Қаржы менеджмент



КІРІСПЕ
І. Қаржы менеджментінің мазмұны
1.1 Қаржы менеджерінің рөлі, мақсаты мен міндеттері
1.2 Қаржылық жоспарлау мен бақылау қаржы менеджмен.тінің негізгі функциялары ретінде
ІІ. Қаржылық менеджментінің базалық (негізгі) тұжырымдамалары мен көрсеткіштері
2.1 Санаттарды анықтау: активтер, міндеттемелер, капитал, кірістер (табыстар), шығындар, қаржы құралдары мен тәуекелдер, капитал тұжырымдамаларын бағалау әдістері
2.2 Қаржылық менеджментінің теориясы мен практика.сында пайдаланатын негізгі көрсеткіштер
ҚОРЫТЫНДЫ
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
Қаржы менеджменті экономикалық ғылымдағы келешегі ең зор бағыт болып келеді. Қазіргі заманғы жағдайларда қаржы менеджері кәсіпорынның басты тұлғаларының бірі. Ол қаржылық сипатты мәселелердің дұрыс шешілуіне, кейде мақсатқа сәйкес соңғы шешімді қабылдау үшін жауапты. Көбінесе қаржы менеджері қабылданған шешімнің жауапты орындаушысы болып, сонымен бірге қаржылық қызметін де іске асырады. Қаржы менеджерінің негізгі міндеттері үш негізгі бағыттар бойынша шешімдерді қабылдауда тұрады: активтерді басқару, инвестициялық қызмет және кәсіпорын дамуының қаржыландыру көздерін іздеу.
Экономикалық тұрғыдан алғанда қаржылық менеджмент капиталды оңтайлы (ұтымды) және тиімді пайдалану жүйесі ретінде анықталады, яғни ақша құралдарының, инвестиция-лардың және капиталдың көбеюіне бағытталған.
Қаржылық менеджментіне жатады:
- әр түрлі қаржы құралдарын пайдалануымен фирманың қаржы саясатын әзірлеу және іске асыру;
- қаржы мәселелері бойынша шешімдерді қабылдау, оларды нақтылау және іске асыру әдістерін әзірлеу;
- фирманың қаржылық есеп беруі мен талдауы арқылы ақпараттық қамтамасыз ету;
- инвестициялық жобаларды бағалау және инвестициялар қоржынын қалыптастыру;
- қаржылық жоспарлау мен бақылау;
- фирманың қаржылық – шаруашылық басқару аппаратын ұйымдастыру;
Қаржылық менеджментінің әдістері бағалауға мүмкіндік береді:
- қайсыбір ақша салымы тәсілінің тәуекелі мен пайдалылығын;
- капитал айналымының жылдамдығын, шапшаңдығын және оның өнімділігін.
Қаржылық менеджментінің міндеті: фирма қызметінің мақсаттарына жету үшін әдістерді, қаржы мен құралдарды тауып, қолдану. Бұл – келесі мақсаттар:
- пайданы көбейту;
- алдыңғы кезеңде пайданың тұрақты нормасына жету;
- қызметкерлер құрамы мен акционерлердің табыстарын көбейту;
- фирма акцияларының бағамдық құнын жоғарылату және т.б.
1. « Қаржылық менеджмент » . Есенгельдин Б.С., Ақбаев Е.Т.
2. « Менеджмент » . Ақбаев Е.Т.
3. « Қаржылық менеджмент » Э.С. Мадиярова
4. « Қаржы менеджменті » Э. С. Мадиярова, С. Н. Сүйеубаева.
5. « Менеджмент негіздері » Ахметов К.Ғ.
6. « Қаржы менеджмент » Б. С. Сапарова.
7. « Корпоративтік қаржы » Н. Н. Кадерова

Пән: Қаржы
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 20 бет
Таңдаулыға:   
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
АҚ ҚАРЖЫ АКАДЕМИЯСЫ




РЕФЕРАТ
Тақырыбы: Қаржы менеджмент

Орындаған : Қабыкен А.Ж.
Группа: ФСЗК - 31
Тексерген: Даулетханова Ж.Д

Астана қ.
2016жыл

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ
3
І. Қаржы менеджментінің мазмұны
4
1.1 Қаржы менеджерінің рөлі, мақсаты мен міндеттері
4
1.2 Қаржылық жоспарлау мен бақылау қаржы менеджмен-тінің негізгі функциялары ретінде
8
ІІ. Қаржылық менеджментінің базалық (негізгі) тұжырымдамалары мен көрсеткіштері
12
2.1 Санаттарды анықтау: активтер, міндеттемелер, капитал, кірістер (табыстар), шығындар, қаржы құралдары мен тәуекелдер, капитал тұжырымдамаларын бағалау әдістері
2.2 Қаржылық менеджментінің теориясы мен практика-сында пайдаланатын негізгі көрсеткіштер
12

15
ҚОРЫТЫНДЫ
19
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
20

КІРІСПЕ

Қаржы менеджменті экономикалық ғылымдағы келешегі ең зор бағыт болып келеді. Қазіргі заманғы жағдайларда қаржы менеджері кәсіпорынның басты тұлғаларының бірі. Ол қаржылық сипатты мәселелердің дұрыс шешілуіне, кейде мақсатқа сәйкес соңғы шешімді қабылдау үшін жауапты. Көбінесе қаржы менеджері қабылданған шешімнің жауапты орындаушысы болып, сонымен бірге қаржылық қызметін де іске асырады. Қаржы менеджерінің негізгі міндеттері үш негізгі бағыттар бойынша шешімдерді қабылдауда тұрады: активтерді басқару, инвестициялық қызмет және кәсіпорын дамуының қаржыландыру көздерін іздеу.
Экономикалық тұрғыдан алғанда қаржылық менеджмент капиталды оңтайлы (ұтымды) және тиімді пайдалану жүйесі ретінде анықталады, яғни ақша құралдарының, инвестиция-лардың және капиталдың көбеюіне бағытталған.
Қаржылық менеджментіне жатады:
oo әр түрлі қаржы құралдарын пайдалануымен фирманың қаржы саясатын әзірлеу және іске асыру;
oo қаржы мәселелері бойынша шешімдерді қабылдау, оларды нақтылау және іске асыру әдістерін әзірлеу;
oo фирманың қаржылық есеп беруі мен талдауы арқылы ақпараттық қамтамасыз ету;
oo инвестициялық жобаларды бағалау және инвестициялар қоржынын қалыптастыру;
oo қаржылық жоспарлау мен бақылау;
oo фирманың қаржылық - шаруашылық басқару аппаратын ұйымдастыру;
Қаржылық менеджментінің әдістері бағалауға мүмкіндік береді:
oo қайсыбір ақша салымы тәсілінің тәуекелі мен пайдалылығын;
oo капитал айналымының жылдамдығын, шапшаңдығын және оның өнімділігін.
Қаржылық менеджментінің міндеті: фирма қызметінің мақсаттарына жету үшін әдістерді, қаржы мен құралдарды тауып, қолдану. Бұл - келесі мақсаттар:
oo пайданы көбейту;
oo алдыңғы кезеңде пайданың тұрақты нормасына жету;
oo қызметкерлер құрамы мен акционерлердің табыстарын көбейту;
oo фирма акцияларының бағамдық құнын жоғарылату және т.б.

І. Қаржы менеджментінің мазмұны
1.1 Қаржы менеджерінің рөлі, мақсаты мен міндеттері

Экономикалық тұрғыдан алғанда қаржылық менеджмент капиталды оңтайлы (ұтымды) және тиімді пайдалану жүйесі ретінде анықталады, яғни ақша құралдарының, инвестиция-лардың және капиталдың көбеюіне бағытталған.
Қаржылық менеджментіне жатады:
oo әр түрлі қаржы құралдарын пайдалануымен фирманың қаржы саясатын әзірлеу және іске асыру;
oo қаржы мәселелері бойынша шешімдерді қабылдау, оларды нақтылау және іске асыру әдістерін әзірлеу;
oo фирманың қаржылық есеп беруі мен талдауы арқылы ақпараттық қамтамасыз ету;
oo инвестициялық жобаларды бағалау және инвестициялар қоржынын қалыптастыру;
oo қаржылық жоспарлау мен бақылау;
oo фирманың қаржылық - шаруашылық басқару аппаратын ұйымдастыру;
Қаржылық менеджментінің әдістері бағалауға мүмкіндік береді:
oo қайсыбір ақша салымы тәсілінің тәуекелі мен пайдалылығын;
oo капитал айналымының жылдамдығын, шапшаңдығын және оның өнімділігін.
Қаржылық менеджментінің міндеті: фирма қызметінің мақсаттарына жету үшін әдістерді, қаржы мен құралдарды тауып, қолдану. Бұл - келесі мақсаттар:
oo пайданы көбейту;
oo алдыңғы кезеңде пайданың тұрақты нормасына жету;
oo қызметкерлер құрамы мен акционерлердің табыстарын көбейту;
oo фирма акцияларының бағамдық құнын жоғарылату және т.б.
Қорытындысында, барлық осы мақсаттар салымшылардың (акционерлердің) немесе иелердің (капитал иегерлерінің) табыстарын жоғарылатуға бағытталған. Практикалық тұрғыдан алғанда, қаржылық менеджмент кәсіпорынның ақша құралдарын және олардың көздерін басқару жүйесі ретінде қарастырылуы мүмкін.Кез келген басқару жүйесі ретінде оған объекті мен субъекті жатады, яғни басқаратын және басқарылатын кіші жүйелер. (1 сурет).
Ұйымдастыруын қамтамасыз ету

Басқарушы ішкі жүйе

Кадрмен қамтамасыз ету

Ақпараттық қамтамасыз ету

Техникалық қамтамасыз ету

Әдістемелік қамтамасыз ету



Басқару объектісі

Қаржы ресурстары

Қаржылық қатынастар

Қаржыландыру көздері

1 сурет. Қаржылық менеджментінің жүйесі.

Мұнда басқару объектісі - кәсіпорынның ақша құралдары мен олардың көздері, сонымен бірге қаржы жүйесінің әр түрлі тізбектері және шаруашылық қызметінің басқа қатысушылары арасында пайда болатын қаржы қатынастары. Қаржылық менеджмент жүйесіндегі басқару субъектілері - иегерлер, қаржы менеджерлері және оның басқару кіші жүйесін құрайтын тиісті қызметтер мен ұйымдастыру құрылымдары.
Басқарудың басты субъектісі - кәсіпорын иегері болып келеді. Басқарушы кіші жүйесінің құрамында құқықтық, әдістемелік, кадр, ақпараттық, техникалық және бағдарламалық қамтамасыз етулерді айыруға болады. Экономикада кез келген жүйенің қызметі Қазақстан Республикасында қолданыстағы заңдар шеңберінде іске асырылады. Олар: Қазақстан Республикасының заңдары, министрліктер мен ведомстволардың нормативтік актілері, сонымен бірге нақты кәсіпорынның ережелері мен нұсқаулықтары. Қаржылық менеджметінің әдістемелік қамтамасыз етудің негізін жалпы экономикалық, аналитикалық және арнайы амалдар, әдістер, құралдар мен үлгілер (модельдер) кешені құрайды. Олар шаруашылық объектінің қаржылық ресурстарын тиімді басқаруын қамтамасыз етеді.
Қаржылық менеджменті жүйесінің басты элементі - кадрлық қамтамасыз етуі болып табылады, яғни адамдар тобы (қаржы директорлары, менеджерлері және т.б.) арнайы әдістер, құралдар мен тәсілдер арқылы объектіге мақсатқа сәйкес басқарушылық әрекеттерді іске асырады.. Кез келген экономикалық объектіні басқару оның құрылымдық элементтері мен қоршаған орта арасында ақпаратпен алмасуымен байланысты. Бұл ақпараттың дер кезділігі, толықтығы, дәлділігі мен сенімділігі қазіргі заманғы бизнесте табысты анықтайтын негізгі факторлардың бірі болып келеді. Осыған орай, қаржыны басқарудың қазіргі заманғы жүйесінің маңызды элементі - оның ақпараттық қамтамасыз етуі. Қалыптасу көздеріне байланысты ақпарат ішкі және сыртқы деп бөлінеді.
Ішкі ақпарат бухгалтериядан, өндіріс бөлімдерінен, материалдық-техникалық (жабдықтау) қамтамасыз ету, өткізу, маркетинг бөлімдерінен алынады. Бұл ақпарат қаржы менеджеріне толық көлемде белгілі болуға тиісті, фирманың табыстылығы мен тиімділігі көбінесе оның сыртқы ортаға бейімделуімен байланысты.
Қаржы менеджерінің ақпараттық қажеттіліктерінің маңызды бөлігі сыртқы ақпаратқа келеді: нарық коньюнктурасы, сатып алушылар, бәсекелестер, пайыздық мөлшерлемелер, бағалы қағаздар, заңдардағы өзгерістер туралы деректер. Ақпараттық технологиялар саласында қаржы менеджері кәсіби білікті болуға тиісті. Бұндай ақпараттың қолжетімділігі, дер кезділігі әр түрлі факторлардан тәуелді, олардың ішіндегі ең маңыздысы: ақпараттық нарықтың даму деңгейі мен техникалық қамтамасыз етуі. Қазіргі уақытта экономикалық объектілерді автоматтандырылған басқару жүйесін салу барысында техникалық шешімдердің негізі ретінде жоғары өнімді жеке ЭЕМ болып табылады.
Қаржы менеджерінің рөлі, мақсаты мен міндеттері.
Бүгінгі таңда қаржы менеджері ақша ағындарын белсенді де тиімді басқару үдерісіне жауапты. Бұл кәсіби қаржы менеджерінің кәсіпорындағы рөлін кұшейтуге әкелді. Қаржы менеджерінің негізгі міндеттерімен танысу алдында фирманың қаржы сызбасын көрейік. Фирманың қаржы сызбасы (2 сурет).

Қаржы талдауы мен жоспарлауы

Активтер-ді басқару
Баланс Активтер
Пассивтер
Капиталды басқару
Ағымдағы активтер
Қарыз (заем) капиталы

Негізгі активтер
Жеке капитал

2 сурет. Фирманың жалпы қаржы сызбасы.

Қаржы менеджері компания қаржыларымен әр тұрғыдан басқаруы мүмкін. Қойылған мақсаттарға байланысты басқару объектілері ретінде активтер болуы мүмкін, қалай құрамы бойынша, солай құрылымы бойынша да. Пассивтерді басқару капитал құрылымын дұрыс қалыптастыруға, меншік және қарыз капиталының ара қатысын оңтайландыруға, қысқа мерзімді қаржыландырудың үлесін айқын көруге көмектеседі.
Қаржы менеджерінің маңызды міндеттері:
:: қаржылық талдау мен жоспарлау
:: активтерді басқару
:: капиталды басқару
:: тәуекелдерді басқару.
Тәуекелдерді басқару. Қаржылық талдау менеджерге қаржы жағдайындағы өзгерістерге әкелетін факторларды тауып, негізгі үрдістердің болжамын жасап, фирманың қызметін жоспарлауға мүмкіндік береді. Аналитикалық жұмыс та өндірістің өсуіне қажет ресурстардың мөлшері мен құрамын бағалап, қосымша қаржыландырудың көздерін табуға жол ашады. Активтерді басқару міндеті шеңберінде қаржы менеджері активтердің сатып алуы мен қызмет көрсетуімен байланысты бірқатар мәселелердің шешуін қамтамасыз етуге тиісті. ең алдымен негізгі және айналымдағы қаражаттардың оңтайлы құрамы мен тиімді құрылымын анықтау қажет. Сонан соң қаражаттарды ресурстардың әр түрлеріне (материалдық, еңбек, қаржы және т.б. инвестициялау қаншалықты экономикалық тиімді екенін анықтау керек. Осыдан басқа, барлық активтер жиынтығының жағдайы мен тиімді пайдалануына бақылау жүйесін әзірлеу маңызды. Соңында - бағаларды қарастырып (салыстырып), активтерді пайдалану тәуекелін бағалау.
Қаржы менеджерінің маңызды өнімі - инвестициялық және қаржы шешімдерін қабылдау. Олар фирмаға қаржылық тұрақтылық беруге, оның ағымдағы және келешек дамуына бағытталады. Инвестициялық және қаржылық шешімдер әдетте сатулар көлемінің өсу қарқындарын оңтайландыруға, инвестициялардың нақты түрлерін таңдауға, инвестицияларды қаржыландыру құралдарының көздерін іздеуге, қарыз және акционерлік қаражаттар құрылымын оңтайландыруға, бағасы бойынша қолайлы ұзақмерзімді және қысқамерзімді займдарды таңдауға бағытталған. Инвестицияларды басқару кәсіпорынның стратегиялық және тактикалық мақсаттарын іске асыруға бағытталған инвестициялық саясатын қалыптастыруда тұрады. Осы міндеттің шеңберінде ең тиімді немесе қолайлысын іріктеп таңдау мақсатында жеке жобалары мен қаржы құралдарының инвестициялық тартымдылығын бағалауы, қаржы салымы бюджетін әзірлеуі, бағалы қағаздар қоржынын қалыптастыруы және басқаруы іске асырылады. Ақша ағындарын басқару кәсіпорынның ағымдағы, күнделікті қызметінде рөлі маңызды. Осы міндеттің іске асу нәтижелілігінен төлемқабілеті, өтімділігі мен қаржы тұрақтылығы байланысты.
Тәуекел - шаруашылық қызметінің ажыратылмайтын факторы болып келеді. Іске асыру үдерісінде олардың негізгі түрлері анықталып, осы тәуекелдер деңгейінің және олармен байланысты шығындар көлемінің бағалауы өткізіледі. Алынған ақпарат пен талдау нәтижелерінің негізінде тәуекелдерді кешенді басқаруы бойынша, олардың жеке түрлерін алдын алу және азайту, әртараптандыру, сақтандыру және хеджирлеу бойынша шаралар жүйесі қалыптасады.

1.2 Қаржылық жоспарлау мен бақылау қаржы менеджмен-тінің негізгі функциялары ретінде

Басқару үдерістері әрдайым келешекке бағытталған, сондықтан қаржы менеджметінің негізгі міндеті - жоспарлау. Нарықтық экономика жағдайларында бұл міндеттің маңызы өзекті, себебі оны іске асыру тиімділігінен (нәтижелілігінен) кәсіпорынның оның иегерлері мен қызметкерлер құрамының игілігі (берекесі) тәуелді.
Жоспарларды жасау қажеттілігі көптеген факторлармен келісілген, олардың ең маңыздылары: келешектің белгісіздігі, фирманың әр түрлі бөлімшелерінің қызметін үйлестіру қажеттілігі, ресурстардың шектеулігі және т.б. Жоспарлау барысында отандық тәжірибесімен бірге, дүниежүзілік практикасының қазіргі замаңғы амалдары да алынады.
Қазіргі заманғы экономикалық орта жоғары жылдамдық пен өзгерістер үздіксіздігімен сипатталады. Бұл жағдайларда кез келген кәсіпорынның өзін-өзі сақтап қалуы, дамуы мен көркеюі көбінесе оның менеджментінің дер кезінде болуы мүмкін өзгерістерді болжап, олардың салдарына бейімделуге мүмкіндік беретін шешімдерді қабылдау қабілеттілігімен анықталады. Жоспарлаудың негізгі міндеттері:
кәсіпорынның болашағы бар даму бағыттарын анықтау;
барлық бизнес-үдерістердің, жеке бөлімшелердің, қызметтердің және қызметкерлердің мақсаттық бағдарлануы, шоғырлануы мен үйлесуі;
әлеуетті тәуекелдерді тауып, олардың деңгейін төмендету;
сыртқы экономикалық ортаның өзгерістеріне бейімделу, икемділікті жоғарылату.
Қаржылық жоспарлау фирма қызметін жоспарлау жүйесінің маңызды бөлігі болып келеді де, негізгі назарын инвестициялық, қаржы және операциялық саясатының негізгі элементтеріне аударады. Олардың маңыздылары:
активтердің әр түрлеріне қажет инвестициялар;
қаржы қорларға қажеттілік және оларды тарту көздері;
келешек табыстарды үлестіру; фирманың қаржылық тұрақтылығы мен операциялардың тиімділігі араларында ымыраны іздеп табу және т.б.
Қаржы жоспарын әзірлеу мүмкіндік береді:
қойылған мақсаттарды нақты құндық көрсеткіштер түрінде білдіру;
кәсіпорынның әр түрлі бөлімшелерінің өзара-әрекеттестігін қамтамасыз ету;
фирманың әр түрлі даму түрлерін анықтап, талдау, инвестициялар көлемдерін және қаржыландыру тәсілдерін;
келеңсіз оқиғалардың болуы мүмкін жағдайға шаралар бағдарламасын әзірлеу.
Жоспарлау бірқатар қағидаларға негізделеді, олар: бірлік, қатысу, толассыздық, икемділік, тиімділік.
Бірлік қағидасы жоспарлау жүйелі сипатты болу екендігін ұйғарады. Кәсіпорын біріңғай күрделі, көп деңгейлі әлеуметтік-экономикалық жүйе ретінде қаралады. Бұндай жүйенің элементтері - жеке бөлімшелер, олардың өзара байланыстары мен бизнес-үдерістері, сонымен бірге пайдаланатын ресурстар. Осы элементтердің әр қайсысы жоспарлау функциясымен қамтылады.
Жоспарлар бірлігі экономикалық мақсаттардың - бірдейлігі мен жүйенің барлық элементтерінің өзара әрекеттестігін білдіреді. Элементтердің өзара әрекеттестігі тік жол бойынша ықпалдасу және саралау әдісімен, ал көлденең жол бойынша - құрылымдық бөлімшелердің жоспарларын үлестіру тәсілімен іске асырылады.
Қатысу қағидасы - кәсіпорынның әр бөлімшесі, әр қызметкері жоспарлау қызметінде қатысуға тиісті. Нәтижесінде, жоғары менеджмент орын алған проблемалар мен оларды шешу жолдары жөніндегі тұтас көрінісін, ал орта мен төменгі тізбегінің қызметкерлері - өз бөлімшесінің қызметі, оның басқа бөлімшелерімен өзара байланысы, шаруашылық қызметінің жалпы нәтижесіне қосқан үлесі жөнінде терең ұғым алады.
Толасссыздық қағидасы - кәсіпорында жоспарлау қағидасы жүйелі түрде іске асырылуы керек, ал әзірленген жоспарлар - бір-бірін ауыстырып отырады. Жоспарлаудың толассыздығы сыртқы және ішкі ортаның өзгерістеріне байланысты қызмет бағдарламасын дер кезінде түзетіп бейімдеуге мүмкіндік береді.
Икемділік қағидасы - толассыздық қағидасымен тығыз байланысты, ол кәсіпорынның белгіленген көрсеткіштері мен шаруашылық қызметінің негізгі параметрлерін үйлестіруде және түзету мүмкіндігінде тұрады. Практикадағы оның іске асыруы арнайы қорлардың, қауіпсіздік жастықтардың құруын ұйғарады. Мысалы, қаржы менеджері фирма үшін артық несие әлеуетін сақтауға тиісті, ақша керек болған жағдайда займды тез тарту үшін. Өндіріс аясында бұндай қорлар артық қуаттардың құруымен, іске асыруы аясында - клиентураны дайын өнімнің артық қорларымен әртараптандыру және т.б. қамтамасыз етіледі.
Тиімділік қағидасына сәйкес жоспарлауға шыққан шығындар оны қолданудан алынған нәтижелерінен аспауға тиісті. Нарық жағдайларында кәсіпорынның қызметін жоспарлау - күрделі, көп деңгейлі үдеріс.
Қазіргі заманғы фирманың жоспарлау сызбасы 4 суретте көрсетілген. Жоспарлау үдерісі фирма миссиясының тұжырымынан басталады. Миссияға кіретіндер:
фирманың бар болуының (өмір сүруінің) мақсатын тұжырымдау;
қызмет аясын, сонымен бірге ұсынылатын өнімдер мен қызмет көрсетулерді сипаттау;
корпоративтік құндылықтарды, көзқарастар мен қағидаларды ашу;
әлеуметтік-қоғамдық міндеттемелер және т.б.
Миссия - бизнестің жалпы философиясын білдіреді, бірақ онда ұзақмерзімді немесе жақын болашаққа менеджменттің міндеттері мен мақсаттық бағдарлары жоқ.

Кәсіпорынның миссиясы

Орындауды бағалау,
жоспар тапсырмаларын түзету

Сыртқы және ішкі ортаны талдау

Стратегиялық жоспарлау

Ағымдағы жоспарлау

Тактикалық жоспарлау

4 сурет. Кәсіпорындағы жоспарлау үдерісі.

Өз миссиясын анықтап, кәсіпорын оны іске асыруға бағытталған стратегиясын әзірлеуге тиісті.
Ортаны талдау - келешекте экономикаға әсер ететін ең маңызды факторларды табу. Ортаны талдау сыртқы және ішкі ортаның негізгі элементтерін анықтаудан басталады. Сонан соң олардың санынан ең маңыздыларын таңдап, қажет ақпаратты жинайды да, оны өңдеп, бағалайды.
Бұндай зерттеудің ажыратылмайтын бөлігі - кәсіпорынның қаржы қызметінің жағдайларын зерделеу және оларды жоспарланған кезеңде өзгерту мүмкіндігі. Бұл кезеңде қаржы нарығының коньюнктурасы талданып, кәсіпорын қызметіне олардың ықпалының болжамы жасалады.
Ішкі және сыртқы орта элементтерін талдаудың соңғы нәтижесі - кәсіпорынның келешек қызметіне олардың оң және теріс ықпалын табу. Алынған нәтижелер бизнестің даму стратегиясының мүмкін нұсқаларын әзірлеу үшін пайдаланады.
Стратегиялық жоспар кәсіпорынның қызмет бағыттарының, мақсаттары мен міндеттерінің тұжырымын білдіреді.

Әдетте стратегиялық жоспарлау ұзақ уақыт кезеңін қамтиды - 5 жылдан бастап 10 жылға дейін, кейде одан да көп. Біздің отандық кәсіпорындары үшін стратегиялық жоспарлау мерзімі қысқа, 3-5 жыл. Стратегияны әзірлеу үшін жауапкершілік - кәсіпорының жоғары басшылығында.
Тактикалық жоспарлау - берілген ресурстық әлеуеті барысында фирманың мақсаттарға жетуін жоспарлау. Отандық кәсіпорындары үшін қысқа мерзім - 1-3 жылға дейін. Бұл деңгейде кәсіпорын қысқамерзімді және орташамерзімді келешекте берілген ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Менеджмент қызметі
Қаржылық менеджментінің функциясы мен принциптері
Кәсіпорынның қызметкерлерін баскару
Халықаралық қаржылық менеджменттің мазмұны
Қаржылық менеджменттің механизмі
Қаржы менеджментінің даму эволюциясы
Қаржы менеджментінің мәні
Ұлтаралық корпорациялардың қаржылық менеджменті
Коммерциялық банктердегі қаржылық менеджментті жетілдіру
Нарықтық экономикадағы фирма менеджменті
Пәндер