Қаржылық талдау



Кіріспе 3
1 Сырттай оқу формасындағы студенттерге арналған силабус 4
2 Пәнді оқыту бойынша әдістемелік нұсқаулар 17
3 Тірек дәріс конспекті 21
4 Тәжірибелік сабақтарға әдістемелік нұсқаулар 68
5 СӨЖ на материалдар 86
6 Қорытынды сұрақтар 99
Әдебиеттер 101
А қосымша 102
Б Қосымша 104
В Қосымша 105
Ұсынылып отырған оқу–әдістемелік кешен «Қаржылық талдау» пәні бойынша «Есеп және аудит», мамандықтарының сырттай оқу түріндегі студенттеріне арналған.
«Қаржылық талдау» қаржылық менеджменттің басты элементі болып табылады және компанияның қаржылық жағдайының ағымдағы бағасын беретін қаржылық көрсеткіштердің өзгеруін зерттейді.
Оқу – әдістемелік кешен студенттерге пәнді игеру үшін қажетті материалдармен толықтырылған. «Қаржылық талдау» пәні бойынша жасалған оқу–әдістемелік кешен студенттен жүйелі түрде жұмыс істеуді талап етеді. Сондықтан әр тақырыпты дәріс сабақтарында зерделегеннен кейін, алған білімін бекіту үшін тақырыптарға қатысты негізгі түсініктер, есептер мен тест тапсырмалары берілген.
«Қаржылық талдау» пәні бойынша оқу әдістемелік құралдың негізігі міндеттері:
- студенттің алған білімін бекіту және тереңдету;
- әдебиетпен дербес жұмыс істеу дағдысын қалыптастыру және бекіту;
- студенттің өз білімін тәжірибеде қолдана білу дағдысын қалыптастыру:
- студенттердің мерзімді және шетелдік әдебиеттерімен дербес жұмыс жасауға дағдыларын дарыту;
- шетелдерде қаржылық талдау мәселелерін талдауда өз ойларын нақты, бірізділікпен және экономикалық сауатты баяндай білуге икемдеу;
- компьютермен жұмыс дағдыларын дарыту.
Оқу–әдістемелік кешен «Қаржылық талдау» пәні бойынша «Есеп және аудит», мамандықтарының сырттай оқу түріндегі студенттеріне ғылыми-зерттеу жұмысқа үйретеді және оны жүргізуге тәжірибе алуға көмектеседі. Сонымен бірге студенттің шетелдерде Қаржылық талдауды өздігінен оқып-үйренудің қорытындысы болып табылады.
Оқу–әдістемелік кешен сырттай оқитын студенттердің дербес жұмысының маңызды бөлігі және оларды өздігімен әдебиеттерді, анықтамалық және статистикалық материалдарды табуға және пайдалануға үйретеді. Студенттер оқу–әдістемелік кешенде берілген тапсырмаларды орындау кезінде берілген тақырыптың теориялық негіздерін терең оқып-білуі тиіс.
1 Әлжанова Н. Ш. Инвестициялық жобалау. – Алматы : Заң әдебиеті, 2007. – 160 б.
2 Дүйсенбаев К. Ш. ж.б. Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдау : оқу құралы / Дүйсенбаев К. Ш. и др. – Алматы : Экономика, 2001. – 330 б.
3 Зейнелғабдин А. Экономиканың нақты секторын қабылдау // Егемен Қазақстан. – 2002. – 6-сәуір. – Б. 2
4 Қазақстан: Ұлттық энциклопедия. – Алматы : Қазақ энциклопедиясы, 2004. – 696 б.
5 Қаржы-экономикалық сөздік / ред. Басқарған Ә. Әбішев. – Алматы : Экономика, 2007. – 720 б.
6 Сәбден О., Тоқсанбай С. Р. Қаржы – экономика сөздігі . – Алматы : Зияткер, 2007 – 640 б.
7 Басовский Л. Е. Экономикалық талдау теориясы : оқу құралы Мәскеу : ИНФРА, 2005. – 240 б
8 Басовский Л. Е. Экономикалық талдау (шаруашылық жүргізушілердің жеке және жалпы экономикалық талдауы). – М. : ИНФРА-М, 2005. – 340 б.
9 Шеремет А.Д. Экономикалық талдау – М. : ИНФРА-М, 2003 – 240 б.
10 Осипова Г. М. Экономикалық теория негіздері. – Алматы, 2007. – Б. 69–91
11 Жүнісов Ө. Қ. Экономика негіздері оқулық. – Алматы, 2008. –193 б.
12 Қожамқұлов Т. Саяси экономика негіздері оқулық. – Алматы, 2006. – 93 б.
13 Савицкая Г. В. Жеке шаруашылықтардың экономикалық талдауы. – М. : ИНФРА-М, 2005. –536 б.
14 Мамыров Н.Қ.,Тілеужанова М. Макроэкономика. – Алматы, 2003. – 235б.

Пән: Қаржы
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 94 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі

С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті

Қаржылық талдау

Павлодар
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі

С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті

Қаржы-экономикалық факультеті

Қаржы кафедрасы

Қаржылық талдау

пәнінен есеп және аудит мамандығының студенттеріне арналған
оқу-әдістемелік кешені

Павлодар
Кереку
2012
ӘОЖ 658(07)
КБЖ 65.053я7
Қ41

С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің қаржы-экономика
факультетінің есеп және аудит кафедрасының отырысында басуға ұсынылды

Пікірсарапшылар:
Р. И. Смагулова – экономика ғылымдарының кандидаты, доцент;
А. Ж. Мусина – экономика ғылымдарының кандидаты.

Құрастырушы: Г. К. Бейсембаева

М54 Қаржылық талдау: есеп және аудит мамандығының студенттеріне арналған
пәннің оқу әдістемелік кешені құраст. : Г. К. Бейсембаева – Павлодар
: Кереку, 2012. – 106 б.

Қаржылық талдау пәнінен пәннің оқу әдістемелік кешені жұмыс
бағдарламасына сәйкес жасалған және өзіндік орындауға арналған есептер мен
тапсырмалардың шешу үлгісіне әдістемелік ұсыныстарды қамтиды.
Есеп және аудит мамандықтарының студенттеріне арналған қаржылық талдау
қарастырылған.

ӘОЖ 658(07)
КБЖ 65.053я7

© Бейсембаева Г.К., 2012
© С. Торайғыров атындағы ПМУ, 2012

Материалдық дурыс болуына, грамматикалық және орфографиялық қателерге
авторлар мен құрастырушылар жауапты

Кіріспе

Ұсынылып отырған оқу–әдістемелік кешен Қаржылық талдау пәні бойынша
Есеп және аудит, мамандықтарының сырттай оқу түріндегі студенттеріне
арналған.
Қаржылық талдау қаржылық менеджменттің басты элементі болып табылады
және компанияның қаржылық жағдайының ағымдағы бағасын беретін қаржылық
көрсеткіштердің өзгеруін зерттейді.
Оқу – әдістемелік кешен студенттерге пәнді игеру үшін қажетті
материалдармен толықтырылған. Қаржылық талдау пәні бойынша жасалған
оқу–әдістемелік кешен студенттен жүйелі түрде жұмыс істеуді талап етеді.
Сондықтан әр тақырыпты дәріс сабақтарында зерделегеннен кейін, алған
білімін бекіту үшін тақырыптарға қатысты негізгі түсініктер, есептер мен
тест тапсырмалары берілген.
Қаржылық талдау пәні бойынша оқу әдістемелік құралдың негізігі
міндеттері:
- студенттің алған білімін бекіту және тереңдету;
- әдебиетпен дербес жұмыс істеу дағдысын қалыптастыру және бекіту;
- студенттің өз білімін тәжірибеде қолдана білу дағдысын қалыптастыру:
- студенттердің мерзімді және шетелдік әдебиеттерімен дербес жұмыс
жасауға дағдыларын дарыту;
- шетелдерде қаржылық талдау мәселелерін талдауда өз ойларын нақты,
бірізділікпен және экономикалық сауатты баяндай білуге икемдеу;
- компьютермен жұмыс дағдыларын дарыту.
Оқу–әдістемелік кешен Қаржылық талдау пәні бойынша Есеп және
аудит, мамандықтарының сырттай оқу түріндегі студенттеріне ғылыми-зерттеу
жұмысқа үйретеді және оны жүргізуге тәжірибе алуға көмектеседі. Сонымен
бірге студенттің шетелдерде Қаржылық талдауды өздігінен оқып-үйренудің
қорытындысы болып табылады.
Оқу–әдістемелік кешен сырттай оқитын студенттердің дербес жұмысының
маңызды бөлігі және оларды өздігімен әдебиеттерді, анықтамалық және
статистикалық материалдарды табуға және пайдалануға үйретеді. Студенттер
оқу–әдістемелік кешенде берілген тапсырмаларды орындау кезінде берілген
тақырыптың теориялық негіздерін терең оқып-білуі тиіс.
1 Сырттай оқу формасындағы студенттерге арналған силабус

1.1 Оқытушы туралы мәлімет және байланыс ақпараты
Бейсембаева Гульмира Кулхановна –Есеп және аудит кафедрасының аға
оқытушысы. Есеп және аудит кафедрасы Ломов көшесі 64 үй,А1 корпусы, 426
аудитория, байланыс телефоны 673643.

1 1.2 Пән туралы мәліметтер

Қаржылық талдауэкономика мамандығы бойынша оқитын студенттердің барлық
пән түрлерін біріктіреді, кәсіпорын экономикасы, бухгалтерлік есеп,
кәсіпорында қаржы- шаруашылық субъектінің экономикалық талдауы және т.б.

1.3 Пәннің оқу көлемі
СеместКреАудиторлық пәндерінің түрлері Өзіндік Бақылау
р дитбойынша байланыс сағаттар саны жұмысты түрі
тер орындау
сан сағаттар саны
ы

№ Пәннің атауы Сағат саны
Дәрістер Тәжірибелік СӨЖ
Сабақтар
1 2 3 4 5
1 бөлім. Қаржылық талдаудың теориясы
1 Тақырып 1.1 Қаржылық талдаудың пәні,0,5 5
міндеті және түрлері

Кестенің жалғасы
1 2 3 4 5
2 Тақырып 1.2 Қаржылық тәсілдері мен 0,5 5
әдістері
3 Тақырып 1.3 Қаржылық талдауды 5
ақпараттық қамтамасыз ету
2 бөлім. Кәсіпорын әрекетінің қаржылық талдауы
4 Тақырып 2.1 Кәсіпорынның қаржылық 0,5 0,5 5
жағдайын экспресс-талдау
5 Тақырып 2.2 Баланс активтерінің 0,5 0,5 5
құрамын, құрылымын және динамикасын
талдау
6 Тақырып 2.3 Кәсіпорын активтерін 0,5 0,5 5
қалыптастыру көздерінің құрамын,
құрылымын және динамикасын талдау
7 Тақырып 2.4 Меншікті және қарыз 5
капиталды талдау
8 Тақырып 2.5 Кәсіпорынның қаржылық 0,5 0,5 5
тұрақтылығын талдау
9 Тақырып 2.6 Өтімділікті талдау 0,5 0,5 5
10 Тақырып 2.7 Кәсіпорынның төлем 0,5 0,5 5
қабілетін талдау
11 Тақырып 2.8 Кәсіпорынның кредит 5
қабілетін талдау
12 Тақырып 2.9 Кәсіпорынның іскерлік 0,5 0,5 5
белсенділігін талдау
13 Тақырып 2.10 Кәсіпорын ісінің 0,5 0,5 8
тиімділігі мен табыстылығын талдау
14 Тақырып 2.11 Қаржы ағымын талдау 0,5 0,5 5
15 Тақырып 2.12 Әлуетті банкроттықты 0,5 0,5 5
бағалау
Барлығы 6 6 78

1.9 Пәннің қысқаша сипаттамасы
Бұл пәнді оқу студенттерге өнеркәсіптің экономикалық және қаржылық
параметрлерін аналитикалық зерттеу саласындағы білімді алып дамуға, сонымен
бірге басқару шешімдердің экономикалық негіздеудерінің арнайы әдістерін
қолдану машықтарын меңгеруге көмектеседі.

1.10 Курстың компоненттері
1.10.1 Теоретикалық курстың мазмұны
1.10.1.1 Қаржылық талдау теориясы
1-тақырып. Қаржылық талдаудың пәні, міндеті және түрлері
Қаржылық талдаудың ұғымы, оның мазмұны. Талдаудың қалыптасуы мен
дамуының тарихи аспектілері. Қаржылық талдаудың міндеттері. Талдау түрлері.
Қаржылық есеп талдауының шетелдік тәжірибесі.
2-тақырып. Қаржылық тәсілдері мен әдістері
Қаржылық талдау әдісінің мәні. Қаржылық есепті талдаудың әдістері мен
тәсілдерінің классификациясы. Көлбеу бағыттағы талдау. Тік бағыттағы
талдау. Трендтік талдау. Салыстырмалы талдау. Факторлық талдау. Қаржы
коэффициенттерінің әдісі.
3-тақырып. Қаржылық талдауды ақпараттық қамтамасыз ету
Қаржылық талдаудың ұйымдасуы мен ақпараттық қамтамасыз ету. Қаржылық
талдауды ұйымдастырудың негізгі принциптері. Талдау объектілері мен
субъектілерін, ұйымдастыру түрлерін таңдау, оларды зерттеу және жеке қызмет
арасында міндеттерді үлестіру. Талдауды ақпараттық және әдістемелік
қамтамасыз ету.
ҚЕХС-ға сәйкес қаржылық есептің түрлерін классификациялау.
Бухгалтерлік балансты, табыс пен шығыс есебін және ақша жылжуы туралы
есепті құрастыру ерекшеліктері.
1.10.1.2. Кәсіпорын әрекетінің қаржылық талдауы
1-тақырып. Кәсіпорынның қаржылық жағдайын экспресс-талдау
Кәсіпорынның қаржылық жағдайын экспресс-талдауының мәні мен мазмұны.
Экспресс-талдаудың мақсаттары мен міндеттері. Экспресс-талдауды өткізу
кезеңдері. Экспресс-талдауды өткізу үшін мәліметтер көзі.
2-тақырып. Баланс активтерінің құрамын, құрылымын және динамикасын
талдау
Бухгалтерлік баланс және оның құрамдық бөлімдері. Бухгалтерлік баланс
активтері және олардың классификациясы. Баланс активтерінің құрамы мен
құрылымы. Баланс активтерін талдау. Дебиторлық қарызды талдау.
3-тақырып. Кәсіпорын активтерін қалыптастыру көздерінің құрамын,
құрылымын және динамикасын талдау
Баланс активтері қалыптасу көздерінің классификациясы. Баланс
пассивінің құрамы мен құрылымы. Кәсіпорынның меншікті капиталы және оның
қалыптасуы. Тартылған капиталды талдау. Несиелік қарызды талдау.
Кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығын мінездейтін көрсеткіштер.
4-тақырып. Меншікті және қарыз капиталды талдау
Кәсіпорынның меншікті капиталы, оның қалыптасуы мен толықтыру көздері
ұғымы. Меншікті айналым капиталын талдау міндеттері. Меншікті капиталды
пайдалану тиімділігін мінездейтін көрсеткіштер.
Қарыз капиталының құрамы, құрылымы және динамикасын талдау.
5-тақырып. Кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығын талдау
Кәсіпорынның қаржылық жағдайы ұғымы. Кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығы
ұғымы және мәні. Кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығына әсер ететін факторлар
және олардың классификациясы. Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдаудың
негізгі міндеттері.
6-тақырып. Өтімділікті талдау
Өтімділік және өтімділік құралдарының ұғымы. Өтімділік деңгейі бойынша
баланс активтерін классификациялау. Төлемдік жеделдігі бойынша баланс
пассивтерін топтау. Баланс өтімділігі. Өтімділік коэфиициенттер.
7-тақырып. Кәсіпорынның төлем қабілетін талдау
Кәсіпорынның төлем қабілетін анықтау. Кәсіпорынның төлем қабілетін
талдау. Ағымды, болашақты, абсолютты төлем қабілеті. Өтімділік пен төлем
қабілетінің өзара байланысы.
8-тақырып. Кәсіпорынның кредит қабілетін талдау
Банктік несиелендірудің мәні. Несиелендіру принциптері. Несиелендіру
объектілері мен түрлері. Несие беру шарттары. Кәсіпорынның кредит қабілетін
талдаудың негізгі міндеттері. Несиелендіру шарттарының талдауы. Шаруашылық
субъекттің кредит қабілетін бағалау әдістері.
9-тақырып. Кәсіпорынның іскерлік белсенділігін талдау
Нарықтық қатынастар жағдайындағы кәсіпорынның белсенділігі.
Кәсіпорынның іскер белсенділігінің көрсеткіштері (активтердің, негізгі
қаражаттардың, ағымды активтер жалпы айналымдарының, материалдық айналым
қаражаттарының, дайын өнімнің, ақшалай қаражаттың, инвестицияланған
капиталдың және т.б. айналымдарының коэффициенттері), оларды есептеу мен
талдау.
10-тақырып. Кәсіпорын ісінің тиімділігі мен табыстылығын талдау
Табыс ұғымы, оларды классификациялау. Нарық экономикасы жағдайындағы
табыстың маңызы және ролі. Табыс функциялары. Кәсіпорын табыстылығын талдау
маңызы.
Табыстықтың абсолюттік көрсеткіштері және олардың қалыптасуы.
Кәсіпорын табысының құрамы мен құрылымы. Кәсіпорын табысына ықпал ететін
факторлар.
Кәсіпорын табыстарының салыстырмалы көрсеткіштері. Жалпы активтердің
табыстылығы. Шығарылатын өнімнің (жұмыс, қызмет) табыстылығы. Ақшалай
қаражаттың таза ағылымы негізінде саналған табыстылық көрсеткіштері.
11-тақырып. Қаржы ағымын талдау
Кәсіпорынның ақшалай ресурстарының ұғымы және олардың құрамы.
Операциялық, қаржылық және инвестициялық істерден келген ақшалай
қаражаттардың кіруі мен жұмсалуы. Ақшалай қаражат жылжуын тура және жанама
талдау.
12-тақырып. Әлуетті банкроттықты бағалау
Тәуекелдік ұғымы. Тәуекелдік түрлері (өнеркәсіптік, коммерциялық,
қаржылық, жүйелік, жүйесіз және т.б.). Тәуекелдіктің негізгі салалары.
Тәуекелдікті санды талдау. Тәуекелдікті сапалы талдауды өткізу
ерекшеліктері.
Банкроттықтың мәні. Кәсіпорын дәрменсіздігінің себептері: объективтік
және субъективтік. Банкроттық жағдайды реттеудің құқықтық механизмі және
оның негізгі элементтері. Қаржылық жағдайды болжау. Кредит қабілетінің
индексі. Банкроттықты болжаудың көпфакторлық модельдері. Банкроттықтың
формальды және формальды емес белгілерінің жүйесі. Төлем қабілетін болжау.
Қаржы ағымын талдау. Банкроттық тәуекелдігінің диагностикасы және
кәсіпорынның қаржылай жақсарту жолдары.
1.10.2 Тәжірибелік жұмыстардың тізімі мен мазмұны
1.10.2.1 Қаржылық талдаудың теориясы
1-тақырып. Қаржылық талдаудың пәні, міндеті және түрлері
Қаржылық талдаудың ұғымы, оның мазмұны. Талдаудың қалыптасуы мен
дамуының тарихи аспектілері. Қаржылық талдаудың міндеттері. Талдау түрлері.
Қаржылық есеп талдауының шетелдік тәжірибесі.
2-тақырып. Қаржылық тәсілдері мен әдістері
Осындай қолдану әдістерді меңгеру:
- негізгі статистикалық әдістерді: топтастыру, салыстырмалы мөлшер,
индекстер;
- экономикалық талдауды: салыстыру, элиминациялау;
- қаржылық талдауды: баланстық байлау, тік және көлбеу бағыттағы
талдау.
3-тақырып. Қаржылық талдауды ақпараттық қамтамасыз ету
Қаржылық есептің түрлерімен және қаржылық коэффициенттер жүйесімен,
қаржылық есепті құрастыруға қойылатын негізгі талаптармен танысу.
1.10.2.2 Кәсіпорын әрекетінің қаржылық талдауы
1-тақырып. Кәсіпорынның қаржылық жағдайын экспресс-талдау
Қаржылық есепті тексерудің аналитикалық процедураларын өткізу.
2-тақырып. Баланс активтерінің құрамын, құрылымын және динамикасын
талдау
Баланстың ұзақмерзімді активтерінің құрамын, құрылымын және
динамикасын талдау. Кәсіпорынның қысқамерзімді активтерінің құрамын,
құрылымын және динамикасын талдау.
3-тақырып. Кәсіпорын активтерін қалыптастыру көздерінің құрамын,
құрылымын және динамикасын талдау
Баланс активтерін қалыптастыру көздерінің құрамын, құрылымын және
динамикасын талдау. Қаржылық коэффициенттерді есептеу: тәуелсіздігін,
меншіктігін, тәуелдігін және т.б.
4-тақырып. Меншікті және несиелік капиталды талдау
Меншікті және несиелік капиталды пайдалануды талдау. Дебиторлық және
кредиторлық қарыздардың байланысын зерттеу. ТМШ қамтамасыз ету абсолюттік
көрсеткіштерін және оларды қалыптастыру көздерінің шығынын есептеу.
5-тақырып. Кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығын талдау
Кәсіпорын қаржылық тұрақтылығының абсолюттік және салыстырмалы
көрсеткіштерін есептеу.
6-тақырып. Өтімділікті талдау
Баланс активтерін өтімділік деңгейімен және пассивтерді төлемдік
жеделдігімен топтастыру. Баланс өтімділігін комплекстік бағалау,
абсолюттік, аралық және жалпы өтімділік коэффициентін есептеу.
7-тақырып. Кәсіпорынның төлем қабілетін талдау
Ақшалай қаражаттардың толықтығы, капитализациясы және төлем қабілеті
коэффициенттерін, өтеудің (абсолюттік және ағымды өтімділік) аралық және
жалпы коэффициенттерін есептеу. Кәсіпорынның төлем қабілеті өзгеруіне ықпал
тигізетін негізгі факторлар деңгейін бағалау.
8-тақырып. Кәсіпорынның кредит қабілетін талдау
Банк-кредитор және кәсіпорын-несие алушы жақтарынан кәсіпорын кредит
қабілетін бағалау.
9-тақырып. Кәсіпорынның іскерлік белсенділігін талдау
Кәсіпорынның іскерлік белсенділігін мінездейтін көрсеткіштерді
есептеу. Қысқа мерзімді активтерді пайдалану тиімділігін талдау.
10-тақырып. Кәсіпорын ісінің тиімділігі мен табыстылығын талдау
Жалпы және таза пайданың абсолюттік мөлшерін анықтау, табыстықтың
салыстырмалы көрсеткіштерін есептеу, кәсіпорын табыстығы деңгейіне әсерін
тигізетін негізгі факторлар деңгейін анықтау.
Өндірістің ауыспалы көлемін, өткізуден табыстен ауыспалы мөлшерін,
тұрақты шығындардың ауыспалы деңгейін, өткізудің ауыспалы бағасын,
маржиналдық табыстің минималдық деңгейін есептеу. Өндірістің, түсімнің,
шығын мен табыс көлемдер көрсеткіштерінің өзара байланысын графикалық
құрастыру.
11-тақырып. Қаржы ағымын талдау
Ақшалай қаражат түсуді және ұстауды тура тәсілмен талдау, табыстық
және шығындық бөлімдерінің құрылымын және өзгерістерін бағалау.
12-тақырып. Әлуетті банкроттықты бағалау
Баланс құрылымын бағалау, кредит қабілеті индексін есептеу, Альтманның
Z-модельдерін құру, баланс құрылымы туралы шешімдерді негіздеу және төлем
қабілеті көрсеткіштерін болжау, қаржылық ағымдарды талдау.
1.10.3 Студенттің меншікті жұмысының мазмұны
№ СӨЖ түрі Есеп түрі Бақылау түрі Көлемі
(сағат)
1 Дәрістерді талқылау Сабақта қатысу 10
2 Тәжірибелік сабаққа Жұмыс Сабақта қатысу, тапсы10
дайындалу дәптері рмаларға жауап беру
3 Үй жұмысын дайындау Конспект Конспектті тексеру 24
4 Бақылау жұмысын Бақылау Қорғау 26
дайындау жұмысы
5 Бақылау шараларға ШҮ тапсырмаларын 8
дайындық тапсыру
Барлығы 78

1.10.3.1 Студенттердің меншікті оқуыларына ұсынылған тақырыптар тізімі
1.10.3.2 Қаржылық талдау теориясы
1-тақырып. Қаржылық талдаудың пәні, міндеті және түрлері
Қаржылық талдаудың ұғымы, оның мазмұны. Талдаудың қалыптасуы мен
дамуының тарихи аспектілері. Қаржылық талдаудың міндеттері. Талдау түрлері.
Қаржылық есеп талдауының шетелдік тәжірибесі.
2-тақырып. Қаржылық тәсілдері мен әдістері
Қаржылық талдау әдісінің мәні. Қаржылық есепті талдаудың әдістері мен
тәсілдерінің классификациясы. Көлбеу бағыттағы талдау. Тік бағыттағы
талдау. Трендтік талдау. Салыстырмалы талдау. Факторлық талдау. Қаржы
коэффициенттерінің әдісі.
3-тақырып. Қаржылық талдауды ақпараттық қамтамасыз ету
Қаржылық талдаудың ұйымдасуы мен ақпараттық қамтамасыз ету. Қаржылық
талдауды ұйымдастырудың негізгі принциптері. Талдау объектілері мен
субъектілерін, ұйымдастыру түрлерін таңдау, оларды зерттеу және жеке қызмет
арасында міндеттерді үлестіру. Талдауды ақпараттық және әдістемелік
қамтамасыз ету.
ҚЕХС-ға сәйкес қаржылық есептің түрлерін классификациялау.
Бухгалтерлік балансты, табыс пен шығыс есебін және ақша жылжуы туралы
есепті құрастыру ерекшеліктері.
1.10.3.3 Кәсіпорын әрекетінің қаржылық талдауы
1-тақырып. Кәсіпорынның қаржылық жағдайын экспресс-талдау
Қаржылық есепті тексеру жөнінде аналитикалық процедураларды өткізу.
2-тақырып. Баланс активтерінің құрамын, құрылымын және динамикасын
талдау
Бухгалтерлік баланс және оның құрамдық бөлімдері. Бухгалтерлік баланс
активтері және олардың классификациясы. Баланс активтерінің құрамы мен
құрылымы. Баланс активтерін талдау. Дебиторлық қарызды талдау.
3-тақырып. Кәсіпорын активтерін қалыптастыру көздерінің құрамын,
құрылымын және динамикасын талдау
Баланс активтері қалыптасу көздерінің классификациясы. Баланс
пассивінің құрамы мен құрылымы. Кәсіпорынның меншікті капиталы және оның
қалыптасуы. Тартылған капиталды талдау. Несиелік қарызды талдау.
Кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығын мінездейтін көрсеткіштер.
4-тақырып. Меншікті және несиелік капиталды талдау
Кәсіпорынның меншікті капиталы, оның қалыптасуы мен толықтыру көздері
ұғымы. Меншікті айналым капиталын талдау міндеттері. Меншікті капиталды
пайдалану тиімділігін мінездейтін көрсеткіштер. Несие капиталының құрамы,
құрылымы және динамикасын талдау.
5-тақырып. Кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығын талдау
Кәсіпорынның қаржылық жағдайы ұғымы. Кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығы
ұғымы және мәні. Кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығына әсер ететін факторлар
және олардың классификациясы. Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдаудың
негізгі міндеттері.
6-тақырып. Өтімділікті талдау
Өтімділік және өтімділік құралдарының ұғымы. Өтімділік деңгейі бойынша
баланс активтерін классификациялау. Төлемдік жеделдігі бойынша баланс
пассивтерін топтау. Баланс өтімділігі. Өтімділік коэфиициенттер.
7-тақырып. Кәсіпорынның төлем қабілетін талдау
Кәсіпорынның төлем қабілетін анықтау. Кәсіпорынның төлем қабілетін
талдау. Ағымды, болашақты, абсолютты төлем қабілеті. Өтімділік пен төлем
қабілетінің өзара байланысы.
8-тақырып. Кәсіпорынның кредит қабілетін талдау
Банктік несиелендірудің мәні. Несиелендіру принциптері. Несиелендіру
объектілері мен түрлері. Несие беру шарттары. Кәсіпорынның кредит қабілетін
талдаудың негізгі міндеттері. Несиелендіру шарттарының талдауы. Шаруашылық
субъекттің кредит қабілетін бағалау әдістері.
9 тақырып. Кәсіпорынның іскерлік белсенділігін талдау
Нарықтық қатынастар жағдайындағы кәсіпорынның белсенділігі.
Кәсіпорынның іскер белсенділігінің көрсеткіштері (активтердің, негізгі
қорлардың, ағымды активтердің жалпы айналымдарының, материалдық айналым
қорларының, дайын өнімнің, ақшалай қаражаттың, инвестицияланған капиталдың
және т.б. айналымдарының коэффициенттері), оларды есептеу мен талдау.
10-тақырып. Кәсіпорын ісінің тиімділігі мен табыстылығын талдау
Табыс ұғымы, оларды классификациялау. Нарық экономикасы жағдайындағы
табыстың маңызы және ролі. Табыс функциялары. Кәсіпорын табыстылығын талдау
маңызы.
Табыстықтың абсолюттік көрсеткіштері және олардың қалыптасуы.
Кәсіпорын табысының құрамы мен құрылымы. Кәсіпорын табысына ықпал ететін
факторлар.
Кәсіпорын табыстарының салыстырмалы көрсеткіштері. Жалпы активтердің
табыстылығы. Шығарылатын өнімнің (жұмыс, қызмет) табыстылығы. Ақшалай
қаражаттың таза ағылымы негізінде саналған табыстылық көрсеткіштері.
11-тақырып. Қаржы ағымын талдау
Кәсіпорынның ақшалай ресурстарының ұғымы және олардың құрамы.
Операциялық, қаржылық және инвестициялық істерден келген ақшалай
қаражаттардың кіруі мен жұмсалуы. Ақшалай қаражат жылжуын тура және жанама
талдау.
12-тақырып. Әлуетті банкроттықты бағалау
Тәуекелдік ұғымы. Тәуекелдік түрлері (өнеркәсіптік, коммерциялық,
қаржылық, жүйелік, жүйесіз және т.б.). Тәуекелдіктің негізгі салалары.
Тәуекелдікті санды талдау. Тәуекелдікті сапалы талдауды өткізу
ерекшеліктері.
Банкроттықтың мәні. Кәсіпорын дәрменсіздігінің себептері: объективтік
және субъективтік. Банкроттық жағдайды реттеудің құқықтық механизмі және
оның негізгі элементтері. Қаржылық жағдайды болжау. Кредит қабілетінің
индексі. Банкроттықты болжаудың көпфакторлық модельдері. Банкроттықтың
формальды және формальды емес белгілерінің жүйесі. Төлем қабілетін болжау.
Қаржы ағымын талдау. Банкроттық тәуекелдігінің диагностикасы және
кәсіпорынның қаржылай жақсарту жолдары.

1.11 Курс саясаты
Пәнді игеру барысында тақырыптық жоспармен бақылау шараларының
күнтізбелік кестесіне сәйкес Сіздер келесі аудиториядан тыс жұмысты
орындауға міндеттісіз:
– әрбір тәжірибелік сабаққа дайындалу, яғни үй тапсырмаларын орындау;
– әрбір тәжірибелік жұмысты орындау үшін қажетті оқу материалдарын
оқу;
– тапсырмаларды дербес түрде орындау;
– дәрістік материалдарға кірмеген, зерттеуге міндеттікурс тақырыптарын
өндеу және конспект құрастыру.
Тәжірибелік сабақтарға дайындалу және пән бойынша қосымша
материалдарды өндеу үшін тапсырмалар, оларды рәсімдеу талаптары мен
орындаудың әдістемелік нұсқаулар алдағы сабақта юерілетін болады.
СӨЖ орындау мерзімдері сабақтардың кестесіне сәйкес өзгеру тиіс.
Егер Сіздер барлық сабақтарға уақытысында келіп, барлық сабақтарға
белсенді қатысып және дайындалып келіп , тапсырмаларды сапалы орындап,
белгіленген мерзімде тапсырсаңыздар, онда бақылау шаралар кестесінің
күнтізбелік кестесіне белгіленген максималды баллды аласыз.
Тәжірибелік сабақтарға дайындалу дәрежесі сұраумен, үй тапсырмалардың
орындалуын тексеру, топта жұмыс істеу, бақылау шаралар кестесінің
күнтізбелік кестесіндегі бөлек тақырыптары бойынша тексеру жұмыстарын жазу
арқылы тексеріледі. Тәжірибелік және дәріс сабақтарына қалмай келгенінің
үшін Сіз 1 балл аласыз. Сабаққа қалып келгені үшін аптасына 0,5 балл
шегеріледі. Ал егер дайындалмай келсеңіз, тек қана келуіңіз бағаланады.
Пәннің тараулары бойынша оқыған материалды игеру деңгейін тексеру
үшін екі межелік бақылау өткізіледі.
Егер Сіз межелік бақылауға дәлелді себептермен қатыспасаңыз, онда Сіз
оқытушы белгілеген уақытысында жеке тапсырманы орындау арқылы сәйкес
баллды ала аласыз.
Жұмыс істеу нәтижелері бойынша семестрде екі рет ағымдағы үлгерімінің
қортынды балы (рейтинг) анықталады. 50 баллдан төмен баға қанағаттанарлық
болып саналады.
Межелік бақылау 100 балға тең. Межелік бақылауға ағымды үлгерім
балдары болған студенттер жіберіледі.
(1,2) Рейтинг келесі формула бойынша есептеледі

(1,2) Р = (1,2)АҮ*0,7 + (1,2)МБ*0,3

Семестірде пән бойынша күндізгі оқу түрінің студентінің қортынды
бақылауға жіберу рейтингін бағалау келесі формула арқылы анықталады:

ЖР=1Р
Қортынды бақылау билеттер бойынша жазбаша түрде өткізіледі. Пән
бойынша баллдағы қортынды баға келесі формула арқылы анықталады:

Қ=ЖР*ЖРСҮ+ҚБ*,

осында ЖРСҮ, ҚБСҮ – бақылауға жіберу және қортынды бақылау үшін
Университеттің Ғылыми Кеңесімен жылсайын бекітілетін салмақтық үлестер
0,6 және 0,4 - университеттің ғылыми кеңесімен белгіленген сәйкес
салмақтық үлестер.
Емтихан билет бойынша өткізіледі. Билетте екі сұрақ, бір есеп болады.
Бірінші сұраққа 25 балл, екінші сұраққа 25 балл, ал есеп 50 баллмен
бағаланады. Емтиханда алынатын максималды балл - 100 балл.
Егер де сіз емтиханда қанағаттанарлақ баға (50 баллдан төмен) алсаңыз,
онда пән бойынша сіздің қорытынды рейтингіңіз анықталмайды, ал ведомостқа
қанағаттанарлық бағасы енгізіледі.

СӨЖ тапсырмаларын орындау және тапсыру жөніндегі және Қаржылық
талдау пәні бойынша 5В050800 Есеп және Аудит мамандықтары бойынша іштей
оқу нысанындағы студенттерге арналған

Апта Емтихан ҚорытыЕмтихан сессиянын Қорытын
сессиянын нды кезеніңде ды
кезеніңде
Максималды балл, соның 33 33 34 100 33 33
ішінде бақылау түрлері
бойынша
Аралық бақылау 2 100 100
2 Пәнді оқыту бойынша әдістемелік нұсқаулар

2.1 Пәнді оқытудың мақсаты мен міндеттері:
- студенттерде әдіснамалық негіздерді қабылдау және тәжірибелік
жұмыста керек қаржылық талдаудың тәжірибелік машықтарды алу арқылы
аналитикалық, шығармашылық ойлау қабілетін қалыптастыру;
- пәнді оқу нәтижесінде студент экономикалық ақпаратты оңдеудің арнайы
әдістері мен тәсілдерін меңгеру, шаруашылық субъекттің нақты өндірістік-
шаруашылық әрекетін талдап, талдаудың жеке нәтижелерін біріктіріп, тиімді
басқару шешімдерді қабылдау мақсатпен сәйкес қорытындыларды шығаруды
меңгеру қажет;
- бұл пәнді оқу студенттерге өнеркәсіптің экономикалық және қаржылық
параметрлерін аналитикалық зерттеу саласындағы білімді алып дамуға, сонымен
бірге басқару шешімдердің экономикалық негіздеудерінің арнайы әдістерін
қолдану машықтарын меңгеруге көмектеседі.

2.2 Пәнді оқыту мақсаттыры:
- экономикалық құбылыстар мен процестердің мәнін, олардың өзара
байланыстары мен тәуелділігін түсіну;
- экономикалық процестерді нақтылап, жүйелеп модельдеуді;
- факторлардың ықпалын анықтауға, жеткен нәтижелерді бағалауға,
кәсіпорынның жұмыс істеу тиімділігін көтеру резервтерін айқындауға.
Пәнді оқу нәтижесінде студент осыны істей алу қажет:
- ағымды өндірістік әрекеттің түрлі салаларын талқылауға;
- қысқамерзімді және ұзақмерзімді келешектегі шешім қабылдауды
объективті негіздеуге;
- толық қолданылмаған резервтерді тауып бағалауға.
Студент келесі машықтарды меңгеру қажет:
- шаруашылық субъекттердің әрекетін зерттеу үшін қаржылық талдау
әдістерін қолдануға;
- кәсіпорынның қаржылық жағдайына маманданған баға беруге;
- шаруашылық субъекттер әрекеті тиімділігін көтеру резервтерін табу;
- кәсіпорынның қаржы жағдайын жақсарту жөнінде қорытындылар мен
ұсыныстарды негіздеуге.

2.3 Қаржылық талдау теориясы
1-тақырып. Қаржылық талдаудың пәні, міндеті және түрлері
Қаржылық талдаудың ұғымы, оның мазмұны. Талдаудың қалыптасуы мен
дамуының тарихи аспектілері. Қаржылық талдаудың міндеттері. Талдау түрлері.
Қаржылық есеп талдауының шетелдік тәжірибесі.
Әдебиеттер [ 9, с. 6–16] , [13, с. 17-–34]
2-тақырып. Қаржылық тәсілдері мен әдістері
Қаржылық талдау әдісінің мәні. Қаржылық есепті талдаудың әдістері мен
тәсілдерінің классификациясы. Көлбеу бағыттағы талдау. Тік бағыттағы
талдау. Трендтік талдау. Салыстырмалы талдау. Факторлық талдау. Қаржы
коэффициенттерінің әдісі.
Әдебиеттер [ 1, с. 6–16] , [13, с. 6-–40]
3-тақырып. Қаржылық талдауды ақпараттық қамтамасыз ету
Қаржылық талдаудың ұйымдасуы мен ақпараттық қамтамасыз ету. Қаржылық
талдауды ұйымдастырудың негізгі принциптері. Талдау объектілері мен
субъектілерін, ұйымдастыру түрлерін таңдау, оларды зерттеу және жеке қызмет
арасында міндеттерді үлестіру. Талдауды ақпараттық және әдістемелік
қамтамасыз ету.
ҚЕХС-ға сәйкес қаржылық есептің түрлерін классификациялау.
Бухгалтерлік балансты, табыс пен шығыс есебін және ақша жылжуы туралы
есепті құрастыру ерекшеліктері.
Әдебиеттер [1, с. 6–16] , [13, с. 6–40]

2.4 Кәсіпорын әрекетінің қаржылық талдауы
1-тақырып. Кәсіпорынның қаржылық жағдайын экспресс-талдау
Кәсіпорынның қаржылық жағдайын экспресс-талдауының мәні мен мазмұны.
Экспресс-талдаудың мақсаттары мен міндеттері. Экспресс-талдауды өткізу
кезеңдері. Экспресс-талдауды өткізу үшін мәліметтер көзі.
Әдебиеттер [1, с. 6–16] , [13, с. 31–49]
2-тақырып. Баланс активтерінің құрамын, құрылымын және динамикасын
талдау
Бухгалтерлік баланс және оның құрамдық бөлімдері. Бухгалтерлік баланс
активтері және олардың классификациясы. Баланс активтерінің құрамы мен
құрылымы. Баланс активтерін талдау. Дебиторлық қарызды талдау.
Әдебиеттер [1, с. 6–16]
3-тақырып. Кәсіпорын активтерін қалыптастыру көздерінің құрамын,
құрылымын және динамикасын талдау
Баланс активтері қалыптасу көздерінің классификациясы. Баланс
пассивінің құрамы мен құрылымы. Кәсіпорынның меншікті капиталы және оның
қалыптасуы. Тартылған капиталды талдау. Несиелік қарызды талдау.
Кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығын мінездейтін көрсеткіштер.
Әдебиеттер [1, с. 59–68]
4-тақырып. Меншікті және қарыз капиталды талдау
Кәсіпорынның меншікті капиталы, оның қалыптасуы мен толықтыру көздері
ұғымы. Меншікті айналым капиталын талдау міндеттері. Меншікті капиталды
пайдалану тиімділігін мінездейтін көрсеткіштер.
Қарыз капиталының құрамы, құрылымы және динамикасын талдау.
Әдебиеттер [1, с. 68–73]
5-тақырып. Кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығын талдау
Кәсіпорынның қаржылық жағдайы ұғымы. Кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығы
ұғымы және мәні. Кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығына әсер ететін факторлар
және олардың классификациясы. Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдаудың
негізгі міндеттері.
Әдебиеттер [1, с. 73–80]
6-тақырып. Өтімділікті талдау
Өтімділік және өтімділік құралдарының ұғымы. Өтімділік деңгейі бойынша
баланс активтерін классификациялау. Төлемдік жеделдігі бойынша баланс
пассивтерін топтау. Баланс өтімділігі. Өтімділік коэфиициенттер.
Әдебиеттер [1, с. 80–89]
7-тақырып. Кәсіпорынның төлем қабілетін талдау
Кәсіпорынның төлем қабілетін анықтау. Кәсіпорынның төлем қабілетін
талдау. Ағымды, болашақты, абсолютты төлем қабілеті. Өтімділік пен төлем
қабілетінің өзара байланысы.
Әдебиеттер [1, с. 89 –106]
8-тақырып. Кәсіпорынның кредит қабілетін талдау
Банктік несиелендірудің мәні. Несиелендіру принциптері. Несиелендіру
объектілері мен түрлері. Несие беру шарттары. Кәсіпорынның кредит қабілетін
талдаудың негізгі міндеттері. Несиелендіру шарттарының талдауы. Шаруашылық
субъекттің кредит қабілетін бағалау әдістері.
Әдебиеттер [1, с. 107–118]

9-тақырып. Кәсіпорынның іскерлік белсенділігін талдау
Нарықтық қатынастар жағдайындағы кәсіпорынның белсенділігі.
Кәсіпорынның іскер белсенділігінің көрсеткіштері (активтердің, негізгі
қаражаттардың, ағымды активтер жалпы айналымдарының, материалдық айналым
қаражаттарының, дайын өнімнің, ақшалай қаражаттың, инвестицияланған
капиталдың және т.б. айналымдарының коэффициенттері), оларды есептеу мен
талдау.
Әдебиеттер [1, с. 175 –220]
10-тақырып. Кәсіпорын ісінің тиімділігі мен табыстылығын талдау
Табыс ұғымы, оларды классификациялау. Нарық экономикасы жағдайындағы
табыстың маңызы және ролі. Табыс функциялары. Кәсіпорын табыстылығын талдау
маңызы.
Табыстықтың абсолюттік көрсеткіштері және олардың қалыптасуы.
Кәсіпорын табысының құрамы мен құрылымы. Кәсіпорын табысына ықпал ететін
факторлар.
Кәсіпорын табыстарының салыстырмалы көрсеткіштері. Жалпы активтердің
табыстылығы. Шығарылатын өнімнің (жұмыс, қызмет) табыстылығы. Ақшалай
қаражаттың таза ағылымы негізінде саналған табыстылық көрсеткіштері.
Әдебиеттер [1, с. 119 – 122]
11-тақырып. Қаржы ағымын талдау
Кәсіпорынның ақшалай ресурстарының ұғымы және олардың құрамы.
Операциялық, қаржылық және инвестициялық істерден келген ақшалай
қаражаттардың кіруі мен жұмсалуы. Ақшалай қаражат жылжуын тура және жанама
талдау.
Әдебиеттер [1, с. 122–135]
12-тақырып. Әлуетті банкроттықты бағалау
Тәуекелдік ұғымы. Тәуекелдік түрлері (өнеркәсіптік, коммерциялық,
қаржылық, жүйелік, жүйесіз және т.б.). Тәуекелдіктің негізгі салалары.
Тәуекелдікті санды талдау. Тәуекелдікті сапалы талдауды өткізу
ерекшеліктері.
Банкроттықтың мәні. Кәсіпорын дәрменсіздігінің себептері: объективтік
және субъективтік. Банкроттық жағдайды реттеудің құқықтық механизмі және
оның негізгі элементтері. Қаржылық жағдайды болжау. Кредит қабілетінің
индексі. Банкроттықты болжаудың көпфакторлық модельдері. Банкроттықтың
формальды және формальды емес белгілерінің жүйесі. Төлем қабілетін болжау.
Қаржы ағымын талдау. Банкроттық тәуекелдігінің диагностикасы және
кәсіпорынның қаржылай жақсарту жолдары.
Әдебиеттер [1, с. 220–340]

3 Тірек дәріс конспекті

3.1 Қаржылық талдау теориясы
1-тақырып. Қаржылық талдаудың тақырыбы, міндеті және түрлері
Табиғат пен қоғамдық өмірдің құбылыстарын зерттеу талдаусыз болмайды.
Талдау термині аударғанда бөліну деген сөзді білдіретін analyzis
деген латын сөзінен шықты. Сондықтан, шеңберлі ұғымда талдау құбылыс немесе
затты бөлімдерге (топтар), элементтерге, ішкі, бұл құбылысқа ғана тән
құрамдарға бөліну деп белгіленеді. Бұл зерттелген заттың, процестің ішіне
қарауға, оның ішкі мәнін ұғуға, зерттелген құбылыс немесе процестегі әр
элементтің рөлін анықтауға көмектеседі.
Талдау Синтез ұғымымен диалектикалық қарсы бірлікте тұрады,
зерттелген объекттің алдында бөлінген элементтерін бір тұтастыққа жинайды.
Талдау-синтез әр ғылыми зерттеудің синонимы ретінде қарастырылады. Ғылыми
білімнің әр саласында, адам әрекетінің әр сферасында талдау-синтезсіз
болмайды.
Бірақ жердегі барлық өмірдің негізі болып табылатын экономикада талдау-
синтез ерекше маңызды болды.
Талдау, экономикалық құбылыстар мен процестер мәнін білу құралы
ретінде, б.з.д. 4000 ж. қалыптасқан.
Оның қалыптасуы мен дамуы бухгалтерлік есептің қалыптасуы және
дамуымен байланысты. Бірақ өзінің теоретикалық және тәжірибелік дамуын ол
19 ғасырдың екінші жартысында, капиталистикалық қатынастың дамуы кезінде
алды.
Талдаудың қалыптасуы объективтік талаптар мен жағдайлармен туылған.
Біріншіден, өндірістік күштер дамуымен, өндірістік қатынастардың
дамуымен және өндіріс масштабтарының кеңдеуімен байланысты комплекстік және
жүйелік талдаудың тәжірибелік қажеттігімен. Жан-жақты талдаусыз күрделі
экономикалық процестерді басқаруға, тиімді шешім қабылдауға қиын.
Екіншіден, бұл ғылымның жалпы дамуымен байланысты. Экономикадай,
талдау, ғылыми білімнің арнайы саласы ретінде көптеген өзгерістерге тап
болды. Талдаудың мазмұны оның кәсіпорынды басқару жүйесінде атқаратын рөлі
мен функциялардан шығады.
Талдау есеп пен басқару шешімдерді қабылдаудың арасындағы байланыс
буыны болып табылады.
Талдау процесінде ақпарат аналитикалық өңдеуді өтеді: өткен кезеңдер
жетістіктерінің басқа кәсіпорындардың көрсеткіштерімен салыстырылады, түрлі
факторлардың әсері анықталады,пайдаланбаған мүмкіндіктер, қателер,
кемшіліктер айқындалады. Талдау арқылы ақпаратты ұғады.
Талдау нәтижелерінің негізінде басқару шешімдер қабылданады.
Бухгалтерлік есепті басқару және қаржылыққа бөлу экономикалық
талдаудың да бөлінуін туғызды. Қаржылық және басқару талдау болады. Содан
басқа, қаржылық талдау ішкі және сыртқы болады.
Ондай бөліну Коммерциялық құпияны қорғау заңының іске асыруылымен
белгіленді, соған байланысты бухгалтерлік есеп жүйесі кәсіпорын масштабында
басқару және қаржылық есепке, ал есеп берушілік – басқару және қаржылық
есеп берушілікке бөлінеді.
Талдаудың ішкіге және сыртқыға бөлінудің негізгі нышаны болып
пайдаланған ақпараттың сипаты есептеледі.
Басқару есеп берушілік – бұл бөгде адамдарға жабық, қатал құпияланған
есеп берушілік. Мұнда өнімнің жеке түрлерінің өзіндік құны туралы, немесе
сапасы төмендігінен және басқа себептерден жатып қалған, өз сатып алушысын
таба алмаған өнім туралы мәліметтер бар. Бұл жеке бөлімшелердің қаржы-
шаруашылық әрекет нәтижелері туралы есеп беру. Басқару есеп берушілік
басқару есеп мәліметтері бойынша құрастырылады да кәсіпорынды басқаратын
шектелген тұлғалар шеңберіне ғана қолжетімді.
Қаржылық есеп берушілік – ақпаратты пайдаланушылардың кең шеңберіне
көрсетілген ашық есеп берушілік: инвесторларға, акционерлерге, салық және
қаржы органдарына, банктерге, сақтандыру компанияларға, аудиторлық
контораларға және т.б. Қаржылық есеп берушілік қаржылық есеп негізінде
құрастырылады.
Кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығын бағалау үшін, басқару және қаржылық
объективтік шешімдерді қабылдау үшін кәсіпорынның қаржы жағдайын талдау
қажет. Терең және мұқият талдаудың негізінде ғана оның әрекетін объективті
бағалау, кәсіпорынның қаржылық жағдайын жақсарту немесе бекіту туралы
уақытында және дұрыс шешімдерді қабылдау үшін басшылыққа нақты ұсыныстар
жасауға мүмкіндік туады.
Қаржылық талдау – кәсіпорынның қаржылық-шаруашылық әрекетін зерттеу
әдістері жөнінде білімдер жүйесі. Қаржылық талдаудың тақырыбы –
кәсіпорынның қаржылық-шаруашылық әрекеті, ал қаржылық талдау әдісі деп
тақырып зерттеуге көмектесетін тәсілдер мен әдістер жиынтығы санауға
болады.
Қаржылық талдаудың басты мақсаты – кәсіпорын қаржы-шаруашылық әрекетін
терең, мұқият және комплекстік зерттеу, және бұның негізінде оның
тиімділігі қандай, кәсіпорынның қаржы тұрақтылығын жақсарту және бекіту,
оның іскерлік белсенділігін көтеру жолдары қандай деген сұрақтарға жауап
алу.
Кәсіпорынның қаржылық талдауының негізгі міндеттері:
- кәсіпорын қаржылық жағдайының жалпы бағасы және есепті жылда оның
өзгеруі;
- активтердің құрамы және құрылымын, олардың жағдайын және жылжуын
бағалау;
- өзіндік капиталдардың және міндеттердің құрамы және құрылымын,
олардың жағдайын және жылжуын бағалау;
- кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығын талдау және олардың деңгейінің
өзгеруін бағалау;
- кәсіпорынның төлеу қабілетін және баланс өтімділігін талдау;
- кәсіпорын табыстылығының абсолюттік және салыстырмалы көрсеткіштерін
талдау;
- кәсіпорынның қаржылық-шаруашылық әрекетінің іскерлік белсенділігін
және тиімділігін талдау;
- кәсіпорынның нарықтық тұрақтылығын қысқамерзімді болжау және оның
қаржылық стратегиясын өңдеу.
Талдау түрлі нышандармен классификацияланады:
Салалық нышанмен, қоғамдық еңбекті бөлу негізінде белгілейді:
а) экономиканың жеке салалар өзгешілігін есепке алатын есеп берушілік
талдау (ауыл шаруашылық, өнеркәсіп, құрылыс);
б) экономиканың барлық салаларындағы талдаудың теоретикалық және
әдістемелік негізі болатын салааралық талдау.
Салалық талдаудың қажеттілігі өндірістің түрлі салаларының
өзгешілігімен туындайды. Әр саланың өз ерекшеліктері мен экономикалық
қатынастары бар. Бір уақытта барлық салалар өзара байланысты, сондықтан
салааралық талдау қажеттілігі туындайды. Ол талдаудың жалпы белгілері мен
ерекшеліктерін қарастырады да талдаудың озық нәтижесін біріктіреді.
Уақыт нышаны бойынша талдау бастапқы (болашақты) және кейінгі
(ретроспективті) болып бөлінеді:
а) бастапқы шаруашылық операцияларына дейін өткізіледі. Ол басқару
шешімдер мен жоспарлық тапсырмаларды негіздеуге, сонымен қатар келешекті
болжап, жоспарды орындаудың бағасын беру үшін, қолайсыз нәтижелерді ескеру
үшін керек;
б) кейінгі талдау шаруашылық операциялар жасалғаннан кейін өткізіледі.
Ол жоспар орындауын бақылау үшін, пайдаланбаған резервтерді айқындау үшін,
кәсіпорын әрекетінің нәтижелерін объективті бағалау үшін керек қолданылады.
Болашақты және ретроспктивті талдау өзара тығыз байланысты. Өткен
кезеңдердің еңбек нәтижелерін талдаусыз заңдылық тенденцияларын зерттеуге,
пайдаланбаған мүмкіндіктерді, озық тәжірибені анықтауға мүмкін емес,
сондықтан ретроспективті талдау болашақты талдаудың негізі болып табылады.
Бастапқы талдаудың тереңдігіне және сапасына кейінгі талдаудың
нәтижелері тәуелді. Егер жоспарланған көрсеткіштер негізделмеген болса,
жоспар орындаудың кейінгі талдауы маңызын жоғалтады.
Рестроспективті (кейінгі) талдаудың екі түрі бар: жедел және қорытынды
талдау.
Жедел талдау шаруашылық операция өткізілгеннен кейін немесе өткізілген
уақытта, яғни өте қысқа уақытта (күн, тәулік, кезек) өткізіледі. Оның
мақсаты – жедел кемшіліктерді тауып, шаруашылық процестерге әсер ету.
Ол бірінші есеп және өндіріс процесін тікелей бақылау мәліметтерінде,
жұмыскерлермен әңгімелесуде негізделеді.
Ең бірінші өндіріс, өнімді тиеп қою және өткізу, жұмыс күшін
пайдалану, құрал-жабдықтарды және материалдық ресурстарды өндіру, өзіндік
құны және т.б. жедел талданады.
Көрсеткіштер көбінесе табиғи беріледі. Бұл жедел талдаудың айырым
белгісі болып табылады.
Қорытынды (соңғы) талдау уақыттың есепті кезеңі (ай, квартал, жыл)
бойынша өткізіледі. Оның құндылығы - кәсіпорын әрекеті тиісті кезең бойынша
есептік мәліметтер арқылы жиынтықты және жан-жақты зерттеледі. Сонымен бар
мүмкіндіктерді пайдалану жөнінде кәсіпорын әрекетінің толық бағасы
қамтамасыз етіледі. Ол ресми бухгалтерлік және статистикалық есептілігінде
негізделеді.
Қорытынды талдаудың маңызды кемшілігі бар – табылған резервтер мүлде
жоғалтылған мүмкіндіктерді көрсетеді, неге десе олар өткен кезеңге қатысты.
Оның нәтижелері келешекте есептеледі.
Жедел және қорытынды талдау бір бірін толықтырады. Олар кәсіпорын
басшылығына кемшіліктерді жедел жоюға ғана емес, өндіріс тиімділігін
көтеруге бағытталған шараларды өңдеуге мүмкіндік береді.
Кеңістік нышаны бойынша шаруашылық ішіндегі және шаруашылық арасындағы
талдауды анықтайды:
а) шаруашылық ішіндегі талдау зерттелген кәсіпорынның ғана және оның
құрамдық бөлімшелерінің әрекетін зерттейді (ішкі резервтерді табуға);
б) шаруашылық арасындағы талдау барысында екі және одан көп
кәсіпорындардың әрекет нәтижелерін салыстырады. Бұл озық тәжірибені және
жұмыс тиімділігін көтеру сыртқы резервтерін айқындауға көмектеседі.
Басқару объектілері бойынша талдау келесілерге бөлінеді: техникалық-
экономикалық, қаржылық-экономикалық, басқару, әлеуметтік-экономикалық,
экономикалық - статистикалық, экономикалық - экологиялық, маркетингтік:
а) техникалық-экономикалық талдауды кәсіпорынның техникалық
қызметтері өткізеді. Оның көмегімен техникалық және экономикалық
процестердің өзара байланыстары зерттеледі, кәсіпорын әрекетінің
экономикалық нәтижелеріне әсері анықталады;
б) қаржылық-экономикалық талдау біріншіден кәсіпорын жұмысының
қаржылық нәтижелерін зерттейді: қаржы жоспарын орындау, өзіндік және қарыз
қаражаттарын пайдалану тиімділігін, табыстылықтың өсуін, қаржылық жағдайын
және төлем қабілеттігін;
в) басқару талдау жоспарлау, бақылау және тиімді басқару шешімдерді
қабылдауға керек ақпаратты басшылыққа ұсыну, маркетинг әрекеті, қаржылық
саясат сұрақтар жөнінде стратегия мен тактиканы өңдеу, өнеркәсіп
техникасын, технологиясын және ұйымдастыруын жақсарту мақсатпен
өткізіледі;
г) әлеуметтік-экономикалық талдау әлеуметтік және экономикалық
процестердің өзара байланысын, олардың бір-біріне және жұмыстың
экономикалық нәтижесіне ықпалын зерттейді;
д) экономикалық-статистикалық талдау басқарудың түрлі деңгейінде
(кәсіпорын, сала, өңір) көпшілік қоғамдық құбылыстарды зерттеу үшін
қолданылады;
е) экономикалық-экологиялық талдау қоршаған ортаны сақтау және
жақсартумен, экологияға деген шығындармен байланысты экологиялық және
экономикалық процестердің өзара байланыстарын зерттейді;
ж) маркетингтік талдау сыртқы ортаны, шикізат рыногі мен дайын өнімді
өткізуді, оның бәсекеге қабілеттігін, сұраныс пен ұсынысты, коммерциялық
тәуекелді, баға саясаты қалыптасуын зерттеу үшін қолданылады.
Объектілерді зерттеу әдісі бойынша талдау салыстырмалы, диагностикалы,
факторлы, маржиналды, экономикалық -математикалық, экономикалық-
статистикалық, функционалдық-құндылықты болуы мүмкін.
а) салыстырмалы талдау барысында есеп берушілік көрсеткіштерді жоспар
көрсеткіштермен, өткен жылдардың мәліметтерімен, озық кәсіпорындармен
салыстырумен ғана шектеледі;
б) факторлық талдау нәтижелі көрсеткіштер деңгейін өзгертуге
факторлардың ықпалы деңгейін анықтауға бағытталған;
в) диагностикалық талдау – сол бұзушылыққа тән, типтік нышандардың
негізінде экономикалық процестердің түзу жүру бұзушылықтарының сипатын
белгілеу;
г) маржиналдық талдау – сату, өзіндік құны, шығындарды тұрақты және
тұрақты еместерге бөлу өзара байланысында негізделген бизнестегі басқару
шешімдердің тиімділігін бағалау және негіздеу әдісі;
д) с помощью экономикалық-математикалық талдаудың көмегімен
экономикалық есепті шешудің ең тиімді нұсқалары таңдалады;
е) функционалдық-құндылық талдау резервтерді анықтау әдісі деп
саналады. Ол объект орындаған фукцияларда негізделеді де тауар өмірлік
циклдің барлық кезеңдерінде оларды өткізудің тиімді жолдарына бағытталған;
Оның негізгі міндеті керегі жоқ тораптарды, бөлшектерді жою,
материалдарды ауыстыру арқылы артық шығындарды анықтап ескерту.
Субъекттер (пайдаланушылар) бойынша талдау ішкі және сыртқы болады:
а) ішкі талдау кәсіпорында өндірістік, коммерциялық және қаржылық
әрекетті жедел, қысқа- және ұзақмерзімді басқару үшін өткізіледі;
б) сыртқы талдау шаруашылық басқару, банктер, қаржы органдары,
акционерлер және инвесторлармен қаржылық және статистикалық есеп берушілік
негізінде өткізіледі.
Зерттелетін объектілерді қамту бойынша талдау жаппай және таңдаулы
болады:
а) жаппай талдау барлық объектілер бойынша өткізіледі;
б) таңдаулы талдау объектілердің жартысында ғана өткізіледі.
Бағдарламаның мазмұны бойынша талдау комплекстік және тақырыптық
болады:
а) комплекстік талдауда кәсіпорын әрекеті жан-жақты зерттеледі;
б) тақырыптық талдауда белгілі уақытта көп қызығушылық туғызатын
кәсіпорын әрекетінің жеке жақтары ғана зерттеледі.

2-тақырып. Қаржылық тәсілдері мен әдістері
Қаржылық талдау әдістерін түрлі классификациялары бар.
Біріншіден, формальдандырылған және формальдандырылмаған әдістерді
белгілейді.
Формальдандырылмаған әдістер аналитикалық процедураларды қатал
аналитикалық тәуелділіктерде емес, логикалық деңгейде сипаттауда
негізінделген. Оларға осындай әдістер қатысты: эксперттік бағалау,
сценарийлер, көрсеткіштер жүйелерін, аналитикалық кестелерді құру және т.б.

Формальдандырылған әдістерге негізінде қатал формальдандырылған
тәуелділіктер жатқан әдістер қатысты. Бұл – элиминациялау, баланстық
байлаулар, салыстыру және т.б.
Элиминация әдісінің мәні бір факторлардың ықпалын басқалардың ықпалын
анықтау мақсатымен жою. Элиминацияның екі негізгі әдісі бар – тізбекті
алмастыру әдісі және абсолюттік айырмалар, салыстырмалы айырмалар әдісі.
Элиминациялау - нәтижелі фактор мөлшеріне, барлық факторлардың ықпалын жою,
қабылдамау, жоққа шығару.
Тізбекті алмастыру әдісінің мәні базистік (жоспарлық) көрсеткіштерді
фактіліктермен ретті ауыстыруда және алынған жаңа нәтижені алдыңғымен
салыстыруда.
Салыстырмалық айырмаларды есептеу басқалардың ықпалын жойып бір
факторлардың ықпалдарын анықтау үшін қолданылады. Бұл әдіс тізбекті
алмастырудан жеңіл. Оның мәні мынада – бірінші фактор ықпалын есептеу үшін
нәтижелік көрсеткіштің негізгі мөлшерін пайызбен көрсетілген бірінші
фактордың салыстырмалы өсіміне көбейтіп, нәтижесін 100-ге бөлу.
Екінші фактордың ықпалын есептеу үшін нәтижелік көрсеткіштің жоспарлы
мөлшеріне біріншінің есебінен оның өзгеруін қосып, алынған қосындыны
пайызбен өлшенген екінші фактордың салыстырмалы өсіміне көбейтіп, нәтижесін
100-ге бөлу керек.
Үшінші фактордың ықпалын есептеу үшін нәтижелік көрсеткіштің жоспарлы
мөлшеріне бірінші және екінші фактор есебінен оның өсімін қосып, алынған
қосындыны үшінші фактордың салыстырмалы өсіміне көбейту керек.
Абсолюттік айырмаларды есептеу – зерттелген фактордың абсолюттік
өсімін оның оң жағындағы негізгі (жоспарлы) мөлшерге және модельде оның сол
жағындағы фактордың шындық мөлшеріне көбейту.
Баланстық байлау әдісі қатал функционалды тәуелдік бар жерде
қолданылады. Баланстық әдіс негізінде өзара байланысты экономикалық
көрсеткіштер екі топтарының арақатынастарын, үйлесімділігін көрсету үшін
қажет. Ол кәсіпорынды еңбек, материалдық және қаржылық ресурстармен
қамтамасыз етуді талдауда кең қолданылады.
Салыстыру – талдаудың негізгі әдістерінің бірі. Ол келесі жағдайларда
қолданылады:
а) жоспарлық және шындық көрсеткіштерді салыстырғанда, жоспарды
орындауын бағалау үшін;
б) дамудың негізгі тенденцияларын айқындау үшін есепті мерзімнің нақты
мәліметтерін бұрынғы жылдардың мәліметтерімен салыстырғанда;
в) қалыптасқан норма және нормативтерді сақтауды анықтау үшін нақты
көрсеткіштерді нормативтіктермен салыстырғанда;
г) талдауға алынған кәсіпорынның мәліметтерін бәсекелестермен, сала,
аймақ бойынша орта мәліметтермен салыстырғанда. Бұл кәсіпорынның басқа
кәсіпорын жиынтығында орнын анықтауға, бәсекелестер арасында артықшылықтары
мен кемшіліктерін көруге, шаруашылықтың озық әдістерін қабылдауға
көмектеседі;
Екіншіден, бұл қаржылық талдаудың классикалық әдістері: топтастыру,
орта және салыстырмалы мөлшерлер, кестелер мен индекстер.
Қаржылық талдаудың негізгі әдістерінің арасында келесі алты әдістерді
белгілейді: көлденең талдау, тік талдау, трендтік талдау, салыстырмалы
талдау, факторлық талдау, қаржы коэффициенттерінің әдісі.
Көлденең талдау немесе уақыттық талдау дегеніміз, есептіліктің әр
бөлігін алдыңғы жылдармен салыстыру. Ол бухгалтерлік талдаудың түрлі
статьяларының алдыңғы жылдармен салыстырғанда абсолюттік ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қаржылық жағдайды талдау түсінігі
Қаржылық жағдайы
Темірлан ЖШС мысалында кәсіпорынның қаржылық жағдайына баға беру
Қаржылық талдаудың негіздері
Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдау. Қаржылық жағдайдың мәні және оны талдау мақсаты
Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдаудың теориялық негіздері. Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдаудың ақпараттық негізі
Кәсіпорынның қаржылық жағдайының тұрақтылығын талдау
Компанияның төлем қабілеттілігін талдау
Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдаудың әдістері
Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдау және оның активтерінің өтімділігі мен төлем қабілеттілігін арттырудағы негізгі бағыттары
Пәндер