Денетәрбиесін салауатты өмір салтына бейімдеу мен қалыптастыру


Дене тәрбиесін салауатты өмір салтына бейімдеумен қалыптастыру
Жаппай дене шынықтырудың сауықтыру және профилактикалық әсері - жоғары дене шынықтыру белсенділігімен, тірек-қимыл аппаратының қызметін күшейтумен, зат алмасуды белсендірумен тығыз байланысты. Р. Могендовичтің моторлық-висцералдық рефлексі туралы ілімі қимыл аппараты, қаңқалық бұлшық ет және вегетативтік органдар қызметінің өзара байланысын көрсетті. Адам ағзасында қимыл белсенділігінің жеткіліксіздігі нәтижесінде табиғат берген және ауыр дене еңбегінің процесінде бекітілген жүйке-рефлекторлық байланыс бұзылады, бұл жүрек-қан тамыры қызметінің және басқа жүйелерді реттеудің бұзылуына және зат алмасудың және дегенеративтік аурулардың (атеросклероз және т. б. ) дамуына алып келеді.
Адам ағзасының қалыпты жұмыс істеуі және денсаулықты сақтау үшін қозғалыс белсенділігінің белгіленген «мөлшері» қажет. Осыған байланысты дағдылы қозғалыс белсенділігі, яғни күнделікті кәсіби еңбек пен тұрмыстағы процесте орындалатын қызметтер туралы мәселе туындайды. Өндірілген бұлшықет жұмысының барынша дәлме-дәл түрі күш жұмсау шығынының шамасы болып табылады. Ағзаның қалыпты тіршілік қызметі үшін қажетті тәуліктік күш жұмсау шығынының ең төменгі шамасы 12 - 16 МДж (жасына, жынысына және дене салмағына байланысты) құрайды, бұл 2880 - 3840 ккал-ға сәйкес келеді. Оның ішінде бұлшықет қызметіне кемінде 5, 0 - 9, 0 МДж (1200 - 1900 ккал) жұмсалады; қалған күш жұмсау ағзаның тіршілік қызметін тыныштықта сақтауды, тыныс алу мен қан айналу жүйесінің қалыпты қызметін, алмасу процесін және т. б. (негізгі алмасу энергиясы) қамтамасыз етеді.
Экономикалық дамыған елдерде соңғы 100 жылда адамда пайдаланылатын энергия генераторы ретіндегі бұлшықет жұмысының үлестік салмағы 200-есеге қысқарды. Бұл бұлшықет қызметінің күш жұмсауын (жұмыс алмасу) орташа 3, 5 МДж дейін қысқаруына алып келеді. Ағзаның қалыпты өмір тіршілігі үшін қажетті күш жұмсау тапшылығы осылайша тәулігіне шамамен 2, 0 - 3, 0 МДж (500 - 750 ккал) құрады. Заманауи өндірістегі жағдайда еңбектің қарқындылығы 2-3 ккал/мин аспайды, бұл сауықтыру және профилактикалық әсерді қамтамасыз ететін шекті шамадан (7, 5 ккал/мин) 3-есеге төмен. Соған байланысты еңбек қызметінің барысындағы күш жұмсау жетіспеушілігін өтеу үшін адамға тәулігіне кемінде 350 - 500 ккал (немесе 2000 - 3000 ккал/апта) күш жұмсайтын дене жаттығуын орындау қажет. Беккер мәліметі бойынша, қазіргі кезде экономикалық дамыған елдер халқының тек 20% қажетті ең төменгі күш жұмсауды қамтамасыз ететін жеткілікті қарқынды дене жаттығуымен айналысады, қалған 80% тәуліктік күш жұмсау тұрақты саулықты сақтау үшін қажетті деңгейден едәуір төмен.
Қозғалыс белсенділігін бірден шектеу соңғы онжылдықта орта жастағы адамдардың функционалдық мүмкіндіктерінің төмендеуіне алып келді. Сөйтіп, мысалы, сау ерлердің МПК шамаман 45, 0 бастап 36, 0 мл/кг дейін төмендеді. Осылайша, эконмикалық дамыған елдердің қазіргі халқының көпшілік бөлігінде гипокинезияның дамуының нақты қаупі туындады.
Синдром немесе гипокинетикалық ауру ағзаның жекелеген жүйелері қызметінің келісілмеуі нәтижесінде дамыған, жалпы сыртқы ортадағы функционалдық және органикалық өзгерістер мен ауыру белгілерінің кешенін білдіреді. Патогенез негізінде бұл жағдайға энергетикалық және пластикалық алмасудың (ең алдымен бұлшықет жүйесінде) бұзушылығы жатады. Қарқынды дене жаттығуы қорғаныс әрекетінің механизмі адам ағзасының генетикалық кодына белгіленген. Дене салмағының (ерлердегі) орташа 40% құрайтын қаңқалық бұлшықет табиғатпен генетикалық ауыр дене жұмысына бағдарламаланған.
«Қозғалыс белсенділігі ағзаның алмасу процесінің деңгейін және оның сүйек, бұлшықет және жүрек-қантамыры жүйесінің жағдайын анықтайтын негізгі факторлар қатарына жатады» - деп жазды академик В. В. Парин (1969) . Адам бұлшықеті күштің қуатты генераторы болып табылады. Олар ОНЖ-ның оңтайлы тонусын қолдау үшін жүйке импульсының күшті ағынын жібереді, веноздық қан қозғалысының қан тамырлары бойынша жүрекке («бұлшықет сорғысы») қозғалысын жеңілдетеді, қимыл аппаратының қалыпты жұмыс істеуі үшін қажетті кернеу жасайды. И. А. Аршавскийдің «қаңқалық бұлшықеттің энергетикалық қағидасына» сәйкес ағзаның энергетикалық әлеуеті мен барлық органдар мен жүйенің функционалдық жағдайы қаңқалық бұлшықет қызметінің сипатына байланысты. Оңтайлы зона шегіндегі қозғалыс қызметі қарқынды болған сайын, генетикалық бағдарлама соншалықты толық іске асырылады және энергетикалық әлеует, ағзаның функционалдық ресурсы мен өмір ұзақтығы ұлғаяды.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz