Қаржы жүйесінің мәні



КІРІСПЕ

ҚАРЖЫ ЖҮЙЕСІНІҢ МӘНІ

I Қаржы жүйесінің ұғымы және Қазақстан Республикасының қаржы
жүйесінің құрылымы
II Қаржылардың атқаратын қызметтері және басқа экономикалық
категориялармен өзара байланысы
III Жалпы мемлекеттік қаржылар . қаржы жүйесінің негізгі буыны ретінде
IV Шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаржысы
VIҚазақстан Республикасының қаржы жүйесін жетілдіру мәселелері
VIIҚазақстан Республикасының қаржы жүйесін дамытудың алғышарттары

ҚОСЫМША
Мемлекет экономикасында қаржы жүйесінің атқаратын қызметтері өте маңызды болып табылады. Қаржы жүйесінің жағдайына қарап экономиканың жағдайын болжауға болады. Қаржы жүйесінің қызметі экономикалық қатынастар жиынтығын туғызып, ақша қаражатын ұлғаймалы ұдайы өндірісте құру, пайдалануды жүзеге асырады және басқа да қоғамдық қажеттіліктерді қанағаттандыруға жұмсалады.
Президенттің Қазақстан халқына жолдауында қойған біздің мемлекеттің кең ауқымды мақсаты – тәуелсіз гүлденген және саяси тұрақты Қазақстанды орнату үшін шекті ұзақ мерзімді басымдылықтарды жүзеге асыру керек: ұлттық қауіпсіздік, ішкі саяси тұрақтылық және қоғамның үйлесімі, шетелдік инвестициялар мен ішкі жиналымдардың жоғарғы деңгейімен бірге ашық нарықтық экономикаға негізделген экономикалық өркендеу, республика азаматтарының денсаулығы, білімі мен әл - ауқаты, инфрақұрылымы, әсіресе көлік пен байланыс, кәсіби мемлекет. Осы басымдылықтарды іске асыру мемлекеттен орасан зор қаржылық ресурстарды жұмылдыру мен тиімді қолдануды талап етеді. Яғни қаржы экономиканың даму процесін қамтамасыз етуге бағытталады.
Экономикалық өмірде қаржының сыртқы көрінісі қоғамдық өндірістегі әр түрлі қатысушылар қаражаттарының қозғалысы түрінде болып жатады. Құбылыстар бетінде бұл қозғалыс ақшалай соманы шаруашылық жүргізуші субъектілердің бір-бірімен қолма-қол ақшасыз жасасатын есеп айырысулары; табысты бөлу және кәсіпорындарда, фирмаларда ішкі шаруашылық арналымының қорларын қалыптастыру; мемлекеттік бюджеттің кірістеріне салық төлемдерін аудару; қайырымдылық қорларына қаражаттар төлеу және тағы басқа операциялар қолма-қол ақшасыз немесе қолма-қол ақшамен есеп айырысу түрінде бір иеленушіден басқа иеленушіге беруі болып табылады.
Мемлекеттік қаржылар ұлттық табысты қайта бөлуде, қоғамдық ұдайы өндірісті дамытуда, қоғамның экономикалық құрылымын қалыптастыруда, өндіргіш күштерді жетілдіруде маңызды рөл атқарады. Мемлекеттік қаржылар әлеуметтік бағдарламаны жүзеге асыруға, мемлекеттік басқару аппараты мен қорғанысқа, тәртіп сақтау күштерін қаржыландыруға, сыртқы экономикалық қызметті атқаруға жұмсалады.

Пән: Қаржы
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 19 бет
Таңдаулыға:   
МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ

ҚАРЖЫ ЖҮЙЕСІНІҢ МӘНІ

I Қаржы жүйесінің ұғымы және Қазақстан Республикасының қаржы
жүйесінің құрылымы

II Қаржылардың атқаратын қызметтері және басқа экономикалық
категориялармен өзара байланысы

III Жалпы мемлекеттік қаржылар – қаржы жүйесінің негізгі буыны ретінде

IV Шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаржысы

VIҚазақстан Республикасының қаржы жүйесін жетілдіру мәселелері

VIIҚазақстан Республикасының қаржы жүйесін дамытудың алғышарттары

ҚОСЫМША

КІРІСПЕ

Мемлекет экономикасында қаржы жүйесінің атқаратын қызметтері өте
маңызды болып табылады. Қаржы жүйесінің жағдайына қарап экономиканың
жағдайын болжауға болады. Қаржы жүйесінің қызметі экономикалық қатынастар
жиынтығын туғызып, ақша қаражатын ұлғаймалы ұдайы өндірісте құру,
пайдалануды жүзеге асырады және басқа да қоғамдық қажеттіліктерді
қанағаттандыруға жұмсалады.
Президенттің Қазақстан халқына жолдауында қойған біздің мемлекеттің кең
ауқымды мақсаты – тәуелсіз гүлденген және саяси тұрақты Қазақстанды орнату
үшін шекті ұзақ мерзімді басымдылықтарды жүзеге асыру керек: ұлттық
қауіпсіздік, ішкі саяси тұрақтылық және қоғамның үйлесімі, шетелдік
инвестициялар мен ішкі жиналымдардың жоғарғы деңгейімен бірге ашық нарықтық
экономикаға негізделген экономикалық өркендеу, республика азаматтарының
денсаулығы, білімі мен әл - ауқаты, инфрақұрылымы, әсіресе көлік пен
байланыс, кәсіби мемлекет. Осы басымдылықтарды іске асыру мемлекеттен
орасан зор қаржылық ресурстарды жұмылдыру мен тиімді қолдануды талап етеді.
Яғни қаржы экономиканың даму процесін қамтамасыз етуге бағытталады.
Экономикалық өмірде қаржының сыртқы көрінісі қоғамдық өндірістегі әр
түрлі қатысушылар қаражаттарының қозғалысы түрінде болып жатады. Құбылыстар
бетінде бұл қозғалыс ақшалай соманы шаруашылық жүргізуші субъектілердің бір-
бірімен қолма-қол ақшасыз жасасатын есеп айырысулары; табысты бөлу және
кәсіпорындарда, фирмаларда ішкі шаруашылық арналымының қорларын
қалыптастыру; мемлекеттік бюджеттің кірістеріне салық төлемдерін аудару;
қайырымдылық қорларына қаражаттар төлеу және тағы басқа операциялар қолма-
қол ақшасыз немесе қолма-қол ақшамен есеп айырысу түрінде бір иеленушіден
басқа иеленушіге беруі болып табылады.
Мемлекеттік қаржылар ұлттық табысты қайта бөлуде, қоғамдық ұдайы
өндірісті дамытуда, қоғамның экономикалық құрылымын қалыптастыруда,
өндіргіш күштерді жетілдіруде маңызды рөл атқарады. Мемлекеттік қаржылар
әлеуметтік бағдарламаны жүзеге асыруға, мемлекеттік басқару аппараты мен
қорғанысқа, тәртіп сақтау күштерін қаржыландыруға, сыртқы экономикалық
қызметті атқаруға жұмсалады.
Шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаржысы материалдық және
материалдық емес игіліктер жасалатын және елдің қаржы ресурстарының негізгі
бөлігі қалыптасатын қоғамдық өндірістің басты буынына қызмет көрсетеді.
Экономикалық заңдардың талаптарына сәйкес бұл қаржылар ұлттық шаруашылықты
одан әрі дамытуға қажетті ақшалай табыстар мен қорланымдарды бөлу және
пайдалану үшін қолданылады. Ал халықтың қаржысы шаруашылық, еңбек
қызметтерінің (жалақы, акция дивиденті, банк салымының проценті және тағы
басқалар) негізінде, коммерциялық және халықтық банктегі сақталған
қаржылардың, зейнеткерлік қорды мемлекеттің іске қосуының нәтижесінде
ақшалай қаражатты құрайды. Бұл құрылымдардың қызметі экономикалық
қатынастар жиынтығын туғызып, ақша қаражатын ұлғаймалы ұдайы өндірісте
құру, бөлу, пайдалануды жүзеге асырады және басқа да қоғамдық
қажеттіліктерді қанағаттандыруға жұмсалады.
Менің курстық жұмысымның тақырыбы: Қазақстан Республикасының қаржы
жүйесінің дамуы мен қалыптасуы. Сондықтан бұл курстық жұмыста қаржы
жүйесінің мәні, оның құрылымы, қаржылардың атқаратын қызметтері, дамуы мен
қалыптасуы және тағы бірнеше мәселелерді қарастырамын.
Курстық жұмыстың мақсаты – қаржы жүйесінің мәні мен маңызын ашу,
Қазақстан Республикасының қаржы жүйесінің негізгі буындарымен таныстыру,
сонымен қатар шет мемлекеттердің қаржы жүйесінің құрылымын еліміздің қаржы
жүйесімен салыстыра отырып, оның негізгі мәселелері мен осы мәселелердің
шешу жолымен таныстыру.
Курстық жұмыстың мақсатына сәйкес, осы жұмысты жазуда келесідей
міндеттер қойылады:
– Қаржы жүйесінің ұғымын ашу және Қазақстан Республикасының қаржы
жүйесінің құрылымымен таныстыру;
– Қаржылардың атқаратын қызметтерін және басқа экономикалық
категориялармен байланысын ашу;
– Дамыған шет мемлекеттердің қаржы жүйесінің құрамы мен құрылымымен
таныстыру;
– Қазақстан Республикасының қаржы жүйесінің негізгі элементтерінің
маңызын ашу;
– 2004-2006 жылдардағы қаржы жүйесінің даму тенденциясын талдау;
– Қазақстан Республикасының қаржы жүйесінің дамыту мәселелерімен
таныстыру;
– Қазақстан Республикасының қаржы жүйесін дамытудың алғы шарттарының
маңызын ашу.
Қалыпты әлеуметтік-экономикалық дамудағы қаржылардың маңыздылығы
ерекше. Сондықтан бірінші бөлімде мен қаржының мән-мағынасын, экономикалық
мазмұнын, оның атқаратын қызметтері жайындағы мәселелерді және шет
мемлекеттің қаржы жүйесін, дәлірек айтсақ, АҚШ мемлекетінің қаржы жүйесін
қарастырамын. Екінші бөлімде қаржы жүйесінің құрылымын қарастырамын, 2004-
2006 жылдардағы қызметіне талдау жасалады және соңғы үшінші бөлімде
Қазақстан Республикасының қаржы жүйесінің даму мәселелерін және
жетілдірудің бағыттарын қарастырамын.

I Қаржы жүйесінің ұғымы немесе Қазақстан Республикасының

қаржы жүйесінің құрылымы

Қаржы (орта ғасырдағы латын тілінің financia сөзінен пайда болған
қолма қол ақша, табыс деген ұғымды білдіреді) қоғамда өмір сүретін,
объективті сипаты мен айрықша қоғамдық арналымы бар өндірістік қатынастарды
білдіретін ақшалай қаржы ресурстары мен қорларды жасау және пайдалану
процесіндегі экономикалық қатынастарды қамтып көрсететін тарихи қалыптасқан
аса маңызды экономикалық категориялардың бірі болып табылады. Қаржы
әрқашанда мемлекеттің өсіп дамуымен тығыз байланысты және мемлекеттермен
бір уақытта пайда болған. Қаржылар мемлекеттің атрибуты болып табылады және
мемлекеттің материалдық тірегі ретінде көрініс табады. Негізінде қаржылар
ақша түріндегі қоғамдық өнімді бөлуге байланысты экономикалық (ақшалай)
қатынастардың айтарлықтай аумағын қамтиды және ақшалай сипатта болады.
Қаржылар өте мол ақша қаражаттары қорлары ретінде әрқашанда мемлекет
меншігінде болады және жалпы мемлекеттік мұқтаждықтардан қанағаттандыру
процесінде басты рөл атқарады. Қаржылар мемлекеттің өсіп дамуының
материалдық негізі және оның өзіне тән міндеттері мен функцияларын ақшалай
қамтамасыз етудің қайнар көзі болып есептелінеді. Бұл терминнің авторын
1577 жылы Республика туралы алты кітап деген еңбегін жазған француз
ғалымы Ж.Боден деп есептеуге болады .
Қаржының мәні оның даму заңдылықтары, тауар-ақша қатынастарын қамту
сферасы мен қоғамдық ұдайы өндіріс процесіндегі рөлі қоғамның экономикалық
құрылысымен, мемлекеттің функцияларымен айқындалады. Қаржының пайда
болуынын бастапқы шарты ақша қатынастарымен ортақтастырылған тауар өндірісі
болып есептеледі. Тауар өндірісінің негізі тауар өндірушілердің
экономикалық оқшауланушылығын шарттастыратын қоғамдық еңбек бөлінісі болып
табылады. Қаржы термині екі мағынадан тұрады: материалдық мағынада және
экономикалық категория ретінде.
Материалдық (ақшалай) мағынада қаржы деп мемлекеттің өз қармағындағы,
меншігіндегі ақша қаражаттары қорларының жиынтығын айтады. Бұл жерде айта
кететін бір жәйт, азаматтар көбінесе қаржыны ақша деп түсінеді. Қаржы өте
мол ақша қаражаттары қорлары ретінде тек мемлекет қолында болады және
ешқандай айырбас процесіне араласпайды. Ал азаматтардың қолында күнделікті
өмірде жұмсалатын жалпыға бірдей құндылық баламасы – ақшалар болып
табылады. Ал экономикалық категория ретінде қаржы деп мемлекеттің ақшалай
ресурстарын жоспарлы түрде қалыптастыратын және бөлетін, сондай-ақ олардың
пайдалануын ұйымдастыратын экономикалық қатынастардың жүйесін айтады.
Қаржының ақшадан мазмұны жағынан да функциялары жағынан да айырмашылығы
бар. Ақша – бұл ең алдымен өндірушілердің еңбек шығындары өлшенетін жалпыға
ортақ балама, ал қаржы – жалпы ішкі өнім мен ұлттық табысты бөлудің және
қайта бөлудің экономикалық тетігі, ақша қорларын жасау мен пайдалануға
бақылау жасаудың құралы. Ол өндіруге, бөлуге және тұтынуға ықпал жасайды
және объективті сипатта болады. Қаржының мәні ақша нысанындағы құн
қозғалысынан туындайды. Мұндай қозғалыстың шарты тауар ақша қатынастарының
болуы және экономикалық заңдардың іс-әрекеті болып табылады. Қаржының
қажеттігі объективті мән-жайдан тауар-ақша қатынастарының болуынан және
қоғамдық дамудың қажеттіліктерінен туындайды .
Қаржы жүйесі ұғымы қаржы ұғымының одан әрі дамуы және нақтылана түсуі
болып табылады. Қаржы жүйесі ақша қаражаттарының қорларын құру және
пайдалану негізіндегі қатынастардың жиынтығын және де осы қатынастарды
үйымдыстыратын органдарды қамтиды. Өзінің тарихи дамуында қаржы жүйесі ұзақ
эволюциядан өтті. Қаржы қатынастарының пайда болуы кезінде қаржы жүйесі тек
бір ғана буынмен мемлекеттік бюджетпен шектелді. Классикалық капитализм
жағдайында батыстың көптеген өркениетті елдерінің, соның ішінде КСРО-ның
қаржы жүйесін екі негізгі буын – мемлекеттік бюджет пен жергілікті қаржылар
құрады. Олар ақша қорларын қалыптастыруға мүмкіндік берді, бұл буындардың
көмегімен мемлекет өзінің саяси және экономикалық функцияларын орындап
отырды. Қаржының мәнділік сипаттамасын, оның қоғамдық-экономикалық
процестегі орнын негіздей отырып, қаржы жүйесін сыныптаудың қағидалы үлгісі
қойылған. Осы критерийге сәйкес қаржы жүйесі мынандай үш бөлікті қамтиды:
қаржы қатынастарының жиынтығы, ақша қорларының жиынтығы және басқарудың
қаржы аппараты.
Ақша қорларының қозғалысына байланысты мемлекет, шаруашылық жүргізуші
субъектілер, аймақтар және жеке азаматтар арасында пайда болатын
экономикалық, ақша қатынастарының жиынтығы қаржы қатынастарын құрайды.
Қаржы қатынастары негізінен екі сфераны қамтиды: мемлекеттік бюджетке
жинақталатын мемлекеттің орталықтандырылған ақша қорларын қалыптастырып,
пайдаланумен байланысты болатын экономикалық ақша қатынастары және
кәсіпорындардың орталықтандырылмаған ақша қорларының толық айналымын
ортақтастыратын экономикалық ақша қатынастары.
Қаржы жүйесі оған кіретін элементтердің тығыз байланысымен және оның
қосалқы жүйелерінің бірде-бірі өзінше өмір сүре алмайтындығымен
сипатталады: қаржы бір жағынан өндірістік қатынастардың бір бөлігін
білдіреді және осы қатынастар жүйесінің элементі болып келеді, екінші
жағынан өзінің функциялық өзіндік ерекшелігі бар өзара байланысты
элементтерден тұратын жүйе болып табылады. Функциялық сыныптауға сәйкес
қаржыларды функциялық қосалқы жүйелер ретінде мыналарды жатқызады: салық,
бюджет, сыртқы экономикалық, қаржылық жоспарлаудың, қаржылық бақылаудың
және басқа қосалқы жүйелер. Сонымен қаржылар ақшалай құралдар қорының
қалыптасу, бөлу және пайдаланумен байланысты қатынастарды көрсетеді.

II Қаржылардың атқаратын қызметтері және басқа экономикалық
категориялармен өзара байланысы

Қаржының мәні, іс-әрекет механизмі және рөлі оның функцияларынан айқын
көрінеді. Қаржының мәнін толық ашу оның ұғымы мен қажеттігін ғана емес
сонымен бірге қаржының қоғамдық арналымын, яғни оның қызметтерін анықтауды
да талап етеді. Қаржылардың еліміздің әлеуметтік-экономикалық өміріндегі
рөлдері мен маңызы олардың мына функциялары арқылы көрініс табады: бөлу,
реттеу, ынталандыру және бақылау функциялары. Осы аталған функциялар тек
мемлекеттік уәкілетті органдардың қаржылық қызметтерінің барысында жүзеге
асырылады.
Қаржының бөлу функциясы арқылы қаржының қоғамдық мақсаты жүзеге асады.
Бұл функцияның көмегімен өндіріс аясында жасалған экономикалық өнімнің құны
мен ұлттық табыстың бір бөлігі мемлекеттің қарамағына жіберіледі. Осы ақша
қаражаттары мемлекеттің қаржысына айналғаннан кейін еліміздің әлеуметтік,
экономикалық және саяси құрылыстарының басым бағыттары бойынша қайтадан
бөлінеді. Қаржының бөлу функциясының қызмет ету объектісі болып жалпы
қоғамдық өнім құны, сонымен қатар ақшалай нысанда сипатталатын ұлттық
байлықтың бөлігі болып табылады. Қаржылық бөлудің субъектілері болып ұдайы
өндіріс үдерісінің қатысушылары және иелігінде нысаналы мақсаттағы қорлары
бар заңды және жеке тұлғалар (мемлекет, кәсіпорын, бірлестік, ұйым, мекеме,
азаматтар) табылады. Қаржы арқылы бөлу үдерісі материалдық өндіріс, айналыс
және тұтыну салалары тәрізді қоғам өмірінің барлық саласында жүреді.
Қаржының бөлгіштік функциясының іс-әрекеті жиынтық қоғамдық өнімді, ұлттық
табысты және таза табысты бөлумен байланысты қатынастарды қамтамасыз
етуден, табыстар мен қорланымдарды қалыптастырудан, ақша қорларын жасаудан
туындайды. [5.339-б]
Қаржының реттеу қызметі экономикалық дамуды реттеуді мемлекеттің
сырттай тәсілімен жүргізгенінде пайда болады. Мемлекет оны салық салғанда,
несие саясатында, әр түрлі экономикалық жеңілдіктер кезінде жүзеге асырады.
Қаржының ынталандыру қызметі кәсіпорынның экономикалық дамуын әр түрлі
ынталандырғанда жүзеге асады.
Бақылау қызметі қаржының бөлгіштік қызметінен туындайды. Бұл функцияның
арқасында ақша қаражаттарының жиыстырылу және бөлу процестерінің заңға
сәйкес жүзеге асырылуына, сондай-ақ мемлекеттің ақшалай ресурстарының
ұтымды әрі тиімді пайдалануына есептеу, тексеру жүргізіліп қаржылық
тәртіптің сақталуы қамтамасыз етіледі. Бақылау функциясы мазмұнының нақтылы
көрінісі мемлекеттің қаржы саясатын жүргізетін қаржы органдары қызметінің
барысында іске асады. Қаржының бақылау функциясының экономикалық мағынасы
кәсіпорынның, фирманың шаруашылық - қаржы қызметіне теңгемен бақылау
жүргізу. Бұл бақылау материал, еңбек және ақша ресурстарын өнімсіз әрі
тиімсіз пайдалануды анықтайды және де кәсіпорындарда, фирмаларда өндіріс
рентабельділігін арттырудың резервтерін ашуға, өндірістік емес шығындарды
болдырмауға мүмкіндік береді.
Қаржы мәселесі жөніндегі заңнамалардың бұлжымай сақталуын, мемлекеттік
бюджет, банк алдындағы қаржылық міндеттемелердің, шаруашылық жүргізуші
субъектілердің есептесу және төлемдер жөніндегі өзара міндеттемелерінің дер
кезінде және толық орындалуын тексеру қаржылық бақылаудың аса маңызды
міндеттерінің бірі. Қаржы жүйесі мен салық қызметкерлері қаржылық бақылауды
қаржыны жоспарлау процесінде, бюджет жүйесінің кіріс және шығын бөлігінің
атқарылуы кезінде жүзеге асырылады. Қазіргі кезде қаржылық бақылаудың
мынандай түрлері бар: қаржылық шаруашылық бақылау, қаржылық - бюджеттік
бақылау және несиелік - банктік бақылау.
Қаржылық-шаруашылық бақылау фирмалардың, кәсіпорындардың,
бірлестіктердің, министрліктер мен ведомстволардың қаржы органдары ақша
қорларын бөлу жолымен жүргізеді. Қаржылық бақылаудың бұл түрі өндіріс
тиімділігін жүйелі арттырып отыруға бағытталған. Қаржылық-бюджеттік бақылау
кәсіпорындар табысының бір бөлігін мемлекеттік бюджетке алу арқылы, сондай-
ақ кәсіпорындар мен құрылыстарды қаржыландыру арқылы жүзеге асырылады.
Осылайша қаржы жүйесі белгіленген төлемдердің бюджетке дер кезінде түсуін
және де бюджет қаражаттарының бизнес-жоспардың орындалуына қарай берілуін
бақылайды.
Несиелік-банктік бақылау фирмалар мен кәсіпорындарды несиелеу арқылы
жүргізіледі. Бұл жағдайда қаржының бақылау функциясы несие берудің
мезгілділігі, қайтарымдылығы, ақылығы қағидаттарынан көрінеді. Бақылаудың
бұл түрі банк арқылы өтетін ақшалай есептесудің (өнім, жұмыс, қызметтер
көрсету) жүйесі арқылы жүргізіледі.
Осы мемлекетке қажетті ақша қаражаттары қорларын қалыптастыру бөлу және
пайдалануды ұйымдастыру жөніндегі мемлекеттің іс-қимылдары мемлекеттің
қаржылық қызметі болып табылады. [8.65-б]
Қаржы теориясының негізгі мәселесі болып қаржының баға, еңбекақы, несие
тәрізді экономикалық категориялармен байланысы және осы категориялардың
бөлу процесінде қандай тізбек болуы танылады.
1. Баға – бөлу үрдісінде бірінші түсіп, ондағы бастапқы пропорцияларды
анықтайды. Бағаның құнның жанында ауытқуы қаржының қызмет ету орнын
белгілейді. Бағаға құнның барлық құрылымдық бөліктері кіреді. Олар кейін
бөлініп, қаржылық ресурстар және қорлар ретінде өзінің экономикалық
нысандарына ие болады.
Экономикалық үрдістердің қатаң орталықтандырылған жүйесінде құнның
амортизациялық аударымдары, еңбекақы, материалдық және тағы басқа шығындар,
табыс тәрізді бөліктері белгіленеді, ал нарық жағдайында ұсыныс пен сұраныс
факторлармен анықталады. Баға қаржының қызмет ету жағдайын дайындайды.
Қаражат шаруашылық жүргізуші субъектілерде жинақталса, онда салық
көлемі өседі, не қоғамдық өнім өседі, яғни ресурстардың босауына әкеліп
соғады, бұл пайда нормасы жоғары деңгейдегі салаларға ауысатын ресурстардың
босауына әкеледі. Қаржы бағада берілген пропоцияларды нақтылайды. Қаржылық
бөлудің бағалық бөлуден айырмашылығы – бағалық бөлудің объектісі болып
жалпы қоғамдық өнімнің бір бөлігі ғана танылады. Қаржы жалпы қоғамдық
өнімнің құнының барлығын бөледі. Қаржылық бөлу бағалық бөлуге қарағанда
екінші ретті болып келеді. Бағалық бөлу былай қарағанда байқаусыз, ол
түсімдердің жалпы көлемінде көрінбейді, ал қаржылық бөлу анық көрінеді.
Бағалық бөлумен, ал қаржылық бөлу және қайта бөлумен сипатталады.
2. Еңбекақы. Бағадан кейін қаржылық бөлу процесінде еңбекақы қызмет ете
бастайды.
Қаржы, еңбекақы қоры, басқа да еңбек төлемдері қорлардың қалыптасуына
жағдай жасайды. Осы категориялар ұдайы өндіріс үрдісін бір-бірімен
байланыстыра ынталандырып және еңбек күшінің ұдайы өндірісінің алғы
шарттарын айқындай түседі.
Қаржы мен еңбекақының әр түрлі әрекеті:
1. қаржылық бөлудің шегі еңбекақыға қарағанда кеңірек, өйткені
еңбекақы тек еңбек шығындарын өтеуге қатысады;
2. қаржы құнның бір жақты қозғалысына қатысады, ал еңбекақы оған
қарсылас еңбектің құны мен оны ақшалай өтеу қозғалысына
қатысады.
Еңбекақы арқылы толығымен V және жартылай m бөлінеді. Қаржы арқылы әр
түрлі қалыптасады, ал еңбекақы арқылы сый және еңбекақы қорлары
қалыптасады. Олар еңбекті төлеу қорын құрайды.
Еңбекақы – салық төлеудің негізгі көзі болып табылады. Еңбекақының көзі
болып қаржы ресурстары танылады, ал еңбекақы қорын үнемдеген жағдайда, оның
өзі қаржы ресурстарының көзі болып табылады.
3. Несие. Банк ресурстарын қайта бөлу кезінде қалыптасады, яғни несие
алдын ала бөлінген құнды қайта бөледі. Несие ресурстары өзіндік қаражаттар
мен олардың тұтынылуындағы сәйкессіздіктің бар болуы нәтижесінде пайда
болады. Несие қаржы ресурстарын толтырады және ұдайы өндірістің кеңеюіне
әсерін тигізеді.
Несиенің ерекшелігі – олар қайтару шарты негізінде белгілі бір мерзімге
бірлесе, қаржы ресурстары белгілі бір мақсаттарға жету үшін өтемақысыз және
қайтарымсыз түрде беріледі. Несие арқылы шаруашылық жүргізуші субъектілер
мен үй шаруашылықтары арасында қаржы ресурстары қайта бөлінеді. Несие
ресурстарының қаржылық ресурстарға салынуы және алынуы үздіксіз болады.
Шаруашылық жүргізуші субъектілердің қорлары банк шоттарында шоғырланады
және несие беру үшін олар ссудалық қорлардың көзі болып табылады. Қаржы
және несие арасында ұқсастық белгілер өте көп, бірақ негізгісі болып осы
категориялардың өндіріс қорлары мен ұдайы өндіріс процесінің айналымында
кең пайдалануы табылады.

III Жалпы мемлекеттік қаржылар – қаржы жүйесінің негізгі
буыны ретінде

Қазіргі жағдайда қандай мемлекеттің жеке экономикалық құрылымын
зерттеу оның қаржы жүйесін талдаусыз мүмкін емес. Бұл жүйе қаржы
қатынастары жиынтығынан және оны реттейтін институттардан тұрады. Қаржы
қатынастары - кез келген қоғамдық жүйеде орын алатын жалпы экономикалық
қатынастардың құрамды бөлігі.
Мемлекет қаржы жүйесі арқылы саяси, экономикалық және әлеуметтік
салалардың алуан түрлі қызметтеріне қажетті қаражаттарды жинақтап,
пайдаланады.
Қаржы жүйесін қаржы субъектілерінің (қаржы қатынастарына қатысушылар)
нысаны бойынша төмендегідей жіктейді:
– мемлекет қаржысы
– шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаржысы
– халық қаржысы (үй шаруашылығы).
Енді осылардың әрбіреуіне жеке - жеке тоқталып өтемін.
Мемлекеттің қаржысы мемлекеттің экономикалық, әлеуметтік, саяси
функцияларын орындау үшін оны қажетті ақша ресурстарымен қамтамасыз ететін
қаржы жүйесінің маңызды сферасы болып табылады.
Экономикалық мәні жағынан мемлекет қаржысы мемлекеттің, оның
кәсіпорындарының қаржы ресурстарын қалыптастырып, алынған қаражаттарды
мемлекет пен оның кәсіпорындарының функцияларын орындауға пайдалану үшін
қоғамдық өнімнің құны мен ұлттық байлықтың бір бөлігін бөлумен байланысты
болатын ақша қатынастарын білдіреді.
Мемлекеттік қаржылар ұлттық табысты қайта бөлуде, қоғамдық ұдайы
өндірісті дамытуда маңызды рөл атқарады. Мемлекеттік қаржылар әлеуметтік
бағдарламаны жүзеге асыруға, мемлекеттік басқару аппараттары мен
қорғанысқа, тәртіп сақтау күштерін қаржыландыруға, сыртқы экономикалық және
басқа қызметтердіі атқаруға жұмсалады.
Мемлекеттік қаржылардың құрамына мыналар кіреді:
– мемлекеттік бюджет;
– бюджеттен тыс қорлар;
– мемлекеттік несие.
Мемлекеттік бюджет – экономиканы, әлеуметтік-мәдени, қорғаныс пен
мемлекеттік басқару қажеттіктерін қаржыландыруға бағытталған елдің
орталықтандырылған бюджет қорын құру және пайдаланумен байланысты мемлекет
пен заңды және жеке тұлғалар арасында ұлттық табысты бөлу және қайта бөлуге
қатысты туындайтын ақша қатынастарын бейнелейтін экономикалық категория.
Бюджет Қазақстанның ғалами жалпы шаруашылық байланыстар жүйесіне толық
кіруіне, қазіргі таңдағы өтпелі кезеңді жеңіп шығуына мүмкіндік туғызуы
керек. Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне сәйкес, бюджет
мемлекетттің және жергілікті өзін-өзі басқарудың қызметтері мен міндеттерін
қаржылармен қамтамасыз ету үшін, ақша қаражаттар қорларының шоғырлануы және
нәтижелі жұмсау нысанын ұсынады. Сондықтан бюджет процесінің өзі
мемлекеттік макроэкономикалық саясаттың мақсатына жетуге бағытталған.
Бюджеттен тыс қорлар дегеніміз – мемлекеттік органдардың қол астындағы
және мақсатты түрде қолданылатын ақшалай ресурстардың жиынтығы.
Мемлекеттік бюджеттен тыс ақша қорлары еліміздің нарықтық қатынастарға
көшуіне байланысты мемлекеттік қаржылардың маңызды құрамдас элементі
ретінде көрініс тауып отыр. Осы қорлардың құрылуы еліміздегі әлеуметтік
экономикалық даму процестерінің талаптарына сәйкес келеді. Бюджеттік
тапшылықтардың орын алуына байланысты мемлекет қармағындағы қаржылық
ресурстардың бір бөлігін бюджеттен тыс қорлар ретінде қалыптастыру бір
жағынан бюджеттен жұмсалатын шығындарды азайтса, екінші жағынан айтарлықтай
мөлшерде бюджет тапшылығын жоюға ат салысатын болды.
Бюджеттен тыс мақсатты қорлардың басты сипаттамасы өтпелі кезеңде
мемлекеттің қаржыларын тиімді және мақсатқа сай пайдалану болып табылады.
Бюджеттен тыс қорлар тікелей пайдалануға қолайлы қаржылар болғандықтан,
мемлекеттегі әлеуметтік-экономикалық инфрақұрылымға тигізер ықпалына қарай
бірінші кезекте қоғам мүддесін қамтамасыз етуге бағытталған. Бюджеттен тыс
қорлар мақсатты қолданылуына байланысты экономикалық және әлеуметтік, ал
басқару деңгейіне байланысты мемлекеттік және аймақтық болып бөлінеді.
Экономикалық қорларға экономикалық даму мәселелерін шешуге арналған
қорлар жатады. Әлеуметтік қорларға қоғамның әлеуметтік мәселелерін шешуге
арналған қорлар жатады.
Мемлекеттік қорларға мемлекеттік деңгейде құрылған қорлар, ал аймақтық
қорларға аймақтық деңгейде құрылған қорлар жатады.
Бюджеттен тыс қорлар өзінің мәні ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қаржы және қаржы жүйесінің экономикалық мәні
Қазақстан Республикасының қаржы жүйесіне талдау
Қазақстанның қаржы жүйесі
Қазақстан Республикасы қаржы жүйесінің құрылымы мен ұйымдастыру ерекшеліктері
Қаржы жүйесінің құрылымы немесе 2004 - 2006 жылдардағы қызметін талдау
Қазақстан Республикасының қаржы жүйесі туралы ақпарат
Қазақстан Республикасының қаржы жүйесі туралы
Қаржы функциялары
Қаржы мәні және қызметтері
Қаржы жүйесі: мәні, түсінігі және құрылымы
Пәндер