Нарықтық экономика және кәсіпорынның бәсекеге қабілеттілігін арттыру



Жоспар

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..2.4 бет

1. Нарықтық экономика және кәсіпорынның бәсекеге қабілеттілігін арттыру
1.1 Кәсіпорынның бәсекеге қабілеттілігін арттырудың мәні мен маңызы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..5.18 бет
1.2 Кәсіпорынның бәсекеге қабілеттілігінің көрсеткіштері және анықтау әдістемелері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..19.23 бет

2. "Шваб шұжық" кәсіпорнында ауылшаруашылық шикізатын өңдеудің тиімділігі және оның бәсекеге қабілеттілігі
2.1 Кәсіпорынның технико.экономикалық көрсеткіштері ... ... ... ... ..24.34 бет
2.2 Өнім өндірудің экономикалық тиімділігі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 35.44 бет
2.3 Өнім сапасы және оның бәсекелестік қабілеті ... ... ... ... ... ... ... ... 45.56 бет

3. Кәсіпорынның бәсекеге қабілеттілігін арттыру жолдары
3.1 Ауылшаруашылық өнімін өңдеудің технологиясын жақсарту ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..57.64 бет
3.2 Кәсіпорынның бәсекелестік жағдайда жұмыс істеуін жақсарту ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .65.77 бет

Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 78.79 бет

Қолданылған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .80
Кіріспе
Қазақстан Республикасында нарықтық экономиканың даму жолында көптеген қиыншылықтарды бастан өткізіп, кейбіреуін жеңе білдік, кейбіреуінің салдарын әлі де сезініп келеміз.
Республикамыздың, Үкіметіміздің алдында жоғарыда аталған, яғни нарықтық экономиканың амал – тәсілдеріне бейімделіп, өте тиімді шешіммен кәсіпқойлық іскерлікпен әртүрлі мәселелерді шешіп елімізді дамыған елдердің қатарына қосу сияқты міндеттер тұр. Бұл дегеніміз тұрғындарымыздың әл-ауқатын арттырып, әлеуметтік-экономикалық жағдайды жақсарту, әлем таныған өркениетті ел болу.
Қазақстан экономикасының өрлеуі және ондағы бәсекенің қалыптасуы мен дамуы өркениетті ел болудың негізгі шарты болып отыр. ”Қазақстан-” атты даму Стратегиясы бәсекелестік нарықтарды құру, монополияға қарсы құралдарды реттеуді қамтамасыз етудің қажеттілігін атап көрсетеді. Қазіргі таңда бәсекеге қабілетті мемлекет, экономика құру мемлекетіміздің негізгі мақсаты болып отыр. Себебі Дүниежүзілік Сауда Ұйымына (ДСҰ) кіруді жоспарлап отырған жас мемлекет үшін бәсекеге қабілетті өнім шығару өте қажетті болып табылады. 6 жылдың 1-наурызында Қазақстан Республикасының жолдаған Жолдауы да «Қазақстанның әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті 50 елдің қатарына кіру стратегиясы» деп аталды. Жеті басымдылықтан тұратын биылғы жылғы Жолдауында «Қазақстанның әлемдік экономикаға ойдағыдай кіруі – елдің экономикалық дамуының сапалық серпілісінің негізі» деп ерекше атап көрсетілді.
Бүгінгі таңда нарықтағы сауда күрделеніп отыр және ол жаңа шарттарға сай жаңа басқаруды талап етіп отыр, әсіресе бәсекеге қабілетті өнім өндіру бағытында күрделі жұмыстар атқарылуды қажет етіп отырған жағдай бар, яғни бәсекелестік ортаға қатысушылар тарапынан қоғамдық қажеттілікті жылдам қанағаттандыруға, инвестицияны меңгеруге, ғылыми-техникалық процессті дамытуға, шығындарды азайтуға, сапаны көтеруге итермелейтіні белгілі. Осылайша бәсекелестік процесске қатысушылар іріктеліп, халықаралық еңбек бөлінісіндегі ұлттық экономиканың бәсеке қабілеттілігін көтереді.
Негізінен төлем қабілеті жоқ, өте тиімсіз кәсіпорындар жүргізетін дағдарысқа қарсы басқаруды мемлекет тарапынан қолдау сан алуан түрде көрініс алуы мүмкін, яғни оларға салықтық жеңілдіктер, қарыздың құрылымдануы, банктік несие алуға кепілдік, өнімді өткізу нарығын кеңейтуге жәрдемдесу, мемлекеттік тапсырыстарға ұсыну жатады.
Шаруашылық жүргізудің нарықтық тетіктеріне сәйкес әр түрлі меншіктегі кәсіпорындардың пайда болуы және жоғары сапалы өнім өндіру барысында бәсекеге қабілетті өнім түрлерін өндіру өте қажетті болып отыр. Сондықтан дипломдық жұмыстың мақсаты – шаруашылық жүргізудің нарықтық механизмін кеңінен енгізу арқылы бәсекеге қабілетті ауылшаруашылық өнімін өндейтін кәсіпорындарды жақсарту болып табылады.
Жұмыстың мақсатын орындауға орай төмендегідей міндеттер қойылады:
- нарықтың экономика жағдайында бәсекеге қабілеттіліктің мәні, маңызы мен көрсеткіштерін зерттеу;
- ауылшаруашылық өнімін өндейтін кәсіпорынның бәсекеге қабілетті өнім өндіру мүмкіндіктері мен тиімділігін талдау;
- бәсекеге қабілетті өнім өндірудің негіз жолдарын анықтау бағытында зерттеу жұмыстарын жүргізу.
Дипломдық жұмыстың зерттеу объектілері – Шығыс Қазақстан облысының Ұржар ауданында орналасқан «Шваб шұжықтары» ЖШС болып табылады. Бұл кәсіпорынның бәсеке қабілетін арттыру, қаржылық тұрақтылығы жөніндегі механизмдер жүйесі, төлем қабілетін қалпына келтіру үлгілері, кәсіпорынның Қазақстан аймағында қызмет ете алуының тәжірибесі болып саналады. Атқарылатын жұмыс құрылымы жұмыстың мақсаттарымен және тапсырмаларымен анықталады. «Кәсіпорынның өнім сапасы және оның бәсекелік қабілеті» деп аталған екінші тарауда «Шваб шұжықтары» ЖШС-і мысалға алынып, оның жалпы сипаттамасы, қаржылық тұрақтылығы және төлем қабілеті жайлы айтылады.
«Кәсіпорынның бәсеке қабілетін арттыру жолдары» деген үшінші тарау кәсіпорынның бәсекесі мен оның Қазақстан жағдайларына бейімделуіне, «Шваб шұжықтары» ЖШС қолданған қаржылық сауықтандыру жоспарларына арналады.
Аталмыш зерттеу жұмысында Қазақстан Республикасының заңдары мен экономикалық мәселелері бойынша ақпараттық басылымдардағы нормативтік-құқықтық құжаттар зеттеліп қолданды. Зерттеудің мәліметтік базасы ретінде Қазақстан Республикасы Статистика агенттігінің деректері және «Шваб шұжықтары» ЖШС -ң мәліметтері пайдаланылды.
Қолданылған әдебиеттер


1 Назарбаев Н.Ә. Қазақстан -2030 Қазақстан халқына жолдауы
2 Егемен Қазақстан 2000 ж. 29-желтоқсан
3 Аграрлық нарық проблемалары 2003ж. № 1,2,3,4,5,6
4 Үкімет Бюллетені 2004ж. №2
5 Астана ақшамы 2001ж 4-желтоқсан
6 КазЭУ хабаршысы 2004ж №5
7 Қаржы-қаражат 1996ж №6
8 Жас алаш 2004ж 30-қыркүйек
9 Егемен Қазақстан 2005ж 19-мамыр
10 Қаржы-қаражат 2003ж №3
11 Савицкая Г.В. "Анализ хозяйственной деятельности предпрития"
12 Куатова Д.Я. "Экономика предприятия"
13 Агро Инфром 2005ж №6
14 Заман Қазақстан 1998ж 7-тамыз
15 Ана тілі 2006ж 9-наурыз
16 Экономика Статистика 2005ж №1
17 Солтүстік Қазақстан 2004 3-қараша
18 Заң 2002 №7

Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 79 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... .2-4 бет
1. Нарықтық экономика және кәсіпорынның бәсекеге қабілеттілігін арттыру
1.1 Кәсіпорынның бәсекеге қабілеттілігін арттырудың мәні мен
маңызы ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... 5-1 8 бет
1.2 Кәсіпорынның бәсекеге қабілеттілігінің көрсеткіштері және анықтау
әдістемелері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ..19-23 бет

2. "Шваб шұжық" кәсіпорнында ауылшаруашылық шикізатын өңдеудің тиімділігі
және оның бәсекеге қабілеттілігі
2.1 Кәсіпорынның технико-экономикалық көрсеткіштері ... ... ... ... ..24-3 4
бет
2.2 Өнім өндірудің экономикалық
тиімділігі ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ...35-44 бет
2.3 Өнім сапасы және оның бәсекелестік
қабілеті ... ... ... ... ... ... ... ... .45-56 бет

3. Кәсіпорынның бәсекеге қабілеттілігін арттыру жолдары
3.1 Ауылшаруашылық өнімін өңдеудің технологиясын
жақсарту ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ..57-64 бет
3.2 Кәсіпорынның бәсекелестік жағдайда жұмыс істеуін
жақсарту ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... .65-77 бет

Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... .78-79 бет

Қолданылған
әдебиеттер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
...80 бет

Кіріспе
Қазақстан Республикасында нарықтық экономиканың даму жолында көптеген
қиыншылықтарды бастан өткізіп, кейбіреуін жеңе білдік, кейбіреуінің
салдарын әлі де сезініп келеміз.
Республикамыздың, Үкіметіміздің алдында жоғарыда аталған, яғни нарықтық
экономиканың амал – тәсілдеріне бейімделіп, өте тиімді шешіммен кәсіпқойлық
іскерлікпен әртүрлі мәселелерді шешіп елімізді дамыған елдердің қатарына
қосу сияқты міндеттер тұр. Бұл дегеніміз тұрғындарымыздың әл-ауқатын
арттырып, әлеуметтік-экономикалық жағдайды жақсарту, әлем таныған
өркениетті ел болу.
Қазақстан экономикасының өрлеуі және ондағы бәсекенің қалыптасуы мен
дамуы өркениетті ел болудың негізгі шарты болып отыр. ”Қазақстан-((((” атты
даму Стратегиясы бәсекелестік нарықтарды құру, монополияға қарсы құралдарды
реттеуді қамтамасыз етудің қажеттілігін атап көрсетеді. Қазіргі таңда
бәсекеге қабілетті мемлекет, экономика құру мемлекетіміздің негізгі
мақсаты болып отыр. Себебі Дүниежүзілік Сауда Ұйымына (ДСҰ) кіруді
жоспарлап отырған жас мемлекет үшін бәсекеге қабілетті өнім шығару өте
қажетті болып табылады. (((6 жылдың 1-наурызында Қазақстан Республикасының
жолдаған Жолдауы да Қазақстанның әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті 50
елдің қатарына кіру стратегиясы деп аталды. Жеті басымдылықтан тұратын
биылғы жылғы Жолдауында Қазақстанның әлемдік экономикаға ойдағыдай кіруі –
елдің экономикалық дамуының сапалық серпілісінің негізі деп ерекше атап
көрсетілді.
Бүгінгі таңда нарықтағы сауда күрделеніп отыр және ол жаңа шарттарға
сай жаңа басқаруды талап етіп отыр, әсіресе бәсекеге қабілетті өнім өндіру
бағытында күрделі жұмыстар атқарылуды қажет етіп отырған жағдай бар, яғни
бәсекелестік ортаға қатысушылар тарапынан қоғамдық қажеттілікті жылдам
қанағаттандыруға, инвестицияны меңгеруге, ғылыми-техникалық процессті
дамытуға, шығындарды азайтуға, сапаны көтеруге итермелейтіні белгілі.
Осылайша бәсекелестік процесске қатысушылар іріктеліп, халықаралық еңбек
бөлінісіндегі ұлттық экономиканың бәсеке қабілеттілігін көтереді.
Негізінен төлем қабілеті жоқ, өте тиімсіз кәсіпорындар жүргізетін
дағдарысқа қарсы басқаруды мемлекет тарапынан қолдау сан алуан түрде
көрініс алуы мүмкін, яғни оларға салықтық жеңілдіктер, қарыздың
құрылымдануы, банктік несие алуға кепілдік, өнімді өткізу нарығын кеңейтуге
жәрдемдесу, мемлекеттік тапсырыстарға ұсыну жатады.
Шаруашылық жүргізудің нарықтық тетіктеріне сәйкес әр түрлі меншіктегі
кәсіпорындардың пайда болуы және жоғары сапалы өнім өндіру барысында
бәсекеге қабілетті өнім түрлерін өндіру өте қажетті болып отыр. Сондықтан
дипломдық жұмыстың мақсаты – шаруашылық жүргізудің нарықтық механизмін
кеңінен енгізу арқылы бәсекеге қабілетті ауылшаруашылық өнімін өндейтін
кәсіпорындарды жақсарту болып табылады.
Жұмыстың мақсатын орындауға орай төмендегідей міндеттер қойылады:
- нарықтың экономика жағдайында бәсекеге қабілеттіліктің мәні,
маңызы мен көрсеткіштерін зерттеу;
- ауылшаруашылық өнімін өндейтін кәсіпорынның бәсекеге қабілетті
өнім өндіру мүмкіндіктері мен тиімділігін талдау;
- бәсекеге қабілетті өнім өндірудің негіз жолдарын анықтау
бағытында зерттеу жұмыстарын жүргізу.
Дипломдық жұмыстың зерттеу объектілері – Шығыс Қазақстан облысының
Ұржар ауданында орналасқан Шваб шұжықтары ЖШС болып табылады. Бұл
кәсіпорынның бәсеке қабілетін арттыру, қаржылық тұрақтылығы жөніндегі
механизмдер жүйесі, төлем қабілетін қалпына келтіру үлгілері, кәсіпорынның
Қазақстан аймағында қызмет ете алуының тәжірибесі болып саналады.
Атқарылатын жұмыс құрылымы жұмыстың мақсаттарымен және тапсырмаларымен
анықталады. Кәсіпорынның өнім сапасы және оның бәсекелік қабілеті деп
аталған екінші тарауда Шваб шұжықтары ЖШС-і мысалға алынып, оның
жалпы сипаттамасы, қаржылық тұрақтылығы және төлем қабілеті жайлы айтылады.
Кәсіпорынның бәсеке қабілетін арттыру жолдары деген үшінші тарау
кәсіпорынның бәсекесі мен оның Қазақстан жағдайларына бейімделуіне, Шваб
шұжықтары ЖШС қолданған қаржылық сауықтандыру жоспарларына арналады.
Аталмыш зерттеу жұмысында Қазақстан Республикасының заңдары мен
экономикалық мәселелері бойынша ақпараттық басылымдардағы нормативтік-
құқықтық құжаттар зеттеліп қолданды. Зерттеудің мәліметтік базасы ретінде
Қазақстан Республикасы Статистика агенттігінің деректері және Шваб
шұжықтары ЖШС -ң мәліметтері пайдаланылды.

1 НАРЫҚТЫҚ ЭКОНОМИКА ЖӘНЕ КӘСІПОРЫННЫҢ БӘСЕКЕГЕ ҚАБІЛЕТТІЛІГІН АРТТЫРУ

1.1 Кәсіпорынның бәсекеге қабілеттілігін арттырудың
мәні мен маңызы

Елімізде нарықтық экономиканың қалыптасуы отандық тауар өндірушілерге
шығаратын өнімдердің бәсекелік қабілетін арттыру мәселесін алдыңғы қатарға
қойды. Бәсекелік отанның дамуы шығарған өнімдердің сапасын қанағаттандыруға
итермелейді. Бәсекеге қабілетті өнім шығару кәсіпорынның, саланың дамуына
ықпал ететін негізгі фактор екенін уақыттың өзі дәлелдейді. Өнімнің
бәсекелік қабілетінің мазмұны "бәсеке" терминімен тікелей байланысты.
Қазақстан Республикасы "Бәсеке және монополистік қызметті шектеу
туралы" Заңында: "бәсеке – рынок субъектінің өз бетімен жасаған іс-
әрекеттері, тиісті тауар рыногындағы тауарлар (жұмыстар, көрсетілетін
қызметтер) айналасының жалпы жағдайына олардың әрқайсысының бір жақты ықпал
ету мүмкіндігін, тиімді шектейтін және тұтынушыларға қажетті тауарлар
(жұмыстар, көрсетілетін қызметтер) өндіруді ынталандыратын жарыстастығы" –
деп көрсетілген.
Бәсекелестік – бұл өндірушілер арасындағы күрес немесе жабдықтаушылар,
кәсіпорындар, фирмалар арасындағы өнім өндіру және өнімді тиімді өткізу
үшін күрес. Нарық жүйесінде бәсекелестік тұтынушылар үшін сайыс. Бұл
нарықтағы өзіне лайықты орын алу үшін күрес. Ол тауарлардың сапасы мен
арзандығына байланысты. 19 ғасырдың ортасында нарықта еркін бәсекелестік
кең өріс алды. Мұндай нарық сұраныс пен ұсыныс негізінде бағаның
ауытқуымен болды. Ол тұтынушылардың талабы мен есептесіп, тауардың сапасын
жақсартуға еңбек өнімдерін арттыруға, өндірісті ұлғайтуға өнім бірлігіне
шығынды азайтуға ынталандырды.
Бәсекелестіктің негізгі 2 түрі бар:
1.сала ішіндегі бәсекелестік – бұл саланың тауар өндірушілері арасында
болады. Онда ең жоғарғы еңбек өнімділігі бар, ғылыми техниканы қолданып
кәсіпорын жоғары табысқа жетеді, ал артта қалған кәсіпорынның табыстары
төмен болады, тіпті күйреуі мүмкін.
2.салааралық бәсекелестік – бұл халық шаруашылығы салалар арасындағы
күрес. Мұнда төмен деңгейдегі пайда табатын саладан капитал пайда деңгейі
жоғары салаға құйылады. Оның қортындысында жаңа сапалы тауарлар көптеп
шығарылып халықтың әл-ауқаты жоғарылайды. Ол саладағы пайда деңгейі
төмендегенде ғылыми техникалық жетістіктер негізінде жаңа тауарлар пайда
болады, сапасы жоғарылайды, халықтың табысы көбейген сайын сұраныс өседі,
осылай жаңа сатыға өсе береді.
2. Еркін бәсекелестіктің негізгі белгілері – бұл шексіз нарыққа
қатынасушылардың әрқайсысы кәсіпкерліктің қай түрінен болмасын айналасуы
және кәсіпкерлікті қоюға еркі бар. Кәсіпкерліктің алуан түрі бар:
1. өзі араласып кәсіп жасайды;
2. жұмысшылар жалдайды;
3. акция облигация сатып алады;
4. акциясын банкке салады, кейбірулер өндірісті қаржыландырады т.б.
Әрбір кәсіпкер немесе бәсекелестікке қатынасушылар өз ақшаларына
қосымша пайда тауып байлығын арттыруға тырысады, кем дегенде сол пайда
арқылы күн көруге тырысады.Еркін бәсекелестік жағдайын ұсыныс пен
сұраныстың ауытқуы бір салада өнімді көп шығарып дағдарысқа ұшыраса 2-ші
салада тауар жетіспейді. Бұл фирманың табысы өссе 2- шісі күйрейді. Сонда
өндіріс пен капитал шоғырланып орталықтанады. Ол монополия құруына әкелді,
яғни нарықты басып алады. Жетілмеген бәсекелестік нарығы бұл таза
монополия. Монополиялық бәсеке – бұл олигополия. Таза монополия өнім
шығаратын бір фирма бәсекелестігі жоқ. Оның 4 ерекшелігі бар:
1. сатушы тек қана бірфирма
2. сатылатын тауарлардың орнын басатын тауар жоқ.
3. монополист нарықты билейді және бағаны бақылайды
4. нарыққа кірер жерге өте алмайтын кедергі қояды.
Нарықтық экономиканы дамытудағы бәсекенің мәнін XVIII ғасырда
ағылшынның кемеңгер экономисі Адам Смит әйгілі "көрінбейтін қол"
қағидасында ашып көрсеткен. Адам Смит бойынша бәсеке механизм іспеттес, сол
арқылы жеке көзқарастар мен экономикалық тиімділік қалыптасады, салалар
арасында игіліктердің тиімді бөлінуі жүзеге асады, пайда мөлшері теңеледі.
Қазіргі ғалым экономистер өз еңбектерінде бәсекеге қатысты
көзқарастарын жаңа ойлармен сипаттап, бәсеке теориясының дамуына өз
үлестерін қосуда.
Ресейлік ғалым А.Ю. Юдановтың пікірінше "нарықтық бәсеке – нарық
сегментінің тиісті бөлігінде, тұтынушының шектеулі көлемдегі төлем қабілеті
бар сұранысы үшін фирмалар арасындағы тартыс".
Бәсеке – белгілі бір мақсатқа жету үшін заңды немесе жеке тұлғалар
(бәсекелестер) арасында болатын тартысты бейнелейді дейді Г.Л. Азоев пен
А.П. Челенкоев.
Бәсеке – бұл субъектінің объективті немесе субъективті қажеттіліктерін
заңдылық шеңберінде, не қалыпты жағдайда қанағаттандыру үшін
бәсекелестерімен тартыс барысында жеңіске немесе басқа да мақсаттарға
жетуде өзінің бәсекелестік артықшылықтарымен басқару үрдісі. Бәсеке қандай
да бір қызмет аясында жақсы нәтижелерге жету үшін болатын экономикалық
жарыс, тауар өндірушілердің тиімді шаруашылық жағдайы үшін, мол пайда алуға
бағытталған күрес деп айтса да болады.
"Нарықтық экономиканың анықтамалығында" бәсеке дегеніміз – жеке өнім
өндірушілер, жұмыс істеушілер, қызмет көрсетушілер арасында өз мүддесі
жолындағы бәсекені айтады. Нарықтық экономикада бәсекелестік негізгі
реттеуші қызмет атқарады. Оның күш-қуаты стихиялы сипатқа ие, егер ол басқа
мехенизмдермен түзетіліп отырмаса экономикалық, әлеуметтік, экологиялық
және басқа да қажетсіз зардаптарға ұрындыруы мүмкін.
Қазақстандық бір топ ғалымдар бәсекелестік қабілетке төмендегідей
анықтама береді: "бәсекелестік қабілет - өнімдердің нақты қоғамдық
қажеттіліктерге сәйкестік деңгеймен, сондай-ақ оны қанағаттандыруға кеткен
шығындармен бейнелейді". Сол сияқты, тамақ өнеркәсібінің бәсекелестік
қабілетін жүйелі түрде зерттеген ғалым-экономист С.Б. Ахметжанова
"бәсекеге қабілетті өнім, бәсекелестердің нарыққа ұсынған ұқсас
тауарларымен салыстырғанда, сапасы мен бағасы жағынан ерекшеленеді" деген
пікір білдіреді.
Өнімнің бәсекелік қабілетін оның бағасы арқылы сипаттау әрекеттері де
қолданылуда. Бұл бағаны қалыптастырудың квалиметриялық әдістемесін
жақтайтындардың анықтамаларында көрсетеді. Олардың пікірінше, тауардың
бағасы – оның тұтынушылық және құндық қасиеттерін бейнелейтін әмбебеп
сипатқа ие. Бағасына байланысты тауарлардың айырмашылықтары қалыптасады,
осы себепті тауарлар бір-бірімен бәсекеге түседі. Алайда, бұл көзқарасты
баға бәсекесі теріске шығарады, өйткені, біркелкі тұтынушылық сипатқа ие
тауарлар әртүрлі бағамен сатылуы мүмкін.
Өнімнің бәсекелік қабілетін екі топ факторлармен анықтайтын
салыстырмалы сипатпен қарастыру жағдайлары да кездеседі, яғни, өнімнің
сапасы мен қарастырылатын өткізу нарығының талаптары арқылы. Шындығында,
өнім бәсекеге қабілетті болу үшін өткізілетін нарықтың тиісті талаптарына
сай жоғарғы сапалы болуы тиіс. Алайда, бұл жағдайдың өзі өнімнің бәсекеге
қабілетті екендігін көрсетеді. Бәсекелестік қабілет өнімді өткізу барысында
басқа тауарлар мен салыстыру арқылы анықталады.
Қоғамдық қажеттіліктерді қанағаттандыру деңгейі және оған кеткен шығындылық
арқылы анықталатын өнімнің салыстырмалы сипаттағы бәсекелік қабілеті
тұтынушылардың бір өнімнен екіншісін жоғары бағалау арқылы анықтайтынын
ескермейді. Осыған байланысты, өнімнің бәсекелік қабілеті – оның ұқсас
басқа өніммен айырмашылығында ғана емес, салыстырмалы ерекшелігінің де
болуында.
Негізінен, өнімнің бәсекелік қабілеті оның нақты қажеттілік үшін
құндылығымен анықталады. Әр бір тұтынушы қандай да бір өнімді сатып аларда
оның қажеттілігін өтеудегі тиімділігінескереді. Егер, өнім тұтынушылардың
қажеттілігіне сай болып тұрса, онда оның бәсекелестік қабілетін бағалау
құнына қарай ауысады. Яғни, тұтынушы, бір жағынан, өнімнің пайдалану
тиімділігін ескерсе, екінші жағынан, оған кеткен шығынды ойлайды.
Бұл жерден шығатыны, өнімнің бәсекелік қабілеті – бұл өнімнің бәсекелес
өндірушілерінің ұқсас өнімдерімен салыстырғанда жоғары тұтынушылық
қасиеттерімен, төмен бағамен, тартымдылығымен және оның қажеттілікті өтеу
құндылығымен ерекшелену сипаты. Бұл анықтама өнімнің бәсекелік қабілетінің
маңызын мейлінше толық түрде бейнелейді деген ойдамыз.
Жалпы алғанда, өнімнің бәсекелік қабілеті бірнеше маңызды қасиеттерге
ие:
1) бәсекелік қабілет – салыстырмалы шама, яғни ол ұқсас өнімдермен
теңестіру арқылы анықталады;
2) ол динамикалық шама, яғни уақытқа байланысты өзгереді, тауардың
өмірлік циклына және басқа да жағдайларға тәуелді;
3) әр бір тұтынушылардың жеке талғамы әр бір өнімнің бәсекелік
қабілетіне өздігінше әсер етеді. Сондықтан, өнімнің бәсекелік қабілеті
құбылмалы сипатқа ие;
4) бәсекелік қабілет нақты, яғни ол өнімнің белгілі бір түріне,
нарыққа, ҒТП даму деңгейіне, қоғамдық еңбек жүйелеріне және т.с.с.
байланысты.
5) бәсекелік қабілетке әсер етуге болады, ол оның құндылығын арттыру
үшін маңызды.
Осы жағдайларға байланысты, бәсекелік қабілетті жүйелі түрде, уақытқа
және қоғамдық талаптарға сай, тұтынушы үшін де, өндіруші үшін де зерттеу
қажет.
Сонымен жоғарыда айтылған өнімнің бәсекелік қабілетіне қатысты
анықтамаларды жинақтай келе, келесі пайымдауларды атап өтуге болады:
– өнімнің бәсекелік қабілеті – бұл тек нарықтық экономикаға тән категория.
Бәсеке жоқ жерде өнімнің бәсекелік қабілеті туралы сөз болуы мүмкін емес;

– бәсекелік қабілет – салыстырмалы түсінік, өйткені ол тұтынушы талғамын
қанағаттандыруға бағытталған тауарларды бір-бірімен салыстыру арқылы
анықтайды;
– өнімнің бәсекелік қабілеті – бұл өнімнің бәсекелес өндірушілердің ұқсас
өнімдермен салыстырғанда жоғары тұтынушылық қасиеттерімен, төмен бағамен,
тартымдылығымен және оның қажеттілікті өтеу құндылығымен ерекшелену сипаты.
Басқаша айтқанда, өнімнің нақты нарықта сәтті өткізілуі – оның бәсекелік
қабілетін көрсетеді;
– бәсеке қабілеті өнімді қалыптастыру тұтынушылардың талғамын
қанағаттандыратын сапалық және құндық, әрі тартымдылық сипаты тиімді
ерекшеліктер арқылы жүзеге асады;
– өнімнің бәсекелік қабілеті уақыт ағымына, өткізу нарығына, халықтың
өзгермелі сұранысына тәуелді өзгермелі құбылыс.
Өнімнің бәсекелік қабілеті, түпкі нәтижеде, кәсіпорынның бәсекелік
қабілетін анықтайтын көрсеткіш екенін ескерсек, осыған қатысты анықтаманы
да келтіре кеткен жөн.
Өнімнің бәсекелік қабілеті сияқты, кәсіпорынның бәсекелік қабілетіне
қатысты біріңғай қалыптасқан тұрақты анықтама жоқ. Бұл мағынаға қатысты
бірнеше көзқарас қалыптасқан, олардың негіздері болып кәсіпорынның
нарықтағы үлесі, табыстылығы, өнімді өткізу көлемі саналады.
М. Портердің негіздеуінше кәсіпорынның бәсекелік қабілетін анықтайтын
бес бәсекелік күші бар:
– бір саланың бәсекелес кәсіпорындары арасындағы тартыс;
– ауыстырмалы-тауарлар шығаратын кәсіпорындар тарапынан болатын
бәсеке;
– салаға жаңа бәсекелестердің ену қаупі;
– тасымалдаушылардың саудаласу мүмкіндіктері;
– тұтынушылардың саудаласу мүмкіндігі.
Тағы бір анықтама былайша пайымдалады: "кәсіпорынның бәсекелік
қабілеті" деп – оның бәсекелес кәсіпорындармен салыстырса технология,
тәжірибелік іскерлігі, персоналдардың білімі, стратегиялық және ағымды
жоспарлау, сапа, коммуникация сынды артықшылықтарымен ерекшеленуін айтады.
Біздің көзқарас бойынша, төмендегі анықтама кәсіпорынның бәсекелік
қабілеті туралы мағынаны толық және әдістемелік тұрғыдан дұрыс ашады:
"бәсекелестермен салыстырғанда бағалық және бағалық емес сипаттары бойынша
тауарлары тұтынушыларға ұнамды, дер кезінде жоспарлап, дайындап, өткізуге
нақты мүмкіндігі бар кәсіпорын бәсекеге қабілетті" болып саналады.
Өнім мен кәсіпорынның бәсекелік қабілеті тығыз байланысты болғанымен,
мағыналары жағынан ерекшеленеді. Негізгі ерекшелену белгілері мыналар:
– біріншіден, өнімнің бәсекелік қабілеті белгілі бір қысқа уақыт аралығында
анықталса, кәсіпорынның бәсекелік қабілеті, салыстырмалы түрде, ұзақ уақыт
бойынша анықталады;
– екіншіден, өнімнің бәсекелік қабілеті тұтынушылардың әсеріне тікелей
байланысты. Ал кәсіпорынның тиімділігін кәсіпкердің өзі анықтап, керек
кезінде өндірістік-өткізу қызметіне қажетті стратегияларды енгізіп отырады.
Кәсіпорынның бәсекелік қабілетті деңгейі туралы мәлімет инвесторлар мен
әріптестер үшін маңызды. Тұтынушы үшін өндірістің тиімділігі мен шығындық
көлемі қызықтырмайды;
– үшіншіден, кәсіпорын бірнеше өнім түрін шығарумен қатар, өндіріске
байланыссыз басқа да қызмет түрлерімен айналысуы мүмкін (мәселен,
инвестициялық, делдалдық және т.б). Кәсіпорынның бәсекелік қабілеті барлық
өнім ассортиментінің бәсекелік қабілетіне және әр бір қызмет түрінің
орындалу тиімділігіне байланысты.
– төртіншіден, өнімнің бәсекелік қабілеті кәсіпорынның бәсекелік қабілетін
анықтайды, бірақ толық көлемде емес. Мәселен, өнімнің бәсекелік қабілетін
бағаны төмендету арқылы қамтамасыз етуге болады. Алайда, осы өнімді
өндіруге кеткен шығын көлемі толық жабылмай, табыс болмауы да мүмкін. Бұл
кезде кәсіпорынның қаржылық жағдайына кері ықпал болып, оның бәсекелік
қабілеті төмендеуі де мүмкін.
Сонымен кәсіпорынның бәсекелік қабілеті, өнімнің бәсекелік қабілетіне
қарағанда, экономикалық маңызыжағынан кең ұғымды білдіреді.
Әлемдік тәжірибеде, өнімнің бәсекелік қабілеті келесі факторлармен
анықталады:
– өнім сапасының нарықтық және нақты тұтынушылардың талабына сай болуымен;
– сатып алуға, жеткізуге кеткен шығындармен;
– тұтынушыларға тиімді уақытта жеткізу жағдайымен;
– кәсіпорынның нарығындағы беделімен
және сенімді әріптес болатындығы туралы дәлелімен.
Біздіңше, өнімнің бәсекелік қабілеті 1-суретте көрсетілген негізгі
кешенді үш факторларға тәуелді:
1. Міндет – өнімнің қандай мақсатқа пайдаланатынының оның функционалдық
мүмкіндіктерін, сол арқылы осы өнімді тұтынушылар тобын анықтайды.
2. Жоғары сапа – бағалық емес бәсекеде үлкен мәнге ие. Сондықтан, сапаны
өнімнің бәсекелік қабілетінің кешенді көрсеткіші ретінде қарастыруға
болады.
3. Баға – тауар құнының ақшалай көрінісі. өнімге деген сұраныс пен ұсыныс
тең болғанда баға мен құн да теңеседі. Ұсыныстың сұраныстан артуы бағаны
төмендетеді, ал керісінше нарықтағы сұраныс артса, онда өнімнің бағасы
құнынан әлде қайда жоғары болады. Нарықтық экономика жағдайында баға
объективті экономикалық заңдылықтарға, ең алдымен, құн заңына сай
қалыптасады. Бағалық бәсеке кезінде төмен баға өнімнің бәсекелік
қабілетінің кепілі болады.

1-сурет. Бәсекелік қабілеттің кешенді үш факторы.

Аталған 3 факторды кешенді түрде қарастырған жөн. Көп функционалды
міндеті, жоғары сапасы және тиімді бағасы бар өнім бәсекеге қабілетті бола
алады. Бұл факторлар үнемі бір-бірін толықтырып отырулары қажет. Автордың
пікірінше, өнімнің бәсекелік қабілетін қалыптастыруда кәсіпорынның сапа
жүйесін жетілдіру, ең алдымен, Халықаралық сапа стандарттарының талаптарына
негізделуі тиіс. Тамақ өнімнің сапасы адам өмірінің қауіпсіздігімен тікелей
байланысты. Сондықтан да, өндірілетін өнімнің стандартқа сай болуын
қадағалау маңызды жағдай.
Жалпы экономикалық қауіпсіздік ұғымын басты назарда ұстау қажет – яғни,
мұнда экономикалық тез қарқынмен ұзақ мерзімді тұрақты дамуы қалыптасады.
Бұл жағдай өндіріске қажет ресурстың толықтығын, ішкі және сыртқы нарықта
бәсекеге қабілетті өнімді тиімді әдіспен, жан басына шаққандажеткілікті
көлемде өндіру, оны тоқтаусыз өткізуді қамтамасыз етеді. Бәсекелік қабілеті
арттыру механизмі – бұл кәсіпорынның нәтижелі жетістікке жету жолында
атқаратын іс-әрекеттерді арқылы сипатталады. Дұрыс таңдала білген механизм
осы кәсіпорынның нарықтағы бәсекелестерімен ұзақ уақытқа ұтымды жағдай
жасауына негіз болады. Өнімнің бәсекелік қабілетін арттыру механизмі
нарықтық сұраныс пен ұсыныстың жалпы жағдайына, қоғамның дамуына, адамзат,
мәдениеті мен ой-санасына, қауіпсіздік пен эстетика, экология талаптарына,
сонымен қатар, кәсіпорынның мүмкіндіктеріне сай болуы тиіс. Тамақ өнімдері
өзінің тұтыну қасиеттеріне сай басқа сала өнімдерімен ерекшеленеді. Ең
алдымен, ол қасиеттерге: адам ағзасына тигізетін әсері, құрамындағы белок,
май және органикалық қосындылардың үлесі, сақталу мерзімі, иісі, түсі, дәмі
жатады. Осы қасиеттер бұл сала өнімнің бәсекелік қабілетін арттыру
жағдайына өзіндік ықпалын тигізеді.
Өнімнің бәсекелік қабілетін арттыру мерзімі іс-әрекеттің жиынтық
көрінісі ретінде оларды жүзеге асыратын бірнеше тетіктерге тәуелді. Бұл
тетіктерді өзіндік сипаттары бойынша, 4 топқа бөлінеді:
1 топ – өнімнің сапасын арттыру шаралары немесе кәсіпорынның сапа
жүйесін жетілдіру;
2 топ – өнімнің бағасын қалыптастыру немесе кәсіпорынның баға саясатын
реттеу;
3 топ – өнімнің тартымдылығын арттыру немесе кәсіпорынның маркетингтік
жүйесін жетілдіру;
4 топ – өнімнің бәсекелік қабілетін қамтамасыз ету немесе өндірісті
мемлекеттік қолдау.
Бұл тетіктердің әрбірі белгілі бір дәрежеде нарықтағы тұтынушылардың
сұранысы мен талап-тілектеріне, тауардың өмірлік кезеңіне байланысты ықпал
етуі мүмкін. Қандайда бір бәсекелік тетікті қалыптастыру немесе оны іске
асыру әр кәсіпорынның өнім шығару сипаты мен ол өнімді өткізу
ерекшеліктеріне байланысты ұсынылған топтағы тетіктерді іске асырудың
көптеген бағыт-бағдары және жолдары бар (2 сурет).

Бәсекелік қабілетті қалыптастыру тетіктері
Өнім сапасын арттыруБаға саясатын Өнімнің Өндірісті
- Халықаралық сапа реттеу тартымдылығын мемлекеттік
стандарттарын - Нарықта баға арттыру қолдау
енгізу; стратегиясын - Өнімнің сапалық - БСҰ кіру
- Өнімнің орган айқындау; және бағалық қарсаңында
олептикалық - Өнімнің тиімділіктерін өндірушілерді
қасиеттерін өзіндік құнын жарнамалау; заңдылық
жақсарту; төмендету - Кәсіпорынның тұрғыдан қорғау;
- Ғылыми техникалық мүмкіндіктерін сауда белгісін - Инвестиция-
және инновациалық іздестіру; нығайту және лық саясат
жетістіктерді - Бағаны танымалдылығын ұстану;
енгізу; қалыптастыру кеңейту; -Экономикалық
- Өндірісті әдістерін - Өнімнің сыртқы қолдау шараларын
диверсификациялау; анықтау; келбеті мен енгізу;
- Өнімді - Нарықтық жағымдылық - Өзара
дифференциациялау; бәсеке жағдайынақасиеттерін байланысты
- Еңбек күшінің байланысты арттыру; салаларды
ықпалы. өнімнің бағасын - Маркетингтік кешенді дамыту;
белгілеу. жүйенің - Бәсекелік
стратегиясы мен ортаны дамыту.
тактикаларын
дайындау.

2 сурет. Өнімнің бәсекелік қабілетін арттыру жолдары.

Ендігі кезекте, өнімнің бәсекелік қабілетін арттыру механизміндегі
ұсынылған негізгі тетіктердің құрамалары мен олардың маңыздылығын сипаттап
өтейік.
Әлемдік нарықтың қатаң талаптары мен бәсекелік шарты отандық шұжық
өндіруші кәсіпорынның сол талаптар мен шарттарды ұстануын қалайды. Өйтпеген
жағдайда, әлемдік нарықта осы өнім түрлері бойынша негізгі өндірістер
саналатын мемлекеттер, өздерінің бәсекелік ықпалымен, еліміздің ішкі
нарығын және енуге мүмкін болатын көршілес мемлекеттердің нарықтарын
"игеріп алуы" қиын емес.
Әсіресе, бұл мәселе елдердің Халықаралық Сауда ұйымына кіру барысында
өткір күйінде қалып отыр. Ішкі нарықтың сыртқы өндірушілерге кедергісіз
ашылуы отандық өнімнің оларға тосқауыл боларлық бәсекелік қабілетіне
сүйенеді.
Қазіргі кезде әлемнің 130 жуық мемлекеті әлемдік сапа жүйесін
бақылайтын Халықаралық стандарттау ұйымына мүшелікке өткен. Бұл ұйымның
дацындаған, 7 қағидадан тұратын сапаны басқару стандарттарына отандық шұжық
шығару кәсіпорындары өнімдерін сәйкестендіру - әлемдік нарықта
бәсекелесудің алғы шарты. Ол қағидалар кәсіпорынды мыналарға міндеттейді:
– үрдістерді айқындауға;
– олардың реттілігі мен өзара байланыстарын белгілеуге;
– оларды тиімді пайдалану мен бақылаудың әдістерін анықтауға;
– осыған қажетті ресурстармен және ақпараттармен қамтамасыз етуге;
– үрдістерді бақылауға, өлшеуге және талдауға;
– жоспарланған нәтижелерді алуға және осы үрдістерді әрдайым жетілдіруге
қажетті шараларды іске асыруға;
– ИСО 9001:2000 талаптарына сай осы үрдістерді басқаруға.
Сондықтан да, ішкі нарықтағы шұжық өнімдерінің бәсекелік қабілеті, ең
алдымен, олардың сапасына байланысты. Жалпы мағынада, өнімнің сапасы – "бұл
оның белгіленген мақсатына сай нақты қажеттіліктерді қанағаттандыруға
жарамдылығын сипаттайтын қасиеттердің жиынтығы". Өнімнің бәсекелік
қабілетін қалыптастыруда кәсіпорынның сапа жүйесін жетілдіру, ең алдымен,
Халықаралық сапа стандартының талаптарына негізделуі тиіс. Тамақ
өнімдерінің сапасы адам өмірінің қауіпсіздігімен тікелей байланысты.
Сондықтан да, өндірілетін өнімнің стандартқа сай болуын қадағалау маңызды
жағдай. Стандарттағы талаптар тамақ өнімдерінің адам ағзасына тигізер
әсерін, өнімнің химиялық, биологиялық құрамын анықтап, олардың шекті
мөлшерін белгілейді, олар адам ағзасына қажетті заттармен толық болуы тиіс
(белоктар, майлар, көміртегілер, минералдық элементтер, витаминдер, т.б).
Бұл стандарттар әлемдік нарыққа шығудың тұтынушылардың өзгермелі сұранысын
қанағаттандырудың, өндірістік жүйенің тиімділіктерін бақылаудың дұрыс
шешімі болмақ.

1.2 Кәсіпорынның бәсекеге қабілеттілігінің көрсеткіштері
және анықтау әдістемелері

Егеменді ел болып, тәуелсіздігімізді алып нарықтық экономикаға
көшуімізге байланысты ел экономикасы түбегейлі өзгерістерге ұшырады.
Әсіресе еліміздің экономикалық өміріндегі шаруашылық қатынастар жүйесіндегі
терең әрі ауқымдды өзгерістер көрініп, еркін бәсеке, бәсеке қабілеттілік,
еркін сауда, жеке меншік билігі т.б. осы секілді ұғымдар ене бастады. Ал өз
кезегінде ұйымдық-құқықтық формалардың яғни әртүрлі шаруашылық жүргізуші
субъектілердің жұмыс жасауы, қызмет көрсетуі, өнім өндіруі – бәсеке және
бәсеке қабілеттілік ұйымдарын одан әрі өрбіте түсті.
Жоғары тұрақсыз және сыртқы орта факторларының анықталмағандық
жағдайында ұзақ мерзімдік перспективада кәсіпорынның әрі қарай гүлденіп,
өркен жаюының кепілдігін қамтамасыз ететін бәсеке қабілеттілік пен бәсеке
қабілетті басқару жүйесі, сондай-ақ бәсеке қабілетті стратегия тиімді
басқарудың мақсатты құралы ретінде әртүрлі функционалдық бағыттағы және
әртүрлі бизнес аясында жұмыс істейтін, тауарлар өндіріп, қызмет көрсететін
ұйымдар үшін әсіресе өзекті болып отыр.
Қазіргі кезде көптеген кәсіпорындар үшін кәсіпорынның бәсеке
қабілеттілігін арттыру ең негізгі мәселе болғандықтан көпшілік тарапынан
осы бір мәселеге көп көңіл аударуда. Ол сату нарықтары, өткізу көлемдері,
қосымша табысты табуды көздейтін өндірушілердің экономикалық
стратегияларының басты ажырамас құралына айналды. Осыған сәйкес
кәсіпорындар әрі шығарылатын өнімдердің бағаларын төмендету арқылы әрі
нарықта бар өнімдерден сапалық көрсеткіштері жағынан ерекшеленетін
өнімдерін өндіру арқылы бәсекелестерді ығыстыруға және нарықтағы
жағдайларын нығайтуға ұмтылуы керек.
Бәсеке қабілеттілік ұғымы көпжақты болып, кәсіпорын іс-әрекетінің
тауар секілді құрамдас бөліктерін сондай-ақ оның негізгі сипаттамалары
болып табылатын сапа және өндіріс технологиясын қамтиды. Сонымен қатар
ғылыми әдебиеттерде ұлттық экономиканың және аймақтық бәсеке қабілеттілігі
ұғымдары қолданылады. Әр ұғымның құрылымы объектінің бәсеке қабілеттілігі
оның бәсеке қабілеттілігі элементерінен және мақсатқа жетуде олардың өзара
ұйымдасуынан тұратынын негіздейді.
Кәсіпорының бәсеке қабілеттілігі – қатысты өлшем, өйткені ол сату
уақыты мен нарықта бәсекеге түсетін ұйымдардың салыстырмалы нәтижелерінде
көрінуі мүмкін.
Осы арада кәсіпорының бәсеке қабілеттілігі – бұл экономикалық,
техникалық, ұйымдастырушылық мүмкіндіктердің жиынтығы.
Кәсіпорының бәсеке қабілеттілігі – бұл бәсекелестік күрес жағдайында
өзінің алып отырған нарықтық үлесін сақтап қалуға немесе кеңейтуге
жеткілікті әлеуеті.
Кәсіпорының (фирманың) бәсеке қабілеттілігі – кәсіпорынның ұлттық,
халықаралық нарықтағы жағдайын анықтайтын кешенді экономикалық
көрсеткіштерін және потенциялын қамтиды.
Байқалғанындай бәсеке қабілеттілігінің екі жағы бар. Бұлардың біреуі
оның элементі және құраушы бөліктері (тауардың жоғары сапасы, тауардың
қосымша қызметі, барлық қызмет көрсету мерзіміндегі нақты қызметі т.с.с)
және нақты жағдайдағы тауар сату міндеттерінің нақты шешімі (жеке
қабілеттіліктері бар нақты сатып алушы, оның мүмкіндігі және өзіндік талғам
шкаласы бойынша нарықта бәсекелесуші кәсіпорындардың ішінен ұнайтынын
шешуі, сатушының жеке қасиеттері). Бәсекелелік күрестегі жеңіс бәсеке
қабілеттілік нәтижесін бейнелейді. Ал бәсеке қабілеттілік пен бәсекенің
қатынасын потенциал – потенциялды қолдану қатынасы ретінде сипаттауға
болады.
Әдетте бәсеке қабілеттілік бейімділік және жаңашылдық секілді екі
ажырамас бөліктерден тұрады. Бейімділікті икемдеу қасиеті, кәсіпорының
сыртқы ортамен қатынасының формасы және ұйымшылық қайта құрудың үрдісі
ретінде түсінеміз. Өз кезегіндегі жаңашылдықты жаңару мүмкіндігі және
минималды өзіндік құн, технологиялық, ритмділік критерилері бойынша
ұйымшылдық процестерді қайта құру ретінде ұғынамыз. Егер де бейімділік
кәсіпорынның сыртқы орта өзгерістерінде деген реакциясын көрсетсе, онда
жаңашылдық өз іс-әрекетінде шешім қабылдау және жаңа элементтерді игерудің
негізінде өзгерген іс-әрекет бағытын сипаттайды.
Бәсеке қабілеттіліктің екі қасиетін қалыптастыруда кәсіпорындар ұйымның
жекелей элементтеріне сүйенеді. Жеке тұғыдан алғанда бейімділік қасиеті
ұйымның әркелкі өнімдер өндіретін технологиялық құрал-жабдықтары және
тұтастай алғанда техникалық базасы болмайынша қалыптаспайды.
Бәсеке қабілеттілік ұғымының екінші қасиеті болып табылатын жаңашылдық
жаңалықтың екі түрін игеру мүмкіндігіне сүйенеді. Бір тұсы бұл өндірістің
техника-технологиялық жаңартылуымен байланысты техникалық жаңалық болып
табылады. Мұның құрамына құрал-жабдықтар мен аппаратура, өндірістің
техникалық құралдары және НИОКР-ді техникалық қамтамасызету, сондай-ақ,
өнімдерді өндіру технологиясы аясындағы жаңалықтарды игерудің әдістері мен
тәсілдері кіреді.
Жаңашылдықтың келесі ажырамас бөлігіне - әлеуметтік жаңалықтар жатады.
Мұндай жаңалықтың техникалық базасы ретінде игерілген әлеуметтік
технологиялардың жиынтығы қарастырылады.
Кәсіпорының бәсеке қабілеттілігінің деңгейіне негізінен мынандай басты
факторлар әсер етеді:
– өндірістік технологияны жетілдіру дәрежесі мен ғылыми-техникалық
деңгейі;
– жаңа өнер табулар мен жаңашылдықтарды қолдану;
– қәзіргі заманға сай автаматтандырылған және роботтандырылған
өндіріс құралдарын енгізу.
Сонымен бейімділік пен жаңашылдық ұйымның бәсекеқабілеттілік қасиетін
қалыптастыруға қажетті және жеткілікті жағдайларды айқындайды.
Бүгінгі таңдағы маңызды мәселелердің бірі – кәсіпорынның бәсеке
қабілеттілігін жоғарылату мәселесін шешетін және сол ұйымның нарықтық орта
элементтерімен бәсеке қабілетті басқару жүйесін құру. Осы орайда
шаруашылықтың жаңа жағдайларында нарықтық қатынастарға бейімделген басқару
жүйесін құру процесін жеделдеткен жөн. Сонымен қатар бәсеке қабілетті
басқару жүйесінің ақпараттық қамтамасыз етілуін және стратегиялық бағыт-
бағдарын күшейте түсу керек.
Кәсіпорынның бәсеке қабілетті басқару жүйесі негізінде кәсіпорынның
потенциалды мүмкіндіктерін және сыртқы орта талаптарын ескере отырып,
ақпараттық технология негізінде өздерінің міндеттерін арнайы
функцияландырылған әдістер мен тәсілдер арқылы орындайтын органдар жиынтығы
түсініледі. Бәсеке қабілетті басқару жүйесі – бұл қоршаған орта
факторларының ықпалы негізінде өзін-өзі реттеу қабілеті бар күрделі ағза.
Кәсіпорынның бәсеке қабілетті басқару жүйесінің ең негізгі қағйдасы –
бұл кәсіпорынның қызмет етуі мен дамуының стратегиясы және мақсаттарды
таңдаудағы негізделген өндірісті басқару жүйесінің бағыт-бағдары негізінде
жаңа технология мен жаңа өнім енгізу, кәсіпорынның материалдық- техникалық
базасын ескере отырып оның потенциалды мүмкіндіктерін бағалау және
бәсекелестік ортаның жағдайын болжау негізінде қызметтердің перспективалы
бағыттарын анықтау түсініледі.
Кәсіпорының бәсеке қабілеттілігін жоғарылату стратегиясының жүйесін
келесідей үлгіде көрсетуге болады:
1. Кәсіпорының сыртқы ортада жүзеге асыратын атап айтқанда тауарлық,
баға белгілеу, жабдықтаушылармен қарым-қатынас, ақша және бағалы
қағаздар нарығындағы іс- әрекет, трансакциялық шығындарды төмендету,
сыртқы экономикадағы қызмет стратегиясы.
2. Кәсіпорының ішкі ортасында жүзеге асырылатын, яғни өндіріс
шығындарын төмендету, инвестициялық қызмет, қызметкерлерді
ынталандыру, ақпаратпен қамтамасыз ету стратегиялары.
Кәсіпорының тауарлық стратегиясы келесілерді қарастырады:
– кәсіпорынның спецификасына жауап беретін, тауарлар мен қызмет
көрсетулердің потенциалды нарығын қалыптастыру және зерттеудің
тәсілдері мен ережелері;
– кәсіпорынға неғұрлым тиімді шаруашылық жүргізудің стратегиялық
аймақтарын іздеудің әдістерін;
– кәсіпорынның сыртқы тиімділігін қамтамасыз ететін аймақтарды
басқару әдістерін.
Ал тауарлы стратегияның негізгі міндеттеріне төмендегілер жатады:
– стратегиялық перспективті міндеттерін өзіндік ресурстар және
нарықтық потенциялды мүмкіндіктермен үйлесуі;
– тауар (технологиялар) сұранысының өмірлік циклдерін талдау;
кәсіпорынның бәсекеқабілеттілігін жоғарлатуды қамтамасыз ететін
тауар ассортиментін әзірлеу.
Бәсекеге қабілеттілікке жетудің ең оңай жолы – ұйым өзі
бәсекелестерінің әлсіз тұстарын немесе артықшылықтары жоқтығын анықтап,
басымдығын нығайту. Яғни, кәсіпорын бәсекелестері сондай табысқа ие
болмаса, бәсекеде жауап бере алмаса, біраз шығынға ұшырайды.
Кәсіпорын айтарлықтай жеңіске ие болмаған күнде де қолда бар
ресурстарға, нақты тәжірибеге сүйене отырып, өз стратегиясын әзірлеуі
керек. Қолда бар ресурстар мен біліктілікті қолданбайтын стратегияны құру
әрқашан тиімсіз болмақ.

2."ШВАБ ШҰЖЫҚ" КӘСІПОРНЫНДА АУЫЛШАРУАШЫЛЫҚ ШИКІЗАТЫН ӨҢДЕУДІҢ ТИІМДІЛІГІ
ЖӘНЕ ОНЫҢ БӘСЕКЕГЕ ҚАБІЛЕТТІЛІГІ

2.1 Кәсіпорынның экономикалық көрсеткіштері

Шваб шұжық кәсіпорны 1994 жылы құрылды. Бұл кезде Нұрсилинов А.К. және
Рахымғалиев Ж.Н. деген екі кәсіпкер өз кәсіптерін біріктіріп, "Айгерім
Сауда Үйі" АҚ- ын құрады. Олардың меншік иелену мен басқарудағы үлестері
және құқықтары тең болды. Сол кезеңдегі қызметтерінің негізгі бағыты –
жұмыс істеп тұрған дүкен мен ЖҚС-рының желісі арқылы жиһаздар мен мұнай
өнімін өткізу болатын. Өз республикамыздағы және мемлекеттер арасындағы
құлдырап кеткен орталықтандырылған қамсыздандыру жүйесі қызметтің жаңа
түрін тудырады: Өзбекстанға, Ресейге және Қазақстанның мұнай-газ өндіру
аймақтарына тауарлық етті даярлау және көптеп өткізу. Еттің ірі партияларын
қайта өндіру, сою, жеткізу үшін 1995 жылы "Айгерім СҮ" АҚ Семей ет
комбинатының филиалы болып табылатын Ұржар қасапқанасын сатып алып, 1000
тоннаға дейін ет сақтауға арналған тоңазытқыш орната отырып ішкі құрылымын
өзгерту арқылы оны ет комбинатына айналдырады. Бұл мақсаттарда Аягөз ет
комбинатының да акциясының біраз бөлігі сатып алынады, кәсіпорынның
сауықтыру жұмыстары жүргізіліп, мал сою және ет өнімдерін қайта өндіру
жұмыстары қалпына келтіріледі.
Обылыстағы шұжық өндіруші жалғыз өнеркәсіп орны- Семей қаласындағы ірі
ет комбинатының тоқталуымен нарықтық бұл нишасы өнімді қарапайым әдіспен,
арнайы жабдықталмаған жағдайларда өндіретін, тұтынушылар сұранысын саны
жағынан да, сапасы жағынан да қанағаттандырмайтын ұсақ кәсіпкерлермен тола
бастады. Кәсіпкерліктің болашағы соңғы өнімді өндіруде жатқанын сезінгеннен
кейін қызметтің бұл бағыты келешекте басымдылыққа ие болды. 1996 жылы
ғимараттарын жөндеуден өткізіп, бұрынғы ет комбинаттардың қолдануында
болған құрал-жабдықтарды сатып алып, құрастырып және оларға мамандарды
жұмылдырып, "Айгерім СҮ" Ақ шұжық өнімдерінің өндірісін толығымен игерді.
Өндіріс шикізаты: шошқа және ірі-қара мал еті- халық пен шаруа
қожалықтарынан сатып алу арқылы дайындалды, материалдар мен қоспалар Ресей
мен Қазақстан кәсіпорындарынан сатып алынады.
Кейіннен цех Қазақстан мен Ресейде жасалған сүрлеу және қайнату
камераларымен, толтыру машинасымен және басқа қажетті құрылғылармен
толықтырылды. Өнім стандарттау комитетімен сертификатталған; тұтынушылар
сұранысына ие болады. Шұжық өнімдерінің таратылуы мақсатында Семей,
Өскемен және Алматы қалаларында бөлшек сауда және көптеп сату желілері
құрылған. Өндіріс көлемі айына 50 тоннаға дейін жеткізілді. Пісірілген және
жартылай сүрленген шұжықтың 50-ден астам түрі, деликатестік және ұлттық
тағамдардың 15 түрі, сонымен бірге: мал майы, көже-сорпа қоспалары
өндіріледі. Алайда мұнымен кәсіпорынның техникалық дамуы тоқтап қалды.
Бірінші кезекте тауарлық ет өндіруге, ал содан кейін ғана шұжық өнімдерін
өндіруге қалыптасқан комбинат техникалық жағынан қайта құрылымданбады.
Физикалық ескірген және моральдық тозған құрал-жабдықтар өнімнің сапасы мен
тауарлық түрінің жақсаруын қамтамасыз етуге, ассортиментті кеңейтуге,
өнімділікті көтеруге қабілетсіз болып отыр. Фарыш өндіру мен батондарды
толтырудың вакуумды технологисын пайдаланатын қазіргі заман машиналарының
болмауы өнімнің сақтау уақыты мен тарату уақытын ұзартуға мүмкіндік бермей
отыр.
Малды союдан кейін артылып қалған терілер фирманың жаңа бағытын-
кейіннен жеке кәсіпорынға айналған тері және тон өнімдерін шығару өндірісі
ашылды.
Кәсіпорынның төмендегідей өндіріс қуаттары бар:
1. Негізгі өндірісатік цехтар:
• Мал сою және етті бөлшектеу цехі;
• Жіліктеу цехі;
• Шұжық цехі;
• Тері кептіру цехі;
• Ет тоңазытқышы;
• Дайын өнім тоңазытқышы;
• Малды союға дейін ұстау орны;
• Сапаны бақылау зертханасы.
2.Қосалқы цехтар мен өндірістік қызметтер:
• Механикалық цех;
• Гараж;
• Әкімшілік-тұрмыстық корпус.
3. Өндірістік емес бөлімшелер:
• Асхана.
Өндіріс келген шикізат пен дайын өнім сапасын бақылау зертханасымен
жабдықталған. Арнайы құрылған бөлімше шикізат пен материалдарды, дайын
өнімді сынықтан өткізіп, технологиялық процесс нормаларының сақталуын
бақылайды.
Қолда бар өндіріс қуаттары бір ауысымды 5 тоннаға дейін өнім шығаруға
мүмкіндік береді.Алайда, сауда тапсырыстарына бейімделген өндіріс өндіріліп
жүрген тауар ассортименті мен сапасының орташа айлық 70 тоннасын ғана
шығаруға мүмкіндік ашты.
Шұжық цехіне сиыр, жылқы және шошқа еті сою цехінен жартылай бөлінген
күйде немесе тоңазытқыштан суытылып, ерітілген күйде әкелінеді. Мал етін
тазартып, семіздігіне байланысты сорттап, өлшейді.
Бөлшектеу – мал еті арнайы бөлшектеу консерінде пышақпен бөлшектенеді.
Мал етінің сүрленген өнім өндіруге арналған сан етін, төсін және төс етін
бөліп алады, қалған бөліктері жіліктеуге кетеді.
Жіліктеу – мақсаты- етті сүйектен ажырату. Сүйектердің жекелеген
түрлері (омыртқа) алынбаған етімен сорпа жиынын, қуырдақ, сүрленген шошқа
сүйектерін өндіруге және одан арғы таратылуға бағытталады.
Сұрыптау және сіңірінен айыру – оның мақсаты –сіңірлерді, ірі
пленкаларды, шеміршектерді, қан тамырларын және ұсақ сүйектерін бөліп алу.
Бұл жұмыстар жалпақ және ұзын дүзі бар арнайы пышақ арқылы қолмен
жүргізіледі. Етті қоспалық тамырлары мен майлылығына байланысты сұрыптайды.
Етті тұздау – тұздалуға кететін ет және өнімдері шұжық өнімінің түріне
байланысты ұсақталады. Етті инъектер арқылы тұздайды. Сүрленгген қатты
шұжықтар мен деликатестер үшін етті 400-600 грамм бөліктермен тұздайды.
Тұздау уақыты мен тұз мөлшері –ережелерге сәйкес әр өнім түріне байланысты
әр түрлі.
Фарш дайындау – тұздау жұмыстары аяқталғаннан соң, етті екінші қайта
куттерде ұсақтайды. Бір еттарту машинасына 10кг ет сияды, тарту жылдамдығы
380 порциямин.
Термиялық өндеу – шұжық өнімдерін термиялық өндеу жұмысы тұндыру,
сүрлеу (өнім түріне байланысты қуыру, қайнату, ыстық және суық сүрлеу),
суыту және кептіруден тұрады. Толтырғыштар мен жасанды орамаларды қосу
кезінде қайнатылған шұжық, сардельки және сосискаларды тұндырудың қажеті
жоқ.
Сүрлеу – температураға байланысты сүрлеудің үш түрін ажыратады:
Қақтау-70-120 С температурада 30-150 мин аралығында қысқа уақыттық сүрлеу
(қайнатуға дейін). Ыстық сүрлеу-35-50С температурада 12-48 сағат сүрлеу.
Суық сүрлеу-18-22С температурада 2-5 тәулік сүрлеу.
Түтінің әсерінен ылғалдың 10-20%-ға жоғалуы, хлорлы натрий
концентрациясының өсуі нәтижесінде сүрленген ет өнімдерінің сақталуы
уақытын ұзартуға мүмкіндік болады. Шұжық өнімдерін сүрлеу үшін сүрлеу және
жылулық камералар пайдаланылады.
Жылулық өндеу – шикі ет өнімін дайын күйге дейін жеткізу, микро
ағзалардың вегативті түрлерінің көпшілігін жою, ферменттерді жұмылдыру,
ақуыздарды денатурациялау және ірілендіру, коллаинді желатинге айналдыру.
Жылулық өндеуге қайнату мен булау жатады. Қайнату кезінде өнімді суда,
сорпада немесе буға толы ауда қыздырады. Термиялық өндеудің ұзақтығы шұжық
өнімдерінің әр түріне арналған технологиялық ережелерге сәйкес келуі тиіс.
Шұжықтарды кептіру – бұл процесс ауданы желдету және температуралық,
ылғалдық шарттарын бақылау құрылғыларымен жабдықталған камерада
жүргізіледі. Кептірудің мақсаты – сақтау кезіндегі шұжықтардың
төзімділігін жоғарылату. Кепкен шұжықтарға деген сұраныс кезіндегі
шұжықтардың төзімділігін жоғарылату. Кепкен шұжықтарға деген сұраныс жоғары
болады, яғни бұл олардың дәмдік ерекшіліктеріәмен және өнімді сақтау
жағдайлары болмаған кезде сақтауға деген қажеттілікпен түсіндіріледі.
Өнімді орап, түю – өнім сәйкесінше атауы белгіленген вакуумды немесе
аллюминий қаптамаға оралады.
Активтерді талдау кезінде есепті жылда олар қалай жұмсалғандығына және
негізгі назар қайсысына аударылғандығын анықтау қажет. Сонымен қатар
компанияның өндірістік потенциалының жағдайы, оның негізгі құралдары жайлы
мәліметтерді білу маңызды. Ол үшін өндірістік потенциал көлемін анықтап
алайық. Оның құнына негізгі құралдардың құны мен өндірістік запастардың,
аяқталмаған өндірістің құндары қосылады. Өндірістік потенциал құны 2005
жылдың басына қарай (1-кесте) 19 718 мың теңге, жыл соңында 14 521 мың
теңге болды, яғни ол 5 197 мың теңгеге немесе 26,3%-ға қысқарған.

1-кесте. Шваб шұжықтары ЖШС активтерінің, өзіндік капиталының және
міндеттемелерінің динамикасы.
Көрсеткіштер Жыл соңына есептелген Құрылымы, %
абсолютті өлшем, мың
теңге
2003 2004 2005 2003
Алғашқы құн бойынша есептелгенмың тг 15 901 15 607
1 негізгі құралдар
2 Негізгі құралдардың тозуы мың тг 599 1 133
3 Қалдық құн бойынша есептелген мың тг 15 302 14 474
негізгі құралдар
4 Негізгі құралдардың тозу мың тг 3,77% 7,26%
коэффициенті
Негізгі құралдардың жарамдылықмың тг 96,23% 92,74%
5 коэффициенті

Кәсіпорынның қаржылық жағдайын сипаттайтын келесі бір көрсеткіш – ол
қаржыландыру коэффициенті болып саналады. Бұл коэффициент өзіндік
капиталдың тартылған капиталға қатынасымен есептеледі:
Кқ = Өк Тк
Мұндағы, Өк - өзіндік капитал;
Кқ – қаржыландыру коэффициенті;
Тк - тартылған капитал.

Бұл коэффициент кәсіпорын қызметінің қай бөлігі өз қаржысына, қай
бөлігі жұмылдырылған құралдармен қаржыландырылатынын көрсетеді.
Қаржыландыру коэффициентінің көлемі 1 болған жағдай төлем
қабілеттілігіне қауіп төндіреді және несие алуға да өз кедергісін тигізуі
мүмкін. Шваб шұжықтары ЖШС-де бұл коэффициент 2005 жылдың соңында 1,65
тең болды.
Қазіргі әдебиеттерде кәсіпорынның қаржылық жағдайын оның тұрақтылық
деңгейі бойынша келесі төрт түрге бөліп жүр:
1) қаржылық жағдайының абсолютті тұрақтылығы;
2) қаржылық жағдайының кәдуілгі тұрақтылығы;
3) тұрақсыз қаржылық жағдай;
4) дағдарыстық қаржылық жағдай.
Кәсіпорындағы еңбек ресурстарының тиімді пайдалануына көптеген
факторлар ықпал етеді, солардың қатарына құралдардың жарамдылық және
техникалық деңгейі, өнімдерді өндіруге қажетті материалдық-ресурстық
құндылықтардың дұрыс жеткізілуі және басқа да факторлар бар.
Еңбек ресурстарын талдаудың негізгі мақсатына келесілер жатады:
- кәсіпорынның, оның құрылымдық бөлімшелерінің еңбек ресурстарымен
қамтылу деңгейі, олардың жіктелуі және біліктілік сипаттары;
- кадрлар ағымдылығының жағдайын анықтау және зерттеу;
- еңбек ресурстарын тиімді пайдалану резервтерін анықтау, соның
нәтижесінде маңызды ұсыныстар жасау.

3-кесте. Кәсіпорындағы еңбек ресурстарының жағдайын жалпы бағалау
№ Көрсеткіштер 2004 ж. 2005 ж. 2005 ж. %-бен
рр 2004 ж.
адам % адам %
1.1Соның ішінде: - 65 70,6 68 70,1 104,6
жұмысшылар
1.2- басшылар 12 13,0 12 12,4 100,0
1.3- мамандар 7 7,6 9 9,3 128,6
1.4- қызметшілер 5 5,4 5 5,1 100,0
1.5- басқалары 3 3,3 3 3,1 100,0
2. Жас мөлшерлері
2.116-дан 24 жасқа 6 6,5 8 8,2 133,3
дейін
2.225-тен 29 жасқа 17 18,5 18 18,6 105,9
дейін
2.330-дан 49 жасқа 57 62,0 60 61,9 105,3
дейін
2.450-ден жоғарылары 12 13,0 11 11,3 91,7

Кәсіпорынның еңбек ресурстарымен қамтылу дәрежесі ондағы персоналдың
жоспарлы санының нақты көрсеткішімен сәйкестігі арқылы анықталды. 3 кесте
мәліметтеріне сүйенсек Шваб шұжықтары ЖШС қызметкерлерінің ішінде негізгі
үлес салмақты жұмысшылар алатынын байқаймыз. Егер 2004 жылы олардың үлесі –
70,6 % 2005 жылы – 70,1 % құрады.
Жас мөлшері бойынша еңбек ететін кәсіпорын қызметкерлерінің топтамасы
мынаны көрсетті: ең көп үлес 30 бен 49 жас аралығындағы еңбеккерлерге
тиесілі болып отыр, олардың саны 2005 жылы 3 адамға артып, 60 адамға
теңелді.
Бұл жобаның есептемелеріне өндіріс көлемі мен сату түсімдерінің
пессимистік көрсеткіштері алынған. Қолда бар құрал-жабдықтардың қуаты бір
ауысымда (смена) 5 тонна өнім шығаруға, ал тәжірибеленген жүйе оны өткізуге
мүмкіндік береді. Жаңа құрал-жабдықтар бір ауысымдағы өндіріс қуатын 7
тоннаға дейін жеткізіп, сатудан түсетін табысты айтарлықтай көтермелеуге
әсер ететін өнімнің жаңа түрлерін шығаруға мүмкіндік ашады. Тек
сосискалар өндірісі ғана 4 тоннаға дейінгі өсімді береді. Өнімді
таратудың бағалары қазіргі бағаның төмендетілуіне негізделген, ол да
жобаның тұрақтылығын күшейтеді. Сатудан түскен түсімдердің 5%-ы – сауда
шегерімі болып табылады, яғни бұл да өнімді өткізу көлемінің өсуі кезіндегі
табыстардың көбеюіне әкелетін факторлардың бірі болып отыр.

Сурет 3. Кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығына әсер ететін факторлар

2.2 Өнім өндірудің экономикалық тиімділігі

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ақсай нан НБК ЖШС-нің технико-экономикалық көрсеткіштерін талдау
Кәсіпорынның бәсекеге қабілеттілігінің негізгі көрсеткіштері
Кәсіпорынның бәсекеге қабілеттілігін арттыру жолдарын қарастыру
Тауардың бәсекеге қабілеттілігін анықтайтын факторлар
Бәсекелестіктің нарықтағы қызметтері
Кәсіпкерлік қызметті мемлекеттік қолдау механизмдері
−кәсіпорындардың бәсекеге қабілеттілігін арттыру
КӘСІПОРЫН ӨНІМІНІҢ БӘСЕКЕГЕ ҚАБІЛЕТТІЛІГІН жоғарылату
Өнімнің бәсекеге қабілеттілігінің экономикалық параметрлерін жақсарту
Бәсекелестік. Алматы нан» АҚ әлеуетін талдау
Пәндер