Күйістілер дикроцелиозы


Пән: Ветеринария
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 3 бет
Таңдаулыға:   

Күйістілер дикроцелиозы

Дикроцелилозбен үй және жабайы жануарлардың көптеген түрлері, әсіресе күйіс малы және кеміргіштер ауырады. Адамға да дикроцелий құрты өте қауіпті. Дикроцелиозге шалдыккан мал арықтап, ет-сүт, жүн өнімі төмендейді, кейде тіпті өлімге де үшы-райды. Зақымданған мал бауыры, әдетте тамаққа жарамсыз. Сор-ғыш қүрттар бауырдың өт жолдары мен өт қалтасында тіршілік етеді (43-сурет) .

Қоздырғышы. Dicrococoelium Іапсеаіит (Stiles et Hassal, 1896) ұзынша келген (тұрқы 0, 5-1, 5 см) жіңішке, өте ұсақ, қандауыр (ланцент) тәрізді құрттар. Бұл гельминттердің артқы жағы доғалдау, ал алдыңғы жағы сүйірлеу келеді. Денесінің алдыңғы бөлігінде көлемі біркелкі ауыз және қүрсақ емізіктері (сорғыштары) орналасқан. Солардың қатарында, яғни құрсақ сорғышына жақын, қалақшаға ұқсас, екі еркек жыныс бездері жайғасқан. Дикроцелийдің қалған 2-3 бөлігіне жуығын, уақ қоңыр түсті жұмыртқаға толы жатыр алып жатады.

Өсіп-өнуі. Дикроцелиоз қоздырғышы аралық және косымша иелері көмегімен дамиды. Олардың аралык иелері-құрлык ұлулары {Вгайіһепійае тұқымдастары) және қосымша иелері кұмырсқалар (Ғог-тіса туысынан) болып табылады.

Құрт жүмыртқалары ішінде, калып-тасқан ұрығы - мирацийдий бар. Олар мал нәжісімен бірге сыртқа шығады. Онан соң, құрт жұмыртқалары жайы-лымда ұлулар денесіне енеді. Ұлу ішегін-де мирацийдийлер жұмыртка кақпақша-сынан шығып, бауырына өтеді. Ұлу бауырында олар аналық спороцистаға айналады. Ал, аналық спороциста бөлі-ніп, көбейеді, нәтижесінде балаң спороцисталар қалыптасады. Одан әрі келесі сатысы - церкарийлер пайда болады. Бір ұлудың өзінде бірнеше мың церкарий болуы ықтимал. ¥лу организмінде құрттардың мирацийдий сатысынан церкарийге дейін даму уақыты 3-6 ай. Жетілген церкарийлер ұлулардың тыныс қуысына ауысып, денесінен топ-тобымен бөлініп шығып, ылғалды тас, шөп-өсімдіктерге жабысады. Бұлардың топ болып шоғырланған-дарын «кілегейлі шарлар» немесе «жиынтық» цисталар деп атай-ды. Мұндай «жиынтық шарлармен» құмырысқалар қоректенеді. Құмырсқа денесіне енген церкарийлер, олардың кұрсақ қуысында 1-2 ай аралығында ең қауіпті инвазиялық - метацеркарий саты-сына айналады. Мал өрісте закымдалған құмырсқаларды шөппен бірге жұтып, дикроцелиоз ауруын жүктырады. Ақтық иесінің «ас-қазан-ішегіне» жетісімен метацеркарийдің сырткы кабығы коры-тылып, церкарийлер өт арнасы арқылы бауырдағы өт жолдарына жетіп, 2, 5-3 ай аралығында жынысы жетілген ересек құртқа айна­лады. Мал бауырында олар 6 жылдан артык уақыт тіршілік етеді.

Эпизоотологиясы. Дикроцелиоз малға тек қана өрісте жүғады. Тау бөктерінде бидайык-жусаны мол жайылымда дикроцелийдің аралық аралық иелері құрлық ұлулары, сондай-ақ, қосымша иелері құмы-рыскалар жиі кездеседі. Дикроцелий жұмырткалары ыстық, суыққа өте төзімді. Ұлулар мен құмырыска денесінде кұрт ұрпақтары (церкарий және метцеркарий) 3 жылдай сақталады. «Жиынтык шарлар» кар астында да өлмей қыстап шыға алады. Кейде қой қорасы маңынан мындаған дикроцелиоз жүмыртқасымен зақым-данған улуларды табуға болады.

Дикроцелиоз кең тараған гельминтоз. Еліміздің көптеген өлке-лерінде кездеседі. Қазақстанның барлық таулы, тау-бөктерлі, әсі-ресе Оңтүстік, Оңтүстік-шығысында кең етек алған. Далалы, шөлді аймақтарында сиректеу үшырасады.

Дикроцелиозбен төрт түлікпен қатар шошқа, жабайы арқар, елік, марал, бөкен және кеміргіштер ауырады. Үй жануарларына бүл гель­минтоз жабайы аңдар мен кеміргіштерден таралуы мүмкін. Бүл дертке барлық жастағы түлік, көбінесе жасы үлғайғандар (сака койлар) шалдығады және олардың бауырындағы сорғыштар саны жыл сай-ын үстемелеп көбейіп отырады. Көктемде жайылымға шыккан мал қиынан екі айдан кейін паразит жүмырткасы табыла бастайды. Ауру-дың оршуі жаз және күз айларында айқын байқалады. Ылғалды жау-ынды жылдары дертке шалдыққан малдың саны көбейе береді.

Аурудың өрбуі өт жолдарындағы, калтасындағы дикроцелий күрттары санына байланысты. Ауырған малда паренхиматоздық және интерстициалды гепатиттің белгілері айқын көрінеді. Бауыр біртіндеп ісіне бастайды, от жолдары кабынып, жараланады (цир­роз) . Мүның салдарынан ащы ішекке өт қүйылмайды, аскорыту жүйесі кызметі бүзылады: малдың іші өтеді, денесі уланады. Осы-ған орай саулықтардың тууы нашарлайды, басқа ауруларға кар-сы түру қабілеті төмендейді.

Сырт белгілері. Мал бауырындағы гельминт саны аз болса ауру белгілері білінбейді. Егер бауырда жүздеген, мындаған қүрт болса, мал катты ауырады және дерт белгілері айқындала түседі. Дикроцелиоз созылмалы түрде өрбиді, клиникалық белгілері көбі-несе ересек қойларда байқалады. Мал жем-шөпке карамайды, коңы төмендейді, арықтайды, тамағында, кеудесінде жалкаяқ ісік пайда болады, бауыр көлемі үлғаяды, кейде іші өтеді, көзге ілінетін кіле-гей кабықтар ақсарғыштанады.

Өлекседегі өзгерістер. Дикроцелиозден өлген мал арык бола­ды. Бауыр көлемі үлкейіп, кабыршығы ақтандақтанады. Өт жолда­ры кеңейіп, жолақтанады. Өт қалтасы кернеген қоңыр жасыл өтке және қүрттарға толы.

Диагнозы. Дикроцелиозға диагноз қою үшін эпизоотология-лык деректерді сараптайды, инвазияның маусымдылығы ескеріле-ді. Аурудың сырт белгілері арқылы диагноз қою мүмкін емес. Сон-дықтан, тірі малға диагноз қою үшін, оның нәжісі әртүрлі гельмин-товоскопиялық тәсілдерімен зерттеледі. Котельников пен Хренов, Демидов, түндыру (шөгеру) әдістерін т. б. пайдалануға болады. Бұл гельминтозды дәл анықтау үшін ең тиімдісі Брез әдісі. Малдың тік ішегінен 5-10 г нәжіс алып, оны бірнеше кіші стаканға бөліп, үстіне су қосып, шыны таяқшамен жақсылап араластырады, түндырып, бетіндегі суын төгіп тастап, түнбаны натрий сульфатының қанық-қан ерітіндісімен әбден араластырады. Ерітіндінің меншікті сал-мағы 1, 400-1, 415-тең, сондықтан меншікті салмағы бүдан жеңіл паразит жүмыртқалары сүйық бетіне қалқып шығады. Дикроцелий жүмыртқалары өте уақ (көлемі 0, 038-0, 045 х 0, 022-0, 030 мм шама-сында), кескіні сопақ, сырткы қабықшасы қалың, қоңыр түсті келеді, ішінде қалыптасқан үрпағы мирацидий болады.

Дикроцелиоздан өлген немесе лажсыз сойылған малга диагноз қою онша қиын емес. Ол үшін өт қалтасы мойынының түсынан бауырдың ішкі бетін тереңдетіп көлденең кеседі, кесіктің ернеу-лерін саусақпен сәл қысып сығады, осы сәттте өт жолдарынан сорғыштар шыга бастайды. Кейде олар көріне қоймайды, сондық-тан тексеруді жарығы мол жерде жасау керек. Қүрттар табыла қоймаса онда бауырды түбі ақ ыдыска салып бөлшектеп тіліп, қолмен ыдыратып езеді, сумен бірнеше дүркін шайып, кесектерін алып тастайды. Түнба тазарған кезде шөккен дикроцелийлер оңай көрінеді.

Емдеу. Күйіс малының дикроцелиозына қарсы бірнеше ант-гельминттиктер қолданылады.

Гексахлорпараксилолды қойға 0, 6 г/кг, ірі қараға 0, 4-0, 5 г/кг мөлшерін алып жеке-жеке береді, немесе тартылған жемге арала-стырып жегізеді. Әрбір дәрілеу аралығына 1 ай үзіліс жасайды.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жануарларды фасциолезден сақтандыру шаралары
Қазақстандағы жануарлардың гельминттерін іздеп табуы
Күйістілердің кебенек ауруы
Эхинококк құрттарының иттерде таралуы
Қой гемонхозын балау
Гельминттерді жіктеу негіздері, олардың иелерін классификациялау. Гельминттердің морфологиясы және биологиясы
Бұзауларды оқшаулап бағу
Күйістілер фасциолезі мен дикроцелиозын балау
Санитарлық паразитология - ПӘННІҢ ОҚУ ӘДІСТЕМЕЛІК МАТЕРИАЛДАРЫ
Паразитологиялық тексеру әдістері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz