Педагогикалық әрекеттерді жобалау технологиясы



Кіріспе
1 Оқыту әдістері түсінігі
2 Жобалау әдісінің тарихы
3 Жобалау әдісі туралы жалпы түсінік
4 Педагогикалық жобалау
5 Педагогикалық әрекеттерді жобалау технологиясы
Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер тізімі
Әдіс – оқу-тәрбие жұмыстарының алдында тұрған міндеттерді дұрыс орындау үшін мұғалім мен оқушылардың бірлесіп жұмыс істеу үшін қолданатын тәсілдері. Әдіс арқылы мақсатқа жету үшін істелетін жұмыстар ретке келтіріледі. Оқыту әдістері танымға қызығушылық туғызып, оқушының ақыл-ойын дамытады, ізденуге, жаңа білімді түсінуге ықпал етеді. Оқытуда ең басты нәрсе – оқушылардың танымдық жұмыстары. Оқыту әдістері ең анық фактілерді білуді қамтамасыз етеді, теория мен тәжірибенің арасын жақындатады.
Тәсіл – оқыту әдісінің элементі. Жоспарды хабарлау, оқушылардың зейінін сабаққа аудару, оқушылардың мұғалім көрсеткен іс-қимылдарды қайталауы, ақыл-ой жұмыстары тәсілге жатады. Тәсіл оқу материалын түсінуге үлес қосады.
Оқыту тәсілдерінің түрлері:
• ой, зейін, ес, қабылдау, қиялды жақсарту тәсілдері;
• мәселелі жағдаят тудыруға көмектесетін тәсілдер;
• оқушылардың сезімдеріне әсер ететін тәсілдер;
• жеке оқушылар арасындағы қарым-қатынасты басқару
тәсілдері.
Сонымен тәсілдер оқыту әдістерінің құрамына кіреді, әдістің
жүзеге асуына көмектеседі.
Оқыту әдістерінің басты қызметі - оқыту, ынталандыру, дамыту, тәрбиелеу, ұйымдастыру.
Оқыту құралдары - білім алу, іскерлікті жасау көзі. Олар: көрнекі құралдар, оқулықтар, дидактикалық материалдар, техникалық оқыту құралдары, станоктар, оқу кабинеттері, зертханалар, ЭЕМ және ТВ, нақты объектілер, өндіріс, құрылыс.
Әдістер белгілі бір негіз бойынша топтарға бөлінеді.
XIX ғасырдың 20-30 жылдарында Б.Е.Райков, К.П.Ягодовский түсіндіру, тәжірибелік, зерттеу, зертханалық әдістерін жетілдірді.
Оқушылар сөзден, кітаптан, көрнекіліктен, тәжірибелік жұмыстардан білім алады. Осыны ескеріп 20-30 жылдарда Н.М.Верзилин, Е.Я. Голант сөздік, тәжірибелік, көрнекілік әдістерін ұсынады. Қазір компьютерлік жүйелер арқылы білім алу мүмкіндігі бар.
М.А.Данилов (1899-1973), Б.П.Есипов (1899-1967) дидактикалық мақсатқа жету үшін қолданылатын әдістерді топтастырды. Олар: білім алу, іскерлік және дағдыларды қалыптастыру, білімді қолдану, шығармашылық іс-әрекет, бекіту, білім, іскерлік, дағдыларды тексеру. Аталған авторлардың пікірлері бойынша оқыту әдісі - дидактикалық мақсатқа жету үшін оқушылардың іс-әрекетін реттеп, ұйымдастыру тәсілдері. Бұл саралауда әдістер оқытудың алдында тұрған міндеттермен сәйкестендірілген.
1. Бабанский Ю.К.. Методы обучения в современной общеобразовательной школе. - Москва: Просвещение, 1985. - 208 с.
2. Педагогика. Учебное пособие для студентов педагогических вузов и педагогических колледжей / Под. Ред. П.И. Пидкасистого. - М: Педаг. Общество, 1998. - 640 с.
3. Бахишева С.М. Педагогикалық жобалау: теориясы мен технологиясы: Оқулық. – Алматы: ЖШС РПБК «Дәуір». 2011. - 336 бет.
4. Беспалько В.П. Системно-методическое обеспечение учебно-воспитательного процесса подготовки специалистов.- М.: Высшая школа, 1989.
5. Кайдарова А.Д. Логика исследования проблем становления и генезиса развития содержания высшего педагогического образования: Учебно-методическое пособие. – Алматы, 2005.-56 с.
6. Колесникова И.А. Педагогическое проектирование. Учебноепособие. М.: Издательский центр «Академия», 2005.-288 с.
7. Компетентностный подход к формированию содержания образования: монография / Ермаков Д. С., Иванова Е.О., Осмоловская И.М., Рязанова Д.В., Шалыгина И.В. – Под ред. И.М. Осмоловской.- М., 2007.- 210 с.
8. Мынбаева А.К. Современное образование в фокусе новых педагогических концепций, тенденций и идей: Монография. – Алматы: Раритет, 2005.- 90 с.
9. Новиков А.М. Методология образования. −М., 2006.

Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 35 бет
Таңдаулыға:   
Мазмүны
Кіріспе 3
1 Оқыту әдістері түсінігі 5
2 Жобалау әдісінің тарихы 13
3 Жобалау әдісі туралы жалпы түсінік 22
4 Педагогикалық жобалау 26
5 Педагогикалық әрекеттерді жобалау технологиясы 34
Қорытынды 35
Қолданылған әдебиеттер тізімі 36

1 Оқыту әдістері түсінігі

Әдіс - оқу-тәрбие жұмыстарының алдында тұрған міндеттерді дұрыс орындау үшін мұғалім мен оқушылардың бірлесіп жұмыс істеу үшін қолданатын тәсілдері. Әдіс арқылы мақсатқа жету үшін істелетін жұмыстар ретке келтіріледі. Оқыту әдістері танымға қызығушылық туғызып, оқушының ақыл-ойын дамытады, ізденуге, жаңа білімді түсінуге ықпал етеді. Оқытуда ең басты нәрсе - оқушылардың танымдық жұмыстары. Оқыту әдістері ең анық фактілерді білуді қамтамасыз етеді, теория мен тәжірибенің арасын жақындатады.
Тәсіл - оқыту әдісінің элементі. Жоспарды хабарлау, оқушылардың зейінін сабаққа аудару, оқушылардың мұғалім көрсеткен іс-қимылдарды қайталауы, ақыл-ой жұмыстары тәсілге жатады. Тәсіл оқу материалын түсінуге үлес қосады.
Оқыту тәсілдерінің түрлері:
:: ой, зейін, ес, қабылдау, қиялды жақсарту тәсілдері;
:: мәселелі жағдаят тудыруға көмектесетін тәсілдер;
:: оқушылардың сезімдеріне әсер ететін тәсілдер;
:: жеке оқушылар арасындағы қарым-қатынасты басқару
тәсілдері.
Сонымен тәсілдер оқыту әдістерінің құрамына кіреді, әдістің
жүзеге асуына көмектеседі.
Оқыту әдістерінің басты қызметі - оқыту, ынталандыру, дамыту, тәрбиелеу, ұйымдастыру.
Оқыту құралдары - білім алу, іскерлікті жасау көзі. Олар: көрнекі құралдар, оқулықтар, дидактикалық материалдар, техникалық оқыту құралдары, станоктар, оқу кабинеттері, зертханалар, ЭЕМ және ТВ, нақты объектілер, өндіріс, құрылыс.
Әдістер белгілі бір негіз бойынша топтарға бөлінеді.
XIX ғасырдың 20-30 жылдарында Б.Е.Райков, К.П.Ягодовский түсіндіру, тәжірибелік, зерттеу, зертханалық әдістерін жетілдірді.
Оқушылар сөзден, кітаптан, көрнекіліктен, тәжірибелік жұмыстардан білім алады. Осыны ескеріп 20-30 жылдарда Н.М.Верзилин, Е.Я. Голант сөздік, тәжірибелік, көрнекілік әдістерін ұсынады. Қазір компьютерлік жүйелер арқылы білім алу мүмкіндігі бар.
М.А.Данилов (1899-1973), Б.П.Есипов (1899-1967) дидактикалық мақсатқа жету үшін қолданылатын әдістерді топтастырды. Олар: білім алу, іскерлік және дағдыларды қалыптастыру, білімді қолдану, шығармашылық іс-әрекет, бекіту, білім, іскерлік, дағдыларды тексеру. Аталған авторлардың пікірлері бойынша оқыту әдісі - дидактикалық мақсатқа жету үшін оқушылардың іс-әрекетін реттеп, ұйымдастыру тәсілдері. Бұл саралауда әдістер оқытудың алдында тұрған міндеттермен сәйкестендірілген.
И.Я.Лернер, М.Н.Скаткин оқыту әдістерін оқушылардың танымдық жұмыстарының түріне қарай топтастырған. Авторлар балаларға ақыл-ой жұмысының, өз бетімен білім алудың жолдарын көрсетеді.
Оқытушының басшылығымен жұмыс істейтін оқушылардың танымдық белсенділігі әртүрлі.
Репродуктивтік әдіс арқылы оқушы "дайын" білімдерді есінде сақтап, кейін қатесіз айтып бергенмен, оның ақыл-ой белсен ділігі төмен болады.
Эвристикалық әдіс арқылы ақыл-ой жұмысы күшейеді, оқушы білімді өзінің танымдық іс-әрекеті арқылы алады. Бұл әдіс бастауыш мектептерге де таралған. Бірақ сабақты тұрақты түрде мәселелік, эвристикалық, зерттеу әдістерімен өткізу мүмкін болабермейді.
Ю.К. Бабанский оқу-танымдық іс-әрекетті ынталандыру әдістерін топтады. Ол іс-әрекет 3 бөліктен: ұйымдастыру, ынталандыру, бақылаудан тұратынын атап көрсетіп, әдістерді оқу-танымдық іс-әрекетті ұйымдастыру, ынталандыру, бақылау әдістері деп бөледі.
М.И.Махмутов оқыту әдісіне сәйкес келетін оқу әдістерін і іріктеген. Оқыту әдістері: а) ақпарат беру әдісі, ә) түсіндіру әдісі, б) ынталандыру әдісі, в) тәжірибелік әдіс.
Бинарлық әдістер бір-бірімен тығыз байланысты оқыту мен оқудың тәсілдерін (хабарлау, міндеттер қою, мұғалімнің тапсырма беруі, оқушылардың тыңдауы, жаттығулар орындауы, есептер шығаруы, мәтінді оқуы, т.б.) қолдануды талап етеді. Мысалы, мұғалім оқушыларға фактілер мен ережелерді хабарлайды, заттарды көрсетеді, фактілердің мәнін түсіндіреді, оларға сұрақтар қояды. Егер оны тәсілдердің арасында түсіндіру тәсілдері, дәлірек айтсақ фактілерді талдау, салыстыру, хабарлау, т.б басым болса, онда оқыту әдісін түсіндірмелі деп атауға болады. Егер негізгі тәсіл - ақпараттарды, фактілерді ұсынумен шектелсе, (мысалы: мұғалім оқушыларға ережелерді жаттауды ұсынады, бірақ ереженің мәнін түсіндірмей, оны жаттау тәсілін айтады), онда оқыту әдісі ақпараттық- хабарлау, немесе оны жай ғана хабарлама әдісі деп атайды. Осыған сәйкес бірінші жағдайда оқушылар заттарды бақылап, фактілерді есінде сақтайды, мұғалімнің түсіндіргенін тындайды және ой елегінен өткізеді, ақпараттық сұрақтарға жауап іздейді. Бұл жерде оқу әдісі репродуктивтік, дәлірек айтсақ жаңа ережені оқушылар дайын күйінде меңгереді (оқушылар фактілерді талдап, ережелер шығармайды). Егер оқыту әдісі хабарлау әдісі болса, оқудың негізгі тәсілі жаттау, оқушылардың үлгі бойынша жұмыс істеуі. Мұндай оқу әдісін шартты түрде орындаушылық деп атаймыз.
Сондықтан оқушының кітаппен жұмысы оқу әрекетінің тәсілі болып табылады. Егерде оқушы мәтінді талдаса, түсінгенін өз сөзімен айтса, онда кітаппен жұмыс оқу әдісі болып табылады. Егер монологтық баяндау әдісі қолданылса, онда мұғалім әңгімелейді, ғылымның дайын қорытындыларын, ережелерін, фактілерін хабарлап оқиғаларды суреттейді, іс-әрекеттің үлгілерін көрсетеді және оқушыларға тапсырмалар береді. Эвристикалық әдісті қолданғанда мәселелік деңгей (оқушылардың белсенділігі) едәуір көтеріледі, эвристикалық әңгімелерге танымдық (логикалық) есептер және проблемалық тапсырмалар қосылады. Оқушылар мұғалімнің көмегімен "жаңалық" ашады, бірақ негізінен оқушылар өз бетімен жұмыс істейді. Зерттеу әдісін қолданғанда мұғалім оқушыларға тәжірибелік сипаттағы тапсырмалар (тәжірибе жүргізу, қосымша ақпарат, фактілерді жинап оларды өз бетімен талдау және қортындылау, өз ойын дәлелдеуге керекті материалдарды жинау, т.б) береді. Оқушылар оларды өз бетімен орындайды, бірақ бұдан мұғалімнің басшылығы керек емес деген сөз тумайды [1,2].



2 Жобалау әдісінің тарихы

Жобалау - proicere деген латын сөзі. Бұл сөз жоспарлау, дайындау сияқты мағынаны немесе жоспардың жүзеге асырылуын білдіреді. Жоба ұғымы педагогика саласында ғана емес экономика, басқару, зерттеу салаларында да кеңінен қолданылатыны белгілі. Мысалы: құрылыс жобасы, зерттеу жобасы, оқыту жобасы т.б.
Біздің жағдайымызда жобалау әдісі деп - сабақтың өткізілу түрі айтылады. Сонымен қатар жобалау әдісі - студент пен оқытушының бірігіп, белгілі бір мәселені шешуге және қорытынды жасауға негізделген оқу немесе басқа да әрекеттерін айтуға болады. Жобалық жұмыстар орындалу мерзіміне қарай ұзақ, орташа және қысқа мерзімді болып бөлінеді.
Жобалау әдісі ХХ ғасырдың басынан басталады. Бұл әдістің ғылыми негізін қалаушылар: Д. Дьюи, Девей, Килпатрак, Снедден, Ричардс.
Сол кездің өзінде АҚШ ғалымдарының арасында жобалық жұмыстарды - жұмыс техникасына немесе дидактикалық концепцияға жатқызу туралы мәселе пікірталас туғызған болатын.
Танымдық прагматизм философиясының өкілі Девей жобалық жұмыстың ғылыми және саяси концепциясының іргетасын қаласа, оның әріптесі Килпатрак жобалау әдісін ауқымды мағынасына қарай тәрбиеге қатысты философия ретінде бағалады. Осыған байланысты Килпатрак жобаны әлеуметтік ортада өткізілетін жүректен шыққан мақсатты әрекет ретінде қарастырады. Девей мен Килпатрак оқудан тыс кезде өмір мен ойлауды, әрекет пен білімді,оқу пен тәжірибені байланыстырушы ретінде жаңа дидактикалық концепция негізін салмақшы болады. Қорыта келе Килпатрак жоспарлы әрекет демократиялық қоғамның белгілі сипатты бөлігі деп есептейді, сондықтан оны да оқу үрдісінің сипатты бөлшегі ретінде қарастыру керек екендігіне тоқталады. Бұл ұғым АҚШ-тың шығысында ғана қолдау тапты. Басқалары мәселені шешу процесін жобалау әдісінің ерекше белгісі деп білді. Сонымен кез келген өз бетінше шешуін табуға болатын мәселелерді жобалық жұмыс деп айтатын болды. Осының салдарынан жобалық жұмыс - мәселені шешудің сызбалық үрдіс деңгейіне түсіп кетті. Бұл үрдіс барысында оқытушы мәселені ұсынушы болса, оқушы оны шешуші болды.
Жобалау әдісі бастау алған Солтүстік Америкадан басқа жерлерде (Кершенштайнер 1968; Гаудиг 1922; Хаазе 1932; Отто 1914) және еңбек мектептерінде (Кершенштайнер 1904, Эстрайх 1921; Блонский 1937, Макаренко 1969.) бұл мәселе жөнінде педагог-реформаторлардың арасында пікірталастар болып тұрды.
Рейхвейн (1951) теория мен тәжірибенің байланысын жоба десе, Б. Отто жалпы сабақтардың концепциясында басты рөлді сұхбат алады дегенді айтады. Кершенштайнер (1968) еңбек мектебінен жобалау идеяларын немесе осы бағытта дамуды байқауға болатын еді.
Жобалау идеялары Еуропада алпысыншы, жетпісінші жылдары баламалы мектеп немесе баламалы оқыту түрлерін енгізу туралы пікірталас кезінде қолдау табады.
Жобалау идеясы, жобалау әдісі ең алдымен жалпы білім беретін мектептер мен жоғары оқу орындарындағы дәстүрлі оқытуға қарсы бағытталған бағдарлама ретінде қарастырылды. Бұл идея көптеген ғалымдардың (Пиаже, Эбли) (Высоцкий, Леонтьев, Гальперин) қолдауымен жобалау әдісінің негізін қалауға себеп болды.
Жоғарыда айтылғандай, жобалау әдісі мұхиттың арғы бетінде ХХ ғасырдың басында басталғанымен, Қазақстанда білім беру салалары кредиттік жүйеге енгелі қазақ тілі әдістемесінде соңғы жылдары ғана қолданыла бастады.
Жобалау әдісі - оқу үрдісін ерекше етіп тұратын кешенді оқыту тәсілдері жиынтығы. Бұл әдіс - студенттерге әрекеттерін өз бетінше жоспарлауға, ұйымдастыруға және бақылауға мүмкіндік береді. Жобалау әдісі студенттерге тақырып таңдауда, мәліметтердің дереккөздерін жинауда және презентация жасауда өз бетінше жұмыс істеуге жағдай жасайды. Бұл әдіс қарым-қатынастың жаңа түрін үлгілеуге арналған. Жобалау студенттің өз бетінше ойластырып, жүзеге асыруға арналған жұмысы.
Зерттеу барысында студенттің бойында жұмысына қажетті төмендегідей біліктер қалыптасады:
* өзінің қабілеті мен қызығушылығына қарай тақырыпты еркін таңдай алады;
* алдына қойған міндетіне қарай жұмыстың мазмұнына өз бетінше талдау жасай алады;
* өз бетінше алдына қойған мақсатына жету және жүзеге асыру жолдарын іздестіреді;
* мүмкіндіктері мен мүмкіндіктер шегін тексеруге және дамытуға жағдай жасайды;
* мәліметтерді жинап, жүйелеп және сыни ойлауға үйренеді;
* әдістерді талдау, салыстыру арқылы жұмысына тиімді әдісті таңдай алады;
* аудиторияның алдында сөйлеуге, ойын дәлелді және логикалық жүйелікпен жеткізуге, аудиторияны өзіне қарата білуге дағдыланады;
* өзгелерді тыңдап, айтқандарын ой елегінен өткізуге дағдыланады;
* шешімі қиын сұрақтарды өз бетінше шеше біледі;
* өз көзқарасын дәлелдеп, шешімінің дұрыстығына тыңдаушылардың көзін жеткізуге тырысады.
Жобалау арқылы студенттің интеллектуалды эмоционалды контексті сөйлесуі іштей басқа әрекеттермен бірлікте жүреді. Басқа әрекеттер деп отырғанымыз, жоспарын жүзеге асыру үшін құжаттар, кесте т.б. дайындалады.
Жобамен жұмыс істеу - шығармашылық процесс. Студенттер өздері үшін маңызды болып саналатын мәселені анықтау үшін өз беттерінше немесе оқытушының жетекшілігімен ізденуге кіріседі. Бұл студенттердің өз бетінше білімдерін, дағдыларын және біліктерін жаңа контексте пайдалануға көмектеседі. Бұлай іздену олардың қазақша техникалық кәсіби сөйлеуіне, табиғи және еркін түрде үйренуіне ықпал етеді. Әрине, мұндай жағдайда жобаға қатысушылардың өздерінің ынтасын тілдік сауаттылығына емес, айтылатын ойдың мазмұнына аударған дұрыс. Жобалау кезінде студент өте белсенді болады, ол өзінің шығармашылықпен жұмыс істей алатынын көрсетеді. Жобамен жұмыс істеу барысында қазақша кәсіби техникалық сөйлеу жағынан нашарлау және психологиялық жағынан белсенділігі төмендеу студенттің өзі де өзінің қиялдауына, белсенділігін және өз бетінше жұмыс істей алатынын көрсетуіне мүмкіндіктері өте мол.
Жобалау жұмысы сызу үйренудің тәжірибелік нәтиже беруіне ықпал етеді. Жоба оқытушы мен студенттің функционалдық міндеттерін өзгертеді. Студент Сызу пәні оқытудың нақты бір сабағының мазмұнын таңдауда, ұйымдастыруда, құрастыруда белсенді қатысса, оқытушы кеңесші, көмектесуші немесе ойынға қатысушы ретінде ғана көрінеді.
Сонымен, жобалау жұмысы қазіргі оқытудың талабына сай жеке тұлғаға бағытталғанымен сипатталады.
Жобалау жұмыстарын бір сабаққа немесе бір аптаға арналған шағын жобалау жұмыстары және бір-екі айға немесе бір семестрге арналған үлкен көлемді жобалау жұмыстары деп бөлуге болады. Бұлай бөлу студенттердің жоспарлаған жұмыстарына байланысты.
Жобалау жұмыстарын жүзеге асыру мынадай кезеңдерден тұрады:
I. Мақсат қою;
II. Жоспарлау;
III. Бағдарламаны жүзеге асырудың әдісін таңдау
IV. Орындау
V. Бағдарламаны қорғау.
Жобалау жұмысының міндеті:
I кезең. Бір немесе бірнеше мәселенің тақырыбын анықтау, жұмыс тобын құру;
II кезең. Мәселені талдау, жоспар құру;
III кезең. Қабылдаған жобаны талдау. Ақпаратты қайдан алуға болатынын талқылау.
ІV кезең. Қажетті ақпараттарды іздеу. Жобаны жүзеге асыру.
V кезең. Жобаның қорытындысын ұсыну. Қорытындыны бағалау.
Жоба бойынша студенттер әрекеті:
І кезең - ақпаратты нақтылайды; тапсырманы талқылайды; мәселелерді табады.
ІІ кезең -тапсырманы жүйелейді.
ІІІ кезең- жұмыс істеу әдісін талқылайды; тиімді жолды таңдайды; ақпаратты қайдан алуға болатынын талқылайды.
ІV кезең- ақпаратпен жұмыс істейді;ұсыныстарды талдайды;зерттеу жүргізеді;жобаны рәсімдейді.
V кезең - жобасын қорғайды; әрекетке ұжымдық баға берудің қорытындысына қатысады.
Жобалау жұмысындағы оқытушының әрекеті:
І кезең- жоспарлау жұмысының мақсатын түсіндіреді; әрекеттерін уәждейді; бақылайды.
ІІ кезең- талқылауға көмектеседі; бақылайды.
ІІІ кезең- бақылайды; кеңес береді (өтініш бойынша).
ІV кезең- бақылайды; талдау процесіне бағыт беріп отырады (қажет болған жағдайда).
V кезең- жоспарлардың қорытындысын ұжымдық талдаумен бағалауға қатысады.
Студенттердің алдында тұрған негізгі мақсат:
* тілдегі жаңа құрылымдарды үйрену үшін, қатысымдық мақсатта қолдану;
* алға қойған мақсатқа жету үшін бірігіп жұмыс істеу;
* өзінің ойы мен тәжірибесін жеткізе білу;
* кәсіби сөйлеу құзіретін қалыптастыру мақсатында жүргізілетін жобалау жұмысын түсіну.
Түйіндеме: Жобалау әдісі оқытудың жаңа технологиясы ретінде ұсынылған, әрі ұтымды, қажетті әдіс ретінде өзін көрсетіп, дәлелдеп отыр. Жобалау әдісінің шығу тарихы және маңызы атап көрсетілді. Жобалау жұмыстарының сабақта қолданылу тәсілдері берілді. Студенттердің кәсіби техникалық білім алуында Сызу пәнінен негізгі амал, тәсілдермен қатар жобалау әдісінің жобалауда қолданудың ұтымды екені анықталды. Топты топшаға, жекелей бөліп, тапсырма бойынша кезеңдер арқылы жұмыс істеу барысында, білімді тәжірибелік жаттығулар арқылы бекітіліп, оқу үлгерім нәтижесі жоғарылағаны қуантады.
Әлемдік педагогикада жобалау ісі түбегейлі жаңа әдіс емес. Бұл әдіс сондай-ақ проблемді деп те аталған және ол американдық философ-педагог Дж.Дьюи және онын ізбасарлары У.Хилпатрик ұсынған философия және тәлім жүйесіндегі гуманистік бағыт идеяларына сабақтаса келеді. Дж. Дьюи тәлім, білім үйретуді баланың қызығуына сәйкес белсенділік негізінде, нақты мақсатты көздеген іс-әрекет арқылы ұйымдастыруды ұсынды, осылай болған да ғана нақты өмір, тұрмыстан туындаған проблема бала үшін таныс әрі маңызды келіп, игерген білімін оны шешуге пайдалану қажеттігі өріс алады. Мұғалім жаңа ақпарат көздерін ұсынып немесе шәкірт ойын қажетті бағытқа бұрып, дербес іздену жолына салып, белгілі білімдер қорын игеруді керек ететін нақты проблемаларға ынталандыра, қызықтырып, бір, бірнеше проблемалар шешімін көздеген жобалау іс әрекеті арқылы жинақтаған білімдерінің тұрмысқа қолдану жолдарын көрсетуі тиіс, яғни теориядан практикаға өтіп, академиялық білімдерін іскерлік прагматизммен байланыстыра, тәлім-тәрбиенің әр кезеңінде олардың әрқайсысының қай шамада қажет боларын ұқтыру - мұғалім парызы.
Шәкірттер білімді шынайы қажеттік ретінде қабылдауы үшін оның өзіне маңызды келген проблеманы қойып, өз белсенділігімен шешу талабын тарту лазым. Нәтижені сырттай көруге, ұғуға, тұрмыс-тәжірибеде қолдануға болады. Ал іштей нәтиже сол білімге деген ынта мен ептіліктер, біліктілік және құндылықтар.
Жоба әдісін дайындап, әлемде бірінші больш білімдену жобаларын ажырата топтастырған американдық профессор Коллинге болды. Оның ойынша, тәлім-білім тиімділігін көрсетуге бағытталған жобалар түрі келесідей болуы мүмкін:
Ойындық жобалар - әрқилы ойындар, халық билері, сахналық қойылымдар және тағы басқалар. Мақсат - балаларды топтық қатынастарға тарту.
Саяхаттық жобалар - қоршаған табиғат және қоғамдық өмірмен байланысты жағдайларды мақсатты түрде зерттеп үйрену.
Баяндама жобалары - мақсаты - әрқилы формада әңгімелесуден (ауызша, жазбаша, ән орындау, күй тарту және т.б) қанағат табу.
Құрастырушылық жобалары - нақты пайдаға жарағандай өнім жасау (құс үясын жасап, жоғарыға ілу, мектеп театры сахнасын құру, көпір салу, ойын алаңын түзу және т.б.)
Жобалау әдісінің негізіне шәкірттердің таным дағдыларының дамуы, өз білімдерін өз бетінше құрастыра алу ептіліктері, ақпараттық кеңістікте бағдар таңдау шеберліктері, сындарлы ой дамуы алынған.
Жобалау әдісі әрдайым балалардың белгілі уақыт аралығында орындайтын дербес - жеке-дара, жұптасқан жұмыстарына бағдарланады. Бұл бағыт шәкірттерді топтастырып үйрету, білім игеру істерімен сәйкес келеді. Жобалау әдісі қай уақытта да, бір жағынан, әрқилы әдістер мен құралдарды пайдалануға, екінші жағынан - әртүрлі ғылымдар, техника, технология, шығармашылық саласынан қажетті білімдер мен ептіліктерді біріктіре ұсынуға қолайлы. Жобалардың орындалу нәтижесі барша уақытта сезімді болуы қажет, яғни, егер проблема теориялық болса, оның шешімі, ал практикалық болса, оның нақты пайдалануы, көзге түсер нәтижесі болуы шарт.
Жобалау әдісін пайдалана білу ептілігі мұғалімнің жоғары біліктілігінің, баланың білім игеруі және дамуына тиімді озат әдістемесінің көрсеткіші. Бұл технология, ең алдымен, адамның постиндустриялды қоғамның шалт өзгрістеріне икемденуін көздеген XXI ғасыр технологиясы деп бекер аталмаған. Жобалау әдісін пайдалануда қойылатын талаптар:
· шешімі бірігімді білімдерді, ізденісті зерттеулерді қажет ететін тұрмыстық мәнді де маңызды тапсырмалардың болуы (мысалы, әлемнің әртүрлі аймақтарындағы демографиялық мәселелерді зерттеу, қышқылды жаңбырдың қоршаған ортаға келтірер зиянын ашу және т.б.);
· ниетті нәтижелердің тәжрибелік, теориялық, танымдық маңызының болуы (мысалы, аймақтың демографиялық жағдайы жөнінде тиісті орындарға хабарлап тұру, әртүрлі жерлердегі тоғай, орманды қорғау, мәдени-қоғамдық шаралар жоспарын түзу және т.б.). Шәкірттердің дербес (жеке-дара, жұптасқан, топтық) іс-әрекеттері;
· жобаның мазмұндық бөлігін құрастыру (кезеңді нәтижелерін көрсетумен);
Зерттеу әдістерін пайдалану келесідей: қойылатын мәселені және туындайтын міндеттерді белгілеп, оны шешуге байланысты болжамдарды алға тарту, соңғы нәтижелерді өрнектеп, алынған деректерді талдау, қорытынды шығару, түзетулер енгізу. Әрқилы жағдайлардағы жоба тақырыбын таңдау әртүрлі жолмен анықталуы мүмкін. Бұл жағдайларда оны бекіткен бағдарлама шеңберінде тәлім-тәрбие мекемелерінің басшылары ұсынуы мүмкін, және бірде тақырыпты өз пәні жағдайларын, өзінің кәсіби қызығулары мен шәкірттерінің қабілеттерін ескерумен мұғалім тарапынан ұсынылуы ықтимал. Үшіншіде - жоба тақырыбы шәкірттер тарапынан өз қызығушылығына сәйкес тек танымдық сипатта ғана болмай, қолданбалы, шығармашыл формада алдағы міндеттер есебінде қолға алынуы мүмкін. Сондай-ақ, жоба тақырыбы мектеп бағдарламаларының теориялық мәселелерін де қозғауы мүмкін.
Жобалап тәлім жинақтау мақсаты шәкірттердің, келесідей білімдік әрекеттеріне орай қойылады:
· әрқилы ақпарат көздерінен жеткіліксіз больш тұрған білімдерін өз бетінше әрі қалауы бойынша игереді;
· игерген білімдерін танымдық және тұрмыстық міндеттерді шешу үшін пайдалануға үйренеді;
· әрқилы топтар жұмысына қатыса отырып, қарым - қатынастық ептіліктер игереді;
· өздерінің зерттеушілік ептіліктерін дамытады (міндеттер белгілеу, ақпарат жинау, бақылау, эксперимент кою, талдау, болжам жасау, қорыту);
· жүйелі ой топшылау ептілігін дамытады.
Жобалау технологиясының бастау бағыттары:
· басты назарда - тәрбиеленуші шәкірт, оның шығармашыл қабілеттерінің дамуына көмектесу;
· тәлімдік жүйе сыныптық пән кисынымен құрылмай, шәкірт үшін тұлғалық мәнге ие іс-әрекеттердің қисынына негізделеді, осыдан баланың тәлім, білімге деген талпынысы артады;
· жоба бойынша жеке-дара жұмыс қарқыны әр шәкірттің өз даму деңгейіне орай іс жасауына жол ашады;
· тәлім жобаларын дайындаудағы кешенді бағыт шәкірттің негізгі физиологиялық және психологиялық мүмкіндіктерінің теңдей дамуына жәрдемдеседі;
· базалық білімдерді әрқилы жағдайларда әмбебап қолдануға үйренеді.
Бір нәрсені қолға түсіру, соның жолында қандай да тіршілік қамын жасап, өзі үшін - жаңалық ашу мен оны құрастырылған өнімге айналдыруға үйрету - тәлім ұсынудың ерекше формаларын қажет етеді. Олардың арасында жетекші болатыны жасанды ойын.
Ойын - адамның нақты (немесе кияли) болмысты зерттеп, білу жолында оған тереңдей шомудың өте еркін де табиғи формасы. Осы еркіндік пен табиғилықтан адам өз менінің шығармашылдығын, дербестігін, өзіндік белсенділігін, өз мүмкіндіктерін ашып, іске асырады. Ойында ғана бала өз рөлін, орындайтын міндеттерін - ерікті таңдай алады.
Ойынның өзіне тән қызметтері:
· психологиялық күйзелісті күштенуден құтылып, көңіл-күй жеңілдігін табады;
· психотерапиялық (балаға өзіне және басқаларға болған қатынастардың ортақтасу әдіс-тәсілдерін өзгертуге көмектеседі, көңіл-күйін жақсартады);
· технологиялық (шамалап болса да, ой-өрісті шындық аймағынан шығарып, болмысты өзгеріске келтіретін фантазия қанатында самғауға жәрдем береді. Ойында бала өзін қатерсіз, жайлы сезініп, өз дамуына қолайлы психологиялық еркіндікте болады.
1 кесте. Жобалау әдісінің нұсқасы.
Саты
Мұғалімнің қызметі
Оқушының қызметі
1.1.Тақырып таңдау
Тақырып таңдау,оқушыға ұсыну. Тақырыпты талқылауға қатысу.
Талқылайды, тақырып бойынша бір
шешімге келеді.

1.2.Жоба тақырыбын тақырыпшаларға
бөлу.
Алдын-ала тақырыпшаларға бөлу,оқушыларға ұсыну. Оқушылармен
бірге жоба тақырыпшаларын талқылауға қатысу.
Әр оқушы өзіне тақырыпша таңдайды немесе басқа түрін
ұсынады. Тақырыпшаны талқылайды.
1.3.Шығармашылық топ қалыптастыру.
Нақты тақырыпшалар таңдап алған қызметі бар оқушылардың
біріге жұмыс істеуін ұйымдастыру.
Оқушылар өз рөлдерін анықтап алады, топқа бөлініп,шағын
команда құрады.

1.4.Зерттеу жұмысына байланысты материал дайындау: жауап
беретін сұраққа тұжырымдама жасау, командаға тапсырма беру,керекті
әдебиеттерді таңдау.
Жоба көлемді болса, алдын ала тапсырма даярлау. Іздену
жұмысына сұрақтар және әдебиеттер дайындау.
Тапсырмалар дайындауға қатысады.Сұрақтарға жауап ізденуге
кіріседі.

1.5.Жоба қызметінің қорытындысын анықтау.
Талқыға қатысады.
Топтағы оқушылар зерттеу жұмысының қорытындысы туралы талқыға салады. Қалай көрсетуге
мүмкіндігін ойластырады.

2. Жобаны даярлау, талдап жазу.
Консультация береді, жұмысты үйлестіреді.
Ізденіс қызметін атқаратын оқушылар орындайды.

3. Нәтижені хаттау, көркемдеу.
Консультация береді, жұмысты үйлестіреді.
Оқушылар топ бойынша басқа топтардың қатысуымен нәтижені
хаттайды,көркемдейді,қабылданған ережеге сәйкес жұмыс орындайды.

4. Презентация.
Эксперементтерді ұйымдастырады

(эксперт ретінде
жоғары сынып оқушылардың ата-ана, мұғалімдерді шақырады).
Өз жұмыстарының нәтижесі туралы баяндама жасайды.
5. Рефлексия
Оқушылардың қызметі арқылы өз қызметіне баға береді.
Өзгелердің бағасын есепке ала отырып, жұмыс жасалады.
[1,2,3,4].

3 Жобалау әдісі туралы жалпы түсінік

Жобалау әдісі - бұл белгілі бір нәтижеге қол жеткізуге бағытталған оқушының өзіндік іс-әрекетін ұйымдастыру тәсілі. Ол дамып келе жатқан тұлғаның шығармашылық дербестігіне, қызығушылықтарына, өзін қызықтыратын мәселенің шешімін табу жолындағы іс-әрекет үстінде оның интеллектуалдық және физикалық мүмкіндіктерінің, еріктік қасиеттері мен шығармашылық қабілеттерінің дамуына бағытталған.
Заманауи педагогикада жобалық оқыту жүйелі пәндік оқытудың орнына емес, ал білім беру жүйелерінің компоненті ретінде сонымен қатар қолданылады.
Жобалық оқыту әдісі оқу жобасын орындау барысында оқушының қиыншылықтарды жеңу үшін нақты жағдаяттарды басынан кешіруді, құбылыстың, үдерістің түбіне жетуге қатыстыруды көздейді.
Оқу жобасына қойылатын талаптар:
1. Әлеуметтік маңызы бар міндеттің (мәселенің) бар болуы қажет - зерттеушілік, ақпараттық, тәжірибелік.
2. Жобаны орындау мәселені шешу бойынша іс-әрекетті жоспарлаудан, басқаша айтқанда - жобаны жобалаудан, атап айтқанда - өнімнің түрі мен презентацияның түрін анықтаудан басталады.
3. Әр жоба, міндетті түрде, оқушылардың зерттеушілік жұмысын талап етеді.
Жобалық іс-әрекеттің басты ерекшелігі - ақпарат іздеу. Ол кейін өңделеді, зерделенеді және жобалау тобының қатысушыларына ұсынылады.
4. Жоба бойынша жұмыстың нәтижесі өнім болып табылады.
Комплексті және көп мақсатты әдіс ретінде оқыту жобасының түрлері де көп. Жобадағы іс-әрекет түрінің басымдылығына қарай ол:
* Тәжірибелік бағытты;
* Зерттеушілік;
* Ақпараттық;
* Шығармашылық;
* Рөлдік болып бөлінеді.
Қатысушылар арасындағы байланыс сипатына қарай:
* сыныпішілік;
* мектепішілік;
* аймақаралық;
* халықаралық жобалар болады.
Жобаға қатысушылар санына қарай:
* жеке-дара
* топтық болады.
Ұзақтығына қарай:
* шағын жобалар (1 сабақ көлемінде орындалады);
* қысқа мерзімді (3-4 сабақ);
* орта мерзімді;
* ұзақмерзімді болып бөлінеді.
Жобалау әдісінің негізгі мақсаты тіл үйренушілердің, жеке тұлғаның өзінің шығармашылық ізденісін арттыру, дамыту болып табылады.
Жобалау әдісі оқушының қызығушылығына жеке ерекшеліктеріне, талаптарына мақсаттарына байланысты болады. Бұл әдісте негізгі фактор болып, оқушы, оқулық және методикалық оқу құралдары болып саналады, ал оқытушы-кеңесші, консультант рөлінде болады. Жобалау әдісін бір сабаққа, немесе көлеміне қарай бірнеше сабаққа бөлуге болады. Топтағы барлық балалардың білім деңгейіне қарамай ұйымдаса, қызыға жұмыс істеуіне үлкен жол ашылады. Жобалау әдісі арқылы сұхбаттың дамып, тіл үйренушінің ішкі өз сезімімен, өз деңгейімен тілді меңгеріп, үйренуіне үлкен жол ашылады, оның негізгі үш кезеңі бар.
2 кесте. Жобалау әдісінің қолданылу кезеңдері.
І кезең
Тақырып мазмұны
Оқушының
іс әрекеті
Оқытушының іс әрекеті
Дайындық кезеңі:
1. мақсаты
2. жоспары
- тақырыпты анықтау
- зерттеу
- соңғы жауапты анықтау
- жұмыс тобын анықтау
- топтағы рольді анықтау
Мәселені тыңдау, мәселені шешу, жолдарын табу.
Жоспардың мақсатын, жолын көрсетеді, кеңес береді.
ІІ кезең

Шешімді қарастыру
1. Жобаны жасау жол-дары
2. Тыңдаушыларды анықтау
3. Ақпарат жинау
4. Шығармашылық кезеңдері
Зерттейтін тақы-рыпты талдау, жұмысты жүргізу түрлері, жобаны орындау.
Ұсыныс береді.
ІІІ кезең

Жобаны қорғау
Бағалау, талдау кезеңі
Жобаны дайындау, әр-
лендіру.
- мәселелерді талқылау, дәлелдеу
-жобаны ұжыммен қор-ғау
- қойылған мақсатқа жеткенін зерттеу
Өзін-өзі бағалау.
Бағалау. Жобаны ұйыммен талдауға қатысу

Жобалау әрекетінің ықпалымен ғылыми зерттеулердің ғылыми-техникалық әрекеттердің басты түрі ретінде қарастырылуы азая бастады, сондай- ақ, жоспарлау түрі де жобалауға сәйкес өзгеріске түсті. Ақпараттық технологияның дамуына сай компьютерлік бағдарламалау мен басқару тетіктері, оның құралдары өзгерді, осыдан келіп, жобалау түсінігі үнемі өзгеріп отыратыны белгілі болды. Солай бола тұрса да, жобалау мен зерттеуді біріктіретін нәрсе - олар үшін шынайы объектілердің ортақ болуы, ал объект өзін нысан ретінде алып отырған жағдайға сай ғылыми танымдық немесе жобалау қатынасы болған кезде ғана шынайы объект бола алады.
Жобалаудың жаңа сипаты оның жүйелі зерттеу әрекетімен тығыз байланыстылығында, яғни жобалау мен зерттеудің біріктірілуі бүгінгі өркениет тудырып отырған құбылыс. Өндірістің жүйелі құрылымына зерттеушілік, құрастырушылық және ұйымдастыру, басқару әрекеттерінің енуі өндіріс барысында өнім өндіру мен қатар оны ойлап шығару, өзгертіп отыру және қайта құру технологияларының қатар жүретінін көрсетеді. Бұл жағдайда әрекетті ұйымдастырудың біртұтас түрі қалыптасуына қызығушылық пайда болады, өйткені ол тұтастық жаңа технологиялар мен жаңа әрекеттердің пайда болуы, дамытылуы және құрастырылуы қызметтерін қамтиды. Оны әрекеттің біртұтас түрі ретінде қарастыра отырып, оның дәстүрлі түсініктегі бөлісу мен тұтыну үрдістерінен де жоғары деңгейде екенін көре аламыз.
Даму барысында жобалау қызметі басқа әрекеттер түрлерімен байланысу негізінде қайта құруға, өзгерістерге ұшырап отырды, оны ғылымда жобалаудың эволюциясы ретінде:
oo құрастыру әрекетінен - дәстүрлі классикалық жобалауға,
oo классикалық дәстүрлі жобалаудан - қазіргі заманға жобалауға бағыт алуы деп көрсетеді.
Классикалық жобалауға жататын архитектурадағы, техникалық ғылымдардағы дәстүрлі жобалардан басқа, жоба түрінде болғанымен мазмұны мүлдем басқаша қазіргі заманғы квазижобалар қатарына әлеуметтік жобалау әрекеттерін жатқызуға болады.
Жобалау әрекетінің толық мәні О.И. Генисаретский еңбектерінде берілген, оның түсіндіруінде жобалау универсалдық ғылыми-техникалық қана емес, ол ең алдымен, әлеуметтік- мәдени әрекет түріне жатады. Әлеуметтік - мәдени механизм кез-келген мәдени маңызы бар әрекеттер мен одан туындайтын құндылықтарды шын мағынадағы технологиялық үрдістер мен құрылымдарға айналдыра алады. Егер ғылыми-техникалық прогресс мәдениеттің іргелі және қолданбалы құндылықтарының қарым-қатынасын үнемі өзгертіп отыратын қоғам дамуының бір жолы болса, жобалау әрекетін оны жүзеге асыратын әлеуметтік құрал, әлеуметтік институт деуге болады.
Өткен ғасырдың 60-жылдарында күрделі жүйелерді тиімді басқару арқылы дамытудың жаңа әдіснамалық бағдарламасы қалыптасты және негізіне жобалау қызметі алынып, аталған бағдарламалардың төмендегі алғышарттары ұсынылды:
− кез келген әрекет экономикалық тұрғыдан қарастырылады: нәтиже белгіленеді, қызметтің тиімділігі, оны орындауға кеткен шығын мен тиімділігі тұрғысынан қарастырылады;
− кез келген әрекет басқарылады, бұл жағдайда: әрекеттің өзі де басқару объектісі ретінде және басқаратын органдарда бірдей қарастырылады;
− жобалаудың барлық әрекеттері жүйелік тұрғыдан жүргізіледі. Оның мәні проблемаға, міндетке, миссияға және қызметке бағытталады. Бұл жерде ең әуелі жаңғыртудың идеясы белгіленеді, одан соң жаңаны құрудың кезеңдері анықталады, жоспарланады;
− жүйе ретінде басқарудың объекті де, үрдісі де қарастырылады. Бұл басқару механизмі емес, мақсат қоюдың, оған жетудің әдістері мен құралдарын белгілеу, оған қажетті ресурстарды анықтау және құрастыруды көздейтін интеллектуалдық саласы(Афанасьев).
Жоспарлаудың жаңа бағыты сол кездегі қоғамда ғылыми - техникалық прогрестің қарқынды дамуын, өнеркәсіптердің еңбек өнімділігін арттыруды, жаңа техникалар мен технологияларды жасақтауды және тәжірибеге ендіруді, әлеуметтік міндеттерді орындауда пайдалануды, жаңа технологиялармен жұмыс істеуге мамандарды даярлау және олардың кәсібилігін дамытуды, т.б. шаруашылықтың көптеген түрлі салаларын қамтитын, кешенді мақсаттарын орындауды көздеген болатын. Сонымен қатар, бұл өндіріс, ғылым мен білім беру салаларының нәтижелі қызмет ету мен олардың өзара қарым - қатынасының тиімді ұйымдастырылуын, қызметкерлердің жаңа ғылым жетістіктерін игеру негізінде сапалы еңбек нәтижесін аз мерзімде, аздаған шығынмен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Аталған міндеттер күрделі жүйелер ретіндегі көптеген түрлі салаларды қамтитын өте кең ауқымды болғандықтан оны жүйелі және кешенді жүргізу қажеттігі туындайды.
Әлеуметтік жүйелердегі жобалау оның құрамындағы компоненттердің өзіндік ерекшелік сипаттарын, олардың өзара (заттық, ақпараттық, энергетикалық, т.б.) және жүйенің сыртқы байланыстарын (әлеуметтік орта, табиғи орта), жүйе компоненттері мен тұтас жүйенің даму тенденцияларын жүйелік және кешендік тұрғыдан жүзеге асырылады.
Бұл жүйелердің басқа техникалық, жаратылыстанудағы жүйелерден ерекшелігін оның адам мен қоғамның дамуына байланыстылығы құрайды. Әлеуметтік жүйелердің басты компоненті болып табылатын адамдардың іс- әрекеттері жүйенің өзгерістерімен, сыртқы ортаның талабымен ғана анықталмайды, олар негізінен, адамның өзіндік мүмкіндіктеріне, түрлі жағдайларына сай шешім қабылдай білуіне қатысты анықталады. Сондықтан, әлеуметтік жүйелердің моделі жүйенің объективтік заңдылықтарын жүйенің және оның компоненттерінің мақсаттарымен интеграциялауды қажет етеді. Тәжірибеде осы интеграцияны қамтамасыз ету, үйлестіру оны басқарудың басты мақсаты болып табылады. Нақтылай айтқанда, әлеуметтік жүйелерді дамыту қызметі сол жүйеге тән объективтік заңдылықтарға сай жүйенің мақсатын ондағы адам компоненттерінің мақсатымен үйлестіру жолдарын анықтайды. Сөйтіп, әлеуметтік жүйелерді дамыту ондағы адамдар үшін маңызды өзгерістерді ендіру негізінде жүзеге асырылады.
Осы тұрғыдан алғанда, әлеуметтік жүйелерді басқаруда ондағы адамдардың өзіндік мүмкіндіктерін жүзеге асыру, түрлі қабілеттерін дамыту және пайдалану мақсатында белгілі бір ұйымның қызметін қамтамасыз етуге, оны жетілдіруге және қайта құруға бағытталған кешенді, көпқырлы қызметтің арнайы ұйымдастырылуы қажет болады. Әлеуметтік жүйе құрамындағы қызметтік және адами компоненттердің өзара қатынастары мен жүйенің өзін өзі дамыту ресурстарын тиімді ұйымдастыру арқылы мақсатқа сәйкес нәтижелерін қамтамасыз етудің тиімді механизмі - жобалау болып табылады.
В.М. Розиннің айтуынша, жобалау қызметі әрбір кіші жүйенің құрылымы мен деңгейлеріндегі дербес мақсат пен міндеттерін нақтылауды және оның орындалуын ресурстық қамтамасыз етуді көздейді, сонымен қатар, кіші жүйелердегі мақсат - міндеттердің реттелген жиынтығы үлкен жүйенің мақсатын жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Әлеуметтік жүйелерді жобалау шын мәнінде әдіснамалық - теориялық контекст ретінде қолданыла алады, өйткені, оның шығу көзі әдіснамадан, нақтылап айтқанда жүйелі ой - әрекеттері әдіснамасында пайда болған болатын.
Жобалауды бүгінгі оның идеологтары технологиялық универсум - лат. universum.summa rerum- деп бағалайды, ал жобалауды жүзеге асыру кезеңі адамның қайта құру әрекеттері деп бағаланады. Осы тұрғыдан алғанда кез келген жобалау қызметі әлеуметтік жаңғыртуды жобалау болып табылады.
Жобалаудың негізіне трансцендентік (transcendens-лат.мүмкіндіктің шегінен өту) міндет жатады, сөйтіп кез келген жоба трансцендентік, өйткен ол осы шақтан болашақты жоспарлайды. Жобалаудың мәні оның келесі қайшылықтарды (антиномияларды) шешуге бағытталғандығында:
− әлеуметтік жүйедегі мүмкіндіктер мен қабілеттіліктердің арасындағы;
− идеалдық құрылым мен (идея) шектелген түрдегі құрылымның (нормаланған) арасындағы;
− әлеуметтік жүйенің потенциалдық мүмкіндіктері мен құндылықтардың мақсаттарға ауысуының және мақсаттың құралдарға ауысуының арасындағы.
Осыдан келіп әлеуметтік жүйелерді басқарудағы жобалаудың адам қызметін жүзеге асыру және әр адамның өз идеясын ұсыну және орындаудың негізгі құндылық екендігін мойындайтын жаңа сананы бекітеді. Жобалаушының қоршаған ортаға қатынасы төрт мазмұндағы кеңістікке шығуы деуге болады. Олар: ситуативтік, әлеуметтік, мәдени және экзистенциалдық. Осы тәрізді трансценденттік кеңістікке шығу жобалаушыға жобаның тұтас үрдістігін және болашаққа бағытталғандық сипатын сақтауға мүмкіндік береді.
Г.Маркузенің трансцендентік жобалау тұжырымдамасы мен оның өлшемдері біздің ойымызша кез келген жүйедегі жобалау әрекетіне көшіруге мүмкіндік береді. Олар:
− трансцендентік жобалау берілген материалдық және интеллектуалдық мәдениет деңгейінде пайда болатын мүмкіндіктерге сәйкес болуы тиіс;
− трансцендентік жобалау өзінің тұтастығын сақтау үшін жоғары тиімділікке құрылуы тиіс:
− жетістіктерді сақтау мен оларды жақсартып отыру әдістерін ұсынады;
− құрылымның өзіндегі тұтастықты және ондағы негізгі бағыттар мен қатынастарды анықтайды;
− оны жүзеге асыру адамның қажеттіктері мен мүмкіндіктерін белгілі бір әлеуметтік институттар арқылы қамтамасыз етіп отырады.
Әлеуметтік жүйелердегі жобалаудың мазмұндық және құрылымдық икемділігі кез келген ұйымның әлеуетін көтереді. Эволюциялық даму туралы тұжырымдаманы негізге ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Бастауыш сынып оқушыларының оқу әрекетінің дағдыларын қалыптастыруда жобалау әдісін қолдану
Педагогикалық технологияның міндеті мен рөлі
ҚАЗАҚ ТІЛІ МЕН ӘДЕБИЕТІН ОҚЫТУДАҒЫ ЖАҢ ӘДІС – ТӘСІЛДЕР: ІЗДЕНІС ПЕН НӘТИЖЕ
Сызуды оқытудың жаңа технологиясы
Жобалаудың теориялық негіздері
Проблемалық оқыту технологиясы. Деңгейлеп оқыту технологиясы
аңа технологиялардың түрлері мен мазмұнын сипаттап, жоғары оқу орындарында мемлекеттік тілді меңгертудің жаңа технологиялық әдістерін көрсету
Болашақ мұғалімдерді этнодизайн өнері арқылы көркемдік білім беруге даярлаудың педагогикалық шарттары
Мектепке дейінгі балалық шақ жеке дамудың негізі қаланатын басты және шешуші кезең
Қазақ тілін оқытуда жобалап оқыту технологиясын қолдану
Пәндер