Ұйымның табыстар мен шығындардың теориялық аспектілері
КІРІСПЕ
1 ҰЙЫМНЫҢ ТАБЫСТАР МЕН ШЫҒЫНДАРДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ
1.1 Табыстар түсінігі
1.2 Ұйымдардың табыстарды алу көздері
1.3 Шығындар түсінігі мен түрлері
2 «ПАВЛОДАРСТРОЙ» ЖАУАПКЕРШІЛІГІ ШЕКТЕУЛІ СЕРІКТЕСТІК МЫСАЛЫНДА ТАБЫСТАР МЕН ШЫҒЫНДАРДЫ ТАЛДАУ
2.1 «ПавлодарСтрой» ЖШС экономикалық сипаттамасы
2.2 «ПавлодарСтрой» ЖШС қаржылық талдау
2.3 «ПавлодарСтрой» ЖШС рентебелділігін талдау
ҚОРЫТЫНДЫ
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
ҚОСЫМША

Қазақстан Республикасының экономикасы әрекет етуші ұйымдар мен ұйымдардың көпшілігімен және әртүрлілігімен ерекшеленеді. Бүгінгі таңдағы шаруашылықты жүргізу талаптарына сәйкес ұйымдардың күрделі экономикалық механизмін басқару - толық және шынайы ақпараттармен қамтамасыз етуші есеп жүйесінің жақсы ұйымдастырылуын қажет етеді. Есеп жүйесінің мәліметтері тек ұйымды және оның құрылымдық бөлімшелерін басқару, мемлекеттік қорытынды есеп тапсыру, ағымдағы жоспарлар мен экономикалық болжамдар жасау үшін ғана пайдаланылмайды, сонымен қатар, еліміздің экономикасының даму заңдылықтарын жалпылама түрде зерттеуге мүмкіндік береді.
Ұйымдардың басшылығы мен еңбекшілер ұжымдарының басты қызығушылығын шикізаттар мен материалдарды үнемді және орынды жұмсау, өндірістік қалдықтарды азайту, ақауларға жол бермеу, өнімдердің бәсеке қабілеттілігін арттыру, оның сапасын жақсарту, өзіндік құнын азайту, қоршаған орта заңдылықтарын сақтау сынды мәселелері сипаттайды. Халық шаруашылығы салаларындағы әрбір ұйымның негізгі мақсаты өз қызметі барысында ең жоғарғы мөлшердегі пайдаға кол жеткізу болып табылады. Қазіргі шаруашылықты жүргізу жағдайларында қажетті табыс көлемінсіз қызмет атқару мүмкін емес. Себебі ұйымдарда орын алған шығындардың жабылыуы қажет, ал ол үшін табыс көлемі жеткілікті мөлшерде болуы керек.
Табыс дегеніміз нақты адамдардың, ұйымдардың немесе мемлекеттің үлесіне тиісті, оларға өз қызметін жүзеге асыруға мүмкіндік беретін ақша сомаларының жиынтығы. Мысалы, мемлекеттік табыс - ұлттық табысты бөлу немесе қайта бөлу нәтижесінде мемлекет үлесіне берілген ақшалай немесе материалдық ресурстар болып табылады.

1 Қазақстан Республикасының "Бухгалтерлік есеп және қаржылық қорытынды жөніндегі" заңы, 26.12.1995 ж. (соңғы өзгерістер мен толықтырулар 24.06.2002 ж.)
2 Қазақстан Республикасының "Аудиторлық қызмет жініндегі" заңы, 18.11.1998 ж.
3 Халықаралық қаржылық қорытынды стандарттары, 2001 ж.
4 "Қаржылық қорытынды есепті құрастыру және тапсыру жөніндегі концептуалды негіздері", 2002 ж.
5 Ұлттық Бухгалтерлік есеп стандарттары, А., 1997 ж.
6 Бухгалтерлік есептің Типтік шоттар жоспары, А., 18.09.2002 ж.
7 Қазақстан Республикасының "Салықтар және бюджетке тиісті міндетті төлемдер жөніндегі" заңы, 2002 ж.
8 Дуйсембаев К.Ш. Аудит и анализ финансовой отчетности, А., 2000.
9 Ержанов М.С., Ержанова С.М. Основы бухгалтерскогоучет и новая корреспонденция счетов. А.,2003.
10 Управленческий учет: учебное пособие / под ред. АД.Шеремета.М., 2001.
11 Хорнгрен Хорнгрен Ч.Т., Фостер Дж. Бухгалтерский учет: управленческий аспект, М.,Фин и стат, 2002-416с.
12 Николаева С.А. Учетная политика организации. Принципы формирования, создание, практические рекомендации, аудиторская проверка. - М., Аналитика, 2008.
13 Шеремет А.Д., Сайфулин Р.С. Финаксы предприятий: учебное пособие, М., 2001.
14 Шеремет А.Д., Сайфулин Р.С. Методика финансового анализа, М., 2003.
15 Энтони Р., Рис Дж Учет: ситуации и примеры. М.: Фин и стат,2004.

МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ
3
1
ҰЙЫМНЫҢ ТАБЫСТАР МЕН ШЫҒЫНДАРДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ
5
1.1
Табыстар түсінігі
5
1.2
Ұйымдардың табыстарды алу көздері
7
1.3
Шығындар түсінігі мен түрлері
8
2
ПАВЛОДАРСТРОЙ ЖАУАПКЕРШІЛІГІ ШЕКТЕУЛІ СЕРІКТЕСТІК МЫСАЛЫНДА ТАБЫСТАР МЕН ШЫҒЫНДАРДЫ ТАЛДАУ
12
2.1
ПавлодарСтрой ЖШС экономикалық сипаттамасы
12
2.2
ПавлодарСтрой ЖШС қаржылық талдау
20
2.3
ПавлодарСтрой ЖШС рентебелділігін талдау
29
ҚОРЫТЫНДЫ
31
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
33
ҚОСЫМША
КІРІСПЕ
Қазақстан Республикасының экономикасы әрекет етуші ұйымдар мен ұйымдардың көпшілігімен және әртүрлілігімен ерекшеленеді. Бүгінгі таңдағы шаруашылықты жүргізу талаптарына сәйкес ұйымдардың күрделі экономикалық механизмін басқару - толық және шынайы ақпараттармен қамтамасыз етуші есеп жүйесінің жақсы ұйымдастырылуын қажет етеді. Есеп жүйесінің мәліметтері тек ұйымды және оның құрылымдық бөлімшелерін басқару, мемлекеттік қорытынды есеп тапсыру, ағымдағы жоспарлар мен экономикалық болжамдар жасау үшін ғана пайдаланылмайды, сонымен қатар, еліміздің экономикасының даму заңдылықтарын жалпылама түрде зерттеуге мүмкіндік береді.
Ұйымдардың басшылығы мен еңбекшілер ұжымдарының басты қызығушылығын шикізаттар мен материалдарды үнемді және орынды жұмсау, өндірістік қалдықтарды азайту, ақауларға жол бермеу, өнімдердің бәсеке қабілеттілігін арттыру, оның сапасын жақсарту, өзіндік құнын азайту, қоршаған орта заңдылықтарын сақтау сынды мәселелері сипаттайды. Халық шаруашылығы салаларындағы әрбір ұйымның негізгі мақсаты өз қызметі барысында ең жоғарғы мөлшердегі пайдаға кол жеткізу болып табылады. Қазіргі шаруашылықты жүргізу жағдайларында қажетті табыс көлемінсіз қызмет атқару мүмкін емес. Себебі ұйымдарда орын алған шығындардың жабылыуы қажет, ал ол үшін табыс көлемі жеткілікті мөлшерде болуы керек.
Табыс дегеніміз нақты адамдардың, ұйымдардың немесе мемлекеттің үлесіне тиісті, оларға өз қызметін жүзеге асыруға мүмкіндік беретін ақша сомаларының жиынтығы. Мысалы, мемлекеттік табыс - ұлттық табысты бөлу немесе қайта бөлу нәтижесінде мемлекет үлесіне берілген ақшалай немесе материалдық ресурстар болып табылады.
Табыс көлемі ұйымдар мен ұйымдардың өндірістік - шаруашылық қызметінің нәтижесіне баға беретін маңызды көрсеткіш. Қазақстан Республикасының резиденті болып табылатын, міндетті түрде мемлекеттік тіркеуден өткен жеке кәсіпкерлер мен Қазақстан Республикасында тіркелген резидент емес ұйымдардың филиалдары мен өкілеттіліктері бухгалтерлік есеп жүргізуге және қаржылық есеп тапсыруға міндеттеледі. Қаржылық қорытынды есеп дегеніміз -ұйымдардың қызметтерінің нәтижелері, қаржылық жағдайы және қаржылық жағдайындағы өзгерістер жөніндегі ақпарат болып табылады. Ұйымның қаржылық-шаруашылық қызметінің нәтижесіне баға берумен байланысты қорытынды есептің негізгі элементтері - табыс және шығын.
Табыстар - есепті кезеңдегі активтердің немесе олардың құнының көбеюі, міндеттемелердің азаюы түріндегі экономикалық тиімділіктің өсуі болып табылады және бұл иеленушілердің үлестерінен тыс меншікті капиталдың өсуіне әсер етеді.
Шығындар - есепті кезеңдегі активтердің немесе олардың құнының кемуі және міндеттемелердің өсуі түріндегі экономикалық тиімділіктің азаюы болып табылады және бұл меншікті капитал мөлшерінің иеленушілер арасында өзара бөлінуінен тыс азаюына қарай әсер етеді.
Тақырыпты тереңірек қарастыру мақсатында еліміздегі бухгалтерлік есеп жүйесінің ұйымдастырылуы мен жүзеге асырылуын айқындаушы маңызды нормативтік - құқықтық актілерге, соның ішінде, "Бухгалтерлік есеп және қаржылық қорытынды есеп жөніндегі" заң, "Салықтар және басқа да бюджетке тиісті міндетті төлемдер жөніндегі заң", Қаржылық қорытынды есепті дайындау және тапсыру жөніндегі концептуалдық негіздер", "Халықаралық қаржылық қорытынды есеп стандарттары" және ұлттык "Бухгалтерлік есеп стандарттары", "Бухгалтерлік есептің типтік шоттар жоспары", сонымен қатар қаржы, статистика, салық салу және басқа салалардағы көптеген нұсқаулар мен актілерге сүйендш. Сол сияқты, еңбектерінде табыстар мен шығындардың есебі, аудиті және талдау мәселелерін зерттеген, М.И. Баканов, А.Д. Шеремет, Б. Нидяз, Р. Энтони, В.К. Радостовец, К.Ш. Дюсембаев және тағы басқа отандық және шетелдік авторлардың оқулықтарын да пайдаландым.
1 ҰЙЫМНЫҢ ТАБЫСТАР МЕН ШЫҒЫНДАРДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ
1.1 Табыстар түсінігі
Елімізде нарықтык экономикалық қатынастардың дамуы мен халықаралық есеп стандарттарына көшу шарттары әртүрлі түсініктердің айқындылығын талап етеді. Мысалы, Қазақстандық ұлттық стандарттарда негізгі үғымдардың бірі пайданың орнына әртүрлі табыстар түрлері көрсетілген.
Табыстар дегеніміз:
oo қандай да бір қызмет нәтижесінде алынатын ақша немесе басқа құндылықтар;
oo өнімдерді (жұмыстар, қызметтерді) сату құны мен оларға жүмсалған өндірістік шығындардың арасындағы айырма ретінде анықталған, өндірістік - шаруашылық қызмет нәтижесі;
oo құнды қағаздардың ағымдағы бағасының белгілі-бір мөлшердегі пайызы түрінде анықталатын, ұйым иеленушілеріне төленетін
oo дивидендтер мен пайыздар.
Табыстар белгілі-бір уақыт мерзімінде "берілген немесе сатылған өнімдердің (тауарлардың, жұмыстар мен сатып алушыларға қызметтердің) ақшалай өлшемдегі жиынтығын құрайтын болғандықтан оларды бухгалтерлік есепте тану өте маңызды. Табыс сомасы сату құны бойынша бағаланады жөне төмендегі шарттар орындалған жағдайда танылады:
oo табыс сомасы өте жоғары дәлдік дәрежесімен бағаланады;
oo келісім бойынша экономикалық тиімділік ұйым үлесіне тиісті.
"Ұйым қызметіндегі бір келісім-шартпен байланысты табыстар мен шығындар бір мезетте танылады".
Табыстар мен шығындарды тану әдістері:
Сатылған өнімдер құнын бөліп төлеу әдісі бойынша табыс тек ақша алынғаннан кейін танылады. Бұл әдіс бөлшек сауда мекемелерінде кең танымал, себебі табыс толығымен шоттарға жазу арқылы және әр жылдың пайдасы үшін бөлек есептелінеді.
Шығындардың орнын толтыру әдісі көбінесе орны толтырылмайтын шығындар әдісі деп аталады, себебі шығындар сомасы табыс алынганға дейін жабылуы қажет. Бұл әдіс ерекше тәуекелге бару кажет болған жағдайларда пайдаланылады.
Орындалу пайызы әдісі бойынша табыс пен жалпы пайда сомасының танылуы орындалу пайызын бағалау арқылы жүргізіледі. Орындалу пайызы есепті кезең соңындағы барлық шығындарды пайыздар бойынша жалпы шығындар сметасына бөлу арқылы анықталады. Бұл әдіс құрылыста немесе материалдық өндірісте пайдаланылады. Әдісті пайдалану үшін орындау көлемі мен шығындар арасындағы өзара байланыс ең төмен дәрежеде болғаиы жөн.
Нақты орындалу әдісіне сәйкес табыстар операция аяқталғаннан кейін, яғни бір қызмет жүзеге асырылганнан кейін танылады.
Пропорционалды орындау әдісі бірнеше кезеңдік операциялар орындалуына байланысты табыс сомасын тану әдісі.
Аяқталған операциялар бойынша табысты тану әдісі барлық жұмыстар аякталғаннан кейін орындалады. Бұл әдісті жүк тасымалдаумен айналысатын мекемелер қолданады.
Кассалық әдіс бойынша табыс ақша сомасы кассаға келіп түскеннен кейін ғана танылады.
Ұйымдар тауарлы-материалдық қорларды сатумен, қызмет көрсетумен, пайыз, роялти және дивидендтер түрінде пайда әкелетін өз активтерін пайдалануға беру нәтижесінде табыс алады. Табыс сомаларының танылуы алынатын табыстардың түрлеріне тікелей тәуелді. Тауарларды сатумен байланысты табыстар сатып алушыға меншіктік құқық берілген жағдайда, орын алуы мүмкін немесе нақты орын алған шығындар жоғары дәрежелі дәлдікпен бағаланған жағдайларда танылады. Ал қызмет көрсетулермен байланысты табыстар есепті кезең соңына дейін операцияның аяқталуы жоғары дәлдікпен бағалануына байланысты және операцияның аяқталуына қажетті шығындар мен нақты жүмсалған шығындар мөлшерінің жоғары дәлдікте бағалануына байланысты танылады.
Пайыз, дивиденд және роялти түріндегі табыстар төмендегі шарттар орындалғанда танылады:
oo пайыз сомасы нақты табыс сомасын есепке алу уақытына арақатынасы негізінде танылады;
oo роялти сомасы келісім шарт мазмұнына сәйкес, есептеу әдісі бойынша танылады;
oo дивидендтер акционерлердің алушы ретіндегі қүқығы бекітілген жағдайда танылады.
Жалпы қорыта келе, табыс дегеніміз ақша сомасының өспелі қозғалысы және ол тек белгілі-бір шарттардың орындалуына сәйкес танылады.
1.2 Ұйымдардың табыстарды алу көздері
Ұйымдардың табыстарды алу көздері алуан түрлі.
Қалыптасу сипатына байланысты алғашқы және екінші табыстар болып бөлінеді. Бірінші топқа сатудан түскен түсім, пайыз және қаржылық салымдар бойынша алынған табыстар кіреді. Екінші топқа қорлар құрамындағы өзгерістер мен негізгі қорларды қайта бағалау кезінде қосылған құн түріндегі табыстар жатады.
Қызмет түрлеріне байланысты негізгі және негізгі емес қызметтер бойынша алынған табыстар болып ажыратылады. Негізгі қызмет түрінен алынған табыстарға сол есепті кезеңге қатысты, ұйымның қаржылық қызметінің және өндірістік-кәсіпкерлік қызметтерінің нәтижесін құрайтын табыстар жатқызылса, негізгі емес қызметтерден алынған табыстары оның басқа да қызмет түрлерімен байланысты болады.
Пайда болу көздеріне катысты табыстар активті және пассивті болып бөлінеді. Активті табыстарға кәсіпкерлік және еңбектік қызметтерге байланысты табыстар, еркін мамандық иелерінің табыстары, жер және жылмайтын мүліктермен байланысты алынган табыстар жатқызылады.
Пассивті табыстарға қызмет көрсетумен, ақпаратты пайдалануға берумен, интеллектуалдық меншікті сатумен байланысты "бүркемелі" табыстары мен материалдық-заттык құндылықтарды сатумен байланысты, пайыздар және дивидендтер түрлеріндегі "бүркемелі емес" табыстары жатқызылады.
Жіктеп-талдауға байланысты табыстар операциялық табыстар (жылдық төлем ақы, акциялар бойынша дивидендтер), төтенше жағдайлармен байланысты табыстар (зілзала апаттары, өрт, т.б.), әртүрлі шешімдер қабылдау нәтижесінде алынған басқа табыстар (активтердің тегін келіп түсуі, оң курстық айырма), ерекше және сирек табыс түрлері болып бөлінеді.
Ұйымдар өздерінің есеп саясатында алынатын және алынуы мүмкін табыс сомаларын негізгі қызметпен байланысты және негізгі емес қызмет нәтижесінде алынған деп нақты айқындауы қажет, себебі, олардың кызметтерінің нәтижесінің қалыптасуына табыстардың дұрыс бөлінуі мен сәйкес синтетикалық-жинақтау және аналитикалық-талдау шоттарының ашылуы тікелей әсер етеді. Жоғарыда аталған табыстармен қатар болашақ есепті кезеңдердің үлесіне тиесілі табыстар да болады. Олар алдағы уақыт табыстары деп аталады. Мұндай табыстарға жылдық төлем ақы, пәтер ақы, коммуналдық қызметтердің өтемі түріндегі табыстар жатқызылады.
Ұйымдардың негізгі және негізгі емес қызметтерінің нәтижелеріндегі табыстарының жиыны оның жалпы жиынтық табысын құрайды.
1.3 Шығындар түсінігі мен түрлері
Жиынтық табыс сомасының дұрыс анықталуы шығындар мөлшеріне тікелей тәуелді. Халықаралық қаржылық қорытынды есеп стандарттарына сәйкес шығындар дегеніміз - негізгі қызмет барысында орын алатын жұмсалымдар мен зияндар. Шығындар өнім өндіруге жұмсалған қорлардың құнын сипаттайды. Өнімнің өзіндік құнын құрастырушы шығындар баптары орталықтандырылған түрде анықталады. Шығындар есебін тиімді ұйымдастырудың басты алғышарттарының бірі - оларды экономикалық негізде топтастыру болып табылады. Халықаралық қаржылық қорытынды есеп стандарттары мен нарықтық экономикалық қатынастары дамыған елдердің тәжірибесіне сәйкес шығындарды үш түрлі бағытта қарастыруға болады:
oo өнімнің өзіндік құнын анықтау, өндірістік қорларды және аяқталмаған өндірісті бағалау, пайданы анықтау;
oo басқару шешімдерін кабылдау, жоспарлау және болжау;
oo бақылау және реттеу.
Нақты міндеттер айкын болған жағдайда жоғарыда аталған бағыттар бойынша шығындарды жіктеуге болады. Елімізде көп жылдар бойы жүйе - өнімдердің өзіндік құнын анықтау бағыты болатын.
Экономикалық мазмұнына байланысты шығындар элементтері бойынша және калькуляциялау баптары бойынша топтастырылады. Шығындар элементтері бойынша топтастыру ұйымның жалпы өндірістік - щаруашылық қызметіне пайдаланылатын материалдық, еңбектік, қаржылық
қорлардың көлемін анықтау үшін қолданылады. Элементтер тізімі барлық ұйымдар үшін бірыңғай. Өнімдердің өзіндік құнын құрайтын шығындар элементтері төмендегідей: материалдық шығындар (қайтарылатын қалдықтар кұны шегеріледі); еңбек ақы төлеу шығындары; әлеументтік қажеттілікке аудармалар; негізгі құралдардың амортизациясы; басқа да шығындар.
Калькуляциялау баптары бойынша топтастырылуы өнімдердің жеке түрлерінің өзіндік құнын анықтау үшін қажет. Бұл баптардың тізімі өнеркәсіптің жеке салалары үшін олардың өндірісті ұйымдастыру және технологиялық ерекшеліктеріне сәйкес бекітіледі. Калькуляциялық баптарға мысалға, төмендегі баптар жатқызылады: шикізаттар мен материалдар; қайтарылатын қалдықтар (шегеріледі); сатылып алынатын бұйымдар, жартылай дайын өнімдер, сыртқы ұйымдардың өндірістік сипаттағы қызметтері; технологиялық мақсатқа қажетті отын мен жылу; өндірістік жұмысшылардың негізгі және қосымша еңбек ақысы; әлеументтік қажеттіліктер аудармалары; өндірісті дайындау және игеру шығындары; жабдықтарды ұстау және күту шығындары; цех шығындары; жалпы зауыттық шығындар; ақаулармен байланысты жоғалтулар; басқа да өндірістік шығындар.
Өнімдердің өзіндік құнына қосу тәсіліне байланысты тікелей (тура) және жанама шығындар болып бөлінеді. Тікелей шығындар өнімге тікелей қатысты шығындарды сипаттаса, жанама шығындар, яғни өнім түріне тура қатысы жоқ шығындар, олар сол ұйымда калыптасқан методика бойынша бөліп-таратылады.
Технологиялық процеспен байланысына қатысты негізгі және үстеме шығындар түрлері ажыратылады. Негізгі шығындар өнімдер өндірісіне тікелей қатысты, ал үстеме шығындар жалпы ұйым қызметін ұйымдастыру, оған қызмет көрсету және басқарумен байланысты шығындар.
Пайда болу орына қарай шығындар өндірістік, яғни өнім өндірумен байланысты және өндірістік емес, яғни сату процесіндегі шығындар болып бөлінеді.
Шығындар жүйесін басқарудың функцияларының бірі - шығындарды жоспарлау. Яғни, шығындар жоспарланған және жоспарланбаған болады.
Өндіріс көлеміне қатысты шығындар тұрақты және айнымалы болып бөлінеді. Айнымалы шығындар көлемі өндіріс көлеміне пропорционалды кемиді немесе өседі, яғни ұйымның іскерлік белсенділігін сипаттайды. Есепті кезеңдегі өзгермейтін шығындар тұрақты болып табылады.
Шығындар көлемін бақылау мен реттеу процесі нақты шығын сомаларының жоспарлы дәрежеден ауытқуын, ауытқу себептерін, жауапты адамдарды анықтайды. Осы максатта шығындар реттелетін және реттелмейтін болып табылады. Реттелетін шығындар мөлшері жауапкершілік орталығының қызметімен байланысты, ал басқа шығындары реттелмейтін болады.
Шығындар да негізгі қызметпен және негізгі емес қызметпен байланысты шығындар болып бөлінеді, бұл олардың дұрыс танылуы мен еселке алынуының алғы шарты болады. Сатылған тауарлы-материалдық қорлардың өзіндік құны сол шығындармен байланысты табыс сомалары танылған есепті кезеңде шығын ретінде танылады".
Ұйымдардың табыстары мен шығындарының есебін ұйымдастырудың тәртіптері мен ережелерін анықтаушы келесі түрдегі негізгі нормативтік-құқықгық актілерді атауға болады:
oo Қазақстан Республикасының "Бухгалтерлік есеп және қаржылық қорытынды есеп жөніндегі" заңы, 24 маусым 2002ж.;
oo Қаржылық қорытынды есепті дайындау және құрастыру жөніндегі концептуалдық негздер;
oo Халықаралық қаржылық қорытынды есеп стандарттары және ұлттық бухгалтерлік есеп стандарттары. Стандарттарды пайдалану жөніндегі методикалық нұсқаулар;
oo Бухгалтерлік есептің типтік шоттар жоспары және шоттар жоспарын пайдалану, яғни негізгі шоттар корреспонденциялары жөніндегі методикалық нұсқау;
oo Бюджетке төленетін міндетті түрдегі төлемдер мен алымдарды сипаттаушы салық кодексі;
oo Қаржы, статистика, құнды қағаздар, салық салалары бойынша нұсқаулық материалдар, актілер және т.б.
2 ПАВЛОДАРСТРОЙ ЖАУАПКЕРШІЛІГІ ШЕКТЕУЛІ СЕРІКТЕСТІК МЫСАЛЫНДА ТАБЫСТАР МЕН ШЫҒЫНДАРДЫ ТАЛДАУ
2.1 ПавлодарСтрой ЖШС экономикалық сипаттамасы
Жауапкершілігі Шектеулі Серіктестік ПавлодарСтрой Қазақстандағы құрылыс саласындағы алдыңғы қатарлы кәсіпорындардың бірі. Ол Павлодар облысындағы құрылыс кешендер көсемдерінің ондыққа сеніммен кіреді.
Жаңа технология, заманға сәйкес жабдықтау және жоғарғы білімді мамандардың тәжірибесі компанияның негізгі мақсатын, яғни тұтынушыларды сапалы, экологиялық таза және қолайлы құрылыс материалдарымен қамтамасыз етеді. Өндіріс көлемдері тұрақты өсуде. Қазіргі уақытта компания қызметкерлер жігерлерінің арқасында өндіріс көлемдерін одан әрі өсуіне бағытталған.
Ұйымның серіктестермен жұмысы сенімділікке негізделген. Ұжым әрбір тұтынушымен достық және өзара тиімді ынтымақтастықпен қарым қатынас жасауға ұмтылады.
Дүниежүзілік сападағы өнімді өндіруге мүмкіндік беретін қазіргі заманға жақын жабдықтау құралдарын (экстрии сызықтары, термопластавтоматтары және т.б.) сатып алу ойы туып отыр. Құрылыс материалдары Павлодар облысы, Ақмола облысы және Қазақстанның әрі ірі, әрі шапшаң дамитын Астана қаласының нарығына арналған.
Бұл кәсіпорын өз тарихын 1995 жылдың он екінші шілдеден бастайды. Сонымен ұйымның заңды мекен жайы мекен жайы Павлодар қаласы, Катаева көшесі 24, пәтер 15. Он жеті жыл уақыттың ішінде мыңнан астам обьектілерге өз құрылыс материалдарынан ерекше ішкі көрініс жасалынған болатын. ПавлодарСтрой ЖШС сенімді өндірушінің сыналған сапасы мен мол таңдауымен көзге түсті.
ПавлодарСтрой ЖШС тек экономикалық шаруашылық субъектісі ғана емес, сонымен бірге ол заңды тұлға. ПавлодарСтрой ЖШС өз қызметін жарғы және құрылтай шарты негізінде жүзеге асырады.
Азаматтық кодексінің 33 - бабына сәйкес заңды тұлға болып табылатын ұйым:
oo меншік, шаруашылық жүргізу немесе жедел басқару құқығындағы оқшау мүлкі бар;
oo сол мүлкімен өз міндеттемелері бойынша жауап береді;
oo өз атауынан мүліктік және мүліктік емес жеке құқықтар мен міндеттерге ие болып, оларды жүзеге асыра алады;
oo сотта жауапкер және талапкер бола алады;
oo дербес балансы және сметасы болуы тиіс.
Өз қызметінде Жарғы, Қазақстан Республикасының заңдары мен атқару органдарының актілерін басшылыққа ала отырып, міндеттемелерін атқаруға тырысады. ПавлодарСтрой ЖШС өз аты жазылған дөңгелек баспасы, эмблемасы, сауда мен тауар белгісі бар. ПавлодарСтрой ЖШС өзін - өзі қаржыландыру негізінде толық шаруашылық есеп жүргізетін дербес шаруашылық бірлік.
Жарғылық капитал сауда ұйымының құрылуынан бастап қаржыландырудың жалғыз қайнары болып, ол меншік иелерінің кәсіпорын активтеріндегі үлесін мінездейді. Жарғылық капитал ПавлодарСтрой ЖШС құрылтайшылары мен құжаттарында айқындалған сомма көлемінде болады.
ПавлодарСтрой ЖШС құрылтай құжаттары болып табылады:
oo фирма Жарғысы;
oo құрылтай келісім - шарты.
Жарғы мен құрылтай келісім - шарты фирманың негізгі құжаттары болғандықтан, кәсіпорын конститутциясы нотариалдық куәландыруды талап етеді. Екі құжаты да мұқият тиісті келісілген болуы шарт.
ПавлодарСтрой ЖШС құрылтай келісім - шарты - бұл азаматтардың немесе заңгерлік тұлғалардың тауар өндірісі не басқа қызметі үшін қаржы біріктіруі. ПавлодарСтрой ЖШС қызмет көрсету құралы:
oo құрылыс материалдар қажеттілігін қанағаттандыруға бағытталған өндірістік шаруашылық қызметі;
oo серіктестіктің шығарылатын өнімімен келісім шарттық тауар айырбасы;
oo басқа қызмет көрсетуді ұсыну.
Қазіргі құрылыс саласының өркендеуі құрылыс материалдарына атап айтқанда, негізгі қолданудың (цемент, кірпіш), дәл осылай өңдеу және жамылтқы материалдарға сұранысты тудырады. Бүгінгі күні көптеген құрылыс материалдар Қазақстанға импортталады, ол республикада толық жүйедегі құрылыс материалдар өндірісінің атап айтқанда: жапырақ шынылар, базальт негізінде жылу шығаратын материалдар, сантехника, линолеум, лифт, терезелерге арналған фурнитура өндірісінің жоқ болуымен түсіндіріледі.
2011 жылы ПавлодарСтрой ЖШС Астанада өткен Астана - Билд көрмесіне қатысты. Оған шамамен он сегіз елден келген 250 астам құрылыс компаниялары және 7000 құрылыс мамандары қатысты. Астана - Билд көрмесі ЖШС ПавлодарСтрой компанияға өтім нарығын кеңейтуге мүмкіндік беріп, сапалы өнімдер мен жаңа технология нарығына шығуына, шетел компаниялармен тәжірибе мен айырбас жасауға жол ашты. Астана - Билд көрмесіне шетел компанияларының өскен назарына қарамастан, 30 % астам отандық өндірушілер үлесіне тиді.
ПавлодарСтрой ЖШС кіші құрылыс - архитектуралық бюро негізінде құрылып, он жеті жыл уақыттың ішінде қуатты құрылыс қомпаниясына айналды.
Қызмет көрсетудің негізгі салалары:
oo жобалау;
oo құрылыс;
oo құрылыс бұйымдарын өндіру;
oo металоконструкциялары мен сыртқы жарнамаға метал бұйымдарын даярлау.
Құрылыс материалдарымен сауда нарығында өз уақытында көшбасшы аттанды. Компанияның қызмет көрсету саласындағы басты принципі - әрбір мақсаттың шешіміне кешенді түрде жақын келу, жұмыстарды жоғарғы сапа және шығармашылықпен орындау.
ПавлодарСтрой ЖШС сенімді серіктестік абыройына ие болды. Оның тұрақты тұтынушылылары қатарында Цеснабанк Акционерлік Қоғамы, Қазақстан Темір Жол Ұлттық Компания Акционерлік Қоғамы және т.б. ірі компаниялар бар.
ПавлодарСтрой ЖШС жеке меншік нысанында ұйымдастырылып, қызметі құрылыс материалдар: әртүрлі нысанындағы шегелер, шынылар, гипс, темірбетонды бұйымдар, құрғақ құрылысқа қоспа кірпіш, цемент, гипсокартон, пенопласт, қатпайтын кірпіш өндірісіне бағытталған.
Құрылыс өндіріс жүйесінде құрылыс жұмыстарының сипаттама ерекшеліктеріне сәйкес әртүрлі үлгідегі біріктірулер болады. ПавлодарСтрой ЖШС басқарудың негізгі шаруашылық буыны материалдық және еңбек қорларын орналастырушы қожалық және дербестік шаруашылығы бар серіктестік болып келеді. Оның құрамына өндіріс бөлімшелері, функционалды қызметтер және қосалқы шаруашылық кіреді.
Құрылыс жұмыстары мердігерлік және шаруашылық есеп тәсілдері арқылы жүзеге асады. Мердігерлік тәсілде барлық жұмыстарын өз кадрлармен және өзіндік материалдық - техникалық құралдармен келісім шарт негізінде құрылыс ұйымы орындайды. Тапсырмалар тапсырыс берушіге келісім шартта шарттасқан мезгілде орындалады. Мергерлік ұйымдар еңбек және материалдық қорларды шапшаң басқарады, негізгі қорларды жоспармен анықталған мезгілде әрекетке енгізеді, құрылыс жұмыстарының ұзақтығын қысқартып, еңбек өнімділігін жоғарлатады.
Ұйым келесі мамандырылған белгілемен ажыратылады:
oo келісім шарт нысаны: субмердігерлік;
oo жұмысты орындау нысаны: жалпықұрылыстық, жалпықұрылыстық жұмыстың негізгі түрлері, беркелкі жұмыстар кешенін орындайтын мамандырылған қызметтер;
oo қызмет ауданы бойынша: қалалық алаң үлгідегі, территориялық, жалпымемлекеттік.
Басқарушы кәсіпорында сенім хатсыз өкілеттілік негізінде дара басшылық етіп, әртүрлі ұйымдарға өз кәсіпорнын ұсынып, мүлік пен құралдарды өз бетінше пайдаланып, банкта шот есебін ашуға, басқа кәсіпорындармен келісім шарт жасауға және басқа адамға өкілеттілк беруге толық құқылы. Басқарушы жоспарлау, бухгалтерия, кадр бөліміне басшылық етеді.
Ал қалған бөлімдерді өз орынбасарлары арқылы басқарады. ПавлодарСтрой ЖШС ұйымдық құрылымы келесі 1 суретте көрсетілген.
Директор
Кадрлар бөлімі
Бухгалтерия
Өткізуді басқару бөлімі
Оперативті өндірістік бөлім
Жоспарлы - экономикалық бөлім
Материалды - техникалық жабдықтау бөлімі
Кедендік
топ
Механика және техника бөлімі
Сурет 1 ПавлодарСтрой ЖШС ұйымдық құрылымы
ПавлодарСтрой ЖШС басқарушы орынбасарының қызметін басты инженер атқарады. Басты инженер ұйымда техникалық саясаттың орындалуына жауапты болады. Ол техникалық, механика, энергетика, еңбек, еңбек ақы төлеу және лаборатория бөлімдеріне басшылық етеді.
Өндіріс орынбасарына бағыныштылар: оперативтік - өндіріс бөлімі, диспетчерлік бөлім. Ұйымның экономика орынбасары (басты экономист) жоспарлы - экономикалық жұмысына жауапты болады. Оның жұмысы басты бухгалтер жұмысымен тар қарым - қатынаста болуы тиіс, алайда бухгалтер тек қана басқарушыға бағыншты. Жабдықтау бөлімінің орынбасары өндірістік және жабдықтау бөліміне басшылық етеді.
Материалдық - техникалық жабдықтау бөлімі конструкция, аспап, арнайы киім, жабдықтау мен материалдарды алу, жеткізу және сақтау үрдісіне жауапты болады. Бухгалтерия заттық құндылықтардың дұрыс шығындалуын бақылайды. Құрылыс өнеркәсібі халық шаруашылық кешеніне кіретін құрылымдық буын болып табылады.
ПавлодарСтрой ЖШС жұмыс жасауы тиісті әрекет принциптері, элементтері және құрылымымен анықталуы керек. Ұйымның негізгі принциптері - бұл жоспарлау, өзін - өзі қаржыландыру, шаруашылық есептің толықтығы, өзін - өзі басқару және толық жауаптылық.
ПавлодарСтрой ЖШС бірнеше элементтен (жұмысшылар, мамандар, машина, жабдықтау, материал, бөлшек және конструкция), яғни еңбек байланыс жиыны және өндіріс элементтерінің аралық байланыс жиынынан түзіледі. Құрылыс ұйымы күрделі динамикалық жүйе болғандықтан, оны жоспарланған параметрлерге сәйкес толық және үзілісіз басқаруы тиіс.
Басқару объектісі болып табылатын ПавлодарСтрой ЖШС өндірістік - ұйымдастырушылық құрылымы жиынтық өндіріс үрдістерінен құралады.
Ұйымның өндіріс қуаттылығының сипаттамасына келетін болсақ, оның өндірістік қуаттылығы толығымен пайдаланылмайды, оған темендегі кесте дәлел. Демек, кәсіпорын өндіріс қуаттылығын толық іске асырылмады.
2012 жылдың соңында кәсіпорындағы жұмысшылар саны 130 адамды құрайды, соның 88 - жұмысшылар, 27 - мамандар, 15 - басқарушылар. Орташа айлық еңбек ақы - 21569 теңгені құрайды.
Кәсіпорының қызмет көрсететін нарығы монополистік, яғни сатып алушы және сатушы көп, сондықтан да біріңғай бағамен емес, бағалардың кең диапазонында.
Кәсiпорынның ағымдағы қаржы жағдайын бағалау үшiн оның қызметiнiң экспресс - талдауын 2011 - 2012 жылдардағы бухгалтерлiк есеп мәлiметтерiне сүйене өткiземiз. Алған мәліметтерді 1 кесте түрінде көрсетеміз.
Кесте 1 ПавлодарСтрой ЖШС қызметінің экспресс - талдау
Көрсеткіштер атауы
Есептеу формуласы
Көрсеткіштер мәні
Абсолют - ты ауытқу
Нор -
масы
2011 жыл
2012 жыл
1
2
3
4
5
6
1 Кәсіпорын қарамағындағы шаруашылық құралдарының сомасы,
мың теңге
Баланс валютасы
16 581
109 879
+93 298
-
2 Меншік айналым құралдар шамасы, мың теңге
Меншік капиталы + ұзақ мерзімді міндетемелер - ұзақ мерзімді активтер
-49 840
- 26 073
- 23 767
-
3 Ортақ жабу коэффициенті
Ағымды активтерағымды міндеттемелер
0,712
0,781
+0,069
2
4 Абсолютты өтімділік коэффициенті, %
Ақша құралдарыағым -
ды міндеттемелер
5
11,9
+6,8
20-70 %
5 Меншік
айналым құралдарының маневрлігі
Ақша құралдарыағымды активтер - ағымды міндеттемелер
-0,062
-0,549
-0,487
0,5
6 Тәуелсіздік коэффициенті, %
Меншік капиталы баланс валютасы
-297,5
-26,8
-324,3
50 %
7 Меншік капиталы коэффициентінің маневрлігі
Меншік
айналым
құралдар меншік капиталы
-1,008
-0,88
-0,128
0,5
8 Тартылған
және меншік құралдар коэффициент қатынасы
Ұзақ мерзімді
+ ағымды міндеттемелер
меншік
капиталы
-1,335
-4,72
-3,38
1
9 Өнімдерді сатудан табыс, мың теңге
-
391 138
368 675
- 22 463
-
Кесте 1 жалғасы
1
2
3
4
5
6
10 Жалғасымды қызметтен мерзім пайдасы,
мың теңге
-
- 5 801
11 885
+6 084
-
11 Қор қайтарымдылық, %
Сатудан түскен табыснегізгі құралдар орташа құны
62,8
22,4
- 40,4
-
12 Дебиторлық берешектің айналымдық коэффициенті
Сатудан түскен табысорташа дебиторлық берешек
334,8
-43,4
... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz