Төлем жүйесінің мәні, ақша аудару мен төлемдерді жүзеге асыру механизмдері


Мазмұны
Кіріспе . . .
- Төлем жүйесінің мәні, ақша аудару мен төлемдерді жүзеге
асыру механизмдері
- Төлем жүйесінің мәні . . .
- Ақша аудару мен төлемдерді жүзеге асырудың негізгі
механизмдері… . . .
- Төлем жүйелерін құрудың (құрылысының) халықаралық
стандарттары (негізгі принциптері) . . .
- Төлем жүйелерінің қызмет етуінің шетелдік тәжірибесі
(Австрия, Нидерланды) . . .
2. Қазақстан Республикасының төлем жүйелерінің дамытудың сараптамасы
- Қазақстандағы төлем жүйесінің дамуының қысқаша тарихи
жағдайы . . .
- Қазақстан Республикасының төлем жүйесінің қазіргі жағдайы . . .
- Қазақстан Республикасының төлем жүйесінде мониторинг
жүргізу . . .
- Қазақстан Республикасының төлем жүйесін дамыту анализі
(сараптамасы) . . .
3. Қазақстан Республикасының төлем жүйесінің даму болашағы
- Ұлттық банкаралық жүйесінің төлем карточкаларының
құрылуы . . .
- Евразиялық Экономикалық Қауымдастық елдерінің ортақ төлем
жүйесін ұйымдастыру . . .
Қорытынды . . .
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі . . .
Кіріспе
Күн сайын көптеген субъектілердің сондай-ақ жеке тұлғалар мен материалдық өндіріс саласындағы кәсіпорындардың жетекшілігімен нарықтық экономикада біршама операциялар жүзеге асады. Әрбір сатылатын зат пен көрсетілген қызметке, қаржылық құралдарға және т. б. төлем төленуі тиіс.
Қазақстан Республикасының эканомикасының қарқынды дамуының нәтижесінде, шетелдік инвеститцияның көлемінің артуының, ақша айналымының ұлғаюының және эканомика агенттерінің кәсіби белсенділігінің жоғарылауының нәтижесінде ақша айналымын тиімді ұйымдастыру сөйтіп төлем жүйесінің қызмет етуінің жаңа денгейге көтерілу қажеттігі диплом жұмысымның өзектілігін айқындайды.
Осы диплом жұмысын жазу барысында алға қойылған мақсатым - Қазақстан Республикасының қазіргі кезеңдегі төлем жүйесінің негізгі құрылымдарын талап - сараптау; төлем жүйесі ұғымының маңызы мен мәнін ашу және еліміздегі болашақта жүзеге асырылатын төлем жүйесінің дамуының жоспарларын анықтау.
Осы үдеуден шығу үшін мынадай мақсаттар қойылады:
- Қазақстан Республикасындағы төлем жүйесінің қалыптасуы мен дамуын зерттеу;
- Қазақстан Республикасындағы төлем жүйесінің құқықтық аспектілерін анықтау;
- төлем жүйесін ұйымдастырудағы орталық банктер қызметіне баға беру;
- төлем жүйесін тәуекелдікпен басқару әдісін қалыптастыру;
- Қазақстан Республикасында төлемнің пайда болу механизмдерінің мәнін.
- төлем жүйесі өзіне материалдық және қаржылық активтерді иеленетін экономикалық субъектілерді қабылдай отырып, өз кезегінде міндетті есеп механизмдердің жиынтығын ұсына алады.
Әдетте мұндай міндеттемелер ақша аударылымы есебінен, не қолма-қол қаржы түрінде немесе коммерциялық банктер иелігіндегі депозиттер негізінде жойылады.
Қолма-қол ақшалар еліміздегі әрбір орталық банктер шығаратын бакнноттар мен (заңды төлем құралы) тиындардан тұрады. Депозиттік ақшалар ұғымы әдетте коммерциялық банктердің клиенттері үшін сақталатын (әдетте тек қана ағымдағы), сондай- ақ, орталық банктердегі өзге банктердің сақтаулы ақшалары мен банкаралық есептемелер үшін пайдаланылатын заңды қалдықтармен түсіндіріледі.
Сонымен қатар, экономикалық көзқараспен қарайтын болсақ, егер де әрбір шаруашылық белсенділіктегі тұлға үй көлеміндегі төлем қарыздарына мүмкіндігінше төлей алатын болса, онда бұл тиімсіз деп табылады.
Осы себепке байланысты материалдық өндіріс саласындағы экономикалық агенттер әдетте түсімдер арасындағы шығындар мен уақытша өзгерістер кезінде ақшамен төленетін тұтынысты өтеу үшін несие беретін банктер сияқты несиелік мекемелері ұсынатын төлем қызметін пайдаланады. Банктер өз кезегінде талап еткен функцияларды орындау үшін, олар банкаралық нарық қызметін, ал жекелеген жағдайларда уақытша өзгерістер кезіндегі төлем мен ақша түсірілімдерін есептік операцияларды, олардың өтем ақысын жабу үшін орталық банктердің қысқа мерзімге берілетін қаржысын пайдаланады.
Төлем жүйесінің өзі және оның құралдары шаруашылық субъектілердің маңызды бөлігі болып табылуы керек, ал бұл дегеніміз өз кезегінде төлем жүйесіне деген маңызды принциптік сенімді білдіреді. Төлем жүйесіндегі иеленуші белгілерінің осы немесе өзге де жағымдылығы жүйеге қатысушылар белсенділігінің қаржылық және техникалық аспектілеріне қатысты қандай да бір деңгейдегі сенімі болып табылады.
Өзге де маңызды сәттерге жүйенің табиғатына және оның жұмысына деген келісімпаздық жағынан алғанда пайдаланушының тұтынысын көрсетеді. Төлем жүйесі экономикалық нарыққа қатысатындарға жұмыс тәжірибесімен қоса тәуекелділік факторының құрылысын қамтып көрсете алуы керек.
Нарықтық экономика адамдар, кәсіпорындар мен мемлекеттік мекемелер арасыедағы әртүрлі операциялармен соған сәйкес олардың келісімдерінің күрделі байланысымен сипатталады. Сенімділік пен өз уақытында төлемді өтеу және оны есепке алу “уақыттық бағаға” тән сипаттарға ие бола алатын ақша құндылығымен үлкен маңызға ие бола алады, оған қоса, мақсатсыз немесе күтпеген жерде төлемді анықталмаған деңгейге дейін көтеріліп кетуі соған қатысты кідірістің негізінде төлем өтеле ме жоқ па осы жүйеге қатысушыларды ұстап тұра ала ма, олардың жалпы тәуекелділігін арттыра алуымен байланысты.
Соңғы жылдары төлем жүйесіндегі белсенділікті жобалау, басқару мен бақылауға қатысты мәселелері Еуропа мен Солтүстік Американың, сондай- ақ экономикасы қарқында дамыған елдерінде қызу саяси пікір таласқа айналды. Ерте жоспарлы орталықтандыруды жаңартуға қатысты мәселеге, сонымен бірге социалистік нарықтық экономикадағы Орталық және Шығыс Еуропамен бұрынғы Кеңестер Одағы елдері де көңіл бөлуде. Нарықтық реформаны жүргізу тәжірибесі көрсеткендей, жекелеген тұлғалар мен фирмалардың қаржысын қауіпсіз және тиімді аударуға деген олардың тұтынысын қанағаттандыратын қолма-қол төлем жүйесі нарықтық экономика даңғылына сәтті өтуге қажетті инфрақұрылыстың маңызды бөлшегі болып табылады.
Мен таңдап алған диплом жұмысым нарықтық экономикаға өту кезегіндегі қазіргі заманғы нарықтық экономикадағы төлем жүйесі көкейкесті болып табылады. Тек халық сенімін пайдаланып тиімсіз жұмыстейтін қаржы жүйесі өзінің сенімділігімен тұрақтылығы арқасында экономиканың шынайы секторында қалыпты қызмет атқара алмауы мүмкін. Тиімсіз әрбір қарапайым қаржылық операцияларды іске асыруға төлем жүйесі еш сенімділік танытпаса, онда ол ешкім сенбейтін күрделі іске айналады, осыған орай қолма-қол әрбір сенімді, тиімді, еш шығынсыз және қауіпсіз төлем жүйесімен оны іске асыратын қаржы ұғымы мемлекетпен жеке тұлғалар өнемі назар аударатын сала болып табылады.
Диплом жұмысын жазу барысында теориялық-әдістемелік база ретінде отандық және шетелдік жетекші экономистердің, Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінің жиынтығы мен Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінің төлем жүйеісі саласындағы, нормативтік - хұқықтық актілері, төлем жүйесіне қатысты семинарлар мен жыл сайын Венада (Австрия) Халықаралық Валюта Қорының ұйымдастыруымен өтетін конференцияның материалдары пайдаланылды.
Жұмыстың методикалық негіздері: Қазақстан Республикасының заңнамалық және нормативтік актілері (заңдар, Қазақстан Республикасының Жарлығы және Қазақстанреспубликасы Министірлер кабинетінің ережелері), сондай-ақ «Қазақстанның Бағалы қағаздар Нарығы», «Қазақстан Банкілер», «Экономикалық шолу», «2000-2006 жылдардағы Альпари» журналдарының жарияланымдары.
Жұмыстың құрылымы алға қойылған міндеттерге сәйкес жасалған. Жұмыс кіріспеден, үш тараудан, қорытындыдан және пайданылған әдебиеттер тізімінен құрылған.
1 тарау. Төлем жүйесінің ақша аудару мен төлемдерді жүзеге асыру механизмдері
1. 1 Төлем жүйесінің мәні
Төлем жүйесі экономиканың банк секторы мен қаржы нарығында басты орынды алатындықтан, төлем жүйесінің сенімді және дұрыс жүзеге асырылуы экономикалық процестің қатысушыларының ғана емес, сонымен бірге ресми тұлғалардың, оның ішінде орталық банк өкілдерінің де міндеті. Тұрақты төлем жүйесінің принциптерін жүзеге асыруды қамтамасыз етудің бірден бір жолы - коммерциялық банктерге үнемі бақылау жүргізіп отыру. Бұл процесс барысында орталық банк пен қадағалау функциясы жүктелген басқа да мемлекеттік мекемелер банктер қызметінің қаншалықты тұрақты және сенімді екенін тексереді. Орталық банк коммерциялық банктерді төлем жүйесі ауқымында пайда болуы мүмкін тәуекелдерді анықтауға және бақылап отыруға міндеттейді.
Орталық банктің негізгі рөлі есеп айырысу мекемесінің қызметін ұсыну болып табылады. Орталық банкте ашылған шот бойынша есеп айырысуларды жүргізуге қарағанда коммерциялық банкте ашылған шот бойынша жүргізу жоғары тәуекелділікпен байланысты, себебі банк банкротқа ұшырауы немесе өз міндеттемелерін орындау үшін ақша қаражаттары жеткіліксіз болуы мүмкін. Сондықтан банкаралық есеп айырысуларды Орталық Банк арқылы жүзеге асырған жөн.
Кез-келген төлем жүйесі негізгі бес бөліктен құралады:
- заң шығарушы база.
- төлем жүйесінің қатысушылары.
- төлем құралдары (ақша аударымдары мен төлемдерді жүзеге асыру әдістері) .
- ақша аударымдары мен төлемдерді жүзеге асыру механизмдері.
- инфрақұрылым және технология (есептегіш техника мен программалық жабдықтау) .
Заң шығарушы база- кез келген төлем жүйесінің негізгі құрамдас бөлігі. Төлем жүйесі тұтастай заңдарға, ережелерге және стандарттарға негізделеді және төлем жүйесінің барлық компоненттері заңнамаға сай құралады. Реттеуші заңнамалардағы кез келген өзгерістер төлем жүйесінің басқа да құрамдас бөліктеріне әсерін тигізеді. Заң шығарушы база төлем жүйесіне қатысушы барлық тараптардың құқықтары мен міндеттерін нақты анықтауы тиіс.
Төлем жүйесінің дамуы оның нормативтік базасының үнемі жетіліп, жаңарып отыруын талап етеді.
- төлем жүйесінің қатысушылары (тұтынушылары) .
Ең алдымен төлем жүйесіне қатысушыларды, олардың құқықтары мен міндеттерін анықтап алу қажет. Әдетте, бұл орталық банктің нормативті - құқықтық актілерінде көрініс табады. Тұтынушылардың құқықтары мен міндеттері, сондай-ақ шарттармен де анықталады.
Төлем жүйесінің қатысушыларын негізінен үш топқа бөлуге болады:
- Шаруашылық жүргізуші субъектілер мен жеке тұлғалар - олардың күнделікті қызметі төлем міндеттемелерінің туындауына септігін тигізеді. Оларға банктердің әртүрлі төлем қызметтерін қолданатын жеке тұлғалар және әртүрлі өндірістік кәсіпорындар мен сауда және қызмет көрсету салаларының кәсіпорындары, сондай-ақ әртүрлі делдалдық және диллерлік компаниялар жатады.
- Заңды тұлғалар мен жеке тұлғаларға ақша аударымдары және төлемдер сияқты қызмет көрсететін коммерциялық банктер.
- Барлық коммерциялық банктердің шоттарына қызмет көрсететін және банкаралық есеп айырысуларды жүзеге асыратын орталық банк.
- төлемдер мен ақша аударуды жүзеге асыру жолдары.
Ақша аударымдары мен қолма-қолсыз төлемдерді жүзеге асыру үшін төлем құралдарын қолдану қажет. Төлем құралдарын таңдау бірқатар факторларға байланысты:
- төлемді жүзеге асырудың мақсаты.
- нақты төлем құралын қолдану құны.
- ақшаны қолма-қол немесе басқа жолмен беру.
- төлем сомасының қомақтылығы.
- нақты төлем құралын қолданудың ыңғайлылығы.
Бір төлемді бірнеше төлем құралының көмегімен жүзеге асыруға болатындықтан, төлем құралын таңдау жоғарыда айтылған жағдайлар мен тұтынушының талғамына байланысты болады.
Төлем құралдарын екі топқа бөлуге болады:
- кредиттік (несиелік) құралдар.
- дебеттік құралдар.
Несиелік құралға төлем тапсырмасы жатады. Несиелік аударымды жүзеге асыру үшін ақша аударушы тұлға өз банкісіне оның есеп шотынан ақша қаражаттарын алып, оны ақша алушы тұлғаның банкісіне аударуға тапсырма береді. Бұл жағдайда төлем құжаттары мен ақша қаражаттары бір бағытта жүреді. Несиелік ақша аударымының үлгісін 1- суреттен көруге болады
т. қ
а. қ.
1- сурет - Несиелік ақша аударымның үлгісі.
Дебеттік құралдар несиелік құралдарға қарағанда көп болады (чектер, төлем тапсырмалары, инкассолық жарлықтар т. б. ) Несиелік құралдарды қолдануға қарағанда дебеттік құралдарды қолдану кезінде төлемді жүзеге асыру ақша аударушының бастамасымен жүргізіледі. Бұл жерде ақша алушы оған қызмет ететін банкке ақша төлеушінің шотын дебеттеуге тапсырма береді. Ал ақша төлеуші бұл кезде өзінің банкіне сол тапсырманы, яғни өз есебінен ақша алушының шотына ақша аударуды талап етеді. Бұл жағдайда төлем құжаты мен ақша екі түрлі бағытта жүреді. Мұны 2- мысалдан көруге болады.
\
2- сурет - несиелік ақша аударымның үлгісі.
Ақша аударымдары мен төлемдерді жүзеге асыру кезінде мына төлем құралдары қолданылды.
- төлем тапсырма;
- төлем талап-тапсырмасы;
- тікелей банктік шотты дебеттеу;
- инкассолық жарлық;
- чек;
- вексель;
- төлем карточкасы
- төлем тапсырмасы - ақшаны аударушының өз банкісіне құжатта көрсетілген соманы өз есеп айырысу шотынан ақшаны алушының есеп айырысу шотына аударуы туралы тапсырмасы. Төлемдік тапсырма бойынша ақша аудару тек ақша аударушының есебінде тапсырмада көрсетілген сомаға жететін ақша болған жағдайда ғана жүзеге асады. Бұл жағдайда несиелік тәуекелге ұрынбау үшін ақша алушының есебіне ақша ақша аударушының есебінен ақша жұмсалғаны туралы құжат болған жағдайда аударылады.
- төлем талап-тапсырмасы - ақшаны алушының өз банкісіне құжатта көрсетілген соманы ақшаны жіберушінің шотынан алуы туралы талабы. Бұл талап ақша аударушыға қызмет көрсететін банк арқылы ақша алушының акцепті бар болған жағдайға жүзеге асырылады. Ақша аударушының банкісі, егер алдын-ала келісім- шартта бұл жағдай айтылған болса, әр төлем үшін ақша аударушыдан акцепт талап етпесе де болады.
- банктік шоттың тікелей дебеттелінуі - тұтынушының жүйелі төлемдерін жүзеге асыру үшін қолданылады. Бұл жолмен ақша аудару ақша төлеушінің қызмет көрсетуші банкі оның есебінен ақша жұсалғаны туралы құжат беруіне өз келісім беру арқылы жүзеге асады (мысалы, сақтандыру компаниясы немесе коммуналдық қызмет көрсету компаниясы) .
- инкассолық жарлық - уәкілеттілігі бар тиісті органдардың ақшаны жіберушінің есеп айырысу шотынан құжатта көрсетілген соманы аударуы туралы жарлығы. Мұндай құжаттарды міндетті түрде ақша не үшін өндірілетіні, яғни себебі және ай заңның қай бабы екені көрсетілуі тиіс.
- чек - бұл бекітілген түрдегі чекті берушінің өз банкісіне көрсетілген соманы чекті ұстаушыға беруі туралы бұйрығын көрсететін құжат. Чектер дүкендерде көрсетілген қызметтер мен тауарлар үшін төлем ретінде және қолма қол ақша алу үшін де қолданылады. Чектер қамтамасыз етілген және қамтамасыз етілмеген болып екіге бөлінеді. Қамтамасыз етілген чектер чек берушінің банкке алдын ала енгізген депозитімен қамтамасыз етіледі. Ал, қамтамасыз етілмеген чектер алдын ала депозиттермен қамтамасыз етілмейді.
- вексель - біржақты шартсыз ақшалай міндеттемесі бар қатаң нысанды төлем құжаты. Вексель тауарды жеткізу туралы келісімдер бойынша төлем мерзімін ұзарту мақсатымен беріледі. Вексельді пайдаланып ақша төлеу өте оңай, вексель ұстаушыға яғни, вексель иесіне тауардың ақшасын келешекте төлеуге міндеттеме алып вексель жазып береді. Вексельде көрсетілген мерзім келген вексель иесі вексель берушіге вексельді төлеу үшін ұсынады. Вексельдерді санауды (есептеу) екінші деңгейлі банктер жүзеге асырады.
- төлемдік карточкасы - бөлшек төлемдерді жүзеге асырудың ең қолайлы жолы. Төлем карточкасын чек сияқты сауда орындарында, қызмет көрсетулерге ақша төлеу үшін және қолма-қол ақша алу үшін пайдаланады.
Төлемдік карточкалары кредиттік және дебеттік болып екіге бөлінеді. Сонымен бірге дебеттік- кредиттік карточкалар да пайдаланылады, олар дебеттік карточканың да, кредиттік карточканың да қызметін қатар атқарады. Кредиттік карточка оның иесіне несиеге берілген сома шегінде ғана төлемдер жүргізуге мүмкіндік береді. Ал, несие сомасы нақты бір мерзім өткеннен кейін өтелуі тиіс және берілген несие бойынша кредиттік карточканың иесі сыйақы төлейді.
Ал, кредиттік карточкаға қарағанда дебеттік карточканың иесі тек шотта бар ақша қалдығы шегінде ғана пайдалана алады.
Дебеттік - несиелік карточка осы екі жағдайды да қамтиды. Егер есепте ақша бітсе, банк автоматты түрде оған несие береді.
Соңғы жылдары төлем карточкалары өте көп қолданылып келеді, себебі бұл құралды қолдану өте ыңғайлы және ол бойынша операцияларды жүргізу қауіпсіз. Сонымен бірге төлем карточкасы бөлшек сауда нарығында төлемдерді жүргізуде өте ыңғайлы болып табылады.
Кез-келген төлем карточкасы өзінің шығарған төлем жүйесі шеңберінде ғана қолданылады. Мысалы: VІSA белгісі бар карточка тек VІSA төлем жүйесінде ғана қолданылады.
Сонымен қатар, банк тәжірибесінде магниттік жолақшасы және микропроцессоры бар карточкалар қолданыс тапқан. Қазіргі кезде магнит жолақшасы бар карточкалардан гөрі микропроцессоры бар карточкалар көп қолданылады, себебі бұл сенімді, қауіпсіз және функционалды болып табылады. .
Микропроцессорлы технологиялардың дамуымен дүние жүзінде электронды ақша қолданатын түрлі төлем жүйелері енгізіле бастады.
Электронды ақшалар қолда бар ақша тәріздес. Электронды ақшалар микропроцессорлы карточканың жадысына сақталады. Бұл ақшамен төлемді жүзеге асырғанда төлеушінің электрондық алушының жадысына ақша аударылады. Электрондық карточканы жоғалтқан жағдайда оның иесі карточкадағы ақшаның бәрінен айырылады. Ал дебеттік карточканы жоғалтса, оның ақшасы банкте, оның есебінде сақталады.
Төлем құралдарының тізімі және олардың біреуінің әйгілі болуы әр елдің тарихи және әлеуметтік жағдайына байланысты болады. Мысалы АҚШ және батыс Европа елдерінде чектер молынан пайдаланылады.
1. 2. Ақша аудару мен төлемдерді жүзеге асырудың негізгі механизмдері
Төлем жүйесі - белгілі бір ережеге бағынатын бір банктік шоттан екінші банктік шотқа ақша аудару мен төлемдерді жүзеге асыратын механизм.
Екі банк арасында төлемдерді жүзеге асыру механизмі.
Екі банк арасында төлемдер мен ақша аударымдарын жүзеге асыру мақсатымен банктер бір-бірінде корреспонденттік шоттар ашады.
Екі жақты қарым-қатынас орнатылған жағдайда банктер арасында ақша аударымдары екі жолмен жүзеге асырылуы мүмкін:
- төлеушінің банкісінде ашылған ақшаны алушының банкісінің корреспонденттік шотына ақшаны аудару арқылы;
- ақшаны алушының банкісінде ашылған ақшаны төлеушінің банкісінің корреспонденттік шотынан ақшаны алу арқылы.
Алайда тура қатынас орнату барлық жағдайда мақсатқа сәйкес болмайды, себебі ақшаны басқа банкте орналастыру барысында несиелік тәуекел болуы мүмкін, ал күрделі банктік жүйе жағдайында қатынас есептердің көптеп ашылуы көп қаржыны қажет етеді, бұл банктің өтімділігін төмендетеді.
Осыған байланысты банкаралық есеп айырысуларды жүзеге асыру үшін банктерге бір есеп айырысу банкінің қызметтерін қолданғаны дұрыс. Мұндай банк ретінде коммерциялық немесе орталық банк болуы мүмкін.
Егер мұндай банк ретінде коммерциялық банк болса, онда жоғарыда айтылғандай бұл банк банкротқа ұшырауы ықтимал немесе банк-корреспонденттер алдындағы міндеттемелерін орындай алмауы мүмкін. Егер есеп айырысу банкі уақытша немесе тұрақты қиындықтарға тап болса, ол бүкіл төлем жүйесіне қауіп төндіреді. Сондықтан көбіне есеп айырысу банкі ретінде орталық банк алға шығады, себебі ол өзінің дәрежесіне сай өз төлем жүйесін несиелік тәуекел мен өтімділік тәуекелге жол бермейді.
Орталық банктің қатысуымен өтетін жалпы есеп айырысу жүйесінің негізінде жүргізілетін төлемдер мен ақша аударымдарын жүзеге асыру механизмі.
Жалпы есеп айырысу жүйесі ақша аударуды ақша жіберушінің есебінде бар қаржы айналасында әр төлем құратын жеке-жеке өңдеу арқылы жүзеге асады. Бұл жүйе арқылы ақша аудару банктерге ақшаны нақты уақытта аударуға мүмкіндік береді. Төлемнің аяқталуы сол күні болады.
Жалпы өнім есебі жүйесінде әр төлем құжаты жеке-жеке өңделеді де, ақша аудару әр құжат негізінде жүзеге асырылады. Төрт банк арасындағы осы жүйедегі төлем мысалын қарастырайық.
Бұл мысалда ақша аудару әр құжат негізінде жүзеге асыралыда. Төлеуші банктің есебі дебеттеледі де, алушы банктің есебі несиеленеді. Бұл жағдайда барлығы жалпы сомасы 450 тенгеге тең 9 ақша аударылымы жүзеге асады. Қатысышылардың саны көп болғандықтан ақша аудару қатынас есептері арқылы жүзеге асады.
Орталық банк қатысуымен өтетін клиринг төлемдері арқылы нетто-есеп жүйесі негізінде жүргізілетін төлемдер мен ақша аударымдарын жүзеге асыру механизмі.
Нетто есеп жүйесінде ақша аудару клирингтің әр қатысушысының таза позициясына негіздеп жүзеге асады.
Клиринг - есеп айырысуға қатысушы тараптардың екіжақты құқықтары мен міндеттемелеріне негізделген құнды қағаздар, қызметтер мен тауарлар үшін қолма қолсыз есеп айырысу жүйесі. Клирингтің екі түрі бар:
- валюталық клиринг.
- банкаралық клиринг.
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz