Автокөлік психологиясы оқу құралы



Кіріспе ... ... ...
1 Автокөліктік психология пәні мен міндеттері..
2 Адамның жүйке жүйесінің анатомиясы мен физиологиясы. Талдауыштары туралы түсінік.
2.1 Көру талдауышы...
2.2 Есту талдауышы ...
2.3 Кіреберіс талдауышы.
2.4 Бұлшық ет.қимыл талдауышы.
2.5 Автомобиль жүргізүшісінің сезінуі мен қабылдауы
3 Зейін мен ес жөнінде түсінік..
3.1 Зейін жөнінде түсінік..
3.2 Ес жөнінде түсінік.
3.3 Ойлау мен қиялдың физиологиялық негіздері ... ... .
3.4 Еріктің және сезімнің физиологиялық негіздері.
4 Жүргізушілерді сапар алдыңдағы тексеруден өткізу әдістері мен ұйымдастыру ерекшеліктеpі..
4.1 Қыскаша теориялык мәліметтер
4.2 Жұмыстың орындалу тәртібі.
5 Күрделі шарттарда автомобильді баскарудың психофизиологиялық шарттары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
5.1 Жүргізушінің жұмыс қабілеті және сенімділігі
5.2 Автокөлікті жоғарғы жылдамдықпен басқару.
6 Жүргізушінің жүмыс қабілеті және сенімділігі.
7 Жүргізушінің білімдері мен олардың қалыптасуы.
7.1 Жүргізуші білімдерін дамыту
7.2 Жүргізу қабілеттерін дамыту үшін техникалық құралдарды пайдалану ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
Әдебиеттер
Жол қозғалысының қауіпсіздігі туралы шарттар бойынша автомобиль көліктерімен жүктерді тасымалдау, автомобиль көлігінің негізгі міндеті болып табылады. Бұл тапсырманың шешімі «Жүргізуші -автомобиль-жол-орта» (ЖАЖО) жүйесінің барлық бөліктерінің мүмкіндіктерін ескере отырып, нақтылық мақсат түрінде жүргізілуі тиіс. Сонымен қатар, бірінші деңгейлік мағынаға адамның факторлары ие болады. Статистикалық көрсеткіш бойынша, жол - көлік апаттарының (ЖКА) 70- 80 % жүргізушінің қателіктерінің нәтижесінде болған оқиғалар деп саналады. Қателік, бұл қате іс- әрекеттің нәтижесі, мақсатына жетпеген іс-әрекет. Жүргізушінің еңбекке дайындығы, қателігі, эмоционалдық тұрақтылығы, басқару әрекеттерінің жылдамдығы және нақтылығы жол- көлік апаттарының көрсеткіштерін өте төмендетеді.
Жүргізушілер еңбегін ғылыми үйымдастыру оның жағдайын және жұмыс атқару қабілетін, қоршаған ортаның ең аз мөлшерлі теріс әсер қауіпсіздігін сақтау адамның жан - жақты факторларын оқитын пән, автокөлік психологиясы болып табылады. Арнайы мамандыққа арналған бұл кітапты жүргізушілерге ЖАЖО жүйесі бойынша койылатын талаптар, оның психофизиологиялық сенімділік факторларының мазмұны, жүргізушілердің жұмыс орнына койылатын талаптар мамандарға арналған психофизиологиялық іріктеу тәсілдері және өте қиын жолдарда автомобильді басқару шарттары анықталған.
1 Тәжібаев Т. Жалпы психология. – М.,1999. – 165 б.
2 Глушко О.В., Клюев Н.В. Труд и здоровье водителя. – М. : Транспорт, 1976. – 176 б.
3 Игнатов Н.А. Человек за рулем. – М. : Транспорт, 1976. –210 б.
4 Игнатов Н.А., Иларионов В.А., Мишурин В.М. «Инженерная психология», психофизиология труда и подготовка водителя автомобиля. – М. : МАДИ, 1977. – 310 б.
5 Ломов Б.Ф. и др. Основы инженерной психологии. – М. : Высшая школа, 1977. – 125 б.
6 Иванов В.П., Штейнгауз М.С. Автомобиль-дорога-человек. – Минск: Белорусь, 1978. – 287 б.
7 Методические указания к лабораторным работам по курсу «Автотранспортная психология». – Усть-Каменогорск : ВКТУ, 1999. – 80 б.
8 Мишурин В.М., Романов А.Н. Надежность водителя и безопасность движения. – М. : Транспорт, 1990. – 195 б.
9 Мишурин В.М., Романов А.Н., Игнатов Н.А. Психофизиологические основы труда водителя автомобилей: учебное пособие. – М. : МАДИ, 1982. – 172 б.
10 Пушкин В.Н., Нерсесян Л.С. Психология водителей. – М. : Знание, 1969. – 210 б.
11 Романов А.Н. Транспортная психология. – М., 2000. – 145 б.
12 Столяренко Л.Д. Основы психологии. Практикум. – М., 2000. - 120 б.

Пән: Психология
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 82 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі

С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті

Автокөлік психологиясы

Оқу құралы

Павлодар
Кереку
2010
УДК 159.9:656.13(075.8)
ББК 88.4Я73
А 18
Баспаға С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті
металлургия, машина жасау және көлік факультетінің әдістемелік
кеңесімен ұсынылды.

Пікір сарапшы:
техника ғылымдарының докторы, профессор Ә.Қ. Қарақаев

Құрастырушы: доцент Т.Қ. Құмаров

А 18 Автокөлік психологиясы. Оқу құралы.Құрастырушы: Құмаров Т.Қ. –
Павлодар : Кереку, 2010. – 82 б

Оқу құралы аталмыш пән бойынша 050901 Тасымалдау, жол қозғалысын
ұйымдастыру және көлікті пайдалану мамандығына оқитын студенттерге
арналып, мамандықтың оқу жоспарымен пәннің жұмыс бағдарламасына сәйкес
дайындалған.
Оқулық құралда автомобиль жүргізушілерінің психофизилогиялық
сапаларын зерттеуге арналған, жүргізушінің функциялық жарамдылығын
және жұмысты атқару қабілеттілігін анықтау, сондай-ақ басқа да
психофизиологиялық бақылау мен сапар түрлерін оқып үйрену тақарыптары
құрастырылған.

УДК 159.9:656.13(075.8)
ББК 88.4Я73

©Құмаров Т.Қ., 2010
©С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік
университеті, 2010

Кіріспе

Жол қозғалысының қауіпсіздігі туралы шарттар бойынша автомобиль
көліктерімен жүктерді тасымалдау, автомобиль көлігінің негізгі міндеті
болып табылады. Бұл тапсырманың шешімі Жүргізуші -автомобиль-жол-орта
(ЖАЖО) жүйесінің барлық бөліктерінің мүмкіндіктерін ескере отырып, нақтылық
мақсат түрінде жүргізілуі тиіс. Сонымен қатар, бірінші деңгейлік мағынаға
адамның факторлары ие болады. Статистикалық көрсеткіш бойынша, жол - көлік
апаттарының (ЖКА) 70- 80 % жүргізушінің қателіктерінің нәтижесінде болған
оқиғалар деп саналады. Қателік, бұл қате іс- әрекеттің нәтижесі, мақсатына
жетпеген іс-әрекет. Жүргізушінің еңбекке дайындығы, қателігі, эмоционалдық
тұрақтылығы, басқару әрекеттерінің жылдамдығы және нақтылығы жол- көлік
апаттарының көрсеткіштерін өте төмендетеді.
Жүргізушілер еңбегін ғылыми үйымдастыру оның жағдайын және жұмыс
атқару қабілетін, қоршаған ортаның ең аз мөлшерлі теріс әсер қауіпсіздігін
сақтау адамның жан - жақты факторларын оқитын пән, автокөлік психологиясы
болып табылады. Арнайы мамандыққа арналған бұл кітапты жүргізушілерге ЖАЖО
жүйесі бойынша койылатын талаптар, оның психофизиологиялық сенімділік
факторларының мазмұны, жүргізушілердің жұмыс орнына койылатын талаптар
мамандарға арналған психофизиологиялық іріктеу тәсілдері және өте қиын
жолдарда автомобильді басқару шарттары анықталған.

1 Автокөліктік психология пәні мен міндеттері

Автокөліктік психология - бұл жүргізүші – автомобиль – жол – орта
(ЖАЖО) жүйесін жобалау, жасау және қолдану үрдісінде пайдалану мақсатында
жүргізуші мен көлік арасындағы өзара ақпараттык эрекеттестіктің объективті
заңдылықтарын зерттейтін ғылыми пэн.
Оның негізгі міндеттері:
-автокөлік пен еңбск жағдайларын жүргізушіге ұластыру;
-жүргізушінің психофизиологиялық мүмкіыдіктерін ескере отырып,
жүргізуплні автокөлік пен оны колдану жағдайларына ұластыру;
-ЖАЖО бірегей жүйесінің қызмет етуінің жалпы зандылықтарын аныктау.
Автокөліктік психологияның соңғы мақсаты - жүргізуші мен автокөліктік
техниканың мүмкіндіктерін тиімді пайдалану негізінде ЖАЖО жоғары эффективті
жүйесін жасау.
Инженерлік және автокөліктік психологияда зерттеудің негізгі
эдістеріне бақылау, әңгіме және тәжірибе жатады. Әдістердің жоғарыдай
бөлінуі шарт, себебі олар бірі бірімен байланысты, бірі бірін толықтырады
және жалпы жағдайда бір мезетте түрлі қатынаса қолданылады.
Жүргізушінің әрекетін бақылау оның дайындыгы, еңбекке қабілеттігі,
өзін үстауы, батылдығы, эмоционалдық тұрақтылығы, назар салуы, басқару
әрекеттерінің жылдамдығы мен нақтылыгы туралы біршама толык түсінік алуга
мүмкіндік береді. Бақылаушы жүргізуші әрекетінің негізін жақсы білуі, бұл
әдістің психологиялық мәні туралы қажетті деңгейде хабардар болуы және
бақылаудың негізгі міндетін нақты түсінуі (мысалы, жүргізушінің автоколікті
түрлі жагдайларда - түнде, үлкен жылдамдықта, тауда және т.б. жүргізуге
дайындыгын аныктау); жүргізушінің реттелмейтін жол қиылысын өту, асып өту,
жүріс жолағын өзгерту кезіндегі әрекеті мен мінезін бақылауы, жүргізушінің
жол ережелер (ЖЖЕ) білімін тексеруі керек.
Бақылау әдісіне, сондай ақ, еңбек әдісін де жатқызуға болады, мүнда
зерттеуші оператор (жүргізуші) болады да, өз тәжірибесі негізінде қойылган
міндет бойынша қорытынды шығарады.
Әңгіме жол қозғалысы апаттарының (ЖҚА) себептері мен оларга жағдай
жасаушы шарітарды зерттеу кезінде, сонымен қатар, жүргізушілердің ЖЖЕ бұзу
себептерін зері теу кезінде қолданылады. Зерпелушіге алдын ала дайындалған
сұрақтар койылады, олардың реті мен түрі зерттелушілердің жеке
ерекшеліктері мен әңгіменің барысына байланысты өзгертіліп отырады.
Әңгімеге жақып эдіс - сауалнама болып табылады, ол қажетті акпаратты
жүргізушілердің үлкен санынан алу мақсатында жүргізіледі.
Тәжірибе - бұл үрдістердлң жүру жағдайларын нақты ескеру, зерттелетін
корсетікштерді тіркеу арқылы, оларды алдын ала дайындап, жоспарлы жүргізу.
Тәжірибелердің зертханалық, табиғи жэне модельдік түрлері болады.
Зертханалық тәжірибе түрлі психофизиологиялық үрдістер (сенсомоторлық
реакциялардың, қабылдаудың, назардың, ойлаудың, есте сақтаудың
жылдамдығы мен нақтылығы, батылдық қасиеттер, эмоционалдық тұрақтылық,
еңбекке қабілеттілік және т.б.), сондай-ақ жүргізушінің түрлі жағдайлардағы
әрекеті мен мінезін зерттеу мақсатында жүргізіледі. Зертханалық тәжірибе
үшін жүргізуші әрекетінің элементтерін модельдейтін түрлі құралдар,
стенділер мен автотренажерлер қолданылады. Зертханалық тәжірибенің
кемшілігіне оның қолдан жасалғанын жатқызуға болады. Зертахналық
жағдайларда нағыз әрекет жағдайларын толық жасау мүмкін емес, сол себепті
жүргізушінің еңбек әрекетіне сай эмоционалдық фон болмайды. Кейбір
жүргізушілер мұндай тәжірибелерге қажетті назар аудармайды, ал бүл кейде
алынатын мәліметтердің объективтілігі мен нақтылығын төмендетеді.
Табиғи тәжірибе нағыз әрекет жағдайларында жүргізіледі. Зерттелуші
өзінің зерттеу объектісі екенін кейде білмейді, немесе тіпті ұмытып қалады,
сол себепті табиғи тәжірибенің нәтижелері объективті болады және жоғары
кұндылыққа ие. Зертханалық және табиғи тәжірибеде жүргізушіге келетін
ақпаратты, оның қайтымды әрекеттері мен психофизиологиялық қызметтерін
синхронды тіркеу үшін түрлі қүралдар қолдапылады.
Модельдік тәжірибе - бүл белгілі-бір зерттелетін құбылысқа аналог
құбылысты қолдан жасау. Модельдік тәжірибе жүргізуші әрекетінің жеке
элементтерін автотренажерлерде жасау арқылы көрініс алады. Алайда, егер де
модельдік тәжірибе жүргізушілерді психофизиологиялык талдау үшін
жүргізілсе, онда зерттелушінің тәжірибе кезіндегі әрекеттері автоколікті
жүргізу кезіндегі әрекеттеріне нақ келуі міндетті емес. Бұл жағдайда
зерттелетін әрекетке сырттай үқсастық емес, нақты әрекет кезіндегі талап
етілетін психикалык үрдістерге, жоғары талап қою маңызды. Қазіргі кезде
модельдік тәжірибені ЭВМ негізінде қолданады, оның көмегімен басқа зерттеу
тәжірибелерінде жасалуы мүмкін емес дерлік жүргізуші әрекеттерімен жол жүру
жағдайларын жасауға мүмкіндік береді, мысалы автокөліктің күрт бұрылысқа
критикалық нүктеден жоғары жылдымдықта кіруі немесе ЖҚА әртүрлі түрлерін
модельдеу.

2 Адамның жүйке жүйесінің анатомиясы мен физиологиясы. Талдауыштары туралы
түсінік

Жүйке жүйесі мүшелердің жұмысын үйлесімді реттеп отырады және ағзаның
бір тұтастығын қамтамасыз етеді. Ағзаның сыртқы ортамен байланысы жүйке
жүйесі арқылы жүзеге асады. Жүйке жүйесі арқылы адам өзінің айналасындағы
ортаны танып, біліп, зерттеп және өзгертуге белсене араласып отырады.
Адамның жүйке жүйесі негізгі үш бөліктен тұрады: орталық жүйке жуйесі,
қиян жүйке жүйесі (перифериялық), қозғылы жүйке жүйесі (вегетативті)
Жүйке үлпасы жүйке жүйесінің негізгі компоненті болып келеді. Жүйке
үлмасы жүйке жасушаларынан және өскіншелерінен тұрады. Өскіншелер арқылы
олар басқа жүйке жасушаларымен және барлық ағзаның үлпаларымен байланысады.
Орталық жүйке жүйесінің кұрылысы өте күрделі болып келеді. Ол арқа
және бас миынын тұрады. Ми бөліктері сан алуан жүйке қызметтерін орындайды.
Ол бас миының бағаналы бөліктерінен (сопақша ми, ортаңғы ми, аралық ми),
мишықтан, үлкен жарым шаларларынан және арқа миынан тұрады. Орталық жүйке
жүйесінің жоғары бөліктерін бас миының жарым шарлары (ми сыңарлары)
құрайды. Үлкен жарым шарлар кұрамына қабық асты түйіндері деп аталатын
тереңдегі жүйке жасушаларының тұтас жиынтығы кіреді. Үлкен ми сыңарларының
үстіңгі бөлігінде жүйке жасушылар қабаты - бас ми қабығы көмкерілген. Бас
ми қабығының бөліктерінің құрылысы мен атқаратың қызметі әртүрлі болғанымен
ми қабығының әрекетінде олар өзара байланысқан өзара әрекеттес жүйесін
кұрайды. Үлкен ми сыңарлары әр түрлі қызмет атқаратын 4 бөліктен (маңдай,
төбе, самай және шүйде) тұрады. Үлкен ми сыңарлары қыртысынан мынадай
сезім, қимыл, көру, есту, дәм және иіс сезу аймақтары байқалады. Мысалы,
көру орталығы - шүйде бөлігілде, есту және вестибуляр аппараты самай
бөлігінің иірімдерінің үстінде, ал қимыл аймағы төбе бөлігінде болады.
Бүкіл денемізге жайылған жүйке жүйесі қиян (перифериялық) жүйке
жүйесін құрайды. Қиян жүйке жүйесіне - жұлыннан шыққан отыз бір жұп
жүйкелер және мидан шыққан он екі жүп жүйкелер жатады. Қиян жүйкелер
орталык жүйке жүйесін дененің сырткы аймағында орналасқан мүшелермен
байланыстырып тұрады. Тері, бұлшық ет, буын - дененің аймағындағы мүшелер
болып табылады. Қиян жүйке жүйесін дене жүйкесі деп атауға болады. Бірнеше
жүйке талшықтары буда түзеді. Жүйке будалары қызметіне қарай сездіргіш және
қозғалтқыш жүйкелерге бөлінеді. Жүйкелердің негізгі қасиеті - тітіркену
және қозуды өз бойымен өткізу. Теріні, бұлшық етті тітіркендіретін
тітіркендіргіштердің барлығы жүйкені де тітіркендіреді. Орталық жүйке
жүйесінен келетін жүйкелік қозу жүйкенің ұшындағы сезім мүшелеріне
(рецепторларға) әсер етеді. Қозу жүйкенің өзінде пайда болмайды. Сондықтан
да жүйкенің екі ұшындагы мүшелерден пайда болған қозу, орталықтан алшақ
жатқан мүшелерге қарай және алшақ жатқан сезім мүшелерінен орталыққа карай
өткізіп тұрады.
Жүйке жүйесінің жоғарыда айтылып өткен қызметтерінен басқа тағы да бір
қызметі - тітіркендіруге жауап беру. Орталық жүйке жүйесі арқылы ағзаның
тітіркендіруге жауап беруі рефлекс деп аталады. Жүйкені қозғанда жүріп
өтетін жолы рефлекс доғасы деп аталады. Рефлекс доғасының ең қарапайым
сызба нұсқасы қозуды жұлынға қайтаратын жауабы болып есептеледі (1сурет ).
Жүйке қызметінің жоғары физиологиялық механизмдері рефлекстер болып
табылады. Кез-келген мүшедегі әр түрлі тітіркендіргіштердің әсерін
қабылдайтын дене беліктерін қабылдағыштар немесе рецепторлар дейді. Барлық
сезім мүшелерінде және буындарда рецепторлар болады.
Ағзаның рефлекстік жауабы үлкен екі топқа: шартты және шартсыз
рефлекстерге бөлінеді.

Сурет 1- Рефлекторлық доғаның сызба нұсқасы

Шартсыз рефлекс деп, ешқандай алдына шарт коймай, туа біткен, тұқым
қуалайтын биологиялық қажеттілікті айтады. Биологиялық туа пайда болған
рефлекстерге: шөлдеу, ашығу, ауырсыну, дәрет сындыру, қорғану, жұтыну, т.б.
жатады. Шартты рефлекстер шартсыз рефлекстердің негізінде үнемі үздіксіз
кездесіп, шартсыз рефлекстерге айналып отырады. Бұл екеуі де жоғары ми
сыңарларының қатысуымен жүзеге асады.
Шартты рефлекстер деп жарықтың, дауыстың, иістің, дәмнің (тіл)
қоздыруына ағзаның уақытында жауап қайғаруып айтады. Ламу нәтижесінде өте
жетілген, айналадағы ортаны үнемі шексіз кең көлемде өзгеріп отыруына
үйретіп, бейімделетін шартты рефлекстер пайда болған. Шартты рефлекстерге
өте күрделі, тітіркендірудің үлкен жиынтығы қатысады.
Жүйке жүйесінің ішкі мүшелер мен бездердің, қан тамырларының жұмысын,
зат алмасуын реттейтін бөлігі қозғылыс жүйке жүйесі деп аталады.
Тәнтанымның ерекшеліктеріне жөні атқаратын қызметіне қарай қозғылыс
жүйке жүйесі симпатикалық және парасимпатикалық жүйке жүйелері болып
бөлінеді. Бұл екі жүйке жүйесі ішкі мүшелерді торлайды. Олар қозуды орталық
жүйке жүйесінен мүшелерге жеткізеді. Симпатикалық және парасимнатикалық
жүйкелердің қызметі біріне-бірі қарама-қарсы бағытталған. Симпатикалық
жүйке жүйесі кез-келген қозу мүшесінің жұмысын жылдамдатады. Мысалы,
симпатикалық жүйкеден келген қозудың нәтижесінде жүректің қысымы күшейіп,
жеделдесе, парасимпатикалық жүйке жүйесінен келген қозу жүректін жұмысын
бәсеңдетіп, баяу соғуына әсер етеді.
Симпатикалық бөлік орталықтары арқа миының кеуде және бел аймақтарында
орналасады, ал парасимпатикалық бөлік орталықтары бас миында және сегізкөз
аймағында орналасады. Қозғалыс жүйке жүйесі сезім мүшелеріне әсер етеді.
Оның әсері психикалық үрдістерден байқалады және де эмоциялық қобалжуларда
үлкен роль атқарады.
Адамның тітіркендіруге талдау жасайтын жүйке мүшелерін және үш
бөлімнен тұратын, бір бағыттағы жүйке жүйесінің қызметін талдауыштар
(анализатор) деп атайды. Ол мынандай үш бөлімнен тұрады: рецепторлар,
еткізуші сезімталдық жүйке, мидың белгілі бір әсерінен туған толқынды
қабылдайтын аймағы. Сезім туу үшін талдауыштардың осы үш бөлігі болуы
қажет.
Жүйке жасушалары өсінділерден тұрады (ұзын және қыска). Ұзын өсінді,
әсер ететін мүшеге барып жіңішке тармақтарға бөлінеді де, рецепторға
айналады. Ағза әсерді әр түрлі жүйкелердің ұштары рецепторлар арқылы
қабылдайды. Өткізуші сезімталдық жүйке импульстарын бас ми қыртысына
жібереді, онда ол белгілі бір өндеуден өтіп қайтадан рецепторға оралады.
Осылай рецептор мен ми арасында тура ғана емес қайта оралу байланысы
болады. Сезіну үрдісі белгілі рецепторда басталып қана қоймай сол
рецепторда аяқталады.
Талдауыштар сыртқы және ішкі болып екіге бөлінеді. Сыртқы талдауыштар
сыртқы ортадан келген ақпаратты қабылдап талдау жүргізеді. Оларға көру,
есту, дәм, иіс және сипап сезу жатады. Ішкі рецепторлар ағзаның ішкі
ортасынан келген тітіркендіргіштерді қабылдап талдайды. Оларға бұлшық ет
қимыл, тепе-теңдікті сақтау (вестибуляторлы), қан қысымының өзіеруіне
әсерін білдіретін баростезиялық талдауыштар жатады.
Температуралық, ауырғанды сезіну, кіреберіс талдауыштары сыртқы және
ішкі ортаның әсерінен де қозуы мүмкін.
Адамдарда кез-келген рецептордың тітіркендірі іш арқылы қозуы ми
қыртысына жеткізіледі. Ол жерде ауырғанды, жылылықты, суықтықты, көргенді,
т.б. ажыратады. Сондықтан біз санамыздан тыс дүниеде бар заттарды сезім
мүшелеріміз арқылы кабылдап (көріп,естіп) талдауыштар арқылы туйсік аламыз.
Сыртқы орта туралы барлық ақпаратты жүргізуші талдауыштар көмегімен
қабылдайды. Жүргізушінің қабылдауында көру, есту, кіреберіс және бұлшық ет-
қимыл талдауыштары ерекше маңызды болып келеді.

2.1 Көру талдауышы

Адам көру мүшесі арқылы сыртқы ортаны танып, зерттеп отырады. Сыртқы
ортаны қабылдайтын ақпараттың 80-90% көру мүшесі арқылы болады. Бұл көру
сезім мүшесі маңызының аса ерекше екендігін дәлелдейді.
Көз сезім жүйесі рецептордан, көз жүйесінен өткізу жүйесінен және
үлкен ми сынарлары қыртысының жүйке аймағында жатқан орталықтан тұрады.
Көз - шар тәрізді мүше (сурет 2). Ол бас сүйектегі көз шарасына
орналасады. Көздің қосалкы мүшелері бар, олар көзді қозғалтып тұратын
еттер, май жасаушылары, қабақ, кірпік, қас жас безі. Көз алмасы үш қабаттан
тұрады: сыртқы-ақ кабықша (1), ортаңғы-тамырлы (2) және ішкі-торлы (3)
қабықша, Ақ қабықшаның алдыңғы бөлігі қасаң қабықша деп аталады. Ол мөлдір
қабыкша, жарықты еркін жақсы өткізеді. Тамырлы қабықша көптеген қан
тамырларынан. тұрады. Бұл қан тамырлары көздің алмасын қанмен қоректендіріп
отырады. Қабықшанын ішкі бетінде жарық сәулесін сіңіріп алатын бояғыш зат
қабаты-пигмент бар. Көздің алдыңғы жағында ол калыңдап кірпіктің денесін
құрайды. Мұнда кірпіктің бұлшық еті болады. Бұлшық еттің жиырылуы әсерінен
көз бұршағының (7) түрі өзгеріп отырады. Кірпік денесі нұрлы қабыкшаға (5)
жалғасады. Нұрлы қабықшанын аралығында бояу жасушалары болады. Осы бояу
жасушаларынын санынан көздің әр түрлі түсті болып келуіне байланысты. Нұрлы
қабықшаның ортасында жарық өтетін тесік орналасады. Оны көздің қарашығы (6)
деп атайды. Қарашықты айнала сақиналы бұлшық еттер (12) орналасады. Бұлшық
еттер жиырылған кезде қарашық тарылады. Нұрлы қабықтың бұлшық еттері
созылғанда қарашықты кеңейтіледі. Қарашық рефлекстік жарық мол жерде
тарылып, әлсіз жарық кезде кеңейелді. Көз алмасының ең негізігі қабықшасы
торлы қабықша деп аталады. Торлы қабықшада көз рецепторлары таяқшалар мен
құтықшалар орналасады. . Адамның көзінде шамамен 130 млн. таяқшалармен 7
млн. құтықшалар болады. Торлы қабықшаның ортасында құтықшалар, ал олардың
шет жағына таяқшалар орналасады. Бұл рецепторлардан орта аралық нейрондар
жалғасқан жүйке талшықтарынан көз жүйкесі (9) пайда болады. Кез жүйкесінің
көзден шығатын. жерінде рецепторлар болмайды, сондықтан ол сезімталдық
қасиетінен айырылады. Бұл жерді соқыр дақ деп атайды. Торлы қабыкшаның
соқыр-дағынан сыртқа қарай құтықша ғана топтасып жинақталған. Торлы
қабықшаның артқы бөлігі – көз алмасының түбі. Көздің ішкі бөлігін
күлкілдеген зат- шыны тәрізді дене (8)толтырып тұрады.

Сурет 2 - Адам көзінің құрылысы мен оптикалық сызба нұсқасы

Көздің әртүрлі ара қашықтықтағы заттарды нақты, айқын көретін
қабілетін аккомодация дейді. Адамның жасы үлғайған сайын бұл қабілет
нашарлай түседі. Кейбір адамдар ашық-қоңыр түсті қарадан, ал күлгін түсті
көк түстен, енді біреулері бояудың анық түсін айыра алмайды. Мүндай адамдар
қызыл түсті көрмейді немесе жасыл мен көк түсті мүлде ажырата алмайды.
Адамда заттың түсін айыра алмайтын ауру дальтонизм пайда болады. Ауру
адамда тұқым қуалайды. Дальтонизммен ауыратын адамдар автомобильді
жүргізуге жіберілмейді.

2.2 Есту талдауышы

Адам есту мүшесі арқылы айналасындағы дыбыстарды.естіп, сонымен
байланыста болады. Есту мүшесінен түскен ақпараттар ішкі мүшелердің
жүмысына әсерін тигізіп, оларды реттеуге қатысады. Адамды қауіптен сақтауда
ақпараттың маңызы үлкен. Есту мүшесін дыбыс қоздырады. Дыбыс тербелістері
есту мүшелері арқылы жүйке қозу толқындарына айналып, айналадағы ортада
болып жатқан жағдайларды хабарлайды. Есту талдауыштарының есту мүшесі үш
бөліктен құрылады: сыртқы, ортаңғы және ішкі қүлақ (Сурет 3).
Сыртқы құлак - құлак қалқанынан (I) және.сыртқы дыбыс жолынан (2)
құралган. Құлақ қалканының екі жағы терімен қапталғак шеміршек болып
келеді. Оның негізгі атқаратын қызметі ауадағы дыбыстарды қабылдап, дыбыс
өткізу жолына бағыттайды. Сыртқы дыбыс өткізу жолының ұзындыгы 30 мм, ол
терімен қапталған түтікше. Оның ішінде еріксіз бездер болады. Бұл бездердің
әсерінен құлақтың ішінде құлық түзіледі. Құлық сыртқы дыбыс жолдарына
айналадағы ортадан енстін шаң-тозандарды, микробтарды ұстап қалады.
Дыбыс өткізу жолынын-ішкі түбін сопақша пішінді жұқа дабыл жарғағы (4)
қаптап жатады. Бұл дабыл жарғағы сыртқы құлақты орташы құлақтан бөліп
турады. Жарғақ серпімді болатындықтан, дыбыс толқындарын кайталап отырады.
Ортаңғы құлак жарғақ куысынан (3) түзілген. Ортаңғы құлақтың қуысы, дыбыс
түтігі (6) арқылы қанқаға жалғасады. Бұл тәнтанымдық жол дабыл жарғағына
ортанғы құлақ қуысынан келетін ауа қысымы мең атмосфера қысымының бірдей
болуын қамтамасыз етеді. Ортаңғы құлақта бір-бірімен тізбектеле жатқан үш
дыбыс сүйектері (5) бар. Олар үзеңгі, балғашық, төс сүйектері деп аталады.
Үзеңгі сүйек балғашықты қимылдатып, іске қосады Ортаңғы құлақты ішкі
құлақтан бөліп тұратын қабақтың үстіңгі ортақ тегісінен, басқа жарғақ
керілген дөңгелек тесік болады.
Ішкі құлак қуыстар мен иірімделген өзектер жүйесінен — сүйекті
шытырманнан тұрады. Ол жарғакты шытырманды құндак (9) тәрізді қаптап
жатады. Жарғакты шытырманға сүйықтық толып тұрады. Әдетте иірім өзегінің
алдыңғы бөлігі кіреберіс (8) деп аталады Құлақтың негізгі есту мүшесі
иірім, түтік (7), ал оның алдыңғы жағына доға қуыстары орналасады. Иірім
түтік ортаңғы құлаққа төс сүйегі арқылы жанаса жалғасады.

Сурет 3 - Құлақтың кұрылысы

Иірім түтіктері өте жұқа жарғак қабықшамен бөлінеді, бұл - иірім
түтігінін негізі.
Жарғақ фиброз ұлпасынан тұрады. Ұлпа құрамында 24000 ерекше талшықтар
бар. Талшықтардың ұзыңдығы әр түрлі және олар иірім түтігінің бойымен
көлденең орналасады. Бұл талшықтардың үстінде есту жасушалы рецепторлары
бар, ал есту талдауышының шеткі бөлігі - кортиев мүшесі. Рецептор
жасушасының иірім түтігінің ішіне эндолимфаға бұрылған, ал одан есту
жүйкесі басталады. Иірім түтік қуысының қалған белін доға қуыстағы тепе-
тендік мүшеге жатады.
Адамның құлағының дыбыстарды қабылдауда белгілі шектеулері бар:
секундына 17 ден 20 мың тербеліске (гц.) дейін, 17 гц.-тен төмен
механикалық тербеліс жиілігін инфродыбыс, ал 20 мың гц. жоғары тербеліс
жиілігін -ультродыбыс дейді. Адам қартайған сайын құлақтың тербелістерді
қабылдау қасиеті азаяды.
Дыбыстарды қабылдауда тербеліс жиілігі ғана емес, сонымен бірге дыбыс
жиілігі де байқалады (қаттылығы). Дыбыс қысымының деңгейі тербеліс
амплитудасына байланысты болып, шартты өлшем бірлік децибелмен өлшенеді.
Кейбір дыбыс күштерінін салыстырмалы өлшемдері 1-ші кестеде берілген.

Кесте 1 - Әртүрлі дыбыс күшінің деңгейі

Дыбыс тітіркендіргіштері Өлшем бірліктері
(децибелмен)
1 2
Кәдімгі сөйлеу 50-60
Қатты сөйлеу 60-80
Жүріп бара жатқан жүк автомобилінің шуы. 70-80
Автомобильдің дыбыс сигналы 90
Мотоцикл шуы 100
Естудің ең жоғары шегі 130

Дыбыстын қаттылығы есту мүшесінің бейімделуін (адаптациялануын)
туғызады. Сондықтан кейбір адамдар дыбыстың жоғары қаттылығына үйренеді.
Мұндай адамдар радио, телевизор, магнитофондарды өте қатты дыбысқа қойып,
шу шығарып тындауға әуестеніп, оны әдет етеді. Дыбыс қаттылығы децибел
арқылы өлшенеді.
Дыбысты сезіну арқылы жүргізуші қозғалтқыш (двигатель) жұмысы туралы,
жол бойындағы қауіп туралы ақпарат алады. Жүргізуші дыбыстың күшін, шыққан
бағытын бағалап, жол бойы нақты және тез бағдарлайды.

2.3 Кіреберіс талдауышы

Тепе-теңдік сезімі көру мушесінен кейін дененің кеңістіктегі тепе-
теңдігін сақтайтын мүше - кіреберіс талдауышы. Жердің өзіне тарту күшінен
дененің шынығуында, еңбек етуінде және дене жаттығуында кіреберіс
талдауышының маңызы зор. Барлық рецепторлар ішінде кіреберіс мүшесі -адам
ұрығында ең алғашкы өсіп жетілетін рецептор. Әр кіреберіс мүшесі өз
жағынаң бұлшық еттерінің тойыусын басқарып отырады. Мысалы, сол жақ құлақ
кіреберіс мүшесі бұзылса, онда дененің екінші жағы басым болып, адам басы
оң жаққа карай бұрылады. Кіреберіс мүшесі ұшқыштар жұмысында, ғарышқа
ұшқанда салмақсыздық жағдайда, парашут және таудағы спортта, суда жүзгенде,
трамплиннен секіргенде, гимнастикамен шүғылданғанда, велосипед, коньки
тепкенде және кеңістікте бір бағытта болуды қажет ететін жұмыстарда (жоғары
өрмелеу, құрылыс, арматура, бояушы және тағы басқа) өте манызды.
Кіреберіс мүшесі ішкі құлақта орналасқан өте күрделі құрылысы бар
аппарат. Ол құлактың шыға беріс бөлімінен және үш доға қуысынан құрылған.
Есту жүйкесі кіреберіс мүшесіне әсер етеді. Есту жүйкесі сопақша мимен
байланысты болғандықтан, кіреберіс мүшесінің тым күшті қозуынан жүрек
жылдам немесе жай соғады, тыныс алу жылдамдайды немесе баяулайды, қан
тамыры тарылып және кеңейеді, қан қысымы жоғарылайды және төмендейді.
Сонымен қатар адам құсады, өні бозарады, маңдайынан салқын тер шығады.
Мұндай жағдайлар самолетпен ұшқанда, кеме шайқалғанда, алтыбақан тепкенде;
автомобильмен және поезбен жүргендс, кейбір дене шынықтырумен жаттыққанда
байқалады.
Автомобиль жүргізушісіне жылдамдық режімінің өзгеруінен және қозғалыс
бағытынан найда болған үдеулер үнемі әсерін тигізіп отырады. Сонымен бірге
ол автомобильдің кейбір бөліктерінің толқуына ұшырайды. (рессорлар,
жүргізуші орындығының серіппесі, шиналардың созымдылығы). Көбіне бұл
үдеулер кіреберіс мүшесінің тітіркену шегінен асып түседі (бірқалыпты үдеу-
0,1 мс2, радиаль үдеу-1 мс2).
Кіреберіс мүшесінін реакцияларын және онымен байланысқан иллюзиялық
қабылдауларды арнайы жаттығулар арқылы төмендетуге болады. Кіреберіс мүшесі
қызметінің тұрақтылығының жоғары деңгейі жүргізушінің маңызды кәсіптік
қасиеті болып табылады. Сондықтан адамдарды автомобиль жүргізуге жарамдығын
анықтау медициналық тексеруінде кіреберіс мүшесінің қызметін зерттеу
әдістері кіруі керек.

2.4 Бұлшық ет-қимыл талдауышы

Бұлшық ет сезімі. Адам үшін бұлшык ет, буын сезімі өте маңызды. Бұл
сезім арқылы біз көзімізді жұмып денеміздің қандай қалыпта екенін айыра
аламыз. Көзді жүмып, өзіміздің маңайымыздағы заттарды табамыз. Өйткені
бұлшық етте, буында, буын калтасында, сіңірде арнаулы сезім рецепторлары
болады. Қозу жүйке арқылы үлкен ми сыңарының қыртысындағы аймағына
жеткізіледі. Бұл орталықта туған сезімнін нәтижесінде бүкіл дене, аяк-қол
және бастың кеңістікте қандай жағдайда екені тура анықталады. Бұлшық еттегі
сезім арқылы біз нәрсенің салмағын, көлемін анықтаймыз, оның үйлестік
қимылына аса шеберлікпен талдау жасай аламыз. Адам бұлшық етгің дағдылы
бағыты мен қимылдарын көбірек жасан отырса (гимнастика, түрлі еңбек
кимылдары), онда дене қимылы жақсарады және жылдамдайды. Қимыл үйреншікті
іске айналады, біз ойланбастан сол қимылды дұрыс және жылдам қайталаймыз.
Оның себебі — адам денесі түрлі қимылдарды (автоматты орындалуын) орындауға
жаттығады. Мысалы, біз көшеде жүргенде аяғымызды дұрыс басып үйренсек, онда
аяқты қалай басу керектігіне уақыт кетірмей, ойланбастан сол қозғалысты
үнемі кайталайтын боламыз. Бұл талдауыш қозғалысты үйлестіруде үлкен роль
атқарады. Автомобиль жүргізуді үйреніп жүрген адам ең алдымен автомобильді
басқару мүшелерімен әрекет етуді көзімен бакылап отырады. Қозғалыс дағдысын
үйреніп, козғалыс үйлесімін меңгере, жол жағдайы туралы ақпаратты қабылдау
үшін көру туындауын босатып, бұлшык ет қимыл талдауышына сенімін білдіре
бастайды.

2.5 Автомобиль жүргізүшісінің сезінуі мен қабылдауы

Жүргізушінің психологиялык сенімділігінің бір элементі - онын жол
бойын бағдарлауға және жол қозғалысының басқа қатысушыларына байланысты өз
автокөлігінін орның анықтауга қажетті ақпаратты нақты және дер кезінде
қабылдау қабілеті.
Сезім мүшелеріне әсер ететін заттардың және қүбылыстардың жеке
касиеттерінің адам санасында байқалуын сезіну дейді. Сезіну адамның
талдауыштарының әсерінең пайда болып, сезімтал жүйкелер арқылы қажетті
акпаратты бас ми кабығындағыш орталықтарға жеткізеді.
Сезіну, көру, есту, дәм сезу, сипай сезу, тепе-тендікті сезу және т.б
болып келеді. Сезінудің көмегімен жүргізушілер үнемі заттар мен
құбылыстардың жекелеген қасиеттерін, яғни пішінін, түсін, көлемін,
козғалыстағы және қозғалмайтын объектілердің калпын, баскару мүшелерін,
жылдамдық және қозғалыс бағытын, дыбыс сигналдарын бағалай алады.
Қабылдау - бұл заттар мен құбылыстардын өз қасиеттерің және
бөлшектерімен бірге сезім мүшелеріне тікелей әсер етуінің, нәтижесінде
тұтас түрде бейнеленуі. Қабылдау аса көп талдап, біріктіру кызметің керек
ететеін құрылымды әрі белсенді психикалык әрекет.
Жүргізушінің кабылдауының сапалы болуы оның уақыт пен кеңістікті дұрыс
және жылдам кабылдауына байланысты. Кеністікті қабылдау кезінде (заттың
пішіні, үлкендігі, көлемі және заттар арасындағы ара кашыктық) жүргізуші
үшін маныздысы заттар арасындағы және өзімен сол заттарға дейінгі
қашықтықты қабылдау.
Кеңістікті қабылдауға көру өрісі, көру өткірлігі, терен көру, көзөлшем
және динамикалык көзөлшем жатады.
Көз алмасынын қозғалмаған күйіндегі көрінетін кеністік көру өрісі деп
аталады. Орташа алғанда ақ түс үшін көру өрісі сыртқа қарай 90 -қа, ішке 65
-қа, жоғары 65°-қа, төменге 75 -қа таралады. Бұл монокулярлы көру өрісі,
яғни бір көздің көру өрісі. Бинокулярлық көру өрісінде екі көзге түсетін
кескін қосылып 12О°-13О° құрайды және іс жүзінде автомобиль алдыңдағы бүкіл
кеністікті қамтиды. Көру өрісінің көлемі қарастырылатын заттың түсіне де
байланысты. Түсті объектілерге көру өрісінің өлшемі белгілі мөлшерде кіші
болады. Мысалы, көгілдір түс үшін көру өрісінің шекарасы ақ түске карағанда
10°-15° кіші, ал кызыл түс көгілдір түстен кіші. Жасыл түске көру өрісінің
шекарасы ақ түске карағанда екі есе кіші болып келеді.
Бинокулярлы көру өрісі автомобиль жылдамдығың арттырғаң сайын
кішірейеді. Көру өрісі белгілі мөлшерде кішірейгенде жүргізушілер
автомобиль жүргізуде қателіктер жіберуі мүмкін, мәселен жол жағасында келе
жатқан жаяу жүргізушіні байкамауы, объектіге дейінгі арақашықтықты дұрыс
бағаламауы және т.б.
Көздің зат пішінің көріп және нақты оның көрінісін айыра білу
қабілетін көру жітілігі (өткірлігі) дейміз. Қалыпты көрі жітілігінде ара
қашықтығы бір бұрыштық минутқа бөлінген 2 нүктені айыра алды. Өте жақсы көз
жітілігі – бұл 30 конусындағы орталық көру, жақсы көру жітілігі 5-60
конусындағы, қанағаттанарлық 120-140 конусында 140 бұрышының шегінен ары
орналасқан заттар түсі мен бөлшектері айқын көрінбейді. Көз жітілігі қиянға
(периферияға) қарай 4 есе азаяды, және бұл көру орталық көруге қарағанда
қиян немесе қырлы деп аталады. Жол белгілері 100 конусының шегінде орталық
көру өрісінде орналасуы керек.
Көздің әртүрлі объектілерге дейінгі ара қашықтықты және объектілер
арасындағы арақашықтықты айыра білу қасиетін көру тереңдігі дейміз. Дұрыс
кеңістікті қабылдау жолда үнемі кездесетін заттардың өлшемін білуімен
жетіледі.
Ара қашықтықты анықтау үшін жүйелі түрде жүргізілетін жаттығулар
көзөлшемді жетілдіреді – бұл кәсіптік шеберліктің бір элементі болып
келетін жүргізушілердің қасиетін дамытады. Жаңадан үйреніп жүрген жүргізуші
жол енінің тарылуына байланысты оның жалпақтығын дұрыс бағалай алмай,
негізделмеген дыбыс сигналдарын береді, жылдамдықты төмендетеді, тіпті
автомобильді тоқтатуға дейін барады. Үлкен автомоблиьден кіші автомобильге
немесе керісінше ауысқан кезде жол енін бағалауда тәжірибелі жүргізушілер
де қателіктер жібереді. Мұны жүргізушінің көзінен жол жамылғысына дейінгі
жәнеонда орналасқан жол объектілеріне дейінгі ара қашықтың өзгеруіне
байланысты түсіндіруге болады. Жүргізуші жоғалтқан дағдысын қайта қалпына
келтіру үшін 2-3 аптадан уақыт қажет. Бұл жағдайды жүргізушілерді қайтадан
оқытқанда ескеру керек. Әсіресе, жүргізушіден қозғалысты объектіге дейінгі
ара қашықтықты қабылдап бағалау қиындау болып келеді (автомобильдер, жаяу
жүргіншілер). Қозғалыстар объектілерді қабылдау динамикалық көзөлшемінің
көмегімен жүзеге асады. Динамикалық көзөлшемінің негізіне ара қашықтықпен
уақытты қабылдау және жылдамдық пен қозғалыс бағытын қабылдау жатады.
Жақсы жетілген көзөлшем жүргізушіге ара қашықтық пен интервалды
таңдауда, кедергіні айналып өтуде, басып озуда, қақпаға кіруде,
реттелмейтін жол қиылысының айырылысуында (разъезінде) және жүріс
жолақтарының ауысуында қажетті.
Ф.Гальтонмен ұсынылған. Зерттеу мақсаты - көзөлшем сызғышының
пайдаланып орташа қателік әдістемесімен көзөлшемді бағалау.
Зерттеу тәртібі: Қарапайым сызғыштан оңай жасауға болатын көзөлшем
сызғышы (1000 мм) тұғырға орнатылады (сурет 4). Студентке көрсетілген
сызғыштың теріс жағының тура ортасына анық жіңішке сызық белгіленеді.
Сызғышқа екі рейтор кигізіледі.

Сурет 4 - Көзөлшем сызғышы

Студент үстелде тұрған сызғыштан 0,5 м. қашықтықта отырады. Оқытушы:
Сіздердің алдарыңызда ортасында қара сызығы бар және 2 қозғалтқыш (движок)
орналасқан ақ сызғыш берілген. Мен бір қозғалтқышты осы сызықтан белгілі
бір арақашықтықта жылжытамын. (Қозғалтқыш сызғыштың зерттеушіге қараған
жағында, мысалы, 120 мм.екені анық көрініп тұруы керек). Сіздің мақсатыңыз
екінші қозғалтқышты жылжытып ортаңғы сызықтан екінші жағына сондай
арақашықтыққа қою. 3-4 рет жаттығыңыздар. Бірнеше өлшем жасалғаннан кейін
Тағы осы тәртіппен, бірақ керісінше қозғалтқышты сызғыштың ортаңғы
сызығына қарай жылжытыңыз деген нұсқау беріледі. Нәтижелері 2-ші кестеде
көрсетілген кестеде көрсетілген хаттамаға тіркеледі.

Кесте 2 - Сызықтағы көзөлшемді зерттеу хаттамасы
Өлшеу N= 120 мм. (өсіруге) N= 120 мм. (азаюға)
нөмірі, n
Зерттелушінің Жеке Зерттелушінің Жеке
көрсеткіштері қателіктер, көрсеткіштері қателіктер,
m1 m2
1 2 3 4 5
1 118 -2 121 +1
2 122 +2 123 +3
3 123 +3 117 -3
...
10
∑ 35 ∑ 25

Орта қателік М әрбір өлшеу серияларына (М1 және М2) төменгі формула
бойынша есептеледі (жеке қателіктер қосындысының өлшеулер санына қатынасы)

М ═ ∑ m0 n
(1)

Берілген мысалда

М1 ═ 3510 ═ 3,5 мм және М2 ═ 2510 ═ 2,5 мм.

Екі сериядағы қателік

М ═ (М1 + М2)2
(2)

М ═ (3,5+2,5)2═ 3,0 мм

Көзөлшем көрсеткіші

МN ═ 3120 ═ 140 ═ 0,025
(3)

Берілген мысалда алынған шама жеке көрсеткішті салыстыруға қажетті
орташа көзөлшемге тең.

2.5.1 Түйсік пен қабылдау арақатынасы
Түйсік пен қабылдау өзара тығыз байланысқан жан құбылыс тары.
Бұлардың екеуі де біздің санамыздан тэелсіз жасап, түйсік мүшелеріміздің
әсерленуінен туындайтын объектив шындықтың сезімдік бейнесі. Бұл тараптан
түйсік пен қабылдау өзара жақын келеді. Бірақ қабылдау - нақты затты немесе
құбылыс ты сезімдік тануға негізделеді, қабылдауда біз көз алдымызға
белгілі мағынаға толы адамдар, заттар, құбылыс тар элемін келтіреміз және
олардың бәрін де өзара күрделі, әрқилы қатынастарға түскенін байқап
білеміз. Осы қатынастар арқасында куэсі мен қатысушысы өзіміз болған мәнді
де маңызды жағдайлар (ситуации) түзіледі. Ал түйсік болса - қоршаған орта
әсерінен болатын бірақ толық жетілмеген, нақты заттық кейіпке келмеген жеке
сезімдік қасиеттердің бейнеленуі. Бұл турғыдан түйсік пен қабылдау сананың
екі әр-түрлі формалары немесе заттық дүниеге деген екі бір-біріне
ұқсамаған қатынастарын білдіреді. Осыдан, түйсік пен қабылдау өзара
бірліктеде сондай-ақ өзіндік ерекшеліктеріне ие. Олар психикалық
бейнелеудің сезімдік - кабылдау (сенсорно-перцептивный) деңгейін құрайды
Бұл деңгейде әңгіме біздің сезім мүшелерімізге заттар мен құбылыстардың
тікелей әсер етуінен пайда болатын бейнелер жөнінде болуы мүмкін.

2.5.2 Түйсік түсінігі
Қоршаған орта мен өз тәніміз жөніндегі біліктердің негізгі көзі -
біздің түйсіктеріміз. Олар қоршаған орта мен ағза қалпы жөніндегі
ақпараттардың миға жетіп, адамның төңіректегі дүние ортасы мен өз тәніне
байланысты ба-ғыт-бағдар түзуіне қажетті негізгі өзек, арнаны құрайды. Егер
осы өзектер жабық болып, сезім мүшелері керекті ақпараттарды жеткізіп
тұрмағанда, ешқандай саналы өмір жөнінде әңгіме ету мүмкін болмас еді.
Деректерден белгілі болғандай,тұрақты ақпарат көзінен айрылған адам
мүлгіген кейіпке түседі. Мұндай жағдай адамда кенеттен көру, есту, иіс сезу
қабілетінен айрылып немесе сана сезімі қандай да сырқатқа байланысты
шектелсе, керініс береді. Бұл кейіпте адам алғашқыда ұйқы құрсауына
шырмалып, кейін төзіп болмас күйзеліске ұшырайды.
Көптеген байқаулардың көрсеткеніндей, ерте балалық шақта керендік пен
зағиптіктен жеткілікті ақпарат ала алмаудан адамның психикалық дамуы күрт
тоқтайды. Егер соқыр-керең болып туған баланы немесе ерте жастан мұндай
халге душар болған субъектті арнайы оқытып, кемістіктердің орнын толтырудың
жолдары мен әдістерін үйретпесе, олардың психикалық дамуы өрістей алмай, өз
бетінше кемелденуі біржола жойылады.

2.5.3 Түйсіктер жөнінде ғылыми көзқарастар
'Ғұйсіктер адамға қоршаған орта мен өз тәнінің нышандарын қабылдап,
олардың қасиеттері мен белгілерін бейнелеуге мүмкіндік береді. Олар адамды
төңіректегі дүниемен байланыстырып, негізгі таным көзі ретінде қызмет
етеді, солар арқасыңда адамның даму мүмкіндігі ашылады. Бірақ аталған
тұжырымдардың айдан-анықтығына қарамастан, философия тарихында
олар бірнеше рет күмәндікпен сынға алынды. Идеалист философтар түйсікті
біздің саналы өміріміздің емес, ол табиғаттан берілген, сыртқы әсерлерге
тәуелсіз санамыздың ішкі қалпы, ақыл-ой қабілетіміз, - деп топшылаған.
Рационализм философиясының негізіне алынған Мұндай көзқарас мәні:
психикалық процестер күрделі тарихи дамудың жемісі емес, сана мен ақылдың
қоғамдық болмысқа қатысы жоқ, олардың бәрі адам рухының түсіндіріп болмас,
тума берілген қасиеті. Идеалистік тұжырымдарды қолдаушы философтар мен
психологтар түйсіктердің адамды сыртқы дүниемен байланыстыратыны жөніндегі
күмәнсіз ережені жоққа шығарып, олардың адамды қоршаған дүниеден бөлектеп,
екі араға ажыратқыш дуал болып түседі деген қисынға келмейтін пікірдің
дұрыстығын дәлелдегісі келеді.
Бұл көзқарасты кезінде философ-идеалистер (Д. Беркли, Д.Юм, Э.Мах)
ұсынып, ал оның негізінде психологтар (Мюллер, Г.Гельмгольц) "сезім
мүшелерінін ерекше энергиясы" деген теорияны нақтылады. Бұл теорияның
астарында сезім мүшелерінің әрқайсысы (көз, құлақ, тері, тіл) сыртқы дүние
әсерлерін бейнелемейді, нақты шындық процестерден хабар бермейді, болғаны -
сырттан өзінді процестерді қоздырушы ықпалдарды гана қабылдайды декен
пікір жатыр. Бұған идеалистердің қелтіретін дәлелі: көзге қандай да әсер
болса, жарқыл туындайтынын, құлаққа механикалық не электірлі әсерден ызың
пайда болатынын алға тартады. Осыдан, сезім мүшелері сыртқы әсерлерді
бейнелемей, олардан тек қозу күшін алады, ал адам қоршаған дүниенің
объектив әсерлеріне ұшырамай, сезім мүшелерін әрекетін бейнелейтін өзінің
субъектив кейпін ғана тани алады дегендей қорытынды пайымдайды. Бұл сезім
көзі-түйсік адамды қоршаған дүниемен байланыстырмай, олар арасын ажырата
түседі деген сөз. Субъектив идеализм негізінде алынған бұл қорытынды адам
тек өзін ғана тануға қабілетті, ол өзінен басқа болмыс барлығын дәлелдейтін
ешқандай дерек көзіне ие емес деген кертартпа теорияға арқау болды.
Субъектив идеализм теориясы адамның сыртқы дүниені объектив бейнелеу
мүмкіндігі жөніндегі ғылыми көзқарасқа тікелей қарсы. Сезім мүшелерінің
эволюциясын зерделі зерттеу нәтижесінде ұзаққа созылған тарихи дамудың
жемісі ретінде объектив болмыстағы материя қозғалысының формаларын
қабылдайтын органдардың (рецепторлар), дыбыстық тербелістерге жауап қатушы
тері рецепторларынын сондай-ақ белгілі диапазондағы электромагниттік
толқындарды бейнелеуші көру рецепторларының қалыптасқаны белгілі болып
отыр. Организм эволюциясын зерттеу арқылы ғылым адам психикасы сезім
органдарының өзіндік ерекше энергиясымен қатынас жасамай, әрқандай сыртқа
энергияларды қабылдап, оған жауап беретін ерекше сезім мүшесімен байланысқа
келетінін дәлелдеді. Ал, құлақ не көзде қандай да әсерден ызың не жарқылдың
пайда болуы сол қабылдаушы аппараттың жоғарғы мандандырылғанын", сонымен
бірге өздерінің жұмыс атқару сипатына тура келмеген әсерлерге жауап
қатпайтынын.
Әртүрлі сезім органдары қызметінің жоғарғы дәрежеде жіктелуі олар
негізінде ерекше құрылым — "рецепторлардың" болуынан ғана емес, сондай-ақ
шеткі сезім органдары қабылдаган сигналдарды орталық жүйке аппаратына
жеткізуші жоғары дәрежеде "маманданып", жетілген нейрондарға да байланысты.

2.5.4 Түйсіктердің физиологиялық негізі
Сонымен, түйсік - дүние хақындағы біздің барша білімдерімізідің
бастау көзі. Сезім мүшелеріне әсер етуші объектив заттар мен құбылыс тар
тітіркендіргіштер деп аталады да, ал олардың әсерінен сезім мүшелерінде
туындайтын құбылыс - тітіркену деп қабылданған. Тітіркенуден ез кезегінде,
жүйке тарамдарында қозу пайда болады. Түйсік жүйке жүйесінің қандай да
тітіркендіргішке жауапты реакциясы ретінде туындап, әрқаңдай психикалық
құбылыс секілді рефлекторлық сипатқа ие.
Түйсіктің физиологиялық механизмі - арнайы жүйке тетігі талдағыш
(анализатор) қызметі. Әр талдағыш үш бөліктен тұрады: 1) сыртқы энергияны
жүйке процесіне қосушы дененің шеткі бөліктерінде жайласқан рецепторлар; 2)
қозуды орталық жүйке бөлігіне жеткізуші афференттік немесе сезімтал
жүйкелер; 3) шеткі бөліктен жеткен жүйке импульстарын өңдеуші талдағыштың
ми қабығындағы бөліктері. Анализаторлардың ми қабығы аймағында нақты
рецептор жасушаларына сай арнайы мекендері болады. Түйсік пайда болуы үшін
барша талдағыштардың тұтастай, бірлікті қызметі кажет. Сонымен бірге олар
енжар қабылдаушы ғана емес, тітіркеңдіргіштердің әсеріне орай икемді
өзгеріске келе беретін мүше, мүңдай өзгерістерге қажет талдағыштар өз
құрылымында өз құрылымында қозғаушы тетіктерге де ие. Мысалы, тері қабатына
инемен әсер етілсе, ол жер діріл қағатыны байқалады, осындай
тітіркендіргіштерден тамыр тартылуы, тері жиырылуы, ал кей кездері көз
аудару, мойын бұру қол қагыстары және т.б. бәрі де түйсік реакцияларына
байланысты туындайтыны белгілі.
Сонымен, түйсіктер тіпті де енжар процесс емес, олардың олардың
белсеңділігі ерекше. Бұл процестердің бәрінің де белсенділік сипаты
түйсіктердің өзінше жауап әрекетке келу (рефлекторлық) қасиетінен туындап
отыр.

2.5.5 Түйсік түрлері
Түйсіктер сезім мүшелерімізге байланысты көру түйсігі, дәмтүйсігі,
иіс түйсігі, тері түйсігі, кинестетикалық, вибрациялык және органикалык
болып бірнеше тургу бөлінеді. Ежелден-ақ адам өзінің сыртқы бес сезім
мүшесіне орай көру, есту, сипау, иіс және дәм түйсіктерін ажыратқан.
Қазіргі кезде сыртқы және ішкі ортаны рецептор бейнелейтін 20-дан астам
түрлі талдағыштар бары белгілі А.Р.Лурияның пайымдауынша, түйсіктер негізгі
екі принцип бойынша жіктеледі: а) жүйелі-генетикалық (қызметіне орай), б)
құрылым күрделілігі мен деңгейіне байланысты.
Түйсіктердің ең ірі және маңызды түрлерін үш топқа жіктеу
қабылданған: интероцептік. проприоцепт экстероцептік.
Интероцептік түйсіктер дененің ішкі процестеріне байланысты, яғни
ішек, қарын, жүрек, қан тамырлары мен басқа да ішкі құрылым қатпарларындағы
тітіркенулерді миға жеткізіп отырады. Түйсіктердің бұл тобы тірі ағзаларда
пайлі болу жағынан ең ежелгілерден әрі өте қарапайым турі. Интероцептік
түйсіктердің пайда болуы мен олардың жүрісін түсіңдіріп білу өте қиын,
сонымен бірге нақты қозу нүктесіне ие емес, яғни диффуздық күйде болады,
осыдан бұлар адамның көңіл-күй (эмоциональ) қалпына жақыңдау келеді.
Проприоцептік түйсіктер дененің кеңістіктегі қалпы жөніңдегі ақпараттармен
қатамасыз етіп, адам қозғалысының сезімдік (афференттік) негізін құрап,
оларды реттеп отырады Бұл түйсіктер тобының шеткі (перифериялық)
рецепторлары. бұлшық еттер мен буыңдарда ерекше жүйке тәндері формасында
берілген (тельца Паччини). Осы жүйкелік тәндерде пайда болатын қозулар
бұлшық еттер созылғанда буыңдар қалпы өзгергенде туыңдайтын түйсіктерді
бейнелейді. Аталған топқа, сонымен бірге, ерекше қасиеттерге ие теңдестік
және тұрақтылық түйсіктері де кіреді. Олардың перифериялық рецепторлары
ішкі құлақтыц (внутреннес ухо) шеңберлі сайларыңда жайласқан.
Экстероцептік түйсіктер ең үлкен түйсіктер тобын құрайды. Бұл
түйсіктердің қызметі сыртқы дүние ақпаратын адам сезіміне жеткізу және
қоршаган ортамен үздіксіз байланысты орнату. Барша экстероцептік түйсік-тер
тобы шартты турде аралық (дистантные) және түйісу (контактные) түйсіктері
деп аталған екі бөлікке жіктеледі.
Түйісу түйсіктері әсерлердің дене бетіне немесе сезу мүшелеріне
тікелей жанасуынан іске қосылады. Мұндай түйсіктердің мысалы ретінде тері
сезуі мен дәм сезуін келтіруге болады.
Аралық түйсіктері тітіркендіргіштердің сезімтал мүшелерге біршама
қашықтықтан әсер етуінен туындайды. Бұл топқа жататындар: иіс сезу, есіту
және көру түйсіктері.
Генетикалық жіктеуге байланысты түйсіктерді екі топқа бөлу көзделген:
1) протопатикалык - өте қарапайым, шарпулы (аффектті), толық жіктеліп,
мекенделмеген органикалық сезімдер (ашығу, шөлдеу және т.б.); 2)
эпикритикалық - жоғарғы дәрежеде жіктеуге келетін, себеп-салдарлы және
рационалды (санамен барластырылатын), яғни адамның негізгі сезім
мүшелеріңде пайда болатын түйсіктер.

2.5.6 Түйсік қасиеттері
Түйсіктердің әрқандай турі өздерінің жеке ерекшеліктерімен ғана
ажыралып қоймастан, өзара ортақ қасиеттерге іе Мұндай қасиеттер: түйсік
сапасы, түйсік қарқыны, түйсік ұзақтығы және түйсіктің кеңістік мекеңдігі.
Түйсік сапасы - нақты түйсік турінің оны басқа түйсіктерден
ажырататын және сол түйсік шеңберіңде көрініс беретін дара негізгі
ерекшелігі. Түйсіктердің осы сапалык көп түрлілігі материя қозғалыс
формаларының шексіз саналуандығын дәлелдейді.
Түйсік карқыны - түйсіктің сандық сипатын білдіреп, өз кезегінде әсер
етүші тітіркендіргіштің күші және рецептордың қызметтік жағдайымен
анықталады.
Түйсік ұзақтығы - түйсіктің уақыт аралығына байланысты сипаты. Бұл
қасиет сезім мүшесінің қызметке жарымдылық қалпымен анықталады да,
негізінен, тітіркендіргіш әсерінің уақыт созыңқылығы мен қарқынына
байланысты келеді. Тітіркеңдіргіштердің сезімдік мүшеге әсер етумен түйсік
пайда бола қалмайды, ол үшін біршама жасырын (латенттік) уақыт өтуі қажет.
Әртүрлі түйсіктің лагенттік уақыты әрқилы: мысалы, сипай сезу түйсіктері
үшін 130 мс, ауырсыну түйсіктеріне - 370, ал дәм түйсіктері үшін 50 мс өзі
де жеткілікті.
Түйсіктің тітіркеңдіргіш әсерінің басталуымен бірге туындайтынындай,
оның сөнуі де әсер аяғына тура келеді Түйсіктің мұндай инерциясы әсерден
соң да біршама уақыт өз жалғасын тауып жатады. Қарсыда жарқырап турған шам
кенеттен сөне қалса, көз алдыңызда шам орныңдағы жарқылдың біраз уақыт
елестеуі осы құбылыстан.
Түйсіктер үшін тітіркендіргіштің кеңістік мекендігі (пространственная
локализация) де тән қасиет. Әрқаңдай тітіркендіргіш әсері дене бетінде,
жалпы кеңістікте белгілі мекенге ие. Сондықтан түйісу (контактные)
түйсіктер тіркеңдіргіштер әсер еткен дене бөлігіне ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Автокөлік тасымалының көбеюі
Жарнамада шығармашылық психологиясы
Жүргізушінің сенімділігін анықтайтын факторлар
Аймақтарда автокөлікпен тасымалдауды ұйымдастыру мен басқаруды жетілдірудің тәжірибелік негіздері
Темперамент туралы түсінік
Мәдениет және қоғам көзқарасы тұрғысынан жарнамалық іс-әрекеттің психологиялық проблемалары
ДЕВИАЦИЯ ЖӘНЕ ДЕВИАНТТЫ БАЛАЛАРДЫҢ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ СИПАТТАМАСЫ
Мектепке бейімделмеудің психологиялық мінездемесі
Қазақ отбасындағы қыз баланың ұлттық ерекшеліктері
Баланың сөйлеу жүйесінің қалыптасуы
Пәндер