Заңдық фактілердің мағынасына ие фактілерді анықтау


Жұмыс түрі: Дипломдық жұмыс
Тегін: Антиплагиат
Көлемі: 77 бет
Таңдаулыға:
МАЗМҰНЫ
ҚЫСҚАРТЫЛҒАН СӨЗДЕРДІҢ ТІЗІМІ:
КСРО - Кеңестік Социалистік Республика Одағы
ТМД - Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы
БИМҰ - Бүкіләлемдік интелектуалдық меншік ұйымы
РПҚ - Республикалық патенттік қор
АҚШ - Америка құрамы штаты
БСҰ - Бүкіләлемдік сауда ұйымы
ТРИПС-Интеллектуалдық меншік кұқықтарының сауда аспектілері жөніндегі келісім
ҚР АК - Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі
ҚИПЭ - Қазақстан патенттік сараптама институты
Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің интеллектуалдық меншік құқықтары жөніндегі Комитетінің интеллектуалдық меншік институтының Республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнын құру» туралы қаулысымен бұрынғы ҚИПЭ функциялары қысқартылған атауы «РГКП НИИС» жаңа институтына жүктелді.
ҚазгосИНТИ - Қазақстандық мемлекеттік ғылыми-техникалық институтты
РҒТК - Республикалық ғылыми-техникалық кітапхананы
ВОИС - интеллектуалдық меншіктің бүкіл әлемдік ұйымы
КІРІСПЕ
Бұл тақырыптың өзекті болуы мынада: КСРО ыдырағаннан кейін, одақтас республикаларға ортақ болған авторлық құқықты қорғау жүйесі де жойылып кетті. Соған сәйкес, ТМД елдері арасында біртұтас құқықтық база құру қажет болады. 1993 жылы 23 қыркүйекте Мәскеуде ТМД елдерінің 11 мүше мемлекеттері, соның ішінде Қазақстан Республикасы авторлық құқық және сабақтас құқықтарды қорғау аясындағы ынтымақтастық жөніндегі келісімге қол қойылды. Қазақстан Республикасы жоғарыда аталған халықаралық Конвенцияларға қосылған.
Қазақстан тәуелсіз жас мемлекет ретінде ашық және халықаралық ынтымақтастық пен интеграцияға ұмтылуда. Сол себепті авторлық және сабақтас құқықтардың елімізде толықтай танылуы оның қорғалуы өзекті мәселелердің бірі болып отыр.
Бұл жұмыстың мақсаты мен мәселелері: Сондықтан да авторлықты тану үшін заңдық фактілердің маңызы жоғары болып келеді. Тәжірибеде заңдық фактілердің мағынасына ие фактілерді анықтаудың екі тәсілі белгілі: соттық және нотариалдық.
Сот мүдделі тұлғаның арызы бойынша осындай фактіні анықтау туралы іс ерекше тәртіпте, яғни даусыз өндіріспен қарастырылады. Сот заңдық фактілерді анықтайды, егер тиісті құжаттарды өзге тәртіпте алу мүмкін болмаса.
Зерттеу мәні: Қазіргі уақытта, ғылыми техникалық революция өзінің шырқау шегіне жетіп отыр. Соның бір нәтижесі ретінде интернетті атауға болады. Бірақ, бұл вебсайттың өзінде де бұзушылықтар болып жатыр. Мысалға, Ұлыбританияда Shetland Times htd-ның Dr. Jonathan Wills пен Zetnews htd-қа қарсы істе жауапкер талапқоюшының сілтемелерін пайдаланған. Соның нәтижесінде талапқоюшы өзінің сайтындағы жарнамаларды жүзеге асыру қиындықтары туады. Сот талапқоюшының талаптарын заңды деп тауып, жауапкерге сілтемелерінің алдында белгілі бір түсіндірмелерді қосуды міндеттеді. Оған қоса жасөспірімдер интернеттік алаяқтылықпен де айналысуда. Оның дәлелі ретінде, мынандай іс бар. 18 жасқа толмаған хакер сайттарды ауыстырып, оларды қайтадан иелеріне беру үшін ақы сұраған. Міне, осындай құқықбұзушылықтар толып жатыр.
Сондықтан да, авторлардың құқықтарын қорғау өте қажет болып отыр. Оған қоса, авторлық құқық аясындағы құқықтарды қорғау туралы шаралар мен жауапкершілік көзделген.
Зерттеу әдістері: Жалпы авторлық және сабақтас құқықтардың өзекті мәселелерін дұрыс түсіну үшін оның жалпы ұғымына тоқталып, жан-жақты талдаулар жасап түсіндірілу керек. Содан кейін ғана олардың нақты өзекті мәселелеріне тоқталып өту керек.
Ғылыми жаңалығы: Авторлық құқықтар жөніндегі ресми құжаттар Қазақстанда тұңғыш рет XIX ғасырдың аяғы мен XX ғасырдың басында ғылыми қоғамдық еңбектерде көрініс берді, ал одаң соң қолданылып жүрген бір қатар заң ережелерінде, оның ішінде 1928 жылғы Заң кодексінде айқындала түскені мәлім. Дегенмен бұл заңдар жүйесі 1917 жылғы 29 желтоқсанда қабылданған.
«Мемлекет баспа туралы» декреттен бастау алады. Қазіргі мемлекеттік кешенді заң жүйесіндегі емес, ол кездегі заң еределері әлемдік һәм аймақтық дәрежедегі көкейтесті мәселелерді шешуге, авторлық құқық саласының көптеген проблемаларын реттеуге дәрменсіз еді.
Қазақстандағы авторлық құқықты қорғаудың мемлекеттік негізі 1973 жылы Бүкіл одақтық Авторлық құқық жөніндегі Агентіктің Қазақстандағы білімшесі жұмыс істей бастаған күнен басталады.
Шағын ғана топтан тұратын бұл бөлімше авторлық қаламақысын реттеумен шұғылданып, Мәскеуден келетін нұсқауларды орындаудан аса алған жоқ.
Өз тарапынан авторлық құқықты реттейтін бірдеөбір құжат әзірлеген емес. Оған мүмкіндіктері де жоқ еді. Дегенмен де бұл мекеменің өмірге келуі-әдебиет пен өнер өкілдерінің творчествалық еңбегінің ақысын қорғау мүмкіндігі тұрады.
Баспа мен газет журналдарда, радио мен телевидениеде, театр сахнасы мен эстрадада жарық көрген туындылары үшін авторлары мен сабақтас құқық иелері ө актерлер, әншілер, цирк ойыншылары, т. б. өз өнерінің жемісін өкімет белгіленген мөлшер бойынша алатын дәрежеге жетті. Бөлімшеде Қазақстан авторларымен орындаушылардың, олардың шығармалардың аса мол деректері жинақталады. Бұл мекемені әр кезде Әнуар Әлімжанов, Сағат Әшімбаев, сиақты қазақтың белгілі жазушылары басқарды.
Зерттеу құрылымы: Жұмыстың бірінші тарауы интелектуалдық қызмет ұғымы мен оны ұйымдастырудағы азаматтық құқық ролі мәселелерін, оның меншік құқы институтындағы орнын көрсетеді. Сонымен қатар материалдық емес объектілер қатарына жатқызылатын мәселер қаралады. Жұмыстың екінші тарауы интеллектуалдық меншік құқықтарын қорғау арналған. Бұл жерде шығарма жасауын пайда болатын құқықтардың табиғаты мен маңызы, авторлық құқық субъектілерінің статусы және басқада жағдайлар көрсетілді. Жұмыстың үшінші тарауында интеллектуалдық меншік құқығындағы халықаралық конвенцияларға көңіл бөлінді.
1 АВТОРЛЫҚ ЖӘНЕ САБАҚТАС ҚҰҚЫҚТАРДЫҢ ҰҒЫМЫ
1. 1 Авторлық құқық ұғымы
Авторлық құқық-азаматтық құқық институтарының бірі. Ол реттейтін мүліктік және жеке мүліктік емес қатынынастар әдебиет ғылым мен өнер туындыларын жасау және қолданумен байланысты. Авторлық құқық өзіндік институт ретінде нақты міндеттерді шешеді. Оған кіреді - мүліктік, жеке мүліктік емес құқықтарды және авторлардың заңды көзқарастарын жан-жақты қорғаудан тұрады; ғылыми және көркем шығармаларды жасау үшін едәуір қолайлы жағдайларды құқық құралдарымен қамтамасыз ету.
Объективті мағынада авторлық құқық бұл ғылым әдебиет және өнер туындыларын жасау мен қолдану бойынша қатынастырады реттейтін құқықтық нормалар жиынтығы. Субъективті мағынада авторлық құқық-жеке мүліктік емес және мүліктік құқықтар. Олар әдебиет ғылым және өнер туындыларын жасаған адамдарға тиісті (субективті мағынада авторлық құқық) . [1]
Шығарма еркіндігі принципті авторға өз қалауынша тақырып, болашақ туынды формасы жасау тәсілін таңдап алуға мүмкіндік береді, өз туындысын заңмен рұқсат етілген барлық тәсілдермен қолдануға мүмкіндік береді. Конституция заңы ғылыми зерттеулерді, ойлап табу мен рационализаторлық қызметті кең түрде қолдану, әдебиет пен өнерді дамыту жолымен ғылыми техникалық және көркем шығармасына еркіндік берілуіне кепілдік береді.
Автордың жеке көзқарастарының бүкіл қоғам көз қарасымен бірігу принципі бойынша автор өз қажетілігін қанағаттандыру үшін шығарманы қолдану туралы айтылған.
Шығарманы қолдану мен жасауда автордың моральдық және материалдық қызығушылығы принциптері. Практикада моральді қолданудың жеке формалары бар: құрметті атақтар беру (еңбегі сіңген артист және т. б) ; халық мойындаған шығармаларды қайта басып шығару. Моральды және материалды қолдауға жатады - ғылым, әдебиет және өнер туындылары авторларына әр түрлі мемлекеттік және атаулы премиялар беру әртүрлі типтегі шығармалар үшін икемді ставакалар түріндегі авторлық жалақылар бекіту де материалдық ынталандыру тәсілі жатады.
Автордың заңды көзқарастарын және құқықтарын жан-жақты қорғау принціпі тек авторлық құқықтық қатынастары қатысушылары құқықтары мен міндеттерін бекітетін, субьективті құқықтары жүзеге асыру кепілдемелерін бекітеді.
Авторлық құқық туралы заңдылық ғылыми және көркем шығармашылық сферасындағы қатынастар әртүрлі норматифтік актілермен реттеледі, өз кезінде жиынтықта олар авторлық құқық туралы зандылықты құрайды. Заңдылық белгілі біртұтастығымен сипаталады. Ол тапсырмалар мен барлық заңды актілердің жалпы бағытында: өзі реттейтін қатынастар шеңберінде: авторлық құқықтарды қорғау тәсілдерінде көрініс табады. Авторлық құқық туралы заң-азаматтық заңдылығының құрама бөлігі.
Азаматтық заң негіздері мен азаматтық кодексте авторлық құқық жеке бөлім болып бөлінсе де, оны реттейтін қатынастарға бұл заңдардың басқа нормалары қызметі де қолданылады, тек жалпылары ғана емес (мысалы, авторлық құқықты иеленуге мүмкіндігі бар азаматтардың құқығы туралы), сонымен қатар бірқатар арнайы нормалары. Мысал, автордың кейбір құқықтарының мұрагерлік бойынша көшудегі мұрасы туралы және т. б. )
Авторлық құқық нормалары республикалық мәні бар әртүрлі заңды және нормативті актілерде жазылған. Азаматтық заңдылық негіздері барлық республикаларда біртекті шешімдерді талап ететін сұрақтар бойынша принціпті жағдайларды бекітеді «Авторлық құқық негіздері бөлімі осындай критерлилерге мыналарды жатқызады: авторлық құқық обьектілері ретінде шығарманың қорғау қабілеті, ғылыми және көркем шығармашылық субьекттерінің құқықтары, ғылыми және көркем шығармашылық нәтижелерін қолданудың құқықтық сұрақтары, авторлық құқықтың қызмет ету мерзімі. Осындай біртұтастық авторлық құқықтарды қорғау бойынша халықаралық конвенцияларға қатысу қажеттілігімен де туындаған.
Қазақстан Республикасы авторлық құқық туралы Бүкіләлемдік (Женева) конвенциясына қосылды. Бүкіләлемдік конвенция ұлттық режим принципинен шығады. Осы принцип күшіне қарай әрбір елде-шетел авторлары туындыларымен қатысушыларына өз азаматтары туындылары қалай қорғалса, оларды да солай қорғайды, яғни авторлық құқық туралы ұлттық заң ережелері қолданылады.
Конвенция қорғалатын туындылардың ұқсас тізімін береді. Бірқатар елдер заңы тура осы жолды ұстауда.
Бүкіләлемдік конвенцияда қорғануға құқығы бар барлық азаматтар туралы сұрақ толық шешілген. Оның ережелеріне сәйкес, Конвенцияға қатысушы барлық мемлекеттер азаматтарының авторлық құқықтары бірдей қорғалады, олардың туындыларының бірінші рет қай жерде шығуына қарамастан. [4]
Бүкіләлемдік конвенция қызметі азаматтығы жоқ авторлық құқық иелеріне де қатысты, өйіткені әрбір мемлекет қатысушы ішкі заңдылығы өз территориясында тұрақты (әрдайым) тұратын әр адамның авторлық құқықтарын қорғайды, өз азаматтары сияқты.
Бүкіләлемдік конвенция авторлық құқықты қорғау жағдайларына да көңіл бөледі: бірінші басылымнан бастап, шығарманың барлық данасында арнайы белгі, авторлық құқық иесінің аты, бірінші рет жарыққа шығу жылы: арнайы атқару талаптары, қорғау мерзімінің ұзақтығы және т. б.
Мынаны ескере кету қажет, жаңа авторлық заң негіздерінің нормалары авторлық құқықты қорғауды кеңейту жолдары бойынша әрі қарай жетілдірілген. Онда көптеген әдебиет және көркем туындыларын қорғау туралы едәуір түрлері халықаралық конвеция (Берн конвенциясы) мен орындаушы - артистер, фанаграмма дайындаушылар және радио хабарлау ұйымдары көзқарастарын қорғау туралы конвенция (Рим конвенциясы) жағдайлары ескерілген.
Авторлық құқықтың негізгі категориялары және авторлық құқық объектілері.
Авторлық құқық әдебиет, ғылым және өнер туындыларына таралады (қолданылады) . Авторлық құқықпен тек белгілі сипаттарға ие туынды ғана қорғалады, яғни шығармашылық қызметтің басқа да нәтижелерінен ерекшелінеді.
Ең алдымен, туынды шығармашылық қызметтің нәтижесі болуы тиіс. Кейінірек, ол көріністің объективті формасын алу тиіс.
Авторлық құқық объектісімен мойындалатын туынды шығармашылық қызмет нәтижесінде пайда болады, бірақ барлығында емес, тек тікелей әдебиет, ғылым мен өнер облысына қатысты (тиісті) болса ғана.
Заң әдебиеттерінде шығармашылық деп, жаңаны жасауға бағытталған интелектуалдық жұмысты атайды. Шығармашылық анықтамасын Б. И. Серебровский былай тұжырымдаған: бұл саналы және көп жағдайда еңбекті көп қажет ететін процесс, оның мақсаты белгілі нәтижеге жету.
Шығармашылық қызмет үшін екі жағдай тән:
а) жұмыстың саналы, интелектуалдық сипаты;
ә) жасалған шығарманың жаңалығы;
Өнер адамы қызметінің саналы, интелектуалдық сипати мынадан көрініс табады, туынды жасалынбағанға дейін ол оның санасы, көрінісінде жиналады, қалыптасады. Туынды үлгісінен бұрын түпкі ой қызмет атқарады, ол өз дамуында бірнеше этаптардан тұрады: түпкі ой-идея, түпкі ой-жоспар, болашақ туындының ұзын-ұрғасы (набросок), түпкі ойды іске асыру, туындыны жасау.
Бір этаптан екінші этапқа көшу шығармашылық процесін құрайды. Әр этаптың өз ерекшеліктері бар, авторға объективті шындық туралы көріністі туралауға көмектеседі, оны эмоциональды көрініспен салыстыруға мүмкіндік береді және, әрине, шығармашылық стилі мен тәсілдері бойынша өте индивидуалды.
Жаңалық ашу тек шығармаға ғана тән емес, сонымен бірге шығармашылық қызметке де тән. Шығармадағы жаңалық байқалады, автор ерекше (айрықша) шығарма жасағанда сонымен қатар бар шығарма негізінде өзіндік басқаша шығарма жасаған кезде де байқалады, В. И. Серебровскийдің ойы бойынша, жаңалық шығармашылық қызметтің қажетті элементі ретінде жаңа құрамында, шығарманың жаңа формасында, жаңа идеяда, жаңа ғылыми тұжырымдамада көрініс табады.
Шығармашылық қызмет жаңалығымен салыстырғанда, объективті көрініс алған өнер туындысының жаңалығы бар. Ол міндетте және өзіндік белгіні құрайды, өнер кәсіп үлгілері, өнеркәсіп жаңалықтарына т. б. қатысты заңмен бекітілген, яғни ғылыми және техникалық шығармалар нәтижесі. [2]
Авторлық құқық объектілеріне қатысты заң жаңалық белгілерін атамайды. Заң әдебиеттерінде шығарма жаңалығын оның тақырыбы, идеясы, құрамы, формасымен байланыстырады.
Шығарманың басқа белгісі-көрінісінің объективті формасы. Автордың түпкі ойы сыртқа шықпағанша, қорғау объектісі де жоқ. Оның әдебиет, ғылым мен мәдениет туындысына айналуы сәйкес құқықтық ретеуді талап етеді, шығарманың обьективті формасы басқа адамдар да көре алатын, идея, бейнелер, ойлардың кез-келген көрінісін білдіреді. Ол ауызша да, жазбашада да, қолжазба, сызба және т. б. формада болуы мүмкін.
Шығарманы авторлық құқық обьектісі ретінде мойындау үшін заң жұмыстың аяқталуын талап етпейді. Шығарма бітпеген болуы мүмкін, бірақ құқықты қорғаумен қамтамасыз етіледі. Авторлық құқық обьектілері тізімінде эскиздер, жоспар және т. б. аталған, оларды, әдетте, автор шығарма жасау кезінде қолданылады
Заң шығарма туындысының обьективті формадағы көрінісін оны қалпына келтіру, қайталау мүмкіндігімен байланыстырады. Осылайша, қолжазба, онда автордың түпкі ой көрсетілген, баспаға шығарулы, басқа түрде де қолданылуы мүмкін, обьективті еңбек әртүрлі тәсілдермен қалпына келтіріледі.
Шығарманы (туындыны) көрсету формуларына қолжазба, сызба, бейне көрінісі, механикалық жазбаның әртүрлі түрлері және т. б. Туынды мынадай обьективті формаға келтірілуі тиіс, яғни басқа адамдар автордың көмегісіз оны қолдана алу керек. Егер шығарма түпкі ойының қандай да бір түрдегі формасын практикалық түрде қалпына келтіруге мүмкін болмаса, онда шығарманың осы нәтижесі авторлық құқық обьектісі деп мойындалмайды.
Заң авторлық құқыққа ие шығармалардың үлкен тізімін біледі. Тізім жобалы, өйткені барлық белгілі (әйгілі) шығармаларды атап өту мүмкін емес.
Авторлық құқық обьектілерінің негізгі түрлері. Әдеби туындылар авторлық құқық обьектілерінің үлкен бөлігін құрайды олардың ерекшелігі мынада, ой, сезім, идеялар мен бейнелер сөз арқылы ерекше баяндауда көрсетіледі.
Әдеби туындылар құрылысында тақырып, материал, идеалогия, образды жүйе, сюжет, тіл, тақырып басы бөлінеді. Әдеби туындылардың осы элементтері заңды мәнсіз, яғни тақырып, материал, сюжет, идеялы құрамы; және заңды мәнді-үлгілі жүйе мен тіл, болып бөлінеді. Шығарманың мәнді элементтерін қолдану бірқатар жағдайларда автор келісімін талап етеді.
Әдеби туындыларымен қатар өнер туындыларының бір тобын бөліп қарастырылады; музыкалық хореграфиялық, сақыналық, бейнелеу өнерінің туындылары, кинофильімдер, телефильімдер және т. б.
Музыкалық шығарылмалар әуенді құрайтын дыбыстар бірлестігінде және ритм мен гармония байланысында көрініс табады. Олар ораторий симфониялар, сонат, кварттер және т. б. формада келеді.
Музыкалықтан басқа музыкалы-драмалық шығармалар бар, олар әдеби-драмалық негізде (литретто) құралады және сақнада опера, балет, оперетта түрінде орындалады.
Хореографиялық туындылар мен пантомимдер адам денесінің пластикалық қозғалысы көмегімен орындалады. Музыкамен бірлестікте хареографиялық туынды музыкалық-сақналық туындыны құрайды.
Бейнелеу өнері туындылары ішінен живопись, мүсін, графика, декоративті-қосалқы өнер, иллюстрация, сурет және т. б. туындыларын бөліп қарастырады.
Авторлық құқық обьектісіне жататын архитектуралық шығармалар бұл инженерлік өнер, бионика, живопись, мүсін, ғылым, архитектура синтезі. Онда ғылым, техника, өнер бірігіп кеткен. Эскизді архитектуралық жоба, онда түпкі ой іске асқан, болашақ құрылыс шешімі, оның бөлшектен кеңістіктерінің ішкі дамуы, олардың көлемі, фактурасы мен түрінен тұрады. Эскизді архитектуралық жоба негізінде ғимараттар, құрылыстар, ансамбльдер және т. б. жатады.
Киноматографикалық туындылар кино үшін әрқилы шығармаларды қамтиды: сценарийлер, сценарийлі жоспарлар, дикторлық мәтін (текст), өлеңдер мәтіні, кинофильмдер және т. б. кинофильм негізіндегі сценарий заң талаптарына, сонымен қатар кино өнерінің ерекшелігін көрсететін (бейнелейтін) сценария келісім - шарт талаптарына жауап беруі тиіс. [3]
Кинотелевизиялық фильмдердің материалдық тасымалдаушылары - бұл пленка, видеокассета, видеодискета және т. б. Оларға мүліктік құқық қолданылады.
Авторлық құқық объектілеріне шығарма жинақтары жатады. Жинаққа ешкімнің авторлық еңбегіне (заңдар, сот шешімдері және т. б. ) жатпайтын шығармалыр, сонымен қатар жеке авторлар туындылары да енгізілуі мүмкін. Құраушы еңбегінің шығармашылық сипаты материалды таңдау мен түрлерінде көрініс табады. Жинақты құраушының авторлық құқығы басқа адамға өзінше жүйелеп, өңдеп, тура сол шығарманы жарыққа шығаруға зиянын келтірмейді.
1. 2 Сабақтас құқықтың ұғымы
Әдетте, қандай да бір шығарманың авторы бұл бір адам, оны шығармашылық еңбекпен жасаған. Бірақ әдебиет, ғылым мен өнер туыдыларымен (шығармаларымен жұмыс істеуде бірнеше адамдардың күш-жігері бірігуі мүмкін. ) авторлар ұжымы құралады.
Осы құқықтың нормалардан шығады, екі немесе бірнеше адамдардың (ұжымдық шығарма) бірлескен еңбегімен жасалған шығармаға деген авторлық құқық сабақтас авторлардың бәріне де қатысты, бұл шығарма біртұтас жалпы немесе әрқайсысының өзіндік мәні бар бөлшектерден құралса да, бұларға байланысты болмайды. [52]
Сабақтас авторлық бірнеше белгілермен сипатталады:
а) бірнеше адамдардың бірлескен жұмысы;
ә) ұжымдық шығарма жасау;
б) авторлық құқықтың шығарма үстінде жұмыс істеген барлық адамдарға қатыстылығы.
Бірнеше адамдардың бірлескен еңбегі шығармашылық сипатқа ие. Тек шығармашылық қызмет нәтижесінде әдебиет, ғылым мен өнер туындылары пайда болады, олар қорғауға қабілетті объектілер деп мойындалады.
Сабақтас авторлардың бірлескен еңбегі әртүрлі жүреді. Біреулер шығармашылық процесін біріктіреді де, бірге жұмыс істейді мысалы, кейбіреулер жоспар, шығарма құрылысын жасайды да, шығармашылық ұжымның әрбір мүшесіне өзі жасап шығаруы тиіс бөлімін таратып береді. Сосын жұмыс бірігеді, өзгертеді, редакциялайды.
Сабақтас авторлықты сипаттайтын басқа белгі - ұжымдық шығарма жасау. Ұжымдық шығармамен жұмыс істеу кезінде сабақтас авторлар түпкі ой көрінісінің әртүрлі формаларын қолданады: сөз, дыбыс, бейне көрініс және т. б. [5]
Сабақтас авторлықтың үшінші белгісі - шығарманы жасауға қатысушы адамдардың авторлық құқыққа қатыстылығы. Сабақтас авторлардың әр бірі өзі жасап шығарып ұжымдық шығармаға қосқан бөлімі артынан авторлық құқығын сақтайды.
Заңмен бекітілген, сабақтас авторлық белгілері сабақтас авторлытың екі түрін бөліп қарастыруға мүмкіндік береді:
а) бөлінген;
ә) бөлінбеген.
Бөлінбеген сабақтас авторлық кезінде, екі немесе одан да көп авторлармен жасалған, шығарма біртұтас жалпыны құрайды, мұнда жеке бөлімдерді бөліп қарастыру мүмкін емес.
Бұл жағдайда сабақтас авторларға жалпы шығармаға деген авторлық құқық қатысты. Сабақтас авторлардың жауапкершілік туралы сұрақ нормативті реттелмеген.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz