Салықтар және Қазақстан Республикасының салық жүйесі


Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі
АҚ «ҚАРЖЫ АКАДЕМИЯСЫ»
«ҚАРЖЫ» кафедрасы
Салықтар және Қазақстан Республикасының салық жүйесі
Курстық жұмыс орындалған пән атауы: Қаржы
ФСЗК-21 тобының студенті: Қабыкен А. Ж.
Жетекшісі: «Қаржы» кафедрасының
аға оқытушысы Хамитхан Н.
Астана 2016 ж.
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ
Мемлекеттің тұрақты экономикасын құруда салықтар маңызды орын алады. Экономикалық мазмұн тұрғысынан салық дегеніміз тұрғын, кәсіпорын (фирма) мен ұйымдардан заңға негізделіп алынатын міндетті төлем жүйесі.
Салық мәселесі мен салық салудың тамыры ғасырларға тереңдеп кеткен. Салық - нарықтық қатынастардың бір бөлігі, оның қызмет етуі елдегі экономикалық реформалардың нәтижелілігімен тығыз байланысты. Өз кезегінде жүргізілген салықтық реформаның тиімділігі мемлекеттің экономикалық дағдарысын, проблемаларын шешуші қызметін атқаруда. Яғни салық - бұл белгілі бір көлемде, белгілі бір мерзімде жалпы мемлекеттік қажеттіліктер үшін өкілетті мемлекеттік органдардың актілері негізінде бюджетке төленетін заңды және жеке тұлғалардың қайтарымсыз төлемдері.
Салық мәселесімен А. Нұрымов, Б. Ермекбаева, Н. Мамыров, К. Ілиясов, Ө. Шеденов, Құлпыбаев сияқты белгілі ғалымдар айналысады.
Салықтар - мемлекет қаржысының тұрақты қайнар көзі болып табылады. Мемлекет салықтарды экономиканы дамыту, тұрақтандыру барысында қуатты экономикалық тетік ретінде пайдаланады. Салықтар мемлекеттің егемендігінің бір көрінісі. Осынысымен салықтар мемлекет меншігі мен заемдарынан түсетін табыстан ерекшеленеді.
Курстық жұмыстың мақсаты - мемлекеттің экономикалық тұрақтылығын қамтамасыз етудегі салықтардың алатын орны мен рөліне талдау жасау болып табылады.
Курстық жұмыстың міндеті - қойылған мақсатқа жету, ол үшін салықтың мәнін, мазмұнын, атқаратын қызметін, шет елдік салық салу тәжірибесін, салық салу саясатының даму жағдайын, оны жетілдіру жолдарын теориялық тұрғыда қарай отырып, оны практикамен ұштастыру, қорытынды жасау болып табылады.
Курстық жұмыста Қазақстан республикасының салық жүйесіне толық сипаттама берілген. Қазіргі кездегі салықтардың мәнін, маңызын, нарықтық экономикадағы алатын орнын, негізгі проблемаларын және жетілдіру жолдарын қарастырдық.
Салық салудың негізгі мақсаты - мемлекет қазынасын толтыру, еліміздің экономикасын дамыту, әлеуметтік жағдайды жақсарту және кәсіпорын, тұрғындар қаржыларын қоғамдық қажеттілікке тарту болып табылады.
Салықсыз мемлекеттің және онымен байланысты барлығының да өмір сүруі мүмкін емес. Қазіргі кездегі салықтардың маңызы мен рөлі мемлекеттік органдарды қаржы ресурстарымен қамтамасыз етумен шектелмейді. Салықтар ұлттық табысты мемлекеттендірудің басты құралы. Олардың макроэкономикалық рөлі артып келеді, мұны ЖҰӨ-нің көлеміндегі салық үлесінің ұлғаюынан көруге болады. Салықтар экономикалық белсенділікті арттырудың, ұдайы өндіріс процесіне әрекет етудің басты бір тұтқасы ретінде - жаңа сипатқа ие болуда. Мұндай ықпал көп бағытта жүргізуде.
1. Салықтар және Қазақстан Республикасының салық жүйесі
1. 1. Салықтың экономикалық мәні мен мазмұны
Қазіргі нарықтық экономика жүйесінде салықтардың алатын орны өте зор. Салықтар мемлекеттік бюджеттің негізгі бөлігі. Бүгінгі күнде салықтар әлеуметтік сферада және экономикалық реттеуде негізгі инструмент ретінде көрініс табады, өйткені мемлекет салық жүйесінің көмегімен ұлттық табысты қайта бөлу кезінде өзінің әсерін тигізе алады.
Ұйымдық-құқықтық жағынан салықтар - бұл мемлекет біржақты тәртіппен заң жүзінде белгілеген, белгілі бір мөлшерде және мерзімде бюджетке төленетін қайтарусыз және өтеусіз сипаттағы міндетті ақшалай төлемдер болып табылады.
Салық мәселесі мен салық салудың тамыры ғасырларға тереңдеп кеткен. Ал, оларға ғылыми көзқарас ХҮІІ-ХІХ ғасырларда пайда болды. Оған дәлелді теориялық экономия классикалық мектебі ағылшын өкілдері еңбегінен табамыз: В. Петти (1623-1687ж. ж. ) „Салық пен жиынтық трактаты” - (1662ж), Д. Рикардо „Салық салу және саяси экономияның басталуы” - (1817ж. ), А. Смит „Халықтар байлығының себептері мен табиғатын зерттеу” - (1776ж. ) А. Смит салық салудың төрт принциптерін айқындаған. Оның осы принциптері дамыған елдерде салық салудың негізін құрайды.
1. Өзіне бекем мемлекет мүмкіндігіне қарай, қабілеті мен күшіне сай үкіметті ұстауға қатысады. Мемлекеттің қорғауымен қамқорлығын пйдалана отырып, қаржыландыру үкіметтің табысына сай жүзеге асады. Бұл ережені сақтау немесе сақтамау салық салудың тереңдігіне немесе тепе-теңдігіне ұрындырады.
2. Жеке тұлға төлейтін салық міндетті түрде айқын болуы керек. Салықтық төлеу мерзімі, төлем тәсілі, сомасы - барлығы дәрлік төлем төлеуші үшін анық әрі ашық болуы қажет және кез келген адамға да солай.
3. Әрбір алынатын салық белгілі уақытта немесе белгілі тәсілмен төлеуші үшін ыңғайлы кезде барлығын төлейді.
4. Әрбір салық ой елегінен өткізіліп, толғағына толық жеткізілгені дұрыс. Оның мемлекет қазынасына құйылуы, халық қалтасынан алғаны және ұстағаны мүмкіндігінше аздау болғаны жөн. Қазынаға құйылғаннан гөрі, салықты халық қатынасынан алу мен ұстаудың көп болуы да әбден мүмкін. Себебі, оны жинау шенедіктердің көп болуын талап етсе, оларға төленетін айлық сомасы салықтың мол мөлшері арқылы жүзеге асады.
А. Смит тікелей, жанбасы, жанама салықтар жүйесін және оларды қолданудың әлеуметтік - экономикалық салдарын барынша талдады.
Салық салудың мынадай принциптері бар:
- салық бар игіліктерге пропорционалды түрде қоғам мүддесіне сай алынады;
- салық табыс мөлшері мен әлауқаттылық деңгейіне тәуелді болады.
Сонымен, салықтар дегеніміз мемлекеттік бюджетке заңды және жеке тұлғалардан белгілі бір мөлшерде және мерзімде түсетін міндетті төлемдер болып табылады.
Салықтар - шаруашылық жүргізуші субъектілердің, жеке тұлғалардың мемлекетпен екі арадағы мемлекеттік орталықтандырылған қаржы көздерін құруға байланысты туындайтын қаржылық қатынастарды сипаттайтын экономикалық категория.
Салықтардың экономикалық мәні мынада:
- біріншіден, салықтар шаруашылық жүргізуші субъектілер мен халық табысының қалыптасуындағы қаржылық қатынастардың бір бөлігін көрсетеді.
- екіншіден, шаруашылық жүргізуші субъектілер мен халық табысының белгілі бір мөлшерін мемлекет үлесіне жинақтап, жиынтықтаудың қаржылық қатынастарын көрсетеді.
Салықтар - мемлекет қаржысының тұрақты қайнар көзі. Мемлекет салықтарды экономиканы дамыту, тұрақтандыру барысында қуатты экономикалық тетік ретінде пайдаланады. Осы салық салуға байланысты әр дәуірлерде мемлекет қайраткерлері, экономистер, философтар, ойшылдар көптеген еңбектер жазған. Мысалы, Ф. Аквиннский „Салықтарды ұрлаудың рұқсат етілген нысаны” ретінде анықтаса, салық салу теориясының негізін салушылардың бірі А. Смит „Салық төлеушілер үшін құлшылықтың белгісі емес, бостандықтың белгісі” деп тұжырымдаған.
„Салық” ұғымы әр түрлі әдебиеттерде әр түрлі қарастырылады. Негізінен көптеген экономикалық әдебиеттерде „салық” ұғымы бюджет қорына белгілі бір көлемде және белгілі бір уақытта түсетін міндетті төлем ретінде қарастырылады. [2]
Нарықтық эколномиканың қалыптасу кезеңінде салық салу саясатының негізгі бағыты - салық жүйесін құру және оның тиімді қызмет етуіне мүмкіншілік беретін салық механизмін іске асыру. Салық салудың әдістері мен жолдары, салық салудың негізгі қағидалары, салық салуды ұйымдастыру салық механизміне жатады.
Қандай да бір механизмнің құрамында бірнеше тетіктер мен элементтер болады. Сол сияқты салық механизмі де белгілі бір салық элементтерінен тұрады. Салық салу элементтері мыналар: субъект, объект, салық көзі, салық ставкасы, салық өлшем бірлігі, салық оклады, салық жеңілдіктері, салық төлеу мерзімі мен тәртібі, салық төлеушінің және салық қызметі органдарының құқықтары мен міндеттері, салық төлеуін бақылау, салықтық жазалау шаралары.
1. 2. Қазақстан Республикасының салық жүйесі мен атқаратын қызметтері, олардың түрлері
Салықтардың мәнін толық түсіну үшін олардың экономикалық маңызын түсіну қажет. Ал салықтардың экономикалық маңызы олардың атқаратын қызметіне тікелей қатысты.
Салықтардың мынадай негізгі қызметтері бар:
- фискалдық
- реттеушілік
- бақылаушылық
Салықтардың бірінші қызметі - фискалдық немесе бюджеттік қызмет. Бұл қызмет арқылы мемлекеттік бюджеттің кіріс бөлімі құрылып, салықтардың қоғамдық міндеті артады. Себебі, салықтар мемлекеттік бюджеттің кірісін топтастыра отырып, әлеуметтік, әскери, қорғаныс, тағы басқа да шаралардың іске асуын қамтамасыз етеді. Мемлекеттік бюджеттің кіріс көзін құрайтын негізгі қаржылық көздер - салықтар. Салық өндірістің дамуына барынша өз ықпалын тигізіп, өндірушілердің ынтасын арттыруға жағдай жасауы қажет.
Салықтардың екінші маңызды қызметі ол, реттеушілік қызметі.
Реттеушілік қызметі салық механизмі арқылы іске асырылады. Оның ішіндегі негізгі тетіктер салық ставкалары мен салық жеңілдіктері. Салықтық реттеудің тетіктері тек қана өндірістің дамуын реттеп қана қоймай, сонымен қатар ақша және баға саясаты, шетелдік инвесторларды ынталандыру, шағын және кіші кәсіпкерлікті дамыту жұмыстарын жүзеге аысруы қажет. Әрине салықтық реттеу тетіктері тиімді қызмет атқару үшін олардың басқа да экономикалық тетіктерімен тығыз байланыста болуы керек.
Салық мөлшерін көбейту мақсатында салық ставкаларын шектен тыс жоғары деңгейде белгілеу өндірістің тоқтауына, өндірушінің өз ісіне деген ынтасын жоғалтуына әкеліп соғатыны көптеген ғалымдар еңбектерінде тұжырымдалып, дәлелденген. Мысалы, табыс салығын салғанда, салық ставкасының деңгейі 35-40 пайыздан аспауы қажет. [7]
Салықтардың бақылаушылық қызметі арқылы салық механизмінің қызмет етуінің тиімділігі бағаланады, қаржы ресурстарының қимылына бақылау ісі жүргізіледі, салық жүйесі мен бюджет саясатын жетілдіру жолдары қарастырылады. Салықтық бақылауды тиімді жүргізу арқылы салықтық тәртіпті қатаң сақтау, салық төлеушілердің заңға сәйкес төлейтін салықтары мен алымдарын толық және уақытылы бюджетке төлеп отыруы қамтамасыз етіледі.
Салықтардың түрлеріне келетін болсақ, қазіргі кезде Қазақстан Республикасында олардың 9 түрі бар, сонымен қатар бұлардың құрамына 2005 жылдың 1-ші қаңтарынан салықтың тағы бір түрі енгізілді. Бұл - экспортқа шығарылатын шикімұнай мен газ конденсатына рента салығы болып табылады.
Енді салықтарыдың негізгі түрлеріне толығырақ тоқталып өтейік.
Корпорациялық табыс салығы - заңды тұлғалардың табысына салынатын жалпы мемлекеттік тікелей салық.
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі мен мемлекеттік мекемелерді қоспағанда, Қазақстан Республикасының резидент заңды тұлғалары, сондай - ақ, Қазақстан Республикасында тұрақты мекеме арқылы қызмет жасайтын немесе Қазақстан Республикасындағы көздерден табыс алатын резидент емес заңды тұлғалар корпорациялық табыс салығын төлеушілер болып табылады. Салық салу объектісіне: салық салынатын табыс, төлем көзінен салық салынатын табыс жатады, сонымен қатар Қазақстан Республикасында қызметін тұрақты мекеме арқылы жүзеге асыратын резидент емес заңды тұлғаның таза табысы жатады.
Корпорациялық табыс салығы бойынша декларация тапсырылғанға дейінгі кезеңдердегі аванстық төлемдер сомалары өткен салық кезеңі үшін төленген орташа айлық аванстық төлемдер мөлшерінде есептеп шығарылады.
Күнтізбелік жыл корпорациялық табыс салығы үшін салық кезеңі болып табылады. Корпорациялық табыс салығын төлеушілер корпорациялық табыс салығы бойынша декларацияны салық органдарына есепті салық кезеңінен кейінгі жылдың 31 наурызынан кешіктірмей табыс етеді.
Жеке табыс салығы мемлекеттік бюджеттің кірістерінің басты көздерінің бірі және де басқа салықтарға қарағанда халықтың өміріне тікелей тікелей әсер ететін салықтың бір түрі. Осы табыс салығын төлеуші болып салық жылы ішінде салық салынатын табысы бар Қазақстан Республикасының азаматтары, шетел азаматтары және азаматтығы жоқ тұлғалар табылады. Әрбір салық төлеушілер табыс салығын өздері тұрған жері бойынша төлеуді жүзеге асырады. Жеке табыс салығын салу объектілері мыналар:
- төлем көзінен салық салынатын табыстар;
- төлем көзінен салық салынбайтын табыстар.
Салық төлеушінің салық жылы ішінде салық салынатын табыстарына мынадай салық ставкалары бойынша салық салынады.
Кесте-1
Салық салынатын табыс сомасынан
5 %
Әлеуметтік салық еліміздің салық жүйесіне 1999 жылдан бастап енгізілген тікелей салық. Қазақстан Республикасының резиденттері, сондай-ақ тұрақты мекеме арқылы Қазақстанда қызмет жасайтын резидент еместер, жеке кәсіпкерлер, жеке нотариустар мен адвокаттар әлеуметтік салықты төлеушілер болып табылады.
Салық салу объектісі
- Резидент және тұрақты мекеме арқылы жұмыс жасайтын резидент емес заңды тұлғалар үшін әлеуметтік салық салу объекті жұмыс берушінің қызметкерлерге төлейтін шығындары.
- Жеке кәсіпкерлер, жеке нотариустар мен адвокаттар үшін әлеуметтік салық салу объектісі болып салық төлеушінің өзін қоса алғандағы, жұмыскерлерінің саны табылады.
Әлеуметтік салық ай сайын есептеледі және есепті айдан кейінгі айдың 15-нен кешіктірмей бюджетке төленуі керек. Әлеуметтік салық жөніндегі декларация есепті тоқсаннан кейінгі айдың 15-сінен кешіктірмей салық органына тапсырылуы қажет.
Жер қойнауын пайдаланушылардың арнаулы төлемдері мен салығы.
Жер қойнауын пайдаланушы деп Қазақстан Республикасы аумағындағы геологиялық зерттеуді пайдалы қазбалар өндіруді, техногендік құрылымдарды қайта өңдеуді жүзеге асыратын және Қазақстан Республикасы заңнамаларында бекітілген тәртіппен шарт жасаған тұлғаларды айтады. Жер қойнауын пайдаланушы үшін белгіленетін салық режимі тек қана Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіппен жер қойнауын пайдалануға жасалатын келісім-шартта айқындалады.
Жер қойнауын пайдаланушылардың арнаулы төлемдері мен салығына мыналар жатады:
- бонустар
- роялти
- үстеме пайда салығы.
Жер салығы. Жерді иелену және пайдалану үшін төленетін ақы жер салығы ретінде қарастырылады. Бұл салықтың мақсаты жерді ұтымды пайдалануды қамтамасыз ету және жерді сақтау, құнарлығын арттыру, жергілікті аймақтардың әлеуметтік-мәдени дамуы үшін қажетті шараларды іске асыру үшін бюджетке түсетін табыстарды құру. Жер салығын төлеушілер - меншігінде немесе тұрақты пайдалануында жер учаскесі бар заңды тұлғалар (оның ішінде резидент еместер), олардың филиалдары, өкілдіктері және жерге иелік етуші жеке тұлғалар.
Жер салығының салық салу объектісі - жерге иелік ететін немесе пайдаланатын заңды және жеке тұлғалардың қарамағындағы жер учаскелері.
Мүлікке салынатын салық.
Салық салу объектісіне қарай мүлікке салынатын салық тікелей салықтарға жатады. Белгіленген ставкаларды есепке ала отырып, салық мүліктің құнына тікелей салынады.
Мүлік салығын төлеушіер:
- Қазақстан Республикасының аумағында меншік шаруашылық жүргізу немесе оралымды басқару құқығында салық салу объектісі бар заңды тұлғалар (соның ішінде Қазақстан Республикасында қызметін жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының резидент емес тұлғалар) ;
- Қазақстан Республикасының аумағында меншік құқығында салық салу объектісі бар жеке кәсіпкерлер;
- меншік құқығында салық салу объектілері бар жеке тұлғалар.
Меншік иесі салық салу объектілерін сенімгерлік басқаруға немесе жалға берген кезде меншік иесімен келісім бойынша салық төлеуші сенімгер басқарушы немесе жалға алушы болуы мүмкін.
Көлік құралдарына салынатын салық тікелей салық және мемлекет пен көлік құралдарының арасындағы экономикалық қатынастарды реттейтін салықтарға жатады. Көлік құралдарының иелері көлік құралдарын иемдену барысында республиканың автомобиль жолдарын пайдаланады. Ал осы автомобиль жолдарын қаржыландыруды мемлекеттік бюджет жүзеге асырады. Сондықтан көлік құралдарына салынатын салықтың экономикалық мәні зор деп айтуға болады. Көлік құралдарына салынатын салық салу объектісіне қарай тікелей салықтарға жатады. Ал пайдалану белгісіне қарай бұл көлік құралдарына салынатын салық арнайы салықтарға жатады. Өйткені, бұл салықтан жиналған ақша қаражаттары сол көліктер жүретін жолдарды жөндеу үшін арнайы мақсатқа жұмсалады.
Экспортқа шығарылатын шикімұнай мен газ конденсатына рента салығы. Бұл салықтың жаңа түрі 2005 жылдың 1-ші қаңтарынан бастап енгізілді. Рента салығын төлеушілер экспортқа шикімұнай мен газ конденсатын, контрактімен жер қойнауын пайдалануды бөліскеннен басқа жеке және заңды тұлғалар болып табылады. Рента салығының объектісі экспортқа шығарылатын шикімұнай мен газ конденсаты. Рента салығының базасы экспортқа шығарылатын шикімұнай мен газ конденсатының нарықтық құны мен көлемінен салық төлеушінің тасымалдау шығынының шегеру айырмасы болып табылады.
Жанама салықтар - бағаға немесе тарифке үстеме түрінде белгіленген салықтар, олар салық төлеушілердің табыстарына немесе мүлкіне тікелей байланысты емес.
Қосылған құн салығы тауарларды (жұмыстарды, қызмет көрсетулерді) өндіру және олардың айналысы процесінде қосылған, олардың өткізу бойынша салық салынатын айналым құнының бір бөлігін бюджетке аударуды, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағындағы тауарлар импорты кезіндегі аударымы білдіреді.
Акциздер. Жанама салықтардың келесі түрі - акциз деп аталады. Бюджет кірістеріндегі салықтың түсімдерінде олар 2, 7% құрайды. Акциздер - бағаға қосылатын және сатып алушы төлейтін тауарларға салынатын салық. Акциздерді өзінің айрықшалықты ерекшеліктеріне қарай монополды түрде жоғары бағалары мен тұрақты сұранымы болатын тауарларды өндірушілер төлейді. Акциздер көрсетілген қызметтерге де салынуы мүмкін, бұл орайда салық сомасы тарифке кіріктіріледі.
1. 3. Қазақстан Республикасының салық жүйесіндегі кейбір мәселелер және оны шешу жолдары
Қандай да болмасын мемлекеттің салық жүйесі негізінен екі қызметті атқарады. Біріншісі фискалды қызмет болса, екіншісі реттеуші қызметі. Фискалды қызмет ешкімді де алаңдата қоймайды, себебі кез келген мемлекеттің өмір сүруі үшін қаражаттың қажеттілігі өте маңызды нәрсе. Реттеуші қызмет әркімнің, мейлің мемлекеттің немесе кәсіпкерлердің болсын, аса қызықтыратын мәселесі болып табылады.
Қазақстандағы салықтардың атқаратын реттеуші қызметіне кеңінен тоқталсақ, оның оншалықты өз атына сәйкес келе бермейтін жақтарын байқауымызға болады. Салықтардың реттеуші ролі негізінен мынадай шараларға жауап беруі қажет: мемлекеттік бюджетке түсетін кіріс мөлшерінің белгілі бір деңгейін ұстап отыру және кәсіпорындар мен жеке тұлғаларға салынатын салықтардың ауыртпалығын реттестіру.
Қазақстанның 2030 жылға дейінгі даму стратегиясында болашақтағы мемлекетіміздің негізгі байлық көзі шикізатты, соның ішінде ең біріншіден мұнайды экспорттау болып табылады. Осыған сәйкес, салық жүйесінің алдында тұрған маңызды мәселелердің бірі шикізатты экспорттаушыларға салынатын салықтардың тиімділігін арттыру болып табылады.
Үкімет басшысының хабарлағанындай, 1999 жылдың қорытындысы бойынша, мұнайды экспорттаудан тек салық түрінде ғана мемлекеттік бюджетімізге 500 миллион АҚШ доллары шамасындағы қаржы түспей қалған. Мұндай көлемдегі қаржы республикалық бюджетіміздің төрттен бір бөлігіндей мөлшерді құрайды. Егер бұл көрсеткіш тек қана мұнай саласында орын алған болса, онда еліміздің бүкіл шикізатын экспорттаудан түспей қалған қаражаттың мөлшері қандай болар еді?
Осындай көлеңкелі экономиканың келеңсіз әрекеттерінен еліміздегі күнделікті тұрмыстық қажеттіліктерге аса зәру болып отырған тұрғындардың бөлігі көп зардаптар шегуде. Екінші жағынан, салық салынатын базаның кемуінен, экспорттаушы емес экономиканың басқа салаларында қызмет атқарып отырған кәсіпорындарға жүктелетін салық ауыртпалығы арта түсуде.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz