«Криминалистикалық фотография»


Пән: Құқық, Криминалистика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 7 бет
Таңдаулыға:   

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі

Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау Мемлекеттік университеті

Тарих, заңтану, спорт және өнер факультеті

Заңтану кафедрасы

Баяндама

Пәні: Қылмыстарды ашудың техникалық-криминалистық қамтамасыз ету

Тақырыбы: «Криминалистикалық фотография»

Орындаған: ЮК-31 тобының студенті Ешимбаев Н. С.

Тексерген : аға оқытушы Мырзаханов Е. Н.

Көкшетау - 2016

Криминалистік фотографияның даму тарихы жалпы фотография тарихына негізделеді.

Қылмыспен күресу мақсатында фотосурет XIX ғасырдың ортасынан бастап қолданыла бастады. Басында негізінен қылмыскерлерді есепке алу үшін қолданылса, соңынан қылмыскерлерді жедел іздестіру, оқиға болған жерді қарау, табылған белгісіз өліктерді есепке қою және жедел- іздестіру жұмыстарын іске асыру мақсатында қолданыла бастады.

XIX ғасырдың 70 жылдарында аталған мақсаттарды жүзеге асыру үшін арнайы құралдар шығаруға талпыныстар жасала бастайды. Бұл сұраққа бірінші болып үлкен көңіл аударған француз криминалисі Альфонос Бертильон болды. Ол ірі пішімді фотокамераның бірнеше түрін ойлапи шығарды және жалпы фотографияның техникалық тәсілдері мен әдістерін қолдана отырып, қылмыскерді 1/7 кескіні көрсететін суретке түсіруді ұсынды[1] .

Сот фотографиясының даму тарихы жалпы фотография тарихына негізделеді. Қылмыспен күресу мақсатында фотосурет 19-ғасырдың ортасынан бастап қолданыла бастады. Басында негізінен қылмыскерді ұстау фотографиясына үлкен үлес қосты. үшін қолданылса, соңынан қылмыскерді жедел іздестіру, оқиға болған жерді қарау, табылған белгісіз иеліктерді есепке қою және жедел іздестіру жұмыстарын іске асыру мақсатында қолданыла бастады. 19-ғасырдың соңында Ресейде орыстың белгілі криминалисі Е. Ф. Буринский зерттеу фотографиясына үлкен үлес қосты.

Фотографияны тергеу және сараптау тәжірибесінде қолдану сұрақтарының жүйесін атақты совет криминалисі С. М. Потапов 1926 жылыв «Сот фотографиясы» кітабында жазды[2] .

Бұл салада өзге де ғалымдар ғылыми жұмыс жүргізген және жүргізуде. Қазіргі уақытта сот фотографиясы бойынша жазылған көптеген әдебиеттер бар. Бұл аймақта сот фотографиясы А. А. Эйсман, Н. А. Селиванов және басқалардың еңбектерінде жақсы айтылады. Осы көрсетілген және де басқа ғалымдардың еңбектерінің негізінде криминалистиканың жаңа саласы-криминалистік фотография қалыптасты.

Криминалистік фотография дегеніміз - фототүсірілімдердің жалпы және арнайы түрлерін қолданудың құрал-жабдықтары мен әдістеріне, оларды криминалистикалық мақсатта қолданудың ғылыми негізделген мәліметтеріне, сондай-ақ криминалистикалық зерттеулердің сәйкес нәтижелеріне негізделеді. Криминалистикалық техниканың бөлімі ретінде, Ол қылмысты ашу мен тергеуге байланысты әртүрлі криминалистикалық қызмет барысында қолданылатын фототүсірілім құралдары мен әдістерінің жетілдірілген ғылыми жүйесін құрайды.

Криминалистік фотография қылмысты ашу және тергеу үшін қажетті мәліметтерді беруде құжаттылығымен, көрнектілігімен, жоғары дәлелділігімен, шынайылығымен және жағдайды тез бекітуімен ерекшеленеді[3] .

Криминалистік фотография жалпы фотографияға негізделгенімен, оның өзіндік бірқатар ерекшеліктері бар. Олар:

а) түсіретін нысанның өзіндік міндеттемесі, яғни тергелетін қылмыстың оқиғаларымен байланыстылығы (заттай айғақтар, орын, мәйіттер, т. б. ) ;

ә) криминалистік фотографияны қолданатын арнайы субъектілердің болуы (тергеуші, анықтаушы, жедел қызметкер, учаскелік инспектор, маман-криминалист, сарапшы) ;

б) фотосуретке түсіру мақсаты қылмыстық істерді тергеу және ашу үшін маңызы бар фактілерді табу, бекіту, жинау және пайдалану;

в) арнайы құралдарды, құжаттарды қолдануы. Мәселен, кезекші камерасы, С-64 құралы, микрофотонасадка МРКА және т. б.

г) суретке түсірудің арнайы тәсілдерін қолдануы ерекшеліктері (мысалы: қан іздері, аяқ іздері) ;

д) суреттерді қолдан қосымша өзгертуге болмайтындығы (мәселен, ретушь-бұл фотобейненің механикалық түзетудің тәсілі; қателерді қарындаштармен, бояулармен, қырғыш скальпельдермен дұрыстау. Ретушь суретке бейнеленген детальдардың мінездемесін, суретке түсірудің объектілерінің ерекшелігін өзгертеді, ал сот және тергеу үшін объектілер туралы айқын көріністі бейнелейді) ;

е) заңға және нормативтік актілерге негізделген ерекше тәртіппен толтырылған фотосуреттер мен фотокестелер.

Криминалистік фотография қолданылатын тәсілдер мен әдістер өздерінің қолдану міндеттеріне байланысты жедел-іздестіру, сот-тергеуі және сот зерттеуі фотографиясы болып үш топқа бөлінеді.

Сот-жеделдік фотографиясы мына жағдайларда қолданылады:

а) оқиға болған жерді қарағанда, заттай айғақ немесе құжаттарды қарау барысында;

ә) тірі тұлғаларды куәландыру жағдайында;

б) тінту мен алуды жүргізу барысында;

в) зерттеу эксперименті барысында;

г) тану үшін көрсету жағдайында;

д) айғақтарды оқиға болған жерде тексеру мен нақтылау барысында.

Фотоға түсіру түрі - іске айғақты мәні бар объектілер мен фактілердің шынайы көрінісі қалуын орындауды қамтамасыз ететін әдістер, тәсілдер және ережелердің жиынтығы.

Сот-жеделдік фотографиялар объектісіне байланысты келесі түрлерге бөлінеді: оқиға болған жер, тінту жүргізгенде, зерттеу эксперименті барысында, тірі тұлғалар, өліктер, іздер, заттай айғақтар мен құжаттар.

Сот - жеделдік фотография әдісіне жататындар:

а) қарапайым

ә) паноромалық

б) тануға көрсету үшін немесе сигналитикалық

в) ірі масштабта (макротүсіру) ;

г) репродукциялық

д) стереоскопиялық түсіру әдісі.

Суреттер көрсетілген әдістердің кейбіреулері тек кейбір объектілерге қатысты қолданылады. Сөйтіп репродукциялық фотография құжаттарды түсіру үшін, тануға байланысты- тірі тұлғаларды және өліктерді түсіру үшін қолданылады. Басқа әдістер түрлі суретке түсіру түрлеріне қолданылады. Панорамалық фотоға түсіру оқиға болған жерді және зерттеу экспериментін, ұзындығы біршама үлкен іздерді суретке түсіру кезінде және т. б. жағдайларда қолданылады[4] .

Тергеу қарауын жүргізу кезінде оқиға болған жерді суретке түсіру. Оқиға болған жердің жағдайын және ол жерден табылған қылмыстық іздер мен басқа да заттай дәлелдемелерді дұрыс әрі толық бекіту тергеу әрекетінде қойылатын негізгі талаптардың біріне жатады.

Оқиға болған жерді түсіру келесідей әдіс түрлері арқылы жүзеге асырылады:

а) Бағдарлап түсіру;

ә) Шолып түсіру;

б) Түйінді түсіру;

в) Детальды түсіру;

г) Жергілікті жерде детальды түсіру.

Осы әдістердің ішінен яғни шолып түсіру әдісіне нақтырақ тоқталып өтетін болсақ, бұл оқиға болған жерді қоршаған айналасынсыз тек өзін ғана түсіру. Фотоаппарат оқиға болған жердің толық көрінуіне немесе оның кпшілік бөлігінің көрінуіне мүмкіндік беретін нүктеге қатысты орналастырылады. Шолып түсіру арқылы оқиға болған дердің жағдайын анықтауға жіне орналасқан заттар туралы дұрыс түсінік алуға болады.

Криминалистік объектілерді фотоға түсіру ережелерінің бірі заттай дәлелдемелерді фотоға түсіру. Алғашқыда заттай дәлелде табылған жерінде фотоға түсіріледі. Тораптық сурет заттай айғақты ғана емес, оны қоршаған заттарды да қамтиды. Содан соң заттай айғақты бөлшектеп түсіру әдісімен фотоға түсіреді.

Бұл жерде түсірілетін заттардың жарықтануына ерекше көңіл бөлінеді, өйткені заттардың формалары мен сыртқы белгілерінің дұрыс қабылдануы жарықтың түсуіне байланысты болады. Объектінің фотобейнесін анық көрсету үшін бірнеше жарық көзі қолданылады. Заттың анық бейнесін алу үшін оны ашық фонда түсіреді. Бұл үшін объектіні ақ қағазға қоюға болады. Бірақ оған жарық түсіргенде міндетті түрде көлеңке пайда болады. Көлеңкені болдырмау үшін кадр көрінбеуі тиіс кітаптың, кірпіштің үстіне қойылған шыны әйнекті қолданады.

Хромдалған және никельденген заттарды түсіру біршама қиындық тудырады. Шағылысуды болдырмау үшін жарықтың түсу бағытын өзгертеді, яғни оны объектіге емес, ақ экранға бағыттайды. Заттық дәлелдемелерді түсіру кезінде олардың үстіндегі іздерді, жеке белгілерді көрсетуге ерекше көңіл бөлінеді. Ол үшін объектіні түрлі жақтардан және бөлшектеп фотоға түсіруге болады. Ұсақ объектілерді ірі масштабты фотоға түсіру әдісімен жасайды.

Іздердің суретке түсіруді бірнеше тәсілге бөліп қарастырсақ болады. 1) Қол ізін суретке түсіргенде, алдымен іздердің оқшауланып орналасуын көрсетуі үшін із табылған заттың жалпы түрін суретке түсіреді. Содан соң іздердің өздерін түсіреді. Қолдың бірлі-жарым іздері ірі масштабты сурет әдісімен түсіндіріледі.

Қол іздерін ойдағыдай түсіру үшін жарықтың маңызы зор. Негізінде кез келген жарық қолданылуы мүмкін, бірақ бір нүктеге жарық беретін құралды қолдану тиімдірек болады. Егер із әйнектей затта орналасса, жарықты қарсы жақтан бағыттайды[5] .

Шаңда қалған қолдың бедерлі іздерін қырынан жарықталу арқылы түсіреді. Тегіс емес жазықта қалған іздерді түсіру үшін жарықты тіке бағыттайды. Кейде «перде», яғни көлемі ізден үлкен тесігі бар қара қағаз қолданылады. Егер әйнектей жазықта қалған із, ақ ұнтақпен себілсе, объектінің астына қара қағаз қойылады.

ә) Аяқ (аяқ киім) және көлік іздерін суретке түсіру.

Іздердің жиынтығын да, жеке іздерді де суретке түсіреді. Қатар бірнеше іздерді түсіргенде сызықты панорама әдісін қолданады. Фотоаппараттың оптикалық осін жазықтыққа перпендикулярлы орналастырып, іздің үстінен түсіреді. Сызықты панорама әдісімен созылған көлік іздерін түсіреді.

Аяқтың жеке іздерінің формасы мен көлемін, сондай-ақ іздің белгілері мен ерекшеліктерін бекіту үшін суретке түсіреді. Көліктердің ізін түсіргенде анық протектор суреті бар учаскелеріне көңіл аударады. Іздерді кіші пішімді аппаратпен түсіргенде ұзартқыш сақина қолданылады. Фотоаппаратты кадрдың ізі барлық бөлігін алатындай етіп орналастырады.

Жарықты объектіге-тура және жанынан бағыттайды. Тура жарық іздің формасын түсіруге, ал жанынан -оның негізгі белгілерін бекітуге мүмкіндік береді.

Суретке түсіру масштабы әдіс арқылы жүзеге асады. Масштабы сызғыштың миллиметрлік бөліктері болуы тиіс. Сызғышты іздің түбіндегі жазықпен бірдей қылып орналастырған жөн. Ол үшін кейбір жағдайда іздің қасынан тиісті тереңдікте ор қазып, түбіне сызғышты қояды;

б) Бұзу құралдары мен құрал-сайман іздерін суретке түсіру.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Криминалистикалық фотография, бейне- және дыбыс жазбаларының түсінігі, маңызы және жүйесі
Криминалистикалық фотография және бейне таспаға жазу
Криминалистикалық техниканың жалпы қағидалары
Криминалистік құжаттарды тану Оқу-әдістемелік құрал
Криминалистика пәнiнен дәрістер кешені
Сот фотографиясы
Габитоскопия ұғымы. Адам сырт келбетінің белгілері мен элементтері
Қылмыс. Криминалистика
Айғақтарды оқиға болған жерде тексеру мен нақтылау барысында шешілетін міндеттер
Криминалистикалық портреттiк зерттеудің және сараптаманың негiзi. Адамның сыртқы бейнесi туралы ақпаратты жинау оны қолдану
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz