Ақшалай қаражаттар және олардың элементтері



Кіріспе ... ... ... ... ... 4
1 Ақшалай қаражаттар және олардың элементтері ... 6
2 Валюталық операциялар туралы түсінік ... ...9
2.2 Валюталық операциялардың экономикалық негіздері ... ..13
3 Ақша.қаражат есебі түсінігі ... ... ... .18
3.1 Ақша қаражаттары мен есеп айырысу операцияларын есепке алудың міндеттері ... ... ... ... ... ... ... ... ... 20
4 Ағымдық валюталық операциялар ... ... ...21
Қорытынды ... ... ... ... ...22
Қолданылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... 23
Қазақстан Республикасының "Бухгалтерлік есеп және қаржылық есеп беру" туралы заңы еліміздегі бухгалтерлік есепті жүргізу жүйесін анықтайды, қаржылық есеп беру мен оның пайдаланылуын және есепке алудың негізгі принциптері мен жалпы тәртібін, ішкі бақылау және сыртқы аудит жөніндегі талаптарды, сондай-ақ ұйымдардың құқықтары мен міндеттерін белгілейді. Қазақстан Республикасының аумағында жүмыс істейтін барлық кәсіпорын бухгалтерлік есептеу мен қаржылық есеп беруді осы заңға сәйкес жүргізуге міндетті.
Кез келген ұйымда бухгалтерлік есеп жұмысын жүргізу экономикалық мәселелердің негізгі және басты қажеттілігі болып табылады. Бухгалтерлік есеп арқылы өндірілген өнімді есепке алуға, сатып-өткізуге, айырбастауға және одан түскен қаржыны тиімді де ұқыпты етіп бөліп жүмсауға, яғни кәсіпорындағы шаруашылық үдерістердің барлығын басынан соңына дейін есептеуге болады.
Мемлекеттік мекемелердегі бухгалтерлік есеп жөніндегі нұсқаулық бекіту туралы Қазақстан Республикасы қаржы министрлігі қазынашылық департаментінің 1998 жылғы 27 қаңтардағы N 30 бұйрығы. Қазақстан Республикасының әділет министрлігінде 1998 жылғы 19 наурыздағы N 489 тіркелді.
1. Осы бұйрыққа қоса беріліп отырған Республикалық және жергілікті бюджеттердің есебінен ұсталатын ұйымдардағы бухгалтерлік есеп жөніндегі нұсқаулық бекітілсін.
2. Қаржы министрлігі 1987 жылғы 10 наурыздағы N 61 мемлекеттік бюджеттердің есебінен ұсталатын ұйымдардағы бухгалтерлік есеп жөніндегі нұсқаулық бекітуі туралы қол жойылған деп есептелсін.
Әлемдік валюталық жүйе дүниежүзiлiк шарушылықтың шеңберiндегi сатып алу және сату айналымын тудыратын әдiстер, құрал жабдықтар және мемлекетаралық ұйымдардың жиынтығынан тұрады. Оның пайда болу және одан әрi даму экономикасы халықаралық ақша кеңiстiгiндегi адекватты шарттарды талап ететiн ұлтаралық капитал үрдiсiнiң объективтi дамуын бейнелейдi. Халықаралық валюталық жүйенiң негiзгi құраушы элементтерi ретiнде әлемдiк ақшалай тауар және халықаралық өтiмдiлiк, валюталық бағам, валюталық операциялар, валюталық рыноктар, халықаралық валюта, қаржылық ұйымдар және мемлекетаралық валюталық келiсiм шарттарды атауға болады.
1. Банк терминдері мен ұғымдарының қазақша-орысша сөздігі. / Ғ. Сейіткасымов, Б.
2. Бейсенғалиев, Ж. Бекболатұлы — Алматы: Экономика, 2006.
3. Л.Л.Любимов, И.В.Липсиц “Основы экономики”, Москва "Просвещение", 1994.
4. Кэмпбелл Р.Макконнелл, Стэнли Л.Брю “Экономикс” т.1. 1992.
5. М.С. Саниев “Ақша, Несие, Банктер”, Алматы-2001ж .
6. Максимова В.Ф., Шишов А.Л. “Теория рыночной экономики.
7. Радостовец В. К. Т.б. Кәсіпорындағы бухгалтерлік есеп.-Алматы,2002.-93 б.
8. «Бухгалтерлік есеп және қаржылық есеп беру туралы» 2002 жылғы 24 маусымдағы ҚР № 309-ІІ заңы.
9. ҚР Президентінің «ҚР-ғы аудиторлық қызмет туралы» 1998 жылғы 20 қарашадағы №20заң күші бар Жарлығы.
10. «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» 2001 жылғы 12 маусымдағы №209-ІІ заң күші бар Жарлығы.
11. Бухгалтерлік есептің типтік шоттар жоспары. ҚР Қаржы министрлігінің 2002 жылғы 18 қыркүйектегі №438 бұйрығымен бекітілген.

Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 22 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..4
1 Ақшалай қаражаттар және олардың элементтері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...6
2 Валюталық операциялар туралы түсінік ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .9
2.2 Валюталық операциялардың экономикалық негіздері ... ... ... ... ... ... .. 13
3 Ақша-қаражат есебі түсінігі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..18
3.1 Ақша қаражаттары мен есеп айырысу операцияларын есепке алудың міндеттері ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 20
4 Ағымдық валюталық операциялар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..21
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..22
Қолданылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..23

Кіріспе

Қазақстан Республикасының "Бухгалтерлік есеп және қаржылық есеп беру" туралы заңы еліміздегі бухгалтерлік есепті жүргізу жүйесін анықтайды, қаржылық есеп беру мен оның пайдаланылуын және есепке алудың негізгі принциптері мен жалпы тәртібін, ішкі бақылау және сыртқы аудит жөніндегі талаптарды, сондай-ақ ұйымдардың құқықтары мен міндеттерін белгілейді. Қазақстан Республикасының аумағында жүмыс істейтін барлық кәсіпорын бухгалтерлік есептеу мен қаржылық есеп беруді осы заңға сәйкес жүргізуге міндетті.
Кез келген ұйымда бухгалтерлік есеп жұмысын жүргізу экономикалық мәселелердің негізгі және басты қажеттілігі болып табылады. Бухгалтерлік есеп арқылы өндірілген өнімді есепке алуға, сатып-өткізуге, айырбастауға және одан түскен қаржыны тиімді де ұқыпты етіп бөліп жүмсауға, яғни кәсіпорындағы шаруашылық үдерістердің барлығын басынан соңына дейін есептеуге болады.
Мемлекеттік мекемелердегі бухгалтерлік есеп жөніндегі нұсқаулық бекіту туралы Қазақстан Республикасы қаржы министрлігі қазынашылық департаментінің 1998 жылғы 27 қаңтардағы N 30 бұйрығы. Қазақстан Республикасының әділет министрлігінде 1998 жылғы 19 наурыздағы N 489 тіркелді.
1. Осы бұйрыққа қоса беріліп отырған Республикалық және жергілікті бюджеттердің есебінен ұсталатын ұйымдардағы бухгалтерлік есеп жөніндегі нұсқаулық бекітілсін.
2. Қаржы министрлігі 1987 жылғы 10 наурыздағы N 61 мемлекеттік бюджеттердің есебінен ұсталатын ұйымдардағы бухгалтерлік есеп жөніндегі нұсқаулық бекітуі туралы қол жойылған деп есептелсін.
Әлемдік валюталық жүйе дүниежүзiлiк шарушылықтың шеңберiндегi сатып алу және сату айналымын тудыратын әдiстер, құрал жабдықтар және мемлекетаралық ұйымдардың жиынтығынан тұрады. Оның пайда болу және одан әрi даму экономикасы халықаралық ақша кеңiстiгiндегi адекватты шарттарды талап ететiн ұлтаралық капитал үрдiсiнiң объективтi дамуын бейнелейдi. Халықаралық валюталық жүйенiң негiзгi құраушы элементтерi ретiнде әлемдiк ақшалай тауар және халықаралық өтiмдiлiк, валюталық бағам, валюталық операциялар, валюталық рыноктар, халықаралық валюта, қаржылық ұйымдар және мемлекетаралық валюталық келiсiм шарттарды атауға болады. Өз кезегінде валюталық операциялар осы аталған валюталық қатынастардың негізі болып табылатын валюталардың арасындағы әр түрлі есеп айырысулардың жүргізілуін, төлем құралы ретiнде шетел валютасындағы өзге төлем құралдарын пайдаланумен байланысты мәлiмелердің атқарылуын, ұлттық валютаға, сондай-ақ номиналы мен құны ұлттық валютада көрсетілген бағалы қағаздар мен төлем құралдарына меншік құқығы мен басқа құқықтардың ауысуына байланысты резиденттер мен резидент еместердің арасындағы валюталық операциялар болып табылады. Сонымен қатар валюталық операциялардың негізінен банктік операция ретінде және Ұлттық банктен лицензиясы бас басқа да валюталық операцияларды жүзеге асыруға құқысы бар органдардың валюталық операцияларды жүргізуіне байланысты валюталық операцияның көптеген түрлері болады және олар валюталық мәмілелерде әр түрлі сипатта және мақсаттарда қолданылады.



1 Ақшалай қаражаттар және олардың элементтері

Ақшалай қаржыларды түгендеу олардың сақтығын қамтамасыз ету, ақшалай операциялар бойынша операциялардың жүргізілуінің дұрыстығын тексеру мақсатында кәсіпорынның басшысымен бекітілген комиссиямен жүзеге асырылады. Түгендеу кезінде кассадағы ақшалардың және басқа да құндылықтардың нақты бары қаралады. Түгендеуде барлық ақшалай қаражаттар бойынша жүргізілген операциялардың толықтығы, дұрыстығы, нақты іс жүзінде бары және толтырылған құжаттардың дұрыстығы қаралады. Бағалықтардың нақты бары анықталып, құжаттардағы мәліметтермен салыстырылады. Түгендеу тізіміне барлық тексерілген құндылықтар жазылады. Түгендеу нәтижелерін шығарғанда ауытқулар, яғни артықшылықтар немесе жетіспеушіліктер анықталуы мүмкін . Мұндай артықшылықтар кіріске алынуы керек.
Кәсіпорындар мен ұйымдарда ақшалар арқылы есеп айырысу операцияларының бухгалтерлік есебін жүргізгенде мыналарды басшылыққа алу керек:
- ақшалар арқылы есеп айырысу операцияларын толық және уақытылы дер кезінде есептеу;
- кәсіпорындар мен ұйымдардағы ақшалардың түгелділігін және олардың тиімді пайдаланылуын бақылау;
- есеп айырысу, төлеу тәртібін бақылау, кәсіпорын ақшаларының кіріске алынуы мен шығыс етілуін дұрыс есептеу.
Қазіргі таңда ақшалар қозғалысын басқару қаржы нарығының күрделілігіне байланысты маңызды мәселе болып саналып отыр. Ақшалар мен оның баламаларын дұрыс ашып көрсету және жіктеу кәсіпорын қызметінің нәтижесін дұрыс бағалау үшін қажет.
Ақшалар шоттарында тек қана жедел арада міндеттемелерді өтеу үшін төлем жасауға қабілетті активтер есептеледі. Кәсіпорындар мен ұйымдардың ақшалары олардың кассасындағы, есеп айырысу және валюталық шоттарындағы ақшаларынан, аккредетивтеріндегі ақшаларынан, чектеріндегі ақшаларынан, банктердегі арнаулы шоттарындағы ақшаларынан, сондай-ақ аударылған жолдағы ақшаларынан құралады. Кәсіпорындар мен ұйымдардың бухгалтерлік балансындағы ақшаларының қалдығы деп аталатын бабында осы жоғарыда аталған ақшалар шоттарындағы ақшалардың барлық қалдығының жиынтық сомасы жазылады.
Ақшалай қаржылар - кассадағы және банк шотындағы ақшалар. Ақшалай қаржыларға нақты ақшалар мен қалпына келтіруге дейінгі жарналар жатады.
Ақшалай қаржылардың ағымы- ақшалай қаржылар мен олардың эквиваленттерінің келуі мен кетуі.
Ақшалай қаржылардың эквиваленттері- қысқа мерзімді, жоғары өтімді салулар, олар ақшалай қаржылардың анықталған сомасына және бағалықтардың өзгеруіне тәуекелге душар ететін салулар.
Ақша баламалары (эквиваленті) - бұл ақшаларға ұқсас, бірақ басқаша жіктелетін активтер болып табылады. Оларға қазыналық вексельдер, коммерциялық қағаздар және депозиттік сертификаттар жатады. Түрлі ұсталымдар мен айыппұлдар ұйымның ақшалары қатарына жатқызылмайды. Сондықтан да оларды кассадағы ақшалар шотында есептемейді. Ақша баламаларын кәсіпорынның есеп айырысу құралдары ретінде қарастырудың қажеттілігі де жоқ. Көп жағдайларда оларды қысқа мерзімді инвестициялар шотында есептейді.
Овердрафт дегеніміз ұйымның иелігіндегі, яғни активті шоттың қалдығындағы сомадан артық сомада төлем төлеу нәтижесінде пайда болған кредиттік қалдық. Бұл сома қысқа мерзімді міндеттеме болып табылады және кредиторлық борыш ретінде есептеледі. Овердрафт ұйымдар мен кәсіпорындардың банк мекемесі арқылы басқаларға төленген қаржысы есеп айырысу шотындағы қалдық сомадан артық болған уақытта пайда болады. Егер овердрафт үлкен көлемде болатын болса, онда бұл сома ұйымның балансында немесе өз алдына жасалған түсіндірмелі құжатынад бөлек көрсетілуі керек.




2 Валюталық операциялар туралы түсінік

Валюта дегеніміз - мемлекеттердің заңды төлем құралы ретінде қабылданған ақша бірлігі немесе банкноттар, қазыналық билеттер мен тиындар, соның ішінде қымбат металдардан жасалған тиындар (айналымнан алынған немесе алынатын, бірақ айналымда жүрген ақша белгісі мен айырбастауға жататын тиындар) түріндегі қолма-қол және аударым нысанындағы құнның ресми стандарттары, сондай-ақ, шоттардағы, соның ішінде халықаралық ақша немесе есеп айырысу бірлігіндегі қаражат.
Валюта арқылы сыртқы тауарлар мен қызметтерді пайдалануға, туризм және мемлекетгің жеке ақша қозғалысын және т.б. көптеген қызметтерді жасауға болады.
Валюталық нарық дегеніміз - ұлттық валютаны шетелдік валютаға алып сатқан кезде, ұсыныс пен сұраныс нәтижесінде қалыптасқан белгілі-бір ресми орын. Валюталық нарықта валюталармен белгілі іс-әрекеттер жасалынады. Оларды валюталық операциялар деп атайды.
Валюталық операциялар -- валюталық құндылықтарға қатысты жасалатын мәмілелер. Олар ұлттық заңдармен және халықаралық келісімдермен реттеледі. ҚР-ның заңдары бойынша, валюталық операциялар валюталық құндылықтарды меншіктену және т.б. құқыларының өзгеге берілуіне байланысты, соның ішінде төлем құралдары ретінде шет ел валютасын және шет ел валютасы түріндегі төлем құжаттарын пайдалануға байланысты операциялар; валюталық құндылықтарды республикаға алып келу, сыртқа шығару және жолдау; ұлттық валютаны, сондай-ақ, номиналы мен құны осы валютамен есептелінетін құнды қағаздар мен төлем құжаттарын меншіктену құқыларының бір-біріне өтуі жөніндегі резиденттер мен резидент еместер арасындағы мәмілелер болып бөлінеді. Олардың ағымдық және капитал қозғалысына байланысты түрлері бар. Ағымдық валюталық операциялар экспорт-импорттық сауда операцияларына (олардың төлемақыларын өтеуге, осы мақсаттар үшін кредит бөлуге), сондай-ақ, шет елде тұратын, жұмыс істейтін азаматтардың валюталық қаражаттарын (зейнетақыларын, аударымдарды, т.б.) пайдалануларын қамтамасыз етуге арналады. Капитал қозғалысына байланысты валюталық операциялар қазақстандық капиталды шет ел экономикасына салуға, не шет ел капиталын ішке тартуға, ел экономикасын өркендету үшін пайдалануға қызмет етеді. Егер белгілі бір шектен асып кетсе, осы екі процес те экономикасының дамуына кері әсер етіп, кесірін тигізуі ықтимал. Мәселен, ұлттық экономиканың әр алуан саласында ше-телдіктердің бақылау орнатуына немесе отандық капиталдың қайтарымсыз шетке кетіп қалуына душар етеді.[1] Сондықтан, капитал қозғалысына байланысты операциялар тиесілі органдар арқылы мемлекет тарапынан қатаң бақылауға алынуға тиіс.Экономикалық процестерге тигізетін әсерлеріне қарай валюталық операциялар осындай екі негізгі түрге сараланған. Бұған қоса, өткізілу тәртібіне орай олар қолма-қол және шұғыл валюталық операцияларға жіктеледі. Қолма-қол валюталық операциялар кезінде валюталар мәміле жасалған сәтте не одан бір жұмыс күні өткен соң айырбасталады. Ал, шұғыл валюталық операциялар кезінде мәміле жасалған мерзім ішінде (бір аптадан бес жылға шейін) төлем төленеді.
"Валюталық реттеу туралы" заңына сүйене отырып, ҚР Ұлттық Банкі 1994 ж. 24 қарашада республикада валюталық операциялар өткізудің ережелерін бекітті. Осы құжаттың қағидаларына сәйкес уәкілетті банктер мен айырбас пункттерін айналып өтіп, шет ел валютасын сату және сатып алу жөнінде жасалған мәмілелердің кез келгені заңсыз болып саналады. Валюталық операциялар жасау үшін заңи және жеке тұлғалар уәкілетті банктердің біріне валюталық есепшотын ашуға тиіс.
Халықаралық шаруашылық байланыстардың дамуы шамасына байланысты валюталық жүйе құрылды. Экономикалық тұрғыдан қарағанда - бұл шаруашылық байланыстарды интернационалдандыру негізінде тарихи түрде қалыптасқан валюталық -- экономикалық қатынастар жиынтығы; ұйымдық -заңдық тұрғысынан қарағанда - белгілі бір қоғамдық -- экономикалық формация шегіндегі валюталық қатынастарды ұйымдастырудың мемлекеттік -- құқықтық формасы.
Валюталық жүйелердің дамуы өз кезегінде валюта нарықтарының дамуына септігін тигізді. Валюта нарығы - FOREX (Foreign Exchange Operations - шетелдік айырбас операциялары) деп аталады. Қазіргі уақытта валюта нарығы ең үлкен қаржы нарығы.
Халықаралық валюталық қатынастар материалдық өндіріс саласына, сондай-ақ бөлу, айырбас және тұтыну салаларына қатысты халықаралық экономикалық қатынастарға делдал болады. Валюталық операцияларды қамтиды.
Валюталық операциялар жағдайы ұлттық және дүниежүзілік экономиканың дамуына, саяси жағдайға, елдер арасындағы күштердің арақатынасына тәуелді.
Қазақстан Республикасында КASE қор нарығында тек акция, облигациялармен ғана емес, сонымен қатар валюталармен де операциялар жасалады. Валюта нарығы ел экономикасын қан жүйесі секілді. Валюталық операцияларды реттеу - бүкіл ел экономикасын реттеудің алғышарты.
Валюталық операциялар -- валюталық құндылықтарға қатысты жасалатын мәмілелер екендігінін мәнін ашу. Олардың ұлттық заңдармен және халықаралық келісімдермен реттеледі. Валюталық операциялар экономиканың бір бөлігі ретінде қарастырылады.
Валюталық операциялар түсінігінің мазмұны мен мәнін ашу мақсатында тақырыптың негізгі терминдеріне анықтама берген жөн.Валюталық операцияларға төмендегілер жатады:
1) Меншік құқығы мен басқа да құқықтарының валюталық құндылықтарға ауысу операциялары, сонымен қатар төлем құжаттары мен төлем құралы ретінде шетел валютасын қолдануға байланысты операциялар.
2) Қазақстан Республикасының валюталық құндылықтарды енгізу және шығару операциялары.
3) Халықаралық ақша аударымдарын жүзеге асыру.
Бірақ бұл операциялармен ғана валюталық операциялартізімі шектелмейді. Валюталық бақылау жөніндегізаңға сәйкес валюталық операциялар түсінігі валюталық құндылықтармен және ҚР-ның валютасында орындалатын операцияларды қамтиды.
Шетел валютасындаорындалатын операциялар заңға сәйкес жүзеге асырылады. Банктер әртүрлі мемлекеттердің шаруашылық субьектілері арасында ақшалай есеп-айырысуды қамтамасыз етумен, валюта айырбастаумен, халықаралық валюталық несие берумен, шетел валютасындағы бағалы қағаздарды сату және сатып алу операцияларын жүзеге асыра алады.

2.2 Валюталық операциялардың экономикалық негіздері

Валюталық операциялар түсінігінің мазмұны мен мәнін толық ашу үшін негізгі терминднрге анықтама беру қажет, соның ішінде ең негізгісі - шетел валютасы.Шетел валютасы болып саналады:
1) банкноталар, қазыналық билеттер, сәйкес шет мемлекетте заңды түрдегі төлем құралы болатын және айналымдағы тиындар, сонымен қатар айналыммен шығарылатын, бірақ айырбастауға жататын ақша белгілері;
2) шетел мемлекеттерімен халықаралық ақшалай немесе есеп- айырысу бірліктеріндегі счеттарда орналасқан қаржы.
Ал валюталық құндылықтарға:
1) Шетел валютасы.
2 )Шетел валютасындағы бағалы қағаздар- төлем құжаттары (акция мен облигациялар), және басқа шетел валютасында көрсетілетін қарыз міндеттемелер
3) Бағалы металлдар - алтын, күміс платина мен платиналық топ металлдары барлық түрде және жағдайда, ювелир бұйымдары мен ломнан басқа;
4) Табиғи бағалы металлдар- алмаз, рубин, изумрудтар, жемчуг және т.б.
Қазақстан Республикасының валютасына кіреді:
- айналымдағы, сонымен қатар айналымнан шығарылған, бірақ айырбастауға жататын ҚР Ұлттық банкінің билеттері мен тиындары түріндегі теңгелер;
- Қазақстан Республикасы банктеріндегі мен басқа да несиелік мекемелеіндегі счеттарға орналасқан теңгелей қаржылар.
- ҚР валютасындағы бағалы қағаздар- теңгеде көрсетілген төлем құжаттары мен қарыз міндеттемелер. Ұлттық және Шетел валютасындағы операцияларды жүргізетін субъектілерді анықтауүшін валюталық реттеу жүйесінің резидент пен резидент емес деген негізгі түсініктеріне анықтама беру қажет.
Резидент түсінігінің құрамына келесі категориялы азаматтар мен мекемелер кіреді:
- ҚР территориясында тұратын тұлғалар
( белгілі бір мерзімде ҚР территориясынан тыс тұратын тұлғалар да)
- ҚР заңдарына сәйкес және қР территориясында орналасқан заңды тұлғалар;
- Заңды тұлға ретінде саналмайтын, бірақ ҚР-ның заңына сәйкес құрылған мекемелер мен организациялар.
- ҚР - ң территориясынан тыс орналасқан дипломатиялық және басқа да ресми өкілеттіктер.
- ҚР территориясынан тыс жерде орналасқан резиденттердің филиалдары.
Резидент емес тұлғаларға жатады:
- ҚР тыс мемлекеттерінің заңына сәйкес және ҚР да тұрақты мекен жайы жоқ заңды тұлғалар.
- Заңды тұлға болып табылмайтын мекемелер мен организациялар.
- ҚР территориясында шетел дипломатиялық және басқа да ресми өкілеттіктер.
- ҚР-ның территориясында орналасқан резидент еместердің филиялдары.
Валюталық операциялар түсінігінің мазмұны мен мәнін ашу мақсатында тақырыптың негізгі терминдеріне анықтама берген жөн. Валюталық операцияларға төмендегілер жатады:
1. Меншік құқығы мен басқа да құқықтарының валюталық құндылықтарға ауысу операциялары, сонымен қатар төлем құжаттары мен төлем құралы ретінде шетел валютасын қолдануға байланысты операциялар.
2. Қазақстан Республикасының валюталық құндылықтарды енгізу және шығару операциялары.
3. Халықаралық ақша аударымдарын жүзеге асыру. Бірақ бұл операциялармен ғана валюталық операциялар тізімі шектелмейді.Валюталық бақылау жөніндегі заңға сәйкес валюталықоперациялар түсінігі валюталық құндылықтармен және Қазақстан Республикасының валютасында орындалатын операцияларды қамтиды.
4. Шетел валютасында орындалатын операциялар заңға сәйкес жүзеге асырылады. Банктер әртүрлі мемлекеттердің шаруашылық субъектілері арасында ақшалай есеп- айырысуды қамтамасыз етумен, валюта айырбастаумен, халықаралық валюталық несие берумен, шетел валютасындағы бағалы қағаздарды сату және сатып алу операцияларын жүзеге асыра алады.
Валюталық қатынасты реттеуде негізгі ролді арнайы валюталық заң атқарады. Қазақстан Республикасында валюталық реттеудің негізгі органы республиканың заңымен сәйкес валюталық реттеудің функцияларын атқаратын Ұлттық Банк болып табылады. Басқарма мен басқа мемлекеттік органдарзаңмен сәйкес болатын өзінің компетенциясы шегінде валюталық реттеуді жүзеге асырады. Валюталық реттеу бойынша негізгі нормативті акт Валюталық реттеу туралы заңы толықтырулар мен өзгертулер есебімен 24 желтоқсанда 1998 жылы шықты. Бұл Қазақстан территориясында валюталық операцияларды атқару тәртібі мен қағидаларын, валюталық операция субъектінің құқығы мен міндеттемелерін, валюталық заң бұзылуының жауапкершілігін анықтайды. Валюталық бақылаудың агенттері валюталық операцияларды жүргізу кезіндегі валюталық заңның сақталуын бақылаудың міндеті жатқызылған банктер мен банктік емес қаржылық өнеркәсіптер. Қазіргі кезде ҚР-да келесі негізгі валюталық шектеулер әрекет етеді:
- Резиденттер арасындағы операция бойынша төлемдер тек Қазақстандық валютада жүргізіледі, тек Ұлттық банктің, сонымен қатар салық және кедендік заңмен бекіткен нормативті құқықтық актілерді санамағанда:
- Ерекше банктік операцияларды атқаратын өкілетті банктер мен ұйымдардан, сонымен қатар олардың айырбастау ( пункт) орындарынан тыс шетел валютасын сатуға, сатып алуға және айырбастауға тыйым салынады:
- Резиденттердің тауар мен қызмет көрсету түрінде төлем алатын шетел валютасы, сонымен қатар несие түріндегі өкілетті банктерде шотқа есептелуінің міндетіне жататын, егер Қазақстан Республикасының Ұлттық банк лицензиясында басқалары да қарастырылмаса.
Қазақстан Республикасының Ұлттық банк ҚР Президенттік ҚР Ұлттық банк туралы заңды күші бар жарғысымен сәйкес шетел валютасында валюталық операцияларды атқаруға қажетті шектер қоюға, соның ішінде мұндай операцияның көлемі мен сыйақы мөлшерлеменің деңгейіне шек қоюға құқылы. ҚР. Реттеу туралы заңға сәйкес ҚР Ұлттық банк резиденттердің экспортты операцияның төлем валютасына шек қоюға құқы бар. Қазіргі жағдайда экспортты табыс сатуға шекті уақытша алып тастады.
Валюталық бақылау органдары ( Ұлттық банк пен ҚР-ның үкіметі) және оның агенттері ( өкілетті банктер) валюталық бақылауды жүзеге асырады. Оның мақсаты - валюталық операцияларды орындағанда валюталық заңдарды сақтауға бақылау жасау болып табылады.
Валюталық бақылаудың негізгі жолдары мынадай:
1. Өткізілген валюталық операциялардың заңға сәйкестігін анықтау және қажетті лицензиялар мен келісімдердің бар екендігін анықтау.
2. Мемлекет алдындағы шетел валютасында резиденттердің міндеттемелерін өтегенін, сонымен қатар ҚР ішкі валюталық нарығында шетел валютасын сату бойынша міндеттемелерін тексеру.
3. Шетел валютасындағы төлемдердің негізділігін тексеру.
4. Валюталық операциялар бойынша есеп ақпардың толықтығы мен объективтілігін тексеру.
Валюталық бақылаудың негізгі органы - ҚР Ұлттық банкі болып табылады. Оның міндеттері:
1. Шетел валютасы мен шетел валютасындағы бағалы қағаздардың Қазақстанда айналу тәртібі мен сферасын анықтайды.
2. Резиденттер мен резиденттер емес тұлғалар үшін нормативті актілер шығарады.
3. Валюталық операциялардың барлық түрін орындайды.
4. Шетел валютасы мен бағалы қағаздармен орындайтын операцияларға резиденттер мен резидент емес тұлғаларға жалпы ережелер анықтайды.
5. Банктерге және басқа да несиелік мекемелерге валюталық операцияларды орындаулицензияларын берудің жалпы ережелерін белгілейді.
6. Есеп беру, ақпар құжаттардың бір нысандылығын белгілейді.
7. Басқа да қызметтерді орындайды.
Валюталық нарықты барлық ролін анықтайтын негізгі факторлар банктің үлкендігі, репутациясы, филиал мен бөлімдердің шетелдік бөлімшесінің даму деңгейі, жүргізілетін халықаралық төмендердің көлемі болып табылады. Сонымен қатар мерзімді кіргізілетін валюталық шектеулердің, банк және оның валюталық саясаты орналасқан орынның телефонды және телексті байланысының жағдайы үлкен роль атұқарады. Ұлттық Банктің мәнді қатысуынсыз валюталық нарықта сұраныс пен ұсыныстың негізінде ұлттық валюта бағамының тұрақтануын көздейтін теңгенің айырбас курсының бос режиміне өтуі 2000 жылдың сәуірінде Ұлттық Банкпен жүзеге асырылған. Бұл жағдайда валюталық реттеудің мәні көтерімді. Оның негізгі міндеттемелері :
ҚР территориясында валюталық операция субъектінің құқығы мен міндеттемелерін, валюталық бұзудың жауапкершілігін анықтайтын нормативті құқықтық актілерін дамыту;
Валюталық заңды сақтауды бақылау(валюталық бақылау).
Валюталық реттеу есебін шешу үшін ҚР ҰБ келесі әдістерді пайдаланады:
Валюталық операциялардың субъектілері мен объектілердің, валюталық операциялардың субъектілердің құқықтарының және міндеттерінің, валюталық құндылығымен пайдалану ережелерінің орнатылуының анықтауын көздейтін валюталық операцияларды жүргізу ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Кәсіпорынның ақшалай қаражаттар айналысын басқарудың теориялық негіздері
Айналым өндірістік қорлар
Корпорациялардың қаржы механизмі
Кәсіпорынның ақшалай қаражаттарын басқарудың мәні
Ақшаның мәні және оның есебін ұйымдастыру ерекшеліктері
Инвестициялық және қаржылық қызметтерге байланысты ақша қаражатының қозғалысын анықтау
Компанияның ақшалай қаражаттарын басқарудың мәні мен оңтайландыру әдістері
Ақша қаражаттарының есебінің мәні
Ақшалай қаражаттардың кәсіпорынның жағдайының тұрақтылығын қамтамасыз етуіндегі маңызын анықтау және оларды басқару стратегиясын жетілдіру
Ақшалай қаражаттары және олардың элементтері
Пәндер