Көкшетау қаласының прокуратурасы бойынша өндірістік тәжірибе есебі



Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3
I Бөлім. Өндірістік тәжірибе кезіндегі негізгі міндеттер мен шарттар ... ... ... ... ... ... ... ... ..4
1.1 Мекемеде тәжірибе өту ... ... ... ... ..4
1.2 Студенттің өндірістік тәжірибе кезіндегі міндеттері ... 5
II Бөлім. Қазақстан Республикасының прокуратурасы ... ... 6
2.1 Прокуратура туралы жалпы мәліметтер ... ... 6
2.2 Прокуратура тарихы ... ... ... ... ... ..8
III Бөлім. Көкшетау қаласының прокуратурасында өндірістік тәжірибе ... ... ... ... ... ... ..10
Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 20
Қолданылған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... ...21
Қазақстан Республикасының Конституциясында көрсетілгендей, прокуратура мемлекет атынан Республиканың аумағынан заңдардың, Қазақстан Республикасының Президенті жарлықтарынның және өзге де нормативтік құқықтық актілердің дәлме-дәл әрі беркелкі қолданылуын, жедел-іздестіру қызметінің, анықтау мен тергеудің, әкімшілік және орындаушылық іс жүргізудің заңдылығын жоғары қадағалауды жүзеге асырады, заңдылықтың кез келген бұзылуын анықтау мен жою жөнінде шаралар қолданады, сондай-ақ Республика Конституциясы және заңдарына қайшы келетін заңдар мен басқа да құқықтық актілерге наразылық білдіреді.
Құқықтық мемлекетті құру, прокурорлық қадағалау әрекеттерін және дәрежесін жоғарлатуды, прокуратура дербестігін күшейтуді, оның қызметіне қандай да бір араласудың болмауын, олардың алдына қойылған тапсырмаларды табысты орындау үшін жеткілікті кепілді жасауды талап етеді.
Шын мәнінде, прокуратура тапсырмаларды шешуде ерекшелік күшіне сай, билікті бөлудің таптық сызбасына кірмейді, яғни заң шығару, орындаушылық міндеттерді және соттық билікті жүзеге асырмайды. Республикада прокуратура жын мәнінде сот саласында және мемлекеттік басқару саласында заң бұзушылыққа қарсы тұрады. Дамушы конституциялық билікті бөлу қағидаларын әрбір билік тармағына сәйкес мемлекеттік органдардың, билік өкілеттілігін шынайы мазмұнмен толықтыруды қарастырған.
Осыған сәйкес кейбір тұлғалар шеңбері жағынан әртүрлі негіздерді және себептерді келтіріп, прокуратура міндеттеріне мемлекеттік саясат саласында заңдылықты қамтамассыз ету тән емес деп прокуратураның өкілеттілік көлемін тарылтуға әрекеттер жасады.
Қадағалау өндірісі орындаушы, сот органдарына және заң шығарушы билікке тән болмауы қажет. Осы жоспарда оларға бақылау қызметі тән, ал қадағалау міндетіне өзінше өкілеттілік берілген қандайда бір шешім қабылдаумен байланысты емес, бірде-бір билік тармағына бағынышты емес прокуратура органына жүктелінуі қажет.
Заң шығарушы органның тапсырмаларын тарылту шеңберінде, мемлекет көлемінде заңдардың орындалуын қадағалау міндетін арнайы органға беру, яғни прокуратураға мемлекет атынан Жоғарғы қадағалауды жүзеге асыру жайлы сұрақ шешіліп, тапсырылды.
Шын мәнінде бүгінгі күнде прокуратура, мемлекеттің Ел Басына ортақтандырылған заң қолдану тәжірибесін, шұғыл түрде заңды тұлғалардың, азаматтардың, сот инстанцияларының заң бұзушылық жайлы арыздануын күтпей-ақ, прокурорлық елеумен алдын алу шараларын орындауға мүмкіндік беретін орган болып отыр.
1. Қазақстан Республикасының Конституциясы 30.08.1995 ж.
2. «Прокуратура туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 21.12.1995 ж.
3. «Қазақстан Республикасының прокуратура органдарының кейбір мәселелері туралы» ҚР Президентінің 20.11.2011 ж. №166 Жарлығы.
4. Инструкция «Об организации надзора за законностью следствия и дознания», утвержденной приказом Генерального прокурора РК от 23 мая 2012 года № 70
5. Инструкция «об организации прокурорского надзора за законностью судебных актов по гражданским делам и представительству интересов государства в судах», утвержденной приказом Генерального прокурора от 13 декабря 2012 года № 151,
6. Инструкция «об организации прокурорского надзора за законностью судебных актов по делам об административных правонарушениях».
7. Уголовный Кодекс РК от 3 июля 2014 года № 226-V
8. Уголовно – процессуальный Кодекс РК от 4 июля 2014 года № 231-V
9. Комментарий к Уголовно-процессуальному кодексу РК
10. Тертышник В., Тертышник А. Функции прокуратуры/Законность. - 2004. - №12. - С. 53 – 54.
11. Иларионов В.А. Экспертиза дорожно-транспортных происшествий / В.А.Иларионов. - М.: Транспорт, 1989.
12. http://www.prokuror.gov.kz

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

Ш. УӘЛИХАНОВ АТЫНДАҒЫ КӨКШЕТАУ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ

Факультет Тарих, заңтану, өнер және спорт

Кафедра Заңтану

ӨНДІРІСТІК ТӘЖІРИБЕ БОЙЫНША ЕСЕП

Мамандық 5В030100 - Заңтану
4 курс ЮК-31 топ
Тәжірибе мерзімдері 16.01. - 26.03 2017ж.

Студент (Т.АЖ.) Ешимбаев Нурбол Серикович
Практика базасы: Көкшетау қаласының прокуратурасы

Кәсіпорыннан бөлінген жетекші:
Сейтказин Нуржан Сейсенович
Университеттен бөлінген жетекші: Сейтенова Сауле Жусупбековна

Кредиттік оқыту жүйесі

Бакалаврлар даярлау
Мазмұны
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .3
I Бөлім. Өндірістік тәжірибе кезіндегі негізгі міндеттер мен шарттар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...4
oo Мекемеде тәжірибе өту ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...4
oo Студенттің өндірістік тәжірибе кезіндегі міндеттері ... ... ... ... ... ... . ... .5
II Бөлім. Қазақстан Республикасының прокуратурасы ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... .6
oo 2.1 Прокуратура туралы жалпы мәліметтер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... .6
oo 2.2 Прокуратура тарихы ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...8
III Бөлім. Көкшетау қаласының прокуратурасында өндірістік тәжірибе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..1 0
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 20
Қолданылған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..21

КІРІСПЕ
Мен, Ешимбаев Нурбол Серикович 1995 жылы 29 наурызда Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша қаласында тудым. Ұлтым - қазақ. Білімім - жоғары аяқталмаған. Шоқан Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетінің Тарих, заңтану, өнер және спорт факультетінің Заңгер 5В030100 мамандығының 4-курс студенті.
Өндірістік тәжірибеден өту мақсатым, тәжірибеден өтетін мекемемнің құрылысымен, ол мекеменің бөлімдерімен, атқаратын қызметтерімен, қауіпсіздік ережелерімен, жұмысқа қатысты заңдармен, жүйелерімен танысу.
Өндірістік тәжірибе өткен жері: Көкшетау қаласының прокуратурасы.
Өткізілген уақыты: 16.01.2017 - 26.03.2017.
Мақсаты: Студент еңбек заңдарын міндетті түрде орындау, еңбек қорғау және ішкі тәртіп ережелерін сақтау, қауіпсіздік ережелерін, жетекшінің тапсырмаларын орындау керек. Студенттер тәжірибе кезінде теориялық алған білімдерін тәжірибе жүзінде шыңдап, қосымша материалдар жинау және жаңа технологияларды игеріп қана қоймай, олармен жұмыс барысында қолдану.
Өндірістік тәжірибенің аяқталуымен студент келесідей нәтижелерге қол жеткізеді деп жоспарланады:
1. Оқу кезінде алған білімдерін жүйелейді және жинақтайды.
2. Зерттеудің негізгі нәтижелерін анықтайды және талдайды.
3. Мамандыққа қажетті стандарттарға сәйкестелген кәсіби басқарушылық дағдыларын қолданады.
4. Басқару мен жетекшілік сұрақтарында іргелі түсініктерді қолданады.
5. Кәсіби салада белгілі бір жетістікке қол жеткізуге қажетті кәсіби құзыреттегі білімдерді алады.

ӨНДІРІСТІК ТӘЖІРИБЕ КЕЗІНДЕГІ НЕГІЗГІ
МІНДЕТТЕР МЕН ШАРТТАР
Мекемеде практика өту

oo Мекемеде әрбір студентке аталған мекемеден жетекші беріледі, сол жетекші студенттерді мекеме жұмыстарымен таныстырады. Олардың жұмыс істеуін жетекшілер бақылап отырады. Студент жетекшімен жұмыс орнына келіп, толық жұмыстардың күндерін программа арқылы күнтізбе жоспарын құрады.
oo Жетекші практиканың жұмысын ұйымдастырады, күнтізбенің тәртібін бақылайды, студент жұмысының орны бойынша ауыстырылуы, студенттердің ішкі ережелерінің орындалу тізбегі,күнделікте сақталуы,қажетті есептемені қолдануға мүмкіндік берілуі, техникалық және де басқа да құжаттарға жауаптылығын қарастырып отырады.
oo Жетекшінің қолтаңбасы бар мөр басылған студенттің зертхана күнделігі және есептеме шығарылған зертханада, өндірістік және жалпы жұмысқа арналған мінездемесі.
oo Жетекшінің практика кезінде құқығы бар: студенттің жақсы жұмыс істеуін бағалауға, қажетті жағдайда факультеттің деканатына, университеттің ректорына өз уақытында мәлімет беру.
1. Жыл сайын мекемелермен, ұйымдармен және мектептермен тәжірибе базасы ретінде келісім орнатылады, келесі күнтізбе жылына және оқу жылының басына дейін практика базаларымен келісіп, студенттердің практика өту күнтізбелік кестесі жасалады;
2. Тәжірибе жетекшілері ретінде профессорлар, доценттер және тәжірбиелі және мамандық ерекшеліктерін және практика базасының қызметін жақсы білетін оқытушылар тағайындалады;
3. Студенттер практика өтетін кәсіпорындарды, мекемелерді, ұйымдарды және тәжірибеленушілерді тәжірибе бағдарламасымен қамтамасыз етеді;
4. Ұйымға және студенттердің кәсіптік тәжірибеден өтеуіне және оның орындалу мерзімдері мен мазмұнына бақылау жасайды;
5. Керек болған жағдайда тәжірибеге жіберілген студенттердің медициналық тексерулерін ұйымдастырады.

СТУДЕНТТІҢ ӨНДІРІСТІК ТӘЖІРИБЕ КЕЗІНДЕГІ МІНДЕТТЕРІ
oo Студенттің тәжірибеден өту кезеңі басталғаннан бастап жұмыстық күшке еніп, еңбек қорғау ережесі және ішкі басқару ережесімен, кәсіпорын қозғалысымен, белгілі бір тәртіпте таныс болуға тиіс.
oo Тәжірибе өту кезеңінде әрбір студент күнделік жүргізеді, және күнделікте олармен істелген күні белгіленеді.
Тәжірибе өту аралығында студент міндетті:
oo Ұжым бөлімінің жұмыстарымен танысу
oo Техникалық - қауіпсіздік және еңбек құқығы ережесін қатаң қадағалау және оқу
oo Тәжірибе орны бойынша ұжым өміріне, қоғамдық жұмыстарына қатысу
oo Тәжірибе күнделігін жүйелі құру және өту туралы уақытында есеп жасау.
oo Студент ұйымның әрбір бөлімінің қызметінің бағыты бойынша бөлімдермен танысуға міндетті.
oo Ұйымға келегеннен бастап студент тәжірибе уақытын білуі керек, тәжірибе бағдарламасының есебін тәжірибе уақытында жүйелі пайдалануы тиіс.
oo Студент тәжірибе орнына университеттің бұйрығымен келеді, тәжірибе жетекшілігіне сай ұйымда жұмыс істейді. Күн сайын ол орындаған жұмыс көлемін күнделікке жазып отыруы тиіс.
* Ең басты талап студенттердің еңбек ұжымындағы қалыптасуды жүзеге асыру ол ұйым өндіріс барысындағы жеке және алынған білімі мен тапсырмаларды орындауы ұйымдағы қызметкерлермен бірге қоғамдық өмірге қатынасуы, қызметте пайда болған мәселелерді өз еркімен шеше білу болып табылады.
* Тәжірибе уақытында студент өзінің белсенді жұмыскер ретінде көрсете білуі тиіс ол нақты, әдепті, ұйым жетекшілерімен, қызметкерлерімен сөйлесе білуі қажет.

ІІ. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРОКУРАТУРАСЫ

Қазақстан Республикасының Конституциясында көрсетілгендей, прокуратура мемлекет атынан Республиканың аумағынан заңдардың, Қазақстан Республикасының Президенті жарлықтарынның және өзге де нормативтік құқықтық актілердің дәлме-дәл әрі беркелкі қолданылуын, жедел-іздестіру қызметінің, анықтау мен тергеудің, әкімшілік және орындаушылық іс жүргізудің заңдылығын жоғары қадағалауды жүзеге асырады, заңдылықтың кез келген бұзылуын анықтау мен жою жөнінде шаралар қолданады, сондай-ақ Республика Конституциясы және заңдарына қайшы келетін заңдар мен басқа да құқықтық актілерге наразылық білдіреді.
Құқықтық мемлекетті құру, прокурорлық қадағалау әрекеттерін және дәрежесін жоғарлатуды, прокуратура дербестігін күшейтуді, оның қызметіне қандай да бір араласудың болмауын, олардың алдына қойылған тапсырмаларды табысты орындау үшін жеткілікті кепілді жасауды талап етеді.
Шын мәнінде, прокуратура тапсырмаларды шешуде ерекшелік күшіне сай, билікті бөлудің таптық сызбасына кірмейді, яғни заң шығару, орындаушылық міндеттерді және соттық билікті жүзеге асырмайды. Республикада прокуратура жын мәнінде сот саласында және мемлекеттік басқару саласында заң бұзушылыққа қарсы тұрады. Дамушы конституциялық билікті бөлу қағидаларын әрбір билік тармағына сәйкес мемлекеттік органдардың, билік өкілеттілігін шынайы мазмұнмен толықтыруды қарастырған.
Осыған сәйкес кейбір тұлғалар шеңбері жағынан әртүрлі негіздерді және себептерді келтіріп, прокуратура міндеттеріне мемлекеттік саясат саласында заңдылықты қамтамассыз ету тән емес деп прокуратураның өкілеттілік көлемін тарылтуға әрекеттер жасады.
Қадағалау өндірісі орындаушы, сот органдарына және заң шығарушы билікке тән болмауы қажет. Осы жоспарда оларға бақылау қызметі тән, ал қадағалау міндетіне өзінше өкілеттілік берілген қандайда бір шешім қабылдаумен байланысты емес, бірде-бір билік тармағына бағынышты емес прокуратура органына жүктелінуі қажет.
Заң шығарушы органның тапсырмаларын тарылту шеңберінде, мемлекет көлемінде заңдардың орындалуын қадағалау міндетін арнайы органға беру, яғни прокуратураға мемлекет атынан Жоғарғы қадағалауды жүзеге асыру жайлы сұрақ шешіліп, тапсырылды.
Шын мәнінде бүгінгі күнде прокуратура, мемлекеттің Ел Басына ортақтандырылған заң қолдану тәжірибесін, шұғыл түрде заңды тұлғалардың, азаматтардың, сот инстанцияларының заң бұзушылық жайлы арыздануын күтпей-ақ, прокурорлық елеумен алдын алу шараларын орындауға мүмкіндік беретін орган болып отыр.
Демократиялық және республикада өзекті реформалар шарттарында, қоғам өмірінің барлық жағын құқықтық жаңартуды реттеуде, Конституцияның жоғарлылығын қамтамассыз етуге бағытталған және Қазақстан Республикасындағы заңдардың бірлігіне және заңдылықты нығайтуда прокуратура органдарының жұмыстары маңызды орын алады.
Қазақстан Республикасының Конституциясы және Қазақстан Республикасының Президентінің "Қазақстан Республикасының прокуратурасы туралы" Заң күші бар Жарлығында, прокурорлық қызметтің ғұрыптық бағыттарынан басқа, бұрын Конституциялық Соттың құзіретіндегі заңдардың және басқа да құқықтық актілердің Конституцияға сәйкестігін қадағалау жаңа тапсырма ретінде прокуратура органына жүктелінді. Сондай- ақ Бас прокурорға заңдарға және басқа да құқықтық актілерге наразылық келтіру құқығы берілді.
Құкыктық мемлекет кұруға бағыт алған Қазакстан Республикасындагы құқыктық реформаны жүзеге асыру жағдайында мемлекетіміздің ең басты әлеуметтік құндылықтарының бірі - заңдылықты сактауға ерекше мән беріледі.
Осыған байланысты, әсіресе қылмыстық сот ісі жүргізу саласында еліміздегі заңдардың орындалуын әмбебаптық қадағалау органдарының бірегей орталыктандырылған жүйесі ретіндегі прокуратуралардың құзырын нығайту қажет.
Қазакстан Республикасының Қылмыстык іс жүргізу кодексі қылмыстык процестің міндеттерін қылмысты тез және толық ашу, оларды жасаған адамдарды әшкерелеу және қылмыстық жауапқа тарту, әділ сот талқылауы және қылмыстық заңды дұрыс қолдану деп белгілеген болатын (ҚР ҚІЖК 8-бабының 1-бөлігі).
Осы міндеттерді орындауға тергеу органдарының ездерінің іс жүзіндегі қызметін аткару кезінде заңдылықты тікелей камтамасыз етуімен, сондай-ақ қылмыс жасауға жағдай туғызатын себептер мен шарттарды дер кезінде әшкерелеумен және болдырмаумен кол жеткізіледі.
Қылмыстық сот ісін жүргізуде заңдылықты камтамсыз етудің бірден-бір жолы прокурорлық қадағалау болып табылады.
Прокуратура қылмыстық істерді тергеу кезінде заңдарды әртүрлі жолдармен дәлме-дәл және біркелкі ғана емес, бұлжытпай орындауға, кімнің тарапынан болса да кез келген заң бұзушылықты жоюға дер кезінде шара колдануға, сондай-ақ азаматтарды заңды қастерлеу рухында тәрбиелеуге шақырылады.

Қазақстан Республикасы прокуратурасының
қалыптасу және даму кезеңдері

Прокуратура қалыптасу мен дамудың ұзақ жолдарынан өтті. Оның тарихы маңызды үш кезеңге бөлінетінін атауға болады.
Қазақстан прокуратурасының алғашқы қалыптасуы мен дамуы 1922 жылдың 13 шілдесіндегі Қазақстан Орталық Атқару Комитеті 3-ші сессиясының 2-ші шақырылымының шешімінен бастау алды, содан кейін Әділет халық комиссариатының құрамында мемлекеттік прокуратура органы құрылды. Соған сәйкес Әділет халық комиссары республика прокурорының міндетін қоса атқарды. Осы сессияда Прокурорлық қадағалау туралы ереже бекітілді.
Прокуратураның дамуының екінші кезеңінде, яғни, 1933 жылы оның өкілеттігі кеңейе түсті. Әділет халық комиссары жанында прокуратура басқармасы құрылып, дербестікке қол жеткізді. Оның тарихында тұңғыш рет прокурордың міндеттері Әділет халық комиссарынан бөлінді.
1936 жылы 5 желтоқсанда КСРО өзінің жаңа Конституциясын қабылдады, сол оқиға республика үшін тарихи маңызға ие болды, соңынан Қазақстан автономиялы республикадан одақтық республикаға айналып, КСРО-ның құрамындағы тең құқықты мемлекет болды. Қазақстан 1937 жылы өзінің алғашқы Конституциясын қабылдады.
Осы сәттен прокуратураның дамуы мен нығаюының үшінші кезеңі басталды, Әділет халық комиссарынан прокуратура толық бөлінді. Республика құқық қорғау органдарының дербес құрылымы ретінде жұмыс жасай бастады. Қазақ КСР-ның тұңғыш дербес прокуроры С.Есқараев болды.
Сол жылдың 11-ші қарашасында Әділет халық комиссары және прокуратураны бөлу туралы бұйрық шығып, республика прокуратурасы тікелей КСРО-ның прокурорына бағынатын болды.
Сол кезеңде прокуратураға мемлекеттік мекемелердің, қоғамдық және жеке меншік ұйымдары іс-әрекетінің заңдылығына, сонымен қатар жеке адамдардың, тергеу органдары, анықтау және т.б. органдары қызметін қадағалауды жүзеге асыру жүктелді.
Алайда прокуратураның тарихында қалыптасқан күрделі жағдайларға байланысты өзінің құқық қорғау міндеттерін толық көлемде жүзеге асыра алмаған кезеңі де болды. Кеңес үкіметіне қарсы және ұлтшыл деген айып тағылып, саяси қуғын-сүргін құрбаны болған республиканың прокуроры болған сегіз арысымыз бар. Олар Нығмет Нұрмақов, Нұртаза Ералин, Сәдуақас Мәмбеев, Жанайдар Сәдуақасов, Боран Айтмағамбетов, Қанай Боранбаев, Мырзағұл Атаниязов және Сүлеймен Есқараев. Тек 1937 жылдың өзінде ғана прокуратура органдарынан 40-тан астам қызметкер негізсіз жұмыстан шығарылды, солардың бірқатары революцияға қарсы және ұлтшыл топтарға қол ұшын берді деген желеумен қамауға алынды. Бұл жаппай саяси қуғын-сүргін кезеңі еді. Сол қысталаң шақтың өзінде прокуратура органдарында өз жұмысына адал жандар, заңдылықтың мүлтіксіз орындалуы үшін жан аямай күресіп жатты.
Ұлы Отан соғысы жылдарында прокурорлық-тергеу кадрлары Отанды қорғау ісінде өшпес ерліктің өнегесін көрсетті. Соғыс басталғаннан кейін 1942 жылдың тамыз айында 885 прокуратура қызметкерлерінің 411-і Қарулы Күштер қатарына шақырылып, соғысқа кетті. Көптеген прокурорлар мен тергеушілер бостандық пен мемлекетіміздің тәуелсіздігі үшін өз өмірлерін қиды. Атырау (бұрынғы Гурьев) облысы Мақат аудандық прокуратурасының халық тергеушісі Мұса Баймұқановқа майдандағы ерлігі үшін 1945 жылы 10 сәуірде Кеңес Одағының Батыры атағы берілді. Өкінішке орай оны ол алып үлгере алмады, сол жылы 18 наурызда ол майдан даласында ерлікпен қаза тапты. Ұлы отан соғысында аты аңызға айналған ұшқыш, Кеңес Одағының Батыры ұшқыш Н.Әбдіровты кім білмейді! 1919 жылы Қарағанды облысы Қарқаралы ауданында туған Нүркен жау эшалонының күлін көкке ұшырып, ерлікпен қаза тапты. 1943 жылы 31 наурызда оған Кеңес Одағының Батыры атағы берілді. Сол аяулы Нүркен Қарағанды облыстық прокуратурасында тергеуші болған еді.
Соғыс аяқталған соң прокуратураның қызметкерлері ауыл шаруашылығын қалпына келтіру үшін белсенді жұмыс жасады, мемлекеттік және қоғамдық меншікті мүлтіксіз қорғады және қоғамдық, мемлекеттік және еңбек тәртібін бұзған адамдармен аянбай күресті.
Соғыстан кейінгі онжылдық басты конституциялық міндеті заңдардың дәлме-дәл әрі біркелкі қолданылуын қадағалау болып қалыптасқан прокуратураның беделін онан әрі көтерумен сипатталады.
Қазақстан мемлекеттіліктің дамуымен қатар республикалық органдар жүйесінде прокуратураның рөлі мен орны өзгеріп отырды, яғни, оның қызметі жаңа мазмұнмен толықтырылып, прокурорлық қадағалаудың міндеттері өзгертілді. Алайда, прокуратураның алдында тұрған міндеттер өзгертілгенімен, ол тұрақты түрде құқық қорғау органы, демек, оның қызметінің басты мазмұны заңдылық пен құқық қорғауды қамтамасыз ету, азаматтардың әлеуметтік-экономикалық, саяси және жеке құқықтары мен бостандықтарын қорғау, құқық бұзушылықты болдырмау болып қала берді.
Мемлекет дамуының барлық кезеңдерінде прокуратураның рөлі сөзсіз өсе түсті және оның алдындағы міндет әрбір азаматтың прокуратура өзінің мүддесін нағыз қорғаушысы екендігіне қалтқысыз сенетін дәрежеге жеткізу болды.
Алайда, Қазақстан тәуелсіздігін алғанға дейін, прокуратура да басқа құқық қорғау органдары сияқты, тоталитарлық мемлекет жағдайындағы әміршілдік-әкімшілік жүйенің мүддесін бірінші кезекке қойғанын айта кету керек. Соған қарамастан прокуратура органдары қызметінің басты мазмұны қай кезде де заң бұзушылықты анықтап, оған дер кезінде тосқауыл қоя білу болды.
1991 жылғы тамыз оқиғасында республикалық прокуратура органдары осындай сын сәтте абдырамастан қалыптасқан жағдайға байланысты тез арада бағыт-бағдарын айқындап, ескіше жұмыс істеуден бас тартып, прокурорлық қадағалаудың тиімді тәсілдерін енгізуге күш салды.
Елімізде болып жатқан тың үрдістер мен заң саласындағы жаңалықтар адамды қоғамның жоғарғы құндылығы ретінде бірінші кезекке шығарып, азаматтардың сотпен қорғалу құқығын кеңейте түсті. Жеке адамның құқығын қорғау республика прокуратура органдары қызметінің негізгі мазмұнына айналды.
Прокурорлық қадағалаудың одан әрі дамуы және прокуратура органдары жүйесін реформалау кезеңі Қазақстан Республикасының тәуелсіздігін алған сәтінен басталды. Прокуратураның реформалауы мен дамуы жаңа мемлекеттік құрылымының, саяси және халықаралық-құқықтық бағдардың қағидасына сәйкес жүзеге асырылуы мүмкін емес еді.
1991 жылдың 6-шы желтоқсанында Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің Қазақ КСР прокуратурасы органдарының бірыңғай жүйесін құру, оның дербестігі мен тәуелсіздігін қамтамасыз ету туралы Қаулысымен Қазақ КСР Бас прокурорына бағынатын бірыңғай прокуратура органдарының жүйесі құрылды.
1992 жылғы 17 қаңтарда Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Қаулысымен Қазақстан Республикасының прокуратурасы туралы Заң күшіне еніп, соған сәйкес прокуратура Жоғарғы Кеңеске есеп беретін, заңдардың орындалуына жоғарғы қадағалауды жүзеге асыратын орган болды.
Осы заң прокуратураның құқық қорғау қызметін жақсартуда оң әсер етті. Алайда, мемлекеттік құрылыс үдерісінің жедел дамуы және құқық демократиясының өріс алуы құқық жүйелерін қалыптастыруда жаңа ізденістерді талап ете бастады.Осыған байланысты 1994 жылы 12 ақпанда Елбасының Қаулысымен Қазақстан Республикасындағы Құқықтық реформаның мемлекеттік бағдарламасы бекітілді. Бұл құжатта прокуратура органдарын реформалаудың негізгі қағидалары анықталды.
Одан әрі ол 1995 жылғы 30 тамызда республикалық референдумда қабылданған Конституциямызда және Президенттің 1995 жылғы Қазақстан Республикасының прокуратурасы туралы Заң күші бар Жарлығында көрініс тауып, бекітілді. Конституцияның 83-бабындағы прокуратура туралы негізгі ереже прокуратураның бірыңғай орталықтандырылған дербес жүйе екендігін жариялап берді.
Сөйтіп, прокуратура республикамыздың мемлекеттік билік органдары жүйесінде өзінің конституциялық орнын еншіледі.
Елбасына ғана есеп беретін және Республика аумағында заңдардың, Қазақстан Республикасы Президенті Жарлықтарының және өзге де нормативтік құқықтық актілердің дәлме-дәл әрі біркелкі қолданылуына жоғарғы қадағалауды жүзеге асыратын республика прокуратурасы Конституцияның, адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтарының берік сақталуы тәрізді міндеттерді жүзеге асырудың құқықтық тетігі болып табылады. Прокуратура заңдылықтың кез-келген бұзылуын анықтау мен жою жөнінде шаралар қолданады, сондай-ақ Республика Конституциясы мен заңдарына қайшы келетін заңдар мен басқа да құқықтық актілерге наразылық білдіреді. Жинақтап айтсақ, республика прокуратурасы өз өкілеттігін Ата Заңымыз бен заңдарымызға сәйкес жүзеге асырады.
Прокуратура органдары дамуының келесі кезеңі 2002 жылы Прокурорлық қадағалау мәселелері жөніндегі кейбір Қазақстан Республикасы заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасы Заңының қабылдануымен байланысты болды. Осы Заңда заңдылықтың және азаматтардың құқықтарын қорғаудың деңгейін онан әрі көтеру қажеттілігі бекітілген. Сондай-ақ, еліміздің жоғарғы қадағалау органын күшейтуге, прокурорлардың заңдарды сақтау туралы актілері мен талаптарын міндетті түрде орындауды қамтамасыз етуге ерекше көңіл бөлінген, оларды күштеп орындату механизмдері анықталған, сонымен қатар, прокурорлық қадағалаудың актілері мен заңды талаптарын орындамағандары үшін заңды тұлғалар мен азаматтардың жауапкершілігі күшейтілген.
Қазіргі кезде ол басқа мемлекеттік органдар қызметін алмастырмайды, әртүрлі шаруашылық субьектілерінің қызметіне негізсіз араласпайды. Сонымен қатар, прокуратура Конституцияның 83-бабына сәйкес, мемлекеттік органдар мен олардың лауазымды тұлғалары жол берген заң бұзушылықтарды анықтауды күшейтіп, орын алған кемшіліктерді заңда қаралған тұрғыда жоюға ықпал етеді, оның ішінде атқару және сот биліктерінің заңсыз актілеріне наразылық келтіріп, сондай-ақ қолданыстағы заңдар мен Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлықтарын орындамау фактілерін қалт жібермейді.

ІІІ. КӨКШЕТАУ ҚАЛАСЫНЫҢ ПРОКУРАТУРАСЫНДА ӨНДІРІСТІК ТӘЖІРИБЕ

16.01.17 - 18.01.17 - Прокуратура органдар қызметінің негізгі бағыттарымен міндеттерімен, Қазақстан Республикасының Бас Прокурорының бұйрықтарымен және де өзге де заң актілерімен таныстым.
Қазақстан Республикасының Прокуратурасы - мемлекет атынан Республика аумағында заңдардың, Қазақстан Республикасы ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстан СЭҚ мемлекеттік реттеу мен кеден саясатын дамыту болашағы және көкейтесті мәселелері
Жамбыл облысы прокуратурасында өндірістік тәжірибеден өту
Хикмет Тревел
Құрылысты геодезиялық сүйемелдеу
Қазақстан Республикасындағы адам құқықтары жөніндегі уәкілдің 2009 жылғы қызметі туралы есеп
Ақтөбе қаласының әкімдігінің аппараты
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ САЛАСЫНЫҢ ДАМУЫН ҚАРЖЫЛАНДЫРУ
Бәсеке артықшылығына жетудегі баламалы стратегияны
Тазалық ГККП-да биогаз станциясын игеру жобасы
Астананың гүлденуі - Қазақстанның гүлденуі
Пәндер