Қазақстан Республикасындағы жинақтаушы зейнетақы жүйесiндегі проблемаларды анықтау


МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ
Қазақстан қаржы нарығы ұлттық экономиканы қалыптастыруда маңызды рөл атқарады. Бұл тек мемлекетпен анықталған ақша-несие, салық саясатымен ғана емес, сонымен бірге демократиялық қоғамға сай жаңа әлеуметтік механизммен анықталған. Мұндай қоғамның негізі ретінде посткеңестік аймақта кеңінен дамыған зейнетақы жүйесі болды. Бүгінде зейнетақы қызметінің Қазақстандық нарығындағы орнын ескере отырып, осыған орай біздің қоғамның бұл нарықты еліміздің қаржы нарығының негізгі сегментінің біріне айналды деп айтуға толық негіз бар. Көпшілік мамандардың ойынша, Республикада халықты болашақта зейнетақымен қамтамасыз ету мәселесін шешіп қана қоймай, сонымен қатар мемлекет экономикасын дамытуға ықпал ететін ерекше табысты зейнетақы жүйесі құрылған. Бұл мәселе жинақтаушы зейнетақы қоры сияқты ірі институционалды инвесторлардың пайда болуына байланысты іске асты.
Зейнетақымен қамсыздандыру кез келген ел үкіметінің басты назарындағы әлеуметтік мәселелер қатарына жатады. Қазақстан Республикасында да азаматтардың қартайғанда әлеуметтік қамсыздандыруға құқықтары Конституцияда бекітілген.
Жобалық жұмыс тақырыбының өзектілігі -Еліміздің «Қазақстан жолы - 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» стратегиялық даму бағдарламасында, халықтың əл-ауқатын көтеріп, жағдайын жақсарту сөз болған. Қазақстанның алдыңғы қатарлы əлемнің дамыған 30 елінің қатарына кіруін өз алдына мақсат ету мəселелері көтерілген. «Осы басты мақсатқа жетудің маңызды индикаторы - қарапайым халықтың əлеуметтік көңіл-күйі» делінген.
Əлемнің дамыған елдеріндегі өмір сүру деңгейіне теңесіп, аталған міндеттерді жүзеге асыру үшін алдымызда талай асулар бар. Бұл арадағы алшақтықты мейлінше азайту үшін экономиканың дамуына үлес қосатын қаржы секторының бірі - зейнетақы жүйесінің тұрақтылығын жəне өсуін қамтамасыз ету қажет. Сонымен қатар, зейнетақымен қамтамасыз етудегі өзгеріс нақтылы буынға қатысты, əрі ұзақ мерзімге жоспарлануы тиіс. Алдыңғы жүзжылдықтың ортасында зейнетке шығатын қазақстандықтарды лайықты зейнетақымен қамтамасыз ету бүгінгі күннің түйінді мəселелерінің бірі.
Зейнетақымен қамсыздандыру мәселелерінің ерекшелігі сол, ол барлық және әрбір адамға қатысты, бүгін зейнеткер болып, сондай-ақ зейнетке дейін жұмыс істеп отырғандарға да қатысты.
Осыған орай, зейнетақы жүйесіндегі алдағы өзгерістер қарттық келіп жеткенде тиісті қамсыздандыру үшін тікелей жауапкершілікті мемлекет, жұмыс беруші және азаматтар арасында бөлуді болжайтын адамның мүддесіне қарай жүзеге асырылатын болады.
Жобалық жұмыстың мақсаты, қазіргі таңда Қазақстан Республикасындағы жинақтаушы зейнетақы жүйесiндегі проблемаларды анықтау арқылы зейнетақымен қамтамасыз ету жүйесін барынша жетілдіру және нығайту.
Осы мақсатқа қол жеткізу үшін мынадай міндеттерді шешу көзделген:
- жинақтаушы зейнетақы жүйесінің пайда болу алғышарттарын нақтылай түсу;
- жинақтаушы зейнетақы қорларының инвестициялық портфелін талдау негiзiнде зейнетақы жүйесiнiң әрекет ету тетiктерiне талдау жүргiзу;
- зейнетақымен қамтамасыз ету жүйесінің шетелдік тәжірибесіне салыстырмалы талдау жасау;
- Қазақстан Республикасы зейнетақы нарығының қазіргі жағдайын зерттеу;
- Қазақстан Республикасындағы БЖЗҚ инвестициялық портфелінің құрылымын анықтау;
- Қазақстанның жинақтаушы зейнетақы жүйесін жетілдіру перспективаларын ашып көрсету;
- келешекте Қазақстанхалқын зейнетақымен қамсыздандыру жүйесiн жаңғырту процесіндегі мемлекеттік реттеуді жетiлдiруге байланысты ұсыныстар әзiрлеу.
Зерттеу пәні - ҚР жинақтаушы зейнетақы қорларының проблемалары және даму перспективалары.
Зерттеу объектісі ретінде ҚР жинақтаушы зейнетақы қорлары алынған.
Жұмысты орындау барысында ақпараттық негіз ретінде отандық және шетел авторларының еңбектері және статистикалық ақпараттар қолданылған.
Жобалық жұмыс кіріспе, тақырыпты теориялық және аналитикалық тұрғыдан ашатын бөлімдер мен қорытындыны қамтыған.
- ЖИНАҚТАУШЫ ЗЕЙНЕТАҚЫ ЖҮЙЕСІНІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ ЖӘНЕ МЕТОДОЛОГИЯЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІЖинақтаушы зейнетақы жүйесінің пайда болу алғышарттары
Қазақстан Республикасы 1998 жылдан бастап, зейнетақы жүйесін реформалау мен ұрпақтардың ынтымақтастықты әлеуметтік қағидасынан дербес зейнетақы қоры қағидасына біртіндеп ауысуды жүзеге асырған ТМД елдерінің ішіндегі алғашқы мемлекет.
Жүргізілген реформа нәтижесінде әлеуметтік қамтамасыз етуде халықаралық тәжірибелерді есепке ала отырып, іске асыруда Қазақстанда базалық, міндетті (ортақ және жинақтаушы) және ерікті деңгейлерден тұратын зейнетақымен қамсыздандырудың көп деңгейлі жүйесі құрылған болатын. [1]
Өткен жүз жылдық соңында зейнетақымен қамсыздандыру мәселелері ерекше шиеленіс жағдайларында болды. Оған себеп, бір жағынан - нарықтық экономика механизміне өту болса, екінші жағынан - өткен жүз жылдықтың 90 жылдарындағы Қазақстанға тән әлеуметтік-демографиялық фактор болды.
Әрекет еткен ынтымақтастықты зейнетақы жүйесінің шарттарында инфляцияның жоғарғы өсу қарқыны және халық арасындағы жұмыссыздық, ЖІӨ (жалпы ішкі өнім) көлемінің төмендеуі, бюджеттік тапшылық зейнетақы төлемі жөніндегі қарыздардың пайда болуы мен ұлғаюына себеп болды және тіпті әлеуметтік кепілдіктің ең төменгі деңгейін қамтамасыз ету мүмкін болмады. Сайып келгенде, халықтың ынтымақтастығына негізделген зейнетақымен қамсыздандырудың таратушы жүйесінің айқын тұрақсыздығы қалыптасты. Қажетті зейнетақы шығыстарын жеткілікті қаржыландырылмауымен байланысты мәселелерге демографиялық мәселелер қабаттасты. Осылардың бірқатары қазақстандықтардың орта өмір сүру ұзақтығының ұлғаюы фонында халықтың жас құрылымы формасының өзгеруімен және туылудың қысқару нәтижесінде халықтың қартаю үрдісінің жеделдеуімен байланысты болды. Жұмыссыздар деңгейінің өсуі және бейресми және толық емес жұмыспен қамтылу еңбек нарығына келеңсіз ілгеру басушылыққа алып келді, осылардың салдарынан жарналары ынтымақтастықты зейнетақы жүйесінің қаржылық көзі болған халықтың бір бөлігі міндетті зейнетақымен қамсыздандыру жүйесінен шығуына алып келді. Халықтың жұмыс істейтініне болжанған өсуді төмендету және зейнетақы жүктемесін шамадан тыс күшейту, жұмыскер және зейнеткер ретінде өмір сүру деңгейінің нашарлауын ескерту, Қазақстан Республикасы Үкіметінің болашақта зейнетақы төлемдерін үздіксіз қамтамасыз ету мақсатында, осы толғағы жеткен мәселелерді шешудің баламалы жолы ретінде зейнетақы жүйесін реформалау жүргізілді.
Зейнетақы реформасының негізі етіп чилилік үлгі қабылданды. Чилидегі зейнетақы жүйесі таратып тұратын механизмді ұстамайды және қызметкердің жеке шотына қаражатты толықтай жинақтауға және жарналарды капиталдандырып отыруға негізделген. Жинақтаушы зейнетақы жүйесіне енуші әрбір адам дербес шот ашып, онда оның зейнетақы жарналары аккумуляцияланып, оның мөлшері анықталып белгіленеді. Бұл қаражаттар жеке зейнетақы қорларында жиналып, салымшылар зейнетақы жасына жеткенше олар зейнет төлемдерінің көздеріне айналады. Чилилік жүйе негізінен басқа қазақстандық үлгі өзіндік ерекшелігін және басқа елдердің тәжірибесін бейімдеп қабылдады, сол себепті әлемдік тәжірибедегі ең табыстылардың бірі болып саналады.
Қазақстан дербес зейнетақы аударымдары негізінде зейнетақымен қамсыздандырудың жинақтаушы жүйесіне 1998 жылы жоспарлы түрде өткен ТМД территориясындағы бірінші ел.
Зейнетақы реформасын жүргізудің негізгі мақсаты - зейнетақы жарналарының дербестендірілген есебі арқылы экономикалық өсуді ескеріп, зейнетақымен еңбек салымын лайықтай отырып, қаржылық тұрақты және әділ жүйені оңынан тұрғызу.
Сонымен қатар, жинақташы зейнетақы жүйесі бірқатар мәселелерді шешуге арқау болды:әлеуметтік кернеулікті жеңілдету, зейнетақы төлеу ауыртпалығынан бюджетті ақырындап босату, азаматтарда көп және ашық табыс табу құштарлығының көрінуіне септігін тигізу.
Зейнетақы реформасының нәтижесінде болашақ зейнетақылар сақталып арта түсетін болды, ал экономика тағы бір институционалдық инвестор - зейнетақы қорларына ие болды.
Жинақтаушы зейнетақы жүйесінің негізгі даму белестері:
1997 жыл:
Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен «Қазақстан Республикасындағы зейнетақымен қамсыздандыру туралы»тұжырымдамасы әзірленіп бекітілді.
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Заңы күшіне енді.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Мемлекеттік жинақтаушы зейнетақы қоры» жабық акционерлік қоғамын құру туралы» қаулысы қабылданды. МЖЗҚ ерекше стратегиялық рөлін мыналарға арнады: ЖЗЖ дамуын ынталандыру, жинақтаушы зейнетақы жүйесіне халықтың барынша тартылуын қамтамасыз ету және жинақтаушы зейнетақы жүйесінің базасын қалыптастыру, халық тарапынан жаңа зейнетақы жүйесіне деген сенімді қалыптастыру, зейнетақы нарығының негізін және бәсекелес ортаны қалыптастыру.
1998 жыл:
Жинақтаушы зейнетақы жүйесін бастау және зейнетақы нарығының инфрақұрылымын құру.
19 қаңтар Қазақстанның жинақтаушы зейнетақы жүйесі тарихына МЖЗҚ алғашқы зейнетақы жарнасы түсті.
1998-2002 жылдар:
МЖЗҚ «Жанама қор» жүйесіндегі қызметтерді жүзеге асырды: егер қызметкер басқа зейнетақы қорын таңдамаса және онымен шарт жасамаса міндетті зейнетақы жарналары жұмыс берушімен МЖЗҚ аударылады.
1999 жыл:
МЖЗҚ жинақтаушы зейнетақы жүйесі тарихындағы зейнетақы қорлар арасында зейнетақы активтерін дербес басқаруға алғашқы болып лицензия алды.
2003-2004 жылдар:
Зейнетақы төлемдеріне құқық алу сәтінде инфляция деңгейін есепке ала отырып, нақты енгізілген міндетті зейнетақы жарналар мөлшерінде салымшыларға мемлекеттік кепідік беру.
Зейнетақы төлемдерінің кестесі анықталды және сақтандыру ұйымдары арқылы зейнетақы алу мүмкіндігі құрылды.
Жинақтаушы зейнетақы қорларының сыйақы мөлшері және құрылымы өзгерді.
Міндетті жинақтаушы зейнетақы жарналарының төлемдері жөніндегі агенттердің жауапкершіліктері күшейтілді.
Ерікті кәсіби зейнетақы жарналары енгізілді.
Жинақтаушы зейнетақы жүйесін дамытудың 2005-2007 жылдарға арналған бағдарламасы әзірленіп қабылданды.
2006 жыл:
«Мемлекеттік зейнетақы төлеу орталығы» РМҚК базасында жинақтаушы зейнетақы жүйесіндегі төлемдерді оңтайландыру мақсатында дара есеп орталығы құрылды.
Зейнетақы қорлары мен зейнетақы активтерін инвестициялық басқаратын ұйымдардың, салымшылардың жинақ ақшаларының атаулы кірістілігін қорғау жөнінде соттан тыс жауапкершілік белгіленді.
Мемлекеттік зейнетақы төлеу орталығы арқылы салымшылар мен зейнетақы қорлары арасында зейнетақы жинақ ақшаларын аударуды жүзеге асырды.
2007 жыл:
Қазақстанның жинақтаушы зейнетақы жүйесінің 10 жылдығына арналған «Қазақстанның зейнетақы нарығы - жүйелі реформаға 10 жыл» халықаралық конференциясы МЖЗҚ бастамасы бойынша ұйымдастырылып өткізілді.
2013 жыл:
2013 жылдың қаңтар айында Қазақстан Республикасының Елбасы еліміздің зейнетақы туралы заңнамасына өзгеріс енгізу туралы тапсырма берді. Жүйені реформалаудың негізгі кезеңдерінің бірі -Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорын құру мен оған жеке жинақтаушы зейнетақы қорларының зейнетақы активтері мен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарттары бойынша міндеттемелерін беру болды. Еліміздің басшылығы МЖЗҚ базасында Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорын құру туралы шешім қабылдады.
2013 жылдың 21 маусымында Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» жаңа редакциядағы Заңы (бұдан әрі - Заң) қабылданды. Зейнетақы заңнамасына сәйкес, Қазақстан Республикасының Үкіметі Қордың жалғыз акционері болып табылады. БЖЗҚ-ның зейнетақы активтерін сақтау мен есепке алуды Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі жүзеге асырады. БЖЗҚ зейнетақы активтерін инвестициялық басқару да Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне жүктелген.
Сонымен қатар, Заңда БЖЗҚ зейнетақы активтерін басқару бойынша кеңес құру сөз етілген. Кеңестің дербес құрамы Қазақстан Республикасының Елбасымен бекітіледі.
2013 жылдың 22 тамызында, Әділет ұйымдарында қайта тіркеуден өткен соң, «БЖЗҚ» АҚ жұмысқа кірісті.
Қазақстанның зейнетақымен қамсыздандыруда жүргізілген өзгерістердің нәтижесі қазіргі кезде бірмезгілде ортақ және жинақтаушы жүйесінің тетіктерінен тұратын көп деңгейлі жүйенің қатар қолданылуы болып табылады.
Сурет 1 - Қазақстанның зейнетақы жүйесінің жіктелімі
Бірінші деңгей - еңбек қызметі ортақ зейнетақы жүйесінің жұмыс істеуі кезеңіне келетін зейнетақымен қамсыздандыру және барлығына зейнеткерлік жасқа жетуі бойынша төленетін базалық зейнетақы.
Екінші деңгей - Қазақстанның азаматтары, шетелдіктер және Қазақстанда тұрақты өмір сүретін азаматтығы жоқ адамдар үшін бұл ай сайынғы кірістен зейнетақы есептеулердің бекітілген 10-пайызды мөлшерімен міндетті жинақтаушы зейнетақы жүйесі.
Сонымен қатар, ауыр және зиянды өндірістерде жұмыс істейтін қызметкерлер үшін 2014 жылғы 1 қаңтардан бастап кірістің 5% мөлшерінде жұмыс беруші есебінен міндетті кәсіби зейнетақы жарналары жүйесі қосымша енгізілген.
Одан басқа, үшінші деңгейдегі ерікті зейнетақы жарналары жүйесі бар.
Осы жүйенің маңызды компоненті салымшының зейнетақы төлемдеріне құқықтарын алу сәтінде инфляция деңгейін ескере отырып жарналардың сақталуы бойынша мемлекеттің кепілі қалады. [2]
Жинақтаушы зейнетақы қорларының қызметін жүзеге асыруда инвестициялық портфельді қолданудың маңызы зор. Инвестициялық портфельді қалыптастыру тәртібі әр түрлі объектілерді енгізудің жалпы қарама-қайшылықтары, инвестициялық салымның жойылуы, тәуелділік және табыс сәйкестігі болып табылады.
- Жинақтаушы зейнетақы қорлары инвестициялық портфелін қолданудың экономикалық мәні
Портфель - бұл әртүрлі инвестициялық құндылықтардың бірігіп жинақталғаны болады да, салым иесінің нақтылы инвестициялық мақсатқа жетуіне қызмет көрсететін құралы. Портфельге бағалы қағаздардың бір түрі немесе әртүрлі инвестициялық бағалылықтар:акциялар, облигациялар, жинақ және депозиттік сертификаттар, аманаттық куәліктер, сақтандыру полистері және басқалары кіреді. [3]
Портфель құрылымы ҚҚА-ның жаңа талаптарына сәйкестендіріледі. Үкіметтің жаңа нұсқауларына сәйкес барлық зейнетақы қорлары өз портфельдеріндегі құнды қағаздар көлемін 20 пайызға, одан әрі болашақта 30 пайызға дейін арттыруға тиіс.
2012 жылғы 1 қаңтарда күшіне енген жаңа заң актілерінің нормаларына сәйкес ЖЗҚ-лар зейнетақы активтерінің есебінен 3 инвестициялық портфель қалыптастыруға міндетті. Олар: акция ұсталмайтын консервативтік, акция мөлшері 30 пайыздан аспайтын шектеулі және акцияның 80 пайызына дейін иеленетін агрессиялық инвестициялық портфель болып табылады.
Кез келген зейнетақылық қордың портфелін екі түрге - өтімді және өтімсіз деп бөлуге болады. Портфельдің өтімді бөлігі бұл - дәл қазіргі сәттегі бағадан сатылатын бағасының айырмашылығы болмайтын қаржылық тәсіл. Портфельдің бұл бөлігін кез келген уақытта іс-жүзінде ешқандай шығынсыз сатуға болады. Портфельдің өтімсіз бөлігі бұл - сатылған кезде қағаздың бағасы белгіленген бағадан төмен болатын бөлігі.
Қаржылық қадағалау агенттігі мен зейнетақы қорлары, басқарушы компаниялар өкілдері кірген жұмысшы топ консервативті портфель әдісін мерзімінен бұрын енгізу мәселесін талқылады. Ұжымдық инвестиция жасау мәселелері бойынша бірқатар заң актілеріне өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы заңда екі түрлі инвестициялық портфель принципі 2012 жылдан бастап енгізілді.
Қазір Қаржылық қадағалау агенттігінде әр қорда үш инвестициялық портфель болуын қарастыратын жоба әзірленіп жатыр. Консервативті портфельдегі қаржыға тәуекелі өте төмен мемлекеттік құнды қағаз бен өте сенімді компаниялардың табысы белгіленген және ұлттық валютада шығарылған құнды қағаздары алынады. Ал агрессивті портфельге акциялар мен туынды құнды қағаздар алынады. Бұлардың табысы жоғары болғанымен, тәуекелі де соншалықты мол. Бірқалыпты портфель осы екеуінің арасында. Пайдасы да, қауіп-қатері де орташа. Салымшылар өз қалауына орай қаражатын үш қорға бөліп салуына немесе біреуін ғана таңдауға құқылы болады.
Бұдан бұрын айтылып жүрген агрессивті портфель дағдарысқа байланысты қолданылмайтын сыңайлы.
Сенімді ақпарат көзі: «Консервативті портфель саясатын енгізуге ірі зейнетақы қорлары мүдделі болып отыр», - дейді. «Әзірге салымшы қаржысының бір бөлігі міндетті түрде консервативті портфельде ұсталуы керек пе, бұған зейнетақы жинағының қандай мөлшері аударылады» деген сауалдарға жауап жоқ. Өйткені жұмысшы топ алғаш рет кездескендіктен, тараптардың ыңғайы мен емеуріні ғана ортаға салынған.
Қаржылық қадағалау агенттігі 2010 жылдың қыркүйек айынан бері зейнетақы қорларының инвестициялық тактикасына бақылауды күшейтті. Осы уақытқа дейін зейнетақы жинақтарын басқарушы компаниялар бір кәсіпорын құнды қағаздарына инвестиция мөлшерін 10 пайыздан асырмау қағидасын ғана басшылыққа алған еді. Енді осы құнды қағазды не мақсатпен сатып алатыны, оның тәуекелі туралы реттеуші органға көлемді есеп тапсырулары керек. Бұл талапты орындау үшін бірқатар зейнетақы қорлары қосымша штат ашып, талдау бөлімін ашуды мақсат етіп отыр.
Егер салымшының ешқандай туысы болмаса және салымшы қайтыс болса, ал оның артында белгілі мұрагерлері болмаса, қор бәрібір оның жинағын иемдене алмайды. Яғни олай етуге қордың құқы жоқ. Сөйтіп дүниеден өтіп кеткен салымшының бар жинағы мұрагерлері келгенге дейін жеке зейнетақы шотында сақталады. Мұрагерлері болмаса немесе белгісіз болса, онда қаладағы, аудан мен кенттегі, ауылдық округ әкімі аппараты «мұраның сенімді басқарушысын тағайындау» туралы өтінішпен нотариусқа баруы тиіс. Заң бойынша мұрагерлер келген жағдайда мұраның сенімді басқарушысы олардың талабы бойынша кері шақырылуы мүмкін.
Жинақтаушы зейнетақы қорларының инвестициялық портфельдерін әртараптандыру үшін Үкімет пен «Самұрық-Қазына» қоры зейнетақы активтерін басым инвестициялық жобаларды қаржыландыру үшін тарту жөнінде шара қабылдау үстінде, сондай-ақ құрылған Стресті активтер қоры инвестициялық рейтингі бар борыштық бағалы қағаздарды шығаруды қамтамасыз етеді.
Қаржылық қадағалау агенттігі жинақтаушы зейнетақы қорларының инвестициялық саясатын жетілдіруді, сондай-ақ зейнетақы активтерінің сақталуын және қорлар мен зейнетақы активтерін басқарушылардың жауапкершілігін арттыруды қамтамасыз ету мақсатында олардың қызметін қадағалауды жалғастыруда.
Сурет 2 - ЖЗҚ инвестициялық портфелі
Жалпы қабылданған экономикалық ұстанымдарға сәйкес кредиттік тәуекел неғұрлым төмен болған сайын инвестициялық портфель соғұрлым сенімді болады, ол ЖЗҚ тұрақтылығына оң ықпал етеді.
Салымшының таңдауы әр ЖЗҚ қызметінің көрсеткіштерін: зейнетақы ережелерінің, зейнетақымен қамтамасыз ету туралы шарттың, инвестициялық декларациялардың талаптары, ЖЗҚ комиссиялық сыйақы көлемдері, ЖЗҚ ұсынатын қосымша қызметтерді, ЖЗҚ қызметіне негізделген шағымдарды, ЖЗҚ қолданылған санкциялар мен шектеулі ықпал ету шаралардың сипатына және мөлшеріне кешенді және салыстырмалы талдауға ғана негізделмеуі керек ол әр ЖЗҚ-ның инвестициялық портфельдерінің құрылымдарын жақсылап қарастыруы тиіс.
Салымшы бүкіл жинақтаушы жүйесінде болу кезеңінде жоғарыда көрсетілген ЖЗҚ көрсеткіштерін бақылауы және салыстыруы қажет.
Инвестицияға қатысты жалпы теориялық көзқарастар инвестицияны басқару процесінің мәнін сипаттайды. Қазіргі сарапшылардың зерттеулері капиталды сапалы түрде басқарғанда ғана жетістікке жетеді деп көрсетеді. Қаржы жүйесіндегі қаржы инвестицияларын ұйымдастыру, басқару, өмірді сақтандыру жүйесінің әрекет етуінің жалпы қағидаларына сәйкес жүзеге асады, онда зейнетақы қызметтерінің ерекшеліктері көрсетіледі, атап айтатын болсақ:
- зейнетақы қорларының инвестициялық қызметтерінің уақытша диференцациялау қағидасы;
- қаржы инвестициясын басқаруды кезең-кезеңімен ұйымдастыру қағидасы бірінші ережемен тығыз байланысты және қаржы инвестицияларын басқарудың арнайы саясатын өңдеуді қажет етеді. Жинақтаушы зейнетақы қорларының инвестициялық әрекет ету процесі барысында зейнетақы қорларының қызметтерімен байланысты ақпараттар үлкен рөл атқарады. Мұнда ақпараттар келесі талаптарға сәйкес келу қажет:
- мәліметтер нақты болуы және алынған деректердің пайдалылығы бұрынғы байланыстарға зиян тигізбеуі қажет;
- жоғарыда аталған қағидалармен байланысты тәуекелдерді бөлу және жауапкершілікті жоспарлау қағидасы. Кейбір іс-шараларды орындау нақты инвестициялық тәуекелге барумен қатар жүреді. [4]
ЖЗҚ инвестициялық декларациясы - бұл инвестициялау объектісінің тізбесін, зейнетақы активтеріне қатысты инвестициялық қызметтің мақсаттарын, стратегияларын, шарттарын және шектеулерін, зейнетақы активтерін хеджирлеу мен әртараптандыру шарттарын анықтайтын құжат, ол зейнетақы ережелеріне қосымша болып табылады.
Яғни, ЖЗҚ салымшысының таңдауы ЖЗҚ инвестициялық декларациясын есепке ала отырып жүзеге асырылуы қажет.
Бұл ретте ЖЗҚ салымшысының сұрауы бойынша инвестициялық портфельдегі бағалы қағаздардың атауы және саны, сондай-ақ ЖЗҚ зейнетақы активтерінің жалпы сомасына қатысты осы бағалы қағаздарға инвестиция көлеміне пайыздық арақатынасы көрсетілген инвестициялық портфельдің құрылымын ашатын ақпаратты берулері қажет.
БЖЗҚ зейнетақы активтері қоржынының ағымдағы құны 2015 жылғы 01 желтоқсандағы жағдай бойынша 5 655 млрд. теңгені құрады. ЗА қоржынының өсімі 2015 жылдың қараша айында 183, 4 млрд. теңгені немесе 3, 4%-ды құрады.
БЖЗҚ ЗА қоржынының табыстылығы 2015 жылғы 01 қаңтар мен 2015 жылғы 30 қараша аралығындағы кезең үшін 13, 1%-ды құрады.
Кесте 1 - БЖЗҚ ЗА инвестициялық портфелінің 01. 12. 2015 жылға үлестер бойынша құрылымы
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz