Қазақстандағы ислам туралы ақпарат



КІРІСПЕ
І. ҚАЗАҚ ЖЕРІНДЕГІ ИСЛАМНЫҢ ТАРАЛУЫ
1. 1 Қазақ жеріне исламның таралуы және оның тигізген әсері
1. 2 Ислам және қазақтардың әдет.ғұрпы
ІІ. ИСЛАМ ЖӘНЕ ҚАЗАҚСТАН
2. 1 Қазіргі Қазақстандағы Ислам дінінің жағдайы
ҚОРЫТЫНДЫ
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
Қазақ даласына ислам діні VII ғасырдың басында арабтардың Орта Азияны бағындыруы нәтижесінде кіре бастады. Шындығын айтқанда, ислам діні Қазақстанға күштеп енгізілген жоқ. Қазақстанда сол дәуірде қалыптаса бастаған феодалдық қатынастарға ислам дінінің кері әсері болмай, қайта ол феодалдық қарым-қатынастарды жандандыра түсетінін көре білген феодалдық үстем тап иелері ислам дінін қуана қарсы алды. Өйткені бұрыннан келе жатқан шаман діні феодалдардың талап-тілегін, мақсат-мүддесін қанағаттандыра алмады. Ал ислам діні болса халықты рухани жағынан болсын, саяси жағынан болсын мығым ұстай алатын мемлекеттік дін бола алды. Осындай тиімді жақтарына қарамастан қазақ тайпалары өзінің бұрыннан келе жатқан шаман дінін, ата-баба аруағын қастерлеуді ұстанып, ислам діні қағидаларына мән бермеді. Академик Бартольд В. В.: «ХІІІ ғасырдың басында мұсылман Хорезм билеушілері мұсылман емес Сырдариядағы және Торғай облысындағы қыпшақтармен соғысуына тура келді,» — деп жазуына қарағанда, сол кездерде қазақ тайпаларының басым көпшілігі әлі мұсылмандық жолға түсіп, ислам дінін қабылдамаған сияқты. Рузбиханның жазуына қарағанда, қажет десеңіз XVI ғасырдың өзінде де қазақтар пұтқа табынушылар деп танылып, оларға қарсы «ғазауат» соғысына шығуды талап еткен. Өйткені шариғат заңдарын араб миссионерлері үндеп, үгіттеп, насихат жүргізгендеріне қарамастан, халық ата-баба аруағына, тәңірге, жұлдыз-айға ұзақ уақыт бойы сиынды. Ата-баба аруағына сиыну бәлекеттен сақтап, өздеріне бақыт, молшылық, жақсылықтар әкеледі, мал басының аман болуына, өсіп-өнуіне көмектеседі деп, сол үшін олар аруақты разы етуге тырысты. «Аруақ аттаған оңбас» деп аруақты ұмытпады.
Әбу Ханифа жол салған суниттік ағым басқаларына қарағанда көнімпаз, басқа халықтардың әдет-ғұрып заңдарына бой ұсынғыш болуы себепті қазақ тайпаларына да өте тиімді болды. Сондықтан да қазақтардың әдет-ғұрпы өз кезегінде ислам діні шариғат заңдарын кері итеріп тастамай, қайта феодалдық қарым-қатынастың жандануына игі әсер ететін шариғат заңдарын қабылдап алды. Сөйтіп, екі наным ұзақ мезгіл бойы бір-біріне зиян келтірмей, қатар өмір сүрді. Сол себепті де қазақтардың әдет-ғұрпы көбіне өзінің бұрынғы болмысын сақтап қалды. Билер қазақтардың қоғамдық маңызы зор мәселелерінің көпшілігін ежелден келе жатқан бұрынғы ата-бабалары әдет-ғұрып заңдары бойынша талқылап шешті. Ал өз кезегінде араб миссионерлері де қазақ тайпаларының тілін, әдет-ғұрпын, сенімдерін, праволық нормаларын, мәдени жетістіктерін лақтырып тастамай, санасуына тура келді. Бұлардың бәрін исламға қайшы келмейтіндей етіп, қырын жатқызуға тырысты.
1. Бартольд В.В. Соч. Т. V 68-б.
2. Малов С.Е. Памятники древнетюркской письменности. –Москва. 1961 ж.
3. Орынбеков М.С. Протоқазақтардың дүниетанымы. –Алматы 1995 ж.
4. Гафуров Б.Г. Таджики. Древнейшая, древняя и средневековая история. –Москва, 1972 ж. 316-б.
5. Орынбеков М.С. Қазақ сенімдерінің бастаулары. Алматы 2002ж. 103-б.
6. Н. Өсеров, Ж. Естаев. Ислам және қазақтардың әдет-ғұрыптары. Алматы 1992 ж. 135-б.
7. Бұл да сонда.
8. Орынбеков М.С. Қазақ сенімдерінің бастаулары. Алматы 2002ж. 120-б.
9. Н. Өсеров, Ж. Естаев. Ислам және қазақтардың әдет-ғұрыптары. Алматы 1992 ж. 145-б.
10. Бартольд В.В. Двенадцать лекции по истории турецких народов Средней Азии // Соч. Т.5
11. А.М. Васильев Шығармалары Т.3 – Москва 1981 ж.
12. Нұртазина Назира Дәуітбекқызы. Қазақ мәдениеті жіне ислам. –Алматы 2002 ж.
13. Интернет сайт – www.temakosan.net
14. Республикалық ғылыми-практикалық конференция материалдары. Исабеков Д.И. // Ислам және Қазақ мәдениеті. –Алматы 2002 ж.
15. Нұралы Өсерұлы. Ислам және Қазақстан. //Руханият. –Алматы 2003 ж.
16. Ислам және Қазақстан. // Руханият, - Алматы 2003 ж. 701-б.

Пән: Дінтану
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 17 бет
Таңдаулыға:   
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
АҚ ҚАРЖЫ АКАДЕМИЯСЫ

РЕФЕРАТ
Тақырыбы: Қазақстандағы ислам

Орындаған : Қабыкен А.Ж.
Группа: ФСЗ - 11
Тексерген: Камалджанова Т.А

Астана қ.
2015жыл
МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ
3
І. ҚАЗАҚ ЖЕРІНДЕГІ ИСЛАМНЫҢ ТАРАЛУЫ
4
1. 1 Қазақ жеріне исламның таралуы және оның тигізген әсері
4
1. 2 Ислам және қазақтардың әдет-ғұрпы
6
ІІ. ИСЛАМ ЖӘНЕ ҚАЗАҚСТАН
13
2. 1 Қазіргі Қазақстандағы Ислам дінінің жағдайы
13
ҚОРЫТЫНДЫ
16
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
17

КІРІСПЕ

Қазақ даласына ислам діні VII ғасырдың басында арабтардың Орта Азияны бағындыруы нәтижесінде кіре бастады. Шындығын айтқанда, ислам діні Қазақстанға күштеп енгізілген жоқ. Қазақстанда сол дәуірде қалыптаса бастаған феодалдық қатынастарға ислам дінінің кері әсері болмай, қайта ол феодалдық қарым-қатынастарды жандандыра түсетінін көре білген феодалдық үстем тап иелері ислам дінін қуана қарсы алды. Өйткені бұрыннан келе жатқан шаман діні феодалдардың талап-тілегін, мақсат-мүддесін қанағаттандыра алмады. Ал ислам діні болса халықты рухани жағынан болсын, саяси жағынан болсын мығым ұстай алатын мемлекеттік дін бола алды. Осындай тиімді жақтарына қарамастан қазақ тайпалары өзінің бұрыннан келе жатқан шаман дінін, ата-баба аруағын қастерлеуді ұстанып, ислам діні қағидаларына мән бермеді. Академик Бартольд В. В.: ХІІІ ғасырдың басында мұсылман Хорезм билеушілері мұсылман емес Сырдариядағы және Торғай облысындағы қыпшақтармен соғысуына тура келді, -- деп жазуына қарағанда, сол кездерде қазақ тайпаларының басым көпшілігі әлі мұсылмандық жолға түсіп, ислам дінін қабылдамаған сияқты. Рузбиханның жазуына қарағанда, қажет десеңіз XVI ғасырдың өзінде де қазақтар пұтқа табынушылар деп танылып, оларға қарсы ғазауат соғысына шығуды талап еткен. Өйткені шариғат заңдарын араб миссионерлері үндеп, үгіттеп, насихат жүргізгендеріне қарамастан, халық ата-баба аруағына, тәңірге, жұлдыз-айға ұзақ уақыт бойы сиынды. Ата-баба аруағына сиыну бәлекеттен сақтап, өздеріне бақыт, молшылық, жақсылықтар әкеледі, мал басының аман болуына, өсіп-өнуіне көмектеседі деп, сол үшін олар аруақты разы етуге тырысты. Аруақ аттаған оңбас деп аруақты ұмытпады.
Әбу Ханифа жол салған суниттік ағым басқаларына қарағанда көнімпаз, басқа халықтардың әдет-ғұрып заңдарына бой ұсынғыш болуы себепті қазақ тайпаларына да өте тиімді болды. Сондықтан да қазақтардың әдет-ғұрпы өз кезегінде ислам діні шариғат заңдарын кері итеріп тастамай, қайта феодалдық қарым-қатынастың жандануына игі әсер ететін шариғат заңдарын қабылдап алды. Сөйтіп, екі наным ұзақ мезгіл бойы бір-біріне зиян келтірмей, қатар өмір сүрді. Сол себепті де қазақтардың әдет-ғұрпы көбіне өзінің бұрынғы болмысын сақтап қалды. Билер қазақтардың қоғамдық маңызы зор мәселелерінің көпшілігін ежелден келе жатқан бұрынғы ата-бабалары әдет-ғұрып заңдары бойынша талқылап шешті. Ал өз кезегінде араб миссионерлері де қазақ тайпаларының тілін, әдет-ғұрпын, сенімдерін, праволық нормаларын, мәдени жетістіктерін лақтырып тастамай, санасуына тура келді. Бұлардың бәрін исламға қайшы келмейтіндей етіп, қырын жатқызуға тырысты.

І. ҚАЗАҚ ЖЕРІНДЕГІ ИСЛАМНЫҢ ТАРАЛУЫ
1.1 Қазақ жеріне исламның таралуы және оның тигізген әсері
Араб қолбасшысы Кутейб ибн Мүслім әскері Қазақстанның оңтүстігіне 714ж. VII ғ. басып кірді. Қазақстан тұрғындарының исламдануы осы кезден басталады. Осы кезде Мауеренахрдағы бауырластарына үнемі қол ұшын беріп отыратын Түркеш қағанаты Орта Азиядағы арабтардың жаулап алған жерлеріне үлкен қауіп төндірді, себебі олар Шаш (Ташкент) пен Ферғананың, Самарқант пен Бұхараның автохтонды тұрғындарын қолдап отыру үшін әскер жіберіп отырды. Арабтардың Испиджабқа (Сайрам) жоғарғы түркештердің қолбасшысы Әбу Мырзақым (Сүзеген) қаған араб экспанциясына сәтті тойтарыс берді. Басында арабтар Оңтүстік Қазақстаннан кетуге мәжбүр болды. 737 ж. қарай түркеш атты әскерінің көмегімен Мауереннахр әскері жерлерін шетелдіктерден тазартты. Бірақ таққа талас барысында Сүзегеннің өлтірілуі түркеш мемлекетін әлсіретті, сол себепті арабтың аймақ бастығы Наср ибн Сейяр осы жылдан бастап Орта Азиядағы араб билігін қалпына келтіре бастады.
Б. Ғафуров: 714 ж. Кутейб Шашқа қайтадан шабуыл жасады. Ол Шашты өз ордасына айналдырып, Испиджаб бағытында жорыққа аттанды. Кутейбті бұл қаланың сауда орталығы екендігі емес, оның стратегиялық маңызы қызықтырады: Испиджабты алып, Кутейб Орта Азиялық одақтастарына көмекке ұмтылған түркі әскерінің жолын қиып тастауға талпынды, -- деп жазды. Жорыққа сарбаздарымен бірге миссионерлер де қатысты, алайда арабтардың шегінуі дін уағыздаушыларына жаңа дінді таратуға мүмкіндік бермеді. Бұл аймақта көптеген конфессиялардың болғаны белгілі. Әсіресе, зәрдүстілік қомақты орын алды. Бірақ исламның таралуына байланысты зәрдүстілік қудалауға ұшырады. Оның жазба әдебиеттері жойылды. Басқа манихейлік, будда, христиан діндері де осындай жағдайға душар болды.
Ұзақ дәуірлер бойына қазақ тайпалары арасында әдет-ғұрыптардың нормалары қоғамның бірден-бір заң реттегіші ролін атқарды. Оның да себебі бар еді. Әуелі, қазақ қоғамы әлеуметтік-экономикалық жағдайына байланысты басқалардан томаға - тұйық өмір сүрді. Сол себепті де тек қазақи, өзіндік идеологияны өз ішіне алды. Екіншіден, әдет-ғұрып заң нормалары тек үстем тапқа ғана емес, жалпы қазақ қоғамына тиістілік сипатына ие болды. Өйткені туыс-туыстарымен ру-ру болып көшіп-қонған қазақтарда ру намысы күштірек еді. Бұл төменгі таптың өз туыстастары үстем тапқа қарсылығын тежеп отырды.
Арабтар Мауараннахрды Әбдімәлік ибн Маруан (685-705) тұсында ғана жаулап алуға қолы жетті. Хорасан билеушісі Кутейб ибн Муслим ішкі қырқыстардан әбден әлсіреген Орта Азияға қоныстанған түркі тайпаларын басып алды. Сөйтіп, 705 жылдың өзінде-ақ бүкіл Орта Азияны уысында ұстады. Балхты басып алған Кутейб ибн Муслим Бұхарға ұмтылды. Соғдылар мен түркі тайпалары арасына от салу нәтижесінде Бұхарды алды. Ауыр шайқастардан соң соғдылықтар астанасы Самарқан қолға түсті.
Наршаһидің жазуынша, Кутейбаның әскері Бұхарды бірнеше қайтара алғанымен, арабтар кете салысымен жергілікті халық ислам дінінен безіп, өз ата-бабасы ұстанған дінге көше берген. Төртінші рет Кутейба әзер дегенде қаланы алып, қалаға сол қаланың тұрғындарының жартысына жуық мөлшердегі арабтарды әкеліп қоныстандырды. Солардың күшімен ислам дінін енгізіп, бұрынғы табынатын пұттарын талқандап, оның орнына мешіттер салдырған. Кімде-кім мешітке келсе, оларға ол (Кутейба) екі дирһам береді деп жар шақыртады. Соның өзінде де жергілікті халықтан қорыққан арабтар мешітке қару-жарағымен келуге мәжбүр болған. Дегенмен де, қоқан-лоқы, сатып алу, т.б. жолдармен Орта Азияға арабтар ислам дінін енгізді.
Міне, осыдан кейін кең далада емін-еркін көшіп-қонған қазіргі Қазақстан термторриясындағы түркі тайпалары арасынан ислам дінін тарату үшін миссионерлер ағылды. Олар көшпенді халыққа күштемей-ақ ислам дінін енгізу жағын қарастырды. Оларға қазіргі қазақ халқын құраған тайпалар ұстанған дін, исламға көп жағынан кереғар еместей болып көрінді. Мәжауиндік шаман дінін оңай ығыстыруға болады деп санады. Сол себепті де олар бұл тайпаларды һаза хақ - һазақ (бұл арабша сөздің мағынасы -- бұлар дұрыс, жолы дұрыс) деп атады. Содан барып, қазақ деген термин қалыптасып кетті дей аламыз.
Әйтсе де, ұзақ дәуірлер бойы ислам діні қазақтардың ежелгі әдет-ғұрыптарын ығыстыра алмады. Қайта олармен санасуларына тура келді. Өз ата-баба дәстүрлерін көбірек ұстанған қазақтарды дінсіздер деп атады. Оларға қарсы ғазауат соғысына шақырулар да сондықтан. Бұл қазақи, өзіндік сипатқа ие дәстүрдің ұзақ дәуірді иеленген тарихы бар. Олардың гүлденген, күйзелген дәуірлері де бар. Мұндай жайт дүние жүзі халықтарының кез-келгендерінің бастарында да бар.
Қазақтардың өзіндік ерекшелік пен сипатқа ие болған елді басқару формалары, экономикалық жүйесі, рухани қажеттілігін қанағаттандырарлық өнері. Заңдары мен мінез-құлықтық кодекстері болған. Ұзақ дәуірлер бойы жазба мәдениеті мардымсыз дамыған қазақтардың (өйткені көшпенді тұрмыс кешу мектептер ұстауға мүмкіндік бермеді) уаызекі шығармашылық дәстүрі күшті дамыған. Әсіресе жас ұрпақтытәрбиелейтін үлгі-насихат жырлары, мақал-мәтелдері қандай мол, әрі қандай терең еді десеңізші! Бұлар тек құрғақ ақыл-кеңес емес, нәрлі де мазмұнды ғибраттар. Бұлар праволық нормалар мен моральдық, саяси, мінез-құлық, т.б. тәртіптерді де өз ішіне жан-жақты қамтиды.

1.2 Ислам және қазақтардың әдет-ғұрпы
Қазақтардың ең бір қадірлеп-құрметтейтін дәстүрі -- өлген ата-баба аруақтарына табыну. Өлген ата-баба аруаққа айналып, тірілердің зор құрметіне ие болады. Олар тірі ұрпақтарының әдет-ғұрып заңдарын, кәде-қаумет, салттарын сақтап жүрулерін талап етеді. Ата-баба аруағына асы болғандарға олар әр түрлі ауруларды мал-жанына әкеледі, құрғақшылыққа душар етіп, бірде-бір тамшы жаңбыр жаудырмайды, қажет болса, әйелдерді бала табудан махрұм етіп, ұрпағын өсірмейді деп ойлайды. Сол себепті де қазақтар ата-баба аруағын разы етуге тырысады, олар жолына малдарын құрбандыққа шалып, үнемі есте ұстап, оларға жалбарынып отырады. Өлімін күтіп, төрінен көрі жақын қалған қарттарды аса құрмет тұтып, ақсақал, отағасы деп сыйлайды. Оның себебін бұл қарттар өлгендер мен тірілер арасындағы байланыстырғыш деп қарағандықтан ғой дейміз. Сондықтан да қазақтар ата-анасын өте құрмет етеді. Өлгендеріне шаң жуытпайды, аруаққа айналдырады. Әрине, мұндай құрметке кез келген қарт ие бола бермейді. Әр рудан оза шауып, ақыл-парасатымен, істеген ісімен ел құрметіне бөленгендер ғана үлкен құрметке ие болады. Мұндай дуалы ауызды адамдар көзі тірісінде-ақ әулиеге, өлгеннен соң аруаққа айналған. Мұндай адамдардың сөзін де жыр қылып айтып, қабірін де құрметтеген. Дегенмен де, әркімнің өз ата-бабасы өзіне жақын, әрбір семья, от басы - ошақ қасының өзіне қас аруақтары болып, оларға жалбарынған. Әрине, ата-баба аруағын құдайға теңеуге болмайды. Оларды Алламен екі ортадағы жебеуші деуге болады. Біреуге наразы болып ашуланғанда аруақ атсын, аруақ ұрсын деп қарғайды.
Қазақтар былай қарағанда, момақан көрінгенмен, егерде өзінің және семьясының намысына тиетіндей бірдеме істелінсе, онда қазақтар шыдай алмайды, қажет болса, намысқа шыдамай өлуге дейін барады.
Ежелден-ақ қазақ халқы үйленуге мән, маңыз берген, От басы - ошақ қасы деп, семьяға ерекше мән бере отырып, сол от басы - ошақ қасының беріктігін көздеген. Әрдайым от басы -- семья берік әрі тату-тәтті болса, сол семьядан өрбитін ұрпақтар да жақсы болып өсетінін жете білген. О бастан дұрыс таңдалған семья бұзылмаған. От басы - ошақ қасын бүлдіргендер, семьяны сақтай алмағандар қоғамдық теріс пікірге ұшыраған. Сол себепті де революцияға дейінгі қазақ семьяларының өте сирек болмаса, бұзылғандары кездеспейді. Оның себеп-салдары өте көп. Мен осы зерттеу жұмысымда шамамның келгенінше сол себеп-салдарынайтып өтейін.7
Қазақ семьясы тек қана ер, әйел және балаларынан ғана емес, үлкен семьядан (патронимия) тұрған, яғни әкесі мен анасы, үйленген ұлдары, қажет болса үйленген немере-шөбересі, былайша айтқанда, ата-бабалары бір болып, оларды үлкен әкесі басқарған. Оларды мұндай бірігуге мәжбүр еткен жалпы экономикалық мүдделері ғана емес, сол секілді қандастық-туыстық, намыс біршілдігі деп ұғуымыз керек. Мұндай үлкен семья бірге тамақ ішкен, бәрі бірге маңызды үй мәселесін шешкен. Рас, енші алып, бөлек отау еткенімен, енші алып бөлінген ұлдары ата ақылынан тыс кете алмай, әке нұсқауымен жүріп отырған. Барлық тұрмыстық мәселелерді (мысалы, өлім-жітім, көші-қон, қонақ күту, т.б.) әке шешкен. Өйткені үйлену оңай болғанымен, семья болу оңай емес, семья беріктігі, дәулеттілігі, көңіл-күйінің жақсы болуы бәрі сол от басы -- ошақ қасынан. Сол отбасына деген сүйіспеншілік, туысқанға деген мейірбандық туысқандардың өзара мақсат-міндеттерін айқындап, олардың жауапкершілігін, коллектившілдігін арттырған. Мұндай семья оңайлықпен күйремеген, қайта ауызбіршілігі нығайып, біріне-бірі таяныш болып, табалдырықтары мықты болған.
Үлкен отбасы болғаннан соң, әрине, оның мүшелері арасындағы мақсат-мүдделері бір-біріне қайшы келіп жатуы мүмкін ғой. Бірақ мұндай кереғарлық мақсат мүддесінен асып кете алмаған, әрі ондай таласты мәселелерді бәрі ақылдасып кеңесіп шешіп отырған. Өйткені ақылдасып пішкен тонешуақытта да қысқа болмайды. Алтау ала болса -- ауыздағы кетеді, төртеу түгел болса -- төбедегі келеді. Әрине, мұндай нақыл сөздерді әрбір қазақ жете түсініп, сол нұсқамен амал еткен. Бұл бір салдары.
Екінші салдары, рулық қоғамның алғашқы бастамасынан-ақ пайда болып, әрі -- қоғамда жиі ұшырасып отырған қанға - қан, жанға - жан дәстүрі, яғни құн алу. Бір қарын майды бір құмалақ шіріьеді дегендей, қоғам болғаннан соң бір биден ала да туады, құла да туады, яғни қоғам ішінде жақсылары да, жамандары да болады. Үлкен семьяға келтірген намыс - сол семьяның кісісін өлтіру, жесірін алу, малын ұрлау, т.б. қылмыстар сол үлкен семья түгіл, бүкіл руына жағылған күйе. Сондықтан да бүкіл ру қажет болса өз ұраны шақырылғанда, атқа мінбеу, сойыл ұстамау ездік саналған. Қайсы ру болмасын намысын қолдан бермеген. Заң органдарының күштеу аппараты болмаған заманда қылмыстының жазасын тек қана осындай жолмен қайтару бірден-бір дұрыс жол еді. Қазіргі кезде көптеген зерттеушілеріміз құн, қанды кек қайтару институтына тосырқай қарап, жылы лебізін білдірмеуі өкінішті. Күштеу аппараты жоқ қоғамда бұлай істеу кісіні өлтіру ниеті бар адамды алдымен қылмыс істер алдында мыңда бір рет ойлануды, егер қылмыс істеп, кісі өлтірсе тек өзіне ғана емес, бүкіл туысқандарына келетін кесірін пайымдауды талап етеді. Бұл -- қылмыстың алдын алу, оны болдырмаудың жолы. Егер қанды қол кісі өлтірсе, не өзі өледі, не бүкіл туыстары болып құн төлейді, бұл оңай шаруа емес, оның үстіне бүлінген елден бүлдірген алма деп, ондай рудан басқалар шеттеп, қанды қолдарын беттеріне басқан, қыз беріп, қыз алмауға тырысқан.
Дегенмен, қазақ қоғамында кісі өлімі болып тұрған. Ол руаралық қақтығыстарда, жер дауында, жесір дауында, мал дауында, барымтада кездесіп отырған. Ал жеке адамдардың қылмыстық ниетпен кісі өлтіріп, тонап-талауы кездеспеген.
Қазақ отбасының басында әке тұруы себепті, туысқандық қатынастар әке жағынан басталып, жеті атаға дейінгі аралықтағы туыстар (жеті ата - 200 жыл шамасын қамтиды) қандастар, аталастар саналған. Немере-шөбереге дейін - ата баласы, ал жеті атаға дейін - аталастар, онан әрі - туысқан-руластар, одан әрі - тайпаластар, одан әрі - жүздестер саналған. Ең жоғарғы бірігуі - Үш Жүз -- қазақ, ең жоғарғы түркі тайпасының бірігуі -- Алаш балалары (олар: Алты Алаш - қазақ, өзбек, ноғай, қырғыз, қарақалпақ және башқұрт).
Ал әйел жағынан туыстастық құда, нағашы, жиен секілді жақындықтардан құралады...
Отбасында әке ролі күшті болған. Сондықтан да қазақтар пәленшенің баласы, пәленшенің ауылы деп, сол әке атымен атаған, бөлек үй болғанымен, өз атымен атамаған.
Әкеге қарап - ұл өсер, шешеге қарап - қыз өсер, Ата ұлы - құл, Атасыз ұл - жетесіз құл деген мақал-мәтелдерден, сол секілді, әкесі үстінен ұлы арыз айта алмаған, әкесі ұлын өлтіруге, жалшылыққа беруге праволы деген заңдардан біз атаның қоғамдық тұрмыста алатын орнын жақсы түсінеміз.
Қазақтарда ұлдардың үлкені мен кішілерінің қарым-қатынасы әке мен бала қарым-қатынасындай. Үлкенді сыйлау, оны тыңдау - қазақтардың мықты ұстанған жолы. Үлкенді құрметтеп, сыйлағандарды тәртіпті, көргенді санаған. Әрине, бұлар өздері ертең үлкен болып, қартайғанда соңғылары да өздеріне дәл осындай құрмет көрсететінін жақсы түсінген. Әкеңе не жасасаң, алдыңа сол келеді деп халық текке айтпаған.
Алайда қазақтар балаларына аса мейірімді, оларды ешқашан ұрып-соқпаған. Жалпы бұл әдет Шығыс халықтарына жақын, етене мінез-құлық. Ағылшын зерттеушісі Э. У. Лэйн көптеген жылдар бойы Египетте тұрып, мұнан 150 жыл алдын өзі көріп, әбден біліп жазған сөзін айтсақ дұрыс болар деп ойлаймын. Ол: Египеттіктер балаларын қаншама еркелетіп, еркімен жіберсе де, олар өз әке-шешесіне шектен тыс, ізетпен қарап, құрметтейді. Мұсылмандар әке-шешесіне бағынбаған балаларды пұтқа табынушылар, адам өлтірушілер, біреуге ойнастық етті деп жалған куә болушылар, әйел қаза болғанына қарамай сол секілді жетім-жесірдің мал-мүлкін талан-таражға салушылар, сүтқорлықшылар және дінсіздермен күрес жүргізуден бас тартушылар іспетті санап, өте ауыр қылмыс санаған, -- деп жазады.
Баланы -- жастан, әйелді -- бастан дегендей, бала тәрбиесіне қазақтар үлкен мән берген. Тәрбие білімнен жоғары қойылған. Егер әкесі пияз, атасы сарымсақ болса, ұлында қандай хош иіс болмақ? -- деп арабтар айтқандай, бала ұяда не көрсе, ұшқанда соны іледі.
Үлкен отбасы шаруашылыққа өте тиімді, жұмыс қолы мәселесін шешуге пайдадан басқа зияны жоқ еді.
Ұлын үйлендірерде ата-анасы құда болар жұртын таңдап, сынап барып құда түскен. Құда түсу қалың малсыз болмаған. Көптеген зерттеушілеріміз қалың мал институтын кертартпа деп бағалайды. Біз бұған қосыла бермейміз. Рас, қалың мал әйел мен еркектің тең праволығын жойып, ер адам алдына әйелдерді тәуелді ететіні рас. Оны біз тек қалың мал тілегендіктен, мал сияқты сатып алды деп қарамай, ұзақ дәуірлер қалыптасқан семья, отбасы, ошақ-қасы дәстүрлерінен іздеуіміз керек. Сондықтан да шығыстанушы совет ғалымы А. М. Васильев: Қалыңмалды тек қана қыздарды сатып алу деп қарамау керек. Қалыңмал ертеңгі күні ажырасқан жағдайда өмір сүруі үшін не әке-шешесінде, не өзінде қалатын нәрсе. Оның үстіне оның бір бөлігі той өткізу, жасау жасау, т.б. жаратылады. -- деп анығын көрсетеді. Сайып келгенде қазақтар қалыңмалды қыздың өзіне жаратқан. Ұзатылатын қыздың бір ғана сәукелесінің қалың мал алып қыз әкесі байымаған, қалыңмал беріп алыс-беріс жасаған. Алғаш жігіт жағы әкелсе, қыз жағы да дәл сондай етіп ілулерін, киіттерін қайтарған. Қазіргі бояуды қою жағып, үйленушілер бейне бір қарызға белшесінен батып, кіріптарлық халге түседі деген пікірді қалыптастырған. Ссодан барып, қалыңмал сияқты жоралардың бәрі де өз ретінде, әркімнің шама-шарқына орай, бай кедейлігіне байланысты өтелінген.
Қазақтар өз қандастарынан, жақын-туыстарынан қыз алмаған. Әсіресе жеті атаға дейін қыз алуға мүлдем қарсы болған. Олар әрдайым алыстан, қан араласпаған рудан алған. Бұл медициналық, адамгершілік тұрғыдан алып қарағанда өте ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстандағы ислам фобиясының көріністері
Діни бостандықтың қоғамдық өмірге әсері
БАҚ - тағы діни жариялымдарға ислами талдау жасау
Қазақстан Республикасының қауіпсіздік жүйесіндегі терроризммен күрес саясатын қалыптастыру
Дін саласындағы негізгі мемлекеттік саясат сектаның рухани рөліне қызмет ету
Егемен Қазақстан және Жас Алаш газеттерінің тарихи құндылықтары
Қазақстандағы қажылық туризмнің болашақта даму жолдарын болжау
Дін және бақ: кеше және бүгін
Жергілікті атқарушы органдардың діни бірлестіктермен қарым-қатынасын реттеу туралы
БАҚ ЖӘНЕ ДІН НАСИХАТЫ - ТӘУЕЛСІЗ ҚАЗАҚСТАНДА ТҰРАҚТЫЛЫҚ ПЕН КЕЛІСІМ НЕГІЗІ
Пәндер