Қылмыстық іс жүргізуге қатысушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге байланысты шетелдердің тәжірибесі


Пән: Құқық, Криминалистика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 4 бет
Таңдаулыға:   

ҚЫЛМЫСТЫҚ ІС ЖҮРГІЗУГЕ ҚАТЫСУШЫЛАРДЫҢ ҚАУІПСІЗДІГІН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУГЕ БАЙЛАНЫСТЫ ШЕТЕЛДЕРДІҢ ТӘЖІРИБЕСІ

Ешимбаев Н. C.

Ғылыми жетекші: Тлеубердина У. Т., з. ғ. м., аға оқытушы

Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университеті, Көкшетау қ.

nurbol_muslim@mail. ru

Қылмыстық іс жүргізуге қатысатын тұлғалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және осы аталған саладағы заңдардың негізгі бағыттарын анықтау, шетелдердің тәжірибесін зерттеуді қажет етеді. Куә мен жәбірленуші ден жауап алу көп жағдайларда ұқсас болып келеді, өйткені олардың процесуалдық жағдайлары шамалас, жақын. Жәбірленуші деп қылмыстан мүліктік, денелік және моральдық зардап шеккен жеке тұлғаны атайды. Жәбірленуші тергеу ісіне өзі немесе өкілін қатыстыруға, тергеу кезінде тергеу әрекеттеріне қатысуға, іс материалдарымен толықтай танысуға, іс материалдарынан өзіне керекті мәліметтерді, тергеу және сот құжаттарының көшірмелерін алуға, тергеу кезінде өзінен алынған құжаттар түпнұсқасын, мүлік-заттарды қайтарып алуға құқылы. Қазіргі кезде онша ауыр емес және орташа қылмысты жасаған адамдар жәбірленушіге қылмыс салдарынан келтірілген залалды толықтай өтеп, жәбірленушімен татуласып, жәбірленуші сотталушымен татуласқанын көрсетіп, оны қылмыстық жауаптылықтан босату туралы өтініш берген жағдайда, қылмыс жасаған адам қылмыстық жауаптылықтан босатылады. Ал ауыр қылмыс жасаған (адамның қайтыс болуымен немесе жәбірленушінің денсаулығына ауыр зиян келтірумен байланысты болмаған жағдайда) кәмелетке жасы толмаған адам жәбірленушімен татуласса және келтірілген зиянның есесін толтырса, қылмыстық жауаптылықтан босатылуы мүмкін. Сондықтан жәбірленуші өзіне қылмыс салдарынан келтірілген залалды тергеу әрекеті кезінен өндіріп алуы заңға қайшы болып табылмайды.

1999 жылы 2-3 шілдеде Алматы қаласында өткен «Қазақстандағы пенитенциарлық реформа және анықтау мен тергеуді жүргізудегі заңсыз тәсілдермен күресу туралы» ғылыми-тәжірибелік семинарда қылмыстық іс жүргізу барысында азаматтық және жалпы адамзаттық құқықтардың бұзылуы, соның ішінде азаптаумен байланысты әрекеттердің кең таралғандығын, адамдардың құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз ету мәселелері туралы айтылды. Еліміздің құқық қорғау органдары кез-келген тәсілмен өздеріне қажетті жауап алу үшін әр түрлі заң бұзушылықтар жасайтыны, адамдарды бірнеше тәулік бойы қызметтік үй-жайларда, кабинеттерде ұстайды. Осы мақсаттарда арнайы қабылдағыштар, медициналық айықтырғыштар қолданылып, адамдар әкімшілік тәртіппен ұсталады. Ұсталғандарға қатысты түрлі заңсыз әсер етулер қолданылады. [1; 128 б. ]

Аталған саладағы құқыққорғау органдары қызметінің құқықтық реттелуіне қатысты шетелдік тәжірибе, Қазақстанды өзінің жаңалығымен ғана емес, сонымен қатар қылмыстық іс жүргізуге қатысушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге байланысты мемлекеттік бағдарламаның нақтылығымен де қызықтырады. Бұл тұрғыда біздің зерттеуіміз АҚШ, Италия және ГФР мемлекеттерінің аталған саладағы нормативтік актілерін талдауға арналады.

АҚШ-тың қылмыстық іс жүргізуіндегі куәларды мемлекеттік қорғауды реттейтін негізгі құқықтық акт - 1984 жылы 12 қазанда АҚШ Конгресі қабылдаған «Куәлардың қауіпсіздігін күшейту туралы акт» болып табылады. [2; 212 б. ]

Бұл құжаттың ережелеріне сәйкес, куәлардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету шараларын қолдану Әділет министіріне жүктелген. Жоғарыда аталғандарға қоса, АҚШ-тың әділет министрі келесі шараларды қолдануға құқылы:

  • қорғалатын тұлғаға заңды түрде рәсімделген жаңа құжаттардың берілуін қамтамасыз ету;
  • қорғалатын тұлғаны тұрғын үймен қамтамасыз ету;
  • қорғалатын тұлғаның жаңа тұрғын үйіне жиһаздарын және өзге де мүлкін тасымалдап жеткізуді қамтамасыз ету;
  • белгілі мерзімге қорғалатын тұлғаны күн көріс қаражатымен қамтамасыз ету;
  • дербес өмір сүруге қажетті барлық қызметтің түрлерімен қамтамасыз ету;
  • қорғалатын тұлғаға жұмыс табуға көмектесу;
  • қорғау бағдарламасына қатысты кез-келген өзге де мәселені шешу.

Әділет министрі кез-келген ауыр қылмыстар бойынша, сондай-ақ қоғамға және меншікке қауіп төндіретін өзге де жағдайларда куә ретінде жауап беретін тұлғалардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге байланысты өзінің жазбаша қорытындысын беруі қажет.

Әділет министрі қорғалатын тұлғамен жазбаша келісім жасауға міндетті. Мұндай келісімде қорғалатын тұлғаның төменде аталған міндеттері туралы көрсетілуі тиіс:

  • тұлғаның куә болуға келісуі және өзіне белгілі ақпарат туралы сотта іс қарау барысында куә ретінде жауап беруі;
  • тұлғаның ешқандай қылмыс жасамайтыны туралы уәдесі;
  • өзіне қатысты қолданылатын қауіпсіздік шаралары туралы басқа тұлғаларға жарияламау;
  • барлық заңды міндеттер мен соттың шешімдерін орындау;
  • қауіпсіздік шараларын қамтамасыз ететін лауазымды тұлғалар мен қызметкерлердің талаптарын орындау және олардың қызметіне көмектесу;
  • тиісті лауазымды тұлғаларға өзінің қызметі және орналасқан жері туралы хабарлау.

Қауіпсіздікті қамтамасыз етуге қатысты мұндай келісім қауіпсіздік шаралары қолданылуға жататын әрбір он сегіз жасқа толған тұлға мен әділет министрі арасында жасалады.

Әділет министрі куәні қорғауды қамтамасыз етуді ұйымдастыруды өзінің орынбасарына, көмекшісіне немесе министрліктің кез-келген лауазымды тұлғасына жүктеуі мүмкін.

Әділет министрі жасалған келісімнің талаптары бұзылған жағдайда, келісімді бұзу және қорғалатын тұлғадан қауіпсіздік шараларын қолдануды қысқарту туралы шешім қабылдауы мүмкін.

Келісімді қысқартқанға дейін әділет министрі қорғалатын тұлғаға бұл туралы ескертіп, оның себептері туралы түсіндіруі тиіс. Қорғауды қамтамасыз етуді қысқарту туралы шешім қайта қарауға және сотқа шағымдауға жатпайды.

АҚШ-та қылмыстық іс жүргізуге қатысушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету саласындағы маңызды заңдардың бірі - 1982 жылы 12 қазанда қабылданған «Қылмыстардың жәбірленушілері мен куәларын қорғау туралы» Заң болып табылады. [3; 140 б. ] Бұл заңның басты ережесі - қылмыстардың жәбірленушілері мен куәларына әсер еткен тұлғалардың қылмыстық жауаптылығын ауырлатуға негізделеді. Мысалы, куәны қорқытқан немесе оған қатысты дене күшін қолданған адамға 250 000 АҚШ доллары мөлшерінде айыппұл салынады немесе 10 жылдан астам мерзімге бас бостандығынан айыру тағайындалады немесе аталған екі жаза бірге қолданылады. Тұлғаға куә ретінде жауап беруге кедергі жасау мақсатында кез-келген қолайсыз жағдайларды ұйымдастырған үшін 250 000 АҚШ доллары мөлшерінде айыппұл салынады немесе бір жылдан аспайтын мерзімге бас бостандығынан айыру немесе аталған екі жаза бірге қолданылады.

Қылмыстық іс жүргізуге қатысушы тұлғалардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге байланысты Италия заңдарына тоқталсақ, бұл елде де аталған саланы реттеуде өзіндік ерекшеліктері бар екендігін байқауға болады. 1992 жылы 6 тамызда Италия парламенті «Жаңа қылмыстық іс жүргізу кодексіне өзгерістер енгізу және мафиялық қылмыстылықпен күресу туралы» Заңды қабылдады. Бұл заңның жобасын Италияның Ішкі істер министрлігі мен Әділет министрлігі бірігіп дайындаған болатын. Сицилия мафиясы жасаған бірқатар ауыр қылмыстардың артуы аталған заңның тез қабылдануын жеделдетті.

Аталған заңға сәйкес, құқық қорғау органдарына көмектесуге келісім берген қылмыстық ұйымның мүшесін қорғауға қатысты шараларды қолдануға санкцияны, сол тұлға тұрақты тұратын немесе ұсталатын түзеу мекемесі қарайтын округтің бас прокуроры береді.

Алдын ала полиция бастығы қарайтын өтініште келесі мәліметтер болуы тиіс:

  • қорқыту дәрежесі және оны іске асырудың болжамды мерзімі;
  • ұсынылатын қорғау шаралары.

Аталғандарға қоса, өтініште бұрын осындай шаралардың қолданылғандығы немесе оларды қолдану тиімсіз болса, оның себептері туралы көрсетілуі тиіс. Осындай өтінішті прокурорға жібергені туралы полиция бастығы Ішкі істер министрлігіне хабарлауға міндетті.

Бұл заң округтің Бас прокурорына кең құқықтар береді. Атап айтқанда ол құқық қорғау органдарына көмектескен қылмыстық ұйымның мүшесіне сот тағайындаған жазаның түрін өзгертуге құқылы (жазадан мерзімінен бұрын және толық бостауды қоспағанда) .

Мұндай тұлғалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету шарасы ретінде бір түзеу мекемесінен басқа түзеу мекемесіне ауыстыру, тұрғылықты жерін басқа округтің аумағына көшіру көзделген. Сондай-ақ, уақытша басқа құжаттармен қамтамасыз ету де қарастырылған. Бұл жағдайда, қорғалатын тұлға берілген құжаттарды заңсыз пайдаланғаны үшін жауапқа тартылатыны туралы ескертіледі.

Кейде қорғалатын тұлғаның тегіне, есіміне, туған жылы мен туған жеріне және оның туыстары туралы құжаттарға өзгерістер енгізіліп, жаңа құжаттар берілуі мүмкін.

Бұлардан басқа, прокурордың нұсқауы бойынша полиция органы жеке қауіпсіздікті қамтамасыз ету шарасын қолдануға міндетті. Жаңа заңға сәйкес, құқық қорғау және сот органдарына көмек көрсетуге келіскен тұлғалардың сот залына тікелей келіп қатысуы міндетті емес. Олар техникалық құралдардың көмегі арқылы жауапты басқа жерде отырып та беруге құқылы. Заңға сәйкес, қорқыту немесе өзге де жолдармен заңсыз әсер ету расталса, куәлардың алдын ала тергеу барысында берген жауаптарынан бас тартып, сотта жауаптарын өзгерткен жағдайда, алдын ала тергеу барысында берілген жауап басшылыққа алынады және дәлелдеме ретінде қолданылады.

Құқық қорғау органдарына көмектесуден бас тартқан ұйымдасқан топтың мүшелері қасақана қылмыстары үшін тек бас бостандығынан айыру түріндегі жазаға тартылуға жатады және оларға қатысты балама жазаның түрлері немесе өзге де жеңілдіктер көзделмеген.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қылмыстық іс жүргізуге қатысушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз етудің құқықтық негіздері
ҚЫЛМЫСТЫҚ ІС ЖҮРГІЗУГЕ ҚАТЫСУШЫЛАРДЫҢ ҚАУІПСІЗДІГІН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУДІҢ ҰЙЫМДАСТЫРУШЫЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
Қылмыстық іс жүргізу процесіне қатысушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз етудің өзекті мәселелері
Конституциялық Кеңестің актілері
Конституциялық Кеңестің Төрағасы мен мүшелерінің мәртебесі
Қылмыстық процеске қатысушылардың түсінігі
Қылмыстық істе куәнің қауіпсіздігін қамтамасыз ету
Қылмыстық процеске қатысушылардың түсінігі мен олардың жіктелуі
Қылмыстық процеске қатысушылардың ұғымы, мәні
Сот әділдігіне қарсы қылмыстардың жалпы сипаттамасы және жүйесі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz