Кәсіпорынның капитал құны



1 Қаржы ресурстары
2 Капитал құнының концепциясы
3 Бөлінбеген табыстың құны
4 Капиталдың шекті құны
Нарықтық экономика жағдайларында кез-келген кәсіпорын үшін өзінің шаруашылық-қаржылық қызметін қажетті қаражаттармен (қаржы ресурстарымен) қамтамасыз ету мәселесі маңызды басқару объектісі болып табылады.
Қаржы ресурстары – бұл кәсіпорынның қарамағындағы және оның қаржылық міндеттемелерін орындауға, өндірісті қаржыландыруға бағытталатын ақша қаражаттарының жиынтығы. Қаржы ресурстары өндіріс барысын дамытуға, өндірістік емес сала объектілерін қолдауға және дамытуға, сондай-ақ резервтік қорларды қалыптастыруға бағытталады.
Кәсіпорын қызметін қаржы ресурстарымен қамтамасыз ету – бұл өндіріс барысын қаржыландыру нысандарының, әдістерінің және принциптерінің жиынтығы болып табылады. Бір сөзбен айтқанда кәсіпорынның қаржы ресурстарының көздерін қалыптастыру деп кәсіпорын капиталының қалыптасу процесін айтады. Кәсіпорынның қаржы ресурстарын тартуының ішкі және сыртқы көздері болады.
1. Дүйсенбаев К.Ш., «Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдау», Алматы – 2009
2. Жұманова Д.Т, Мукашева Г.М «Қаржылық менеджмент», Астана-2010
3. Ковалев В.В., «Финансовый анализ», Москва – 2010
4.Ковалева А.М., «Финансы фирмы», Москва – 2010
5. Турганалиев Е., «Управление стоимостью капитала в системе корпоративного финансового управления», Финансы Казахстана, 2010, №6
6. Тургулова А.К., «Особенности формирования заемного капитала на практике казахстанских предприятий», Финансы Казахстана, 2009, №6
7. www.minfin.kz сайты

Пән: Менеджмент
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 11 бет
Таңдаулыға:   
КӘСІПОРЫННЫҢ КАПИТАЛ ҚҰНЫ
Астана қ. С.Сейфуллин атындағы ҚАТУ аға оқытушы Мұқашева Г.М.
Нарықтық экономика жағдайларында кез-келген кәсіпорын үшін өзінің шаруашылық-қаржылық қызметін қажетті қаражаттармен (қаржы ресурстарымен) қамтамасыз ету мәселесі маңызды басқару объектісі болып табылады.
Қаржы ресурстары - бұл кәсіпорынның қарамағындағы және оның қаржылық міндеттемелерін орындауға, өндірісті қаржыландыруға бағытталатын ақша қаражаттарының жиынтығы. Қаржы ресурстары өндіріс барысын дамытуға, өндірістік емес сала объектілерін қолдауға және дамытуға, сондай-ақ резервтік қорларды қалыптастыруға бағытталады.
Кәсіпорын қызметін қаржы ресурстарымен қамтамасыз ету - бұл өндіріс барысын қаржыландыру нысандарының, әдістерінің және принциптерінің жиынтығы болып табылады. Бір сөзбен айтқанда кәсіпорынның қаржы ресурстарының көздерін қалыптастыру деп кәсіпорын капиталының қалыптасу процесін айтады. Кәсіпорынның қаржы ресурстарын тартуының ішкі және сыртқы көздері болады.

Қаражат көздерінің құрылымы
Сыртқы қаражат көздері
Ішкі қаражат көздері

Жарғылық капиталға салымдар
Кәсіпкерліктен алынған табыс

Амортизациялық аударымдар
Құнды қағаздар эмиссиясы

Банктік несиелер
Мүлікті сатудан түсетін қаражаттар

Коммерциялық несиелер

Басқа да қаражат көздері

Сурет 1. Қаржы ресурстарының қалыптасу көздері

Кәсіпорынның өндірістік процесті дамытуға бағытталған қаржы ресурстары оның ақшалай нысанындағы капитал болып табылады. Қаржы ресурстары кәсіпорынның жалпы қаражаттарының жиынтығы болса, капитал - осы қаражаттардың өндіріс барысына салынған бөлігі. Осыдан келе, кәсіпорын капиталы дегеніміз - бұл кәсіпорынның өндірістік айналымына салынған және осы айналымнан табыстар алып келетін ақша қаражаттары болып табылады.
Қаржы ресурстары мен капитал арасындағы басты айырмашылық - кәсіпорынның қалыптасқан қаржы ресурстары оның капиталынан көп немесе тең болады. Қаржы ресурстары мен капиталдың тең болуы кәсіпорынның барлық қаржы ресурстары өндіріске инвестицияланғанын және оның ешқандай қаржылық міндеттемелерінің жоқтығын білдіреді.
Нарықтық жағдайларда қаржыны басқару принциптері кәсіпорындар үшін аса маңызды мәселе болып табылады.
Капитал құнының концепциясы қаржы менеджменті теориясының базалық негізі болып табылады. Бұл концепция тек қаражаттар тартуға байланысты шығындарды есептеп қоюмен ғана сипатталмайды. Кәсіпорынның инвестицияланған капиталы кәсіпорынның нарықтық құнын арттыруға қол жеткізетін табыстар алып келуі керек.
Кәсіпорын капиталының құны және кәсіпорынның нарықтық құны ұғымдарының арасында өзара байланыс бар. Кәсіпорын капиталының құны акционерлердың, кредиторлардың және инвесторлардың алдындағы міндеттемелерді өтеу бойынша шығындарды сипаттайтын қатысты (салыстырмалы) көрсеткіш болып табылады. Кәсіпорын құны акционерлік және қарыз капиталдардың құндық бағасын абсолюттік көрсеткіш бойынша сипаттайды.
Капитал құны - бұл капитал нарығында қаржылық құралдардың белгілі бір көлемін тартқан үшін осы көлемге пайыз түрінде көрсеткен жалпы қаражат сомасы.
Мынадай анықтамалары бар:
Фирманың нарықтық құны (абсолюттік көрсеткіш);
Фирманың құны (абсолюттік көрсеткіш);
Капитал құны (салыстырмалы көрсеткіш, %).
Инвесторлар мен мүлік иеленушілер алдында қарыздарды өтеу бойынша салыстырмалы шығындарды көрсетеді.
Капитал құнын анықтау қажеттілігі келесі жағдайлармен түсіндіріледі.
Біріншіден, бұл көрсеткіш кәсіпорын қызметін ұзақ мерзімді перспективасы тұрғысынан сипаттайды. Мәселен, меншікті капиталдың құны потенциалды инвесторлар үшін инвестициялар салудың тартымдылығын көрсетеді; қарыз қаражаттардың құны кәсіпорынның ұзақ мерзімді несиелер тартку мүмкіндіктерін анықтап береді.
Екіншіден, капиталдың жалпы (орташа салмақталған) құны капитал салымдарының бюджетін әзірлеу барысында шешуші көрсеткіштердің бірі болып табылады.
Үшіншіден, капитал құны қаржылық инвестициялардың тиімділін қалыптастыруда базалық көрсеткіш ретінде қарастырылады. Инвестициялардың тиімділік өлшемін кәсіпорын өзі белгілейтіндіктен, жекелеген қаржы құралдарының табыстылығын бағалау барысында салыстыру базасы ретінде капитал құнының көрсеткіші қолданылады. Бұл көрсеткіш қаржылық инвестициялардың нақты табыстылығын көрсетіп қана қоймай, сонымен қатар осы инвестициялардың нақты бағыттары мен түрлерін қалыптастыруға мүмкіндік береді.
Төртіншіден, кәсіпорын капиталының құны қаржылық леверидж механизмін қолдану арқылы капитал құрылымын басқару барысында қолданылады. Қаржылық леверидждің деңгейі қарызға тартылған қаражаттардың көлемі мен олардың құнынан тәуелді. Қаржылық леверидж кәсіпорынның қаржылық тәуекелін арттырады, сәйкесінше акциялар бойынша табыстың артуына алып келеді. Сол себепті, акционерлердің игілік жағдайын барынша арттыруды мақсат ете отырып, осы мақсатқа қол жеткізетін капитал құрылымын қалыптастыру керек. Сәйкесінше, капитал құрылымын кәсіпорын құнына әсер етуі тұрғысынан қарастыру қажет. Оңтайлы капитал құрылымы оның құны барынша төмен болған жағдайда қалыптасады.
Кәсіпкерлік қызмет тұрақты болған сайын, өндіріс барысы кеңейген және контрагенттермен байланыс артқан сайын, нақты бір кәсіпорын және оның бизнесі үшін оңтайлы капитал құрылымы, яғни меншікті және қарыз қаражаттардың оңтайлы қатынасы қалыптасады. Осы оңтайлы құрылымды қолдап тұруға жұмсалған шығындардың жалпы сомасын сипаттайтын көрсеткіш кәсіпорын капиталының құнын көрсетеді және қаржы теориясы мен тәжірибесінде капиталдың орташа салмақталған құны деген атаумен белгілі. Бұл көрсеткіш кәсіпорынның өз қызметіне салынған қаражаттардың қайтарымдылығын, олардың рентабельділігін анықтайды.
Тұрақты қызмет етіп тұрған және өзінің қызметін қаржыландырудың қалыптасқан жүйесі бар кәсіпорындарда капиталдың орташа салмақталған құны қосымша қаражаттар тарту нәтижесінде біршама уақыт бойында өзгеріссіз қалып отырады, алайда белгілі бір шегіне жеткенде оның мөлшері арта бастайды.
Сонымен, кәсіпорын капиталының құнының деңгейі аталған кәсіпорынның нарықтық құнын сипаттайтын маңызды көрсеткіш болып табылады. Қолданыстағы барлық қаражат көздерінің құнын төмендету кәсіпорындарға өздерінің нарықтық құнын арттыруға алып келеді, сәйкесінше, егер қаржыландыру көздерінің құны неғұрлым жоғары болса, кәсіпорынның нарықтық құны да соғұрлым өз деңгейін төмендетіп алады. Бұл, бірінші кезекте, ашық үлгідегі акционерлік қоғамдардың қызметіне қатты әсер етеді, өйткені олардың акцияларының бағасының артуы немесе кемуі капитал құнының, сәйкесінше, төмендеуіне немесе өсуіне байланысты болып келеді. демек, капитал құнын басқару кәсіпорынның нарықтық құнын арттырудың өзінше дербес бағыттарының бірі болып табылады.
Кәсіпорын капиталын құрылымдық талдау (тікелей, немесе сатылас, талдау) да ерекше маңызды. Бұл кәсіпорын қызметінің өндірістік бағыты туралы мәліметтерді түйіндеуге мүмкіндіктер береді.
Капитал құны кәсіпорындардың өзінің активтерінің нарықтық құнын қалыпты деңгейде сақтап қалу үшін ұсанатын табыс мөлшері болып табылады. Қаржы менеджерлері капитал құнын білу келесідей сұрақтар үшін маңызды: капитал салымдары туралы шешімдер қабылдау; капиталдың оңтайлы құылымын қалыптастыру; ұзақ мерзімді қаржылық лизингтік несиелер тарту; ескі облигацияларды жаңа облигацияларға ауыстыру; айналым капиталын басқару.
Кәсіпорын капиталының әрбір қалыптасу көзі өзінің құнына ие болады. Капиталдың құрамдас бөліктерінің құнын келесідей тәртіппен анықтауға болады:
ki - салық салынғанға дейінгі қарыз капиталдың құны;
kd = ki (1- t) - салықтан кейінге қарыз капиталдың құны, мұнда t - салық мөлшерлемесі;
kp - артықшылығы бар акциялардың құны;
ks - бөлінбеген табыстың құны (капиталдың ішкі құны);
ke - қарапайым акциялардың құны (капиталдың сыртқы құны);
ko - кәсіпорын капиталының жалпы немесе орташа салмақталған құны.
Қарыз капиталдың құны. Қарызға тартылған капиталдың салық салғанға дейінгі құнын (ki) есептеуге болады. Бұл үшін облигациялар бойынша ақша ағындарынан келетін ішкі табыс мөлшерін (немесе өтеу кезіндегі табысты) есептеу керек. Облигациялардың табыстылығын есептеудің қарапайым формуласы келесідей:
(1)
мұнда I - жылдық пайыздық табыс төлемі; M - облигацияның номиналдық құны; V - облигацияны сатудан түскен табыстың таза нарықтық құны; n - облигацияның мерзімі (жыл, тоқсан, ай).
Пайыздық табысқа салық салынатындықтан, қарыз капиталдың салық салынғаннан кейінгі құнын анықтау керек:

kd = ki (1- t). (2)
Артықшылығы бар акциялардың құны. Артықшылығы бар акциялардың құны (kp) осындай акциялар бойынша жылдық дивидендтерді (dp) оларды сатудан түскен таза табысқа бөлумен анықталады:
kp = dpp. (3)
Артықшылықты акциялар бойынша дивидендтерге салық салынбайтындықтан, есептеу әдістемесіне ешқандай өзгеріс енгізудің қажеті жоқ.
Сыртқы (акционерлік) капиталдың құны. Қарапайым акциялардың құны (ke) әдетте инвестордың кәсіпорынның қарапайым акцияларына инвесторлардың талап ететін табыс мөлшері ретінде есептеледі. Қарапайым акциялардан тұратын акционерлік капиталдың құнын анықтау үшін тәжірибеде екі негізгі әдіс кеңінен қолданылады: Гордон үлгісі және негізгі құралдарды бағалау әдісі.
Гордонның экономикалық өсім ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Кәсіпорын капиталының құрылымы мен құнын бағалау
Кәсіпорын капиталы
Капитал құрылымы
Өндірістік жабдық құны
«компания капиталының құрылымын оңтайландыру»
Кәсіпорын капиталының құрылымы
Кәсіпорынның инвестициялық қызметіндегі капитал жұмсалымы
Модильяни мен миллер үлгілері
«Қаржылық талдау» пәні бойынша дәріс тезистері
Компанияның капиталын қалыптастырудың негізгі қағидалары
Пәндер