Сақтандыру туралы ақпарат



КІРІСПЕ
I. Сақтандырудың экономикалық категорня
ретіндегі ролі және әлеуметтік . экономикалық мәні
1.1. Сақтандырудың экономикалық мәні мен маңызы
1.2. Сақтандырудың аткаратын қызметтері
II. Сақтандырудың түрлері және олардың жіктелуі
2.1. Сақтандырудың түрлері
2.2. Сақтандырудың жіктелуі
III. Қазақстан Республикасындағы сақтандыру
ісінің даму тенденциялары
3.1. Қазақстандағы сақтандыру нарығының қалыптасуы
3.2. Қазақстанның сақтандыру секторындағы тенденциялар
ҚОРЫТЫНДЫ
ІІАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
Қазақстандағы сақтандыру ісі бұрынғы мемлекетік сақтандыру жүйесі негізінде қалыптасты. Бұған дейін Қазақстан Республикасында тұрғындармен, кәсіпорындармен және ұйымдармен сақтандыру операцияларын жүргізудің монопольдық құқығына мемлекеттік сақтандыру ұйымдары ғана ие болып келді. Нарықты экономика жағдайында мемлекеттік сақтандыру ұйымдарымен экономикалық және ұйымдық тұрғыдан байланысты емес, дербес сақтандыру ұйымдары құрылып, дами бастады.
Қазақстан Республикасы Президентінің 1995 жылғы "Сақтандыру туралы" заң күші бар жарлығымен сақтандыру шараларын жүргізудегі монополия жойылды және қазіргі уакытта республиканың сақтандыру нарығында барлық сақтандыру ұйымдары бірдей құқықтың дәрежеге ие болды. Отандық сақтандыру ісі өзінің даму жолында түрлі кедергілерді артқа тастап,бәсекелестік ортаны қалыптастыру жолында дамыды. Қазіргі танда республикада адал бәсеке нарығы қалыптасты деп айтуға болады. Бұрындары тек шетелдерде қолданып келген сақтандырудың жаңа түрлері енгізіліп, жауапкершілік артуда.
Елбасы Н.Ә.Назарбаев 2006 жылдың 1 наурызындағы халыкқа жолдауында «ел экономикасындағы өрлеудің тұрлаулы әрі серпінді сипатын ұстап тұру үшін мемлекет қазынагерлік, ақша-несие, салық, сақтандыру саясатының, өндірістің негізгі факторларын тиімді қайта бөлуді мемлекеттік реттеу тетіктерін пайдаланып, жоғары сапалы өнім мен қызметке деген сұранысты көтермелеп отыруға міндетті» деп атап өтті.
Сақтандыру мемлекет тарапынан көзделген шаралардың сипаты мен көлеміне қарамастан халық пен ұйымдардың түрлі мүдделерін қосымша қорғауға мүмкіндік бере отырып, әлеуметтік экономикалық тұрақтылықты қамтамасызетеді. Сақтандыру компанияларының резервтері экономикалық дамуды қаржыландыратын инвестициялардың сенімді көзі болып табылады, сақтандыруды дамытудың негізі мақсаты - мемлекеттердің, азаматтарды және шаруашылық субъектілерінің мүддесін қорғаудың нақты құралы бола алатын толық қанды орнықты жұмыс істейтін ұлттық сақтандыру нарығын қалыптастыру.
1 .Қазақстан Республикасының « Сақтандыру қызметі туралы »Заңы 18 желтоқсан 2000 жыл N126-11.
2.ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдаулары.
З.Қазақстан Республикасының Тасымалдаушының жолдаушылар алдындағы азаматтық-қүқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру туралы Заңы. 01.07.2003 жылКЕ444-11
4.Қазақстан Республикасының «Міндетті әлеуметгІк сақтандыру туралы» заңы 25.04.2003 жын N405-11
5.Қазақстан Республикасының «Жеке нотариустардың азаматтық-кұқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру туралы» Заңы 11.06.2003 жыл N432-11.
б.Қазақстан Республикасының «Аудиторлар мен аудиторлық ұйымдардың азаматтық-қүкыңтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру» туралы Заңы 13.06. 20003ж. №440-11.
7.Қазақстан Республикасының «Өсімдік шаруашылығындағы міндетті сақтандыру» туралы Заңы 10.03.2004ж. № 533- ІІ.
8.Қазақстан Республикасынъщ «Міндетті әлеуметтік сақтандыру» туралы Заңы . 25.04.2003ж. № 405- ІІ.
9.Қазақстан Республикасының сақтандыру нарығын 2007-2010 жж. Дамыту бағдарламасы 01.09.2006 жыл N729. Жайлин Ғ.А. Азаматтық қүқық. Оқулық - Алматы, 2003 - 170 б.
10.Құлпыбаев Қ.С. Қаржы. Оку құралы - Алматы: 2003.

Пән: Сақтандыру
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 29 бет
Таңдаулыға:   
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
АҚ ҚАРЖЫ АКАДЕМИЯСЫ

РЕФЕРАТ
Тақырыбы: Сақтандыру

Орындаған : Қабыкен А.Ж.
Группа: ФСЗК - 21
Тексерген: Нуржанова Г.И.

Астана қ.
2016 жыл
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ
3
I. Сақтандырудың экономикалық категорня
ретіндегі ролі және әлеуметтік - экономикалық мәні
5
1.1. Сақтандырудың экономикалық мәні мен маңызы
5
1.2. Сақтандырудың аткаратын қызметтері
9
II. Сақтандырудың түрлері және олардың жіктелуі
13
2.1. Сақтандырудың түрлері
13
2.2. Сақтандырудың жіктелуі
16
III. Қазақстан Республикасындағы сақтандыру
ісінің даму тенденциялары
23
3.1. Қазақстандағы сақтандыру нарығының қалыптасуы
23
3.2. Қазақстанның сақтандыру секторындағы тенденциялар
26
ҚОРЫТЫНДЫ
28
ІІАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

29

Кіріспе
Қазақстандағы сақтандыру ісі бұрынғы мемлекетік сақтандыру жүйесі негізінде қалыптасты. Бұған дейін Қазақстан Республикасында тұрғындармен, кәсіпорындармен және ұйымдармен сақтандыру операцияларын жүргізудің монопольдық құқығына мемлекеттік сақтандыру ұйымдары ғана ие болып келді. Нарықты экономика жағдайында мемлекеттік сақтандыру ұйымдарымен экономикалық және ұйымдық тұрғыдан байланысты емес, дербес сақтандыру ұйымдары құрылып, дами бастады.
Қазақстан Республикасы Президентінің 1995 жылғы "Сақтандыру туралы" заң күші бар жарлығымен сақтандыру шараларын жүргізудегі монополия жойылды және қазіргі уакытта республиканың сақтандыру нарығында барлық сақтандыру ұйымдары бірдей құқықтың дәрежеге ие болды. Отандық сақтандыру ісі өзінің даму жолында түрлі кедергілерді артқа тастап,бәсекелестік ортаны қалыптастыру жолында дамыды. Қазіргі танда республикада адал бәсеке нарығы қалыптасты деп айтуға болады. Бұрындары тек шетелдерде қолданып келген сақтандырудың жаңа түрлері енгізіліп, жауапкершілік артуда.
Елбасы Н.Ә.Назарбаев 2006 жылдың 1 наурызындағы халыкқа жолдауында ел экономикасындағы өрлеудің тұрлаулы әрі серпінді сипатын ұстап тұру үшін мемлекет қазынагерлік, ақша-несие, салық, сақтандыру саясатының, өндірістің негізгі факторларын тиімді қайта бөлуді мемлекеттік реттеу тетіктерін пайдаланып, жоғары сапалы өнім мен қызметке деген сұранысты көтермелеп отыруға міндетті деп атап өтті.
Сақтандыру мемлекет тарапынан көзделген шаралардың сипаты мен көлеміне қарамастан халық пен ұйымдардың түрлі мүдделерін қосымша қорғауға мүмкіндік бере отырып, әлеуметтік экономикалық тұрақтылықты қамтамасызетеді. Сақтандыру компанияларының резервтері экономикалық дамуды қаржыландыратын инвестициялардың сенімді көзі болып табылады, сақтандыруды дамытудың негізі мақсаты - мемлекеттердің, азаматтарды және шаруашылық субъектілерінің мүддесін қорғаудың нақты құралы бола алатын толық қанды орнықты жұмыс істейтін ұлттық сақтандыру нарығын қалыптастыру.
Сақтандыру экономиканың маңызды әрі аз зерттелген саласы болып табылады. Қазақстанда өзінің даму кезеңінде болуына қарамастан, ерте кезде пайда болған.
Содан бері жазатайым жағдайлардан сақтандыру жүйесі арқылы қорғап, адамзаттың әртүрлі қажеттіліктерін қанағаттандыра отырып даму жолында.
Сақтандыруда адамдар арасында материалды игіліктерді өндіру, бөлу, айырбастау, тұтыну саласындағы экономикалық қатынастар орнайды. Ол барлық шаруашылық субъектілеріне және қоғам мүшелеріне залалдардан кепіддік береді.
Қайта өндіру процесі табиғат, табиғи және қоғамдық сипаттағы қарым -қатынастарды білдіреді. Қоғам мен табиғат арасында түрлі қайшылықтар орнайды. Қоғамдық өндіріс саласында түрлі тәуекел каупі орын алады . Міне, осының барлығы әлемдегі сақтандыру қатынастарының пайда болуы мен дамуына негіз болды. Кәсіпкерліктің дамуы тиісінше тәуекелдердің өсе түсуіне әкеледі, олар іскерліктегі әріптестердің сеніміз болып шығуы, нарықтағы бағалар құндылықтар кенет өзгеріп кетуіне шарт бойынша әріптестердің банкротқа ұшырауына байланысты болуы мүмкін шығындар болады. Өз кезегінде бұл сақтандырудың дамуына қосымша түрткі болды. Уақыт ағымында мұндай қажеттілік азаймайды, керісінше азаматтар мүліктік жағдайы жаксаруының және кәсіпкерлік дамуының салдарынан сақтандыруға деген қажеттілік одан әрі өсе түседі.
Нарықты экономикасы дамыған елдерде сақгандыру экономиканың стратегияалық маңызы бар салаларына жатады.
Қазіргі кезде сақтандыру ісін ұйымдастыру бір жағынан нарықтық экономиканың әрекет етіуінің жалпы экономикалық зандылықтарына сүйенсе, екінші жағынан оған Қазақстан
Республикасының өтіуінің өзіндік ерекшелігімен сипатталады. Өз кезегінде сақтандырудың өзі реттеу объектісі болып табылады.
Нарықтық қатынастарға өту Қазақстан Республикасының сақтандыру жүйесіне бірқатар құрылымдық өзгерістер алып келді. Қазіргі кезде өз жұмыстарын жаңашыл қалыптастыратын сақтандырудың қазіргі жағдайы сақтандыруды одан әрі дамыту мен модернизациялаудың әлемдік тәжірибелерге негізделуін қажет етеді. Бұл ең алдымен құқықтык және ақпараттық базаның жетілмегендігіне, әдістемелік жұмыстардың жүргізілмеуіне байланысты.
Осы орайда сақтандыруды ұйымдастырудың әдістемелік негізін қалыптастырудың ұлттық сақтандыру ісінің даму ерекшіліктері мен тенденцияларын айқындаудың өзектілігі зор.
I. Сақтандырудың экономикалық категорня
ретіндегі ролі және әлеуметтік - экономикалық мәні
1.1. Сақтандырудың экономикалық мәні мен маңызы
Сақтандыру қоғамның экономикалық қатынастарының сферасын бейнелейтін көне категориялардың бірі. Алғашқы қауымдық құрылыстың ыдырау кезеңінде пайда болып, ол біртіндеп коғамдық өндірістің қажетті серіктесіне айналды. Сақтандыруға түрткі болатын басты себеп - бұл өндіріс пен адам өмірінің қауіп - катерлі сипаты. Сондықтан өндіріс процестерін жалғастыру, азаматтардың жеке санатының өмір тіршілігі мен жақсы тұрмыс халін қолдап отыру мақсатында қоғамның, жеке өндірушілердің, олардың топтарының натуралдық - заттай босалқы қорларын да немесе резервтерін де сондай - ақша ресурстарын да қамтитын қажетті қаражаттары болуы тиіс. Мұндай ақша қаражаттары әдетте резерв және сақтық қорлары түрінде қалыптасады.
Қазіргі жағдайда сақтандыру - бұл өмірдің әр түрлі салаларында барынша жиі болатын жағдайлардың теріс әсерінен заңды тұлғалар мен азаматтардың мүдделерін қорғау әдістерінің бірі. Адамдар жиі өрттерден, су тасқыны, сел және осылар сияқты т.б. жағдайлар нәтижесінде өздерінің қозғалмайтын және қозғалатын мүліктерінен айырылу мүмкіндігінен сақтануды қалайды. Кәсіпкерліктің дамуы тиісінше тәуекелдердің өсе түсуіне әкеледі, олар іскерліктегі әріптестердің сенімсіз болып шығуы, нарықтағы бағалар (құндылықтар) кенет өзгеріп кетуіне шарт бойынша әріптестердің банкротқа ұшырауына байланысты болуы мүмкін шығындар болады. Өз кезегінеде бұл сақтаңдырудың дамуына қосымша түрткі болды. Уақыт ағымында мұндай қажеттілік азаймайды, керісінше азаматтар мүліктік жағдайы жақсаруының және кәсіпкерлік дамуының салдарынан сақтандырудағы кажеттілік одан әрі өсе түседі.
Сақтандыру кезіндегі сақтық резервтер мен қорларды калыптастырудың екі негізгі әдісі қолданылады, олар бюджеттік және сақтық әдіс. Қаржыларды қалыптастырудың бюджеттік әдісі -бюджеттердің қаражаттарын, яғни бүкіл қоғамның қаражаттарын пайдалануды болжайды.
Сақтық әдіс қорларды шаруашылық жүргізуші субъектілер мен халықтың жарналары есебінен жасауды алдын - ала қарастырады.

Сақтық қорлар - қоғамның ұлттық шаруашылығындағы сан алуан, алдын-ала болжалануы мүмкін емес жайттардан сақтандыруға арналған. Қоғамның резерв қорлар жүйесінің қажетті құрамды бөлігі.
Мүлікті мүдделерді қорғауды, материалдық зияннан сақтандыруды және оның орнын толтыруды жүзеге асыратын сақтық қор материалдық немесе ақша қорлары нысаныңда жасалады, Сақтық қорларда қоғам мүшелерінің ұжымдық және жеке мүдделері қорғалады, олардың тіршілік әрекетінің сан қырлы экономикалық және әлеуметтік аспектілері көрінеді.
Сақтық қорлардың басқа қорлардан ерекшелігі: олар алдын - ала тұтыну қорларына да, жинақтау қорларына да жатпайды. Ол - табыс ретінде тынылмайтын және қорлануға міндетті қызмет етпейтін табыстың бірден -бір бөлігі.
Сақтандырудың жарналары есебінен жасалатын сақтық қорлар белгілі бір уақытта тікелей арналымында - сақтық төлемдерді төлеу үшін (сақтық жағдайдың болу немесе ықтималдық сипатына қарай оның пайда болмау мезетіне дейін) пайдаланылмауы мүмкін. Мұңдай жағдайларда сақтық корлардың қаражаттары қосымша табыс алу үшін оммерциялық айналымға берілуі мүмкін. Өз кезегінде, бұл табыстардың бір бөлігін тапсырыскерлерді тарту үшін сақтық қызметтер көрсетудің бағасын төмендетуге бағыттаған орынды.
Ұқтық Ұйыймдардың осыған ұқсас операциясы сақтандыру нарығыңды пайдалырақ шарттарды қолайсыз түрлі жағдайлардың салдарлары кезіндегі ысырыптармен залардардан кашқысы келетін тапсырыскерлерді тарту жөніндегі бәсекенің пайда болуына жәрдемдеседі.
Экономиканың нарықтағы қатынастарға көшуі, кәсіпкерлі қызметтің дамуы, тауар мен айырбас шеңберінің, шаруашылық жүргізулі субъектілер арасындағы өзара келісім-шарт міңдеттемелерінің кеңеюі сақтандыру арқылы болатын кепілдіктердің серік жүйесін талап етеді. Тек сақтандыру негізінді ғана материалдық иеліктерді өндіру, бөлу, айырбастау және тұтыну процесінде пайда болатын қоғамдық және жеке мүдделерді қорғау мүмкін болады. Сақтандыру мемлекет тарапынан көзделген шаралардың сипаты мен көлеміне қарамастан, халық пен ұйымдардың түрлі мүдделерін қосымша қорғауға мүмкін береді.

Қазіргі кезде табиғи және техногенді сипаттағы төтенше жағдайларды жою жөніндегі шығыстардың негізгі ауыртпалығы мүмкіндігі объективті түрде шектеулі болып табынатын мемлекеттік бюджетке түседі.
Сақтандыру осы қолайсыздықты жою тиіс. Сақтандыру механизмін қазіргі жағдайда пайдалану елдегі кәсіпкерлік қызметті жедел дамытуды, Қазақстан экономикасының негізгі саласының ерекшеліктерін, оның климаты мен географиялық орналасуын, әкологиясының деңгейін ескере отырып, өндіріс технологиясын жетілдіруді қамтамасыз етеді.
Сақтық жүйе республиканың экономикасының сенімді әрі орнықты, халықты әлеуметтік қорғауды арттыру үшін қосымша негіз жасауға, азамматтар мен шаруашылық субъектілерінің мүмкін сақтандыруға ықпал етуге тиіс.
Сақтандыру мәселелері медицинаны қоса алғандағы әлеуметтік қамтамасыз ету мәселелеріне тікелей қатысты. Қазіргі замаңғы сақтандыру индустриясын құру мемлекетке міндеттер қатарын шешуге мүмкіндік береді:
1) табиғи - техногендік сипаттағы қарастырылмаған шығындарды толтыруға мемлекеттік бюджетке ауыртпалықты азайтудың;
2) нарықтың экономика қағидаларына сай сақтандыру
жәрдемімен әлеуметтік қамтамасыз етудің жекелеген мәселелерін шешуге жинақталған зейнетақыны төлеу, еңбекке қабілеттілікті жоғалтуға, асыраушысының қайтыс болуына, жұмыссыздыққа жәрдем ақыларды төлеуге, денсаулық сақтауға қатысты шығындардың орын толтыруға;
3) халық пен ұйымдардың қаражаттарын ұзақ мерзімді негізде ұлттық экономикаға шоғырландыруға;
Мемлекет бұдан бұрын жеткілікті қуатты әлеуметтік кепілдіктер жүйесін қамтамасыз етуге қабілетсіз болып шықты. Кепілдіктерді қамтамасыз ету міндеті қазір сақтандырудың иығында болып тұр. Осымен бірге бірқатар мамандықтардың қауіптілігінің дәрежесіне өсе түсті. Құқық органдары ұйымдасқан (кәсіби) қылмыспен бетпе - бет келді, техногендік аппаттар саны артты. Нарық жағдайынада (жаңа еңбек қатынастарында) адамның өмір сүруі үшін өмір мен денсаулыққа келтірілген зардаптарды қалпына келтіруде қандай да болсын бір мүмкіншілігі болуы өте маңызды. Жоғары қауіптілік көздерімен келтірілген зардаптардың орын толтыру, соның ішінде автомобиль көлігі және т.б. мәселе де өзекті. Мұның барлығы Қазақстан Республикасында нарықтық қайта қалыптасу кезенде сақтандыру саласында ең маңызды өзгерістер басталуына негіз қалаған зандардың, өзге нормативті, құқықтық актілердің қабылдауына әкелді. Бірінші кезекте өзін тиімсыз қылып көрсеткен сақтандырудың толығынан мемлекет жүйесінен бас тартылады. Бәсекеге негізделген сақтандыруға жол беріледі. Сақтандыру кәсіпкерлік түрлерінің біріне айналды және ол кәсіпкерлік ең жоғарғы ұйымдастырылған түрлерінің бірі. Сақтандыру мен әлеуметтік міндеттерді орындалудың маңыздылығын есепке ала отырып, мемлекет сақтандыру дамуы бақылаусыз өз бетімен жібере алмауда. Сондықтан сақтандырудың дамуы қазіргі замаңғы құқыктык салалрдың бірінің сақтандыру күқығының дамуымен бірге болды.
Сақтандырудың мәні осылайша, шығыңды уақытша және аймақтық бірігуінен құралады. Шығынды таратудың сақтандыруға қажеттІ шарттары болып: шаруашылық звенолары мен азаматтардың жащяларының мүліктерінің оңашалығы, сақтандыруға қатысушы шаруашылық санының айтарлықтай болуы; қауіптілік кездерінің әртүрлілігі мен өзгеше табиғаттары.
Сақтандырудың экономикалық категориядағы арнайылығы келесі белгілермен сипатталады:
1) кездейсоктыктың белгілері;
а) жазатайым жағдайлар, яғни нақты тәуекелдің болуы; б) қоғамдық өндіріске түскен материалдық немесе басқада шығынды өтеу қажеттілігі;
2) жеке тұлғаның, кәсіпорынның, қоғамдық қауіпсіздік
талаптарын объективті түрде қанағаттандыру;
3) сақтандыруда оған қатысушы сақтандырушылар арасында болған шығынды өтеу таралымы іске асады;
4) шығынды қайта тарату, аймақтық бірліктер арасында;
Сақтандырудың экономикалық категория ретіндегі бұл формалары мен әдістер жүйесі мақсаттық ақша қаражатттарын қалыптастыру мен оларды әртүрлі күтпеген, қолайсыз болмыстарда шығынды өтеуде қолданылатын, сонымен бірге азаматтарға олардың өміріндегі оқиғалар болғанда көмек көрсету үшін қажет.

1.2. Сақтандырудың аткаратын қызметтері
Сақтандыру экономикалық категория ретінде қаржыға тән
қызметтері атқарады.Сақтандырудың қызметі мен экономикалық категория ретінде мазмұны бір - бірімен тығыз байланысты. Сақтандырудың келесі кызметтерін атап көрсетуге болады.
Белу қызметі: Сақтандырудың бұл қызметінің өзгешілігі қайта бөлу ретінде көрінуі. Ол алдын алу қызметіне, мысалы, алдын алу шараларын қаржыландыру жолымен сақтық жағдайдың болу мүмкіндігін жоюға бүгіледі. Жеке басты сақтаңдыруда бөлу қызметі сақтаңдырудың тиісті түрлерінің жинақтық қызметіне бүгіледі.
Бақынау қызметі тараптардың сақтық телемдерін жұмындыруды сақтық қорды мақсатты пайдалануды қамтамасыз етуге байланысты болатын нақты қатынастарда көрінеді.
Соңғы уақытта бірқатар зерттеушілер сақтандырудың экономикалық категориясын сипаттау үшін тәуекелдік қызметті қарауды ұсынады, өйткені сақтық тәуекел сақтандырудың негізгі арналымымен - қолайсыз оқиғалардан болған зиянның орнын толтырумен байланысты.
Сақтық келісім шарттарын жасауға және сақтық операциялардың нәтижелігіне жетуге ынталы тараптардың өзара іс қимылы сақтандыру нарығында жүргізіледі.
Сақтандыру нарығы ақша қатынастарының сферасы онда сату сатып алудың объектісі ерекше тауар - сақтық қызмет болып табылады және оған деген ұсыным мен сұраным қалыптасады. Нарықтық экономикаға көшуге байланысты Қазақстан Республикасындағы сақтық қызметтің монополиясы өзгерді, сақтандыру кеңістігі едеуір кеңейді, сақтық қызметтердің кең спектерін ұсынатын мемлекеттік немесе акционерлік сақтандыру компаниялары пайда болды.
Елімізде сақтандыруды дамытудың негізі мақсаты мемлекеттердің, азаматтарды және шаруашылық субъектілерінің мүддесін қорғаудың нақты құралы бола алатын толық канды орнықты жұмыс істейтін ұлттьгқ сақтандыру нарығын қалыптастыру.
Қазіргі замаңғы ұлттық сақтандыру жүйесін құру сақтық қызмет нарығы сапалы жаңа деңгейге көтеру жөнінде шаралар әзірлеуде және кезеңімен іске асыруды талап етеді.
Бұл қағида Қазақстан Республикасында сақтандырудың дамытудың 2002-2004 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының шеңберінде жүргізіледі. Онда мынандай міндеттері шешуді көзделді:
- сақтандыруды қолдану аясын кеңейту және міңдетті
сақтандыру түрлерін нақтылау;
- сақтандыру нарығының қазіргі заманғы инфрақұрылымын қалыптастыру және оның қатысушыларының - сақтаңдыру (қайта сақтандыру) ұйымы, сақтандыру брокері, сақтық агент, сақтанушы, сақтандырушы, пайда алушы, актерий, уәкілетті аудиторлық ұйым, өзара сақтандыру қоғамы, сақтандырумен байланысты кәсіпкерлік жұмысты жүзеге асыратын езге де занды және жеке тұлғалардың қызметін ұйымдастыру үшін жағдай жасау;
- халықаралық стандартты ескере отырып, сақтық қадағалаудың жүйесін ұйымдастыру;
- сақтандыру және қайта сақтандыру ұйымдарының қаржылық орталығымен төлеу қабілеті бойынша талаптарды күшейту;
- осы замаңғы сақтандыру технологиясын енгізуге жәрдемдесу;
Сақтандыру саласында кадрлар даярдау, қайта даярлау және біліктігін арттыру жүйесін ұйымдастыру.
Осы тұрғыдан алғанда, ұлттық сақтандыру жүйесін дұрыс ұйымдастыруда және сақтандырудың әлеуметтік маңызды түрлерін жедел дамытуда мол резерв жасалған.
Қазіргі замаңғы сақтаңдыру индустриясын құру мемлекетке: мемлекеттік бюджеттің табиғи техногендік сипаттағы көлденең шығыстардьі өтеу белгісіндегі салмақты азайтуға; нарықтық экономикадағы кағидаттарында сақтандыру ақылы, халықтың, жеке ұйымдастырудың жинақ ақшасын ұзақ мерзімді негізде ұлттық экономикаға тарту мүмкін береді.
Азаматтардың ақшасымен операцияларды жүзеге асыратын банктер мен жинақтаушы зейнетақы корларының қызметі сияқты , сақтандыру ұйымдарының қызметі де белгілі бір мөлшерде халықтың сақтандыру институтына деген сенімінің деңгейіне байланысты.
Сақтандыру экономикалық қатынастардың жүйесі ретінде сақтандыру жауапкершілігінің әртүрлі объектілері мен субъектелерін, қызметті ұйымдастырудың әртүрлі формаларын қамтиды.
Экономикалық қатынастардың әртүрлілігін ретке келтіру және бірыңғай өзара байланысты жүйе құру үшін сақтандыру жіктеу қажет.
Сақтандыру жүйесі республиканың экономикасының түрақты және сенімді түрде дамуына септігін тигізуі керек, халықтың әлеуметтік қорғауын көтеру үшін, азаматтардың мүліктерін және шаруашылық субъектілерді сақтандыруға толықтыруын негізді орнату керек.
Сақтандырудың дамуы, оз кезегінде заң қорларының жетілуіне байланысты болады, мемлекеттің ақша- несиелік саясаты мен салыктық-бюджеттік тиімділігіне, сақтандыру қызметін қадағалау сапасы мен сақтандыру ұйымының қызметінің сенімділігіне байланысты болады.
Кез келген салада кәсіпкерлік кызмет өмір мен мүліктің жоғалу тәуекеліне ықпалды, олардың уақыты мен масштабын анықтау мүмкін емес, Кездейсоқтық емес, кәсіпкерлік табысының шығу тегі капиталды салудың тәуекеліне берілген төлемі болын табылады. Экономикалық қатынастардың жүйесі саймандар қатарын өңдеді, олар тәуекелді тиімді басқаруға жол береді, кәсіпкер үшін қауіпсіз орынды таңдай отырып.
Сақтандыру қаржы рыногнің элементтерінің бірі болып табылып экономикалық категориялар арасынан ерекше орынға ие болады. Сақтандырудың айырмашылықты ерекшелігі болып каржы қаражаттары мағыналарының шоғырлануы болып табынады. Дүниеде
сақтандыру капиталы банктен түсіп ғана қоймай, одан озып кетеді:
АҚШ, Финляндия, Швейцария, Жапония және басқа да мемлекеттер қатарында сақтандыру қорлары бұл мемлекеттердің Жалпы ұлттық
өнімінен 3-4 мәрте алып түседі. Сақтандыру компаниялары АҚШ долларымен 4 триллион сомасы көлемінде экономикаға салынған қаражаттан жалпы көлемдерін басқарып отырады. Көріп отырғанымыздай;, онда сақтандыру өзінің спецификасы мен орындалатын функциясының күшімен қоғамда экономиканың стратегиялық секторы болып табылады. Қазақстан Республикасында сақтандыру резервтері ішкі вальдық өкілінің 0,2% құрайды, жүз сақтандыру қаржыларын инвестициондық процесске әрекеттенуіне жол бермейді.
Сақтандыру әлеуметтік қолсыздандыру мәселелерін сәтті шешуге жол береді, мемлекеттің әлеуметтік жүйесінің қажетті элементі болып табылады.

Дамыған елдерде халықты әлеуметтік қорғау жүйесі өзіне мемлекеттік әлеуметтік қамсыздануды, нормативтікті, жеке сақтандыруды, мемлекеттік емес зейнеткерлік қамсыздандыруды өзіне қосады. Қазақстанда бұл жүйені нақтырақ және реттеу қажет.
Осыдан басқа сақтандыру аса қажетті кызметті орындайды -бюджеттік шығын бөлігінің жүгін төмендету, өйткені табиғи және техногенді болмыстар кезінде шығындар тығынын қалады.
Өтпелі экономика жағдайындағы сақтандыру институтының ерекше маңызды факторлар қатарымен анықталады.
Біріншіден, сақтандыру халық пен ұйымның әр түрлі қызығушынығын қорғауға жол береді, мемлекет жағы қарастырынған шара көлемі мен мінезге қарамастан. Табиғи және техногенді болмыстардың әрекетін жою шығыны мемлекеттік бюджетке тиелген, олардың мүмкіндіктері шектелген.
Екіншіден, қазіргі жағдайда сақтандыру механизмін қолдану еліміздегі кәсіпкерлік кызметтінің жедел дамуын, Қазақстан экономикасының негізгі салалық ерешеліктерін қоса алғанда қолданылатын технологияның өндірісінің кейінгі жетіле түсуін, оның климаты мен географиялық орналасуын және экономиканың деңгейінің дамуын қамтамасыз етеді.
Осылайша, қазіргі сақтандыру индустриясын құру мемлекетке:
1) күтілмеген табиғи- техногенді жағдайларды өтеу бәлігіндегі мемлекеттік бюджеттің жүгін азайтуға;
2) сақтандыру арқылы жеке әлеуметтік қамту мәселелерін шешуге;
3) халық пен ұйымның жинағын ұзақ мерзімді негізде ұлттық экономикаға тартуға мүмкіндік береді.
Сақтандыру экономикалың қатынастардың жүйесі ретінде сақтандыру жауапкершілігінің әртүрлі объектілері мен субъектелерін, қызметті ұйымдастырудың әртүрлі үлгілерін қамтиды. Экономикалық қатынастардың әртүрлілігін ретке келтіру және бірыңғай өзара байланысты жүйе құру үшін сақтандыруды жіктеу қажет.

II. Сақтандырудың түрлері және олардың жіктелуі
2.1. Сақтандырудың түрлері
Сақтандыру көп қырлы ол әр түрлі категориядағы сақтаушылар мен сақтандыру объектілері қамтиды.
Сақтандыру шарттары сақтандыру жауапкершілігінің көлемімен ерекшеледі: ол заң күшімен міндетті және ерікті түрде жүрзілуі мүмкін. Сақтаңдыру қатынастарын ретке келтіру сақтандыруды жіктеуді қажет етеді.
Жіктеу дегеніміз өзара байланысты звенолардың бағынышты жүйеге жинақталуы. Қазіргі Қазақстан Республикасының Сақтандыру қызметі туралы Заңының 6 бабына сәйкес сақтандыру салаларға кластарға түрлерге жіктеледі. Сақтандырудың жіктелуі мынандай екі белгілі байланысты: сақтандыру объектілеріндегі өзгешелік және сақтандыру жауапкершілігіндегі өзгешелік. Осыған байланысты сақтандыру объектілер және қауіп қатердің түрлері бойынша жіктеледі.
Сақтандыру ұйымының сақтандыру қызметі өмірді сақтандыру саласы және Жалпы сақтандыру саласы бойынша жүзеге асырынады.
Аталған сақтандыру саласының біріншісі заңмен қорғалатын игіліктердің арасындағы ең жоғарғы құндылық болып табылатын азаматтар өміріне қатысы болып келеді. Өмірді сақтандыру саласы бірқатар болмай қоймайтын объективтік сипаты бар өмірлік жағдайларға сақтандырылған (пайда алушы) тұлғаға ақыны төлеуін қарастырады.
Бұл тұлғаның қартайған шағында мүліктік мүдделеін кешенді қамтамасыз етуге, адамды жерлеуте шығындарды өтеуге мүмкіншіліктер береді. Осы себептен өмірді сақтандыру өмірді азаматтық кұкықтық тәсілдермен қорғаудың бір жолы болып келетінін айтуға болады.
Ерікті нысанда сақтандыру өмірді сақтандыру санасына өз кезегінде кластарды енгізеді. Ерікті өмірді сақтандыруға екі класс қарастырылған, олар:
1) өмірді сақтандыру;
2) аннуитетті сақтандыру.

Өмірді сақтандыру - сақтандыру мерзімі біткенге дейін немесе сақтандыру шартында белгіленген жасқа дейін өмір сүрген жағдайда сақтандыру төлемін жүзеге асыруды көздейтін жеке сақтандыру түрлерінің жиынтығы болып табылады.
Аннуитеттік сақтандыру - сақтандырылушы белгілі бір жасқа жеткен, еңбек ету қабілетін (жасына байланысты, мүгедектігіне байланысты, науқастығына байланысты) жоғалтқан, асыраушысы қайтыс болған, жұмыссыз қалған жағдайларда немесе сақтандырылушының жеке табыстарының келуіне немесе одан айырылуына әкеліп соққан өзге де жағдайларда сақтандыру төлемдерін жүзеге асыру көзделетін жеке сақтандыру түрлерінің жиынтығы болып табылады.
Жалпы сақтаңдыру белгілі бір сақтандыру жағдайларының келіп түсуінде заңды және жеке тұлғалардың аймақтық бұзылған құқықтары мен қызығушылықтарының орын төлеуді қамтамасыз етуде дәстүрлі жолда болып келеді. Қазіргі кезде жалпы сақтандыруды кластарға бөлу кеңейтілген тізімді қамтиды, оған шолу жасасақ қазіргі кезеңде азаматтық - құқықтық қатынастар субъектілерінің құқықтарын қамтамасыз етуде сақтандырудың мәні бұрыңғыға қарағанда салыстарымсыз жоғары болып келеді деген пікірде орнығуымыз мүмкін.
Жалпы сақтандыру саласы ерікті сақтандыру нысанында мынандай сыныптарды қамтиды:
1) жазатайым жағдайдан және аурудан сақтандыру;
2) медициналық сақтаңдыру;
3) автомобиль көлігін сақтандыру;
4) темір жол көлігін сақтандыру;
5) әуе көлігін сақтандыру;
6) су көлігін сақтандыру;
7) жүктерді сақтандыру;
8) көлік пен жүктерді сақтандыру қоспағанда, мүлікті сақтандыру;
9) кәсіпкерлік тәуекелді сақтандыру;
10) автомобиль көлігі иелерінің азаматтық - кұқықтық жауапкершілігін сақтандыру;
11) темір жол көлігі иелерінің азаматтық - құқықтық жауапкершілігін сақтандыру;
12) әуе көлігі иелерінің азаматтық - құқықтық жауапкершілігін сақтандыру;
13) су көлігі иелерінің азаматтық - құқықтық
жауапкершілігін сақтаңдыру;
14) тасымалдаушының азаматтық - құқықтық жауапкершілігін сақтандыру;
15) шарт бойынша азаматтық - құкықтық жауапкершілігін сақтандыру;
16) зиян келтіргені үшін азаматтық - құқықтық жауапкершілігін сақтандыру.
Ерікті сақтандыру нысаныңдағы әрбір кластың мазмұны және оны жүргізу жағдайлары бойынша қосымша кластар өкілетті мемлекеттік органның нормативтік құқықтық актілерімен белгіленеді. Сонымен, сақтандырудағы әрбір класқа байланысты заңнама занды нормативтік актілері бойынша арнайы реттеуді қарастыруы қажет.
Осыған байланысты, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Сақтандыру менеджерінің ақпараттық жүйесін тұрғызуды жобалау
Сақтандыру компанияның ақпараттық жүйесін құру мүмкіндігі
Автокөлікті сақтандырудың ақпараттық жүйесін тұрғызу
Компания мен сақтандыру өнімін таңдау кезінде клиенттердің әртүрлі топтарының уәждемесі
Сақтандыру компаниясының қолданатын ақпараттар технологиясы
Автокөлікті сақтандырудың ақпараттық жүйесін тұрғызу және автокөлікті сақтандыру
Қазақстанда жеке мүлікті сақтандырудың қазіргі жағдайы
Сақтандыру қызметіндегі ақпараттық технологиялар
Автокөлікті сақтандырудың ақпараттық жүйесі
Өмірді сақтандыру нарығы
Пәндер