Тәуекел хан жайлы


Тақырыбы: Тәуекел хан
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ . . . 3
І-ТАРАУ. ТӘУЕКЕЛ ХАН ТҰСЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ЕЛІ . . . 5
- Тәуекел ханның билікке келуі . . . 5
- Тәуекел ханның сыр өңірлерінің қалалары үшін күресі . . . 8
ІІ-ТАРАУ. ТӘУЕКЕЛ ХАННЫҢ СЫРҚЫ САЯСАТЫ . . . 11
2. 1. Тәуекел ханның алдына қойған міндеттерінің орындалуы . . . 11
2. 2. Тәуекел хан кезеңінде халықтың экономикалық жағдайы . . . 13
ҚОРЫТЫНДЫ . . . 14
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР . . . 16
КІРІСПЕ
Тақырыптың өзектілігі: 1582 жылы Шығай хан өлгеннен кейін Тәуекел хан болды. Абдаллахқа вассалдық тәуелділік оның кезінде де сақталып қалды. Бірақ 1583 жылдың бас кезінде-ақ «Әндіжан мен Ферғанаға жорықтан қайтып келе жатқанда Тәуекел өзіне ханның теріс ниетінен күдіктеніп оны тастап, өзінің Дешті Қыпшағына кетіп калды». Тәуекелді осындай қадам жасауға итермелеген себептер деректемелерде түсіндірілмейді. Алайда бұл жөнінде бірсыпыра пікірлер айтуға болады. Абдаллахтың тақтың «заңды» мұрагерлігі негізінде емес, өзінің дипломатиялык ептілігі және соғыста жолының болғыштығы арқасында ғана хан болғаны мәлім, ол бақталастарын тайдырып қана қойған жоқ, сонымен бірге оларды түгелдей қырып тастады. Үміткерлердің едәуір бөлігін Абдаллах хан Тәуекелдің қолымен жойған еді. Ақырында, Абдаллах бүкіл Мауараннахрды Шайбани мемлекетінің қол астына біріктіріп, бұл орайда өзіне бақталас болуы мүмкін Шайбани ұрпақтарының бәрін қырып-жойғаннан кейін сірә, Тәуекелдің жағдайына да қауіп төнген болса керек. Өйткені ол да Жошы ұрпағы болатын, сондықтан Абдаллах сияқты, ол да Орта Азиядағы биліктен үміт етуі мүмкін еді. Тәуекелдің күдіктенуіне негіз болса керек. Сондай-ақ Тәуекелдің Абдаллахтан өзі күткен нәрсесін алмаған да болуы мүмкін. Абдаллахтың қазақтарға Түркістаннан төрт қала беруге уәде етіп, бақталастарын жойғаннан кейін өз уәдесін орындамай қойғаны мәлім.
Тақырыптың зерттелу тарихы: Тәуекел хан тұсындағы Қазақ елі тақырыбына қатысты деректерді даярлау мәселесі жөнінде Хафиз Таныштың «Шараф-наме-йи-шахи» және Мукимидің «Зафар-наме» деген еңбектерінде қызықты мәліметтер мен жағдаяттар келтірілген. Бұл деректемелерде Ташкент көтерілісіне қатысты деректемелер көрсетіледі.
Тақырыптың мақсаты: Бұл жұмыстағы басты мақсатым - Тәуекел хан Қазақ хандығын басқаруы, сыртқы саясаты, сыр өңіріндегі қалалар мен экономикасына шолу жасап, талдап беру.
Тақырыптың міндеті: Бұл үшін мынадай міндеттерді алдыма қойдым:
- Тәуекел ханның биліккке келуін талдау;
- Тәуекел ханның сыртқы саясатының маңызын анықтау;
- Қазақ хандығының экономикасына тигізген әсерін айту;
- Сыр өңіріндегі қалалар үшін күресін мәлімдеу.
Тақырыптың хронологиялық шеңбері: Тәуекел 1582 жылдың аяғында Абдаллахтан кеткеннен кейін оның жоғарғы билік үшін ұзақ уақыт және табан тіресе күресуіне тура келді, сірә оның қарсыластары Хақназардың нақ сол балалары болуы мүмкін. 1596 жылы оның хан атағы болғанымен, алайда ол оны заңды негізде алмаған еді. Мәселен, Тәуекелдің сол жылғы Ташкентті шабуын суреттей келіп, Ескендір Мұңшының өзі де «өзіне хан атағын алған қазақ Тәуекел сұлтан сансыз көп әскермен Ташкентке жақындап келді» деп хабарлайды. Бұдан Тәуекелдің хан жағдайын 1586 және
3
1594 жылдар арасыңда жүргізілген ұзақ та табанды күрес нәтижесінде жеңіп алғаны, оның содан кейін Мәскеумен қатынастар жасау кезіңде нағыз хан ретіңде әрекет еткені анық болады.
Тақырыптың құрылымы: кіріспеден, 2 тараудан, қорытынды және пайдаланылған әдебиеттен тұрады.
4
І-ТАРАУ. ТӘУЕКЕЛ ХАН ТҰСЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ЕЛІ.
- Тәуекел ханның билікке келуі.
1581 жылғы маусымда Шығай хан баласы Тәуекел сұлтанмен және басқа балаларымен бірге Абдаллах ханның ауылына келді. «Кейбір мемлекет тіректері мен Абдаллах хан шонжарларының араласуы арқылы ол әділетті ханмен жүздесу құрметіне ие болды. Ұлы мәртебелі өзіне тән мейірбандылықпен және қайырымдылықпен оған Шығай ханға құрметпен сыйластық көрсетті. Аса құрмет пен алуан түрлі мейірбандык Шығай ханға көрсетіп, оған Абдаллах хан Ходжент жерін икта ретінде берді. Ол ақыл айтып және сенімді көмек көрсетуге уәде берді және патшаларға лайық той жасады». Шығай ханның Мауараннахрға кету себептері жақын араға дейін онша айқын болмай келді. Бір зерттеушілер (М. П. Вяткин) мұны Абдаллах құдіретінің артуы және өзінің дәрменсіздігін сезінуі Шығай ханды Абдаллах ханнан пана іздеуге мәжбүр етті деп түсіндіреді. Ал басқа біреулері (А. П. Чулошников) қазақтардың Талас өзені жағасында (Баба сұлтанмен күресте) катты жеңіліс табуы оларды сыртқы саяси қатынастарда әлсіретіп тастады, өйткені оларға бүлікшіл Баба сұлтан мен Шағатай ұрпақтарынан шыққан моғол хандары екі жақтан қауіп төндірді деп санайды. Тегінде, Шығай хан амалсыздан кеткен болса керек: оны басқа да қазақ хандары қудалаған. Шынына келгенде, Шығайдың Абдаллах ханға кетуіне бірнеше себептер болған және казақ ханының бұл саяси қадамын сол себептерді кешенді түрде алғанда ғана түсіндіріп бере алады.
Біріншіден, Абдаллах жағына барлық қазақтардың емес, Шығайдыц қол астыңда болған бөлігінің, «қазақ әскерлеріндегі бірауызды және бірниетті адамдар қосынының» ғана өткенін де атап өткен жөн. Қазақтардың қалған тайпалары басқа ханның (хаңдардың) немесе сұлтандардың қол астыңда қалған. Біздіңше, Хақназар ханнан кейін қазақтайпаларының өзге бөлігін оның ұлдары Мұңғатай сұлтан мен Дінмұхаммед сұлтан басқарған. Осыған байланысты Хафиз Таныштың 1588 жылғы Ташкент көтерілісіне қатыскан осы сұлтандар туралы мағлұматы назар аударарлық. Сол кезде казақ билеушілері арасында ішкі күрес жүріп жатқанын атап өту керек. Солардың арасында Абдаллах ханмен бірлесе қимыл жасауды жақтаушылар мен олардың қарсыластары бөліп көрсетілген болуы ықтимал. Сонымен, бұл күреске қазақтардың экономикалық жағынан шашыраңқылығы, бөлшектенуі, сұлтандардың ханға тәуелділігінің әлсіздігі қосымша себептер болған, мұның өзі сұлтандардың оқшаулануына, олардың автономияға ұмтылуына себеп болды. Оның үстіне Шығай Абдаллах жағына 1581 жылы өткен, ал Абдаллахтың ресми түрде 1583 жылы ғана барлық өзбектердің ханы болғаны мәлім, яғни Шығай хан өз жағына өткеннен кейін де Абдаллахтың тақ үшін күресте жоғарғы билікті кез келген уақытта иеленіп кете алатын бақталастары көп еді, сондықтан ол Шығай ханның қолдауына сүйену үшін
5
оның өз жағына көшуіне мүдделі болған. Абдаллах ханға қызмет ете жүріп, қазақ қосындарын бастаған Тәуекел оның басқа да Шайбани ұрпақтарына қарсы күресі мен оларды қыруына белсене қатысты. XVI-XVII ғасырлардағы Орта Азияның саяси өміріне белгілі бір күшті рубасының басқа өзбектерге өз билігін таратуға, өз пайдасына мемлекет бірлігін қалпына келтіруге, хандардың әуелі іс жүзіндегі, сонан соң нақты билігін жойып, жаңа әулеттің негізін қалауға ұмтылуы тән болғанын атап өту керек.
Абдаллах ханның жаңа одақтастарына деген мүдделілігі Шығай хан мен Тәуекел сұлтанға Мауараннахрдан сойырғалдық иелікке қыстақтарды сыйға тартуынан көрінді. Баба сұлтанмен күресте Абдаллахқа әуелі Хақназар хан көмек көрсетті, соңғысы өлгеннен кейін Абдаллах Шығай ханға зор үміт артты. Шынында да, Шығайдың, Тәуекелдің және басқа қазақ сұлтандарының көмегімен ол ақырында Баба сұлтанды құртып тынды. 1582 жылдың басында Абдаллах хан Баба сұлтан мен оның жақтастарына қарсы кезекті Ұлытау жорығын жасады, ол бұл жолы табыспен аяқталды. Өзі үшін соңғы жорық болған бұл жорыққа Шығай хан да қатысты. Шығай мен Тәуекелдің қудалауынан Баба сұлтан ноғайларға қашты. Ол сонда жүргенде ноғай мырзаларын өлтіріп, олардын жерін тартып алу үшін қаскүнемдік әзірледі. Бұл қаскүнемдік ашылып қалды да, Ташкентті алу жолындағы күресті қайта бастау мақсатымен Баба сұлтан Түркістан жағына бет алды. Мұны Тәуекел сұлтан кездейсоқ біліп қойды: оның жауынгерлері Баба сұлтан Түркістанға жасырын жіберген екі қалмақты ұстап алған еді, Баба сұлтан мен оның қайтып келе жатқаны жөнінде солар айтқан болатын. Тәуекел оған қарсы тез әскер жинады. Қактығыс кезінде Тәуекел Баба сұлтанды өлтіріп, оның басын Абдаллахқа апарып берді, ал Баба сұлтанның ұлы Латиф сұлтан мен кейбір әмірлер тұткынға алынды. Бұған сый ретінде Тәуекел мол тартулармен қоса, Африкент уәлаятын үлеске алды.
1582 жылы Шығай хан өлгеннен кейін Тәуекел хан болды. Абдаллахқа вассалдық тәуелділік оның кезінде де сақталып қалды. Бірақ 1583 жылдың бас кезінде-ақ «Әндіжан мен Ферғанаға жорықтан қайтып келе жатқанда Тәуекел өзіне ханның теріс ниетінен күдіктеніп оны тастап, өзінің Дешті Қыпшағына кетіп калды». Тәуекелді осындай қадам жасауға итермелеген себептер деректемелерде түсіндірілмейді. Алайда бұл жөнінде бірсыпыра пікірлер айтуға болады. Абдаллахтың тақтың «заңды» мұрагерлігі негізінде емес, өзінің дипломатиялык ептілігі және соғыста жолының болғыштығы арқасында ғана хан болғаны мәлім, ол бақталастарын тайдырып қана қойған жоқ, сонымен бірге оларды түгелдей қырып тастады. Үміткерлердің едәуір бөлігін Абдаллах хан Тәуекелдің қолымен жойған еді. Ақырында, Абдаллах бүкіл Мауараннахрды Шайбани мемлекетінің қол астына біріктіріп, бұл орайда өзіне бақталас болуы мүмкін Шайбани ұрпақтарының бәрін қырып-жойғаннан кейін сірә, Тәуекелдің жағдайына да қауіп төнген болса керек. Өйткені ол да Жошы ұрпағы болатын, сондықтан Абдаллах сияқты, ол да Орта Азиядағы биліктен үміт етуі мүмкін еді. Тәуекелдің күдіктенуіне негіз болса керек. Сондай-ақ Тәуекелдің Абдаллахтан өзі күткен нәрсесін алмаған
6
да болуы мүмкін. Абдаллахтың қазақтарға Түркістаннан төрт қала беруге уәде етіп, бақталастарын жойғаннан кейін өз уәдесін орындамай қойғаны мәлім.
7
1. 2 Тәуекел ханның сыр өңірлерінің қалалары үшін күресі.
Тәуекел Сыр өңірінің қалалары үшін күрес бастайды. 1586 жылы ол Ташкентті алуға әрекет жасайды. Абдаллах ханның әскерлері оңтүстікте шоғырланғанын біліп, Тәуекел Мауараннахрдың солтүстік аймақтарына шабуыл жасады. Оның шабуылы Түркістан, Ташкент, тіпті Самарқан сияқты орталықтарға қатер төндірді. Ол Ташкент жасағын талқандады, бірақ өзіне Самарқаннан Абдаллахтың інісі Убайдаллах қарсы аттанғанда, Тәуекел шайқасқа түспей, асығыс шегініп кетті. Сөйтіп, Тәуекелдің Ташкентті алуға жасаған алғашқы әрекеті сәтсіз аяқталды. Ташкент өңірінде болған 1588 жылғы көтеріліс сол кезеңдегі қазақ халқы тарихындағы маңызды оқиғалар қатарына жатады. Ол жөнінде Хафиз Таныштың «Шараф-наме-йи-шахи» және Мукимидің «Зафар-наме» деген еңбектерінде қызықты мәліметтер мен жағдаяттар келтірілген. Ташкент көтерілісіне зерттеушілер осы кезге дейін назар аудармай келді, ал ол Орта Азия -Қазақстан аймағындағы тарихтың дамуына едәуір ықпал етті.
Үш айға жуық уақытқа созылып, әскери бүлік сипатында болған көтеріліс осылай аяқталды. Көтеріліске бүлікші әмірлермен және қазақ сұлтандарымен қатар көшпелі тайпалар да қатысты. Көтеріліс елеулі және бұқаралық сипатта болды. 1588 жылғы оқиғалар содан кейінгі 1598-1599 жылдардағы оқиғалардың, атап айтқанда, Шайбани әулетін Аштархани әулетінің алмастыруы сияқты елеулі окиғаның алғышарты болды. Сонау 1586 жылы-ақ Абдаллахқа дербес қарсы шыққан Тәуекел бұл көтеріліске қатысқан жоқ. Ол жеңген жағдайда өзіне айтарлықтай пайда келтіретін болса да, басқа қазақ сұлтандары жүргізген бұл күреске қосылмады. Шынына келгенде, мұны біріншіден, Шығай хан, Тәуекел және олардың жақтастары Абдаллах жағына өткеннен кейін қалған қазақ тайпаларын сұлтандар басқарғанымен түсіндіруге болар. Екіншіден, Тәуекел 1582 жылдың аяғында Абдаллахтан кеткеннен кейін оның жоғарғы билік үшін ұзақ уақыт және табан тіресе күресуіне тура келді, сірә оның қарсыластары Хақназардың нақ сол балалары болуы мүмкін. 1596 жылы оның хан атағы болғанымен, алайда ол оны заңды негізде алмаған еді. Мәселен, Тәуекелдің сол жылғы Ташкентті шабуын суреттей келіп, Ескендір Мұңшының өзі де «өзіне хан атағын алған қазақ Тәуекел сұлтан сансыз көп әскермен Ташкентке жақындап келді» деп хабарлайды. Бұдан Тәуекелдің хан жағдайын 1586 және 1594 жылдар арасыңда жүргізілген ұзақ та табанды күрес нәтижесінде жеңіп алғаны, оның содан кейін Мәскеумен қатынастар жасау кезіңде нағыз хан ретіңде әрекет еткені анық болады.
1594 жылы Тәуекел өзін бодандығына қабылдауды өтініп, Федор пат- шаға Кұл-Мұхаммедті елші етіп жіберді. Елшілік Тәуекелдің жиені «Ораз- Мұхаммедті орыс тұтқынынан босату» мақсатымен жіберілген болатын, ол 1580 жылы Көшіммен соғыс кезінде қолғатүскен еді. Қазақ елшілері орыс патшасына Қазақ хандығының жайы туралы бірқатар қызықты мәліметтер жеткізді. Мәселен, Құл-Мұхаммед былай деп хабарлаған: «Ал қазір Бұхара
8
патшасымен уакытша татумыз, ал ноғайлармен бауырлардай татумыз, Тинехматтың балаларымен де, Ұрұс түқымымен де ала-бөтен емеспіз». Бұл елшілік туралы істе Тәуекел хан «қазақ және қалмақ патшасы» деп те аталған, бұдан оған Орталық және Солтүстік Қазақстанды мекендеген қазақтарға жақын көшіп-қонып жүрген кейбір жоңғар рулары бағынған деген қорытынды жасауға болады.
Сонымен, қазақ елшілігінің алдына Ораз-Мұхаммедті қайтаруға қол жеткізу және Абдаллахқа қарсы күресте Мәскеудің көмегіне уәдесін алу міндеттері қойылды. 1595 жылғы наурыз айында елшіге патшаның жауап грамотасы тапсырылды, онда Мәскеу патшасы Тәуекелге Қазақ хандығын «өзінің патшалық қол астына» алатынын хабарлаған және «патша мен ханзадаларға оқ ататын қару» жіберуге уәде етеді де, одан әрі мынадай тілек айтады: Тәуекел «біздің патшалық қол астымызда болғандықтан және біздің патшалық әміріміз бойынша Бұхара патшасымен және бізге опасыздық жасаған Сібір патшасы Көшіммен соғысып, біздің ұлы мәртебелі патшамызға жол салатын боласыздар».
1598 жылы Тәуекел Шайбани ұрпақтарының мемлекетіне жаңа шапқыншылық жасайды, ол Ескендір Мұңшының «Тарих-и аламар-йи Аббаси» деген еңбегінде жеткілікті дәрежеде суреттелген. Тәуекелдің аттанысқа шығуына Абдаллахтың өз үлы Абд әл-Момынмен талас-тартысы себеп болды. Ескендір Мұңшының хабарлағанындай, Абдаллах хан Тәуекелді өзіне лайықты қарсылас деп санамай, оған қарсы шекаралас өңірлер сұлтандарының, өмірлерінің әскерлері мен өз әскерінің бір бөлігін жіберген. Ташкент пен Самарқан арасында шайқас болған. Абдаллах әскері ауыр жеңіліске ұшыратылды. Бұл оның тез арада жаңадан әскер жинап, оны өзінің басқаруына мәжбүр етті. Аттанысқа әзірленген соң, ол Гератқа Құлбаба Көкелташ әмірге адам жіберді. Абдаллахтың жақындап келе жатканын білген соң, Тәуекел қырға шығып кетіп, онда бірсыпыра уакыт күте тұрмакшы болып шешті. Осыдан кейін 1598 жылы өріс алған оқиғалар қазақтар үшін қолайлы болып шықты. «Құлбаба келіп, жауынгерлер жиналғаннан кейін Абдаллах хан Тәуекел ханның көзін жойып, одан кек алу үшін Самарқан бағытына беттеді, алайда оған баласының араздығы мен бағынбауы, сондай-ақ қазақтардың өжеттігі келтірген реніші салдарынан оның денсаулығы нашарлап, ол көп кешікпей қайтыс болады.
Абдаллах өлгеннен кейін хандық саяси дағдарыс кезеңіне енді. Билік оның ұлы Абд әл-Момынның қолына көшті. Алайда жаңа занның жағдайы өте тұрақсыз болып шықты, сөйтіп оны 1599 жылы бүлікші әмірлер өлтірді. Ол қаза тапқаннан кейін, Шайбани ұрпақтарының еркек өкілдерінен Абдаллах ханның немере ағасы Пір-Мұхаммед қана тірі қалған еді, өйткені қалғандарын өздеріне қауіпті бақталас деп білген Абдаллах хан мен Абд әл-Момын хан қырып тастаған еді. Абд әл -Момынның қаза табуымен Шайбани әулеті билігінің күні өтті. Сонымен, Абд әл-Момынның қаза тапқанын білген соң, Тәуекел 1598 жылғы тамызда шайбанилерге қарсы белсенді қимылын өрістетті. Тәуекел хан мен Есім сұлтанның 1598 жылғы Орта Азияға
9
жорығын Мауараннахрдағы аласапыранды отырыкшы-егіншілік жазираларды талап-тонап, «тірі тауар» түсіруге қолайлы сәт ретінде пайдаланған көшпелілердің басқа да көптеген шапқыншылықтарының қатарында қарастыруға болмайды. Бұл жорық алдын ала жоспарланған. Ол Тәуекелдін көп жылдық әрекетімен дайындалды және алысты көздейтін мақсаты болды. Өз құрамына Шайбани мемлекетіне кірген жерлер қосылатын жаңа мемлекеттің негізін салуға әрекет жасалды. Тәуекел Қазак хандығының біршама шаруашылық-экономикалық және әлеуметтік-саяси томаға-тұйыктығын осылай ғана жоя алатын еді. Осы оқиғаға дейінгі жүз жылда Мұхаммед Шайбани хан бүкіл Мауараннахрға өз билігін орната білді. Мұндай оқиғалар Орта Азияның бұдан бұрынғы сан ғасырлык тарихында да болған. Кез келген соғыс сияқты, Тәуекелдің Орта Азияға шапкыншылық жасауы да Мауараннахрдың халык бұкарасына көп касірет әкелді.
Қазак және Бұхара хандары арасындағы Сырдария бойындағы қалаларды иелену жолындағы ұзакка созылған соғыстар өлкенің өндіргіш күштерінің дамуын тежеді, егіншілер мен көшпелілердің шаруашылығына жойқын әсер етті. Өзбек және қазақ феодалдарының бұл өзара шапқыншылықтары өз экономикаларында елеулі рөл атқарған бейбіт, шаруашылық байланыстарды дамытуға ұмтылған Орта Азия мен Қазақстан халықтарының түбірлі мүдделеріне қайшы келді. Алайда 1598-1599 жылдардағы оқиғаларға талдау жасай келгенде, көшпелілер тағыда қаһарлы, күйреткіш күш ретіңде көрінді деген белгілі фактіні атап керсетумен ғана шектелуге болмайды; бұл оқиғаларға талдау жасаған кезде Тәуекел хан мен оның төнірегіндегілердің агрессияшылдығын ғана негізге алуға болмайды. Бұл ретте хан сыртында саяси-экономикалық қажеттерімен қоса көшпелі коғам тұрды. Қазақ хандарының Түркістан мен Мауараннахрдағы іс- қимылдарына түрткі болған себептер ретінде қазак коғамының бұл экономикалык кажеттері Сыр өңірі қалаларының қазак хандықтары тарихындағы рөлі туралы енбектерде талданған.
10
ІІ-ТАРАУ. ТӘУЕКЕЛ ХАННЫҢ СЫРҚЫ САЯСАТЫ.
2. 1. Тәуекел ханның алдына қойған міндеттерінің орындалуы.
Мауараннахр Қазақ хандарының қол астына көшпей қалды. Алайда Түркістан, Ташкент пен Ферғана белгілі бір уакытқа Қазақстан құрамына кірді. Олардың бұған кіруі қазақ хандары мен орта азиялык хандар арасында Накшбандий суфылық ордені шейхтарының арада жүруімен жасалған бітіммен баянды етілді, шынына келгенде, қазақ хандарының Түркістанда билік кұруына бата берген де сол шейхтар еді. Сонымен, Қазақ хандығы құрамына жаңа аймақтардың қосылуы бұл аймақтардың тарихи тағдырларын айқындап қана койған жоқ, сонымен бірге баска тарихи кезеңнің басталғанын да білдірді. 1598-1599 жылдардағы оқиғалардың Қазақ хандығы үшін елеулі нәтижелері болды: олар Орта Азия- дағы билеуші әулеттің алмасуына себепші болды. «Тарих-и аламара-йи Абба- сиде» аштархани Бақи-Мұхаммед сұлтанның Тәуекел хан мен Есім сұлтанға қарсы куресте сіңірген еңбегі ғана оның Самарқандқа және Самарқанд уәла- ятына билік етуді қолына алуына мүмкіндік бергені атап өтіледі.
Түркістаннан, Ташкенттен, Ферғанадан айырылу Аштархани мемлекеті үшін өте елеулі болды. Сондықтан Аштарханилер XVII ғасырдын алғашқы онжылдықтарында бұл аймақтарды өз қол астына қайтару үшін үнемі жорық тар жасап тұрды, бірақ олар жалпы алғаңда табыска жеткізбеді. Тек Ферғана ғана қайтарылды. Жоғарыда біз қазақ әміршілері мен Аштарханилер арасын- да шарт болғаны, ол бойынша Түркістан, Ташкент пен Ферғана Аштарханилердің Ташкент істеріне араласпауы жағдайында қазақ хандарының да қалғаны туралы айтылған. Шарт ережелері туралы одан басқа еш нәрсе белгілі емес. Солай бола тұрса да, бұл жөнінде азды-көпті қосымша пайымдаулар айтуға болады. «Тарих-и аламара-йи Аббаси» мәтінінде Ташкенттің Аштарханилер шарт жасаскан қазақ билеушісі «уәли», яғни уәла- яттың билеушісі деп аталған. Бұдан қазақ хандарының қолына көшкен және Аштарханилер істеріне араласпайтын болып міндеттенген Ташкент шын жөнінде уәлаят, яғни Аштархани мемлекетінің облысы болған деген қоры- тынды жасауға болады. Мұны атап айтқанда, 1600-1601 жылдарда Ташкентке Аштархани Жани-Мұхаммедтін есімі бар теңге соғылғаны дәлелдейді.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz