«Автомобиль тасымалдары» пәнінен курстық жұмысты орындауға арналған әдістемелік нұсқаулар


Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі
Е. А. Бөкетов атындағы Қарағанды Мемлекеттік Университеті
Машинатану кафедрасы
300400 « Жол қозғалысын ұйымдастыру» мамандығының
студенттері үшін
« Автомобиль тасымалдары»
пәнінен курстық жұмысты орындауға арналған
әдістемелік нұсқаулар
Қарағанды 2007
Құрастырған: Әбдіраева Гүлшірін Ералиевна, ағаоқытушы
Рецензенттер: Исагулов А. З. , техника ғылымдар докторы, пролфессор
Магавин С. Ш., техника ғылымдары кандидаты, доцент
. Әбдіраева Г. Е. 300400 «Жол қозғалысын ұйымдастыру» мамандығының студенттері үшін «Автомобиль тасымалдары» пәнінен курстық жұмысқа әдістемелік нұсқаулар. -Қарағанды: ҚарМУ баспасы, 2004.
Қарағанды Мемлекеттік Университеті.
Мазмұны
1. Курстық жұмыстың мазмұны
«Автомобиль тасымалдары» пәні бойынша курстық жұмыс студенттердің пән бойынша теориялық материалдарын және автомобиль тасымалдарын маршруттандыру бойынша дағды алуын жүйелендіру, нығайту мақсатында орындалады. . Курстық жұмыс 30-40 беттік есептік-түсіндіру хаттамадан және графикалық бөлімнен құрылады.
Курстық жұмысты орындау үшін қажетті берілгендер:
- «Пик» сағаттағы жолаушы ағынының қуаты.
- Тәулік сағаттары бойынша тікелей және кері бағыттарда жолаушы ағының таралуы.
- Жүргізушілерге түстік үзіліс беру уақыты және ұзақтығы.
- Маршруттың негізгі техника-экономикалық көрсеткіштері.
- Жолаушы тасымалдаудың тиімді жоспарын құру үшін қажетті берілгендер
Қурстық жұмысты орындау процессі барысында студент келесілерді қарастыруы қажет (түсініктеменің мазмұны) :
- Тәулік сағаттары бойынша жолаушы ағының эпюрасын құру, тәулік сағаттары және бағыттар бойынша жолаушы ағынының бірқалыпсыздық коеффициентін анықтау.
- Автобустың маршруттағы пайдалану жылдамдығын, айналу уақытын, рейстегі уақытын есптеу.
- Графоаналитикалық есетеуді пайдаланып автобустың түрін анықтау.
- Графоаналитикалық есетеуді пайдаланып автобустардың жұмысын және жүргізушілердің еңбегін тиімді ұйымдастыруды анықтау.
- Маршрутта жұмыс жасау үшін қажетті жүргізушілер санын және автобус бригадаларының жұмыс пішін анықтау.
- Автобустардың қозғалыс кестесін құру.
- Техника-пайдалану көрсеткіштерінің тізімін құру және жолаушыларды тасымалдау маршруттарын ұйымдастыруды әрі қарай жалғастыру бойынша шараларды негіздеу.
Ескерту: Курстық жұмыстың түсініктеме хатында көрсетілген негізгі бөлімдермен қатар берілгендер, кіріспе, қорытынды және қолдданылған әдебиеттер кіреді.
Курстық жұмыстың графикалық бөліміне келесі сызбалар кіреді:
- маршруттағы қажетті автобустар санын анықтау номограммасы ;
- жұмыс ұзақтығы бойынша автобустарды классификациялау диаграммасы,
- жолаушылар ағының тәулік сағаттары бойынша өзгеру эпюрасы;
- маршрутқа қажетті автобустар санын анықтау номограммасы,
- “максимум” диаграммасы;
- таң ертеңгілік және кешкілік “пик” сағаттарының графоаналитикалық есебін құру,
миллиметрлік қағазда А4 фарматта құрылады, барлығы 6 бет
Графикалық бөлімді конструкторлық құжаттарға қойылатын стандарт талаптарына сәйкес орындау қажет.
Көлемі 30-40 беттік түсініктеме хаты А қосымшада көрсетілген, мәтіндік материалдарға қойылатын стандарт талаптарына сәйкес болуы тиіс. Ол тоқ түсті сиямен, шектеу рамкалары сызылған (сол жақтан -30 мм, оң жақтан -10 мм, қалғандары - 20мм) А4 (297х210 мм) форматтың бір бетіне жазылады.
Түсіндіру хатының басында мазмұны, соңында қоданылған әдебиеттер тізімі беріледі, мәтінде әдебиетерге нұскаулар, қолданылған әдебиеттер тізіміндегі тәртіп нөмірін, [ ] тәрізді жақшаларда көрсету арқылы жасалсды.
Формулалардағы сандық коэффициенттер мен белгілердің мәндері формулаларға сәйкес келтірілген болуға тиіс. Бір түрдегі есептеулерді, мысалы жылжымалы құрамның жұмысының техника-экономикалық көрсеткіштерін есептеуді, жалпы түрде орындау сонан соң санды нәтижелерді кестелерге толтыру ұсынылады.
Барлық суреттер мен кестелер олардың мазмұнын түсіндіретін жазулармен толықтырылады. Мәтіндегі суреттерге нұсқаулар - сурет 1 түрінде жасалады, ал қайта ескертуде - сурет 1 қара.
Студенттердің пайдалануын жеңілдету үшін әдістемелік нұсқауларды нақты сандарды есептеу мысалында көрсетілген.
.
2 Курстық жұмысты орындау үшін тапсырма
Әрбір студентке курстық жұмысты орындау үшін варианттарға жеке тапсырма беріледі. Курстық жұмыс бойынша тапсырма «Жолаушы тасымалдауды ұйымдастыру» тақырыбын үйренгеннен соң беріледі. Төменде курстық жұмысты орындаудың мысалда көрсетілген мәтіні берілген. Курстық жұмыс теориялық материалдарды үйренумен қатар орындалады.
Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі
Е. А. Бөкетов атындағы Қарағанды Мемлекеттік Университеті
«Автомобиль тасымалдары» пәні бойынша курстық жұмысты орындау үшін
Тапсыпма №
топ студент
т. а. ж.
Қарағанды қаласының берілген А және В пункттері арасында қалалық автобус маршрутын дайындау және жолаушыларды тасымалдауды жетілдіру.
Жұмысты орындау үшін қажетті берілгендер:
1 «Пик» сағаттағы жолаушы ағының қуаты. Q = 2000 пасс.
2. Тәулік сағаттары бойынша тіке және кері бағыттардағы жолаушылардың бөлінуі
3. Жүргіушінің түстік үзілісінің ұзақтығы 0, 5 - 1 сағат.
5-6
6-7
7-8
8-9
9-10
10-11
11-12
12-13
13-14
14-15
15-16
16-17
17-18
18-19
19-20
20-21
21-22
22-23
23-24
0, 45
1
0, 94
0, 8
0, 6
0, 6
0, 45
0, 45
0, 3
0, 7
0, 8
0, 95
1
0, 8
0, 6
0, 5
0, 4
0, 4
0, 2
0, 6
0, 9
0, 9
0, 63
0, 55
0, 5
0, 4
0, 35
0, 4
0, 5
0, 65
0, 7
1
0, 55
0, 4
0, 45
0, 4
0, 35
0, 2
Жүргізушілерге түстік үзіліс жұмыс басынан кемінде екі сағаттан соң және бес сағаттан кешікпей беріледі.
4. Автобус маршрутының көрсеткіштері.
Тапсырма берілген күн Курстық жұмысты тапсыру мерзі мі
Жұмыстың жетекшісі
3 Автомобиль тасымалдарын маршруттандыру.
Автомобильді-көліктік жұмыс екі негізгі көрсеткішпен сипатталады: тасымалдау көлемі мен жүк айналымы немесе жолаушылар айналымы. Тасымалдау көлемі белгілі бір уақыт аралығында тасымалданған немесе тасымалдануы қажет жүктің шамасы немесе жолаушылар санын көрсетеді, ал жүк айналымы (жолаушылар айналымы) - ол жүк немесе жолаушыларды тасымалдау бойынша көлік жұмыстарының көлемі.
Автомобиль көлігінің жүк айналымы немесе жолаушылар айналымының артуы мен оны қолдану тиімділігі техникалық-тасымал, жылжымалы құрам жұмысының сапалық көрсеткіштер деңгейін жақсартуды талап етеді.
Жаңа маршруттар бойынша жылжымалы құрам қозғалысын қамтамасыз етуші тасымалдарды маршруттау бос жүрісті төмендету, жүрісті пайдалану коэффициентін көтеруге мүмкіндік береді, яғни, автомобилдер өнімділігін арттыруға. Бұл сонымен қатар автомобилдер тасымалының өзіндік құнын, халық шаруашылығындағы көліктік шығындарды азайтуға маңызды әсерін тигізеді, сонымен бірге жүргізушілердің еңбек ақысы мен тасымалдар тиімділігін арттырады.
4 Жолаушылар ағыны жайлы жалпы түсініктер
Жолаушылар ағыны деп автобусты маршрут аялдамалары аралығындағы жолдың әрбір кесіндісінде немесе жалпы желі бойынша уақыт бірлігінде бір бағыттағы барлық автобустық маршруттар мен тасымалданатын немесе тасымалдануы қажет жолаушылар санын атайды.
Жолаушылар ағыны сипатталады:
а) маршруттың жеке аймақтары немесе жалпы ұзындығы бойынша қызу қарқынды жүрісімен, ол жылжымалы құрамның толықтығы немесе автобустар қозғалысының уақыт бірлігінде тікелей және кері бағытындағы маршруттың әрбір аймағы бойынша тасымалданушы жолаушылар санымен анықталады;
б) тасымалдар көлемімен, яғни жалпы маршрут бойынша тасымалдалынған жолаушылар саны немесе уақыт бірлігінде тікелей және кері бағытындағы маршрут желісі.
Жолаушылар ағынын график, картограмма, эпюра немесе кестеде белгілеп көрсетеді.
Әдеттегідей, жолаушылар ағыны тәуліктің әр уақытында, сонымен бірге маршрут аймақтары мен автобустар қозғалысы бағыттары бойынша бірдей емес.
Желі бойынша жолаушылар ағынын үлестіру тұрғын массивтеріне, өнеркәсіптік кәсіпорындар, әкімшілік және мәдени орталықтарға қатысты қала жоспары бойынша маршруттардың орналасуына байланысты. Көптеген қала ішіндегі маршруттар, әсіресе диаметрлі маршруттар үшін бастапқы пункттен аяққы пункт бағытында жолаушылар ағынының көбеюі тән.
Егер жалпы қала бойынша жолаушы ағынының картограммасын құратын болсақ, яғни көлік схемасына барлық маршруттар бойынша жолаушылар ағынының қызулығын енгізетін болса, онда қаланың орталық бөлігіндегі желі аймақтарының перифериялыққа қарағанда көбірек жүктелгенін көруге болады.
Жолаушылар ағынының уақыт бойынша ауытқуы автомобилді тасымалдың әр түрі үшін ерекше болып келеді. Қала ішіндегі автобусты тасымалдарда жолаушылар ағыны тәулік сағаттары бойынша күрт ауытқиды, яғни, халықтың жұмысқа бару мен жұмыстан қайту уақыттарында елеулі түрде өсіп және таңертеңгі, күндізгі және кешкі “Пик аралық” сағаттарда төмендейді.
“Пик” уақытында (таңертеңгі және кешкі) тәулік бойынша тасымалданатын жолаушылардың жартысына жуығы тасымалданады.
Негізінен, кешкі “пик” аралығында жүріп өтетін жолаушылар саны жоғары және кешкі тасымалдар максимум уақыты таңертеңгіге қарағанда ұзағырақ.
Жолаушылар ағынының өзгеру көрсеткіштері болып бірқалыпсыздық коэффициенті табылады:
а) уақыт бойынша жолаушылар ағынының бірқалыпсыздық коэффициентін кез-келген (тәулік сағаты, апта күндері, жыл мезгілдері бойынша) цикл аралығында қабылданған уақыт бірлігінің тасымалдың ең көп мөлшерінің орташаға қатынасы арқылы анықтауға болады:
(1)
мұнда к c - тәулік сағаттары бойынша жолаушылар ағынының бірқалыпсыздық коэффициенті;
Q max - максималды сағаттық жолаушылар ағыны (бағыттар бойынша жиынтықты) ;
Q ср - ортасағаттық жолаушылар ағыны (бағыттар бойынша жиынтықты) ;
б) маршрут аймақтары бойынша жолаушылар ағынының бірқалыпсыздық коэффициенті маршруттың максималды жүктелген аймағындағы толуының барлық маршруттағы орташа толуының қатынасымен анықталады:
(2)
мұнда к уч - бірқалыпсыздық коэффициенті;
в) бағыттар бойынша жолаушылар ағынының бірқалыпсыздық коэффициенті максималды және минималды жолаушылар ағыны бағытындағы тасымалдар көлемінің орта сағаттық мөлшеріне қатынасымен анықталады:
(3)
Бірқалыпсыздық коэффициентінің мөлшері жеке маршруттар бойынша жолаушылар тасымалының нақты жағдайларына байланысты едәуір ерекшеленуі мүмкін.
Тасымалдауды ұйымдастыруды жақсарту бойынша шараларды әзірлеу (атап айтқанда маршрут желісін талдау мен түзету, тиімді көліктік құралдар таңдау, тиімді маршрутты кесте құрастыру және т. б. ) жолаушылар ағынының сипаты мен өлшемі жайлы деректермен негізделуі керек.
Жолаушылар ағынын жолаушылар тасымалы жайлы есептеу деректерін талдау жолымен, сонымен бірге арнайы нақты зерттеулер жүргізу арқылы зерделейді.
5 Жолаушылар көлемін анықтау әдістері
Тәжірибеде жолаушылар ағынын зерттеудің бірнеше әдістерін қолданады.
Зерттеудің сауалнамалық әдісі халықтың арнайы сауалдарға жауаптары арқылы жүргізіледі. Қойылған мәселелерге байланысты, халықтың жұмысына байланысты, мәдени-тұрмыстық, іс-сапарлық жол жүрулері зерттеледі. Сауалнамалар маршруттарды, көліктің жеке түрлерін, жалпы көліктік желі бойынша жолаушылар ағынын үлестіру сипатын, елді мекен ішінде халықтың жүру корреспонденциясы мен осыған кететін жалпы уақыт шығынын, пункттер мен көлікке қайта отыру санын және т. б. анықтауға мүмкіндік береді.
Зерттеу материалдары қаланың маршрут кестесіне түзетулер енгізу, болашаққа көліктік желіні жобалау, жолаушылар тасымалын жүзеге асыру үшін көлік түрін таңдауды негіздеу, қалалардың болашақтық кешенді көлік кестесін әзірлеу үшін қолданылады.
Зерттеудің кестелік әдісі әрбір автобустың ішіндегі санақ құралы арқылы жүргізіледі. Санақ құралы кіріс және шығу есіктерінің қасында орналасып, есептеп және арнайы кестелерге сәйкесінше әрбір аялдамада кіріп-шыққан жолаушылар санын жазып тұрады, әрбір сапардың басталу және аяқталу уақытын белгілеп отырады.
Цикл соңында кестелерді диспетчерлік пункттерге тапсырады, немесе зерттеу жүргізу бойынша әрі қарай өңдеу жұмыстарын жүргізу үшін арнайы инструкторларға береді.
Әрбір сағат бойынша жолаушылар тасымалы мөлшерінің жиынтық кестесін құру және бағыттар бойынша толық жұмыс күні 1 кестеде келтірілген.
Кесте 1. Тасымалданған жолаушылар санының өзгеру кестесі, тәулік сағаттары бойынша, маршрут №1.
Тәулік сағаттары бойынша жолаушы ағындарының өзгеру эпюрасы сурет 1-де берілген. Бұл жерде жолаушы ағынынынң бірқалыпсыздық коэффициенті есептеледі. (кесте 1) .
Тәулік сағаттары бойынша
мұнда Q . max - бір сағаттағы максимальды жолаушы ағыны ( 17 мен 18 сағаттар аралығындағы тіке және кері бағыттағы жиынтығы),
Q ср - орташа сағаттық жолаушы ағыны (44740:19=2355) .
Бағыттар бойынша жолаушы ағынның бірқалыпсыздық коэффициентті:
Мұнда, Q . ср. max. - жүктелуі үлкен бағыттың бір сағаттағы орташа жолаушы тасымалдау көлемі,
Q ср. min - жүктелуі кіші бағыттың бір сағаттағы орташа жолаушы тасымалдау көлемі
Кестелік әдіс материалдары жолаушы ағының тәулік сағаттары және маршрут бөліктері бойынша өзгеруінің, аялдамамлардағы жолаушы айналымының, автобустардың жұмысының техика пайдалану көрсеткіштерінің сипатын алу мүмкіндігін береді. Зерттеу материалдарын жылжымалы құрамдарды сиымдылығы бойынша бөлуде түзетуде, қозғалысты тиімді ұйымдастыру бойынша шараларды дайындауда пайдаланылады.
1-сурет. Тәулік сағаттары бойынша жолаушы ағындарының өзгеру эпюрасы
6. Жылжымалы құрам жұмысының техникалық-эксплуатациялық көрсеткіштерін жоспарлау
Жылжымалы құрамды пайдалану жоспарын әзірлеуді автомобильдерді пайдалануға және бөлек тасымалдар түрлері бойынша олардың жұмыстарының нәтижесін (автобустық - қалалық, қала маңындағы, қалааралығындағы және таксомоторлы) және жылжымалы құрам түрін бағалауға мүмкіндік беретін, оларды автокөліктік кәсіпорынның барлық материалды-техникалық қорларының максималды пайдалануын қамтамасыз ету үшін техникалық-эксплуатациялық көрсеткіштері деңгейін анықтаудан бастайды [1, 2, 3] .
Жолаушылық жылжымалы құрамды пайдалануды келесі эксплуатациялық көрсеткіштермен бағалайды:
1) жылжымалы құрамның техникалық дайындық коэффициенті
және
желіге шығару коэффициентімен;
2) тәулік бойына автобустың желіде болу уақыты - Т н нарядтағы уақытымен;
3) қозғалыс жылдамдығымен: техникалық - V т , эксплуатациялық - V э , және қатынастар жылдамдығымен -V c ;
4) жолаушылар тасымалының орташа қашықтығымен L n ;
5) жүрісті пайдалану коэффициентімен
;
6) жылжымалы құрамның жолаушылар сыйымдылығын пайдаланумен сипатталатын толтыру коэффиценті
;
7) жылжымалы құрам өнімділігімен - жолаушылар және жолаушылар шақырымында бір отыратын автомобилдік-орын өндіру.
Техникалық-эксплуатациялық көрсеткіштер деңгейі жылжымалы құрам түрі мен оның техникалық сипаттамасына, сыйымдылығына, тасымалдың әр түрі бойынша тасымалданатын жолаушылар санына, тасымалдау әдістері мен көліктік процесті ұйымдастырудың жетілгендігіне, маршруттардағы жол жағдайларына, тасымалдар қашықтығына, автокөліктік кәсіпорынның техникалық жабдықталуына, техникалық қызмет көрсетуді ұйымдастыру жүйесі мен жылжымалы құрамды жөндеуге, еңбекті ұйымдастыруға және т. б. байланысты.
Автобустармен жолаушыларды тасымалдау кезінде көліктік процестің аяқталған циклы болып сапар саналады, оған маршруттың бастапқы пунктінен соңғысына дейін автобус жүрісінде болатын көлік операцияларының толық кешені кіреді [4] .
Сапар уақыты t p қозғалыс уақыты t қ мен жолаушыларды отырғызу мен түсіруге арналған t оа аялдама уақытынан құралады:
Мұнда l н - маршрут ұзындығы, км; бастапқы мәліметтерден: lн= 10 км;
v т - маршруттағы техникалық жылдамдық, км/сағ; бастапқы мәліметтер бойынша: v т = 15 км/сағ., онда t p = 10/15 * 3600 + 16 * 20 = 2720 с. = 45, 333 мин. Мұнда t оп = 20 с - аралық пункттегі аялдама уақыты (бастапқы мәліметтер бойынша) ;
z оп =16 - аралық аялдамалар саны (бастапқы мәліметтер бойынша) ;
t ок =5 мин. - маршруттың соңғы пунктінде автобустың тоқтап тұру уақыты (бастапқы мәліметтер бойынша) .
Автобус айналымы - автобустың бастапқы пункттен осы пунктке қайтып келу жолы [4] . Маятниктік маршруттағы айналым ұзындығы l 0 = 2 l М .
L 0 = 2 * 10 = 20 км .
Маршрутта автобустың айналу уақыты:
Мұнда t 0 д , t 0 оп , t ок - сәйкесінше қозғалыс уақыты, бір айналым ішінде аралық пункттерде аялдама уақыты. Біздің жағдайда t 0 = 2 * 45, 333 + 5 = 95, 666 мин.
Эксплуатациялық жылдамдық мөлшері техникалық жылдамдық пен көлік жүрісін ұйымдастыруға байланысты.
5 формуладан келесіні көруге болады
Автобус жұмысының уақытын эксплуатациялық жылдамдыққа көбейту арқылы оның тәуліктік жүрісін табуға болады, ол жылжымалы құрам жұмысын, қажетті жөндеулер мен техникалық қызмет көрсету есептерін анықтауда қолданады. Эксплуатациялық қасиеттерін жоғарылату - автобус өнімділігін арттырудағы маңызды резерв, өйткені ол белгіленген жолаушылар ағынын маршруттағы айналымды арттыру арқылы автобустар аз санымен қызмет көрсетуге мүмкіндік береді.
Қатынау жылдамдығын соңғы пункттегі аялдама уақытын ескерместен, бір сапардағы жалпы жүрісті қозғалыс уақыты мен аралық аялдама пункттеріндегі (жолаушыларды түсіріп, мінгізетін) аялдамаларға бөлу жолымен анықтайды.
Қатынас жылдамдығын көтеру жолаушылар үшін маңызды көрсеткіш болып табылады, өйткені бір пункттен екінші пунктке дейінгі жүріс уақытын үдете отырып, оларға бос уақытын үнемдеуге жағдай туғызады. Қатынас жылдамдығын көтеру жолы: экспресті және жүрдек қозғалысты ұйымдастыру, аялдамаларда жолаушылардың мініп, түсуін жеделдететін кең есікті, төмен табалдырықты қала автобустарының жаңа түрін енгізу. Аялдамалар арасындағы аралық ұзындығын 300-ден 600 метрге дейін өсіру қатынас жылдамдығын 14-тен 18, 5 км/сағ көтеруге мүмкіндік берді [4] .
7 Автобус сыйымдылығын таңдау
Сыйымдылығы бойынша автобус түрін жолаушылар ағынының мөлшеріне байланысты таңдайды, өйткені өнімділік және қажетті қолайлы жағдайлар мен қозғалысқа аз уақыт кетіруді ескере отырып халықты тасымалмен қамтамасыздандыру, сонымен қатар тасымалдардың өзіндік құны соған тікелей байланысты.
Қала автобусының номиналды сыйымдылығы отырушы жолаушылар орындарының санына және салонның (креслоларға арналған орындардан бос) бос орнына 5 адамға 1 м 2 деп алған есеп бойынша тұрып тұрушылар орындарының санына сәйкес келеді, ал пик сағаттарында 8 адам/м 2 дейін.
Бір бағыттағы жолаушылар ағынына байланысты пик сағаттарында автобустың қажетті сыйымдылығы (отыруға және тұрып тұруға арналған орын саны) келесі мәндерге сәйкес келеді [2] :
Бірақ бұл әдіспен тек бағдарлы мәндерді алуға болады.
Сыйымдылығы бойынша автобус түрін тасымалдардың өзіндік құны мен қозғалыс интервалы (халыққа қызмет көрсету сапасы) бойынша қолданыстағы жылжымалы құрам үлгілерін (қала тасымалдарының басқа талаптарын қанағаттандыратын) графоаналитикалық салыстыру жолымен таңдауға болады.
Бір маршрутта жұмыс істеу кезіндегі шартты үлкен және кішкентай сыйымдылықты болып аталған автобустың екі түрін салыстырайық.
a - z өсінде (2 сур. ) берілген маршрутта тәулік сағаттары бойынша жолаушылар ағынының графигі құрылған. х, q, z өстерінде маршруттағы жолаушылар ағыны, қозғалыс интервалы J a (немесе автобустар санының) және сыйымдылық q арасындағы байланысты анықтайтын номограмма құрылған.
Маршрут ұзындығын біле отырып және қозғалыстың эксплуатациялық жылдамдығын беріп (немесе оны есептеп), автобустың қозғалыс интервалын анықтаймыз J a = t 0 /А М , мұнда t 0 - маршруттағы автобустың айналым уақыты. Біздің жағдайда t 0 = 95, 666 мм; v э = 12, 54 км/сағ.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz