Балды өсімдіктер


Пән: Биология
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 11 бет
Таңдаулыға:   

Жоспары:

І. Кіріспе

ІІ. Негізгі бөлім

1) Балды өсімдіктер

2) Балды өсімдіктердің түрлері

3) Балды өсімдіктердің шаруашылықтағы маңызы

ІІІ. Қорытынды

І. Кіріспе

Халық шаруашылығы талабына сәйкес Қазақстан ресурстанушылары барлық уақытта республикадағы алуан түрлі өсімдіктерді зерттеу және тиімді пайдалану бағытында өзекті мәселелерді дер кезінде шешуге тиісті еңбек етуде.

Ара шаруашылығы ауыл шаруашылығының маңызды қосымша шаруашылығы болып саналады. Ара шаруашылығы көптеген ауыл шаруашылық дақылдарының өнімділігін арттыруда және малазықтық шөптерге қатысты тұкым шаруашылығын дамытуда бағалы тағам өнімдерін өндіруде табиғат байлығын, өндірістік шикізатты тиімді пайдалануда және де пайдалы медициналық препарат өндіруде өте маңызды рөл атқарады.

Азық қорын тиімді пайдаланып, ара шаруашылығын дұрыс ұйымдастыру шаруашылыққа үлкен табыс әкеледі. Мысалы, кеңес үкіметі кезінде кейбір колхоздарда шаруашылықтағы жалпы табыс-кірістің 35-50 %-ын ара шаруашылығы беретін еді. Одан басқа насекомдармен тозаңданатын дақылдардың аралармен тозаңдануы оған қосымша алдыңғы қатарлы агротехниканы қолдану өнімділікті 20-30% пайызға көтереді. Жоғары өнімді ара шаруашылығы мәдени және табиғи фитоценоздардағы балды өсімдіктерді тиімді, ебін тауып дұрыс пайдалануга негізделген. Сондықтан ара шаруашылығын дұрыс жолға қойып табыс табу үшін сол регион флорасындағы балды өсімдіктерді зерттеп, олардың биологиялық ерекшеліктерін білудің маңызы зор.

ІІ. Негізгі бөлім

1) Балды өсімдіктер

Балды өсімдіктер - гүлінен бал арасы шірне, тозаң жинайтын жабықтұқымды өсімдіктер тобы. Өсімдік гүліндегі шырын шығаратын алуан түрлі бездер өсімдіктердің гүлінде, кейде тостағанша және күлте жапырақшаларында орналасады. Ал ондай бездер өсімдіктің сабағында, жапырақ сағақтарында, бөбешік жапырақтарында және гүлжапырақтарында сирек кездеседі. Бір гүлден бөлінетін бал мөлшері өсімдік түріне қарай әр түрлі болады. Мыс., тропикте өсетін Coryanthes туысына жататын орхидея 30 г, жөке ағашы 0, 15 - 7, 45 мг, таңқурай 14 мг, түйежоңышқа 0, 16 мг бал түзеді. Кейбір өсімдіктер (терек, шие, т. б. ) шайыр тәрізді зат бөледі, одан аралар бал ара желімін (прополис) түзеді. Гүлінің шірнесі мол әрі оны бал арасы оңай алатын 200-ден астам түрінің омарта шаруашылығында маңызы зор.

2) Балды өсімдіктердің түрлері

Сүйекті Аққурай - бұршақ тұқымдасына жататын шөптесін өсімдік түрі. Биіктігі 100-120 см, кейде 200 см болады. Тамыры тереңге кетеді. Сабағы тік бұтақтанған, түкті жапырақтары жай, бүтін жиекті, үшкүлақты келеді. Гүлдері ұсақ, ақ, қызғылт түсті жапырақ қолтығына орналасқан. Дөңгеленген жаңғақ тәрізді 5-6 мм бүршағы бар. Тұқымы ұсақ. Мамыр-шілдеде гүлдеп, тамыз-қыркүйекте дән береді. Оңтүстік Қазақстанда 3-4 мың га қоры бар. Түркістан ауданындағы тау бөктерлерінде, құмды жерлерінде қаулап өседі. Сүйекті Аққурай құрамында эфир майы болғандықтан медицинада дәрілік өсімдік ретінде қолданылады. Жапырағынан желім, тамырынан илік заттар, сабағынан арқан есетін жіп алынады.

Қараған - бұршақтар тұқымдасына жататын бұта (ағаш) . Шығыс Еуропа мен Азияның далалық, шөлді және таулы аймақтарында (4000 м биіктікке дейін) кездесетін 80-ге жуық түрі белгілі. Қазақстанда Ақмола, Шығыс Қазақстан, Алматы, Атырау облыстарының өзен алқаптарында, орман шетінде, шөлде, орманды далада, тоғайда, таудың тастақты беткейлерінде өсетін 18 түрі бар. Қараған - топырақ талғамайды, құрғақшылыққа, суыққа төзімді өсімдік. Жиі кездесетіні сары Қараған (C. arborescens) мен бұта Қарағанның (C. frutex) биіктігі 0, 5 - 2 м. Жапырағы қос қауырсын тәрізді, оның сағағы тікенекті болып біткен. Гүлі бір-бірден не шоқтанып гүл сағағында, жапырақ қолтығында орналасқан. Гүл тостағаншасы түтік пішіндес, қапшыққа ұқсайды. Гүлшоғыры сары, кейін қоңыр түсті болады. Жемісі - көп тұқымды бұршақ. Жапырағы мен тұқымында 20, 8 - 35, 3% протеин, 4, 3 - 8, 2% май, 12, 5 - 16, 3% клетчатка бар. Топырақты құнарландырады. Қарағанның сүрегінен құрсау жасайды, жіңішке жас бұтақтарынан себет тоқылады. Мал азықтық, шірнелі, әсемдік өсімдіктер. Сары Қ. - дәрілік өсімдік, оның қайнатылған тұнбасын бас, бауыр ауырғанда, атеросклерозда, гиповитаминоз кезінде ішеді. Ал жапырағынан қайнатылған тұнбасының бактерияны жоятын қасиеті бар.

Сары қараған - бұршақ тұқымдасына жататын биіктігі 0, 5-2 м бұта не 5-7 м ағаш. Жапырағы қауырсын салалы, шоқтанып орналасқан, қосалқы жапырақшасы тікенді. Гүлі қос жынысты, сары гүлі 1-5 тен топтанған. Жемісі 5-8 тұқымды бұршақ. Мамыр-маусымда гүлдеп, шілде-тамызда жемісі піседі. Сары Қараған тез өседі, суыққа төзімді, тұқымынан және жас шыбығынан көбейтіледі. Сары қараған қалың бұталы орманды және орманды далалы аймақтарда, жыра, ай, тау бөлітерінде өседі.

Сары қараған Шығыс және Батыс Сібірде, Монғолияда, Қазақстанда: Көкшетау, Семей, Шығыс Қазақстан, Алматы облыстарында таралған.

Сары қарағаны топырақты құнарландырады, жас бұтақтарынан себет тоқылады. Әсемдік үшін қолдан өсіріледі, гүлінен ара бал жинайды. Тұқымы майлы, құсқа жем.

Жантақ - бұршақ тұқымдасына жататын көп жылдық өсімдік. Бұтақталып өседі. Қазақстанның шөл далалық аудандарында сұр, құмайт және сортаң топырақты жерлерде, өзен аңғарларында, тау бөктерлерінде өседі. Арамшөп ретінде суармалы егістікте де кездеседі. 4 түрі бар, ең жиі кездесетіні - кәдімгі жантақ (A. pseudalhagі) және қырғыз жантағы (A. kіrghіsorum) . Олардың биіктігі 30 - 100 сантиметр. Тамыры ұзын (10 метрге жетеді), тамыр сабақтары 20 - 30 сантиметр тереңдікте болады, көбіне осы тамырлары арқылы көбейеді. Сабағы бұтақтанып біткен, тікенді, сырты жылтыр, бүртікті. Жапырағы жұмыртқа пішінді, домалақ, бүтін жиекті. Гүлі - қызыл. Мамыр - маусым айларында гүлдеп, тамызда жеміс береді. Жемісі - бұршақ. Дәні бүйрек пішіндес не төрт бұрышты. Жантақ- дәрілік өсімдік, оның қабығында қант, илік заттар, эфир майы, ал тамырында алкалоидтар, глюкозидтер, шайыр, бояғыш заттар болады. жантақтан алынған дәріні қуыққа тас байланғанда, өт, несеп жолдары қабынғанда ішеді. Оның тұнбасынан геморройға қарсы ванна жасайды. Гүлінен ара бал жинайды. Жантақты түйе сүйсініп жейді. Жүгері, қамыспен бірге жақсы сүрленеді.

Күймесгүл - руталар тұқымдасына жататын көп жылдық өсімдік. Дүние жүзінде Жерорта т. жағалауларынан Қиыр Шығысқа дейінгі аралықта кездесетін 6 түрі белгілі. Қазақстанның далалы шалғындықтарында, бұталардың арасында және тау етектерінің бұталы беткейлерінде өседі. Орманның ашық алаңы мен таудың ортаңғы белдеулерінде көбірек кездеседі. Балқаш - Алакөл қазаншұңқыры, Мойынқұм өңірінде (Жамбыл облысы), Жетісу (Жоңғар), Күнгей Алатауларында, Шу-Іле тауларында шашыранды таралған 1 түрі - таспажапырақ К-і (D. angustіfolіus) бар. Оның биікт. 50 - 100 см. Сабағы бұтақты, қалың, ұзын түкті. Сабағының түп жағындағы жапырақтарының тақтасы салаланбаған бүтін, сабақ ұшына жақындаған сайын тақ қауырсынды жапырақшалардан тұрады. Гүлі қос жынысты, 5 тостағаншасы күлгін қызғылт түсті, 5 күлтесі, 10 аталық, 5 ұялы бір аналығы болады. Мамырдан шілдеге дейін гүлдеп, шілде - тамыз айларында жемістенеді. Жемісі - бес ұялы қауашақ. Әр ұясында 2 - 3-тен қара, жылтыр тұқымы бар. К. - өте улы өсімдік, жағымсыз иісті болғандықтан мал да жемейді. Егер жаңбырлы күндері гүлін бұтағымен жұлып алса, денеге тиген жерін (өсімдіктің ұлпасынан бөлінетін - диктамнотоксин заты) күйдіріп жібереді. Жазылған күнде де орны қара дақ болып көпке дейін сақталады. Өсімдіктің құрамында эфир майы өте көп. Егер өсімдік отқа жағылса жалын өшкеннен кейін өсімдік сабағының өртенбегенін байқауға болады. Себебі, жалын беретін тек қана эфир майы. Осы ерекшелігіне қарай күймесгүл аталған.

3) Балды өсімдіктердің шаруашылықтағы маңызы

Халық шаруашылығы талабына сәйкес Қазақстан ресурстанушылары барлық уақытта республикадағы алуан түрлі өсімдіктерді зерттеу және тиімді пайдалану бағытында өзекті мәселелерді дер кезінде шешуге тиісті еңбек етуде.

Ара шаруашылығы ауыл шаруашылығының маңызды қосымша шаруашылығы болып саналады. Ара шаруашылығы көптеген ауыл шаруашылық дақылдарының өнімділігін арттыруда және малазықтық шөптерге қатысты тұкым шаруашылығын дамытуда бағалы тағам өнімдерін өндіруде табиғат байлығын, өндірістік шикізатты тиімді пайдалануда және де пайдалы медициналық препарат өндіруде өте маңызды рөл атқарады.

Азық қорын тиімді пайдаланып, ара шаруашылығын дұрыс ұйымдастыру шаруашылыққа үлкен табыс әкеледі. Мысалы, кеңес үкіметі кезінде кейбір колхоздарда шаруашылықтағы жалпы табыс-кірістің 35-50 %-ын ара шаруашылығы беретін еді. Одан басқа насекомдармен тозаңданатын дақылдардың аралармен тозаңдануы оған қосымша алдыңғы қатарлы агротехниканы қолдану өнімділікті 20-30% пайызға көтереді. Жоғары өнімді ара шаруашылығы мәдени және табиғи фитоценоздардағы балды өсімдіктерді тиімді, ебін тауып дұрыс пайдалануга негізделген. Сондықтан ара шаруашылығын дұрыс жолға қойып табыс табу үшін сол регион флорасындағы балды өсімдіктерді зерттеп, олардың биологиялық ерекшеліктерін білудің маңызы зор.

Аралардың тіршілігі гүлді өсімдіктермен тығыз байланысты, гүлді өсімдіктердің тұқымдары гүл түйінінің ішінде дамиды және жеміс қабырғаларымен қорғалған.

Көп өсімдіктердің гүлдері қосжынысты, Бірақ жиі гулде біздер тек аталықты немесе тек аналықты көреміз, мұндай гүлдер біржыныстық деп аталады. Егерде аталық және аналық гүлдері өсімдіктің бір индивидінде орналасса, оларды бір үйлі, ал әтүрлі индивидтерге орналасса, екі үйлі деп атайды. Бірүйлі өсімдіктерге, мысалы, асқабақ (тыква), емен (дуб), қияр (огурец) сияқты өсімдіктер жатады. Ал екі үйлі өсімдіктерге тал (ива), терек (тополь), кенешөп (конопля), құлмақ (хмель) жатады.

Өсімдіктерден шырынды және тозаңды жинап аралар оны ұяларына алып барады. Ұяларында шырынды балға айналдырады, ал тозаңдарды пергаға (бал арасының корегі) айналдырады. Бал және перга - ересек аралардың қорегі, олармен аралардың личинкалары да қоректенеді. Бал және перганы пайдаланған аралар воск - балауыз өндіреді. Бір жылда араның семьясы 90 кг бал пайдаланады. Сол 90 кг-нан қалған бал және балауыз пасеканың (омартаның) товарлық өнімі болып саналады.

Ара шаруашылығының манызы тек өнім, яғни бал алуда ғана емес. Бал өндіретін аралар бал өндіруден басқа бақшалардың егістіктердің, баулардың өнімділігін арттырады. Өсімдіктер аралармен тозаңданғанда өнімнің мөлшері ғана емес сапасы да артады. Мысалы, ара шаруашылығымен айналысатын ғылыми-зерттеу институтының мәліметтері бойынша арамен тозаңданған күнбағыста толық пісіп-жетілген тұқымдар - 85, 3%, ал тормен қоршап жауып қойған күнбағыста толық пісіп-жетілген тұқымдар мөлшері 40% болған, ал торды қосымша дәкемен жауып қоршап қойғанда 14, 2% ғана болған.

Аралардың өсімдік гүлдерінен негізгі жинайтындары:

1) нектар;

2 ) тозаң;

3) клей (прополис) .

Нектарды аралар өздерінің ұяларында өңдеп балға айналдырады. Ол бал араларға қыс бойы тамақ болады. Аралар балмен тек қыс айларында қоректенеді. Нектарлар өте қарқынды түрде таңертеңгі 9 00 шамасында және түнде сағат 24-те бөлінетіндігі анықталған. Бөлінетін нектар мөлшері өсімдіктер түріне байланысты өзгереді. Мысалы, кәдімгі жөке ағашының (липа обыкновенная) бір гүлі 0, 15-7, 46 мг нектар бөліп шығарады, ал іріжапырақты жөке ағашы 0, 50-11, 54 мг бөледі. Таңқурай (малина) гүлі орташа 14 мг нектар бөледі.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Негізгі балды табиғи өсімдіктер
Қазақстанның өсімдіктер ресурсының түрлерін анықтау
Арашаруашылығының қолданбалы биологиядағы орны
Қазақстанның әр түрлі аймақтарынан жиналған балдың тозаңдық құрамын зерттеу әдістері Тозаң микроскопиясы
Балды өсімдіктер туралы
Кербұлақ мекені маңының табиғи жағдайлары
Балдың тауарлық сипаттамасы
Бал
Ара шаруашылығының маңызы
Орман балы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz