Екінші деңгейлі банктердің Қазақстанның нарықтық экономикасындағы ролі



1 Екінші деңгейлі банктер
2 Банк операцияларының тиімді, икемді жүйесі
3 Қазақстандық коммерциялық банктер
Қазіргі банк жүйесі – бұл кез келген дамыған мемлекеттің ұлттық шаруашылығының аса маңызды саласы. Оның тәжірибелік рөлі, оның мемлекеттегі төлемдер мен есептерді басқаруымен, өзінің коммерциялық келісімдерінің көп бөлігін салымдар, инвестициялар және несиелік операциялар арқылы жүзеге асырумен, басқа да қаржылық делдалдармен қатар, банктер халықтың сақталымдарын фирмалар мен өндірістік құрылымдарға бағытталуымен анықталады.
Екінші деңгейлі банктер – кәсiпорындар мен мекемелерге, халыққа әр түрлi банктiк қызмет көрсететiн мемлекеттiк емес iрi несие беру мекемесi. Олар үкiметтiң, iскерлер мен миллиондаған жеке тұлғалардың салымдарын шоғырландыра отырып, қаржы жүйесiнiң орталығы болып қала бередi. Коммерциялық банктер қарыздық және инвестициялық операциялар арқылы өздерiнiң әр түрлi қорларына қарыз алушылардың қол жеткiзуге мүмкiндiк бередi.
Екінші деңгейлі банктер мемлекеттің қаржылық-несиелік саясаты бойынша әрекет ете отырып, айналымдағы эмиссияның, қолдағы бар ақша көлемін қосып жалпы массаның айналым жылдамдығына әсер етіп, ақша ағынының қозғалысын реттейді. Ақша массасы өсуінің тұрақтануы – бұл инфляция қарқынының төмендеуінің кепілі, баға деңгейі тұрақтылығының қамтамасыз етілуі және оған қол жеткізілген жағдайда нарықтық қатынастар халық шаруашылығының экономикасына ең тиімді түрде әсер етеді.
Отандық банктерге қолдау жасай отырып, мемлекет олардың ішкі экономика мен нақты секторды кредиттеу көлемін сақтайтындықтарына, атап айтқанда, шағын және орта бизнес субъектілерін қаржыландыруларына және ипотекалық несиелеу бойынша қолайлы жағдайды белгілейтіндіктеріне сенім артуда.
Әдебиеттер

1. Көшенова Б. А: «Ақша, несие, банктер. Валюта қатынастар» Оқу құралы. – Алматы: Экономика, 2000
2. Сатыбалдин Б., Өмірбаева О. «Ақша, несие ,банктер» Алматы 1997 жыл
3. Сейтқасымов Ғ. С. «Ақша, несие, банктер» Оқу құралы.- Алматы: «Экономика», 2005 жыл
4. Мақыш С. Б «Коммерциялық банктердің операциялары» :Оқу құралы Алматы: Издатмаркет.2004
5. Искакова З.Д. Банк ісі. Оқу құралы. Қарағанды, 2003. - 255 б.

Пән: Банк ісі
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 6 бет
Таңдаулыға:   
УДК 336.71 (574)

Екінші деңгейлі банктердің Қазақстанның нарықтық экономикасындағы ролі

Жахметова Айнура Каиржановна
Академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті
Қарағанды қ., Қазақстан

Қазіргі банк жүйесі – бұл кез келген дамыған мемлекеттің ұлттық
шаруашылығының аса маңызды саласы. Оның тәжірибелік рөлі, оның мемлекеттегі
төлемдер мен есептерді басқаруымен, өзінің коммерциялық келісімдерінің көп
бөлігін салымдар, инвестициялар және несиелік операциялар арқылы жүзеге
асырумен, басқа да қаржылық делдалдармен қатар, банктер халықтың
сақталымдарын фирмалар мен өндірістік құрылымдарға бағытталуымен
анықталады.
Екінші деңгейлі банктер – кәсiпорындар мен мекемелерге, халыққа әр түрлi
банктiк қызмет көрсететiн мемлекеттiк емес iрi несие беру мекемесi. Олар
үкiметтiң, iскерлер мен миллиондаған жеке тұлғалардың салымдарын
шоғырландыра отырып, қаржы жүйесiнiң орталығы болып қала бередi.
Коммерциялық банктер қарыздық және инвестициялық операциялар арқылы
өздерiнiң әр түрлi қорларына қарыз алушылардың қол жеткiзуге мүмкiндiк
бередi.
Екінші деңгейлі банктер мемлекеттің қаржылық-несиелік саясаты бойынша
әрекет ете отырып, айналымдағы эмиссияның, қолдағы бар ақша көлемін қосып
жалпы массаның айналым жылдамдығына әсер етіп, ақша ағынының қозғалысын
реттейді. Ақша массасы өсуінің тұрақтануы – бұл инфляция қарқынының
төмендеуінің кепілі, баға деңгейі тұрақтылығының қамтамасыз етілуі және
оған қол жеткізілген жағдайда нарықтық қатынастар халық шаруашылығының
экономикасына ең тиімді түрде әсер етеді.
Отандық банктерге қолдау жасай отырып, мемлекет олардың ішкі экономика
мен нақты секторды кредиттеу көлемін сақтайтындықтарына, атап айтқанда,
шағын және орта бизнес субъектілерін қаржыландыруларына және ипотекалық
несиелеу бойынша қолайлы жағдайды белгілейтіндіктеріне сенім артуда.
Мемлекеттің мақсаты - жалпы жүйе тұрақтылығын қолдау және сақтау. Бұл
мақсаттар үшін Қазақстанда тиісті реттеу мен қадағалау, сондай-ақ
депозиттерге кепілдік беру жүйесі бар. Жүйе тұрақтылығына қауіп төнген
жағдайларда мемлекет банк секторына жағдайды тұрақтандыруға қажетті
тәртіпте және көлемде қаржылық қолдау көрсетеді.
Қазіргі кезде негізгі дәстүрлі қызметтерге бұрынғыша салымдар тарту мен
қарыздар беру жатады. Банктер өз пайдаларының көп бөлігін осы операциялар
бойынша пайыздық айырмадан алады. Бірақ осы екі қызмет төңірегінде банктік
өнімдердің көптеген нысандары жасалынып шығуы мүмкін.
Қазіргі кезде әмбебап банктер банк қызметтерінің және қаржылық
қызметтердің барлық аспектілерін түгелдей қамтитын өнімдердің кең қатарын
ұсынады. Осы кезде басқа банктер бәсекелестік артықшылықты жаулап алу және
оны мықты түрде сақтандырып қалу мақсатымен қатаң түрде белгілі бір
қызметтер түрлерін көрсетуге мамандануға тырысады.
Қазақстанның алдыңғы қатарлы екінші деңгейлі банктері өзінің табыс
базасын кеңейту үшін, табыстылықты және бәсекелік қабілеттілігін жоғарлату
үшін өзінің клиенттеріне кең ауқымды операциялар мен қызметтер көрсетуге
ұмтылатыны белгілі. Бұл жерде есте ұстайтын жағдай, банк қызметінің дамуы
клиенттер және банктің өзі үшін минималды шығындармен банк қызметтерін
көрсетуді, клиенттерге қажетті қызметтерге қолайлы бағаларды пайдалануды
білдіреді.
Қазақстандық екінші деңгейлі банктер меншікті операцияларының негізінде
жеткілікті тәжірибе жинақтап, оның ішінде клиенттеді несиелей отырып,
экономиканың нақты қажеттеліктерін қанағатандырушылар болып отыр. Және де
жоғары өтімділікті сақтай отырып, экономикалық өсуге септігін тигізуде.
Қазіргі дамып жатқан ақпараттық технологиялар заманында өз шаруашылығын
жалғастыру үшін, қызмет ауқымын кеңейтіп, жоғары пайдаға қол жеткізу үшін
көптеген кәсіпорындар тауардың жаңа түрін шығаруға, жаңа қызметтерді
ұсынуға ұмтылуда. Осыған орай банктер де жаңа қызметтерді ендіруге және
бұрынғы қызметтерді жетілдіруге үлкен назарын аударып отыр. Жаңа
қызметтерге пластикалық карточкалар, банкаралық электрондық есеп-
айырысулар, әлемдік Интернет байланыс жүйесіндегі қаржы нарығының құрылуы
жатады.
Біздің еліміздегі қазіргі банктік институттар аталған жаңа қызметтерді
атқара бастады. Клиенттің заказы бойынша маркеингтік зерттеуді, валюталық
операцияларды, басқа да қызметтерді, соның ішінде, трасталық, ақпараттық-
анықтамалық консультациялық, қор және т.б. жүргізеді.
Екінші деңгейлі банктер өз клиенттерінің ақшаларын сақтауға қолайлы
әртүрлі депозиттерді ұсынады, бұл бір жағынан өтімділікке деген
клиенттерінің қажеттілігін қанағаттандырады. Көптеген клиенттер үшін
облигациялар немесе акциялар жұмсағанға қарағанда, мұндай ақшаны сақтау
формасы тиімді болып табылады.
Банк операцияларының тиімді, икемді жүйесі кең ауқымды клиенттерімен
ішкі жинақтарды шоғырландыруға жағдай жасау керек. Осыған байланысты
өзгермелі экономиканың қалыптасып келе жатқан қажеттілігіне жауап бере
алатын икемді банктік қызмет көрсету мәселесі ерекше мәнге ие болып отыр.
Қаржы жүйесінің тұрақтылығын сақтау үшін банктерге қосымша өтімділік
берілді. Бұл шағын және орта бизнестің, ірі кәсіпорындардың экономикалық
белсенділігін қамтамасыз ету үшін жасалды. Жеке тұлғалардың салымдары
бойынша кепілді өтеудің сомасы ұлғайтылды.
Қазіргі банктік жүйе – бұл өз клиенттеріне ұсынылатын банк ісінің
негізін анықтайтын дәстүрлі депозиттік-қарыздық және есептік-кассалық
операциялардан бастап, банктік құрылымдармен (лизинг, факторинг, траст және
т.б) қолданылатын ақша-несие және қаржылық құралдардың жаңа түрлеріне
дейінгі әртүрлі қызметтер саласы болып табылады.
Банктер қызметінің мәні оларды басқа органдардан ажырататын функцияларды
орындаудан көрініс табады.
Банк қызметін – банктің клиент мүддесі үшін белгілі бір іс-әрекеттерді
орындауын сипаттауға болады. Кез-келген банк өнімінің негізінде қандай да
бір қажеттіліктерді қанағаттандыру қажеттілігі жатады.
Қазіргі кезде негізгі дәстүрлі қызметтерге бұрынғыша салымдар тарту мен
қарыздар беру жатады. Банктер өз пайдаларының көп бөлігін осы операциялар
бойынша пайыздық айырмадан алады. Бірақ, осы екі қызмет төңірегінде банктік
өнімдердің көптеген нысандары жасалынып шығуы мүмкін.
Қазіргі кезде әмбебап банктер банк қызметтерінің және қаржылық
қызметтердің барлық аспектілерін түгелдей қамтитын өнімдердің кең қатарын
ұсынады. Осы кезде басқа банктер бәсекелестік артықшылықты жаулап алу және
оны мықты түрде сақтандырып алу мақсатымен қатаң түрде белгілі ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Банктің атқаратын қызметтері
Қазіргі банк жүйесі және өтпелі экономикадағы рөлі
Банктік жүйенің мәні және Қазақстанның экономикасындағы ролі
Банктердің кредиттеу операцияларын құқыктық реттеу
Қазақстан Республикасындағы банкілік қызметті реттейтін нормативтік құқықтық актілер жүйесі
Нарықтық экономикада несие
Ұлттық Банк – Қазақстанның банк жүйесінің жоғарғы үзбесі
Қазақстандық коммерциялық банктерінің банктік несилерінің ел экономикасының негізігі салаларын несиелеу
Банктік жүйенің экономикадағы ролі
Коммерциялық несие саясатының мақсаттары
Пәндер