Инвестиция туралы ақпарат



КІРІСПЕ
I. Инвестицияның мәні , қызметі
1.1. Инвестицияның мәні , қызметі
1.2. Экономиканы мемлекеттік реттеудегі негізгі инвестициялық бағыттар.
II. Мемлекеттің инвестициялық тартымдылығын қамтамасыз ету жолдары.
2.1. Қ. Р.ң инвестициялық қызметін жүзеге
асыруы мен оның маңызды мәселелері.
2.2. Еліміздегі шетел инвесторлрының рөлі және оның қызметтері.
2.3. Қазақстан Республикасындағы инвестициялық саясатты жүзеге асыруды жетілдіру бағыттары
ҚОРЫТЫНДЫ
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
Күрделі қаржы (инвестиция) – жаңа құрылысқа, жабдықтауға, жұмыс жасап тұрған кәсіпорынды ұлғайтумен техникалық қайта жабдықтауға, тұрғын-үй , мәдени тұрмыстық құрылысқа кеткен шығындар.
«Инвестиция» немістің «invesition» деген сөзі және бұл кәсіпорынға (фирма) пайда табу мақсатында ұзақ мерзімге салынған капитал мөлшерін көрсетеді. Инвестиция қайнар көзіне өнеркәсіп кәсіпорынының көптеген пайдасы, ірі банктердің еркін ақшалай қоры, тұрғындардың жинаған ақшалары, мемлекеттің ақшалай қаржылары, яғни мемлекеттің табыстары (салық, кеден салығы және т.б.) жатады. Одан барлық шығындарын алып тасталынады. Олар инвестиция ретінде жаңа кәсіпорынды салуға, жол құрылысына , денсаулық сақтау, оқу ағарту, мәдени объектілеріне жұмсалады.
Инвестиция көзі болып жаңадан қалыптасқан (құрылған) құн немесе таза табысының жинақтаған бөлігі саналады.
Инвестиция маңызы – экономиканың тұрақты және жоғары қарқынының қалыптастыруда, ғылыми-техникалық прогрестің жетістіктерін енгізуде, инфрақұрылымды дамытуда бөлінеді. Инвестицияны дамытуда кәсіпорынды қаржыландыратын және ұзақ мерзімге немесе беретін мамандандырылған инвестициялық банктер мен акционерлік қоғамның акцияларынан құралған инвестициялық қорлар ерекше роль атқарады. Қазақстан Республикасының заңдары экономиканың барлық саласын инвестициялық тұрғысынан қолдауға бағытталған. Инвестициялар нақты инвестициялар және қаржы инвестициялары болып бөлінеді.
Нақты инвестициялар – капиталдың өнеркәсіпке, ауыл шаруашылығына, құрылысқа және т.б. жұмсалымы.
Қаржы инвестициялары – мемлекеттен, басқа да кәсіпорындардан, инвестициялық қорлардан бағалы қағаздар акцияларды сатып алуға бағытталған.
Бірінші жағдайда, инвестор, өзінің өндірістік капиталының көлемін — өндірістік негізгі қорлар мен айналым қорларын ұлғайтады. Екінші жағдайда инвестор бағалы қағаздардан дивиденд алу арқылы өзінің қаржы капиталын ұлғайтады.
Сонымен қатар, инвестициялар тікелей және жанама болып бөлінеді. Тікелей инвестициялар – республиканың тәуелсіздік кепілдігіне байланысты және арнайы техникалық көмек грантқа арналған инвестициялардан басқа барлық инвестиция түрлері.
1. Назарбаев Н.Ә. «Қазақстан – 2030» атты жолдауы, 1997 ж.
2. Алибекова К.Ж. ҚР инвестициялық саясаты – экономикалық өсудің негізі // ҚазЭУ хабаршысы – 2007, №3-50-55б.
3. Байшоланова Қ.С. Қазақстан экономикасындағы инвестициялық саясат барысы. // ҚазҰУ хабаршысы, №2, 2008ж.
4. Жеңісбек А. Әлемдік қаржылық дағдарыс жағдайында инвестициялық саясатты жетілдіру бағыттары. Қарағанды: Болашақ-Баспа, 2009.Т2-84-87б.
5. Ахтанов Ш.К., Қасымова Н.Ш., Ахтанова Н.Ш. ҚР шетел тәжірибесі не-гізінде инвестициялық саясатты жетілдіру жолдары // Наука и ее роль в современном мире: материалы международного научно-практический конференций. 29 январь 2010 г. Қарағанды: Болашақ-Баспа, 2010-5т.101-106б.
6. Түзубекова М.Қ. ҚР инвестициялық үдерісті жетілдіру (Қарағанды облысы мысалында). Астана, 2008. Кандидаттық диссертация, Қазақ гуманитарлық-заң университеті.
7. Жұмашова М. Инвестициялық саясат талқыланды. // Нұр-Астана, 11 қараша 2010 жыл.(№44)-2б.

Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 25 бет
Таңдаулыға:   
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
АҚ ҚАРЖЫ АКАДЕМИЯСЫ

РЕФЕРАТ
Тақырыбы: Инвестиция

Орындаған : Қабыкен А.Ж.
Группа: ФСЗК - 21
Тексерген: Дәулетхановна Ж.Д

Астана қ.
2016 жыл
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ
3
I. Инвестицияның мәні , қызметі
5
1.1. Инвестицияның мәні , қызметі
5
1.2. Экономиканы мемлекеттік реттеудегі негізгі инвестициялық бағыттар.
8
II. Мемлекеттің инвестициялық тартымдылығын қамтамасыз ету жолдары.
11
2.1. Қ. Р - ң инвестициялық қызметін жүзеге
асыруы мен оның маңызды мәселелері.
11
2.2. Еліміздегі шетел инвесторлрының рөлі және оның қызметтері.
13
2.3. Қазақстан Республикасындағы инвестициялық саясатты жүзеге асыруды жетілдіру бағыттары
15
ҚОРЫТЫНДЫ
23
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
25

КІРІСПЕ
Күрделі қаржы (инвестиция) - жаңа құрылысқа, жабдықтауға, жұмыс жасап тұрған кәсіпорынды ұлғайтумен техникалық қайта жабдықтауға, тұрғын-үй , мәдени тұрмыстық құрылысқа кеткен шығындар.
Инвестиция немістің invesition деген сөзі және бұл кәсіпорынға (фирма) пайда табу мақсатында ұзақ мерзімге салынған капитал мөлшерін көрсетеді. Инвестиция қайнар көзіне өнеркәсіп кәсіпорынының көптеген пайдасы, ірі банктердің еркін ақшалай қоры, тұрғындардың жинаған ақшалары, мемлекеттің ақшалай қаржылары, яғни мемлекеттің табыстары (салық, кеден салығы және т.б.) жатады. Одан барлық шығындарын алып тасталынады. Олар инвестиция ретінде жаңа кәсіпорынды салуға, жол құрылысына , денсаулық сақтау, оқу ағарту, мәдени объектілеріне жұмсалады.
Инвестиция көзі болып жаңадан қалыптасқан (құрылған) құн немесе таза табысының жинақтаған бөлігі саналады.
Инвестиция маңызы - экономиканың тұрақты және жоғары қарқынының қалыптастыруда, ғылыми-техникалық прогрестің жетістіктерін енгізуде, инфрақұрылымды дамытуда бөлінеді. Инвестицияны дамытуда кәсіпорынды қаржыландыратын және ұзақ мерзімге немесе беретін мамандандырылған инвестициялық банктер мен акционерлік қоғамның акцияларынан құралған инвестициялық қорлар ерекше роль атқарады. Қазақстан Республикасының заңдары экономиканың барлық саласын инвестициялық тұрғысынан қолдауға бағытталған. Инвестициялар нақты инвестициялар және қаржы инвестициялары болып бөлінеді.
Нақты инвестициялар - капиталдың өнеркәсіпке, ауыл шаруашылығына, құрылысқа және т.б. жұмсалымы.
Қаржы инвестициялары - мемлекеттен, басқа да кәсіпорындардан, инвестициялық қорлардан бағалы қағаздар акцияларды сатып алуға бағытталған.
Бірінші жағдайда, инвестор, өзінің өндірістік капиталының көлемін -- өндірістік негізгі қорлар мен айналым қорларын ұлғайтады. Екінші жағдайда инвестор бағалы қағаздардан дивиденд алу арқылы өзінің қаржы капиталын ұлғайтады.
Сонымен қатар, инвестициялар тікелей және жанама болып бөлінеді. Тікелей инвестициялар - республиканың тәуелсіздік кепілдігіне байланысты және арнайы техникалық көмек грантқа арналған инвестициялардан басқа барлық инвестиция түрлері.
Жанама инвестициялар - қоржындағы инвестициялар, басқаша айтқанда құнды қағаздар мен мүліктік бағалы заттар.
Коммерциялық тәжірибеде мұндай инвестициялардың түрлері:
-- табиғи активтерге инвестициялар;
-- ақша активтеріне инвестициялар;
-- материалдық емес активтерге инвестициялар.
Нақты активтерге байланысты инвестициялар мынадай топтарға бөлінеді:
-- Тиімділікті арттыруға бағытталған инвестициялар. Олардың негізгі мақсаты жабдықтарды ауыстыру, персоналды оқыту және өндіріс қуаттар өндірісін тиімді жағдайы бар аймақтарға қарай ауыстыру арқылы фирманың шығындарын азайтуға жағдай жасау.
Өндірісті кеңейтуге бағытталған инвестициялар. Негізгі мақсат -- өндіріс орындарының нарыққа тауар шығару қабілеттілігін кеңейту.
Елбасымыз Н.А.Назарбаев "Қазақстан-2030" стратегиялық бағдарлама-сында ұзақ мерзімді дамуымыздың жеті басымдығын көрсетіп берді. Осы басымдықтардың бірі инвестициялық ахуалды жақсарту болатын. Елдің экономикалық өсуін тұрақты дамыту үшін алдымен инвестициялық белсенділікті арттыру қажеттігін Президентіміз атап өтті. Еліміздің экономикасын өрістететін халықтың тұрмыс деңгейі мен әл-ауқатын арттыру үшін тартымды инвестициялық ахуал қалыптастыру басты міндет болды.
Бүгiнгi таңда Қазақстан Республикасы экономикасының дамуы негiзiнен инвестицияның көп мөлшерде тартылуына тiкелей байланысты. Өйткенi елiмiз өндiрiсiнiң жалпы деңгейi мен оның даму болашағының деңгейi қазiргi өндiрiс ауқымынан 10 есеге артық болып табылады. Бұл шамаға жету үшiн шетелдiк инвестицияларды тартумен қатар, отандық инвестицияның да үлесiнiң артуын басты орынға қойып, ұлттық инвесторлардың, яғни корпорациялардың инвестициялық саясатын өндiрiстiң өнеркәсiп және өңдеушi саласына тартуына ынталандыруымыз керек. Дамудың қазіргі кезеңінде Қазақстан Республикасының инвестициялық саясатының мақсаты - бәсекеге қабілетті, жоғары технологиялық, ғылым тұтынушылық өндірістердің дамуына приоритетті тәртіппен бағытталатын ішкі және сыртқы инвестициялар ағымының жоғары деңгейіне жету болып табылады.

I. Инвестицияның мәні , қызметі
1.1. Инвестицияның мәні , қызметі
Инвестициялар деп - өнеркәсіпке, құрылысқа, ауыл шаруашылығына және өндірістің басқа да салаларындағы шаруашылық субъектісіне мүліктей, заттай сондай-ақ ақша қаражаты түрінде , яғни капитал түрінде салынып ол шаруашылықты әрі қарай өркендетіп дамыту үшін жұмсалынатын шығындардың жиынтығын айтады.
Инвестиция дегеніміз- бүгінгі күні қолда бар ақшаны, мүлікті және басқа да заттарды , яғни капиталды қандай да бір өндірісті дамыту үшін жұмсап, сол арқылы клешекте , яғни алдағы уақытта пайыз түрінде немесе басқадай үлкен кәсіпкерлік табыс табу болып табылады.
Бұл процеспен екі фактор байланысты болып келеді. Оның біріншісі - уақыт, ал екіншісі - тәуекелдік . Сонымен қатар инвестиция экономикалық өсудің негізі бола отырып , елдің әлеуметтік дамуына жағдай жасайды. Осы айтылғандармен қатар инвестиция экономикалық дамудың жоғарғы және тұрақты қарқынын қалыптастырудың , ғылыми- техникалық прогресс жетістіктерін өсірудің , инфрақұрылымды дамытудың маңызды факторы болып саналады.
Нақтылық инвестиция дегеніміз - шаруашылық субъектісіндегі белгілі бір материалдық, өндірістік қорлардың, яғни активтердің (жер, жабдық , құрылыс) өсуіне , дамуы жұмсалану үшін салынатын салымдар болып табылады.
Қаржылық инвестиция дегеніміз - акционерлік қоғамдар немесе мемлекет шығарған акцияларға , облигациялар және басқадай құнды қағаздарға банктердің депозиттерін салынған салымдар болып табылады.
Қаржылық инвестициялар иелену мерзіміне қарай мынадай категорияларға жіктеледі:
а) қысқа мерзімдік иелену- иелену мерзімі бір жылға дейін;
ә) ұзақ мерзімдік - иелену мерзімі бір жылдан артық;
Инвестор - қор нарығында құнды қағаздарды сатып алушылар болып табылады.
Ұлттық инвестор дегеніміз- Қазақстан Республикасында инвестицияны жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының Заңды тұлғасы.
Инвестиция дегеніміз - табыс табу және капиталды ұлғайту мақсатымен өндірістік және басқа да қызметтерге қаржы жұмсау болып табылады , яғни қаржы үнемі жұмыс істеуге басқаша айтқанда, қандай да бір табыс түсетін жұмысқа немесе іске жұмсалынуы тиіс. Инвестор өз алдына дербес екі топқа бөлінеді:
- жеке инвесторлар (жеке адамдар).
- инстиуттандырылған инвесторлар (банктер , инвестициялық қорлар , зейнетақы қорлары , тағы басқалары).
Инвестициялық саясат дегеніміз - халық шаруашылығының әр түрлі салаларында пайда табу мақсатымен ұзақ мерзімді капитал жұмсау саясаты. Күрделі қаржыны тиімді пайдаланудың , оларды шешуші бағыттарға шоғырландырудың , қоғамдық өндірісте тепе- теңдікті қамтамасыз етудің жолдарын көрсететін шаруашылық шешімдерінің жиынтығы. Егер инвестициялық саясат дұрыс шешілсе, әрбір шығындалған теңгеге келетін ұлттық табыстың мөлшері өседі, өнім молаяды. Инвестициялық саясат күрделі қаржыны, қорларды өндіретін , өндейтін және ол өнімдерді пайдаланатын салалар арасында дұрыс пайдалануды қамтамасыз етуі керек. Қазіргі кезде күрделі қаржыны жаңа өндіріс орындарын тұрғызудан гөрі оларды техникалық жағынан қайта жарақтандыруға, қайта құруға бағытталып, одан әрі өндіріске жұмсалған күрделі қаржының ара салмағын өсіре беру көзделіп отыр. Нарықты экономикаға көшу кезінде инвестициялық саясат сұранысты қанағаттандыруға бағытталуға тиіс.
Тікелей инвестиция дегеніміз- капиталды экспорттаушының қабылдаушы ел территориясында өндірісті ұйымдастыруын айтады. Тікелей инвестициялар арқылы халықаралық корпорациялар дүниежүзілік нарықта өз бөліктерін жүргізеді.
Ал , капитал дегеніміз - тауар өндірісінің жұмыс күші тауарға айнала бастаған кезінде пайда болады. Капиталдың алғашқы қорлануы процесінде тікелей өндірушілер өндіріс құрал- жабдықтары капиталистік кәсіпкерлердің қолына жинақтала бачстады. Өндіріс құрал жабдығынан айырылған жұмысшы өз жұмыс күшін капиталистерге сатуға мәжбүр болды. Бұл процесс тауар өндірісінің капиталистік өндіріске айналуын көрсетеді.
Капиталды әлем елдерінде пайдаланудың негізгісі мыналар :
1. Инвестициялаушы елдегі капиталдың мол қорлануы;
2. Дүниежүзілік шаруашылықтың әр түрлі бөліктеріндегі капиталға сұраныс пен ұсыныс арасындағы тепе-теңдіктің бұзылуы;
3. Жергілікті рынокты монополизациялау мүмкіндігі;
4. Капитал экспортталатын елде арзан шикізат пен жұмысшы күшінің болуы;
5. Саяси тұрақтылықтың және қолайлы инвестициялық ахуал;
Капиталды шетке шығару мына нысандарда жүргізіледі:
- өнеркәсіп, сауда т.б. кәсіпорындарына тікелей инвестициялар ;
- портфельдік инвестициялар (шетелдік облигацияларды, акцияларды және басқа да құды қағаздарға алу үшін);
Ішкі инвестициялық ресурстар өте тапшы бүгінгі экономикалық жағдайда экономиканы тұрақтандыруға , реформаларды тереңдету және құрылымдық өзгерістерді жүзеге асыру шетел капиталын тартпайынша мүмкін емес.
Шетел инвесторы - шетелдік заңды тұлғалар, шетел азаматтары , шетел мемлекеттері , халықаралық ұйымдар , шетелде тұрақты тұрғылықты мекені бар Қазақстан Республикасының азаматтары , егер олар шаруашылық қызметін жүргізу үшін азаматтығын алған немесе тұрақты тұрғылықты мекені бар елде тіркелген жағдайда.
Шетелдік инвестиция дегеніміз-қабылдаушы елдегі компанияның қызметін бақылап, басқарып отыру үшін капиталдың мақсатты түрде ауысуы болып келеді. Шетелдік инвестициялардың елдер мен өнеркәсіп салалары арасында бөлінуі кәңіргі халықаралық экономиканың құрамына айтарлықтай әсер етеді.
Шетелдік инвестицияларын тарту саясаты 1991 жылдан басталып, оң нәтижелер беруде. Шетел капиталын басқаратын Қазақстан эксимбанкі, сырттан қарыз алу жөніндегі комитет және инвестициялар жөніндегі комитет тәрізді органдар құрылды. Сөйтіп Қазақстанда шетел капиталы үшін қолайлы ахуал ққалыптасты.
Шетел инвестицияларын тартудың басты бағыттарына тіршілікті қамтамасыз ету салалары мен экспорт бағдарындағы өндірістер - мұнай-газ және мұнай - химия салалары , электр энергетикасы , металлургия , коммуникация және де Қазақстан дәнді дақылдапр , жүн , мақта т.б. ірі өндіруші болу себепті, ароөнеркәсіп кешені жатады. Мұнай-газ саласында күш-қуат мұнай мен газ өндіріп , экспорттқа шығаруды арттыруға сыртқы мұнай құбырлары мен ішкі газ құбырларын салуға жұмсалады.

1.2 Экономиканы мемлекеттік реттеудегі негізгі инвестициялық бағыттар.

Республиканың әлеуметтік - экономикалық дамуын басқарудың түпкілікті жаңа жүйесіне көшу осы процестің басты мәселелерін анықтауға себепші болады. Олардың бірі болып инвестициялық қамсыздандыру мәселесі табылады. Көшудің алғашқы кезеңінде заң шығаратын негіздер мен ұйымдық құрлымдарды құру, сондай-ақ, республиканың қаржылық ресурстарын пайдалану мен шетел инвестицияларын тарту жөніндегі өзіндік саясатты құру қажет болды.
Қазақстандағы мемлекеттік инвестициялар жүйесін оңтайландыру мақсатымен инвестицияларды басқарудың заң шығаратын негізі мен органдары құрылды. Осы мәселе бойынша шаралардың біртұтас кешені қабылдануда. Соның ішінде, "Шетел инвестициялары туралы "Заң (1991ж.);
"Инвестициялық жекешелендіру қорлары жөніндегі Ереже" (1993ж.) ;"Қазақстан Республикасының шетел инвестициялары бойынша ұлттық агенттігін құру туралы " ҚР Президентінің Жарлығы (маусым 1992ж.); "Инвестициялар бойынша ҚР Мемлекеттік комитетін құру жөніндегі " ҚР Президентінің Жарлығы (қараша 1996ж.); " Қазақстан Республикасындағы инвестициялық қорлар туралы "ҚР-ның Заңы (наурыз 1997ж.) және жекеленген жылдарға арналған инвестициялық бағдарламалар қабылданды.
Бұл құжаттар елдегі инвестициялық процесті басқарудың негізін қалады; жұмыс орындарын құру, инфрақұрылымды дамыту , елдің өнеркәсіптік және техникалық потенциалын дамытудың өсу қарқыны мен әртараптандыру саласында мемлекеттік инвестициялық саясатты жүзеге асыру мен көптеген экономикалық мәселелерді шешудегі органдардың дұрыс жүйесін , олардың функциялары мен міндеттерін анықтады.
2000 жылға дейінгі кезеңнің индикативті жоспарының жорамалы бойынша отандық пен шетел инвесторларының жеке капиталын салудың басым бағыттарына төмендегілерді жатқызу мақсатқа сай болады: жеңіл өнеркәсіптің , агроөнеркәсіптік кешеннің өңдеуші салаларының , машина жасаудың , құрылыс материалдары өнеркәсібі мен мұнай , химия өнеркәсібінің жаңа кәсіпорындарын салу мен реформалар жүргізу.
Орталықтандырылған капитал салымдары есебінен әлеуметтік сала объектілерінің құрылысын мақсатты республикалық бағдарламалар шеңберінде жүзеге асыру қарастырылады.

Мемлекеттік инвестицияларды басқару 4 жеке кезеңде жүзеге асырылуы қажет:
1. Жоспарлау;
2. Бағдарламалау;
3. Бюджетті дайындау;
4. Орындау;
Жоспарлау кезеңінде әлеуметтік - экономикалық дамудың орта мерзімді бағдарламасы мен оны макроэкономикалық деңгейде, сондай-ақ ,әрбір секторға қатысты алғанда да жүзеге асырудың стратегиясын құру мәселесі шешіледі. Бұл кзеңде инвестицияларды жүзеге асыру бойынша ұсыныстарды тандау мен алдын ала бағалауға басты назар аударылады. Бұл үшін салалық министрліктер жобаларды қаржылық- экономикалық бағалаудың жалпы қабылданған әдістемесі негізінде ұсынылатын жобалардың сипаттамасы мен бағалануы болуы қажет, жуықтағы бірнеше жылға арналған инвестициялар бойынша ұсыныстарды дайындауы керек.
Бағдарламалау кезеңіндегі басты мақсат- жоспарда бекітілген мақсаттарды қызметтің мемлекеттік бағдарламаларына өзгерту. Мемлекеттік инвестициялар бағдарламасына (МИБ) инвестициялар бойынша ұсыныстарды ұзарту бюджеттік процеске арналатын таңданудың сол бәсекелестік қағидаларына негізделуі қажет.
Қаражат бөлу жөніндегі шешімдер мынандай факторларды ескеруі қажет:
- бюджет орындалатын , макроэкономикалық жағдай;
- инвестициялар бойынша ұсыныстардың нақты аспектілері , соның ішінде экономикалық аспектілер.
Егер инвестициялық жобаларды (кеңес беру мен сатып алуда талдау) жүзеге асыру бюджеттік мекемелерінің міндеті болып табылса, инвестициялық жобаларды қауіпке жиі қойса, әсіресе қаражатты артық жұмсауда, мәселелерден аулақ болу үшін сақтықтың қосымша шараларын қабылдау қажет.
Қазақстанға ең алдымен, мемлекеттік инвестицияларды тиісті инстиутуционалдық жүйесін құру мен жоғарыда аталған функциялардың (жоспарлау, бағдарламалау, бюджетті дайындау және оны орындау) ұйымдық пен тиімді орындалуын қамтамасыз ету қажет.
Тікелей инвестицияларды мемлекеттік қолдау.
Қазақстанда "Тікелей инвестицияларды мемлекеттік қолдау туралы" Заң (28 ақпан 1997 ж.)қабылданған. Онда инвестицияның қызметі- инвестицияларды жүзеге асыру процесімен байланысты кәсіпкерлік қызмет деп көрсетілген.
Тікелей инвестицияларды мемлекеттік қолдау ең алдымен келесілерден тұрады:
- инвестициялық қызметті қамтамасыз етудің заң шығарушы кепілдері;
- жеңілдіктер мен артықшылықтар жүйесін белгілеу (мемлекетті сол немесе басқа кәсіпорындар мен ұйымдарға олардың қызметіне қолайлы жағдайлар жасау мақсатымен жеңілдіктер мен артықшылықтар беруі).
- Қазақстан Республикасының мүддесін инвесторлар алдында көрсетуге өкілетті, бірыңғай мемлекеттік органның болуы.
Заңда тікелей инвестицияларды мемлекеттік қолдаудың мақсаттары мен міндеттері белгіленген.
Бұл қолдаудың мақсаты- экономиканың басым секторларында тауар өндірісін, жұмыс пен қызмет көрсетудің жедел дамуын қамтамасыз ету үшін қолайлы инвестициялық климат жасау болып табылады.
Мемлекеттік тікелей қолдаудың ортақ мақсатына жету үшін міндеттердің бірқатарын шешу қажет:
- жаңа технологияларды , алдыңғы қатарлы техника мен ноу- хау енгізу;
- жоғары сапалы тауарлар мен қызмет көрсетуге ішкі нарықтың қанығуы;
- отандық тауар өндірушілерді мемлекеттік қолдау мен ынталандыру ;
- экспортқа бейімделген және импортты алмастырушы өндірістерді жетілдіру;
- ҚР- ның шикізат базасын ұтымды және кешенді пайдалану;
- менеджмент пен маркетигтің қазіргі әдістерін енгізу;
- жаңа жұмыс орындарын құру;
- жергілікті кадрларды үздіксіз оқытудың, олардың мамандық деңгейін жоғарлатудың жүйесін енгізу;
- өндірісті күшейтуді қамтамасыз ету;
- қоршаған табиғи ортаны жақсарту;
Басқару процесі үшін инвестициялық жобаларды жүзеге асыруды ынталандырудың шаралар жүйесі басты мәнге ие. Соның ішінде, жеңілдіктер жүйесі : бекітілген инвесторлардың мүддесін қорғау бойынша ҚР- ның берген кепілдері, сондай-ақ , келісім шартқа отыру мен оны бұзудың шарттары мен тәртібі қарастырылған.
Тікелей инвестицияларды қолдауды жүзеге асыратын мемлекеттік орган, инвестициялар бойынша Мемлекеттік Комитет болып табылады. Ол ҚР- на тікелей инвестицияларды тарту жұмыстарын ұйымдастыру ; инвестициялық жобаларды жүзеге асыру бойынша мемлекеттік органдардың қызметін үйлестіру; барлық келістіруші және рұқсат құжаттарын алуды қамтамасыз ету; инвестициялық жобалардың іске асырылуын бақылауды жүзеге асыру сияқты функцияларды атқарады.

II. Мемлекеттің инвестициялық тартымдылығын қамтамасыз ету жолдары.
2.1. Қ. Р - ң инвестициялық қызметін жүзеге асыруы мен оның маңызды мәселелері.
Ең алдымен аса маңызды екі мәселеге ерекше көңіл бөлу керек :
біріншіден, халық шаруашылығының құрылымдық өзгерістеріне нарықтық механизм әсер ете алмайды; сондықтан бұл өзгерістерді мемлекет тарапынан реттеу қажет; екіншіден, өзгерістерді инвестициялық процестермен және шаруашылық жүргізуші субъектілердің иенвестициялық белсенділігін ынталандырумен тығыз байланыста қарастырмасақ өндірістің әлеуметтік - экономикалық тиімділігін арттыру мақсатында құрылымдық реттеу мәселесін шешу мүмкін емес. Сондай - ақ , болашақтағы ғылыми негізделген құрылымдық өзгерістердің қажеттілігі - әсіресе экономиканы басқарудың жоғарғы деңгейінде инвестициялық шешімдер қабылдауға қатысты мақсатты сипатта болады.
Экономикадағы құрылымдық өзгерістерді сипаттайтын көрсеткіштер жүйесі мен деңгейі көбінесе мемлекеттің экономикалық саясатын жүзеге асыру мен болашақтағы кезеңдерге белгіленген мақсаттарға қол жеткізу жөніндегі нақтылы макроэкономикалық шараларға байланысты. Басқаша айтқанда , жалпы мемлекеттік экономикалық саясат- макроэкономикалық ; салық және аймақтық деңгейлерде құрылымдық саясатты қалыптастыру негізгі болып табылады .
Макроэкономикалық салада оңтайландыру ісі халық шаруашылығының салалық құралымына да әсер етеді . Өйткені мұнда өзгерістерді жүзеге асырудың маңызды тетігі- макроэкономикалық жағдайға айтарлықтай әсер табылады. Республикамыздың жағдайында салалық құрылымның тиімді жағдайын анықтау - экономиканың шикізаттық бағытын жою және өнеркәсіпті дамыту мәселелерімен тығыз байланысты.
Мемлекеттің құрылымдық саясаты, ең алдымен макроэкономикалық деңгейде инвестициялық шешімдер қабылдап, жүзеге асыру арқылы, яғни құрылымдық және инвестициялық саясаттарды тығыз байланыстырғанда ғана шынайы болатындығы айтылды.
Инвестициялық саясат маңызды үш бағытта жүргізіледі:
- мемлекеттік бюджттік қорларды пайдалану арқылы;
- ішкі несие қорлары мен жеке заңды тұлғалардың өзіндік қаражаттарын тиімді қолдануды ынталандыру арқылы;
- шетелдік инвестициялар тарту мен тиімді пайдалану механизмі арқылы;
Осы бағыттар ішінен басымдысын таңдап алу және халық шаруашылығының барынша тиімді аймақтық- салалық құрылымын қолдау мақсатында олардың үйлесімін қамтамасыз ету - мемлекеттің инвестициялық саясатының негізін құрайды. Оны қалыптастыру барысында Қазақстан Республикасының Президенті бекітетін күрделі ұлттық бағдарламаларды іске асыру қажеттігі де ескеріледі.
Іс жүзінде , белгілі мақсатқа қол жеткізуді көздейтін мемлекеттің құрылымдық- инвестициялық саясатының бағыттары мен көрсеткіштері сандық жағынан айқындалып, атқарылатын мерзімі бойынша анықталуы тиіс.
Ал бұл, өз кезегінде , мүдделер , ресурстық база , механизмдер ,объекті мен осы саясатты жүзеге асыру процесінің өзі де салалардың , аймақтар мен тұтастай халық шаруашылығының орта және ұзақ мерзімдік даму жоспарларында көрініс табатындығын білдіреді. Мысалға, нарықтық қатынастар саласы дамыған елдердің мемлекет қызметінде келесідей өзара байланыс анық байқалады .
Экономиканы реттеу жөніндегі мемлекет шараларының өзара байланыстығы: Жоғарыдағы өзара байланысты матрицалық модель түрінде көрсетуге болады . Онда оның баланстық нәтижелерін анықтап, экономикалық - математикалық есептеулер жүргізу және мәліметтерді бір жүйеге келтіруге болады. Оны қарапайым кесте түрінде , бухгалтерлік қосарланған жазу әдісі арқылы толтыруға болады.
Қазіргі жағдайларда ҚР Үкіметінің құрылымдық саясаты біздің ойымызша келесідей мәселелерді қамтуы тиіс:
- дайын өнім шығару арқылы экспорттық әлуетті арттыратын салалар дамуына басымдық беру;
- ішкі нарық талаптарын қанағаттандыратын және импортты алмастыратын өнім өндірісін кеңейту ;
- негізінен отандық өндіріс есебінен халық шаруашылығы барлық салаларының өндірістік аппаратын жаңарту;
- халық қажеттіліктерін қанағаттандыруға бағытталған салалар дамуын қамтамасыз ету ;
- экономиканың аграрлық секторының дамуын тездетуге бағытталған қаржы және несие қорларын арттыру және т.б.

2.2. Еліміздегі шетел инвесторларының рөлі және оның қызметтері.

Шетел инвестицияларын тартудың тарту арналары мен нысандары бар.
Шетел капиталы 3 арна бойынша түседі:
- экспорттық несиелер: инвестициялық және тауарлық;
- дамуға ресми көмек: қаржылық жэәне техникалық;
- инвестициялар: тікелей және портфельдік.
Кредитор (несие беруші) - елден тауарларды немесе қызметтерді сатып алу шарты бар экспорттық несиелер . Инвестициялық несиелер технологияны, жабдықты және басқаны жеткізіп беру мақсатымен, ал тауарлық несие- дайын тұтыну тауарларын жеткізіп беру шартымен беріледі.
Дамытуға ресми көмек мемлекетке өкімет аралық денгейде көрсетіледі. Мұнда техникалық көмек ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Компанияның инвестициялық тартымдылығын сараптау
«ISKER GROUP» ЖШС инвестициялық қызметінің ұйымдастырылу процесстерін зерттелуінің негізінде кәсіпорында инвестиция қызметін ұйымдастыруды жеңілдету жолдарынының ұсынынылуы
Инвестициялар, олардың түрлері, қызметі және жүйесі
Инвестициялық үдеріс: оның мәні, мазмұны және қызметі
Қысқа мерзімді қаржылық инвестициялары
Инвестицияның мәні,формалары мен түрлері
Мемлекеттік қаржы және қаржы құқығы
Ұйымға мүше мемлекеттер
Бизнес – жоспарлаудың мәні мен мазмұны лекция
Қазақстандағы инвестициялық саясат
Пәндер