ҚР сот жүйесі және құқық қорғау органдары туралы жалпы түсініктеме
Кіріспе
1 Сот түсінігі
1.1 ҚР сот жүйесі және құқық қорғау
органдары туралы жалпы түсініктеме
1.2 Сот жүйелерін талдау
2 Қылмыстық сот ісін жүргізу
3 Бірінші инстанция соттары
4 Бірінші инстанция соттарында сот ісін жүргізу
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

Сот жүйесі – түрлі деңгейдегі соттардың жиынтығы. Бұл материалдық және процессуалдық заңнамада белгіленген қатаң тәртіппен жұмыс істейтін иерархиялық жүйе болып табылады. Қазіргі қоғамда көптеген сот жүйесілері бар. Сот жүйесі құрамына азаматтық, қылмыстық, әкімшілік, әскери, шіркеулік, сауда, т.б. сот істері кіреді. Сот жүйесін көбіне конституциялық сот қызметін атқаратын Жоғарғы сот органы басқарады. Кейбір елде бірнеше сот жүйесі болады. Мысалы, Ресейде жалпы соттар, шаруашылық соттар және конституц. соттар бар. Сот жүйесінің біртұтастығы түрлі деңгейдегі барлық соттардың ұйымдастыру және жұмыс істеу қағидаларының, міндеттерінің, соттарды қаржыландыру тәртібінің біркелкі болуынан, бірыңғай тәртіпте сот төрелігін атқарып, заңдарды бірыңғай қолдануынан және судьялардың құқықтық мәртебесінің бірдейлігінен көрініс табады. Қазақстан сот жүйесі әкімшілік-аумақтық бөлініске орай құрылады.
1. Качалова О.В., Судебная система, ҚР Конституциясы; “ҚР Сот жүйесі және судьялар мәртебесі туралы” .- 25.12.2000 жылғы ҚР Конституция заңы.
2. А.Ибраева, Б.Қуандыков, Ш.Маликова, С.Есетова Құқықтану: Жалпы білім беретін мектептің қоғамдық-гуманитарльқ бағытындағы 11-сыныбына арналған оқулық— Алматы: «Мектеп» баспасы, 2007. — 192 бет
3. Давыдов Н.М., Суд и права личности, сборник статей, М., 2005.
4. Безнасюк А.С., Рустамов Х.У., Безнасюк А.С., Рустамов Х.У., Судебная власть, М., 2001
5. “ҚР Сот жүйесі және судьялар мәртебесі туралы” 25.12.2000 жылғы ҚР Конституция заңы.

Мазмұны
Кіріспе
1 Сот түсінігі
1.1 ҚР сот жүйесі және құқық қорғау
органдары туралы жалпы түсініктеме
1.2 Сот жүйелерін талдау
2 Қылмыстық сот ісін жүргізу
3 Бірінші инстанция соттары
4 Бірінші инстанция соттарында сот ісін жүргізу
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
Кіріспе
Сот жүйесі - түрлі деңгейдегі соттардың жиынтығы. Бұл материалдық және процессуалдық заңнамада белгіленген қатаң тәртіппен жұмыс істейтін иерархиялық жүйе болып табылады. Қазіргі қоғамда көптеген сот жүйесілері бар. Сот жүйесі құрамына азаматтық, қылмыстық, әкімшілік, әскери, шіркеулік, сауда, т.б. сот істері кіреді. Сот жүйесін көбіне конституциялық сот қызметін атқаратын Жоғарғы сот органы басқарады. Кейбір елде бірнеше сот жүйесі болады. Мысалы, Ресейде жалпы соттар, шаруашылық соттар және конституц. соттар бар. Сот жүйесінің біртұтастығы түрлі деңгейдегі барлық соттардың ұйымдастыру және жұмыс істеу қағидаларының, міндеттерінің, соттарды қаржыландыру тәртібінің біркелкі болуынан, бірыңғай тәртіпте сот төрелігін атқарып, заңдарды бірыңғай қолдануынан және судьялардың құқықтық мәртебесінің бірдейлігінен көрініс табады. Қазақстан сот жүйесі әкімшілік-аумақтық бөлініске орай құрылады.
1. Сот түсінігі
Сот - сот төрелігін жүзеге асыру, құқық бұзушыларға мәжбүрлеу шараларын қолдану жолдарымен қоғамның және азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін заңсыз қол сұғушылықтан қорғайтын мемлекеттік орган. Сот мемлекетпен бірге пайда болады, бірақ мемл. механизмнің дамуы мен арнаулы мемлекеттік аппараттың құрылуына байланысты өз алдына жеке орган болып бөлініп шықты. Мемлекетке дейінгі қоғамда дау-жанжалды тайпа ақсақалдары не көсемі, ерекше ру жиналысы, арнайы алқа шешті. Соттан тыс жанжал шешу ғұрыптары да болды (мысалы, қанға қан, талион қағидасы). 18 - 19 ғасырларда сотты және сот өндірісін ұйымдастырудың бірқатар демокр. қағидалары алға шықты: сот пен заң алдында бәрінің тең болуы, сот өндірісінің ашықтығы мен жариялылығы, формальды дәлелдемелер жүйесінен бас тарту, судьяларды сайлау, кінәсіздік презумциясы. Соттар қызметі мемлекет механизмінің маңызды бөлігі ретінде толықтай арнайы заңдармен реттеледі. Сот мемлекеттік орган ретінде сот билігін мемлекет атынан жүргізеді, ал сот актілерінің орындалуы мемлекет күшімен қамтамасыз етіледі. Дәстүрлі қазақ қоғамында сот қызметін билер атқарды. Алайда мүліктік, азаматтық дау-жанжалдың тараптары өзара келісім арқылы төрелік етушіні өздері таңдаған. Әдетте мұндай даулардың төрелігін сөзге шешендігімен және әділдігімен аты шыққан адамға тапсырған.
1.1 ҚР сот жүйесі
Қазақстандағы сот билігі біртұтас мемлекеттік биліктің дербес тармағы болып табылады. Ол Республика атынан жүзеге асырылады. Сот билігі өзіне азаматтардың, олардың бірлестіктерінің құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін, мемлекеттік органдар мен ұйымдардың құқықтармен заңды мүдделерін қорғауды, Қазақстан Республикасы Конституциясының, заңдарының, өзге де нормативтік-құқықтык актілерінің, халықаралық шарттарының орындалуын қамтамасыз етуді мақсат етіп қояды. Сот билігі Республика Конституциясының, заңдарының, өзге де нормативтік-құқықтық актілерінің, халықаралық шарттарының негізінде туындайтын барлық істер мен дауларды шешуде қолданылады. Соттар шешімдерінің, үкімдері мен өзге де қаулыларының бүкіл Қазақстан аумағында міндетті күші болады.
Қазақстан Республикасының сот жүйесін -- Жоғарғы Сот және жергілікті соттар -- облыстық және оларға теңестірілген соттар, аудандық (қалалық) соттар құрайды. Конституция қандай да бір атаумен арнаулы және төтенше соттарды құруға жол бермейді. Бірақ бұл мамандандырылған соттарды құруға болмайды дегенді білдірмейді. Сот билігі сот ісін жүргізудің заңмен белгіленген түрінде жүзеге асырылады. Соттардың адам мен азаматтың конституциялық құқықтары мен бостандықтарына нұқсан келтіретін зандар мен өзге де нормативтік-құқыктық актілерді қолдануға құқы жоқ. Енді сот жүйесінің буындарын қарастырып көрелік.
Аудандық (қалалық) соттар -- соттар жүйесінің негізгі буыны -- сот әділдігін жүзеге асыруда ауқымды құзыретке ие және сот жұмысының елеулі блігін атқарады. Оларды ауданда, қалада (аудандық маңызы бар қалаларды қоспағанда), қала ауданында Әділет министрлігінің ұсынысы бойынша Президент құрады. Мұндай соттар төрағадан және аудандық судьялардан тұрады. Аудандық (калалық) сот өзге соттардың жүргізуіне жататын істерден басқа бірінші сатыға жататын барлық істерді қарайды.
Облыстық және оларға теңестірілген соттар (мысалы, Астана мен Алматының қалалық соттары) -- орта буын соттарын -- Президент құрады. Бұл буындағы соттар жүгіну, кассациялық және қадағалау ретіндегі бірінші саты соттары ретінде, сондай-ақ аудандық (калалық) соттарға катысты жоғары тұрған сот ретінде әрекет етеді.
Қаралып отырған соттар сот төрағасынан, алқалар төрағаларынан және тұрақты судьялардан тұрады. Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты -- сот жүйесінің ең жоғары буыны. Жоғарғы Сот азаматтык, қылмыстық және жалпы сот ісін жүргізудің соттарда қаралатын өзге де істер жөніндегі жоғары сот органы болып табылады. Заңда көзделген іс жүргізу нысандарында езінен төмен тұратын соттардың қызметін қадағалауды жүзеге асырады. Нормативтік қаулылар алу жолымен оларға сот практикасының мәселелері бойынша түсініктемелер беріп отырады. Жоғарғы Сот төрағадан, алқа төрағаларынан және тұрақты судьялардан тұрады.
Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес: Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының төрағасын, алқалардың төрағаларың және Жоғарғы Соттың судьяларын Республиканың Жоғарғы Сот Кеңесінің кепілдемесіне негізделген Республика Президентінің ұсынуымен Сенат сайлайды. Облыстық және оларға теңестірілген соттардың төрағаларың, алқаларының төрағаларын және облыстық соттар мен оларға теңестірілген соттардың судьяларын Жоғарғы Сот Кеңесініңкепілдемесі бойынша Президент тағайындайды. Басқа соттардың төрағалары мен судьяларын Әділет біліктілік алқасының кепілдемесіне негізделген Әділет министрінің ұсынуы бойынша Президент қызметке тағайындайды.
Қазақстан Республикасының сот жүйесін Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты және Қазақстан Республикасының Конститутциясына және осы Конститутциялық заңға сәйкес құрылатын жергілікті соттар құрайды.
Жергілікті соттарға мыналар жатады:
1) облыстық және оларға теңестірілген соттар (Республика астанасының қалалық соты, республикалық маңызы бар қалалардың қалалық соттары, мамандандырылған сот-Қазақстан Республикасы Әскерлерінің Әскери соты және басқалар );
2) аудандық және оларға теңестірілген соттар (қалалық , ауданаралық , мамандандырылған сот-гарнизонның әскери соты және басқалар ):
Қазақстан Республикасында мамандандырылған (әскери, экономикалық, әкімшілік, кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі және басқа) соттар құрылуы мүмкін.
Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты мен жергілікті соттардың Қазақстан Республикасының Мемлекеттік елтаңбасы мен өзінің атауы бейнеленген мөрі болады.
Сот жүйесінің бірлігі. Қазақстан Республикасының сот жүйесінің бірлігі:
1) Конститутцияда , осы Конститутциялық заңда, іс жүргізу және өзге де заңдарда белгіленген, барлық соттар мен судьялар үшін ортақ және бірыңғай сот төрелігі мен принциптерімен;
2) сот билігін барлық соттар үшін сот ісін жүргізудің заңдарға белгіленген бірыңғай нысандары арқылы жүзеге асырумен;
3) Қазақстан Республикасының барлық соттарының қолданыстағы құқықты қолданумен;
4) заңдарда судьялардың бірыңғай мәртебесін баянды етумен;
5) заңды күшіне енген сот актілерін Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында орындаудың міндеттілігімен;
6) барлық соттарды тек қана Республикалық бюджет есебінен қаржыландырумен қамтамасыз етіледі.
Қазақстан Республикасындағы сот құрылысы мен судьялар мәртебесі , сондай-ақ сот төрелігін іске асыру тәртібі Қазақстан Республикасының Конститутциясымен , осы Конститутциялық заңмен жне басқа да заң актілерімен белгіленеді.
Аудандық және оларға теңестірілген соттар. Аудандық және оларға теңестірілген соттарды құру.
1. Аудандық және оларға теңестірілген соттарды (бұдан әрі - аудандық соттар) уәкілетті органның Жоғарғы Сот Төрағасымен келісілген ұсынысы бойынша Қазақстан Республикасының Президенті құрады, қайта ұйымдастыралы және таратады.
Қазақстан Республикасының Президенті бірнеше әкімшілік- аумақтық бірліктерде бір аудандық сот немесе бір әкімшілік - аумақтық бірлікте бірнеше аудандық сот құруы мүмкін.
2.Аудандық соттар үшін судьялардың жалпы санын уәкілетті органның ұсынысы бойынша Қазақстан Республикасының Президенті бекітеді.
3. Әрбір аудандық сот үшін судьялардың санын осы сот төрағасының ұсынысы негізінде уәкілетті орган белгілейді.
Аудандық соттың құрамы:
1. Аудандық сот Конституцияда және осы Конституциялық заңлы белгіленген тәртіппен тағайындалатын төрағадан және судьялардан тұрады.
Егер аудандық сотта штат бойынша бір судья (бірқұрамды сот) көзделсе,ол осы соттың төрағасы өкілеттігін атқарады.
2. Аудандық сотта кеңсе құрылады, оның штат санын сот төрағасымен келісе отырып, облыс соттарының әкімшісі белгілейді.
Аудандық соттың өкілеттілігі:
1. Аудандық сот бірінші инстанциядағы сот болып табылады.
2. Аудандық сот:
1) өзінің қарауына жатқызылған сот істерін және материалдарын қарайды.
2) сот статистикасын жүргізеді;
3) заңда көзделген басқа да өкілеттіліктерді жүзеге асырады.
Аудандық соттың төрағасы:
1.Аудандық соттың төрағасы судья болып табылады және судья міндеттерін атқарумен қатар:
1) сот судьяларының сот істерін қарауын ұйымдастырады;
2) соттың кеңесіне жалпы басшылықты жүзеге асырады;
3) азаматтарды қабылдауды жүргізеді;
4) судья лауазымына кандидаттардың тағылымдамадан өтуін ұйымдастырады;
5) сот статистикасын жүргізу мен талдауды ұйымдастырады;
6) өкімдер шығарады;
7) заңда көзделген басқа да өкілеттіліктерді жүзеге асырады;
2. Аудандық соттың төрағасы уақытша орнында болмаған жағдайда осы сот төрағасының өкімі бойснша төраға міндеттерін атқару осы сот судьяларының біріне жүктеледі.
Бірқұрамды сот төрағасы уақытша орнында болмаған жағдайда оның міндетін атқару аумақтық уәкілетті орган басшысының ұсынысы бойынша облыстық сот төрағасының өкімімен басқа соттың судьяларының біріне жүктеледі.
Облыстық және оларға теңестірілген соттар. Облыстық және оларға теңестірілген соттарды құру.
1. Облыстық және оларға теңестірілген соттарды (бұдан әрі - облыстық соттар) уәкілетті органның Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының Төрағасымен келісілген ұсынысы бойынша Қазақстан Респуьликасының Президенті құрады, қайта ұйымдастырады және таратады.
2. . Облыстық соттар судьяларының жалпы санын уәкілетті органның ұсынысы бойынша Қазақстан Республикасының Президенті бекітеді.
Әр облыстық сот үшін судьялардың санын осы сот төрағасының ұсынысы негізінде уәкілетті орган белгілейді.
Облыстық соттың құрылымы мен құрамы
1. Облыстық сот төрағадан, алқалар төрағаларынан және судьялардан тұрады.
2. Облыстық соттың органдары мыналар:
1) қадағалау алқасы;
2) азаматтық істер жөніндегі алқа;
3) қылмыстық іатер жөніндегі алқа;
4) соттардың жалпы отырысы.
Облыстық соттың өкілеттігі. Облыстық сот:
1) өзінің қарауына жатқызылған сот істерін және материалдарын қарайды;
2) сот статистикасын жүргізеді;
3) сот тәжірибесін зерделейді және оны жинақтаудың қорытындылары бойынша облыс соттарының сот төрелігін іске асыруы кезеңдегі заңдылықтың сақталу мәселелерін қарайды;
4) облыс соттарының әкімшісі қызметін бақылауды жүзеге асырады;
5) заңда көзделген басқа да өкілеттіліктерді жүзеге асырады.
Облыстық сот алқалары:
1. Облыстық соттың азаматтық істер жөніндегі алқасы мен қылмыстық істер жөніндегі алқасын - алқалар төрағалары, ал қадағалау алқасын сот төрағасы басқарады.
2. Әрбір алқадағы судьялар саны сот төрағасының үсынысы бойынша жалпы отырыста белгіленеді.
3. Қадағалау алқасы осы соттың жалпы отырысында жасырын дауыс беру арқылы судьялардың жалпы санының көпшілік дауысымен жыл сайын сайланатын судьяларынан тұрады.
Азаматтық істер жөніндегі алқа мен қылмыстық істер жөніндегі алқа жалпы отырыста талқылағаннан кейін дербес құрамын сот төрағасы белгілейтін судьялардан тұрады.
4. Сот төрағасы азаматтық істер жөніндегі алқа мен қылмыстық істер жөніндегі алқада мамандандырылған құрам түзуі мүмкін.
Облыстық сот төрағасы.
1.Облыстық соттың төрағасы судья болып табылады және судьяның міндеттерін атқарумен қатар:
1) судьялардың сот істерін қарауын ұйымдастырады;
2) қадағалау алқасын басқарады, алқаларда сот істерін қараған кезде төрағалық етуге құқылы;
3) қажет болған жағдайларда бір алқаның (қадағалау алқасынан басқа) судьяларын басқа алқаның құрамында іс қарау үшін тартады;
4) облыстық соттың жалпы отырысын шақырады және оған төрағалық етеді;
5) алқа төрағасы уақытша орнында болмаған кезде оның міндетін атқаруды аоқа судьяларының біріне жіктейді;
6) облыстық соттың алқа төрағалары мен судьяларына, аудандық соттардың төрағалары мен судьяларына қатысты тәртіптік іс қозғайды;
7) соттың жалпы отырысының ұсынысы негізінде Әділет біліктілік алқасына судья қызметіне кандидаттың тағылымдамадан өту нәтижелері туралы қорытынды жібереді;
8) сот статистикасын жүргізуді, сот тәжірибесін зерделеуді ұйымдастырады;
9) өкімдер шығарады;
10) соттың кеңсесіне жалпы басшылықты жүзеге асырады;
11) азаматтарды жеке қабылдауды жүргізеді;
12) заңда көздеген басқа да өкілеттіктерді жүзеге асырады.
2.Облыстықсот төрағасы уақытша орнында болмаған жағдайда оның міндеті өзінің өкімі бойынша сот алқалары төрағаларының біріне жүктеледі.
3. Облыстық сот төрағасы орнынан түскен не өкілеттіктерін мерзімнен бұрын өзгедей тоқтатқан жағдайда, оның міндеттері уәкілетті органның шешімі бойынша сот алқалары төрағаларының біріне жүктеледі.
Облыстық сот алқаларының төрағасы. Облыстық сот алқасының төрағасы судья болып табылады және судья міндеттерін атқарумен қатар:
1) алқа судьяларының сот істерін қарауын ұйымдастырады;
2) алқа отырыстарында төрағалық етеді;
3) сот төрағасына алқа құрамында мамандандырылған құрам жасақтау жөнінде ұсыныстар енгізеді;
4) сот тәжірибесін зерделеу әрі жинақтау және сот статистикасын талдау жөніндегі жұмысты ұйымдастырады;
5) соттың жалпы отырысына алқа қызметі туралы хабарлама ұсынады;
6) заңда көзделген басқа да өкілеттіктерді жүзеге асырады.
2. Алқа төрағасы уақытша орнында болмаған жағдайда сот төрағасы оның міндетін атқаруды алқалар судьяларының біріне жүктейді.
Облыстық соттың жалпы отырысы.
1.Облыстық сот қажетіне қарай, бірақ жылына кемінде екі рет жалпы отырыстар өткізеді, оларда:
1) алқа құрамының санын белгілейді және қадағалау алқасының құрамына судьялар сайлайды;
2) сот жұмысының жоспарын талқылайды;
3) алқалар төрағасының хабарламаларын тыңдайды;
4) сот практикасын талқылайды және оны жинақтаудың қорытындылары бойынша облыс соттарының сот төрелігін іске асыруы кезіндегі заңдылықтың сақталу мәселелерін қарайды;
5) уәкілетті органға белгілі бір адамды облыс соттарының әкімшісі қызметіне тағайындауға келісімін береді;
6) облыс соттары әкімшісінің қызметі туралы есбін тыңдайды;
7) аудандық сот төрағасы қызметінің бос орнына кандидатураларды қарайды және оның нәтижелері бойынша тиісті қорытындылар жасайды;
8) уәкілетті органға облыс соттары әкімшісін қызметтен босату туралы ұсыныс енгізеді;
9) судья қызметіне кандидаттардың тағылымдамадан өту қорытындыларын қарайды және Әділет біліктілік алқасына тиісті қорытынды береді;
10) заңда көзделген басқада өкілеттіктерді жүзеге асырады;
2. Жалпы отырыс облыстық сот судьяларды жалпы санының кем дегенде үштен екісі қатысқан жағдайда заңды болады.
3. Облыстық соттың жалпы отырысының жұиыс тәртібі ол бекіткен регламентпен анықталады.
Қазақстан Роеспубликасының Жоғарғы соты. Жоғарғы Соттың өкілеттігі:
1. Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты жалпы юрисдикция соттарының қарауына жатқызылған азаматтық, қылмыстық және өзге істер бойынша жоғары сот органдары болып табылады , заңда көзделген іс жүргізу нысандарында олардың қызметін қадағалауды жүзеге асырады және сот практикасының мәселелері бойынша түсіндірмелер береді.
2. Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты:
1) өзінің қарауына жатқызылған сот істері мен материалдарын қарайды;
2) сот практикасын зерделейді және оны жинақтаудың қорытындылары бойынша Республика соттарының сот төрелігін іске асыруы кезіндегі заңдылықтың сақталу мәселелерін қарайды;
3) сот практикасында заңдарды қолдану мәселелері бойынша түсіндірмелер беретін нормативтік қаулылар қабылдайды;
4) заңда көзделген басқа да өкілеттіктерді жүзеге асырады.
Жоғарғы Соттың құрылымы мен құрамы.
1. Жоғарғы Сот Төрағадан, алқа төрағаларынан және судьялардан тұрады.
Жоғарғы Сот судьяларының жалпы санын Жоғарғы Сот Төрағасының ұсынысы бойынша Қазақстан Республикасының Президенті белгілейді.
2. Жоғарғы Соттың органдары мыналар:
1) қадағалау алқасы;
2) азаматтық істер жөніндегі алқа;
3) қылмыстық істер жөніндегі алқа;
4) соттың жалпы отырысы.
3. Жоғарғы Соттың жанынан ғылыми-консультатциялық кеңес және баспа органы құрылады.
Жоғарғы Сот алқалары.
1. Жоғарғы Соттың азаматтық істер жөніндегі алқасын - алқа төрағалары, ал қадағалау алқасын Жоғарғы Соттың Төрағасы басқарады.
2. Әр алқадағы судьялар саны Жоғарғы Сот Төрағасының ұсынысымен соттың жалпы отырысында белгіленеді.
3. Қадағалау алқасы Жоғарғы Соттың жалпы отырысында жасырын дауыс беру арқылы судьялардың жалпы санының көпшілік даусымен жыл сайын сайланатын судьяларынан тұрады.
Азаматтық істер жөніндегі алқа және қылмыстық істер жөніндегі алқа соттың жалпы отырысында талқылағаннан кейін дербес құрамын Жоғарғы Сот Төрағасы белгілейтін судьялардан тұрады.
4. Жоғарғы Соттың Төрағасы азаматтық істер жөніндегі алқада және қылмыстық істер жөніндегі алқада мамандандырылған құрам түзуі мүмкін.
Жоғарғы Сот Төрағасы.
1. Жоғарғы Сот Төрағасы судья болып табылады және судья міндетін атқарумен қатар:

2) қадағалау алқасын басқарады, алқада сот ісін қараған кезде төрағалық етуге құқылы;
3) Жоғарғы Соттың жалпы отырыстарын шақырады және оларды төрағалық етеді;
4) Жоғарғы Соттың жалпы отырысының қарауына сот практикасында заңдарды қолдану мәселелері бойынша Жоғарғы Соттың нормативтік қаулыларын қабылдау үшін материалдар енгізеді;
5) Жоғарғы Соттың жалпы отырысының бекітуіне Жоғарғы Соттың жалпы отырысы Хатшысының және ғылыми - консультациялық кеңес мүшелерінің кандидатураларын енгізеді;
6) Қажет болған жағдайларда бір алқаның судьяларын басқа алқаның құрамында іс қарау үшін тартады;
7) Жоғарғы Соттың жұмыс жоспарын бекітеді;
8) Алқалардың жұмысын үйлестіреді;
9) Жоғарғы Соттың Аппаратына жалпы басшылықты жүзеге асырады, оның құрылымы мен штатын бекітеді;
10) азаматтарды жеке қабылдауды жургізеді:
11) өкімдер шығарады;
2. Жоғарғы Соттың Төрағасы Республиканың өзге де мемлекеттік билік тармақтары органдарымен және халықаралық ұйымдарымен өзара қарым-қатынас кезінде Республика сот жүйесіні мүддесін білдіреді сондай-ақ:
1) Қазақстан Республикасының Президентіне уәкілетті орган басшысының кандидатурасын ұсынады;
2) Соттардың тиісті жалпы отырыстарының қарауына аудандық соттың төрағасы, облыстық соттың төрағасы және облыстық сот алқасының төрағасы ,Жоғарғы Сот алқасының төрағасы мен судьясы қызметінің бос орнына балама негізде кандидатуралар енгізеді;
3) Соттардың жалпы отырыстарының қорытындылары негізінде соттардың жалпы отырыстарында қаралған барлық кандидаттардың материалдарын қоса тіркей отырып, тиісінше Жоғарғы Сот Кеңесіне немесе Әділет біліктілік алқасына аудандық сот төрағасы, облыстық сот төрағасы және облыстық соталқасының төрағасы , Жоғарғы Сот алқасының төрағасы мен судьясы қызметтерінің бос орындарына балама негізде кандидатуралар ұсынады;
4) Қазақстан Республикасының Президентіне заңдарды жетілдіру жөнінде ұсыныс енгізіледі;
5) Осы Конституциялық заңмен көзделген негіздер туындаған жағдайда, тиісінше Жоғарғы Сот Кеңесіне және Әділет біліктілік алқасына Республика соттары төрағаларының, алқа төрағалары мен судьяларының өкілеттігін тоқтату мәселесі бойынша ұсыныс енгізеді;
6) Қазақстан Республикасының Президентіне судьяларды мемлекеттік наградалармен марапаттау және оларға құрметті атақтар беру туралы ұсыныс енгізіледі;
7) Республика судьяларына Құрметті судья атағын береді, осы атақты беру тәртібі туралы ереже бекітіледі;
8) Республиканың судьяларына қатысты тәртіптік іс қозғайды;
9) Заңмен және өзге де нормативтік құқықтық актілермен көзделген басқа да өкілеттіктерді жүзеге асырады.
3. Жоғарғы Соттың Төрағасы уақытша орнында болмаған кезде оның міндеті Жоғарғы Сот Төрағасының өкімі бойынша алқалардың бірінің төрағасына жүктеледі.
4. Жоғарғы Сот Төрағасы орнынан түскен жағдайда не өкілеттігі мерзімінен бұрын тоқтатылған өзге де жағдайдаТөрағаның міндетін уақытшы атқаруды Қазақстан Республикасының Президенті Жоғарғы Сот алқалары төрағаларының біріне жүктейді.
Қоғам дегеніміз -- адамдар мен олардың ұйымдары арасындағы қарым-қатынастардың өте күрделі жүйесі. Мемлекет арнаулы органдар арқылы қоғамды басқарады, көпшілік бұқара үшін маңызы бар мәселелерді шешеді және қоғамдағы тәртіпті қамтамасыз етеді. Мемлекеттің түрлі органдары бар, олар өздерінің тікелей биліктік міндеттерін атқаруда өзара тығыз байланыста және бір-біріне бағынышта болады. Мемлекеттік органдар арасында құқық қорғау органдары айрықша орын алады. Олар қоғамдағы құқықтық тәртіп пен заңдылықты қамтамасыз етеді. Құқық қорғау органдарына: сот, прокуратура, Ішкі істері органдары, Ұлттық қауіпсіздік, Әділет органдары, Кедендік бақылау органдары, жемқорлық және басқа кәсіби қылмыстармен күрес органдары жатады.
Құқық қорғау органдары жүйесі заңдылық кағидасы негізінде әрекет етеді. Заңдылық -- бұл қоғамдық қатынастарға қатысушылардың құқық нормаларын қатаң, бұлжытпай орындау және сақтау қағидаты, әдісі мен тәртібі. Заңдылықтың мәні -- құқық қорғаушы органдардың құқықтық нормаларды адал, жауапкершілікпен сақтауында, орындауында, пайдалана және қолдана білуінде. Заңдылық, ең алдымен, осы органдардың заң негізінде және оның шеңберінде мемлекеттік және қоғамдық істерді басқаруға белсенді қатысуларын көздейді.
Заңдылық табиғатын түсіну үшін оның негізгі қағидаттарын анықтап алу қажет. Заңдылық қағидаттары -- бұл заңдылықтың мазмұнын бейнелейтін негізгі идеялар, бастаулар. Оларға жататындар:
* Жалпыға бірдейлік қағидаты. Заңдылықтың жалпыға бірдейлігі жағдайына, шеніне және дәрежесіне қарамай, жалпы жұртқа және әрбір адамға бірдей міндеттілігі. Заң алдында жұрттың бәрі бірдей жәнө бәрі де оған бағынуы тиіс, керісінше болған жағдайда жауапкершіліктен ешкім кашып құтыла алмайды.
* Бірлік қағидаты. Заңдылық бірлігінің мәні. Бұл талап елдің бүкіл аумағына таралады.
* Заңның үстемдік қағидаты. Ол дегеніміз -- мемлекеттің өмір сүруі лауазым иелерінің өздерінің міндеттері мен құқықтарын қатаң іске асыруы арқылы тек заң негізінде ғана жүзеге асырылуы тиістігін білдіреді. Мемлекет құқық Корғау органдарының қызметкерлеріне өз ұйғарымы бойынша еркін әрекет етуге, өз дегенімен шешім шығаруға, қандай да бір себептермен заңды орындап не орындамауына жол бермейді.
* заңдылықты іске асырудың тұрақтылық қағидаты. Заңдылықты іске асырудың тұрақтылығы кез келген заң бұзушылықтың кімнің тарапынан болғандығына қарамастан оның жолы кесілетіндігін, заңды бұзғаны үшін жауапкершіліктен құтылмайтындығын білдіреді.
* Заңдылық пен мақсатқа лайықтылықты қарсы қоюға болмайтындық қағидаты. Жоғары мүдделер, халық талабы, мораль (өнеге) талабы деген желеулермен заңылықтан кез келген кері шегініс қоғамның тұрақсыздығына әкеліп соқтырады, құқықтық нигилизмнің (немқұрайлықтың) өсуіне жағдай жасайды. Егер заң ескіріп, оны пайдалану орынды болмай қалса, онда оны тек заң арқылы белгіленген рәсімге сәйкес өзгерту, толықтыру қажет, Заң өзгеріс енгізілгенге дейін өмір сүреді, әрекет етеді. Бұрынгылар заң қатал болса ғана заң деп бекер айтпаған.
* Заңдылық пен мәдениеттілік қағидаларының байланыстылығы. Мәдениеттіліктен ада заңдылық туралы әңгіме болуы да мүмкін емес: тұтас алғанда қоғамның, жекелеген азаматтардың мәдени деңгейі жоғары болған сайын, заңдылықтың да деңгейі жоғары болады.
Басқа бір құқықтық құбылыс -- құқықтық тәртіп заңдылығымен байланысты. Құқықтық тәртіп -- бұл заң мен құқыққа негізделген қоғамдық қатынастардың тәртіптілік жай-күйі. Бұл құқықтық талаптарды іске асырудың құқықтық нормаларды, яғни заңдылықты сақтаудың, орындаудың түпкі нәтижесі. Заңдылық -- талап, құқықтық тәртіп -- осы талаптарды орындау тәжірибесі. Құқықтық реттеудің мақсаты құқықтық тәртіп, нақ осыған қол жеткізу үшін өзге де нормативтік құқықтық актілер шығарылады, заңнаманы жетілдіру жүзеге асырылады, заңдылықты нығайту жөніндегі шаралар жүргізіледі. Құқықтық тәртіп пен заңдылық арасында бір-біріне тікелей тәуелділік бар: заңдылықтың нығайтылу құқықтық тәртіпті нығайтады, ал бұған керісінше, егер заңдылық бұзылса, онда құқықтық тәртіп те іле-шала бұзылады.
Құқық қорғау қызметі кез келген тәсілмен ғана емес, ықпал етудің заңдық шараларын қолданудың көмегімен жүзеге асырылады. Олардың қатарына заңмен белгіленетін мемлекеттік мәжбүрлеу және жазалау шараларын жатқызуға болады. Мемлекеттік мәжбүрлеудің төрт түрі белгілі:
1) қылмыстық-құқықтық (қылмыс жасаған жағдайда)
2) азаматтық-құықтық (қылмыстық жауапкершілікке әкеліп соқтырмайтын мүліктік зиян келтірілген жағдайда);
3) әкімшілік-құқықтық (әкімшілікке теріс қылық жасау; мысалы, ұсақ бұзақылық, қоғамдық орындарда алкогольді ішімдіктер ішу);
4) тәртіптік (өзінің еңбек ету және басқа міндеттерін атқармау немесе оларға салдыр-салақ қарау).
Заң құқық қорғау органдарынан заңның немесе өзге де құқықтық актілердің белгіленген тапсырмаларына ғана сәйкес келетін заң жөнімен ықпал ету шараларын қолдануды талап етеді. Егер заң бойынша суық қаруды сақтау тәртібін бұзғаны үшін айыппұл түріндегі санкция қарастырылған болса, әкімшілік жолымен тұтқынға алуды қолдануға болмайды. Құқық қорғау қызметі белгілі бір тәртіптің аясында орындалады. Мысалы, қылмыстық, әкімшілік немесе тәртіптік жазалау шараларын қолдану шегін қажетті тексерулер жүргізбей тұрып айқындауға болмайды.
1.2 Сот жүйелерін талдау
Соттылық - соттар арасында белгілі азаматтық істер қарастыру өкілеттіліктерді бөлу.
Соттар азаматтық отбасалық, еңбек тұрғын үй, әкімшілік, қаржы, шаруашылық, жер құқықтық қатынастардан, табиғи ресурстарды пайдалану мен қоршаған ортаны қорғау жөнінде қатнастар мен басқа да құқықтық қаынастардан, оның ішінде бір тараптың екінші тарапты билікпен бағындыруына негізделген қатынастардан туындайтын даулар жөніндегі талап жөніндегі талап қарайды.
Мемлекеттік орган немесе оның лаууазымды адамы қабылдаған актіге сотта дау жасалуы мүмкін.
Егер халықаралық шартта ҚР заңдарында немесе тараптардың келісімнде өзгеше көзделмесе соттар шетелдік азаматтар, азаматтығы жоқ адамдар, шетелдік ұйымдар, шетелдік заңды тұлғалар, шетел қатысатын ұйымдар, сондай-ақ халықаралық ұйымдар қатысатын істерді қарайды.
Заң бойынша соттың құзыретіне жатқызылған басқа да істер сотқа бағынысты болады.
Азаматтық істерді қай соттың қарауына жататындығының топтық түрі және аймақтық түрі:
-- топтық соттылық - сот жүйесінің әр түрлі сатысындағы соттарға істің соттылығы;
-- аймақтық соттылық - сотта істі қарау аумағына байланысты осы соттың құзыретіне жатқызылған соттылық.
Топтық соттылық. Топтық соттылық дауды мәні бойынша қай деңгейдегі (аудандық, облыстық, Жоғары) сот қарайтынын белгілейді.
Аудандық, қалалық сотта және оған теңетірілген соттың сотталуына жататын азаматтық істер ҚР АІЖК-нің 28-30-баптарында көзделген істерді қоспағанда қалған барлық азаматтық істер қаралып шешіледі.
ҚР-ның Жоғарғы соты бірінші саты бойынша (ҚР АІЖК-нің 29-бабы):
1-ҚР-сы Үкіметінің нормативтік құқықтық актілеріне.
2-Республикалық референдум. ҚР-ның Президентін және ҚР-сы Парламент депуттарын сайлауды дайындау мен өткізу жөніндегі ҚР-сы орталық сайлау коммисиясының шешімдері мен әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) дау айту туралы істерді қарайды.
Аймақтық сотылықтың мынадай түрлерін атауға болады:
-- Жалпы соттылық - жауапкердің тұрғылықты жері бойынша анықталатын соттылық (ҚР АІЖК-нің 31-бабы);
-- Балама соттылық - талап қоюшының таңдау бойынша сотта іс қарау соттылығы (ҚР АІЖК-нің 32-бабы);
-- Ерекше соттылық - белгілі істерді заңда көзделген соттармен қарау соттылығы (ҚР АІЖК-нің 33-бабы);
-- Шарттық соттылық - тараптардың келісімдері бойынша белгіленетін ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz