Символизмнің әдеби стиль ретіндегі маңызы

І Кіріспе. Символизмнің әдеби стиль ретіндегі маңызы

ІІ Мағжан поэзиясындағы бейнешілдік . тәуелсіз Қазақ елінің мемлекеттік символикаларының негізі

2.1. Романтизм және символизмнің Мағжан поэзиясындағы ролі
2.2. Ақынның өлең өрнегін өрудегі символдық бейнелерді құбылту шеберлігі

2.3 Мағжан өлеңдеріндегі символдық бейнелер және тәуелсіз Қазақ Елі геральдикасы

ІІІ Қорытынды.
Мағжан поэзиясының көркі мен сұлулығы, сыршылдығы мен жыршылдығы, суреткерлігі мен ойшылдығы талай рет оқырманын тамсандырып, талай дуалы ауыздардың ілтипатын иелендіріп, өзіне тәнті еткен. Атын атауға жасқанып, бұқпантайлаған заманда да тасты жарған тас бұлақтың суындай нәрлі поэзия жасырын оқыған талай жүректі өзіне баурап, өзгеше күйге бөлегені шындық. Мағжан поэзиясының осынау құдірет күшін өз замандастары толық мойындап, кейі ашық, кейі жұмбақтап болса да жазып та, айтып та кеткен.

«Мағжан-культурасы зор ақын. Сыртқы кестесінің келісімі мен күйшілдігіне қарағанда, бұл бір заманның шегінен асқандай. Сезімі жетілмеген қазақ қауымынан ертерек шыққандай», - деген еді Мұхтар Әуезов. Өз замандастарынан тума таланты мен білім деңгейі жағынан, жарты ғасыр алға жылжып кеткендіктен, оның сырға толы астарлы ойларын түсінуге төңірегіндегі шала сауаттылар қауқарсыз болды. Бұдан Мағжан қолданған әдеби әдіс тек Европа мен орыс әдебиетіне ғана тән жетістіктер екен, ол қазақ топырағына жат болған деген пікір тумауы тиіс. Мысалдап сөйлеу, ойын астарлап, бірдемеге меңзеп, тұспалдап айту қазақтағы шешендік ділмарлық өнердің ежелден келе жатқан кәнігі тәсілі болған. Мағжан қазақтың шешендік өнерін әлем әдебиетіндегі озық үлгілермен толықтырып, жетілдіріп, жаңа әдеби тәсілдерді енгізді.
1. Ю.М. Лотман. Структура художественного текста. М, "Искусство", 1975, 45-б.
2. З. Қабдолов. Сөз өнері. ІІ томдық таңдамалы шығ. жин., 2- том. А., 1983, 244 –б.
3. З. Ахметов. Әдебиеттану терминдерінің сөздігі. А., 1993, 29-б
4. М. Жұмабаев. Шығармалары (өлеңдер, поэмалар, қара сөздер) А., Жазушы, 1989,56-б
5. М.Әбдірәсілқызы «Қожа Ахмет Йасауидің ақындық әлемі», - автореферат- 239 б.
6. Қанарбаева Б. Мағжан символист: Зерттеу.- Алматы: Экономика, 2007.-288 б

Пән: Әдебиет
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 17 бет
Таңдаулыға:   
----------------------------------- ----------------------------------- ----------

----------------------------------- ----------------------------------- ----------
АңдаухатЗерттеу жұмысы тақырыбының өзектілігі:Мағжан Жұмабаев шығармашылығы әлі де жан - жақты зерттеуді қажет етеді.Зерттеу жұмысының мақсаты мен міндеттері:М.Жұмабаев шығармаларының көркемдік әлемін, құрылымдық ерекшелігін тақырыпқа сай зерттеу.Зертттеу жұмысында қолданылған әдіс-тәсілдер:Материалдарды мақсатқа сай іріктеу.Дерек көздері: ақынның өз өлеңдері, ақын шығармашылығы туралы зерттеу еңбектер.Зерттеудің нысаны: "Жаралы жан", "Орамал", "Мен жастарға сенемін", "Шолпы", "Жел", "Ой", "Ескендірдің екі мүйізі", "Бір күні", "Қарындастар", "Толқын", "Түркістан", "Жұлдызды - жүзік", "Айды алқа ғып берейін" өлеңдеріндегі символдық қолданыстарЗерттеудің болжамы:Мағжан бейнешілдігі тәуелсіз Қазақ Елінің мемлекеттік символдарының негізіне айналуда.

ЖОСПАРІ Кіріспе. Символизмнің әдеби стиль ретіндегі маңызыІІ Мағжан поэзиясындағы бейнешілдік - тәуелсіз Қазақ елінің мемлекеттік символикаларының негізі2.1. Романтизм және символизмнің Мағжан поэзиясындағы ролі2.2. Ақынның өлең өрнегін өрудегі символдық бейнелерді құбылту шеберлігі2.3 Мағжан өлеңдеріндегі символдық бейнелер және тәуелсіз Қазақ Елі геральдикасыІІІ Қорытынды.
----------------------------------- ----------------------------------- ----------
Мағжан символизмінің өміршеңдігі ұлттық таным мен ақын мұратының үндестігінде
----------------------------------- ----------------------------------- ----------

----------------------------------- ----------------------------------- ----------

----------------------------------- ----------------------------------- ----------

----------------------------------- ----------------------------------- ----------

----------------------------------- ----------------------------------- ----------

----------------------------------- ----------------------------------- ----------

----------------------------------- ----------------------------------- ----------

----------------------------------- ----------------------------------- ----------

----------------------------------- ----------------------------------- ----------

----------------------------------- ----------------------------------- ----------

----------------------------------- ----------------------------------- ----------

----------------------------------- ----------------------------------- ----------

----------------------------------- ----------------------------------- ----------

----------------------------------- ----------------------------------- ----------

----------------------------------- ----------------------------------- ----------
Мағжан поэзиясының көркі мен сұлулығы, сыршылдығы мен жыршылдығы, суреткерлігі мен ойшылдығы талай рет оқырманын тамсандырып, талай дуалы ауыздардың ілтипатын иелендіріп, өзіне тәнті еткен. Атын атауға жасқанып, бұқпантайлаған заманда да тасты жарған тас бұлақтың суындай нәрлі поэзия жасырын оқыған талай жүректі өзіне баурап, өзгеше күйге бөлегені шындық. Мағжан поэзиясының осынау құдірет күшін өз замандастары толық мойындап, кейі ашық, кейі жұмбақтап болса да жазып та, айтып та кеткен.
----------------------------------- ----------------------------------- ----------
Мағжан-культурасы зор ақын. Сыртқы кестесінің келісімі мен күйшілдігіне қарағанда, бұл бір заманның шегінен асқандай. Сезімі жетілмеген қазақ қауымынан ертерек шыққандай, - деген еді Мұхтар Әуезов. Өз замандастарынан тума таланты мен білім деңгейі жағынан, жарты ғасыр алға жылжып кеткендіктен, оның сырға толы астарлы ойларын түсінуге төңірегіндегі шала сауаттылар қауқарсыз болды. Бұдан Мағжан қолданған әдеби әдіс тек Европа мен орыс әдебиетіне ғана тән жетістіктер екен, ол қазақ топырағына жат болған деген пікір тумауы тиіс. Мысалдап сөйлеу, ойын астарлап, бірдемеге меңзеп, тұспалдап айту қазақтағы шешендік ділмарлық өнердің ежелден келе жатқан кәнігі тәсілі болған. Мағжан қазақтың шешендік өнерін әлем әдебиетіндегі озық үлгілермен толықтырып, жетілдіріп, жаңа әдеби тәсілдерді енгізді.
----------------------------------- ----------------------------------- ----------
ХХ ғасырдың басындағы қазақ әдебиетінің тарихында өзіндік бейнешілдік стилімен дараланған Мағжанның жаңашылдығы әлем әдебиетіндегі символизмнің пайда болуымен де байланысты. Символизм әдеби ағым ретінде ерекшеленбестен бұрын рәміздік мәні, философиялық астарымен дараланған. Әуелгіде символ ұғымы құпиялы, шартты мағынаға ие кез келген заттық белгіні білдірген. Қазіргі уақытта символ ұғымы философия, семиотика, психология, әдебиеттану, мифпоэтика, фольклористика, мәдениеттану, лингвистика, т.б. ғылым салаларының негізгі зерттеу нысаны болып отыр. Символдар осы уақытқа дейін аталған ғылым салалары тұрғысынан жан-жақты зерттеліп келеді.
----------------------------------- ----------------------------------- ----------
Зерттеушілер символды мәдениетке тән тұрақты құбылыс деп таниды: "Символ ешқашан белгілі бір мәдениет кезеңіне тән емес, ол әрқашан бұл өткелді кешіп өтіп, өткеннен болашаққа сапар шегеді, басқаша айтсақ, символ-мәдениеттің тұрақты элементі" [1].Әдебиеттану ғылымында символ троптың бір түрі ретінде танылып, оған мынадай анықтама беріледі: "Бір нәрсені не құбылысты тура суреттемей, бұларға ұқсас басқа бір нәрсеге, не құбылысқа құпия теліп, жасыра жарыстырып, бүкпелей бейнелеу" [2].Әдебиеттанудың терминдер сөздігінде "Символ-әдебиетте ойды астарлап, басқа нәрсені суреттеу арқылы жасалатын нақтылы сипаты бар балама бейне. Жалпыхалықтық тілде кездесетін символда бір нәрсені өз қалпынан басқаша сипатта көрсетіп, сондай-ақ нақтылы бір затты, нәрсені екінші нәрсенің не ұғымның жай баламасы ретінде алу арқылы жасалады. Мысалы, гүл-жастықтың символы, ал көгершін -бейбітшілік символы ретінде алынады. Бұл жағынан символ тұспалдауға (аллегорияға ) өте жақын келеді"[3] деген тұжырым берген.
----------------------------------- ----------------------------------- ----------
Символизм алғаш әлем әдебиетінде романтизммен бірге болды. Кейін романтикалық сарын өршіл және кері тартпа болып екіге бөлінгенде, ойды бейнелеп жеткізуде шындық пен жалғандықтың ара салмағын өлшеп көрсететін әдеби құралға айналып, ХІХ ғасырдың ортасында әдебиетте романтикалық сарын мен реалистік шындыққа қосымша - жаңа әдеби әдіс болып, Европа және орыс әдебиетінде қалыптасады.Қоғамдағы саяси ахуалдың өзгеруіне байланысты, бірде күшейіп, бірде жоғалып отырады. Оны пайдаланушылардың да көзқарастары әр түрлі болады. Өмірдің шындығын шығармада ашып жазудың қажеті жоқ, оқыған адам қалай қабылдаса солай болуы керек дегендер, сөз сиқыры арқылы айтпақ образды ойларын оқырман санасына сендіру арқылы жеткізіп, қайғыртып, қуантып, түрлі көңіл күйге бөлеуі керек деушілер де табылды. Сиволизмге: Оқырман мен суреткерді жақын табыстыратын тәсіл, - деп А.Толстой жоғары баға береді.
----------------------------------- ----------------------------------- ----------
Символизм күш ала келе әдеби стиль ғана емес, қоғамда өзгерістер жасайтын саяси қару, экономикасы тұралап жатқан елдердің, ішкі ынтымағын ыдыратып, төңкеріліс жасап, басып алу мақсатындағы соғыс тәсіліне де айналады. Ол мақсаттарды іске асыру үшін мағынасыз қимыл мен жекелеген сөздерді пайдалану арқылы санаға әсер етіп, адамдардың ашу-ызасын қоздырып, қытығына тиген. Сондай-ақ символизм - қоғамдық басқару жүйесіндегі кемшіліктер мен көзқарасы келіспегендерді қоғамнан аластаудағы, қоғамдық бәсекелестік күшейгенде, тәртіп сақшыларының қолданған қаруы да болған. Бұдан символизмнің үлкен күрделі процестерді бастан кешіп, дамып келе жатқандығы, оның өміршеңдігі ғана емес, тағдырының да көп жағдайда қоғамдық билікпен тікелей байланысты болғандығына дәлел. Себебі ашық айтылған ой бақылауға алынып қудаланса, баспасөзде жазылған пікірлерді цензура жібермеді. Осыдан келіп мағынасы сырғымалы, ойы екі ұшты, тұманды тұйыққа тірейтін, абстрактылы, философиялық шығармалар пайда болды. Ол бастапқыда поэзияда көрініс берсе, кейін прозаға ауыстыМағжан - Батыс әдебиетінде ХІХ ғасырда, орыс әдебиетінде ХХ ғасырдың басынан гүлдене бастаған символизмді, қазақ әдебиетінің топырағында түрлендірген ақын. Бейнешілдікті халықтың әлеуметтік тұрмысымен байланыстырған қазақ әдебиетіндегі символизм мектебінің іргетасын қалады. Ұлттың ұйықтап қалған сезімін ояту үшін жазылған өлеңдерінде қатаң дауысты дыбыстарды іріктеп пайдаланды. Оған Түркістан және Қазақ тілі өлеңдерін мысал етуге болады. Онда буындарды үндестіру арқылы азамат соғысының салдарынан әлсіреп, иықтары түсіп кеткен этностың намысын оятып, мақтанышын қоздырып, жанына жігер, бойына ерік пен күш дарытып, ұлттық рухын оятып жігерлендіруге әрекет жасағаны өте сәтті шыққан. Осы өлеңдегі сөздердің сиқырлы күші оқырмандарының бойына қуат беріп, делебесін қоздырып, көкірегінде ыстық қанын ойнатып, ұлттық рухын динамикалық қозғалысқа келтіреді. Мағжан оны ашаршылық пен азамат соғысының қасіретіне ұшыраған қазақтың сезімін сергітіп, намысын оятып, бойына қуат, ойына от беріп, жасыған жанын жадырату үшін пайдаланған. От өлеңінде қанында оттай ойнаған қуатты екпін мен жігерлі сөз нөсерінен отты құйын ойнатады. Сол арқылы, халықтың белсенділігін арттырып, жігерлендіріп, бойына күш-қуат құюға ұмтылады. Олардың өліп жатқан санасындағы қорқынышты отпен аластап қуалап, қатердің алдына тосқауыл ретінде алып шықпақшы болады. Өлеңнен оттай қуатты сөз нөсері мен өршіл екпін байқалатыны содан. Үнді, ұяң дыбыстарды пайдалану арқылы, жігіт пен қыздың бір-біріне деген ішкі құштарлық сезімдерін өлең шумақтарындағы үзіліп бара жатқан дыбыстардың нәзік жаңғырығы арқылы образдауы - Шолпы өлеңінде. Адам тағдырындағы өзгерістер Толқын өлеңінде толқындардың бірін-бірі жуып кетіп жатқан қозғалысы арқылы бейнеленген.
----------------------------------- ----------------------------------- ----------
Қазақ символизмінің кульминациялық апогейі (шарықтау шегі) Мағжанның отты жырлары болып табылады. Мағжан тызетпе сезімнің емес, бауыры кең тұлпардай көсілетін арналы жүйеліліктің ақыны. Бұл тұрғыдан Мағжан өлеңдері де сол жүйенің кірпіші болып қаланады. Мағжан лирикасының жұлын-жотасына айналады. Сондықтан ол ұлт апатын елден ерек бұрын сезіп, өз бояуында бейнелеп беруге мүмкіндік алды. Ақиқатты ол өз уысына шеңгелдеп қан ұстап тұрып айтудан еш тайсалмайды.Сөйтіп, ақын уақыттың үніне, өзіне айналды. Сондықтан Абайдың "улы сия, долы қол" Мағжанда мүлде басқа рең алады. Ақынның жан-тән күйзелісі лирика шеңберін үзіп, ұлы трагедияға ұласқандай. Мағжанның жан түкпіріндегі жүрек сөзі боямасыз ақтық сөзі болып ақтарылады.Ақын Жел деген өлеңінде:Мазасы жоқ жел ерке,Оянып ап тым ерте.Жорғалай басып кетеді,Тыныш жатқан түс көріпКөлдің бетін кестелеп,Оны әуре етеді, - деп отырып, желдің, еркелігін, ешкімге мойынсұнбау еркіндігін баса жырлайды. Өйткені ақын жаны да сол еркіндікті аңсайды.Мағжан поэзиясында бала символының қолданылу жиілігі еріксіз назар аудартады. Өмір - дала, ақын - бала қаңғырған, Жан сусынын көз жасымен қандырған немесе Ақын - бөбек, өмір - көбік, тылсым-ды, Ойнап, арбап, бөбекті естен тандырған деп келетін жолдарда ақынның Жұмбақ өлеңіндегі астарлы ойдың бір ұшығы жатқан тәрізді. Тұтас символға құрылған жұмбақ өлеңдегі Дала - жұмбақ, Бала - жұмбақ, Шешусіз деген астарлы ойдың негізінде жаңа заманға тап келген дала бейнесіндегі қазақ пен бала бейнесі арқылы саяси ой берілген деуге негіз бар.
----------------------------------- ----------------------------------- ----------
Өмір - дала, Ақын - бала қаңғырған деп жырлаған Мағжанның әйгілі өлеңіндегі бала образы-ақын болмысының символы. Ақын - бала бейнесі бір-бірімен тектес, болмысы жақын, егіз ұғым. Бала - ақыл мен сезім күресінің бейнесі.
----------------------------------- ----------------------------------- ----------
Мағжанның әйгілі Толқын өлеңіндегіЕрке бала былдырлап,Сылдыр,сылдыр, сылдырлап,Толқынды толқын қуады деп келетін жұмбаққа толы жолдардағы толқынның ерке балаға теңелген образы да кездейсоқ емесі анық. Бала - тазалық, адалдық, асаулық пен еркеліктің символы.Толқыннан толқын туады,Толқынды толқын қуады,Толқынмен толқын жарысад,Күңіренісіп кеңеспен,Бітпейтін бір егеспенЖарысып жарға барысад.Сылдыр, сылдыр, сылдырлап,Бірінің сырын бірі ұрлапТолқынды толқын қуады.Жарына бал береді,Береді де өледі,Өледі толқын, тынады - деп, толқынға адамша жан бітіреді. Толқынның да өмірі мәңгі емес, ол да өледі деген пікір айтады. Өлеңнің ішкі сырына үңілсек толқын өлімі мәңгілікке жалғасқан өлім, жарына бал беріп, рахат тапқан өлім, ол мың қайталанып, мәңгілікке жалғасып жатар тіршілік.
----------------------------------- ----------------------------------- ----------
Мағжанның жүрек сырын жеткізетін құралы - оның поэзиясы. Ақынныңжүгінері де - жүрегі, сырласы да - жүрегі. Жүрегім, мен зарлымын жаралыға деп жырлаған ақын үшін "жүрек" - өмірдің символы.
----------------------------------- ----------------------------------- ----------
Жаралы жан" - өлеңінде ақын "жүрек"- ті бірде ыза - кек, бірде шарасыздық, енді бірде күш - қайрат, мейірім бейнесінде шебер қолданған.Қысылған сорлы адамның шыбын жаныШапшып тұржүрегінен ыстық қаны.Ішті өртеп, жүректі елжіретед ...Жүректі жара жеп барад,Жасаған-ау, қалайшыдайын?!Соқпа, сорлы жүрегім,Шіріген-ді,ақ білегім! "
----------------------------------- ----------------------------------- ----------
Символдың көркемдік мәні, символдық поэзия мен оқырман арақатысынан туатын әсер табиғаты жайлы пікірлерден символизмнің шығыстың сопылық дүниетанымымен үндестігін сезінгендей болдық. Мағжан поэзиясындағы кейбір символдардың мәні сопылық поэзиямен байланыс тұрғысынан зерттелгенде ашыла түсетін секілді. Жас ғалым А.Әбдірәсілқызы Қожа Ахмет Йасауидің ақындық әлемі атты монографиясында пернелеу (символ) сопылық поэзияның ең айшықты көркемдік құралдарының бірі екендігіне тоқтала келіп, ...көңіл адамы саналған сопы ақынның ең басты мақсаты - жүректі қозғау, жүрек сезіміне әсер ету болып табылатындықтан, хикметте баяндалатын ой мен оқиға аста-төк сезімдермен астасып отырады. Қарапайым тіркестердің өзінде тұнып тұрған эмоция аңғарылады [5]дейді. Сопылық поэзияға тән символдардың Мағжан поэзиясында көрініс беруі тек қана тәжірибелік ізденістің көрінісі емес екендігі даусыз. Керісінше, әуел бастан қанға сіңген ұлттық, әрі шығыстық поэзияның бұл асыл сипаты Мағжан поэзиясында жаңғырып, жаңаша мазмұнға ие бол-ды. Мағжан символизмінің даралық сипаты да осы тұстан зерделей түскенде барынша ашыла түспек Мағжан символизмінде ұлттық, батыстық-шығыстық символдың ақын жүрегінен қорытылып шыққан синтезі мен ешкімге ұқсамайтын даралығы бар.Мағжан шебер қолданған символдардың бірі - "у".
----------------------------------- ----------------------------------- ----------
Азамат! Анау қазақ қаным десең,Жұмақтың суын апар, жаным десең.Болмаса, ібіліс бол да у алып бар,Тоқтатам тұншықтырып зарын десең!.. ("Жаралы жан") у қайғыға тұншыққан жанның дертіне дауа дей отырып, шарасыздық халді бейнелеген.Қасірет батты жаныма,Уға толды жас жүрек. - "Орамал" - бұл өлеңде "у" сағынышты білдіреді.Жел өндірді у жырын.Жырлады, құшты, улады,Біліп алды бар сырын. "Ескендірдің екі мүйізі" өлеңінде "у" - арбаушы.Сондай-ақ Мағжан поэзиясы елді сүюге, өз Отанының тарихымен мақтануға үйретеді. Мағжанды ақын еткен қасиетті шындық пен жанды- жансызға деген айрықша махаббатты сездіретін жүрек еді. Расында, Мағжан- бауыры кең тұлпардай көсілетін арналы жүйеліліктің ақыны, эстетика - философиялық тұжырымдамасы қалыптасқан ақын, қара өлең құдіретін биік деңгейге қөтерген ақын. Абайдың шексіз шеберлігінің кілтін іздеуден жалықпаған ақын.Мағжан символизмі қазақ әдебиетін Абайдан соң тағы бір белеске көтергені дау туғызбайтын ақиқат. Абай көп қолданған жүрек символымен табиғи байланыстағы жан ұғымының заман шындығын, Мағжан поэзиясының астарлы мәнін ашар көркемдік қызметі бар.
----------------------------------- ----------------------------------- ----------
Ақынның қара сөзбен жазылған Балапан қанат қақты атты шығармасындағы солтүстіктің суығына шыдай алмай, амалсыз қанат қаққан жас балапанның жанына жайлы пана іздеп аласұруы - заманның да, ақын көңіл-күйінің де символы. "Балапан" символы бұдан басқа өлеңдерінде де кездеседі.Зарлайсың ғой жетім боп,Бесікте қалған балапан! ("Жаралы жан") - деп пессимистік сарынға салынады. Батыста айрықша өнер дарыған ақын- композиторлар реквием түрінде "болжам-ақиқат" айтатын дәстүр бар. Мағжанның да "Жаралы жан" өлеңін реквием деуге әбден сияды. Өзге тілге аударсақ, дәл солай атауға тура келеді. Бірақ оның бағасын біз "реквием" деп емес, ұлттық феномен ретінде талдап-танып, өз бағасын беру әлдеқайда әділірек болар еді. Өз уақытының көркемдік көгіне көтеріліп, негізінен авангардтық (алғы шептік ) өлең үлгісінде көп ізденген Мағжан кейін кенет шегініп, дәстүршіл өлең мен алғы шептік өлеңін жарыстыра қолданудан қаймықпайды. Жоғарыда байқағанымыздай, дәстүрлі әдебиетіне жетік ол жан сөзін бұлбұлша жеткізеді. Жиырма екі шумақтан тұратын "Жаралы жан" өлеңі 11 буынды қара өлең мен 7-8 буынды жыр үлгісін қатар өріп отырады. Алғы шептік үлгіден бастап, қара өлеңмен аяқтайды. Ұзақ, сюжетсіз лириканың бітім - болмысы осындай.Келесі өлеңінде:Жас қырандар-балапан,Жайылып қанат ұмтылған.Көздегені көк аспан.Мен жастарға сенемін! ("Мен жастарға сенемін!") - деп болашақтың иесі жастарды қанатын қағып талпынған балапанға теңей отырып, зор сенім артады. Көз алдымызға буыны бекіп, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
ХХ ғасырдың алғашқы жартысындағы қазақ әдебиетіндегі символизм сипаты
Бала - ақыл мен сезім күресінің бейнесі
ХХ ғасыр басындағы әдеби процесс және символизм
Мұқағали Мақатаев поэзиясындағы символизм
ХХ ғасырдағы әлемдік әдебиеттің негізгі бағыттары мен ерекшеліктері
М.Мақатаев поэзиясындағы символизм
СИМВОЛИЗМ ЖӘНЕ ӘДЕБИЕТ САЛАСЫ
Мағжан қазақ әдебиетінде
Қазақ поэзиясының көркемдік жүйесіндегі символдың атқаратын қызметін саралауда жекелеген ақындар шығармаларындағы символдың өзіндік ерекшеліктерін зерделеу
Instagram әлеуметтік желісінің мәтіндеріндегі тілдік құралдардың лингвистикалық ерекшеліктері
Пәндер