Соғыстан кейінгі КСРО ның әлеуметтік-экономикасының дамуы
КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3
І СОҒЫСТАН КЕЙІНГІ КСРО ЭКОНОМИКАСЫНЫҢ ҚАЙТА ҚҰРЫЛУЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 5
1.1. Экономикалық реформа және оның міндеттері мен кемшіліктері ... ..5
1.2.Өнеркәсіп пен транспорттың дамуы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..7
ІІ ХАЛЫҚТЫҢ ӘЛЕУМЕТІК ЖАҒДАЙЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..13
2.1. Ауыл шаруашылығындағы экономикалық реформаның жүргізілуі ... .13
2.2. Материалдық.техникалық базаны нығайту ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .15
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 17
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..19

Тақырыптың өзектілігі: Кеңес Одағы соғыстан экономикалық жағынан әбден әлсіреп шықты, яғни соғыс КСРО шаруашылығына өте көп зиян әкелді. Кеңес одағы 679 миллиард сом материалдық зиян шекті. Басқыншылардың КСРО халық шаруашылығына жасаған жалпы зияны- 2 триллион 569 миллиард сом болды. 1710 қала, 70 мыңнан астам селолар мен деревнялар, 32 мың өнеркәсіп орындары, 65 мың км темір жол қиратылды, 4 мың темір жол станциясы толық немесе ішінара талқандалды. 2 млн. адам қираған үйде тұруға мәжбүр болды, сондай-ақ 100 мың ауыл шаруашылық өнеркәсіп орындары үлкен шығынға батты, олардың біраз бөлігі толығымен жойылды.Сталинград(Волгоград), Ленинград (Санкт-Петербург), Киев, Минск сияқты қалалар жермен жексен етілді. Соғыстан кейін қираған экономиканы, халық шаруашылығын қалпына келтіру Кеңес үкіметінің алдында тұрған басты міндеттердің бірі болды. Бұл бағытта ең алдымен жұмыс күшінің жетіспеушілігі кедергі жасады. Өндірістегі жұмыс қолының жетіспеуін толықтыру мақсатында 11млн. 365 мың адамдық Кеңес Армиясы қатарынан 8 млн. 500 мың адам босатылды. Әлсіреген шаруашылықты қалпына келтіру мақсатында, шаруашылыққа қажетті арнайы мамандар жіберілген болатын. Ауыр өнеркәсіпті қалпына келтіріп, тез дамыту, сондай-ақ жеңіл тамақ және тоқыма өнеркәсібін одан әрі өркендету көзделді. Халықтың материалдық қажеттіліктерін қанағаттандыру ісі екінші кезектегі мәселе болды. КСРО-ның әлеуметтік-экономикалық жағдайды нығайту барысында арнайы реформалар шықты. Реформа мақсаты: ауыл шаруашылығын, әлеуметтік жағдайын, өнеркәсіп жағдайына арнайы жаңа жоспарлар құрды. Сол реформалардың нәтижесінде халықтың әлеуметтік-экономикалық жағдайы біршама жақсарған болатын.
Тақырыптың зерттелу тарихы: 1946 жылы 18 наурызда қабылданған төртінші бесжылдыққа арналған жоспар бойынша соғыстан бүлінген аудандарды қалпына келтіру, өнеркәсіппен ауыл шаруашылығының соғыстан бұрынғы дәрежесіне жетіп, одан едәуір асып түсу мақсаты белгіленген болатын. Кезінде коммунистер көсемі: В.И. Ленин «Шаруашылықтың нағыз негіздері- азық-түлік қоры....Бұл қор болмаған жағдайда мемлекеттік өкімет түкте емес. Мұндай қор болмаса, социалистік саясат әшейін бір тілек болып қана қала береді»- деп жазған болатын. Осындай идеялармен қаруланған басшылар, экономиканың материалдық- техникалық негіздерін нығайтуға септігін тигізген сілкіністерді жүзеге асырған болатын. Сталиндік кезеңдегі
республика ауыл-село тұрғындары, материалдық өндірісте, жеке тұрмыста ауыр тіршілікті бастан кешті. Ауыл шаруашылығы өндірісінің әлжуаз материалдық-техникалық базасы, электрлендірудің, механикаландырудың бей-жәй қалуы, кімді болсын титықтататын қол еңбегі, адам құқығының сақталмауы еңбеккерлерді мемлекет тарапынан қанаумен ұштасқан соң, әл-ауқатты мейлінше құлдыратты.

1. СССР тарихы. Социализм дәуірі. Алматы, «Мектеп» баспасы, 1978.
2. История России ХІХ- нач. ХХ века. Под ред. Федорова М. М., 1998 г.
3. Левандовский А.А. «Россия в ХХ веке». М., 1997 г.
4. М. Мунчаев, В. М. Устинов. «История России». М., 2003 ж.
5. История Российского государства. Ред. басқарған Ш. М. Мунчаев. М.,2000 ж.

Тақырыбы: Соғыстан кейінгі КСРО ның әлеуметтік-экономикасының дамуы
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3
І СОҒЫСТАН КЕЙІНГІ КСРО ЭКОНОМИКАСЫНЫҢ ҚАЙТА ҚҰРЫЛУЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...5
0.1. Экономикалық реформа және оның міндеттері мен кемшіліктері ... ..5
1.2.Өнеркәсіп пен транспорттың дамуы ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... 7
ІІ ХАЛЫҚТЫҢ ӘЛЕУМЕТІК ЖАҒДАЙЫ ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... 13
2.1. Ауыл шаруашылығындағы экономикалық реформаның жүргізілуі ... .13
2.2. Материалдық-техникалық базаны нығайту ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .15
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 17
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..19
КІРІСПЕ
Тақырыптың өзектілігі: Кеңес Одағы соғыстан экономикалық жағынан әбден әлсіреп шықты, яғни соғыс КСРО шаруашылығына өте көп зиян әкелді. Кеңес одағы 679 миллиард сом материалдық зиян шекті. Басқыншылардың КСРО халық шаруашылығына жасаған жалпы зияны- 2 триллион 569 миллиард сом болды. 1710 қала, 70 мыңнан астам селолар мен деревнялар, 32 мың өнеркәсіп орындары, 65 мың км темір жол қиратылды, 4 мың темір жол станциясы толық немесе ішінара талқандалды. 2 млн. адам қираған үйде тұруға мәжбүр болды, сондай-ақ 100 мың ауыл шаруашылық өнеркәсіп орындары үлкен шығынға батты, олардың біраз бөлігі толығымен жойылды.Сталинград(Волгоград), Ленинград (Санкт-Петербург), Киев, Минск сияқты қалалар жермен жексен етілді. Соғыстан кейін қираған экономиканы, халық шаруашылығын қалпына келтіру Кеңес үкіметінің алдында тұрған басты міндеттердің бірі болды. Бұл бағытта ең алдымен жұмыс күшінің жетіспеушілігі кедергі жасады. Өндірістегі жұмыс қолының жетіспеуін толықтыру мақсатында 11млн. 365 мың адамдық Кеңес Армиясы қатарынан 8 млн. 500 мың адам босатылды. Әлсіреген шаруашылықты қалпына келтіру мақсатында, шаруашылыққа қажетті арнайы мамандар жіберілген болатын. Ауыр өнеркәсіпті қалпына келтіріп, тез дамыту, сондай-ақ жеңіл тамақ және тоқыма өнеркәсібін одан әрі өркендету көзделді. Халықтың материалдық қажеттіліктерін қанағаттандыру ісі екінші кезектегі мәселе болды. КСРО-ның әлеуметтік-экономикалық жағдайды нығайту барысында арнайы реформалар шықты. Реформа мақсаты: ауыл шаруашылығын, әлеуметтік жағдайын, өнеркәсіп жағдайына арнайы жаңа жоспарлар құрды. Сол реформалардың нәтижесінде халықтың әлеуметтік-экономикалық жағдайы біршама жақсарған болатын.
Тақырыптың зерттелу тарихы: 1946 жылы 18 наурызда қабылданған төртінші бесжылдыққа арналған жоспар бойынша соғыстан бүлінген аудандарды қалпына келтіру, өнеркәсіппен ауыл шаруашылығының соғыстан бұрынғы дәрежесіне жетіп, одан едәуір асып түсу мақсаты белгіленген болатын. Кезінде коммунистер көсемі: В.И. Ленин Шаруашылықтың нағыз негіздері- азық-түлік қоры ... Бұл қор болмаған жағдайда мемлекеттік өкімет түкте емес. Мұндай қор болмаса, социалистік саясат әшейін бір тілек болып қана қала береді- деп жазған болатын. Осындай идеялармен қаруланған басшылар, экономиканың материалдық- техникалық негіздерін нығайтуға септігін тигізген сілкіністерді жүзеге асырған болатын. Сталиндік кезеңдегі
республика ауыл-село тұрғындары, материалдық өндірісте, жеке тұрмыста ауыр тіршілікті бастан кешті. Ауыл шаруашылығы өндірісінің әлжуаз материалдық-техникалық базасы, электрлендірудің, механикаландырудың бей-жәй қалуы, кімді болсын титықтататын қол еңбегі, адам құқығының сақталмауы еңбеккерлерді мемлекет тарапынан қанаумен ұштасқан соң, әл-ауқатты мейлінше құлдыратты.
3
Тақырыптың мақсат- міндеттері: Бұл жұмыстағы басты мақсатым КСРО-ның әлеуметтік- экономикалық жағдайына шолу жасап, барынша тақырыпты толыққанды талдап беру. Бұл үшін мынадай міндеттерді алдыма қойдым: қандай реформалар жүргізді, қанша үйлер салынды, қанша өнеркәсіп орындары бой көтерді, қандай техникалар дамығандығын аша білу. Тақырыптың басты мақсаты- КСРО- ның халқы, ауыл шаруашылығы, соғыстан кейінгі халықтың жағдайын, техниканың дамуы мәселелерін зерттеу. Тақырыптың хронологиялық шеңбері: Соғыстан кейінгі әлеуметтік- экономикалық жағдайында болған жылдарды қамтиды. 1970ж. тыңайтқыштар колхоздар мен совхоздарга жетіжылдықтың аяғындағыдан 1,7 есе көп жіберілді. Бесжылдықта 3 млн. га-дан аса батпақты және сулы жер құрғатылды, қуаңшылық аудандарда жүздеген мың гектар жер суландырылды. 1965 -- 1969 жылдары жылына орта есеппен ауыл шаруашылығы үшін оқудың әр түрі бойынша 700 мыңнан аса механизатор дайындалды. Бесжылдық кезінде ауыл шаруашылығы мамандарының саны 400 мың адамға дерлік көбейді, колхоз-совхоз өндірісі басты кадрларының құрамы жақсарды.
Тақырыптың құрылымы: кіріспеден, 2 тараудан, қорытынды және пайдаланылған әдебиеттен тұрады.
4
І Соғыстан кейінгі КСРО экономикасының қайта құрылуы
0.1. Экономикалық реформа және оның міндеттері мен кемшіліктері
1966 -- 1970 жылдарға арналған жаңа бесжылдық жоспар өнеркәсіпті шаруашылық реформаға көшіру жағдайында жасалды. Экономикалық даму барысының өзі өндірістік, экономикалық қатынастарды онан әрі жетілдіруді, өндіргіш күштердің осы заманғы дәрежесіне сәйкес келетін және ғылыми-техникалық прогреске жол ашатын жоспарлы басшылық жасайтын формаларын табуды талап етті. Осы мақсатпен 1965 ж. сентябрьде КПСС Орталық Комитетінің Пленумында белгіленген шаралар өнеркәсіпті басқару ісін қайта құруды, жоспарлауды өзгертуді, өндірісті жүргізудің жаңа экономикалық ынталандыру системасын енгізуді көздеді.[1, 429б.]
1966 ж. 1 январынан өнеркәсіпті басқарудың салалық принципін қалпына келтіруге, халық шаруашылығы советтерін жойып, одақтық және одақтық-республикалық өнеркәсіп министрліктерін құруға шешім қабылданды. Бұрынғы министрліктер мен 1957 -- 1965 жылдарда жұмыс істеген халық шаруашылығы советтерінің жинақтаған жақсы тәжірибесін жан- жақты пайдалана білу міндеті қойылды. Жетіжылдық кезінде ұсақ кәсіпорындар бір-бірімен қосылып, ірі салалық бірлестіктер, фирмалар құрылды. Бұл жұмысты жалғастыру керек болды. Сонымен қатар материалдық-техникалық жабдықтау территориялық органдардың жақсы тәжірибесін де пайдалануды қажет етті. Бұл үшін СССР Министрлер Советінің материалдық-техникалық жабдықтау жөніндегі мемлекеттік комитеті жергілікті жерлердегі өз мекемелері жүйесімен құрылды; материалдық ресурстардың түрлі салалық ведомстволарға қарайтын көптеген базалар мен кеңселерге бөлшектелуімен күресу үшін шаралар қолданылды.
Экономикалық аудандарда салалық және территориялық жоспарлау ісін ұштастыру үшін жоспарлау комиссиялары сақталды және одақтас республикалардың жоспарлау саласындағы праволары кеңейтілді. КПСС Орталық Комитеті кәсіпорындарда экономикаға және шаруашылықты жүргізу тәсілдеріне жоспарлы басшылық жасау формаларын жетілдірудің үш негізгі бағытын: мемлекеттік жоспарлаудың ғылыми дәрежесін арттыру; кәсіпорындардың шаруашылык дербестілігі мен инициативасын кеңейту, шаруашылық есепті нығайту; баға, пайда, сыйлық, кредит сияқты құралдардың көмегімен өндірісті экономикалық ынталандыруды күшейту бағыттарын белгіледі. Жоғарыдан бекітілетін жоспарлы көрсеткіштер санының азаюы маңызды шара болды. Жеке кәсіпорындар жұмысының негізгі көрсеткіші өнеркәсіптің барлық салаларындағы сияқты өнімнің жалпы көлемі (жалпы өнім) емес, өткізілген өнімнің көлемі болды. Коллективтердің өндірістік қорларды жақсы пайдалануға ынталылығын арттыру үшін бұл қорлар үшін төлем ақысы енгізілді. Пайдадан түскен қаражаттың есебінен кәсіпорындарда материалдық ынталандырудың үш қоры (өндірісті дамыту;
5
әлеуметтік, мәдени-тұрмыстық шаралар және үй құрылысы; материалдық мадақтау) жасалатын болды.
1965 ж. октябрьде өнеркәсіп орны туралы Ереже бекітілді; ол оның жаңа жағдайдағы праволары мен міндеттерін толық нақтылап берді. Ереже жүздеген мың завод, фабрика, шахта, мұнай кәсіпшіліктеріне және т. б. ұсақ қамқорлық көрсетіліп, жұмыстың барлық ұсақ-түйектеріне дейін белгілеп берушілікті жоюда маңызды роль атқарды.
Мұның барлығы ортақтандырылған басшылықты жергілікті жерлердегі шаруашылық инициативасын кеңейтумен ұштастыруға, тұтас алғанда өндіріс коллективтерін, сондай-ақ жеке алғанда әрбір еңбеккерді жұмысының нәтижелеріне ынталандыруға бағытталған. 1965 ж. жарияланған шаруашылық реформасының негізгі міндеттерінің бірі және онын басты шарты -- еңбекшілердің бүкіл бұқарасын еліміздің шаруашылық өміріне басшылық жасауға күнделікті қатыстыруға тарта білу деп атап көрсетті партия. Халық шаруашылығын дамытудың 1966 -- 1970 жылдарға арналған бесжылдық жоспары жөніндегі Директиваларын талқылау барысында жұмысшылар мен қызметшілер реформа ашқан мүмкіншіліктерді пайдалануға байланысты көптеген ұсыныстар жасады. Бұл партияның бұқара халықтың мүддесін көздеген және олардың белсенділігіне сүйенген саясатының дұрыстығын анықтай түсті. Сол кезде жарыс озаттарының қабылдағаи міндеттемелеріне, ең алдымен, өндірістің тиімділігі жолындағы, оның сапалық көрсеткіштерін жақсарту жолындағы күрес туралы, экономикалык окуға қатысу туралы және т. б. пункттер енгізілді. Сегізінші бесжылдық коммунизмнің материалдық-техникалық, базасын жасау, СССР-дің экономикалық және қорғаныс қуатын нығайту жолында жаңа қадам ретінде жоспарланды. Шаруашылық реформасын жүргізу жағдайында халық шаруашылығын дамытудың интенсивті тәсілдеріне ерекше мән берілді. Осыған байланысты қоғамдық өнім мен ұлттық табыс құрылысқа жұмсалатын күрделі қаржыны арттырудың және жаңа қуаттарды қатарға қосудың нәтижесінде ғана емес, негізінен жұмыс істейтін өндірісті жақсы пайдалана білудің арқасында артуға тиіс болды.
1957 жылғы реформаның кемшіліктері:
1957 жылдан бастап аумақтық принциптер негізінде экономикаға басшылық ету ісін қайта құру ойдағыдай нәтижелер бермеді. Керісінше,
1) экономиканың жекелеген салаларына тұтастай басшылық жасауға мүмкіндік болмады;
2) жекелеген салаларды техникалық жағынан қайта жабдықтау ісіне нұқсан келтірді;
3) өндіруші мен тұтынушы арасында бұрыннан орын алған қатынастар өзгеріссіз қалды;
4) бұрын кәсіпорындар министрліктер тарапынан бақылауда болса, енді оларды халык шаруашылық кеңестері жүргізетін болды;
5) экономикалық тетіктер дұрыс жұмыс істемеді.
6
1.2.Өнеркәсіп пен транспорттың дамуы
1966 ж январьда халық шаруашылығы советтері жойылды, өнеркәсіп пен құрылысты басқару салалық принцип бойынша тиісті министрліктер арқылы жүзеге асырылды. Шаруашылықты жүргізудің жаңа системасына алғашқы завод пен фабрика бірден көшті. Олар неғұрлым тәжірибелі коллективтер және бұрын жұмыста жоғары көрсеткіштермен көзге түскен: Москваның жылу автоматика МЗТА заводы, Волгоградтың Красный Октябрь металлургия заводы, Воскресенск химия комбинаты, Норильскідегі кен-металлургия комбинаты және басқалар болды. Олардың әрқайсысында көп әзірлік жұмысы жүргізілді, экономикалық оқу ұйымдастырылды. Реформа жағдайында коллективтер жоспарға енген жоғары көрсеткіштерін орындағаны үшін материалдық жағынан мейлінше жақсы көтермеленді, бекітілген жоспарды артығымен орындаған әр проценті үшін кәсіпорындар корына келіп түсетін жарна бекітілген нормативпен салыстырғанда үштен біріне дерлік азаяды. Сондықтан өндірісте істеушілер жоғары және сонымен қатар нақтылы орындап шыға алатын жоспарлы тапсырмаларды қабылдауға ерекше мүдделі болды.Жаңаша жұмыс істеген алғашқы жыл реформаның бүкіл өнеркәсіп орындарының қызметіне игі әсер еткенін көрсетті. Әр қызметкердің еңбегі материалдық мадақталып, ал материалдық ынталандыру қорының мөлшерлері кәсіпорын өндірген өнімнің өтуіне байланысты болуы жағдайында бәрі қосымша пайда алу үшін өнім шығаруды арттыру көздерін іздестіріп, оны тезірек өткізуге тырысты. Мұндай көздер еңбекті ғылыми тұрғыдан ұйымдастыру, қаражат пен материалдарды үнемдеу, техниканы жетілдіру және т. б. болды. Шаруашылық реформа өнеркәсіп өніміне мемлекет бекіткен қатаң, тұрақты көтерме бағалар негізінде жүзеге асырылды.[1,431б.]
1955 ж. енгізілген бұрынғы бағалар жойылды. 1967 ж. бойына жаңа бағалар жеңіл және ауыр өнеркәсіптің барлық салаларына тарады. Сол 1967 ж. СССР Министрлер Советінің Кәсіпорындар мен ұйымдардың тапсырмалар мен міндеттемелерді орындамағаны үшін материалдық жауапкершілігі туралы қаулысы қабылданды. Ол кәсіпорындар арасында жасалатын шаруашылық шарттардың ролін барынша арттырды. Бұл өнеркәсіп жұмысына игілікті әсер етті. 1967 ж. индустрияның көптеген салалары жоспарлау мен экономикалық ынталандырудың жаңа системасына көшті. Ол темір жолдарға, су және автомобиль транспортына енгізіле басталды. 1967 ж. аяғында 7000 кәсіпорын жаңа жүйе бойынша жұмыс істеді, бұларда 10 млн.-нан аса адам еңбек етті. Олардың бәрі де өздеріне алған жоғары міндеттемелерін орындады. Ал мұның мерекелік, 1967 ж социалистік жарысты жаппай өркендету үшін зор маңызы болды. Бұл жылды совет металлургтары тамаша жетістіктермен атап өтті. Олар болат өндіру жөнінен тұңғыш рет жылына 100 млн. т-дан асыратын дәрежеге жетті. Дүние жүзіндегі аса ірі Краснояр ГЭС-нің алғашқы агрегаттары қатарға
7
қосылды, ал агрегаттардың әрқайсысы қуаттылығы жөнінен Днепровск су-электр станциясымен тең түседі. Құрылысшылар дүние жүзіндегі аса ірі Орта Азия -- Орталық газ құбырының алғашқы кезегінің құрылысын бітірді. Кривой Рог металлургия заводында дүние жүзіндегі ең ірі домна салынды. Ал Москвада дүние жүзіндегі ең биік, жерден бір жарым километр биіктікке кетерілген мұнарасы бар Останкино телевизия станциясы орнатылды. Осылардың әрқайсысы бүкіл советтік индустрияның жетістіктерін бейнеледі. Жаңа бесжылдық қарсаңында Москва және Ленинград заводтарының озат коллективтері ең маңызды шикізат пен материалдар түрлерін үнемдеп жұмсау жолында бүкіл халықтық жорық жариялауға ұсыныс жасады. Жақсы да арзан өнімді көптеп шығарайық- С.М. Киров атындағы Ленинград заводының слесарьлар бригадасы ұсынған бұл ұранды еңбекке коммунистік көзқарас жолындағы қозғалыстың көптеген қатысушылары қолдады. Ярославль Североход фирмасының аяқ-киімшілері 1967 ж. үнемделген материалдан 100 мың пар аяқ-киім тігіп шығаруға уәде берді. Олар өз міндеттемелерін толық, орындап шықты. Мыңдаған озат коллек- тивтер де өз уәделерінде тұрды. Мереке жылында қарқын алған социалистік жарыс бесжылдықтың алғашкы екі жылының жоспарын мерзімінен бұрын орындап шығуға мүмкіндік жасады. Осы уақыт ішінде жинақталған тәжірибе өнеркәсіп пен транспорттың жоспарлау мен материалдық ынталандырудың жаңа жағдайына көшуі жөніндегі курстың дұрыстығын растады.Сегізінші бесжылдықтың ойдағыдай басталуы совет халқының тұрмыс дәрежесін жаңадан көтере түсуге жағдай жасады. Коммунистік партия мен Совет үкіметі мұның нақтылы программасын Ұлы Октябрьдің 50 жылдығы қарсаңында жасады. Мемлекет белгіленген программаны жүзеге асыра отырып 1966 -- 1970 жылдары тұтыну қорын 1961 -- 1965 жылдармен салыстырғанда екі есе дерлік ұлғайтты, нақтылы табыс халықтың жан басына шаққанда сегізінші бесжылдықта бұрын белгіленген 30% және 1961 -- 1965 ж. 19% орнына 33% өсті. Жұмысшылар мен қызметшілердің орташа айлық жалақысы 26% артты. Сонымен қатар олардың ең төмен жалақысының мөлшері айына 60 сомға дейін көбейтілді; жұмысшылар мен қызметшілердің кейбір категорияларының жалақыларынан алынатын табыс салығының мөлшері кемітілді, екі демалыс күні бар бес күндік жұмыс аптасына көшіру жүзеге асырылды, еңбекшілердің демалыстарының мерзімі ұзартылды. Колхозшылардың еңбек ақысы 42% артты. Пенсионерлердің саны СССР-де 1970 ж. 42 млн. адамға жетті. Тұтынудың қоғамдық қорлары сияқты халықтың әл-ауқатын жақсарту көзінің ролі айтарлықтай артты. Тұтынудың қоғамдық қорларынан берілген төлемдер абсолюттік есеп бойынша (халықтың жан басына есептегенде) 1965 ж. 182 сомнан 1970 ж. 262 сомға жетті; жұмысшылар мен қызметшілердің орташа айлық жалақысы мұндай төлемдер мен жеңілдіктерді қоса есептегенде СССР халық шаруашылығында 1970 ж. 164 сом болды. Құрылыс
8
жұмыстарын индустрияландырумен тығыз байланысты тұрғын үй құрылысы жаңа жетістіктерге жетті. 1966 -- 1970 ж. 55 млн.-ға жуық адам қоныс тойын өткізді. Халықтың азық-түлік және өнеркәсіп товарларын қажет етуі едәуір артты. Товар айналымының көлемі сегізінші бесжылдықта шамамен бір жарым есе артты, әсіресе ұзақ тұтынылатын товарларға, оның ішінде мұздатқыш, телевизор, электр-тұрмыстық құралдарға деген сұраныс неғұрлым шұғыл көбейді. Еңбекшілердің өскелең қажетін қанағаттандыру үшін партия мен үкімет өнеркәсіп өндірісін қайта құруға сәйкес келетін шаралар қабылдады. Тұтыну заттарын шығаратын салаларды басымырақ дамытуға бағыт алынды. 1966 -- 1967 жылдардың өзінде-ақ ауыр және жеңіл индустрияның өсу қарқыны бір-біріне жақын болды. 1968 ж. Б тобының өнімі 8,3%, А тобының өнімі 8,0% көбейді. Шамамен осындай арақатынас 1969 -- 1970 жылдары да сақталды. Бесжылдықты тұтас алғанда жалпы өнеркәсіп өндірісі бір жарым есе көбейгенде, өндіріс құралдарын өндіру 51%, ал тұтыну заттарын шығару 49% өсті. Бұл халық шаруашылық арақатынасты жақсартуға, өнеркәсіп пен ауыл шаруашылығы арасында, тұтыну қоры мен қорлану қорының арасында дұрысырақ арақатынас орнатуға мүмкіндік жасады.[1,433б.]
Шаруашылық реформаны неғұрлым кеңінен енгізу өндіріс қорларының пайдалануын жақсартуға, өнімнің түсер құнын кемітуге мүмкіндік жасады. Кәсіпорындардың пайдасы бесжылдықта екі еседен астам артты.Сегізінші бесжылдықтың аяқ кезінде, өнеркәсіп орындарының басым көпшілігі жаңа жағдайда жұмыс істеп, жаңа әдіс құрылысқа енгізіле бастаған кезде ғылыми-техникалық прогреске, еңбекті ұйымдастыру ісін жетілдіруге байланысты факторлар ерекше маңыз алды. Шаруашылықтың жаңа жағдайына жеке кәсіпорындар ғана емес, сонымен қатар бас басқармалардың және министрліктердің көшуі қажет-ақ болды. 1968 ж. майда Бүкіл одақтық экономикалық кеңес болып, онда халық шаруашылығында экономикалық жұмысты жетілдіру және жақсарту мәселелері талқыланды. Кеңес қабылдаған ұсыныстарда жоспарларды жасауда және орындауда шаруашылық шарттарының ролін арттыру, кәсіпорындар жұмысына ішкі шаруашылық есептің ықпалын күшейту, жаңа жағдайда неғүрлым ойдағыдай жұмыс істейтін озат коллективтердің тәжірибесін кеңінен тарату міндеті қо- йылды. Щекинск химия комбинатында 1967 ж. басталған эксперимент кең қолдау тапты. Мұнда жұмысшылар мен қызметшілер өнім шығаруды арттырғаны үшін (сонымен қатар жұмыс істейтіндердің саны азаюы қажет) материалдық мадақтауға ие болды. Әкімшілік жұмыс істейтіндердің санын азайтуға байланысты үнемнің бір бөлігін жұмыстық көлемін асыра орындаған, яғни еңбек өнімділігін арттырған адамдарға сыйлық беруге жұмсауға праволы болды. Комбинаттың осындай жұмыс істеген алғашқы екі жылында өнімді 80%-тен де артық көп шығаруға қол жетті. КПСС Орталық
9
Комитеті мен Совет үкіметі Щекинск химия комбинатының тәжірибесін мақұлдап, министрліктер мен ведомстволарды тиісті әзірліктен кейін оны жаппай қолдану ісін ұйымдастыруға міндеттеді. Сегізінші бесжылдықта басталған өнеркәсіп бұйымдарының сапасын аттестациялаудың маңызы зор болды. 1971 ж. қарсаңында советтік нндустрия бұйымдарының 2500-ден аса маңызды түрлері мемлекеттік сапалық белгісін алды. Олардың техникалық дәрежесі мен сапасы ең жақсы дүние жүзілік үлгілерге сәйкес келеді. Мұндай өнім шығаратын кәсіпорындардың өз қызметкерлеріне материалдық сыйлық беру үшін көптеген мүмкіншіліктері болатыны сөзсіз, өйткені олар сапалы өнім шығарғаны үшін қосымша пайда алады. Сапа белгісін алған совет турбиналарына, электр двигательдеріне, қуатты кеме дизельдеріне, телевизорлар мен радиоқабылдағыштардың кейбір маркаларына, кейбір кондитер тағамдарына және өнімнің басқа да түрлеріне деген сұраныс тек СССР-де ғана емес, сонымен қатар дүние жүзінің көптеген елдерінде де күшті. Өндірісті басқаруда есептеу құрылғыларын кеңінен пайдалану зор экономикалық пайда келтірді. Ғылым мен техниканың еңбек ұйымдастыруды жақсартатын ең жаңа жетістіктерін жаппай енгізу қоғамдық еңбек өнімділігін 1961 -- 1965 жылдардағы 29% орнына 37% арттыруға мүмкіндік жасады. Өнеркәсіп өнімі өсімінің төрттен үш бөлігі дерлігі (жетінші бесжылдықта 62%)еңбек өнімділігін арттыру есебі нен алынды.
Бұрынғыдай, жоспарлардың ойдағыдай орындалуы социалистік жарыстың дамуымен тығыз байланысты болды. 1966 ж. ВЦСПС еңбекке коммунистік көзқарас жолындағы қозғалыстың ұйымдастырылуын жақсартуға, жарыстың басқа түрлерін қолдауға және жаппай таратуға бағытталған шешім қабылдады. Бұл Ұлы Октябрь социалистік революциясының жарты ғасырлық мерекесіне әзірлік және оны өткізу кезінде бұқара халықтың ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz