Монғолия жерінде қазақ диаспорасының қалыптасуы, тарихы мен ерекшелігі


КІРІСПЕ

I БӨЛІМ.

Монғолия жерінде қазақ диаспорасының қалыптасуы, тарихы мен ерекшелігі.

1) . Монғолия жеріне қазақтардың алғаш аяқ басуы және орналасуы.

1. 1. Қазақ диаспорасы Монғолия жерінде қашан және қалай

пайда болды. Алғашқы кезең.

1. 2. Қазақ диаспорасының қалыптасқан екінші кезеңі жоңғар шапқыншылығына байланысты.

1. 3. Қазақ диаспорасының пайда болған келесі кезеңі Қазақ елінің патшалық Ресейдің отарына айналуына байланысты.

1. 4. Мейірбан боғда, жихангез жалама және қазақтар.

1. 5. Қазақтардың Монғол елінде орналасуы. (XIX ғ. 70 ж. - ХХғ. 20 ж. )

2) . Монғолиядағы социализм дәуірі және қазақ диаспорасы. (ХХ ғасырдың 20-80 ж. ж. )

2. 1. Қазақтар қызыл төңкерісті шынымен күткен бе еді?

2. 2. Монғолиядағы социялизм дәуірі және қазақ диаспорасының

хал-ахуалы.

  1. Моңғолия топырағында қазақтар көтерген шаңырақ.

II БӨЛІМ. Монғолиядағы қазақ диаспорасының қазіргі жағдайы.

1) . Монғолия қазақтарының ұлттық ұндылықтары ерекшелігінің сақталуы мен қамтамасыз етілуі.

1. 1. Қазақтардың өмір салтындағы моңғолдық әсерлер. Қазақтың ахуал, шаруашылық салтында болған кейбір өзгерістер.

1. 2. Рухани өмірде болған өзгерістер

1. 3. Мұңғылдағы қазақтардың тілінде болған өзгерістер.

1. 4. Ұлттық-этнографиялық құбылысында болған өзгерістер.

2) . Монғолиядағы қазақ диаспорасының қайта

oралу мәселесіне орай туындаған жайттар.

Қазақ диаспорасының қазіргі жағдайы мен болашағы.

ҚОРЫТЫНДЫ

КІРІСПЕ

Тақырыптың көкейкестілігі. Шет елдердегі қазақ диаспорасы тақырыбы отандық тарих ғылымында әлі, жеткіліксіз зерттелген мәселелердің біріне жатады. Біртұтас қазақ халқының бір бөлігінің басқа елдерге шашырап кетуінің салдарынан қазақ диаспорасының қалыптасуы, пайда болуы, оның қазақ халқының қазақ ұлтының қалыптасуына тигізген ықпалы сияқты бұл тақырыптың көптеген көкейтесті мәселелері ұзақ жылдар бойы ғалымдардың назарынан тыс қалып келді.

Кеңес үкіметі тұсында, комунистік-тоталитарлық идеология үстемдік құрған кезде, қазақ диаспорасы тақырыбының ғылыми тұрғыдан зерттелмегенін былай қойғанда, көпшілікке арналған әдебиетте өз орнын таба алмай келді. Ұлттардың ірге ажырауының салдарынан диаспораның пайда болғанын, оның себептерін ашып көрсету сол өктемдік саясаттың бет-пердесін ашу деген сөз еді. Қазақ диаспорасының ауқымды бөлігі 1917 жылғы қазан төңкерісінен кейін қазақ халқы арасында жүргізілген әлеуметтік-экономикалық өзгерістерді күш қолдану әдісімен жүзеге асырудың салдарынан туындаған қателіктер мен бұрмалаушылықтың әсерінен пайда болды. Қуғын-сүгіннің, қудалаудың салдарынан, аштықтан бас сауғалап ата мекеннен ауа көшкендерге «опасыздар», «отанын сатқандар», «мал-мүлкі үшін қашқандар» деген айдар тағылды. Осындай себептерден пайда болған диаспора туралы кеңстік кезеңде ғылыми зерттеу жұмысын жүргізуді былай қойғанда, бұл мәселені ауызға алып, айтудың өзі қауіпті болғаны белгілі. Шет елдерде, әсіресе капиталистік елде, туған-туысы бар екенін мойындаудың өзі ауыр қылмыс саналып келді. Осы мәселеге тоқтала келіп, дүниежүзі қазақтарының құрылтайында жасаған баяндамасында Н. Ә. Назарбаев: «Қайта оралуға осында өзін күтіп тұрған жазадан қорқып, мыңдаған адам туған жерді бір көруге зар болған күйінде өмірден өксіп өтті. Біз демократиялық мемлекет, адам құқығын қорғайтын қоғам құру жолына түскен ел ретінде тоталитарлық жүйе санамызға сіңірмек болған мұндай тарихи әділетсіздікті, мұндай қатігез идеологияны түп-тамырымен айыптаймыз»1 -деген еді.

Ұлттың бір бөлігінің басқа бір елдерде, соның ішінде капиталистік деп аталынып келген жүйеде, өмір сүруі КСРО-дағы негізгі ұлттың рухани, идеологиялық, экономикалық өміріне іріткі салушы, қауіпті құбылыс деп есептелініп келгені белгілі. Бұрынғы социалистік деп аталатын елдердегі халықтардың бір бөлігі капиталистік мемлекеттерде өмір сүріп, демократияның, бостандықтың татқаны тұрмыс күйі тұрғысынан көп жағдайда жоғары деңгейде болғаны мәлім. Мұндай үлгілердің социалистік елдердегі негізгі ұлтқа әсер етпеуі мүмкін емес еді. Коммунистік шеңбердегі елдерді негізгі ресми идеологияға жат көзқарастардың пайда болуын «басқаша ойлаушылар» деген атпен тоталитарлық жүйе үнемі назарда ұстады. Қазір белгілі болып отырғандай, идеология саласындағы мұндай қолайсыз оқиғаның негізгі себебі- сол елде үстемдік еткен партияның қате туындағаны мәлім.

Ұлттың бір бөлігінің басқа елде, әсіресе қоғамдық құрылысы өзге елдерде тұратындығын мойындау деген сөз - ұлттың бұл екі бөлігінің өзара экономика, мәдениет саласында қарым-катынас жасауына жол беру болып табылар еді. Бұл процесс халықтар мен ұлттардың араласуына, бір-бірімен танысуына, бірігуіне жол ашады. КСРО тарағанға дейін аз ұлттарға байланысты "аға" халықтың жүргізіп келген, саясаты қолайлы бола бермеді. Жоғарыда айтылған және басқадай себептер көп жылдар бойы ұлттардың ажырасуы, бірігуі сияқты тарихи процесті ғылыми тұрғыдан зерттеуге бөгет болып келді. Сөйтіп, ұлттардың өмірінде болып келген, келешекте де бола беруі мүмкін табиғи-тарихи екі процесс: ұлттардың әр ел құрамына енуі мен бірігуі көп жылдар бойы бұқара халықтан жасырылды. Жоғарыда айтылғандардан, біріншіден, қазақ диаспорасы тақырыбы көп жылдар бойы ғалымдардың назарынан тыс келгені, екіншіден, бұл тақырыптың тарих ғылымында теориялық және практикалық зор маңызы бар, зерттеуін күтіп тұрған мәселе деген қорытынды жасауға болады. Бұл зерттеліп отырылған тақырыптың өзектілігінің айғағы.

Зерттеу жұмыстың тарихнамасы. Қазақ диаспорасын зерттеу отандық тарих ғылымында жаңа дамып келе жатқан сала. Әзірше тек кейбір елдерде тұратын қазақтар хақында ғана еңбектер жазылған.

Осы мәселеге байланысты жақын шет елдерді алатын болсақ, тек бірнеше мемлекеттердегі қазақ диаспорасы туралы еңбектер жарық көрді. Атап айтқанда, Ресей қазақтары туралы А. В. Коноваловтың, К. Н. Балтабаеваның, Г. М. Мендіқұлованың, Д. Б. Ескекбаевтің және т. б. зерттеулері оқырмандарға белгілі. 2 Олардың еңбектерінде Алтай, Сібір, Оңтүстік Орал сияқты Қазақстанмен шекаралас орналасқан аймақтарда тұратын қазақтардың тарихы мен этнографиялық мәселелері біршама шешімін тапқан. Бұрынғы Орта Азия республикалары бойынша Өзбекстан және Қарақалпақстанда өмір сүріп жатқан қазақтар туралы У. Х. Шөлекенов, С. Мадуанов, Б. К. Қалшабаеваның зерттеулері ғана бар.

Алыс шет елдерден Қытай, Түркия, Монголиядағы қазақ диаспорасы біршама зерттелгенің байқаймыз.

Қытай мен Түркия елдеріндегі қазақ, диаспорасы туралы Готфри Лиаса, Линда Бенсон, 3 Ингвар Сванберг, Г. Ф. Астафьев, К. Л. Сыроежкин, Лүқпан Бадавамов, Хасен Оралтай, Қызырбек Ғаритулла, Халифа Алтай және т. б. құнды енбертер жазды .

Жалпы қазақ диаспорасы тақырыбы өзінің толық мағынасында оқушы қауымға тек 1992 ж. Дүниежүзі қазақтарының құрылтайы қарсаңында ғана мәлім болды. Құрылтай өтер кезде "Егеменді Қазақстан" газетінде белгілі ғалымдар Ә. Нысанбаев пен Ә. Арғынбаевтың "Қазақ диаспорасының бүгіні мен ертеңі"4 деген көлемді мақаласы жарық көрді.

Көрнекті ғалымдар М. Қозыбаев, Ә. Қайдаров, Қазақстан Республикасы Ұлттық Ғылым академиясының корреспондент-мүшесі С. Сартаев5 және басқаларының Құрылтайда жасаған баяндамаларында құнды деректер бар.

Құрылтайда қазақ диаспорасының көптеген өзекті мәселелері көтеріліп, олардың кейбірі шешімін тапты. Солардың ең қомақтыларының бірі - Дүниежүзі қазақтарының қауымдастығын құру болды. Қауымдастық қазіргі кезде дүниежүзі қазақтарының басын қосып, қазақ диаспорасы тақырыбының ғылыми зерттелуін жолға қоятын саяси және мәдени-ғылыми орынға айналды.

1993 ж. Алматыда қытайлық тарихшы Нығымет Мыңжан жазған "Қазақтың қысқаша тарихы"6 деген кітап жарық көріп, оқырманды елең еткізді. Оқырманның көпшілігі бұл кітапты "Дүниежүзі қазақтарының кітабы" деп қарсы алды. Кітаптың авторы Қазақстан ғалымдарының еңбегін пайдаланып, оған Шыңжандағы керейлердің тарихынан аздап мәлімет қосып, қазақ халқының тарихын жазуға ниет білдірген сияқты болды. Бірақ, бұл мақсат толық орындалмаған қоймады. Өйткені бұл кітапта ғылыми тұжырымдарға қарағанда саяси астар басым.

Дүниежүзі қазақтарының қауымдастығы, Қазақстан Ұлттық Ғылым академиясының Философия институты, Қожа Ахмет Яссауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің ұйымдастыруымен 1995 ж. Түркістан қаласында "Қазақ диаспорасының мәселелері мен болашағы" атты халықаралық симпозиум болып өтті. Симпозиум қазақ диаспорасының, соның ішінде оның тарихының көптеген теориялық жөне практикалық мөселелерін қозғап, оған нақты ғылыми жаңалықтар енгізді.

Симпозиумда қызу пікір таласын туғызған мәселенің бірі "диаспора" ұғымының мазмұны туралы болды. Жекелеген ғалымдар қазақтардың біразы, мәселен, Қытай Халық Республикасы мен Монғол мемлекетіндегі қазақтар ерте заманнан бері мекендеген, өз атамекенінде өмір сүріп отыр, сондықтан олар "диаспора" деген ұғымға жатпайды деген пікір айтты. Айтыстың нәтижесінде Қазақстан Рсспубликасының қазіргі аумағы бүкіл қазақ ұлтының атамекені, атамекеннен тыс жерде өмір сүріп отырған барлық қазақтар дүниежүзіндегі біртұтас қазақ ұлтының бөлшегі немесе "диаспорасы" деген ұғымға жатады деп қорытынды қабылдады.

Бұл мәселеге арналған соңғы еңбектердің санына Г. М. Меңдіқұлованың монографиясы жатады. 7 Онда автор қазақ диаспорасының тарихи қалыптасуына, пайда болуына және қазіргі жағдайына ерекше көңіл бөлген. Аталмыш зерттеу Қазақстан жерінен тыс 4, 5 миллион қазақтар алыс және жақын шет мемлекеттерде, соның ішінде кеңес дәуірінен кейін бұрынғы КСРО территориясында құрылған 14 мемлекетте, дүниежүзінің басқа 25 елінде мекен ететіні туралы деректерді келтірген. Соның ішінде 800 мыңы диаспораға, 3, 7 миллионы ирридентке жатады. Олар Қазақстанмен шекаралас, бір кезде саяси ықпалмен Ресей, Қытай, Өзбекстан иемденген ежелгі қазақ жерлерінде өмір сүруде. Автор диаспораның ирриденттеріне Ресейдің Астрахан, Орынбор, Қорған, Омбы, Таулы Алтай автономиялық облысындағы Қытайдың Ұйғыр автономиялық ауданындағы Алтай, Тарбағатай, Іле, Құлжа, Еренқабырға, Баркөл, Монғолияның Баян-Өлгей аймақтарында, Өзбекстанның Сырдария, Мырзашөл, Қызылқұм, Шыршық, аудандарында тұратын қазақтар жатады деп, біз зерттеп отырған Монғолиядағы қазақтарды да соған қосады.

Монғолиядағы қазақ диаспорасының пайда болып, қалыптасу мәселесіне байланысты XIX ғасырдың соңы-ХХ ғасырдың басында Шынжаң өлкесін, Монғолияның батыс бөлігін зерттеген орыс саяхатшылары мен ғалымдары құнды деректер қалдырғанын атап кеткен жөн. Олардың қатарына Г. Н. Потанин, Г. Е. Грумм-Гржимайло, Н. Я. Бичурин, В. В. Сапожников, А. М. Позднеев, М. В. Певцов, А. Н. Казнаков, А. В. Бурдуков, т. б. жатады.

XIX ғасырдың екінші жартысында Монғолия жеріне барып мекендеген қазақтардың бір бөлігінің тарихын зерттеуде жергілікті ғалымдардың өзіндік үлес қосқанын атап айту қажет. 1960 жылы Ә. Мініс және А. Сарай жазған "М. Х. Р. Баян-Өлгей аймағының қазақ халқы тарихынан" деген шағын еңбек қазақ және моңғол тілінде жарық көрді. Бұл Монғолиядағы қазақ диаспорасы тарихынан сөз қозғаған алғашқы еңбектердің бірі. Бұл еңбекте Монғолияның батыс белігін мекендеген қазақ халқының тұрмыс-тіршілігіне мәдениетіне көп көңіл бөлінген. Онда көптеген архив құжаттары, жазба әдебиет, көне-көз қариялардың естеліктері негізінде, қазақтардың бір тобының Алтай мен Қобда өлкесін мекендей бастауының себептері мен олардың қоғамдық-экономикалық құрылысы зерттелген. Сонымен қатар Монғолияны мекендеген қазақтардың Монғол халық революциясьша қатысуына, революциядан кейін сонда жүргізілген саяси және әлеуметтік-экономикалық өзгерістерге әр қырынан баға берілген.

Монғолиядағы қазақтардың ішінен шыкқан партия қайраткері С. Хабшай 1976 жылы "Баян-Өлгей аймағында партия ұйымдарының құрылуы" /18/ деген шағын кітапшаны моңғол тілінде басып шығарды. Бұл кітапта Монғолияда көп жыл бойы ел басқарған партия - Монғол Халық Революциялық партиясының аймақтық жергілікті ұйымының тарихы жөнінде біраз деректер беріледі.

Ислам Қабышұлы 1978 ж. "Керейлер керуені", 1997 ж. "Қазақ қауымы" деген кітаптар шығарды. Бұл екі кітап бұрынғы авторлардың деректеріне сүйене отырып, қысқаша шолу ретінде көпшілікке арналған еңбек болды.

А. Сарайдың 1991 ж. шыққан "Революциядан бұрынғы қазақ халқы" деген кітабын соңғы кезде жарық көрген аталмыш тақырыпқа қомақты үлес қосқан еңбек деп есептеу қажет. Автор өзінің осыдан отыз жыл бұрын жазған еңбегінің деректерін, қорытындыларын жаңа деректермен, пікірлермен толықтырып, аталмыш тақырыптың бір сыпыра маңызды мәселелеріне жаңа қөзқарас тұрғысынан баға берген.

Қазақстан мен Монғолияның 1960-1980 жылдардағы экономикалык, ғылыми-техникалық және мәдени қатынастарына арналған Х. С. Әбдіқадірованың кандидаттық диссертациясы бар. Диссертацияның екінші тарауында Қазақстан мен Баян-Өлгейдің мәдени, ағарту, ғылыми кеңінен сөз болған .

Тарихшы, ғалым 3. Қинаятүлы 1995 ж. жарық көрген "Жылаған жылдар шежіресі" деген еңбегінде Монғолиядағы қазақ диаспорасы тарихынан көптеген мөліметтер береді, олардын өткені мен болашағына байланысты өткір пікірлер айтады. Бұл еңбек қазақ диаспорасы тарихына бүгінгі көзқарас тұрғысынан уақыт талабына сай қорытындылар жасауымен бағалы.

Н. Мұхаметқанұлы "ХVШ-ХХ ғасырлардағы қазақ-қытай байланыстары деген кітабында соңғы екі ғасырдағы екі елдің қарым-қатынастарын даму тарихын зерттеу негізінде орта және ұлы жүз қазақтарының бірталай ру-тайпаларының Шығысқа қоныс аударуы, қазіргі Шыңжанның Іле, Тарбағатай мен Алтай аймақтарына барып қоныстауының тарихын баяндайды. Б. Кәмалашұлы мен Д. Қатранның сияқты еңбектерінде Монғолиядағы қазақтардың тарихы, олардың салт-дәстүрлерінің жекелеген мәселелері қарастырылған.

Монғолиядағы қазақ диаспорасы туралы еңбектер, 90-жылдардан бұрын маркстік-лениндік теорияға, коммунистік идеологияға, таптық партиялық принциптерге сай жазылғандықтан, оларда белгілі қателіктер мен бұрмалаушылықтар орын алды. Олардың басым көпшілігі этнографиялық тұрғыдан жазылған. Бұл еңбектер жаңа көзқарастағы ғылыми жұмысқа койылатын методологиялық және әдістемелік талаптарға көп жағдайда сай келе бермейді. Оларда көбіне мәліметтік-ақпараттық сипат басым болып келеді.

Сондықтан сол елдегі қазақ диаспорасы тарихы туралы колға түскен жаңа деректер мен құжаттарды пайдалана отырып, тарихи оқиғаға өркениет теориясы, ұлттық сана идеологиясы тұрғысынан, тарихи-объективтік шындық принциптері негізінен ғылыми ізденіс жасау арқылы зерттеу жүргізу қажет екінін мойындаған жөн.

Жоғарыда көрсетілген және қысқаша мазмұндарына шолу жасалған зерттеулердің мәселенің тарихнамасына қосар үлесі мол. Алайда олар Монғолиядағы қазақ диаспорасының тарихын арнайы және тұтас қарастырмайды. Олардың жалпы мәліметтік-ақпараттық сипаты басым екендігін ескерген жөн.

Жоғарыда айтылғандар біз тандап алған ғылыми жұмыстың тақырыбының өзектілігін, оның ғылыми танымдық, құндылығын дәлелдейді.

Зерттеудің методологиялық және әдістемелік негізін тарих ғылымының мынадай жалпы теориялық принциптері құрады: қажетті деректерді табу және оларға сипаттама берудегі тарихи таным; оқиғалар мен жағдайларды зерттеуде тарихи объективтік нақтылық; қоғамдық қүрылыстардың дамуын және өзгеруін зерттеудегі нақтылы-тарихи әрекет; танымдағы жан-жақтылық, олардың бір-бірімен ара-қатынасы, байланыстары.

Зерттеудің негізгі мақсаты мен міндеттері . Тақырыптың маңыздылығы мен оның бүгінгі күндегі өзектілігін ескере отырып, жаңа тарихи пайымдау түрғысынан Монғолиядағы қазақ диаспорасының тарихын зерттеуді жұмыстың негізгі мақсаты етіп алдым. Осыған сай мына міндеттер айқындалды:

- қазақ диаспорасының қалыптасуының себебіне, уақытына, географиялық ортасына тарихи сипаттама беру;

- қазақтардың бір бөлігінің Монғолияға қоныстануы, олардың XX ғасырдың басына дейінгі тарихын қарастыру;

- қазақтардың Маньчжуриялық Цин империясының отарлығына қарсы 1911 жылғы көтеріліске, 1921 жылғы революциялық оқиғаларға қатысуы және жүргізілген демократиялық өзгерістерге араласуын айқындау;

- қазақтар ортасында "социалистік" эксперименттердің жүргізілуін, оның Монғолиядағы отандастарымыздың саяси, әлеуметтік, экономикалық өміріне тигізген салдарларын анықтау;

- қазіргі кездегі оралмандардың тарихи отанына бейімделу мәселелерін жөне осыдан туындап отырған кейбір қиыншылықтарды ашып көрсету;

Монғолиядағы қандастарымыздың қазіргі кездегі және болашақтағы даму жолдарын, олардың тарихи отанына көшуінің кейбір мәселелерін қарастыру.

Еңбектің деректік негізі . Зерттеуде қазақ диаспорасына, соның ішінде Монғолиядағы қазақтардың тарихына, байланысты жарық көрген басылымдар, Монғолиядағы қазақ диаспорасының тарихы, бүгіні мен болашағына байланысты мақалалар басылған мерзімді баспасөз және конференция, симпозиум материалдары, сондай- ақ интернет пен оқу-әдістемелік және басқада құжаттар пайдаланылды.

Зерттеудің ғылыми жаңалығы:

- зерттеуде Монғолиядағы қазақ диаспорасының қалыптасуына толық талдау жасалынған;

  • еңбекте этникалық отанынан тысқары мекен еткен қазақтардың өзіне тән ұлттық қасиеттері мен мәдениеті нақтылы тарихи тұрғыдан зерттеледі;

- Монғолиядағы қазақтардың жағдайы туралы тың деректер негізінде Монғол үкіметінің оларға деген көзқарасы мен саясаты ашып көрсетіледі;

- Дипломдық жұмыста Монғолияда тұратын қазақтарға қатысты Қазақстан Республикасының сыртқы саясатына назар аудару және кезінде Т. Рысқүловтың сол өлкедегі қазақтарға қолдау керсеткендігін, осы үрдісті қазіргі кезеңде де жалғастыру өмір талабына сай екендігі айтылады;

- зерттеуде Монғолиядағы қазақ ғалымдарының өз отандастары туралы жазылған еңбектеріне талдау жасалады;

- еңбекте бұрын ғылыми айналымға түспеген кейбір архив деректері тұңғыш рет пайдаланылады.

Еңбектің қолданбалық маңызы. Шетелдердегі қазақ диаспорасының тарихын жазуда, оралмандарды табиғи-географиялық жағдайларды ескере отырып, территориялық принцип бойьшша орналастыру мен қазақ халқының ұлттық топтасу мәселелерін шешу жұмыстарында пайдалануға болады.

Қол жеткен тұжырымдарды Дүниежүзілік Қазақтар Ассоциациясының қызметінде пайдалануға, материалдарын жоғарғы оқу орындарында дәрістер оқумен практикалық жұмыстар өткізуде, арнайы курстар жүргізуде қолдануға болады.

Зерттеудің құрылымы. Жалпы диплом жұмысы оқиға соңынан түсіп әдебиеттердің қос мағыналы және қарама-қарсы түсініктерін сараптай отырып зерттеу болып табылады.

Дипломдық жұмыстың құрылымы. Дипломдық жұмыс кіріспеден, екі бөлімнен, қорытындыдан тұрады. Кіріспеде зерттеу тақырыбының көкейкестілігі, мақсаты мен міндеттері, методологиялық негізі, зерттеу тарихнамасы дәйектелген. Жұмыстың бірінші бөлімі « Моңғолия жерінде қазақ диаспорасының қалыптасуы, тарихы мен ерекшелігі » - деп аталады. Бұл жерде біртұтас қазақ халқының бір бөлігінің басқа елдерге шашырап кетуінің салдарынан қазақ диаспорасының қалыптасуы, соның ішінде Моңғолия жеріне мекен ауыстырған қазақ рулары, олардың ұзаққа созылған диаспоралық орналасу процесі және өзін-өзі басқару негізіне сүйенген басқару құрылымын жасауы, сондай-ақ тарихи қиын-қыстау кезеңдеріндегі кейбір бастан кешірген оқиғалары да тиянақты баяндалады.

Жұмыстың келесі екінші бөлімі: « Монғолиядағы қазақ диаспорасының қазірігі жағдайы» - деп аталады. Монғолия қазақтарының ұлттық құндылықтары ерекшелігінің сақталуы мен қамтамасыз етілуі туралы жаңа тың деректер де осы бөлімде келтіріледі. Өйткені Моңғолиядағы қазақтардың ахуал, тұрмыс дәстүрінде, дүние танымы мен рухани өмірінде, тіл мәдениетінде белгілі өзгерістер болды. Сонымен бірге бұл бөлімде Монғолиядағы қазақ диаспорасының қайта оралу мәселесіне орай туындаған жайттар туралы, қазақ диаспорасының қазіргі жағдайы мен болашағы туралы мәселе көтеріледі.

I БӨЛІМ. Монғолия жерінде қазақ диаспорасының қалыптасуы, тарихы мен ерекшелігі.

1) . Монғолия жеріне қазақтардың алғаш аяқ басуы және орналасуы.

1. 1. Қазақ диаспорасы Монғолия жерінде қашан және қалай

пайда болды. Алғашқы кезең.

Қазақ халқының тарихи жадында қазақ диаспорасы алғаш ХІІІ ғасырда пайда болды деген мәлімет сақталып қалғаны белгілі болып отыр. Қарқаралы өлкесінде «Найман қашқан», «Еңірекей», деген жер аттары бар екенін жұртшылық біледі. Мұндай атаулар, біздіңше, жоңғар шапқыншылығынан ілгері дәуірге байланысты. Бұл жер атаулары керей, найман, тайпалары ата мекенінен ауа көшкені, одан кетерінде еңірегені туралы хабар береді. 8 Ендеше керей, наймандар ата мекенінен қалайша, қашан айырылғанына оралайық.

Орта жүздің құрамында керей, найман тайпалары бар. Сондай-ақ Монғол мемлекетінің құрамында да керейіт, найман тайпалары болған. Ғалымдар арасында көп жылдар бойы осы екі тайпаның шығу тегі туралы пікір таласы болып келді, бұл талас күні бүгінге дейін шешілген жоқ. Қазақ ғалымдарымен қазақ тарихын зерттеген орыс, кеңес ғалымдары бұл екі тайпаны түркі тектес десе, монғол ғалымдары монғол тарихын зерттеген орыс, кеңес ғалымдары монғол тектес тайпалар деп есептейді.

Біз керей, найман тайпаларының тегі туралы мәселені шешкелі отырған жоқпыз. Ол ғылымның бір саласының қолынан келе бермейді, осыған қатысты барлық ғылымның, оның белді өкілдерінің арнайы айналысуымен шешілуге тиіс. Біз керей, найман тайпаларының қазақ диаспорасының пайда болуына қандай қатысы болды деген мәселеге ғана тоқталмақпыз.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Шетелдегі этникалық қазақ қауымының қалыптасуы мен қазақтардың репатриациясы тарихын зерттеудегі негізгі тұжырымдар
Моңғолия қазақтары мен салыстырсақ Қытай еліндегі қазақтарының өмір сүру салты монғолия қазақтарымен етене жақын
МОҢҒОЛИЯДА ҚАЗАҚ ДИАСПОРАСЫНЫҢ ҚАЛЫПТАСУЫ
Моңғолиядағы социалистік құрылыс жылдарындағы қазақ диаспорасы
ШЕТЕЛ ҚАЗАҚТАРЫ
Шетелдерде қазақ диаспорасының қалыптасуы
Қазақтардың Қытай жеріне ауа көшуі
ДИАСПОРОЛОГИЯ ЖӘНЕ ДИАСПОРА ҰҒЫМЫ
Қазақ диаспорасы бар елдерде Қазақстанның мәдениет күндерін өткізу
Алыс, жақын шетелдік қазақтар тілінің зерттелуі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz