Дүниетану сабағында жаңа технологиялар



Мазмұны:

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .3

1.Бастауыш сынып оқушылырының дүниетанымы
1.1 Бастауыш сынып оқушыларының алғашқы дүниетанымдық ұғымдарын қалыптастырудың педагогикалық шарттары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..5
1.2 Ұғымның пайда болуы жолдары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 10

2. Дүниетану сабағында жаңа технологиялар
2.1Дүниетанымдық ұғымдарды модельдеу технологиясы арқылы қалыптастыру ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .15
2. 2 Дүниетанымдық ұғымдарын қалыптастырудың құрылымдық үлгісі ... ... ...17
2.3Дүниетанымдық ұғымдарды модельдеу технологиясы арқылы қалыптастыру бағдарламасы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .23

3. Дүниетану сабағында жаңа технологияның тәжірибелік.эксперимент жұмысы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 27

Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .29

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...31
Кіріспе.
Білім беру мәселесі мемлекетіміздің басты назарында. Бүгінгі күн талабы жалпы білім беру жүйесіне, білім беру мазмұны мен оқыту әдістеріне үлкен міндеттер жүктеуде. Білім алудың бағыт-бағдары Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңында, Қазақстан Республикасының Конституциясында, «Қазақстан-2030» стратегиялық бағдарламасында, «Білім» мемлекеттік бағдарламасында және басқа да мемлекеттік құжаттарда негізделген.
Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасында: білім берудің мазмұнын дүниені тұтастай қабылдауды қамтамасыз ететін, білім беру салалары арқылы іске асыру керектігі көрсетілген.
Бүгінгі таңда бастауыш білім берудің басты міндеті оқушының дүниені тұтастай қабылдауын алғашқы дүниетанымдық ұғымдар арқылы қалыптастыру бастауыш сыныптарда жүзеге асырылуы тиіс. Бастауыш саты – оқушы дамуының негізі қаланатын ерекше кезеңі болғандықтан, олардың алғашқы ұғымдары да осы уақытта қалыптасады.
Бастауыш сатыда білім мазмұнын жаңарту және оқу үрдісін жаңаша ұйымдастыру, оның философиялық, педагогикалық-психологиялық негіздерін терең зерделеуді қажет етеді. Бастауыш саты – оқушылардың дүниетанымын қалыптастырудың ең қолайлы мерзімі. М.Н.Скаткин, балаларда қоршаған орта туралы алғашқы түсінік мектепке дейінгі кезеңде қалыптасып, ал бастауыш мектепте қоғам, табиғат құбылыстары мен заңдылықтары туралы нақты білім қалыптастыруға болатынын тұжырымдайды.
Қазақстандық ғалымдар: Қ.Аймағамбетова, Б.Баймұратова, А.Меңжанова, Н.И.Храпченкова, М.Тұрсынкелдина, М.Сәтімбекова, А.Бакреденова, Ә.Әмірова, Т.Левченко, Т.Суркова, Р.Қ. Керімбаева т.б. өздерінің зерттеу жұмыстарында мектеп жасына дейінгі балалардың дүниетанымын дамытуға ерекше көңіл бөлген.
Осы курыстық жұмысты жазу барысында психологиялық, педагогикалық әдебиеттерді талдау бастауыш сынып оқушыларының алғашқы дүниетанымдық ұғымдарын қалыптастыруға байланысты арнайы зерттелмегендігі, оқушылардың әртүрлі деңгейдегі білімдеріне сәйкес ұғымдар жүйесінің қалыптасу деңгейлерінің анықталмауы, оқу әрекетінде бастауыш сынып оқушыларының дүниетанымдық ұғымдарын қалыптастыру әдістемесінің жасалмауы сияқты қайшылықтар орын алып отырғандығы анықталды. Осы қайшылықтардың шешімін іздестіру зерттеу проблемасын айқындауға және зерттеу тақырыбын «Бастауыш сынып оқушыларынан арналған дүниетану сабағындағы жаңа технологиялар» деп таңдауымызға себеп болды.
Курыстық жұмыстың негізгі мақсаты: бастауыш сынып оқушыларының алғашқы дүниетанымдық ұғымдарын қалыптастыруды теориялық тұрғыдан негіздеу және тиімділігін тәжірибе жүзінде дәлелдеу, және жаңа тенхнологиялар әдістемесін ұсыну.
- бастауыш сынып оқушыларының алғашқы дүниетанымдық ұғымдарын қалыптастырудың теориялық негіздерін айқындау;
- оқу әрекетінде бастауыш сынып оқушыларының алғашқы дүниетанымдық ұғымдарын қалыптастырудың педагогикалық шарттарын анықтау және құрылымдық үлгісін жасау;
- бастауыш сынып оқушыларының алғашқы дүниетанымдық ұғымдарын қалыптастырудың әдістемесін жасау және тәжірибелік-эксперимент арқылы тиімділігін тексеру;
-бастауыш сынып оқушыларына арналған дүниетаным сабағында жаңа технологияны енгізу, модельдеу әдісі арқылы қалыптастырудың ғылыми-әдістемелік ұсыныстарын практикаға ендіру.
Бастауыш сынып мұғалімдері алғашқы дүниетанымдық ұғымдарды қалыптастыру әдістемесімен қаруланып, оқу әрекетінде дүниетанымдық ұғымдарды қалыптастыруда жаңа модельдеу әдісі қолданылса, онда бастауыш сынып оқушыларында алғашқы дүниетанымдық ұғымдардың қалыптасуы жаңа сапалық деңгейге көтеріледі, өйткені модельдеу әдісі бастауыш білім мазмұнын тиімді меңгеруге, дүниенің заттары мен құбылыстарының бейнесін біртұтас, сом қалыпта қабылдауға ықпал етеді.
Бастауыш сынып оқушыларының дүниетанымдық ұғымдарын тиімді қалыптастыру оларды қоршаған орта объектілері мен құбылыстарын біртұтастықта қабылдауға, алған білімдерін өмірлік жағдаяттарда қолдана білуге, шығармашылық белсенділікке бейімдейді.
Курыстық жұмыста қаралатын негізгі қағидалар:
1) бастауыш сынып оқушыларының алғашқы дүниетанымдық ұғымдарын қалыптастырудың мәні мен мазмұндық сипаты;
2) бастауыш сатыда қалыптасатын алғашқы дүниетанымдық ұғымдарды жүйелеу, жіктеу, логикалық талдау, сұрыптаудың және ұғымдарды модельдеу әдісі арқылы қалыптастырудың әдістемесі;
3) бастауыш сынып оқушыларының алғашқы дүниетанымдық ұғымдарын қалыптастырудың педагогикалық шарттары мен үлгісі, оның өлшемдері, көрсеткіштері;
4) оқу әрекетінде модельдеу әдісін қолдану арқылы, бастауыш сынып оқушыларының дүниетану пәніне жаңа технологияны ғылыми-әдістемелік тұрғыдан тиімділігін талдау.
Курыстық жұмыстың құрылымы кіріспеден, екі тараудан, қорытындыдын, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

1. Аймағамбетова Қ. Дүниетануға арналған үлестірмелі материалдар. Алматы. Атамұра. 1998.-63б.
2. Аймағамбетова Қ. Бастауыш сыныптарда табиғаттануды оқыту методикасы. Алматы. Мектеп. 1974.-68б.
3. Алғашқы ғылыми үғымдарды оқып-үйрену барысында түсініктерді қалыптастыру // ІІІ Республикалық «Досмұхамедов оқуларының» материалдары. – Атырау, 2003. – 105-110 бб.
4. Бастауыш сынып оқушыларының дүниетанымдық ұғымдарын қалыптастырудың педагогикалық негіздері. – Атырау, 2003 – 40 бет.
5. Подготовка учащихся к усвоению естествоведческих понятий //Начальная школа Казахстана. – 2001.- №1. – 57-58 бб.
6. Условия формирования прочных знаний у учащихся начальных классов // Поиск. – 2001.- №6. – 154-156 бб.
7. Ғылыми-экологиялық ұғымдарды қалыптастыру // Бастауыш мектеп. – 2001. -№12. – 60-62 бб.
8. Бастауыш сынып оқушыларының оқу әрекетінде қалыптасатын алғашқы дүниетанымдық ұғымдардың мәні мен маңызы // «Жоғары оқу орнындағы оқытудың инновациялық технологиялары мен интерактивтік әдістері» республикалық ғылыми-практикалық конференция материалдары. – Орал, 2006. – 233-237 бб.
9. Бастауыш сынып оқушыларында алғашқы дүниетанымдық ұғымдарды қалыптастырудың қазіргі жағдайы //«Мектепке дейінгі және бастауыш білім: қазіргі жағдайы, даму тенденциялары және мәселелері» халықаралық ғылыми-практикалық конференция материалдары. – Алматы, 2007. – 273-277 бб.
10. Бастауыш сынып оқушыларының дүниетанымдық ұғымдарын қалыптастыру // «Қазақстандағы жоғары педагогикалық білім беруді реформалау: тарихы, тәжірибесі және болашағы» халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция материалдары. – Атырау, 2007. – 176-179 бб.
11. Бегалиев Г. Бастауыш мектептегі оқу сабағы. //Халық мұғалімі, 1949. 8 Б12-16
12. Жүнісова Қ. Аймағамбетова Қ. Нұрахметов.Н. Дүниетану. 1-сынып оқулығы.-Алматы: Атамұра, 1997-142б.
13. Қараев А. Оқытудың педагогикалық технологиясының жаңа тұрпатты мектептерді дамытудағы ролі.//Бастауыш мектеп.-1997ж. Б.19-21

Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 30 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасы білім және ғылым министірлігі
___________________________________ ______университеті

_______________________________ факультеті
__________________________ кафедрасы

Курстық жұмыс
Тақырыбы: Дүниетану сабағында жаңа технологиялар.
_______________________ пәні

Орындаған:_______________
Қабылдаған:______________

Мазмұны:
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... .3
1.Бастауыш сынып оқушылырының дүниетанымы
1.1 Бастауыш сынып оқушыларының алғашқы дүниетанымдық ұғымдарын
қалыптастырудың педагогикалық шарттары
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...5
1.2 Ұғымның пайда болуы
жолдары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
...10

2. Дүниетану сабағында жаңа технологиялар
2.1Дүниетанымдық ұғымдарды модельдеу технологиясы арқылы
қалыптастыру ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..15
2. 2 Дүниетанымдық ұғымдарын қалыптастырудың құрылымдық үлгісі ... ... ...17

2.3Дүниетанымдық ұғымдарды модельдеу технологиясы арқылы қалыптастыру
бағдарламасы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..23

3. Дүниетану сабағында жаңа технологияның тәжірибелік-эксперимент
жұмысы ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ..27

Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ..29
Пайдаланылған әдебиеттер
тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. .31

Кіріспе.
Білім беру мәселесі мемлекетіміздің басты назарында. Бүгінгі күн талабы
жалпы білім беру жүйесіне, білім беру мазмұны мен оқыту әдістеріне үлкен
міндеттер жүктеуде. Білім алудың бағыт-бағдары Қазақстан Республикасының
Білім туралы Заңында, Қазақстан Республикасының Конституциясында,
Қазақстан-2030 стратегиялық бағдарламасында, Білім мемлекеттік
бағдарламасында және басқа да мемлекеттік құжаттарда негізделген.
Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту
тұжырымдамасында: білім берудің мазмұнын дүниені тұтастай қабылдауды
қамтамасыз ететін, білім беру салалары арқылы іске асыру керектігі
көрсетілген.
Бүгінгі таңда бастауыш білім берудің басты міндеті оқушының дүниені
тұтастай қабылдауын алғашқы дүниетанымдық ұғымдар арқылы қалыптастыру
бастауыш сыныптарда жүзеге асырылуы тиіс. Бастауыш саты – оқушы дамуының
негізі қаланатын ерекше кезеңі болғандықтан, олардың алғашқы ұғымдары да
осы уақытта қалыптасады.
Бастауыш сатыда білім мазмұнын жаңарту және оқу үрдісін жаңаша
ұйымдастыру, оның философиялық, педагогикалық-психологиялық негіздерін
терең зерделеуді қажет етеді. Бастауыш саты – оқушылардың дүниетанымын
қалыптастырудың ең қолайлы мерзімі. М.Н.Скаткин, балаларда қоршаған орта
туралы алғашқы түсінік мектепке дейінгі кезеңде қалыптасып, ал бастауыш
мектепте қоғам, табиғат құбылыстары мен заңдылықтары туралы нақты білім
қалыптастыруға болатынын тұжырымдайды.
Қазақстандық ғалымдар: Қ.Аймағамбетова, Б.Баймұратова, А.Меңжанова,
Н.И.Храпченкова, М.Тұрсынкелдина, М.Сәтімбекова, А.Бакреденова, Ә.Әмірова,
Т.Левченко, Т.Суркова, Р.Қ. Керімбаева т.б. өздерінің зерттеу жұмыстарында
мектеп жасына дейінгі балалардың дүниетанымын дамытуға ерекше көңіл
бөлген.
Осы курыстық жұмысты жазу барысында психологиялық, педагогикалық
әдебиеттерді талдау бастауыш сынып оқушыларының алғашқы дүниетанымдық
ұғымдарын қалыптастыруға байланысты арнайы зерттелмегендігі, оқушылардың
әртүрлі деңгейдегі білімдеріне сәйкес ұғымдар жүйесінің қалыптасу
деңгейлерінің анықталмауы, оқу әрекетінде бастауыш сынып оқушыларының
дүниетанымдық ұғымдарын қалыптастыру әдістемесінің жасалмауы сияқты
қайшылықтар орын алып отырғандығы анықталды. Осы қайшылықтардың шешімін
іздестіру зерттеу проблемасын айқындауға және зерттеу тақырыбын Бастауыш
сынып оқушыларынан арналған дүниетану сабағындағы жаңа технологиялар деп
таңдауымызға себеп болды.
Курыстық жұмыстың негізгі мақсаты: бастауыш сынып оқушыларының алғашқы
дүниетанымдық ұғымдарын қалыптастыруды теориялық тұрғыдан негіздеу және
тиімділігін тәжірибе жүзінде дәлелдеу, және жаңа тенхнологиялар
әдістемесін ұсыну.
- бастауыш сынып оқушыларының алғашқы дүниетанымдық ұғымдарын
қалыптастырудың теориялық негіздерін айқындау;
- оқу әрекетінде бастауыш сынып оқушыларының алғашқы дүниетанымдық
ұғымдарын қалыптастырудың педагогикалық шарттарын анықтау және
құрылымдық үлгісін жасау;
- бастауыш сынып оқушыларының алғашқы дүниетанымдық ұғымдарын
қалыптастырудың әдістемесін жасау және тәжірибелік-эксперимент
арқылы тиімділігін тексеру;
-бастауыш сынып оқушыларына арналған дүниетаным сабағында жаңа
технологияны енгізу, модельдеу әдісі арқылы қалыптастырудың ғылыми-
әдістемелік ұсыныстарын практикаға ендіру.
Бастауыш сынып мұғалімдері алғашқы дүниетанымдық ұғымдарды
қалыптастыру әдістемесімен қаруланып, оқу әрекетінде дүниетанымдық
ұғымдарды қалыптастыруда жаңа модельдеу әдісі қолданылса, онда бастауыш
сынып оқушыларында алғашқы дүниетанымдық ұғымдардың қалыптасуы жаңа сапалық
деңгейге көтеріледі, өйткені модельдеу әдісі бастауыш білім мазмұнын тиімді
меңгеруге, дүниенің заттары мен құбылыстарының бейнесін біртұтас, сом
қалыпта қабылдауға ықпал етеді.
Бастауыш сынып оқушыларының дүниетанымдық ұғымдарын тиімді
қалыптастыру оларды қоршаған орта объектілері мен құбылыстарын
біртұтастықта қабылдауға, алған білімдерін өмірлік жағдаяттарда қолдана
білуге, шығармашылық белсенділікке бейімдейді.
Курыстық жұмыста қаралатын негізгі қағидалар:
1) бастауыш сынып оқушыларының алғашқы дүниетанымдық ұғымдарын
қалыптастырудың мәні мен мазмұндық сипаты;
2) бастауыш сатыда қалыптасатын алғашқы дүниетанымдық ұғымдарды жүйелеу,
жіктеу, логикалық талдау, сұрыптаудың және ұғымдарды модельдеу әдісі
арқылы қалыптастырудың әдістемесі;
3) бастауыш сынып оқушыларының алғашқы дүниетанымдық ұғымдарын
қалыптастырудың педагогикалық шарттары мен үлгісі, оның өлшемдері,
көрсеткіштері;
4) оқу әрекетінде модельдеу әдісін қолдану арқылы, бастауыш сынып
оқушыларының дүниетану пәніне жаңа технологияны ғылыми-әдістемелік
тұрғыдан тиімділігін талдау.
Курыстық жұмыстың құрылымы кіріспеден, екі тараудан, қорытындыдын,
пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

1.1Бастауыш сынып оқушыларының алғашқы дүниетанымдық ұғымдарын
қалыптастырудың педагогикалық шарттары
Бүгінгі күн талабы жалпы білім беру жүйесіне, білім беру мазмұны мен
оқыту әдістеріне үлкен міндеттер жүктеуде. Әлемдік білім кеңістігімен
үйлесімділікке бет алып отырған еліміздің білім беру саласындағы түбегейлі
жаңалықтар білім мазмұны мен оқыту әдістеріне өзгерістер енгізуді талап
етіп отыр.
Педагогика ғылымында білім мазмұны тұлғаның бойында жағымды қасиеттерді
қалыптастыратын, педагогикалық тұрғыдан бейімделген ғылым негіздері, оқушы
меңгеруге тиіс білім, икемділік, дағдылар жиынтығы, шығармашылық іс-әрекет
тәжірибесі мен эмоционалды-құндылық қатынастары құрамына енетін адамзаттың
әлеуметтік тәжірибесі ретінде қарастырылады.
Қазіргі білім мазмұнына дамыта оқытуға негізделген дүние туралы, оқушыда
қалыптасуы тиіс іс-әрекет түрлері, дүниені танып-білудің әдіс-тәсілдері
туралы білім енгізіліп отыр.
Бастауыш саты – оқушылардың дүниені тұтастықта тануын қалыптастырудың ең
қолайлы мерзімі екенін атап көрсетеді. М.Н.Скаткин балаларда қоршаған орта
туралы алғашқы түсінік мектепке дейінгі кезеңде қалыптасып, бастауыш
мектепте қоғам, табиғат құбылыстарымен заңдылықтары туралы нақты білім
қалыптастыруға болатынын тұжырымдайды.
Оқушылардың оқу пәнінен жүйелі білімдері қалыптасуы үшін ол білімдердің
табиғаты, пайда болуы мен дамуы жөніндегі, пәндік білімдер арасындағы
байланыстың сипаты белгілі болуы, яғни оқушының белгілі бір дәрежеде ұғым
туралы білімдері болуы тиіс. Сонымен қатар, оқушыларды ғылыми танымның ең
жалпыланған әдістерімен, тану диалектикасы туралы білімдермен қаруландыру
керек. Мұнда білімді алуға және оны баяндауға бағытталған оқушының өзіндік
іс-әрекеті де жүзеге асырылуы тиіс. Оқушы ұғымдарды танып біліп қана
қоймай, оның қандай белгілері бойынша танылып тұрғанын да білсе, бұл
оқушының ұғымды саналы меңгергенін білдіреді.
Педагогикада ұғым деп, заттар мен құбылыстардың елеулі объективті
жақтарын бейнелейтін, арнайы терминдермен бекітілген немесе белгілермен
бекітілген ғылыми білім формасын атайды. Сезімдік бейнелерден (түйсіну,
қабылдау) ұғымдардың айырмашылығы олар барлық сапалық дәрежелерінің
көпқырлылығымен ерекшеленетін дараланған нәрсе емес. Оны көпқырлылықтан
оқшаулайтын оның ерекше белгілері, осы белгілердің арқасында ұғымдар
орталықтандырылады және оның басқалардан негізгі айырмашылығы да осында.
Ұғым – материалдық дүниенің белгілі бір объектілері – адамгершілік,
шығармашылық қатынастар турасындағы білімдердің дамуындағы бөлек белес
нәтижесі. Білім жүйесінде қоршаған ортаның объектілері мен құбылыстары
елеулі орын алады, өйткені олар шынайы ақиқатты тануда тірек сәті бола
отырып, оны танудың өзіндік мәні бар түйіні болып та саналады.
Ұғымдағы бейнеленген заттар мен құбылыстар санына қарай, ерекшеленген
біріңғай класстар санына қарай, ұғымдардың өзара байланысы оның сипатының
келесі логикалық категорияларын айқындайды: мазмұны, көлемі, басқа
ұғымдармен байланысы және қатынасы. Ұғымдардың мазмұны болып, осы ұғымдар
арқылы санамызда бейнеленетін заттар мен құбылыстар сапасының елеулі
қасиеттерінің жиынтығы табылады. Мазмұнына қарай ұғымдар ғылымда қарапайым
және күрделі болып екіге бөлінеді.
Ұғымның көлемі осы үғым қамтитын немесе ұғым көмегімен санамызда
бейнеленетін объектілер санымен сипатталады. Осы тұрғыдан ұғымдарды жалқы
және жалпы ұғымдар, категориялар деп бөлуге болады. Жалқы және жалпы
ұғымдар бөлінбейтін диалектикалық бірлестікте болады: жалпы ұғымдарды жалқы
ұғымдарсыз түсіну мүмкін емес, ал жалқы ұғымдар да өздеріне сәйкес жалпы
ұғымдардан туындайды.
Сонымен, қандай ұғым болмасын адамның объективті ақиқатты тануы
барысында және жеке дара таным барысында да үнемі дамып отырады. Оқыту
барысында меңгерілетін әрбір ұғымның елеулі белгілерінің саны оны алғаш
қалыптастыруға ғана емес, әрі қарай дамытуға және пайдалануға да жеткілікті
болуы тиіс. Егер ұғымның елеулі белгілері оңтайлы көлемдегі фактілермен
айғақталып, басқа ұғымдармен өзара байланыста қарастырылатын болса, ол
дәлелді және сенімді сипатта қабылданады.
Педагогикалық, психологиялық әдебиеттерде ұғымдардың көлемі, байланысы
және оларды әр жастағы оқушылардың меңгеру дәрежесі туралы мәселе
біржақты шешімін таппаған.
Ұғымдарды ғылыми және ғылыми емес тұрмыстық деп алғаш енгізген белгілі
психолог Л.С.Выготский меңгерілетін ұғымдар мазмұнын емес, оларды меңгерту
ерекшелігін көздеген. Оларды спонтанды, тұрмыстық деп атауының себебі,
бұл ұғымдардың оларды қабылдауға бағытталып әдейі ұйымдастырылған процестен
тыс қалыптасуы. Л.С.Выготский баланың спонтанды ұғымдарының талдауын аяғына
дейін жеткізсе, олар белгілі дәрежеде ғылыми ұғымдарға ұқсас болатындығы
туралы қорытындыға келеді.
Білім элементтері өзара байланыста болады. Барлық ғылымдар ғылыми
фактілермен, ұғымдармен, заңдармен, теориялармен қамтамасыз етілген яғни,
солардың негізінде құрылған. Материяның құрылымдық түрлері ұғымы және сол
түрлерге сәйкес қозғалыстар мен құбылыстар (физикалық, химиялық,
биологиялық, қоғамдық) ұғымдары, денелердің қасиеттері мен құбылыстарды
сипаттайтын шамалар ұғымы (мысалы, механикадағы жылдамдық) барлық ғылымға
ортақ болып саналады. Ғылыми білімнің құрылымдық элементтері мектеп
пәндерінің мазмұнына енгізілген. Ұғымдарды меңгермей ақиқат дүниенің
заңдылықтары мен олардың теорияларын меңгеру мүмкін емес.
Оқыту үрдісінде тұлғаны дамыту мәселесі көкейкесті болып есептеледі және
оған көптеген зерттеулер арналған: бастауыш мектептен-ақ теориялық
білімдерді қалыптастыру арқылы баланы дамытуды негіздеу, теорияларды
түсіндіру қызметін күшейту, оқу пәндерінің мазмұнына әдіснамалық білімдерді
ендіру, оқытудағы эмпирикалық және теориялық танымның бірлігінде, индукция
мен дедукция арақатынасында алу қажеттігі (М.Н.Скаткин т.б.).
Барлық оқу пәндері, барынша күрделі жүйені көрсетеді, оның маңызды
элементі болып табылатын – ұғым. Олар бір-бірімен байланысқан, ұғымдық
құрылымды, оқу пәнінің негізін жасайды. Оқу пәнінің ұғымдық жүйесі әртүрлі
күрделіліктегі өзара байланысты ұғымдар жүйесін: ұғым-элемент, ұғым-
кешендер, және іргелік ұғымдарды қамтиды. Іргелік ұғымдар, жетіле және дами
отырып орталық ұғымдар ретінде теориялардан өтеді және осы ұғымның мазмұны
ақиқат шындық моделінің құрылымын анықтайды.
А.В.Усова ұғымдардың ғылыми білімдер жүйесіндегі ролі мен орнын
қарастыра отырып, ғылыми теориялар – бұл ғылыми ұғымдар жүйесінің дамуы
екендігін, олардың жаңадан ашылған ғылыми фактілерді талдау нәтижесінде
жасалатындығын көрсетсе, кейбір зерттеушілер ғылыми ұғымдарды
қалыптастырудың тиімділігі саласында оқу пәндері оқушыларға динамикалық
жүйе, тұтастық-логикалық, объективті өмір сүретін құбылыстар мен
заңдылықтарды өзара байланыста және біртұтас қалыпта беруі керектігін
ұсынады.
Психологтар Л.С.Выготский, В.В.Давыдов, С.Л.Рубинштейн,
Д.Б.Элькониндердің зерттеулері көрсеткендей, оқушылар санасы білімді
неғұрлым көбірек қамту, олардың тығыздығы неғұрлым сыйымды ұғымдарды жасау
бағытында дамитындығын анықтайды. Дамыған ақыл-ой теориялық ойлауға бейім,
мазмұны жағынан біртұтас жүйе құратын объективті өзара байланысты
құбылыстар аймағын құрайды. Теориялық ойлау теориялық ұғымдарды
қалыптастырады, оның мазмұнын жалпылық пен даралық, тұтастық пен жекеліктің
бірлігі құрайды.
Психологтар ұғымның түрлі түсініктемелерін береді. Н.А.Менчинская
ұғым сөзімен біздер заттар мен құбылыстардың қасиеттерін бейнелейтін
қорытынды білімді белгілейтіндігімізді айтса, В.А.Крутецкий ұғым-
заттар мен құбылыстардың жалпы әрі елеулі қасиеттерін бейнелейтін ойлау
формасы екендігін, А.Ф.Говоркова ұғымдарға таным процесінің бір түрі деп
анықтама бере отырып, елеулі деп бағаланатын ұғым белгілері, заттар мен
құбылыстар мәнін белгілеп қана қоймай, түрлі сапа объектілерін айыру
бірлігі ретінде де қызмет етуі қажеттігін, Б.Г.Ананьев ұғымды заттың
сапасын ерекшелейтін логикалық тәсіл ретінде анықтайды.
1.2 Ұғымның пайда болуы жолдары.
Бастауыш мектепте ұғымдар алғашқы пайда болуы және түр ерекшелігі
бойынша анықталады: ұғымның анықтамасы =алғашқы пайда болған ұғым +түрлік
ұғым.
Психологиялық-педагогикалық ғылымда ұғымның пайда болуы төмендегіше
көрсетіледі (Сурет. 1).

Ұғымның пайда болуының психологиялық және физиологиялық негіздері оның
жасалу процесінің заңдылықтарын айқындайды. Түйсік, қабылдау және оның
негізінде түсініктің туындауы танымның бірінші сатысына жатады. Шындықтың
сезімдік бейнеленуінің бұл сатысында дүние туралы білім заттардың адамның
сезім мүшелеріне әсер етуімен тікелей байланысты болып келеді. Танымның
екінші сатысы – абстрактылық ойлау немесе ұғымдар бойынша ойлау. Ойлау
танымның сезімдік сатысына сүйенеді, бірақ бейнелер бойынша емес,
ұғымдардың мазмұны бойынша әрекет етеді. Практикалық іс-әрекетте пайда бола
отырып, адамның танымы практикада тексеріледі. Педагог үшін ұғымның пайда
болуының психологиялық негіздерін білу маңызды болып табылады.
Білім берудің қазіргі жаңа талаптарына сәйкес бастауыш сынып оқушысының
оқу-танымдық құзіреттілігі: қоршаған дүниенің заттары мен құбылыстарының
мәнін түсіну, оларды салыстыру, жіктеу; қоршаған шындықтың заттары мен
құбылыстары арасындағы себеп-салдық өзара байланыстарды түсіну және
түсіндіру; қоршаған шындықты тануын талдау, дәлелдеу, негіздеу; табиғи
объектілерді тану, салыстыру, өлшеу, олардың мәнді белгілерін бөліп көрсету
қабілеттерін дамытуды көздейді. Бұл әрекет тәсілдері білім мен іскерлікті
шығармашылықпен қолдануға, табиғат объектілер және құбылыстарын бақылау,
тәжірибе жасау, эксперимент жүргізуді жобалауға; экологиялық міндеттерді
шешу, табиғи байлықтардың күйін бағалауға бағытталған.
Жоғарыда көрсетілген оқу әрекетінің тәсілдері оқушы дүниетанымдық
ұғымдарды сипаттай, қорыта және жүйелей алған жағдайда ғана мүмкін болады.
Оқушының алғашқы дүниетанымдық ұғымдардың мазмұнын білуі денелер мен
заттарды, табиғат объектілері мен құбылыстарын, денелер мен заттардың мәнді
және мәнсіз қасиеттерін, табиғаттағы денелер мен заттардың күйін ажырату,
табиғаттағы объектілер мен құбылыстар арасындағы өзара байланыстарды
анықтау икемділігін қалыптастырады. Ұсынылған мазмұнды зерделеу барысында
оқушылар меңгеруге тиісті ұғымдар қарастырылатын объектінің сыртқы
белгілері туралы эмпирикалық түсініктер деңгейінде емес, заттардың мәні,
ішкі байланыстары т.б.туралы ұғымдар жүйесінде теориялық деңгейде беріледі.

Дидактикада оқу әрекетінің анықтамасы туралы біріңғай пікір
қалыптаспаған. Оқу әрекеті, оның құрылымы және компоненттері жасалушы
тұжырымдамаға байланысты зерттеулерде әртүрлі сипатталады.
Бастауыш білім берудің қазіргі дидактикасында оқу әрекетінің
компонентінің бірі ретінде танымдық белсенділікті бөліп көрсетеді. Бастауыш
сынып оқушыларының танымдық белсенділігі проблемасымен Л.В.Чайков,
М.Н.Скаткин, А.М.Матюшкин, Т.И.Шамова, Г.И.Щукина және т. б. айналысты.
Бастауыш мектеп жасындағы оқушылардың оқу кезеңіндегі танымдық
белсенділігін дамыту М.Н.Светляковскаяның, З.И.Романовскаяның,
В.А.Сухомлинскийдің, С.Л.Рябцевтің және т. б. еңбектерінде көрініс тапқан.
Оқушылардың оқу әрекеті белгілі бір нәтижеге бағытталған. Бұл нәтижеге
жету оқушыдан ойлау жұмысына белгілі бір дәрежеде күш жұмсауды және осы
жұмысты атқаруда кездесетін қиындықтарды жеңе білуді қажет етеді. Оқу
әрекеті шеңберінде балалардың жеке басының мынандай сапалары: ақыл-ой
белсенділігі, дербестік, табандылық, мақсаттылық, жауапкершілік, жинақылық,
тәртіптілік, т.б. қалыптасады. Оқу әрекетінің осындай маңызды дамытушы және
тәрбиелеуші қызметтерді орындауы үшін оны талапқа сай ұйымдастыра білу
керек. Оқу әрекетін белсенді әрекет ретінде, балалардың өз бетімен ізденіп,
өздігінен күрделі бірақ әлі келетін оқу міндеттерін шешуге бағытталған
әрекет ретінде қарастыруға үлкен мән беріледі.
Әрбір пән заңдары мен олардың жүйесі ерекше пайда болған ұғым немесе
ұғымдар тобы көмегімен бірігеді. Барынша терең білімдер табиғаттың іргелі
заңдылықтары негізінде арнайы заңдар мен заңдылықтарды біріктіру, олар
арқылы табиғат туралы білімдер жүйесін жасау нәтижесінде пайда болады.
Алғашқы дүниетанымдық ұғымдарды меңгеру процесі өз алдына мақсат ретінде
емес, бұл процесті бастауыш сынып оқушыларының теориялық және бейнелік
ойлауын дамыту көзқарасы тұрғысынан қарастыру қажеттілігінен туындап отыр.
Ұғымдарды меңгеру процесі біржақты емес, сондықтан психологиялық-
педагогикалық зерттеулерде оны меңгерудің әртүрлі деңгейлерін анықтауға
білімнің мынандай сапалары: толықтығы, ғылымилығы, саналылығы, жүйелілігі,
т. б. негіз бола алады.
Шынайы ақиқатты тану үрдісінде ұғымдар шешуші роль атқарады. Өйткені,
ұғымдар – материалдық дүние мен оның заңдылықтарын бейнелейді.
Бастауыш сынып оқушыларының қоршаған орта туралы дүниетанымын
бейнелейтін олардың өмірден жинаған тәжірибесі: негізінде – сезімдік бейне
жататын, мектепке дейін алған білімі, ақиқат дүниені бақылау арқылы немесе
суретті, бейнекөріністі қабылдау, кітап оқу нәтижесінде қалыптасқан
түсініктері.
Бұл ұғымдар ғылыми дүниетанымдық білім болып табылады,
өйткені:
• олар қоғамдық таным барысында қоршаған дүние туралы білім деңгейін
бейнелейді;
• бастауыш сынып оқушылары дүниетанымдық ұғымдар көмегімен ақиқат
дүниенің құбылыстары мен үрдістерінің мәнін таниды;
• бұл ұғымдарда дара объектілер мен құбылыстардың елеулі қырлары мен
белгілері жалпыланған және бұл жалпылаулар бірқатар елеулі
белгілермен сипатталған;
• ұғымдардың анықтамалары белгілі терминдермен беріліп, ұғымның
мазмұны – түсіндіру, суреттеу тәсілімен, нұсқаулау көмегімен
анықталған.
Алғашқы ғылыми дүниетанымдық ұғымдар тек бастауыш сыныпта ғана емес,
жоғары сыныптарда да оқытылады. Олардың басты ерекшелігі оқытылатын
сыныбына, жасына қарамастан алғашқы деп аталуы, заңдылықтарды меңгерудің
алғашқылығында, сезімдік негізбен ерекшеленген қоршаған дүниенің
объектілері мен құбылыстарының мәнінде.
Алғашқы дүниетанымдық ұғымдарды оқып-үйрену үрдісінде қоршаған
дүниенің заттары мен құбылыстары туралы дұрыс түсінік болуының үлкен маңызы
бар.
Берілген мәліметтерді қорыта келе, біз – бастауыш сынып оқушыларының оқу
әрекеті барысында қоршаған дүние заңдылықтарын алғаш меңгеретін, заттар мен
құбылыстардың мәнін анықтайтын ұғымдарын алғашқы дүниетанымдық ұғымдары, -
деп анықтама бердік.

2.1 Дүниетанымдық ұғымдарды модельдеу технологиясы арқылы қалыптастыру
Біз алғашқы дүниетанымдық ұғымдарды қалыптастыру моделін жасаған кезде
бастауыш мектепте оқыту жүйесінің ерекшелігін есепке алдық. Оқытудың
формасы білім берудің бастапқы кезеңінің жалпы мақсатына сәйкес келеді. Бұл
басқыштың ең маңызды мақсаты болып табылатын қоршаған шындықтың әртүрлі
құбылыстары туралы біртұтас көзқарастарын дамыта отырып, оқушылардың
алғашқы дүниетанымдық ұғымдарын қалыптастыру.
Біздің зерттеу жұмысымызда модельдеу әдісі кең ауқымды мағынада
қолданылады, модельді құру және онымен жұмыс жасау ғана емес, ол бүкіл оқу
әрекетін қамтиды.
Модельдеу – оқушылардың күрделі теориялық білімдерді меңгеру
қабілетін жоғарылатады, таным үрдісіне деген қызығушылықтарын туғызады,
шығармашылық тұрғыда ойлауын дамытады.
Ғалымдардың көпшілігі ұғымдарды меңгертуді орта және жоғары сыныптар
көлемінде ғана зерттеп, ал бастауыш сынып оқушыларының алғашқы
дүниетанымдық ұғымдарды меңгерудегі түсініктерін қалыптастыру проблемасына
жеткілікті көңіл бөлмейді. Осының салдарынан, оқушылардың қоршаған дүние
туралы білім сапасының деңгейі мен олардың аңғарымдылығының
төмендейтіндігін, бастауыш оқыту үрдісінің тәжірибесі көрсетеді.
Педагогикалық тәжірибеде, мұғалім оқу материалдарын балаға меңгертуді
негізгі мақсаты деп санайды, оның бар күш-жігері, бастауыш сынып оқушыларын
оқыту әдістері мен тәсілдері осыған бағытталады. Бастауыш сыныптың оқу
материалдарында ақиқат дүниенің объектілері мен құбылыстарының кейбір
жақтары, белгілері мен сапалары түрлі деңгейде бейнеленеді.
Мектеп тәжірибесінде оқушылар терминдерді атайды, бірақ ол терминнің не
себепті олай аталып тұрғанын, неге басқаша аталмайтынын, немесе ұғымға
анықтама тұжырымдап айтып жатады, бірақ ол ұғымды анықтау дегеннің не
екенін түсінбейді.
Біз осы курыстық жұмыста бастауыш мектептегі алғашқы дүниетанымдық
ұғымдарды төмендегіше жіктедік:
1) мазмұны бойынша (осы ұғымдардың көмегімен санада көрініс табатын
табиғи заттар мен құбылыстарының мәнді қасиеттерінің жиынтығы): қарапайым
(көкжиек сызығы, көкжиек жақтары) және күрделі (көкжиек);
2) көлемі бойынша (берілген ұғымның көмегімен санада көрініс табатын
объектілердің саны): жалқы (торф, құм, балшық) және жалпы (пайдалы
қазбалар);
3) білім салалары бойынша: географиялық (жазық, көл, топырақ),
биологиялық (ағаш, жәндік, табиғи кешендер), анатомиялық (ағза, тері,
қаңқа), экологиялық (экологиялық болжам, экологиялық күйзеліс),
валеологиялық (денсаулық, шынығу).
Бастауыш сынып оқушыларының алғашқы дүниетанымдық ұғымдарын
қалыптастыруда дәстүрлі қағидалармен қатар, теориялық білімдердің жетекші
рөлі, оқушыларды оқуға ынталандыру, жеке тұлғаның танымдық іс-әрекетіне
бағдарланған білім беру, білім мазмұны мен дидактикалық жүйенің сәйкестігі,
проблемалық, абстрактылы ойлауды көрнекілікпен ұштастыру, ұжымдық оқу
жұмысын жеке жұмыспен ұштастыру қағидалары негізге алынды. Бұл қағидалардың
негізінде бастауыш сынып оқушыларының оқу икемділігін дамытудың тиімділігі
оған қажетті түрткілік-қызығушылықты тудыру, мазмұндық жіктемесін жасау, іс-
әрекеттік шарттарды орындағанда ғана мүмкін болатындығы көрсетілді. Олар:-
алғашқы дүниетанымдық ұғымдардың мазмұны мен көлемі ғылымилық,
проблемалық, түсініктілік, көрнекілік, жүйелілік, тізбектілік қағидаларын
қанағаттандыру шарты;
- оқушыларда қалыптасатын алғашқы дүниетанымдық ұғымдардың бақылау
обьектісі мен құбылыстарын сипаттау, салыстыру, іс-әрекет нәтижесін
үлгімен сәйкестендіру, ынтымақтастықта жұмыс жасау іс-әрекеттерін
жүзеге асыру шарты.Теориялық негіздер мен жоғарыда берілген
шарттарға сүйене отырып, бастауыш сынып оқушыларының алғашқы
дүниетанымдық ұғымдарды
қалыптастырудың құрылымдық үлгісі жасалды.
2.2 Бастауыш сынып оқушыларының алғашқы дүниетанымдық
ұғымдарын қалыптастырудың құрылымдық үлгісі.

Бұдан әрі нәтижелік бөлікте бастауыш сынып оқушыларының алғашқы
дүниетанымдық ұғымдарын қалыптастыру деңгейін анықтауға қажет өлшемдер,
көрсеткіштер, деңгейлер беріледі.

ӨлшемКөрсеткіштер Деңгейлер
дер
Жоғары Орташа Төмен
МотивҰғымдарды ұғымдарды Берілген ұғымды ұғымдарды аңғару
ациялмеңгеруге меңгеру барысындамұғалімнің және қабылдау
ық-құдеген негiзгi басшылығымен кезінде жүзеге
ндылытүрткілік, түсiнiктердiң ұғады, жекелегенасырылатын
қ қызығу, қалыптасуы жоғарыжағдайларда қарапайым
құштарлық, деңгейде құмарлығы басым жалпылау
құндылық объектiлер мен балалардың нәтижесінде
бағдарлау, құбылыстардың түсiнiгi анық, ақиқат дүние
деңгейі қырлары мен дұрыс, бiрақ оларзаттары мен
белгiлерi жөніндебейнеленуi құбылыстары
дәл ұғымдары бар.жөнiндегi түсiнiктуралы жалпы
Олар ұғымдарды пен нақты шындық түсінік
нақты жағдайда жөнiндегi қалыптасуы ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Дүниетану сабағында АКТ қамтудың тиімділігі
ДҮНИЕТАНУ ПӘНІН ОҚЫТУДА ИННОВАЦИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ ПАЙДАЛАНУ АРҚЫЛЫ САБАҚТЫҢ САПАСЫН АРТТЫРУ
Дүниетану пәнін оқыту әдістемесі
Дүниетану пәнінің санитарлы-гигиеналық тәрбие берудегі ролі
Инклюзивті білім беру моделі
Бастауыш сыныпта дүниетану сабағында оқытудың әдіс тәсілдерін қолдану арқылы оқушылардың таным белсенділігін арттыру
Оқытуда көрнекіліктің маңыздылығы
Сындарлылық теориясына негізделген оқытудың мақсаттарын дүниетану және жаратылыстану пәндерінде қолдану
Дүниетану пәні
Мәтіндік ақпаратты өңдеу
Пәндер