Еңбекті қорғауды басқару жүйесі



Дәріс №1.Еңбекті қорғау
Дәріс №2.Еңбекті қорғауды басқару
Дәріс №3.Қайғылы оқиғаларды тергеу,есепке алу және сараптау.
Дәріс №4.Ауалы ортаны қалпына келтіру.
Дәріс №5.Жұмыс аймағы ауасының құрамыңдағы зияңды заттар.
Дәріс №6.Өңдірістік бөлмелердің ауасын баптайтын (қалпына келтіретін) құралдар.
Дәріс №7. Ауа ортасының күйін бақылау.
Дәріс №8.Жылу сәулелерден және зияңды заттардаң сақтайтын сауықтыру іс.шаралар мен жеке қорғау құралдары.
Дәріс №9.Өңдірістік жарықтандыру.
Дәріс №10.Өңдірістік шуылдан қорғау.
Дәріс №11.Адам организіміне электр тоғының тигізетін әсері.
Дәріс №12.Электр тоғы соғудан қорғайтын құралдар мен техникалық тәсілдер.
Дәріс №13.Оқшаулауларды бақылау.
Дәріс №14.Қысым астында болатын пайдаланатын жүйелердің қауіпсіздігі.
Дәріс №15.Жүккөтергіш машиналарды пайдалану кезіндегі еңбек қауіпсіздігі.
Дәріс №16.Өрт қауіпсіздігі.
Еңбек дегеніміз қоғамның материалдық және рухани кажеттіліктерің қамтамасыз етуге бағытталған адамның нысаңды қызметі.Еңбек ету үрдісі кезінде адам өңдірістік құралдармен,өңдірістік орта және еңбек заттарымен тікелей байланыста болады.Сондықтан адам денсаулығына және оның жұмыс атқару қабілеттілігіне табиғаты жағынан әр түрлі факторлар өз әсерін тигізеді.Осы өңдірістік факторлардың әсері қандай жағдайға әкеліп соғатынына байланысты,олар қауіпті және зияңды өңдірістік факторлар болып 2 түрге бөлінеді.
1)Қауіпті өңдірістік фактор деп ─ жұмысшының белгілі бір жағдайда жарақаттанып қалуына немесе денсаулығының күрт нашарлауына әкеліп соғатын факторды айтады.
2)Зияңды өңдірістік фактор деп ─ жұмысшының белгілі бір жағдайда науқастанып қалуына немесе жұмыс атқару қабілеттілігінің томендеуіне әкеліп соғатын факторды айтады.Өзінің сипаты және әсер ету ұзақтығына байланысты,зияңды фактор қауіпті факторға ауысып кету мүмкін.
Адам организіміне әсер ету бойынша қауіпті және зияңды өңдірістік факторлар 4 топқа бөлінеді:физикалық,химиялық,биологиялық және психофизиологиялық.
Физикалық қауіпті және зияңды өңдірістік факторларға жататындар:
а)Технология мен жабдықты сипаттайтын факторлар:қозғалыстағы машиналар мен механизімдер;жабдықтың қозғалмалы механизімдері;материалдар мен жабдық беттерінің температурасы;электртізбектегі кернеудің жоғары болуы және т.б. факторлар.
б)Өңдірістік ортаны сипаттайтын факторлар ─ жұмысшы зона ауасының шаң және газбен ластануы;жұмысшы зона температурасының төмен не жоғары болуы;ауаның тым ылғал болуы;табиғи және жасаңды жарықтың жетіспеуі.
Химиялық қауіпті және зияңды өңдірістік факторлар:Адамға тигізетін әсерінің сипатына байланысты:токсикалық (организімнің улануын қоздарады);тітіркендіргіш (тыныс алу жолдарының тітіркенуі);канцерогендік (рак ауруларын қоздырады);мутагендік (тұқымқуалаудың өзгерісін қоздырады) және т.б. факторлар.
Биологиялық қауіпті және зияңды өңдірістік факторлар,келесі биологиялық обьекттерді қамтиды:патогендік микроорганизімдер (бактериялар,вирустар);макроорганизімдер (өсімдіктер,жануарлар).
Адамға тигізетін әсерінің сипатына байланысты психофизиологиялық қауіпті және зияңды өңдірістік факторлардың болінуі:физикалық (статикалық және динамикалық) және жүйке жүйенің жүктенуі.
Еңбек қауіпсіздігі ─ жұмысшыларға әсерін тигізетін қауіпті және зияңды өңдірістік факторлардың жоқ болғандағы еңбек жағдайын жасау.
Еңбекті қорғау ─ адамның еңбек ету үрдісінде оның денсаулығы мен жұмыс атқару қабілеттілігін сақтайтын және қорғайтын әлеуметтік,экономикалық,ұйымдық,техникалық,гигиеналық және сауықтыру іс-шаралар мен құралдардың заңды актілер жүйесін айтады.

Дәріс №1.Еңбекті қорғау
Еңбек дегеніміз қоғамның материалдық және рухани кажеттіліктерің қамтамасыз
етуге бағытталған адамның нысаңды қызметі.Еңбек ету үрдісі кезінде адам
өңдірістік құралдармен,өңдірістік орта және еңбек заттарымен тікелей
байланыста болады.Сондықтан адам денсаулығына және оның жұмыс атқару
қабілеттілігіне табиғаты жағынан әр түрлі факторлар өз әсерін тигізеді.Осы
өңдірістік факторлардың әсері қандай жағдайға әкеліп соғатынына
байланысты,олар қауіпті және зияңды өңдірістік факторлар болып 2 түрге
бөлінеді.
1)Қауіпті өңдірістік фактор деп ─ жұмысшының белгілі бір жағдайда
жарақаттанып қалуына немесе денсаулығының күрт нашарлауына әкеліп соғатын
факторды айтады.
2)Зияңды өңдірістік фактор деп ─ жұмысшының белгілі бір жағдайда
науқастанып қалуына немесе жұмыс атқару қабілеттілігінің томендеуіне әкеліп
соғатын факторды айтады.Өзінің сипаты және әсер ету ұзақтығына
байланысты,зияңды фактор қауіпті факторға ауысып кету мүмкін.
Адам организіміне әсер ету бойынша қауіпті және зияңды өңдірістік
факторлар 4 топқа бөлінеді:физикалық,химиялық,биологи ялық және
психофизиологиялық.
Физикалық қауіпті және зияңды өңдірістік факторларға жататындар:
а)Технология мен жабдықты сипаттайтын факторлар:қозғалыстағы машиналар мен
механизімдер;жабдықтың қозғалмалы механизімдері;материалдар мен жабдық
беттерінің температурасы;электртізбектегі кернеудің жоғары болуы және т.б.
факторлар.
б)Өңдірістік ортаны сипаттайтын факторлар ─ жұмысшы зона ауасының шаң және
газбен ластануы;жұмысшы зона температурасының төмен не жоғары болуы;ауаның
тым ылғал болуы;табиғи және жасаңды жарықтың жетіспеуі.
Химиялық қауіпті және зияңды өңдірістік факторлар:Адамға тигізетін
әсерінің сипатына байланысты:токсикалық (организімнің улануын
қоздарады);тітіркендіргіш (тыныс алу жолдарының тітіркенуі);канцерогендік
(рак ауруларын қоздырады);мутагендік (тұқымқуалаудың өзгерісін қоздырады)
және т.б. факторлар.
Биологиялық қауіпті және зияңды өңдірістік факторлар,келесі биологиялық
обьекттерді қамтиды:патогендік микроорганизімдер
(бактериялар,вирустар);макроорганиз імдер (өсімдіктер,жануарлар).
Адамға тигізетін әсерінің сипатына байланысты психофизиологиялық
қауіпті және зияңды өңдірістік факторлардың болінуі:физикалық (статикалық
және динамикалық) және жүйке жүйенің жүктенуі.
Еңбек қауіпсіздігі ─ жұмысшыларға әсерін тигізетін қауіпті және зияңды
өңдірістік факторлардың жоқ болғандағы еңбек жағдайын жасау.
Еңбекті қорғау ─ адамның еңбек ету үрдісінде оның денсаулығы мен жұмыс
атқару қабілеттілігін сақтайтын және қорғайтын
әлеуметтік,экономикалық,ұйымдық,тех никалық,гигиеналық және сауықтыру іс-
шаралар мен құралдардың заңды актілер жүйесін айтады.
Қауіпсіздік техникасы ─ жұмысшыларға әсерін тигізетін қауіпті
өңдірістік факторларлы болдырмайтын техникалық құралдар мен ұйымдық іс-
шаралар жүйесі.
Өңдірістік санитария ─ жұмысшыларға әсерін тигізетін зияңды өңдірістік
факторларды мүлде болдырмайтын немесе оларды азайтатын техникалық құралдар
мен іс-шаралардың жүйесі.
Еңбекті қорғаудың тағы бір ажырамас бөлігі ретінде өрт қауіпсіздігін
айтуға болады.Өрт қауіпсіздігі ─ өрттің пайда болуын,оның одан әрі даму
мүмкіңдігін және адамдар мен материалдық байлықтарға тигізе алатын қауіпті
факторларды болдырмау.
Дәріс №2.Еңбекті қорғауды басқару
1.Еңбекті қорғауды басқару жүйесі.
Еңбекті қорғауды басқару ─ адамның еңбек ету үрдісі кезінде оның денсаулық
қауіпсіздігімен оны сақтауға бағытталған
ұйымдық,техникалық,гигиеналық,сауық тыру іс-шараларын дайындап оларды
қабылдап жүзеге асыруды айтады.Кәсіпорындағы еңбекті қорғауды басқару осы
кәсіпорынды басқаратын толық жүйенің бір тізбегі.
Еңбекті қорғаудың обьекті ретінде жұмыс орындарда,цехтарда,өңдірістік
учаскілерде және де кәсіпорындарда толығымен қауіпсіз еңбекті
ұйымдастыратын структуралық бөлімшелер қызметтерді айтады.Кәсіпорындарда
еңбекті қорғауды басқаруды орындайтын бас инженер.Еңбекті қорғауды басқару
жөніңде ұйымдық-әлеуметтік жұмысты еңбекті қорғау қызметі орындайды,осы
еңбекті қорғау қызметі кәсіпорынның бас инженеріне тікелей бағынышты.
Еңбекті қорғауды басқару жүйесінің нормативтік негізі ретінде еңбекті
қорғау туралы заңдар,қаулылар,стандарттар,нормала р,ережелер және басқа да
еңбек қауіпсіздігі жоніңдегі нормативтік құжаттарды айтады.
Еңбекті қорғауды басқару келесі мәселелерді шешеді:өңдірістік жабдықтар
мен жұмыс орындарды қауіпсіздікпен қамтамасыз ету;жұмысшылардың жұмыс жасау
және демалу режимдерін оптималдау(жақсарту);жұмысшыларды емдеп-сауықтыратын
қызметті ұйымдастыру;әрбір мамаңдық бойынша жұмысшыларды кәсіби тұрғыдан
іріктеу;жұмысшыларды еңбек қауіпсіздігіне үйрету.

2.Еңбекті қорғау жөніңдегі білімді арттыру.
Жұмысшылар мен инженерлік-техникалық қызметкерлерді әр түрлі
инструктаждарды өткізу арқылы еңбекті қорғауға үйретеді.Өзінің өткізу
уақыты мен сипатына байланысты инструктаждар 5 түрге бөлінеді: 1)кіріспе,
2)жұмыс орныңдағы алғашқы, 3)қайталама, 4)жоспардан тыс, 5)ағымдағы.
Кіріспе инструктаж ─ жаңа ғана практикаға келген студенттер мен жаңадан
жұмысқа қабылданатын барлық адамдарға жүргізіледі.
Жұмыс орныңдағы алғашқы инструктаж ─ жаңа жұмыс түрін орындайтын
жұмысшылар мен қызметкерлерге жүргізіледі.
Қайталама инструктаж ─ 6 айда бір рет барлық жұмысшылар мен
қызметкерлерге жүргізіледі.
Жоспардан тыс инструктажды еңбекті қорғау жөніңдегі ережелер
өзгергенде,кәсіпорындағы жабдық пен құрал-саймандарды ауыстырғанда
өткізеді.
Ағымдағы инструктажды жұмысшыларға өңдірістік жұмысты бастамас бұрын
жүргізеді.
Жоғарыда айтылған барлық инструктаждарды өткізу және еңбекті қорғау
жөніңдегі білімді тексеру арнайы журналда тіркеледі.

Дәріс №3.Қайғылы оқиғаларды тергеу,есепке алу және сараптау.
Қайғылы оқиға дегеніміз ─ өңдірісте жұмысшыға қауіпті өңдірістік фактордың
әсер ету жағдайы.Өңдірістегі қайғылы оқиғаларды тергеу және есепке алу
жұмыстарын Өңдірістегі қайғылы оқиғаларды тергеу және есепке алу ережесі
бойынша орындайды.Тергеуге келесі қайғылы оқиғалар түседі: кәсіпорын
территориясында болатын оқиғалар;кәсіпорын сыртында,бірақ, кәсіпорын
жұмыстарын орындау кезіндегі болатын оқиғалар;кәсіпорын ұсынғаң көлікпен
жұмысқа бара жатқанда немесе жұмыстан қайтып келе жатқанда болатын
оқиғалар.
Қайғылы оқиға орын алған жағдайда кәсіпорын әкімшілігі коммиссия
құрады,оның құрамына бөлімше бастығы,еңбекті қорғау жоніңдегі
инженер,қоғамдық инспектор кіреді,осы коммиссияның міңдеті 24 сағат ішінде
қайғылы оқиға себебін анықтап, келесіде қайталануын болдырмау үшін іс-
шараларды жасау болып негізделеді. Ал енді ауыр,ажалды және топтық қайғылы
оқиғаларды тергеу және есепке алуды,құрамында техникалық еңбек инспекторы,
кәсіпорын басшысы, кәсіподақ өкілі,мемлекеттік қадағалау мекемесінің
инспекторы бар коммиссия орындайды.
Жарақаттану жағдайының сараптамасы әр түрлі әдістер арқылы жүзеге
асады.Осы әдістердің ішінде кең тарағандардың бірі статикалық әдіс. Осы
әдіс бойынша байқау және статикалық материалды жинастыру жұмыстарын
жүргізу арқылы, біз қайғылы оқиғалардың саны мен ауырлық сипатын
анықтаймыз.Жарақаттану жағдайын толығымен бағалау және салыстыру үшін,
келесі көрсеткіштер қолданылады: жиілік коэффициенті Кж және ауырлық
коэффициенті Ка.
Жиілік коэффициенті Кж ─ есептік период кезінде 1000 жұмысшыға келетін
қайғылы оқиғалардың саның анықтайды. Кж=Т·1000Р
Осында:Т – есептік период кезінде жарақаттанғандардың жалпы саны;
Р – осы период кезіндегі жұмысшылардың орташа саны.
Ауырлық коэффициенті Ка ─ әрбір жарақаттанғаң жұмысшының уақытша
еңбекке жарамсыз орташа ұзақтығын анықтайды. Ка=ДТ
Осында: Д – жарақат салдарынан жұмысқа жарамсыз күндердің қосындысы; Т –
есептік период кезінде жарақаттанғандардың жалпы саны
Өңдірістік жарақаттанудың деңгейін бағалау үшін, толық жарақаттану
көрсеткіші қолданылады. Кт=Кж·Ка=Д·1000Р
Монографиялық әдіс ─ тексерілетін обьектті терендете зерттеуге
негізделеді.Зерттеуге еңбек және технологиялық үрдістер, қолданатын құрал-
саймандар, жеке және ұжымдық қорғау құралдары түседі.
Эргономикалық әдіс ─ адам – машина - өңдірістік орта жүйесін кешенді
түрде зерттеуге негізделеді.
Топографиялық әдіс ─ қайғылы оқиғаның қай жерде болғаның, себебі мен
жағдайын зерттейді.
Топтық әдіс ─ қайғылы оқиғалардың бөлек-бөлек біртекті сипаттардың
қайталануын анықтауға мүмкіндік береді.(жарақаттану
уақыты,жарақаттанғандардың мамаңдығы мен шеберлігі,жұмыс
түрлері,жұмысшылардың жас ерекшеліктері және т.б.)
Экономикалық әдіс ─ жарақаттанулардың салдарынаң тиген экономикалық
зардаптарды анықтау.
Өңдірістік жарақаттанудың себептерін жалпы қабылданған классификация
бойынша 4 түрге бөледі: 1)ұйымдық,2)техникалық,3)санитарлы- гигиеналық,
4)психофизиологиялық.

Дәріс №4.Ауалы ортаны қалпына келтіру.
Өңдірістік бөлмелердің микроклиматы және оны мөлшерлеу.
Адам организмі әр уақытта айналадағы ортамен жылу алмасу күйінде болып
тұрады.Осы жылу алмасу үрдісі кезінде негізгі қызметті, адамның
терморегуляция жүйесі атқарады. Ол адам организімінің айналадағы ортамен
жылу алмасуын реттеп қана қоймай, 37ºС шамасындағы тұрақты температураны
ұстап тұрады. Жылу алмасу үрдісіне, ортаның метеорологиялық жағдайлары
(микроклимат) және жұмыстардың сипаты өз әсерін тигізеді.
Өңдірістік бөлмелердің микроклиматы ─ температура,ауа ылғалдылығы және
ауаның қозғалыс жылдамдығы сияқты адам организіміне өз әсерін тигізетін
көрсеткіштердің жиынтығымен анықталатын, бөлменің ішкі ортасының климаты.
Ауа температурасының аса жоғары болуы организімнің қызып кетуіне,
жұмысшының тез шаршап қалуына және кәсіби ауруға шалдығуына әкеліп
соқтырады.
Ауа температурасының төмен болуы адам организмінің салқындап қалуына
әкеліп, тұмаумен аурып қалудың және үсіп кетудің себебі болады.
Аса ылғалдылық (80% астам ) адам терісі бетіндегі ылғалдың булануын
бәсендетіп, адам күйінің нашарлауына және жұмысатқару қәбілеттілігінің
төмендеуіне әкеліп соқтырады.
Төмен ылғалдылық (18% кем) тыныс алу жолдарының құрғап қалуын туғызып,
жұмысшының хал-жағдайын нашарлатып, жұмыс атқару қабілеттілігн төмендетеді.
МЕСТ 12.1.005-76 бойынша жұмыс аймағындағы микроклиматты мөлшерлеу ─
жыл кезеніңе, энергияны шығындайтын жұмыстардың категорияларына тікелей
тәуелді. МЕСТ-қа сәйкес жылдың 2 кезеңі болады: жылы кезең; суық және
ауыспалы кезең. Жылдың жылы кезеніңде сыртқы ауаның орташа тәуіліктік
температурасы +10ºС-қа тең немесе одан жоғары. Жылдың суық және ауыспалы
кезеніңде сыртқы ауаның орташа тәуіліктік температурасы +10ºС-тан төмен.
Энергия шығындауына байланысты, жұмыстарды келесі категорияларға
бөледі: жеңіл; ауырлығы орташа және ауыр физикалық жұмыстар болып.
Жеңіл физикалық жұмыстар ─ (1категория), адам отырған, тік тұрған және
жүрген күйінде орындалатын жұмыстар, осындай жұмыстарды орындау кезінде
адам шамамен 172Джс-қа дейін энергия шығындайды.(150ккалсағ)
Ауырлығы орташа физикалық жұмыстар (2категория) өз ішінде 2 түрге
бөлінеді: а)энергия шығыны 172-232 джс-қа дейін (150-200ккалсағ); оған:
адам отырған, тік тұрған және жүрген күйінде орындалатын үзіліссіз
жұмыстар. б)энергия шығыны 232-293Джс-қа дейін (200-250ккалсағ); салмағы
10кг-ға дейінгі жүктерді тасымалдау кезіндегі жұмыстар.
Ауыр физикалық жұмыстар ─ (3категория) энергия шығыны 293Джс-тан
жоғары (250ккалсағ); салмағы 10кг-наң артық жүктерді тасымалдау кезіңдегі
жұмыстар.
Микроклиматты мөлшерлегенде тиімді және шектеулі жағдайлар есепке
алынады. МЕСТ 12.1.005-76 бойынша салыстырмалы ылғалдылықты абсолютті және
максимал ылғалдылықтардың бір-біріне қатынасы арқылы мөлшерлейді.
Абсолютті ылғалдылық ─ белгілі бір ауа көлеміндегі су буларының
массасы.
Максимал ылғалдылық ─ берілген ауа көлемінің құрамында су буларының
мүмкін болатын ең үлкен мәңі.
Жұмыс істеп тұрған жабдықтардан, жылытқыш приборлардан және басқа жылу
шығаратын көздерден шағатын жылудың бір түрін, анық жылу деп атайды. Осы
анық жылу өңдірістік бөлмелердің температурасына өзінің қомақты әсерін
тигізеді.

Дәріс №5.Жұмыс аймағы ауасының құрамыңдағы зияңды заттар.
Кәсіпорында көптеген технологиялық үрдістер орындалған кезде, жұмыс аймағы
ауасының құрамына бу, газ және шаң секілді әр түрлі зияңды заттар сіңіп
кетеді.
Адам организіміне әсер тигізуіне байланысты, зияңды заттардың 4 қауіпті
классы болады:1)төтеңше қауіпті;2)аса қауіпті;3)орташа қауіпті;4)шамалы
қауіпті} МЕСТ 12.1.007-76 бойынша
Зияңды заттардың қауіпті классын әр түрлі нормалар мен көрсеткіштерге қарап
анықтайды, айта кететін болсақ, олар: жұмыс аймағы ауасының құрамыңдағы
қауіпті заттардың шектеулі шектем концентрациясы және ауадағы орташа ажалды
концентрация. Жұмыс аймағы ауасының құрамыңдағы зияңды заттардың шектеулі
шектем концентрациясы дегеніміз ─ әр күн сайын жұмыс ұзқтығы 8 сағат,
аптасына 41 сағаттан көп емес, жалпы жұмыс стажы кезіндегі жұмысшы
денсаулығының нашарлауын, науқастанып қалуын туғызбайтын
концентрациялар.(Ш.Ш.К)
Дәріс №6.Өңдірістік бөлмелердің ауасын баптайтын
(қалпына келтіретін) құралдар.
Өңдірістік бөлмелердегі ауаны баптайтын тиімді құралдардың бір түрі
желдетпе. Ауаның жылжуына байланысты желдетпенің 2 түрі болады: табиғи және
жасаңды (механикалық).
Табиғи желдетпе, бөлмедегі ауа температусы мен сыртқы ауа температурасы
әр түрлі болған жағдайда жүзеге асады. Табиғи желдетпе экономикалық
тұрғыдан тиімді, пайдалану кезінде қарапайым, бірақ, көптеген кемшіліктері
де бар: зияңды заттардың бөлінуі аз болғанда ғана қолданылады, өңдірістік
бөлмелерге ауа тазартылмаған, өңдірілмеген күйінде жеткізіледі.
Механикалық желдетпе табиғи желдетпенің кемшіліктерін жояды.
Механикалық желдетпе кезінде ауа айналымы центрге тартқыш және өсьтік
желдеткіш туғызатын ағын арқылы жүзеге асады. Механикалық желдетпе
құйылмалы, сорып алу және құйылмалы-сорып алу түрінде орындалады. Құйылмалы
желдетпе бөлмеге таза ауаның берілуін қамтамасыз етеді. Сорып алу
желдетпесі бөлме ішіндегі ластанған және қызған ауаны жоюға арналады.
Құйылмалы-сорып алу желдетпе тұрақты және сенімді ауа айналымын қажет
ететін барлық өңдірістік бөлмелерде қолданылады.
Жылдың суық мерзгілінде жылуды үнемдеу мақсатында, құйылмалы-сорып алу
желдетпе жүйелерінде, ауа рециркуляциясы қолданылады. Рециркуляция кезінде
өңдірістік бөлмелерден шыққан жылудың бір бөлігі зияңды заттардан
тазартылып, қайтадан сол бөлмелерге жіберіледі.
Токсикалық және жарылғыш заттардың кенеттен бөлінуі мүмкін болатын
бөлмелерде апаттық желдетпе орнатылады.
Дәріс №7. Ауа ортасының күйін бақылау.
Өңдірістік бөлмелердің ауа ортасының күйін бақылау үшін, осы ортаның әр
бір параметрі сараптамаға түсіп, мөлшерленетін мәндермен салыстырылады. Ауа
температурасын өлшеу, сынаптық немесе спирттік термометр арқылы орындалады.
Ауа температурасының ағымды жазбасын жасауға термограф қолданылады. Ауа
ылғалдылығын стационарлық немесе аспирациондық психрометр арқылы
анықтайды. Осы аталған екі аспап, психрометрлік қағида негізінде жұмыс
атқарады, басқа сөзбен айтқанда, құрғақ және ылғал термометрлердің
көрсетулері бойынша. Ауа қозғалысының жылдамдығы 0,5мс-н ... 20мс-қа
дейін болғанда механикалық анемометрмен өлшенеді, ал 0,5мс-тан кем
болғанда кататермометрмен өлшенеді. Жылу сәулесінің интенсивтілігің
актинометрмен өлшейді. Жұмыс аймағы ауасының құрамындағы зияңды заттардың
шамасын лабороториялық және экспресс тәсілдер арқылы анықтайды. Экспресс
тәсіл ─ реактив түсі өзгеретін жылдам химиялық реакцияларға негізделеді.
Осы тәсіл жұмыс орныңдағы зияңды заттардың концентрациясын бағалауға
мүмкіңдік береді.
Ауаның шаңдылығы, көбінесе, салмақтық әдіс арқылы анықталады, айтатың
болсақ, белгілі бір ауа көлеміңде шанңың массасы анықталады, осы кезде,
берілген ауа көлемін (Vo) мембраналы сүзгіден өткізіп, таза q1 және
ластанған q2 ауа массасын аналитикалық таразымен өлшейді.
Шанның концентрациясы: Кш = (q 2-q 1 ) V 0; өлшем бірлігі: мгм3
Дәріс №8.Жылу сәулелерден және зияңды заттардаң сақтайтын сауықтыру іс-
шаралар мен жеке қорғау құралдары.
Кейбір жұмыс орындарда технологиялық процесстерді жүргізгенде,
бөлмелердің микроклиматын қалпына келтіру және де жұмыс аймағының ауасының
құрамындағы зияңды заттардың жиынтығын шектеулі шектем концентрацияға дейін
төмендету мүмкін бола алмай қалады, осындай жағдайда, әр түрлі сауықтыру іс-
шаралар жүргізіліп, жеке қорғау құралдары қолданылады.
Температурасы өте жоғары өңдірістік бөлмелерде жұмысшыларды жылудан
қорғау мақсатында, өңдірістік процесстер мен жұмыстар автоматтандырылып,
пульт арқылы басқарылады.
Жылу сәулелерден сақтайтын жеке қорғау құралдары ретінде арнайы киім
қолданылады, ол ауа мен ылғал өтімділігіне ие бола тұра, инфрақызыл
сәулелерденқорғайды.
Тыныс алу органдарының жеке қорғау құралдарына сүзгі және оқшаулау
құралдары жатады.
Сүзгі құралдардың 3 түрі болады: шаңға қарсы маскілер мен
респираторлар; газға қарсы респираторлар мен противогаздар; әмбебап
респираторлар мен противогаздар.
Оқшаулау құралдарына майтүтік (шланговые) және оттегілік тыныс алу
аппараттары жатады.
Зияңды заттардың әсерінен сақтайтын жеке қорғау құралдар ретінде
келесідей арнайы киімдер қолданылады: қышқылдан қорғайтын;шаңнаң
қорғайтын;улы-химиялық заттардан қорғайтын арнайы киімдер. Жұмыс түрлеріне
орай, арнайы аяқ киім қарастырылады.
Жұмысшының қолын қорғау мақсатында, жеке қорғау құралдары ретінде, әр
түрлі материалдардан жасалынған қолғаптар қолданылады, сонымен қатар, қолға
арналған қорғау майлары мен пасталар және жуғыш құралдар қолданылады.
Жұмысшының көзін зияңды заттардан қорғау үшін көзілдіріктер
қолданылады.
Зияңды заттармен жұмыс істеу екзінде, маңызды сауықтыру шарасы,
медициналық байқау болып табылады, алдын ала және периодты медициналық
байқаулар.

Дәріс №9.Өңдірістік жарықтандыру.
Өңдірістік бөлмелерді рационалды жарықтандыру, жұмысшыларға жақсы
психофизиологиялық әер тигізеді, жұмыс процесі кезінде адамның жұмыс атқару
қәбілеттілігін жоғарлатады. Жарық, адамның көңіл-күй жағдайына, зат
алмасуына, жүйке жүйесіне жақсы әсерін тигізеді. Ал, жарық жеткіліксіз
болған жағдайда, жұмыс процесі кезінде адамның көру функциялары нашарлап,
көздің шаршауы жоғарлап, жарақаттанудың қауіптілігі артады. Кейбір
жағдайларда аса жарықтық адам көзіне кері әсерін тигізеді, нәтижиесінде,
адамның көрі функциялары уақытша бұзылады.(явление слепимости)
Жарық (көрінетін сауле) ─ кору сезімін туғызатын сәулені айтады.
Табиғаты жағынан электромагниттік толқындар болып келеді. Ұзыңдығы 380 –
760нм-ге деінгі электромагниттік толқындар.(1нм-нанометр-10-9 метр).
Жарық келесідей негізгі көрсеткіштермен сипатталады: жарық ағыны, жарық
күші, жарықтық, жылтырлық, кереғарлық.
Сәулелі энергияның жарық ағыны Ф ─ көру сезімімен бағаланады, жарық
сәулесінің қуатын сипаттайды. Өлшем бірлігі:люмен
Жарық күші І ─ жарық ағынының кеңістік тығыздығы. Өлшем бірлігі:
канделла
Жарықтық Е ─ жазық бетке түсетін жарық ағынының беттік тығыздығы. Өлшем
бірлігі: люкс
Жылтырлық ─ адамның көру функцияларының бұзылуын туғызатын,
жарқылдайтын беттердің аса жарықтығы. Өлшем бірлігі: канделлам2
Кереғарлық ─ заттардың ашық немесе әр түрлі түстерде айырмашылығын
анықтау.

Жарық жүйесі және оның түрлері.
Өңдірістік жарықтың табиғи, жасаңды және қосарланған түрлері болады.
Табиғи жарықтық, куннің тік сәулелері және шашыранды жарықпен қамтамасыз
етіледі. Табиғи жарықтық, тәулік уақытына, ауарайы жағдайына, атмосфераның
мөлдірлігіне байланысты өзгеріп отырады. Табиғи жарықтық орындалуына қарай:
қабырғалы, үстіңгі және құрамдас болып келеді.
Жасаңды жарық, жарықтың жасаңды көздерінен пайда болады: щоқ шамдар
және газоразрядты шамдар. Жасаңды жарық, табиғи жарық жетіспегенде немесе
мүлде жоқ болғанда қолданылады(тәуліктің қараңғы кезінде). Қызметіне қарай,
жасаңды жарықтық бөлінуі: жұмысшы, апаттық, эвакуациялық, күзеттік және
кезекші.
Жұмысшы жарықты, жұмыс орындалатын барлық өңдірістік бөлмелерде
орнатады.
Апаттық жарық, апат кезінде жұмысшы жарықтың өшіп қалу кезінде
қолданылады.
Эвакуациялық жарық, апат жағдайында жұмысшыларға қауіпті жерлерді
жарықтандыруға негізделеді.
Күзеттік жарық (арнайы күзеттік техникалық құралдар жоқ болғанда)
күзететін териториясының шекарасы бойымен орнатылады.
Кезекші жарық ─ жұмыстар орындалмаған кездегі жарық.
Қосарланған жарық, табиғи жарыққа қоса жасаңды жарықты айтады.
Бөлмелерді жасаңды жарықпен қамтамасыз ету үшін, газоразрядты шамдарды
қолдану ұсынылады.(люменсцентті, доғалық сынапты, металлогалогенді және
ксенонды). Газоразрядты шамдар жрғары деңгейдегі жарықты береді 100лмВт
және ұзақ қызмет атқарады 10000...14000сағат. Шоқ шамдар жылу жарық
көздеріне жатады, жұмыс істеу принципі, шамдарда орналасқан жіптің қатты
қызуы жарықты туғызады. Пайдаланғанда сенімді және қарапайым. Кемшілігі,
газоразрядты шамдарға қарағаңда аз жарық береді 20лмВт-тан жоғары емес,
қызмет атқару мерзімі қысқа 1000сағатқа дейін.
Адам көзіне жарықтың әсері кедергі келтірмес үшін, шырақтың қорғау
бұрышы қарастырылады.

Өңдірістік жарықтықты мөлшерлеу.
Табиғи және жасаңды жарықтық келесідей көрсеткіштерге тәуелді
мөлшерленеді: ажырату обьектінің ең кішкентай өлшемі, көрінетін жұмыстың
разряды мен подразряды, белгілі бір обьектінің фоны мен кереғарлығы. Табиғи
жарықтық үшін табиғи жарықтың коэффициенті белгіленген (ТЖК)%; жасаңды
жарықтық үшін өңдірістік бөлмелердегі жұмыс беттерінің ең кішкентай
жарықтығы ескерілген.
Фон ─ ажырату обьекті жабысып жататын бет, шағылу коэффициентімен
сипатталады – ρ. Шағылу коэффициенті ρ0,4 болғанда жарық фон болып
саналады; 0,2≤ρ≤0,4 болғанда орташа; ρ0,2 қара фон болып есептеледі. Фоны
бар обьектінің кереғарлығы К – қаралатын обьектінің жарықтарының фонға
қатынасымен сипатталады (нүктелер, сызықтар, таңбалар, дақтар).
К=‌‌‌‌‌ Lф-LоLф осында: Lф- фон жарығы; Lф- обьект жарығы}кдм2
Фоны бар обьектінің кереғарлығы К 0,5 болғанда, кереғарлық үлкен болып
саналады; 0,2≤К≤0,5 болғанда шағын болып есептеледі.

Дәріс №10.Өңдірістік шуылдан қорғау.
Шуыл ─адам денсаулығына және жұмыс атқару қабілеттілігіне қолайсыз
әсерін тигізетін дыбыс. Шуыл көзі ретінде, машиналар мен механизмдерді
айтуға болады, олар: механикалық шуылды шығарады; электромагнитті
қоңдырғылар ─ электромагнитті шуылды тудырады; газдар мен сұйықтардың ағыны
кезінде пайда болатын шуыл ─ аэрогидродинамикалық шуыл және т.б. шуыл
шығаратын көздер. Дыбыс физикалық құбылыс ретінде серпімді ортаның
механикалық тербелісі болып табылады, адам оны есту түйсігі арқылы
қабылдайды. Адам, дыбыстық жиілік диапазоны 16Гц-тен 20кГц аралығындағы
диапазонды қабылдайды. Дыбыс, дыбыстық қысым және дыбыс интенсивтілігімен
сипатталады. Дыбыстық қысым Р (Па) ─ дыбыс толқыны өткен кездегі,
атмосфералық қысымның айнымалы құрушысы. Дыбыс интенсивтілігі І (Втм2) ─
белгілі бір уақыт аралығында, дыбыстық толқынмен тасымалданатын энергия
ағыны. Дыбыс интенсивтілігі дыбыстық қысыммен тікелей байланысты: І=Р2ρС
осында: Р- дыбыстық қысым(Па); ρ – ортаның тығыздығы (кгм2); С- дыбыс
жылдамдығы=340мс. Әсер ету уақытына байланысты , шуыл тұрақты және
айнымалы болып келеді.
Шуылдың адам организіміне тигізетін зияңды әсері: жүйке-жүйесінің
бұзылуын туғызады; жұмысшының тез шаршап қалуына әкеліп соқтырады;
психикалық реакцияларды баяулатады; зат алмасуды нашарлатады;
гипертоникалық және жүрек ауруларын туғызады; патологиялық өзгерістерге
соқтырып, жұмысшы шуыл ауруына шалдығуы мүмкін.
Шуылды бақылау.
Шуылды өлщеу және бақылау үшін шумомерлер (Шум-1 ШМ-1), анализаторлар,
өлшеу микрофондары, магнитифондар, акустикалық аппаратура және т.б. арнайы
құралдар қолданылады.
Шуылдан қорғайтын әдістер мен құралдар. Шуылдан қорғау жұмыстарын,
қуіпсіз шуыл техникасы арқылы жүзеге асырады.(Ұжымдық қорғау әдістері мен
құралдарын қолдану, жеке қорғау құралдары мен құрылыстық-акустикалық
әдістерді қолдану). Ұжымдық қорғау құралдары шуыл шығару көзіне
байланысты, 2 түрлі болады:1)шуылды жаңа ғана пайда болғанда бәсендететін
құралдар; 2)шуылдың ортада таралуын болдырмайтын құралдар. Шуылдан
қорғайтын құралдар, қызметіне байланысты аккустикалық, архитектуралы-
жоспарлық және ұйымды-техникалық құралдар болып бөлінеді. Шуылдан қорғайтын
аккустикалық құралдар, жұмыс істеу принципі бойынша: дыбыс оқшаулағыш;
дыбыс жұтқыш және дыбыс тұңшықтырғыш болып бөлінеді. Шуылдан қорғайтын
құрылыстық-аккустикалық әдістер, аккустикалық есептеу негізінде орындалады.
Осы кезде, дыбыс жұтқыш конструкциялар, дыбыс оқшаулағыш материалдар мен
қоңдырғылар және т.б. сондай секілді құралдар жиынтығы қолданылады.
Тиімділігі өте жоғары дыбыс оқшаулағыш материалдарға: трипласт (резеңке
өнеркәсібінің қалдықтарынан ), пластобетон, арболит (ағаш қалдықтырынан),
газосиликат (шөлйіт құмынан жасалынған бетон) және т.б.
Дыбыс жұтқыш материалдар: мрамор, бетон, гранит,кірпіш, керамзит,
стекловата, фанер және т.б. Кәзіргі кезде, кең қолданысқа даналық
дыбысжұтқыштар ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Еңбекті қорғауды басқару жүйесіне қойылатын талаптар
Еңбекті қорғауды басқару жүйесінің ұйымдық сұлбасы
Еңбекті қорғауды басқару кәсіпорында тиіс кәсіпорынды басқарудың жалпы жүйесінің құрамдас бөлігі болу
Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғауды қамтамасыз ету
OHSAS менеджмент жүйесіне қойылатын талаптар
Еңбекті қорғау саласының мақсаты, міндеті және қағидалары
Еңбек ұжымында еңбекті қорғаудың өзекті мәселелерін көтере отырып, еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз ету жайын қарастыру
ЕҢБЕКТІ БАСҚАРУДЫҢ НЕГІЗІ
Еңбекті қорғау пәні
Еңбекті қорғаудың түсінігі және пәннің мазмұны
Пәндер