізінен үш кезеңге бөледі.
Бірінші кезеңге, яғни Антикалық дәуірде өмір сүрген Конфуций, Платон мен Аристотельдің қоғамның құрылымы, оның сипаты, функциялары және т.б. туралы әлеуметтік ойларын жатқызуға болады.
Екінші кезеңге, яғни Ортағасырдан Жаңа заман мен Ағартушылар дәуіріне ұласатын кезеңге қоғамға қатысты үлкен ой тұжырымдар жасаған А.Сен Симон, Т.Гоббс, Ж.Ж.Руссо сияқты ғалымдар да қосылады.
Ескерте кететін бір мәселе алғашқы екі кезеңді әлеуметтанудан бұрынғы тарих деушілер жоқ емес. Шынында да, бұл кезеңде негізінен әлеуметтік ойлар, тұжырымдар ғана болды.
Әлеуметтанудың ғылым ретінде танылуы үшінші кезеңмен, ХІХ ғасырдың бірінші жартысымен, яғни әлеуметтану терминінің пайда болуымен байланысты. Жаңа теориялық тұжырымдамалармен байыған бұл кезеңді әлеуметтану ғылымының классикалық даму кезеңі деп те атайды. ХХ ғасырда әлеуметтану ғылымы жаңа идеялар және бағыттармен толықты.
Енді осы кезеңдерге қысқаша тоқтала кетіп, әлеуметтану ғылымының алғы шарттарының қалай жасалғанына зер салайық. Алғашқы қауымдық құрылыста қоғамдық құбылыстар мен үдерістерді түсіндіру көбіне мифтік сипатта болды да, әлеуметтік қатынастарды философиялық тәсілдермен талдаудың алғашқы элементтері Ежелгі Қытай, Грек және т.б. ертедегі мемлекеттерде басталды. Сөйтіп ғылымдар атасы философияның тарихында әлеуметтанудың бастауын танытатын толып жатқан әлеуметтік ойлар дүниеге келді.
Біздің жыл санауымыздан бұрынғы заманда өмір сүрген ұлы ойшылдар Конфуций (552 - 479), Платон (427 - 347) және Аристотельдің (384 - 322), әлеуметтік философия туралы еңбектері теориялық әлеуметтанудың тууына алғы шарттар дайындады. Мысалы, Қытайдағы алғашқы әлеуметтік утопиялық жобаның авторы Конфуций мемлекет ізгілікті, үлкен жақсы отбасы іспеттес құрылуы керек, ал басқарушы әкей сияқты азаматтар жөнінде қамқорлық жасауы, сол сияқты азаматтар да оны құрметтеп, туысқанындай бірін бірі жақсы көруі қажет деп атап көрсетті. Ол қоғамда әлеуметтік үйлесімділік принципін ұсынды, мемлекетті тірі организм санады. Мұның барлығы сол кездегі Қытайдағы әлеуметтік-саяси жағдаймен байланысты болған еді. Себебі Қытай аймағында тұратын бірнеше тәуелсіз монархиялар бір-бірлерімен тұрақты жауласуда болатын. Қоғамның жоғары топтары билік үшін күресті, билеушіге ықпал етуге ұмтылды. Конфуций идеясы ізгілікке шақырды.
Әлеуметтік теориялар гректің ұлы ойшылы Платонның Мемлекет, Заңдар және Саясатшы деген еңбектерінде орын тапты. Платон Қоғам басшысынан бастап бұзылады деп зиялылардан адамгершілік тазалықты талап етті. Ол Қоғамды билеудің негізгі құралы билік жасау емес, бедел деді. Бұл екі ұғымның мәнін аша кеткен артық емес. Билік - адамның, топтың, әр түрлі таптардың іс-әрекеттеріне шешуші әсер ететін, идеология ықпалының негізінде және ұйымдастырушы құқықтар арқылы жүзеге асатын үстемдік етуін білдірсе, бедел - белгілі бір адамның, топтың, қоғамдық ұйымның, әлеуметтік институттың жалпы жұрт қабылдаған, мойындаған қабілеті мен еңбегін танытады.
Платонның ойынша, қоғамның тууының негізгі себебі адамдар бірігіп ғана өз қажеттіліктерін өтей алады. Ол тұңғыш рет қоғамның құрылымын талдауға ұмтылып, оның үш әлеуметтік жіктен тұратындығын атап көрсетті. Біріншісі - мемлекетті басқарушылардан тұратын философтар, екіншісі - мемлекеттің қауіпсіздігін қамтамасыз ететін жауынгерлер не күзетшілер, үшіншісі - мемлекеттің өмірін қамтамасыз ететін егіншілер мен қолөнершілер. Осы бірігудің арқасында қоғам, мемлекет пайда болады.
Аристотель өзінің әлеуметтік көзқарастарын осы тақырыпқа арналған алғашқы туындысы - Саясат атты трактатында жариялады. Және бір айта кететін мәселе - бұл шығарманы жазар алдында ұлы ойшыл және оның шәкірттері 158 грек полистің (сол кездегі мемлекет типтес қалалар) құрылымын зерттеді. Ол мемлекетті - қауымның дамыған түрі, ал қауымды -- отбасының дамыған түрі санады. Оның пікірінше, адамдар мемлекетке белгілі бір игілікке жету үшін бірігеді, сондықтан мемлекеттің негізгі мақсаты қоғамда көптің бәріне ортақ игіліктер мен әлеуметтік әділеттікке жету болып табылады. Аристотель мемлекеттің дұрыс түріне әкімдер халық, ел пайдасын ойлаған, билік қоғамға қызмет істеген мемлекеттерді жатқызды. Ол қоғамдық игілікті көздеген мемлекетті дұрыс мемлекет деп санады.
Орта ғасырда Аристотельдің еңбектері еуропа тілдеріне аударылып, өте маңызды оқиға болып саналып, бірсыпыра ойшылдар бұрынғы схолостикалық және құдайшылдық идеядан бас тартқанымен барлық ғылыми ойлар дінмен тығыз байланыста, өзара әрекеттістікте дамыды. Сондықтан әлеуметтік өмір діни догмалармен түсіндірілді. Дегенмен кейбір ойшылдар өз кезіндегі қоғамның құрылуын, әлеуметтік құбылыстар мен үдерістерді түсіндіруде қалыптасқан діни таным ауқымынан шыға алды. Мысалы, италияның монахы, теолог Фома Аквинский (1225-1274) бүгінгі күнге дейін католик шіркеулері мойындайтын барлық білімдер иерархиялық ұйымдасқан жүйені құрайды, оның ең жоғарысы әрі құдайдың ақыл-есіне ең жақыны теологиялық ілім дей отырып, әлеуметтік теңсіздік пен қоғамның әлеуметтік құрылымының күрделенуін қол өнер кәсібі өндірісінің және сауда, алыс-берістің дамуымен түсіндірді.
Араб философы Ибн-Халдун (1332-1406) өзінің теориялық зерттеулерінде өндірістің, сауданың дамуымен, қалалардың өсуімен қоғамның әлеуметтік құрылымы өзгеретінін атап көрсетті.

1. 2 Жаңа заман мен Ағартушылар дәуіріндегі әлеуметтік тұжырымдамалар.
Жаңа заман мен Ағартушылар дәуірінің әлеуметтік ойлардың даму тарихында орны бөлек болды. Феодализмнің ыдырауы және жаңа буржуазиялық қарым-қатынастың дамуы адамзат өркениеті өрісінің бет бұрыс кезеңін бастады. Әлеуметтану ғылымының алғышарттары ретінде бұл кезең әлеуметтік тұжырымдардың жаңа деңгейге көтерілуімен сипатталады. 1651 жылы жарық көрген өзінің Левиафан... атты кітабында белгілі ағылшын философы Томас Гоббс (1588-1679) қоғамдық келісім тұжырымдамасын баяндады. Бұған байланысты мемлекет құдайдың құдіреті емес, адамдардың (қоғамның) туындысы. Қоғам бейбітшілік пен тәртіпте өмір сүруді қамтамасыз ету мақсатындағы адамдардың өзара келісімінің нәтижесінде пайда болған. Сонымен қоғам мен мемлекет ұғымдарының ара жігін ашуға алғашқы қадам жасалды.
Тамаша ойшыл, либерализмнің негізін салушы Джон Локк (1632-1704) қоғамдық келісім туралы тұжырымдаманы ары қарай дамыта отырып, тұлға, қоғам және мемлекет сияқты ұғымдарды алғаш рет жеке-жеке қарастырды. Ол әлеуметтік-саяси үдерістерді адамзат қоғамының дамуы ретінде қарап, мемлекеттің рөлі азаматтардың өмірге, еркіндікке және жеке меншікке құқығын қорғауда жатыр деп түсіндірді.
Француздың атақты ғалымы Шарль Луи Монтескьенің де қоғам туралы ойларының жаңа ғылымның, яғни әлеуметтану ғылымының қалыптасуындағы рөлі ерекше. Оның Заңдар рухы туралы (1748) басты еңбегі шын мәнісіндегі әлеуметтанулық еңбек болды. Сол себепті замандастары Монтескьені әлеуметтану ғылымы жоқ кездегі әлеуметтанушы деп атаған. Ол тарихты үдеріс ретінде танып, қоғамдық құбылыстардың заңдылығын айқындағысы келді. Монтескье қоғам заңдары оған сырттан келмейді, оны ешкім де алып келмейді, олар оның өзінің ішінде болып жататын жеке әлеуметтік құбылыстар деп ұғынды. Әлеуметтанулық көзқарас тұрғысынан Монтескье ұсынған биліктің бөліну принципі туралы идеялар аса маңызды болды. Бұл мемлекеттік деңгейдегі демократияның бастауы болатын.Әлеуметтанулық ой-пікір ары қарай Ф.Бэкон, Жан-Жак Руссо, А.Гельвеций, Э. Кант, Сен-Симон және т.б. еңбектерінде дами түсті. Мысалы, француз жазушысы, философы Жан-Жак Руссо (1712-1778) пікірінше, қоғамды құратын адамдар, сондықтан заңдар солардың жалпы еркін танытуы қажет. Ал осы еріктің күштілігін тексеру және қоғам өмір сүріп отырған заңдардың соған сәйкестігін байқау үшін референдумдар өткізу керек. Бұған бірден-бір қолайлы жағдай, келісімге келуге оңай халқы көп емес ежелгі қалалар-мемлекеттер сияқты әлеуметтік құрылым болып табылады деді.
Француз ойшылы Сен-Симон (1760-1825) әлеуметтанудың өз алдына ғылым ретінде қалыптасуының бастауында тұрды. Оның идеялары О.Конттың, Э.Дюркгеймнің және К.Маркстің еңбектеріне әсер етті. Ол ғалымдар арасында бірінші болып, позитивизмді (қоғамдағы дерексіз ой қорытулардан арылып, қоғамды зерттеуде нақтылы бақылау, эксперимент сияқты әдістерге сүйену қажеттігін қолдаған бағыт) қоғамды зерттеу мен ол бағынатын заңдарды анықтаудың әдісі ретінде пайдалануға болады деп есептеді. Бұл - қоғамдағы дерексіз ой қорытуларға қарсы, ғылымды діни қабықтан арылту мақсатында, қоғамды зерттеуде нақтылы бақылау, эксперимент сияқты әдістерді басшылыққа алуды мұрат еткен бағыт. Бұған тән ең басты белгі табиғилық болып табылады. Сен-Симон өзінің Адам туралы ғылыми очеркінде (1813) жаңа пәннің - адам туралы позитивті ғылымның ауқымын айқындады. Ол бұл ғылымды алдымен физиология, кейін жалпы саясат, саяси ғылым, әлеуметтік ғылым, позитивтік философия дей отырып, қоғам өз дамуында құлдық, феодализм және индустриализм сияқты үш сатыдан өтеді деп есептеді. Сондай-ақ ол меншік пен билік оған әсер ете алатын, оның шынайы қажеттілігін сезінетін адамдарға, яғни ғалымдар мен өнеркәсіпкерлерге тиесілі болғанын дұрыс санады. Оның пікірінше, егер билік бюрократтарға, заңгерлер мен діндарларға тисе, онда олар қоғамға ешқандай пайда келтірмей, оның берекесін қашырады. Бұдан өнеркәсіп өндірісі мен қоғамның әлеуметтік құрылымының байланысы бар деген ой туындайды. Француздың утопиялық социалисі ...қоғам дегеніміз ең алдымен, барлық бөлшектері тұтас нәрсенің қозғалуына барынша жәрдемдесетін керемет қуатты машина. Адамдардың бірігуі үлкен бір организмді құрайды, оның мықтылығы немесе әлсіздігі органдардың тапсырылған қызметін қаншалықты мінсіз орындауына байланысты деді. Ол қоғамды жаңартуға болатыны және оның негізіне мынандай принциптерді жатқызды: әрбір қоғам мүшесіне еңбектің міндеттілігі, өндіріс пен ауыл шаруашылығын бір орталықтан жоспарлау, қоғамды ассиоциацияға айналдыру және адамдарды қабілетіне қарай көтермелеу.
Сонымен қоғам мен ғылымның өзара байланыста, қарым-қатынаста дамуы, әлеуметтік философияның баи түсуі, оның қоғамды нақты зерттеуге бет бұруы әлеуметтану ғылымының классикалық кезеңін дайындады, сөйтіп ғылымдар атасы философия қойнауында жетілген әлеуметтік ғылым өз алдына пәні, зерттеу әдістері, категориялары мен заңдары бар ғылымға айналды.
ІІ. Әлеуметтану ғылымының классикалық кезеңі
2. 1 Әлеуметтану ғылымының классикалық кезеңі
Әлеуметтану ғылымының классикалық кезеңін адамзат тарихында өркениеттің бастауы саналған Антикалық және Ортағасыр, Жаңа заман мен Ағартушылар дәуірлеріндегі әлеуметтік ой-тұжырымдар дайындады. Осы кезеңде әлеуметтану ғылыми пән ретінде әлеуметтік философия қойнауында жетіліп, өзінің бөлек зерттеу объектісі мен пәні, әдістері бар өз алдына дербес ғылым ретінде бөлініп шықты. Бірақ әуелгі кезде әлеуметтану қоғамның барлық қырын қарастыратын ғылым ретінде саналып, ХІХ ғасырдың аяғында ғана ол қоғам дамуының әлеуметтік аспектілерін зерттейтін ғылымға айналды.
Әлеуметтанудың классикалық кезеңінің ірі өкілі, әлеуметтану ғылымының негізін салған атақты француз философы Огюст Конт, Карл Маркс, Герберт Спенсер, Г.Зиммель, Э.Дюркгейм, Макс Вебер шығармаларымен байланысты. Осы кезден бастап әлеуметтанудың пәні айқындалып, ол қоғам дамуының әлеуметтік аспектілерін зерттейтін ғылымға айналды.
Огюст Конт өзінің ұстазы Сен-Симонмен бірге Қоғамды қайта құру үшін қажетті ғылыми жұмыстар жоспарын дайындай отырып, объективті бақылаулар мен жаратылыстану ғылымының, оның ішінде физиканың әдістеріне негізделген қоғам туралы жаңа ғылым жасауды мақсат етті. Конт ол ғылым да позитивті фактыларға негізделіп, механика заңдарын қоғамды зерттеуде пайдалануға болады деп есептеді. Ол жаңа ғылымды алдымен әлеуметтік физика деп атады. Кейін 1839 жылы 6 томдық "Позитивтік философия курсы" атты кітабында әлеуметтанудың принциптерін атап көрсетіп, еңбектің ескертпесінде Конт әлеуметтік құбылыстарды зерделеуге қатысты жаңа терминді пайдалануға тәуекел ететіні туралы жазды. Ол термин Социология (әлеуметтану) деген атқа ие болады. Осы терминнің мазмұны арқылы қоғам мен индивидтердің өзара іс әрекеті өз алдына зерттеу саласы ретінде танылды.
О. Конттың пікірінше, жалпы адамзат танымы өзінің дамуында міндетті түрде үш сатыдан өтеді: теологиялық, метафизикалық (ойлау әдісі, құбылыстарды өзгермейді, бірі-бірімен байланысы жоқ деп есептейді) және позитивистік (оң, жағымды) кезеңдер. Ол қоғамның ілгері дамуының негізінде адамзаттың ақыл-ойының дамуы жатыр, осыны адамзаттың дамуының басты принципі деумен қатар позитивизмді адамзат санасы дамуының ең жоғарғы сатысы және талдаудың белсенді ғылыми әдісі ретінде сипаттады.
Огюст Конт алғашқылардың бірі болып, қоғамды жүйе ретінде қарастырып, оның алғашқы бейнесі ретінде Конт биологиялық организмді ұсынады. Ол жүйенің тұтас, бөлінбейтін сипатын және оның бөліктерінің өзара бағыныштылығын, бір-бірімен тұрақты байланыста, қарым-қатынаста болып, үздіксіз оң және кері ықпал етіп отыратынын атап көрсетті.
О.Конт әлеуметтануды жай ғылымдардың қатарына жатқызбады, оны барлық ғылымдардың шыңы, қоғамды әлеуметтік ұйымдастыру мен өзгертудің аса қуатты құралы деп есептеді. Ол әлеуметтануды шартты түрде әлеуметтік статика және динамика деп екіге бөлді. Біріншісінің объектісі "тыныштық қалпындағы", екіншісінікі "қозғалыс күйіндегі" қоғам болып табылады. Бұл екі түсінік биологиядан алынған. ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Әлеуметтану білімінің тарихи қажеттілігі
Әлеуметтану ғылымы туралы ақпарат
Қазақстанда әлеуметтану ғылымының қалыптасуы
Әлеуметтану ғылымдар жүйесінде
Әлеуметтану пәні мен ғылымы
Қазақстандағы әлеуметтік көзқарастар мен әлеуметтану ғылымы
Мәдениет туралы түсінік
«Әлеуметтану» дәрістер
Әлеуметтанудың қалыптасуы мен даму кезеңдері
Әлеуметтану тарихының негізгі бағыттары туралы ақпарат
Пәндер