Банктің несиелік тәуекелінің теориялық аспектілері мен құрылымы


Пән: Банк ісі
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 7 бет
Таңдаулыға:   

Жорабаева Ж. К., Үшкемпірова Г. Ж.

Банктің несиелік тәуекелінің теориялық аспектілері мен құрылымы

Аннотация

Тақырыптың өзектілігі тәуекелдер облысындағы әлемдік тәжірибені оқып білу және оның жергілікті жағдайға бейімделуі табылады. Тәуекелдерді бағалау әдістері, сонымен қатар Қазақстанның тұрақты банктік жүйесін құру үшін кәзіргі жағдайларға оларды тиімді басқару әдістері өңделіп және жетілдіру және қарастырылып отырған банктік тәуекелдерді бағалау әдістері және басқару әдістері Қазақстанның банктік жүйесінің дамуымен және қалыптасуымен байланысты сұрақтарды зерттеудің жаңа бағыттарын анықтау болып табылады.

Банктердегі несиелік тәуекелдерді бағалау және басқару, бұл өте ұзақ мерзімді процесс болып табылады. Тәуекелдерді басқару банктердің коммерциялық операцияларды іс жүзеге асырған кезде үлкен, әрі маңызды роль атқарады.

Кілт сөздер: Тәуекел, тәуекел-менеджмент, банктік тәуекел, несиелік тәуекел, тәуекелді бағалау, тәуекел өтімділігі, тәуекелді басқару.

Банк ісіндегі тәуекел бұл банктің өз ресурстарының бір бөлігін жоғалту, белгілі бір қаржылық операцияны жүргізу барысында көзделмеген қосымша шығын шығару немесе табысты толық ала алмау қаупі. Тәуекелдің сандық көрсеткіші ретінде мөлшері жасалатын шараның қауіптілігі деңгейін көрсететін банктің шығыны мен тәуекел саласындағы стратегияның сапасы алынады. Кірістің кіруін банк қызметкерлері қауіпті әрекеттің мүмкін салдары ретінде қарастырмайды. Тәуекел мен шығын, бір жағынан, табыс табу мүмкіндігіне қарама қайшы қойылады, екінші жағынан кірістің пайда болу табиғаты қауіп табиғатынан өзгеше. Дұрыс басқара білгенде әжептәуір табыс әкелетін несие операциялары банк ісінде айрықша орын алады. Сондықтан, басқару көп жағдайда банк қызметінің тиімділігін анықтайтын несие тәуекелі, негізгі банк тәуекелі болып табылады. Несие тәуекелі, ең бірінші кезекте қаржы ресурстарын басқарумен байланысты экономикалық тәуекел болып табылады. Алайда, экономикалық тәуекелдің басқа түрлеріне қарағанда, оның өзіндік ерекшелігі - ол несие мен қарызды қабылдап алатын несие қозғалысымен байланыстылығы. Банк несие операцияларын өзінде бар ақша қаражатын орналастыру кезінде ғана емес, осындай қаржы көздерін құрау үшін де жасайды. Банктер белсенді операциялар жасап, несие алушыларға несиелер береді де, өздерінің борышкерлерінен несиені қайтарып алып, пассивті операциялар жүргізеді. Бұл жағдайда, банк өзі банкаралық нарық пен орталық банктен алатын қарызымен қоса, жеке салымшылар мен кәсіпорындарын сақтаудағы және есеп айырысу үшін қолданылатын есептік, ағымдағы, депозиттік және басқа да есепшоттардағы есептерінен ақшалай қаржы да тартады. Ақша тартудың мұндай түрі де қайтарылым принципіне, жеделдікке, ақылы және еріктілікпен болуына байланысты несиелік сипатқа ие, ал банк бұл жерде өз клиенттеріне борышкер ретінде қарастырылады. [1, 107 б]

Коммерциялық банк қызметіндегі ең негізгі тәуекел түріне несиелік тәуекелдін жататыны белгілі және соның нәтижесінде банктер үлкен зиян шегеді. Несиелік тәуекелді сауатты басқаратын болса ғана ол банк қызметінде табыстылыққа қол жеткізуге мүмкіндік береді.

Несиелік тәуекел біріншіден, қаржылық ресурстарды басқарумен байланысты банктік тәуекелдің түрі ретінде анықталады. Бірақ ол өзге банктік несиелерден айырмашылығы, оның ссуда немесе займдарды берумен байланыстылығымен ерекшеленеді.

Жалпы әдебиеттерде несиелік тәуекелге қатысты ғалымдардың көзқарасы бірдей емес. Г. Г. Коробованың «Банковское дело» атты еңбегінде несиелік тәуекелді анықтауға қатысты екі тәсіл қолданылады [2, 27 б. ] . Бірінші тәсіл бойынша, несиелік тәуекел қарыз алушының несие беруші банк алдындағы қарыздың негізгі сомасы мен пайызды төлеуге байланысты міндеттемесін орындамауын білдіреді. Екінші тәсілге сәйкес, берілген несиелер мен сатып алынған қарыздық міндеттемелер сомасы ретінде берілетін банк активтерінің құндарының бір бөлігі азаю ықтималдығын көрсетеді. Бұл жағдайда несиелік тәуекелдің негізгі көзіне несиелік жұмсалымдардың жиынтығын сипаттайтын несиелік қоржын жатады. Өзінің еңбегінде (Управление банковским кредитным риском) С. Н. Кабушкин, несиелік тәуекел бұл негізгі қарыз бен пайызды төлемеу тәуекелі деп түсіндіреді [3, 44 б. ] .

Несиелік тәуекел банктерге және олардың клиенттеріне бірдей дәрежеде қатысы бар мынадай факторларға тәуелді: іскерлік белсенділіктің төмендеуі; сұраныс деңгейінің азаюы; жабдықтаушылардың тәуекелі; форс-мажорлық жағдайлар, алаяқтық және т. б.

И. Т. Балабанов «Риск-менеджмент» атты еңбегінде несиелік тәуекел несие берушінің алдындағы қарыздық міндеттемені орындамау қаупі, яғни несиенің қайтпай қалу қаупі деп берілген [4, 28 б. ] . К. Р. Тагирбеков «Основы банковской деятельности» атты өзінің басылымында несиелік тәуекел қарыз алушының негізгі қарызды және пайызды төлемеу қаупі немесе контрагенттің несиелік мәмілеге қатысты өзіне алған міндеттемеге сәйкес әрекет ету қабілетсіздігі деп көрсетеді. [5, 235 б. ] . Бүгінде осыған біршама жақын анықтаманы В. Платонов пен М. Хигнас былай береді: несиелік тәуекел контрагенттің келісім-шартта көзделген мерзім ішінде негізгі қарыз бен пайыз сомасын толық немесе жартылай қайтармауымен банк алдындағы міндеттемесін орындай алмау тәуекелі [6, 82 б. ] .

С. Б. Мақыштың «Коммерциялық банктің қызметін басқару: жағдайы және болашағы» атты монографиясында несиелік тәуекел бұл несиелік келісім-шартта көрсетілген мерзім ішінде төлемдер және міндеттеме бойынша қарызды төлемеу ықтималдығы делінген [7, 33 б. ] . Жоғарыда аталған ғалым-экономистердің пікірлерімен келісе отырып, біздің ойымызша, несиелік тәуекелдің мәнін түсінуге екі тәсіл тұрғысынан келу қажет. Оның біріншісі, банктік несиелік тәуекелін мынадай тар мағынада қарастыру болып табылады: а) несие бойынша төлемдердің төленбей қалу қаупі; б) банктің несиелік әрекетінің оның активтерінің құнын жоғалту мүмкіндігін және кепілдік міндеттемелерінің орындалмауын көрсетеді. Екіншісі, банктік несиелік тәуекелдің депозиттік операциялар саласында қатысуын кеңейтіп, оны кең мағынада (депозиттік құрамын есепке ала отырып) зерттеуді қолдайды.

Несиелік тәуекелдің дәрежесіне қарай үш сатыға бөлуге болады: жоғары, орта және төмен. Қажет болған жағдайда тәуекелдің неғұрлым нақты сатысын анықтау үшін деңгейі бірнеше түрлерге бөліп қарауға болады.

Тәуекелді басқару дәрежесіне қарай банк мамандары анықтап білетін басқарылатын (анықталған және бақылауға болатын) және басқарылмайтын, яғни, жете бағаланбайтын және басқару мүмкіндігі айтарлықтай шектелген тәуекел түрлерін жатқызуға болады. Банктік несие тәуекелінің жоғарыда келтірілген жіктелімі оның мазмұнына қатысты неғұрлым маңызды мәселелерді ғана емес, сонымен қатар, оларды басқаруға қатысты жалпы аспектілерді де қамтиды. Яғни, тәжірибе көрсетіп отырғандай, банктің негізгі проблемалары осы белсенді несие операцияларымен байланысты болғандықтан, банктік несие тәуекелі несиенің төленбей қалуы қаупінің мазмұнын ашып көрсетуді қамтамасыз етеді.

Қорыта айтқанда біздің ойымызша, банктік несиелік тәуекелін зерттеу екі негізгі тәсілді қамтиды. Оның біріншісі, банктің несиелік тәуекелін мынадай тар мағынада қарастыру болып табылады:

а) несие бойынша төлемдердің төленбей қалу қаупі;

б) банктің несиелік әрекетінің оның активтерінің құнын жоғалту мүмкіндігін және кепілдік міндеттемелерінің орындалмауын көрсететін оқиғалық сипаттамасы.

Екіншісі, банктік несиелік тәуекелдің депозиттік операциялар саласында қатысуын кеңейтіп, оны кең мағынада (депозиттік құрамын есепке ала отырып) зерттеуді қолдайды.

Ал енді несиелік тәуекел-менеджментінің мазмұнына келетін болсақ, ол банк қызметіндегі несиелік тәуекелді басқару ұғымымен тікелей байланысты болып келеді, бірақ олардың арасында өзіндік айырмашылықтар бар.

Ондай айырмашылықтарды анықтау үшін тәуекел-менеджментінің ғылым ретінде қалыптасуына мән беру қажет. Тәуекел менеджментінің саласы ретінде несиелік тәуекел-менеджменті банк ісі тәжірибесіне кейінгі уақыттары қолданып жүрген жаңаша терминге жатады.

Тарихына келетін болсақ тәуекел-менеджментінің ғылым ретінде қалыптасуы 1973 жылға келеді. Бұл жыл Бреттон-Вудсдегі нақты валюта жүйесінің енгізілуімен және Блэк пен Шоулздың атақты опцион құнын бағалау формуласын жариялауымен байланысты. Еркін жылжымалы валюта курсының жүйесіне көшуі көптеген дамушы елдерде валюталық тәуекелді басқарудың сандық өлшемі болды, ал Блэк пен Шоулз барлық нарықтық тәуекелді басқаруда теориялық негізде қабылданды [8, 403б. ] .

Тәуекел менеджменті бірнеше негізгі кезеңдерден тұрады: [9, 132 б] .

- тәуекелдің негізгі түрлерін табу және оларды жіктеу;

- анықтаған тәуекелдерді көбейту немесе азайту шешімдерін қабылдау;

- ағымдағы тәуекелді бақылау процедураларын өткізу және дайындау.

Осы айтылған тәуекел менеджментінің элементтері банктің күнделікті тәжірибесінде және шетелдердің инвестициялық компанияларында және отандық қаржы институттарында қолданылады.

Тәуекел-менеджменті - тәуекелді бағалаудың барлық ұйымдастыру үдерісін қамтып, орындалуын бақылау және шешімдерді қабылдауда, тәуекелді басқарудың біртұтас жүйесі болып табылады.

Банк қызметін жіктей отырып, тәуекел-менеджментін келесідей түрде анықтауға болады:

- өз клиенттерінің қызығушылығын ең жақсы жолмен қанағаттандыра отырып банктің табысын жоғарылату;

- салымшылар мен кредиторлардың қызығушылығын сақтай отырып, банк балансының өтімділігін қамтамасыз ету;

- банк қызметінің көлемі және құрылымы, сапасы бойынша клиенттердің қажеттілігін қанағаттандыру.

Тәуекел-менеджментінің негізінде мақсатты бағыттарын іздеу және тәуекел дәрежесін төмендету бойынша жұмыстарын ұйымдастыру, анықталмаған шаруашылық жағдайда табыстарды көбейту және алу болып табылады.

Сонымен қатар тәуекел-менеджменті осы басқару үдерісінде пайда болатын қаржылық қатынастар, нақтырақ экономикалық және тәуекелді басқару жүйесі болып табылады.

Тәуекел менеджменті басқару жүйесі ретінде екі жүйеден тұрады: басқарылатын жүйе (басқару объектісі) және басқаратын жүйе (басқару субъектісі) .

Тәуекел менеджментінің басқару объектісіне тәуекел, тәуекелді капитал салымдары және тәуекелді өткізу үдерісіндегі шаруашылық субъектілерінің арасындағы экономикалық қатынастар.

Тәуекел менеджментінің субъектісі - бұл әртүрлі басқарудың әдістері мен тәсілдерімен мақсатты басқару объектілеріне әсер ететін арнайы адамдар тобы.

Басқарудың объектісіне субъектінің әсер етуі, яғни жалпы басқару үдерісі, басқарушы мен басқарылатын жүйелердің арасындағы анықталған ақпараттардың болуымен жүзеге асырылады. Басқару үдерісі өзінің нақты мазмұнына қарамастан әрдайым ақпараттарды алу, жіберу және қолдануды қажет етеді. Тәуекел жағдайында нақты шешімдер қабылдауда, тәуекел менеджментінде сенімді және жеткілікті ақпарат алу маңызды рөл атқарады.

Тәуекел менеджменті анықталған келесідей қызметтерді атқарады, нақтырақ:

  1. басқару объектісінің қызметтері;
  2. басқару субъектісінің қызметтері.

Несиелік тәуекел-менеджментінің құрылымына мыналар жатады (Сурет 1. )

- несиелік тәуекелге қатысушыларды басқару;

- тәуекел қоржынын басқару.

Сурет 1 - Несиелік тәуекел-менеджментінің қазіргі құрылымы

Ескерту - автормен құрастырылған.

Несиелік тәуекелге қатысушыларды басқару мыналарды қамтиды:

- Қарыз алушының тәуекелін басқару.

- Эмитенттің тәуекелін басқару.

- Контрагент банктің тәуекелін басқару .

Банктің несиелік бөлімі бойынша тәуекел менеджментінің мақсатының негізіне:

- несиелік тәуекел жағдайын төмендету;

- тәуекел/табыс қатынастарын басқару;

- несиелік тәуекелді басқару жүйесін реттеу ұйымдары мен халықаралық стандарт талаптарына сәйкестендіріп жүргізу.

Несиелік тәуекелді азайтудың басты тәсіліне - потенциалды қарыз алушыларды таңдау жатады. Қарыз алушының қаржылық жағдайын талдауда және оның алған қарызды банкке уақтылы қайтаруына байланысты сенімділігін бағалауда көптеген әдістер қолданылуда.

Несиелік тәуекел-менеджменті құбылыс ретінде басқарушы субъектінің тарапынан басқарылатын объектіге жоспарлы түрде ықпал етуді білдіреді.

Несиелік тәуекел-менеджменті үдерісі ретінде бірқатар атқаратын қызметтерді қамтиды. Ондай қызметтерге жоспарлау, ұйымдастыру, реттеу, мотивациялау және бақылау жатады.

Несиелік тәуекел-менеджменті жүйе ретінде өзара байланыста элементтердің жиынтығын, соның ішінде адами, ақпараттық, құрылымдық және т. б.

Несиелік тәуекел-менеджментінің ғылыми тұрғыдан несиелік тәуекелді басқару мәселелерімен айналысатын ғылым ретінде түсінуге болады.

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Банктің валюталық тәуекелін талдау
Қаржылық тәуекелдерді басқару
Банктік тәуекелдерді төмендету әдістері
Коммерциялық банктердің несиелік тәуекелдерді басқару бойынша жұмысын ұйымдарстыру
Сыртқы реттелмейтін тәуекелді басқару
Қазіргі жағдайда коммерциялық банктердің несиелік саясатын талдау
Диссертациялық жұмыстың ғылыми жаңалығы
Ипотекалық несие тәуекелдігі
Екінші деңгейлі банктердің несие саясатын басқару
Қазіргі кездегі коммерциялық банктің қызметіндегі несиелік саясаттың рөлін айқындау және оны жетілдіру жолдары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz